2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.12 Mb.

бет3/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

Тепсе темір үзер ермен бірге қан мен терді қатар төгіп, ел мен жер үшін 



жан берген, халқының болашағын алтын құрсағына жасырып, аманат пен 

ар алдында адалдықтың озық үлгісін танытып кеткен қазақтың аяулылары 

бүгін ардақты ел анасына айналды. 

Айсана НҰРБАП

Қазақ әйелдері тарихта, әдебиетте, мәдениетте, 

майданда, тіпті қара жұмыста да белсенділіктің 

үздік үлгісі болған.  Тіпті, ұлттық әдебиетіміздің 

өрлеу  дәуірі  ХХ  ғасыр  болса,  сол  кезеңнің 

өзінде  қаламгерлеріміздің  шығармаларына 

арқау болған қаншама қазақ қызының бейнесі 

сомдалды.  Қазақтың  тұңғыш  романының  өзі 

әйел бейнесінен, оның қайғысы мен мұңын су-

реттеуден бастауын алады (Міржақып Дулатов 

«Бақытсыз Жамал»). Осылайша, сол замандағы 

әйелдердің тағдырын қаламгерлер туындыларына 

арқау еткен еді. Одан кейін әдеби шығармалар 

алаңына  еңбек озаттары, атқарған ісі арқылы 

белгілі бір жетістікке жеткен қаһарман әйелдер 

бейнесі  шығады  (Бейімбет  Майлин  «Раушан 

коммунист»). Әдебиетіміздің алыптары Мұхтар 

Әуезов Ұлы Абайдың әжесі мен анасын суреттеу 

арқылы,  Ғабит  Мүсірепов  «Ұлпан»  романын 

жазып,  тарихта  болған  әйелдердің  бейнесін 

шығармаларына  көшіреді.  Бұдан  бөлек,  дала 

сарынына айналған халық әндерінің арасында 

да  қазақ  әйелінің  аты  аталып,  түсі  түстелген 

туындылар  жетерлік.  Оқырманның  көкейінде 

асқақ, адал, сұлу, қайратты адам ретінде ойып 

тұрып орнын алған Шерхан Мұртазаның «Ай мен 

Айша» романындағы Айшаның бейнесі де сонау 

37-нің зобалаңында жарынан айырылып жесір 

қалған, аштық пен жоқтықта шеттей балаларын 

ер жеткізген қазақ аналарының қайсарлығы мен 

ақыл-парасатының үлгісі. Айша сол замандағы 

қазақ әйелдерімен, аналарымен тағдырлас болды. 

Дәл осындай ел аналары қай заманда да идеал 

болып қала береді.                                                                                         

Моншағымның әр тасы бір өлең-ді,

Бесігінде үйренгем мен өлеңді.

Балапандай кезінде қайран шешем,

Тал  бойыма  дарытқан  күллі  өлеңді  -  деп 

жыр жолында алдына жан салмаған ұтқыр ойлы 

Ұлбике  мен  Қараханидтер  әулетінің  негізін 

қалаушы, Қараханның қалыңдығы Айша бибі 

секілді тарихтың өзін ғашық етіп, ғасырларды 

баурап  алған  аруларымыздан  бөлек,  қазаққа 

Жамбылдай  жыр  алыбын,  Бауыржандай  ба-

тырды, Қайраттай қаһарман ұлдарды сыйлаған 

әулиеаталық  аналардың  тағылымды  тағдыры 

мен  ерен  ерлігі  ешкімнен  кем  түскен  емес. 

Оқпанынан ажал шашқан сонау соғыс жылдары  

270 жамбылдық қыз-келіншек өз еріктерімен ел 

қорғауға аттанып, майдан даласында шайқасты. 

Қырдан терген құшақ гүлін қаруға айырбастап, 

қан төкті. Қалғаны отағасының ошағын суыт-

пай, азапты заманның салмағын нәзік иығына 

артып, тынбай еңбек етті. Сол кезеңдерде киелі 

Әулиеата өңірінің  қыз-келіншектері жаудан азат 

етілген Сталинград сынды   майданнан мұнарасы 

сынып,  шаңырағы  шайқалған    шаһарларда 

халық шаруашылығы саласын қалпына келтіру 

жұмыстарына  қатысты. Отан үшін от кешкен 

майдангерлерге сүйеу болған олар мемлекет на-

градаларына да ие болған. Облыстық мұрағаттың 

282-қорының  1-тізімдемесінің 756-ісінің 50-бу-

масында    наградталғандардың  саны  туралы 

мәлімет көрсетілген. Ол мәлімет бойынша 1945 

жылы  Қазақ ССР-інің 25 жылдығы қарсаңында 

облыста  104  әйел  «Отан»  наградаларына  ие 

болған екен. Атап айтқанда, «Ленин» орденімен 

бір әйел марапатталса, І дәрежелі «Отан соғысы» 

орденімен  -  2,  ІІ  дәрежелі  «Отан  соғысы» 

орденімен – 1, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен – 4, 

«Қызыл Жұлдыз» орденімен—1, «Құрмет Белгісі» 

орденімен –10, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - 18,  

«Үздік еңбегі үшін» медалімен - 8,  Қазақ ССР 

Жоғарғы Советінің Грамотасымен 60 әйел на-

градталыпты.  Сонымен бірге, жүздеген еңбеккер 

әйел министрліктер мен ведомстволардың Құрмет  

грамоталары мен Алғыс хаттарына  ие болған 

екен.   Ал  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік 

еңбектері үшін 1947-1950 жылдары  елуге жуық  

әйел-ана, әйел-еңбеккер «Социалистік Еңбек Ері» 

атағын алған.  Облыстық мұрағатта сақталған 

деректер бойынша, сол жылдары ауылдық жерде 

тұратын 123668 әйелдің 88845-і колхозда еңбек 

еткен. Ауыл халқының  54,4 пайызын құраған 

нәзік жандылар машина-трактор станцияларында 

да аянбай тер төккен. Мемлекеттік жұмыстарға 

да  араласқан.  Еңбек  озаттарының  дені  қыз-

келіншектер  болған.  Олар  облыс  аумағында 

300-ге жуық фермаларды басқарған. Мәселен, 

Луговой  ауданындағы  қазақ  қызы    басқарған  

«Көкарық» колхозы жоғары көрсеткішке жетіп, 

1943 жылдың қорытындысы бойынша облыстық 

Құрмет  тақтасына  жазылыпты.  Еңбек  майда-

нына ерте араласқан өңірдегі аналарымыздың 

қатарында  сол  кездегі  Свердлов  ауданының 

ферма меңгерушісі Зиягүл Тойлыбаеваны,  Ленин 

атындағы колхоздың шопаны Ұлбала Сүгірованы, 

«Трудовой Пахарь»  колхозының шошқа өсірушісі 

Вера Янковскаяны, «Красная звезда» колхозының 

қызылша өсірушілері Сындыбала Оңғарбаева 

мен  Дариға  Жантоқова,  Мәрзия  Ибрагимова-

ны  және  ұлағатты  ұстаз  Аягүл    Миразованы 

ерекше атап өтуге болады. Бұл аталған аналар 

«Социалистік Еңбек Ері», бірнеше мәрте «Ленин» 

орденін, «Орақ пен балға» алтын медальдерімен 

марапатталғаны ел есінде, ұрпақ жадында.                                                                                                                            

Сабыр күтіп, дақпыртқа бой алдырмай,

Өмір сүру - арманым, міне, менің.

Көркем ғұмыр - көргенім - жақсылық боп,

Биіктесе, біртіндеп жыр-еменім,

Сен риза боларсың, білем, елім!

Түзу  тірлік  Тәңірден  тілегенім,  -  деп  ел 

әдебиетінде қазақ қызының үнін қалықтатқан  

Күләш Ахметовадай аяулы аналардың орны өз 

алдына бір төбе. Себебі, өңіріміздің бүгінгі таңда 

да кешегі өжет аналардың ізін өктем басып келе 

жатқан ардақтылары аз емес. Бірі билікте, бірі 

білім,  бірі  денсаулық,  енді  бірі  мемлекеттік, 

әлеуметтік салада, өнерде, қарбалас тіршілікте 

өз орындарын тауып, біліктілік пен бәсекелестік 

сараптаған  қоғамда  белсенді  өмір  сүріп  һәм 

болашаққа өмір сыйлауда. 

6

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз 2016 Жыл  //



мерекелеріңізбен!

наурыз


  Нәзік жаНды қайсар рух

ана жайлы aңыз көп

 

„

«әр алыптың артында әйел тұрады» деген сөз бар. Біздің қай-қайсымыз болсақ та, қандай биіктікті бағындырып, нендей 



жетістікке жетсек те, тоғыз ай көтеріп, екі жыл емізіп, жиырма жыл бағып-қаққан аналарымызға балдырған баласындай 

болып тұрамыз. 

Жер  бетінде  өмір  сүріп  жатқан  халықтардың  әрқайсысында 

Құдайдан кейінгі құдірет иесі – аналарымыз туралы аңыз-әңгіме, 

сенім-нанымдар бар. Сондай қызықты хикаяларды оқырманның 

назарына ұсынып көрелік. Барша адамзаттың анасы Хауа Ана 

есімі қасиетті кітаптарға түскені бесенеден белгілі. Хәууа - көне 

араб тілінде “өмір бастауы” деген ұғымды білдіреді екен. Ана 

бейнесі ежелден жыр-дастандар мен аңыздарда көптеп кездеседі. 

Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан 

табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі 

дәуір  адамдарының  ұғым-нанымында  ру  басшысы  және  ошақ 

иесі ретінде Анаға табынғандығын да жазады. Бұған Жамбыл об-

лысы Меркі, Шу ауданындағы жайсаннан табылған тастан қашап 

жасалған әйел мүсіндері куә (балбал тастар).  Мұндай балбал 

тастарды түркі кезеңінде ел бастаған көсемдерге ғана орнататын 

болған. Адуынды би, азулы хандардың өзі ел Аналарының айтқан 

ақылына құлақ асып отырғандығының дәлелі осы балбал тастар 

десек орынды айтылған болар еді. 

Халқымызда қара жерді Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін 

Ана тілі деп әспеттеп, аналар мен отбасының пірі - Ұмай Ана 

деген наным-сенім де болған. Аңыздарда Ұмай ана шаруашыл, 

бейнетқор әйел болыпты.Ұмай Ана он екі қыз тәрбиелеп өсіріпті. 

Қыздарының бәрі күйеуге шығып, барған шаңырақтарына ырыс-

береке мен бақыт әкеліпті. Бұл әйелдердің еңбексүйгіштігі сонша, 

тіпті, қажет болса, адамзаттың игілігі үшін өзендерді бөгеген, 

өзендердің арнасын бұрып, шөл далаға тіршілік жіберген, тау 

бұлақтарының көзін ашып, мөлдір су ағызған. Қыздары жұрттың 

қамын ойлап, үнемі қамқорлық жасап жүретінін көрген Ұмай Ана 

оларға ақ жол тілеп, батасын берген екен. 

  Қазіргі кездері күнделікті күйбең тіршілікте біз неше түрлі 

жағдаяттарға кезігіп жатамыз. Сондай олқылықтардың  шешімін 

толығымен шешпесе де, алдын алуға болатындығы туралы мына-

дай бір тәмсіл бар. 

«Ғазіреті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан екен» деп 

келеді  бұл  тәмсіл:  «Тәңірі  Тағала  жаратқан  табиғатта  4  түрлі 

нәрсенің – 4 түрлі анасы бар.  

Бірінші  - ауруға қарсы жасалатын ем-домның анасы. 

Екінші - кішіпейіл адамның ажарын аша түсетін әдемі әдептің 

анасы. 

Үшінші  -  жаныңа  жарық  беріп,  ақылыңды  арттыратын 



құлшылықтың анасы. 

Төртінші – адамды алаңдатып, кісінің көңілін Құдайдан үнемі 

бұрып тұратын түпсіз арман-тілектің анасы болады.  

Олар: 1-шісі денеңе жабысса, жүйкеңді жұқартып, көңіліңді су 

сепкендей басып тұратын аурудың Анасы – тамақты тартынып 

жеу. Денеге дарыған кез келген дертті ауыздықтап айла табудың 

тәсілі тамақты тартынып жеп, асты өлшемге түсіру. Сонда ғана 

дымыңды құртып бітетін дертіңе дауа болады. 

2-шісі қоғамдағы қарым-қатынасты түзеп, кісіні көрікті етіп 

көрсететін әдемі әдептің Анасы – аз сөйлеу. Кез келген ортада 

адам  абыройын  арттырып,  кісі  қадірін  келтіретін  қасиет  –  аз 

сөйлеп, көп тыңдау. 

3-шісі  жан  сарайыңды  жаңалап,  көңіліңді  кірлетпейтін 

ғибадаттың Анасы – күнәлі істер жасамау. Яғни, арсыз істер мен 

ұятсыз әрекеттерді жасқанбай жасай беретін жамағаттан бойыңды 

аулақ ұстау. Оларға іш тартпау, ыңғайына иілмеу. 

4-шісі адамды алдап, көңілін арбап тұратын дүниенің қызық 

қиялдың Анасы – жоққа сабыр, өмірі таусылып бітпейтін арман-

тілек пен тойымсыз нәпсіден туатын жағымсыз құбылыс. Яғни, 

тұрмысында  Құранды  қолданып  өлшеулі  өміріне  дінді  демеу 

қылмайтын пенденің бәрі үнемі дүниенің бар қызығынан  құр 

қалғандай, одан басқа жұрттың бәрі шалқып жүргендей көңілі 

алаңдап, уайымдап жүреді. Бұл желік адамның салиқалы ой ой-

лап, парасатты пікір түюіне мұрша бермейді. Бұл желікті жоюдың 

жеңіл жолы – жоққа сабыр, барға қанағат етіп, Тәңірге тәуекел 

етіп, рухани өмір сүру ғана» – деген екен. Сіз мұндай қызықты 

естіп пе едіңіз?  

Нұрхат СЕРІКБАЕв, 

т.ғ.магистрі.


7

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297),  2 Наурыз  2016 Жыл  //

мерекелеріңізбен!

 

„

 «ағайын тату болса 



ат көп, абысын тату 

болса ас көп» дейді 

дана халқымыз. Текті 

келіндер ғана киелі қара 

шаңыраққа судай сіңіп, 

тастай батып, сол әулеттің 

өрісін кеңейтіп, ұрпағын 

көбейтеді.  Міне, осындай 

өнегелі тірліктері мен 

мығым ауызбіршіліктерінің 

арқасында күллі көрші-

қолаңға, ауыл-аймаққа 

үлгі көрсетіп отырған 

Мәдімаровтар әулетінің бес 

бірдей келінін атауға әбден 

болады. 

Әр ата-ана Жаратқаннан перзентінің көсегесін 

көгертетін жақсы келін сұрап, келсап болатын жа-

ман келіннен сақтауын тілейді. Себебі, ағайынның 

арасындағы бітімді біріктіріп, көңілді кіріктіретін 

де әйел екені анық. Бауырлар арасында дәнекер 

болып, татулықты дәріптейтін де осы – абысын-

ажындар емес пе?

Абысындардың тату-тәтті өмірлері жайында 

сыр шертпес бұрын әуелі Мәдімаровтар әулеті жай-

ында аз-кем сөз қозғаған жөн болар. Мәдімаровтар 

әулеті Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тумалары. 

Бұл аудан халқына белгілі журналист, қаламгер  

Жақсығұл Мәдімаровтың есімі етене таныс. Ұзақ 

жылдар  аудандық  «Ауыл  жаңалығы»  газетінде 

редактор болып қызмет атқарған атпал азамат киелі 

жердің жарасымды тірлігі мен кейбір олқы жайтта-

рын басылым беттерінде көрсете білген. Жақсығұл 

аға  елге  қалтқысыз  қызмет  ете  жүріп,  өмірлік 

жары Жұмагүл апа екеуі  5 ұл, 1 қыз сүйіп,  бауыр 

еті балаларының баянды болашағы үшін қолдағы 

барларын аямаған абзал жандар. Жазмыштан оз-

мыш жоқ. Алла Тағаланың Жақсығұл ағаға өлшеп 

берген ғұмыры келте болып, перзенттерінің азамат 

болғанын көретін, келіндерінің қолынан шай ішетін, 

немерелері қолына су құятын бақытты күнге жете 

алмады.  Амал қанша? Дейтұрғанымен, «орнында 

бар оңалар» демекші, артында қалған ұлағатты 

ұрпағы ат жалын тартып мініп, түрлі салада еңбек 

етіп, ел сыйлайтын азаматтарға айналды. 

- Аллаға шүкір, анамыз бес ұлының тойын көріп, 

келін жұмсады. Жалғыз қызын ұзатып, құтты орнына 

қондырды. Қара шаңырақтың табалдырығын аттаған 

бес бірдей келініне өнегелі үлгі көрсетіп, аналық 

өсиетін айтудан бір жалықпаушы еді. Біздің әулеттің 

келіндерінің, яғни абысындардың ауызбіршілігінің 

мықты болуы анамыздың тәлім-тәрбесінен деп 

білемін ,- дейді Мәдімаровтар әулетінің ортаншы 

ұлы, бүгінде есімі өңірге белгілі «Тараз-Ғасыр» 

колледжінің директоры, қалалық мәслихаттың депу-

таты   Ғазизжан Мәдімаров.

Ғазизжан ағамыздың үйіндегі жеңгеміз үш ұл, бір 

қызды дүниеге алып келген Фарида Мәдімарова да 

жан жарының сөзін құптап, екінші анасындай болған 

Жұмагүл апаның бекзат болмысы туралы ағынан 

жарылып әңгімелеп берді.

- Өзім әулетке үшінші келін болып түстім. 

Қаланың ақ саусақ қызы болғандықтан, үйдің көп 

шаруасын енем мен абысындарымнан үйрендім. 

Мені  алдымдағы жеңгелерімнің енемізге көрсеткен 

үлкен  құрметі, өзара сыйластықтары айрықша 

қуантты. Енеміздің жоғары білімі болмаса да, көзі 

ашық, көкірегі ояу, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-

ғұрпын берік ұстайтын, бабалар жүріп өткен жолдан 

біздің де таймауымызды ұдайы ескертіп отырушы 

еді. Анамыздың бізге айтқан мына өсиеті тайға 

таңба басқандай мәңгілікке жадымызда жатталып 

қалғандай:  «Шаңырақтың  берекесі  әйелдердің 

қолында,  қашанда  барға  қанағат,  жоққа  сабыр 

етіңдер. Бір-бірлеріңді туған бауырларыңдай көріп, 

жақсылықтарыңды асырып, жамандықтарыңды 

жасырыңдар» деп айтып отыратын жарықтық,-деп 

еске алады Фарида ханым өткен күндерді еске алып.

Мәдімаровтар әулетінің өсіп-өнгенін көріп, бес 

ұлынан 15 немере, 3 шөбере сүйіп, бес келінінің 

бір үйдің қыздарындай тату тірлігіне куә болған 

Жұмагүл апа 78 жасында дүние салған. 

Бұл күнде Сарыкемер ауылында Мәдімаровтар 

әулетінің  қара  шаңырағы  орналасқан  көшеге 

Жақсығұл  Мәдімаровтың  есімі  берілген. 

Шүкір, киелі үйдің түтіні түзу, тірлігі бақуатты. 

Шаңырақтың иелері - үйдің кенже ұлы Қайыржан 

Мәдімаров пен оның зайыбы Роза Мәдімарова.  

Бір  әулеттің  берекесі  болған  Жұмагүл  апа 

өмірден қайтқан соң да ағайындар арасындағы 

татулықтың іргесі сөгілген жоқ. Ағайындар мен 

абысындар әулеттің тұңғыш ұлы Жұмағали мен 

жеңгеміз Ұлбаланың ақылына құлақ түріп, оларды 

құрмет тұтып келеді. Бүгінде олардың әрқайсысы қыз 

ұзатып, келін түсіріп, немере сүйіп отыр. 

- Әрдайым бір-бірімізге қол ұшымызды созып, 

бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып келеміз. 

Абысындар өзара  «сен» десіп, қабақ шытысқан 

кезіміз болған емес. Қайта бір-бірімізге демеу, 

жығылғанда сүйенер тіреу, қуанғанда ортақтасар 

сырлас доспыз. Ата-анасының әлпештеп отырған 

қызы бөтен шаңыраққа барған сәтте бірден сіңісіп 

кетуі де қиын. Ондай кезде үлкен жеңгелер кіші 

абысындарына  қолдау  көрсетіп,  білгені  мен 

түйгенін үйреткені жөн. Біздің шаңырақта үлкенге 

құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрге айналған,-дейді 

Фарида ханым.  

Шаңырақтың шамшырағына айналып, сана-

лы ұрпақ өрбітіп отырған абысындар қызметте 

де абыройлы. Фарида жеңгеміз  «Тараз-Ғасыр» 

колледжінің құрылтайшысы болса, қайын ағасы 

Ғалымжанның зайыбы Жанар бухгалтер, ал қайын 

інісі Ғалижанның жұбайы Сәуле  медбике болып 

жұмыс істейді.

Ағайын бауырлар  тату болуы үшін абысындар 

жиі басқосуды әдетке айналдырған. Бес ағайынның 

бірі қалада, бірі  ауылда тұрғандықтан, дастархан 

басында жолығып, туысқандық қарым-қатынасты 

бекіте  түсуге  мұрындық  болады.  Бұдан  кейін 

абысын-ажындар асыл енелерінің көзіндей болған 

жалғыз  қайын  сіңлілері  Раушанды    айрықша 

сыйлап, төрінен орын береді. Мұның өзі бірлігі 

жарасқан абысындардың даналығы ғой деп ой 

түйдік.  

Бұл әулеттің келіндері ер азаматтың сөзіне 

тоқтай біледі. Міне, осыдан  болар  бір әулеттің абы-

ройын асырып, беделін биіктеткен абысындардың 

татулығы, сыйластығы өз мәуелі жемісін беріп отыр.

ынтымағы жарасқан абысындар!  

 

абысын тату болса...

 

„

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 



әртүрлі салада абыройлы қызмет етіп, шаһарымыздың 

шырайлануына сүбелі үлестерін қосып жүрген іскер 

әйелдер өз абысындарымен қарым-қатынастары 

жайында сыр бөлісіп, ағайындардың ауызбіршілігін 

арттыруда олардың атқаратын рөлі хақында орамды 

ойларын ортаға салған еді. 

Нүрзия  Леспекова, «Қазфосфат» ЖШС директорының орын-

басары:

- Менің Ақмарал және Самиха есімді екі абысыным бар. Енеміз 

дүниеден өтіп кеткен. Екі келінім де мені туған әпкелеріндей жақсы 

көреді, үнемі құрмет көрсетіп, бәйек болып жатады. «Ағайын тату 

болса ат көп,  абысын тату болса ас көп» демекші,  үлкен отбасы-

мызда  бір туған ағайындардың бауырмалдығы, ауызбіршілігі бір 

төбе болса, абысын-ажындардың да өзара сыйластықтары ғажап.  

Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін өмір емес пе? Бір абысыным 

35 жасында күйеуінен айырылып, төрт баласымен жесір қалды. 

Қолында шиеттей бала-шағасын асырайтын бір жапырақ дипломы 

да болған жоқ. Ағайындар жұдырықтай жұмылып, абысынымыздың 

ЖОО білім алуына жәрдемдестік. Қазір  ол университетте оқытушы 

болып жұмыс істейді. Аллаға шүкір, бір анадан туған бауырлар-

дай, сырымыз да, жырымыз да, мұңымыз да бір. Айтулы мереке-

лерде, туған күндерде, тіпті әрбір қуанышымызда бас қосамыз. 

Сыйлық  адамдар арасындағы сыйластықты арттырады ғой. Біз 

де бір-біріміздің көңілімізді аулап, жиі сый-сияпат жасауды әдетке 

айналдырғанбыз. 



  Айгүл  Қабиева,  «Әулие-ата»  қазақ  мәдени  орталығы 

төрағасының орынбасары:

- Күйеуім екеуміз шаңырақ  көтерген соң, араға алты ай салып, 

қайын інім үйленді. Жас жұбайлардың тойында көпшілік қауым 

«абысындардың арасы тату болсын!» деп ақ ниеттерін жаудырған 

еді. Құдайға шүкір, көп тілегі қабыл болған шығар, бүгінде 

екеуміз туған апалы-сіңлілердей татумыз. Тағдырдың жазғанына 

кім қасқайып қарсы тұрған дейсің?! Жұбайымның әке-шешесі 

ерте дүние салды. Отбасымыздағы қайғылы жайттан соң үш 

отбасы бірігіп тұруға бел будық. Яғни біз, жарымның туған 

бауырының отбасы мен немере ініміздің жанұясы. Жас болсақ 

та, бір шаңырақтың астында ауызбіршілікте, түсінісушілікте 

күн  кештік.  Осылайша,  дүние  есігін  ашқан  балаларымызды 

бірге тәрбиелеп, кем-кетік жерлерімізді жасырып, қуанышты 

да, қайғыны да теңдей бөлістік.  Бүгінде әрқайсымыздың өз от-

басымыз, ошақ қасымыз бар. Бөлек тұрсақ та, сыйластығымыз 

ортаймады. Әлі күнге дейін тонның ішкі бауындай жақынбыз. 

Абысындардың  мойындарына  жүктелген  өз  міндеттері  бар. 

Мәселен,  жиын-тойлардың  ойын-сауықтық  бөлімін  мен 

ұйымдастырсам,  ас-ауқатқа 

жауапты Гүлшат, ал Зоя болса, 

тоқаш-бәліш пісіруді қатырады.  

 Гүлнар Кушекова, Тараз қалалық Әділет басқармасының 

басшысы:  

  -  Менің  екі  абысыным  бар.  Шүкір,  ара  қатынасымыз  өте 

тамаша. Үлкен әулетіміздің ұстанатын берік қағидасы – бір 

атаның балаларын жатқа айналдырмау. Туысқандық байланысты 

үзбей, ағайындардың арасындағы ауызбіршілікті нығайту. Осы 

мақсатта үлкенімізден бастап, кішімізге дейін тай-тұяғымыз 

қалмай жиі бас қосамыз. Әсіресе, біз, абысындар жан жарла-

рымыздан оңашаланып, өзімізше әңгіме-дүкен құрып, жарқын 

болашағымыз туралы армандаймыз.  Мен абысындарыма туған 

күндерінде және мерекелерде сыйлық жасап тұрамын. Олар да 

менен қалыспай, аппақ көңілдерімен маған да сыйлық тартуға 

асығып тұрады.  



Бетті дайындаған Индира БАЙҚоНЫС.

әулеТТің дәулеТіН ТасыТқаН

алТын ҚазыҚ

8

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз   2016 Жыл  //



  -  ХХІ  ғасырда  қазақ  әйелінің  мойнына 

артылып  отырған  жүк  ауыр.  Осы  жүкті 

мұқалмай көтеріп жүрген көптеген нәзік жан-

дылар мерейлі отбасының отанасы атанып, 

егемен еліміздің дамуы жолында өтімді еңбек 

етіп жүргендері қуантады. Сіздің ойыңызша, 

қазіргі заманның әйелі қандай болуы шарт?

-    Әйел-ана  –  өмірдің  өзегі,  тіршіліктің 

күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, 

пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-

салтанаты артып, мерейінің үстем, абыройының 

асқақ болуында нәзік жандардың еңселі еңбегі 

мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. 

Расында, ықылым заманнан әйелдердің  мой-

нына артылған ауыр жауапкершілік. Қылықты 

қыз болу, ибалы келін атану, аяулы жар болу, бала 

сүю, қызметте абыройға кенелу, ардақты әже ата-

ну, саналы ұрпақ тәрбиелеу... Түсіне білген жанға 

мұның барлығы - үлкен жауапкершілік. Осындай 

міндетті нәзік иығымен көтеріп жүрген әйелдерге 

қандай мақтау айтсақ та, құрмет көрсетсек те 

жарасады. Ақиқатында, Алла Тағала әйел бала-

сын сүйген жарының өрісін кеңейтіп, ұрпағын 

өрбіту  үшін  жаратты  емес  пе?  Сол  себепті, 

мен  үшін  де  мінсіз  әйел  ол  –  шаңырағының  

шамшырағына айналған адал жар, көп балалы 

ана, қызметте белсенді маман. Қазіргі заманның 

әйелі ширақ болуы керек. Сонда ғана отбасы 

бірлігін сақтап, қоғамның дамуына сүбелі үлесін 

қосады. Халқымыз «қыздың қырық жаны бар» 

деп әйелдің төзімділігін тілге тиек еткен ғой. 

Әрбір отбасы – мемлекеттің іргетасы һәм ажы-

рамас бөлігі екенін ұмытпағаны ләзім. Себебі, 

мемлекеттің  тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі 

отбасына тікелей байланысты.

-  Айман  Өмірзаққызы,  өзіңіз  айтып 

отырған  осынау  күрмеуі  көп  мәселелерді 

шешу мақсатында құрылған облыс әкімдігі 

жанындағы  әйелдер  істері  және  отбасы 

демографиялық  саясат жөніндегі комиссияның 

жұмысы жүйелі жүріп жатыр ма?

- Әйел адамзаты жер шары халқының жар-

тысын құрайды, олардың түйінді мәселелері зор 

әлеуметтік маңызға ие. Елбасы Н.Назарбаевтың 

бастамасымен 1998 жылы 22 желтоқсанда  От-

басы  және  әйелдер  істері  жөніндегі  ұлттық 

комиссия құрылды. Ол әйелдердің денсаулығын 

жақсарту, олардың қоғамдық-саяси қызметтерге 

араласуына, мемлекеттік деңгейдегі шешімдер 

қабылдауына ықпал ету, экономикалық тұрғыда 

алға жылжыту және зорлық көрсетудің барлық 

түрін  жою  сынды  негізгі  бағыттарда  жұмыс 

істеп жатыр. Әрине, осы жылдар ішінде ерлер 

мен  әйелдер  арасындағы  теңдік  мәселесіне 

зор көңіл бөлініп, әділ, нақты гендерлік сая-

сат жүргізілуде.  Әсіресе,    2006-2016  жылдар 

аралығын қамтыған гендерлік теңдік стратегиясы  

жоғарыда айтылған мәселелерді нысанаға алды. 

Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өткен бесінші 

шақырылымдағы облыс және қала мәслихаттары 

депутаттарының 15 пайызын әйелдер құраған-ды.  

Рас,  біздің  қоғамда  біліктілігі  жоғары 

әйелдер  өте  көп,  бірақ  олар  өз  бақтарын 

мемлекеттік  қызметте  сынап  көре  бермейді. 

Енді  комиссияның  алдында  тұрған  мақсат  – 

2025 жылға дейін мемлекеттік құрылымдарда 

әйелдердің үлес салмағын 30 пайызға жеткізу 

және осы бағытта құрылған саяси көшбасшы 

әйелдердің  мектебінде  білімі  мен  тәжірибесі 

ұштасқан нәзік жандыларға бағыт-бағдар беру. 

Егер  білімі  мен  қабілеті  жетер  болса,  іскер 

(қолынан  басқарушылық  іс  келетін)  әйелдің 

қасиеті бағалануы керек. Ал қабілетке келетін 

болсақ, тумысы бөлек әйелдің рөлін де көтеру 

– біздің ежелден қанымызда, менталитетімізде 

баршылық. Әйел   ана, әйел дана қашанда.  Бұған 

қатпар-қатпар тарихымыз куә. 

 – Нәзік жандылар гендерлік саясатты бет-

ке ұстап, өскелең  ұрпаққа тағылымды тәрбие 

беруді шетке ысырып, қарадомалақтардың 

қатарын көбейтуді қаперден шығарып алған 

жоқ па? 

- Мен бұл екі мәселемен де келіспеймін. 

Өйткені, әйелдер қауымы өте ақылды. Келіндер 

ата-енелерінің,  балаларының  ата-әжесінің 

қолынан алысқа ұзап кетуін қаламайды. Себебі, 

бұл оларға моральдік әрі материалдық тұрғыдан 

тиімсіз.  Мұны  әбден  түсінген  жастар  бала 

тәрбиесін  көпті көрген ата-әжелеріне тапсы-

рып, жақын-жуықпен бір шаңырақтың астында  

тату-тәтті өмір сүруді мақұл көреді. Ақылды 

да дана аналардың көрегендігі - отбасындағы 

ынтымақтың бірден-бір себепшісі. Ал келіннің 

«келсап»  болмай,  жақсы  келін,  жақсы  жар, 

жақсы ана болып қалыптасуы, ең алдымен, оның 

еріне деген сый-құрметіне, екіншіден, қайын 

ененің тәлім-тәрбиесіне байланысты. Өйткені,                                               

ене – келіннің екінші анасы. Сондықтан келіннің 

енеден үйренері, алар тәлімі көп. Бүгін келін 

болып отырған жас қыз, ертеңгі күні өзі де ене 

атанып, келін тәрбиелейтіндігі – өмір заңдылығы. 

Бүгін ол енесінен үйренгенін ертең өз келініне 

үйретеді.  Қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен 

келін арасындағы қарым-қатынасында ешқандай 

қиындық болған емес. Ене мен келін институ-

ты ықылым замандардан ұрпақ сабақтастығы 

арқылы ғасырдан-ғасырға жетіп отырған. Міне, 

бүгінде осы игі дәстүр лайықты жалғасын тауып 

отырғандай. 

Екінші  мәселеге  келетін  болсақ,  қазір 

әйелдер  көп  балалы  ана  болуды  қалайды. 

Бұл – өте  көңіл қуантарлық жайт. Күнделікті 

өмірде көріп жүргеніміздей, жасы небәрі 30-дан 

асқан келіншектер 6-7 баланы өмірге әкеліп, 

«Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлері атанып 

отыр.    Ауылдық  жерлерді  былай  қойғанда, 

қалалық отбасыларда кем дегенде 3-4 баладан 

бар. Мұның өзі халқымыздың санының өсіп, 

демографиямыздың жақсаруына оң ықпалын 

тигізуде деп ойлаймын. 

- Айман Өмірзаққызы, енді өзіңіздің шағын 

мемлекетіңіз туралы сыр шертсеңіз...

-  Аллаға  шүкір,  мен  бақытты  әйелмін. 

Жұбайым  Арман  Еділбаев  -  есімі  облысқа 

белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депу-

таты. Жан жарым өзінің терең біліктілігі мен 

елжандылығының арқасында облысымыздың, 

көне  шаһар  Таразымыздың  әлеуметтік-

экономикалық  дамуына  сүбелі  үлесін  қосып 

келеді. Расында екеуміз отау құрып, бас қосқанда, 

жоғары жалақы төлейтін жұмысымыз не басы-

мызда баспанамыз болған жоқ. Бірақ алдымызға 

үлкен мақсаттар қойып, бірлесе отырып табанды 

еңбек етуге серттестік. Осылайша,  Арман 2003 

жылы  «Арайстоймаркет-2003»  серіктестігін 

ашып, жеке ісін өрге домалата бастады.  Соңыра 

білім  беру  саласын  да  қолға  алып,    «Інжу» 

балабақша  мен  мектеп-гимназиясын  аштық. 

Жуырда  Төле  би  даңғылында  орын  тепкен 

«Арай-плаза» заманауи бизнес орталығын ашуды                                                                                                                    

ж о с п а р л а п   о т ы р м ы з .   Е л б а с ы м ы з 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдау-

ында: «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу 

деген сөз. Қазақстанда жасалған әрбір бұйымда 

төрт қасиет болу керек» дегеніндей, шығарған 

әрбір өніміміздің халқымызға пайдасы тиетіндей, 

сапалы да арзан болуына көңіл бөлеміз. 

Осындай тың бастамаларды өз қаламызда 

қолға  ала  отырып,  «кіндік  қанымыз  тамған 

киелі өлкемізді өзіміз өркендетпесек, сырттан 

келіп біреу жарылқай қоймас» деген ойға келдік.  

Шүкір,  ойға  алған  ісіміз  ешқашан  аяқ  асты 

қалған емес. Мен де  еш  уақытта қол қусырып 

отырмай,  ер  азаматымның  қолғанаты  бола 

білдім. Осы тұста қыз-келіншектерге айтатын 

бір ақыл-кеңес бар. Ердің бақытын келтіретін де, 

кетіретін де – әйел. Қазір көп бойжеткендер ер 

жігіттің материалдық жағдайына қарап, оларға 

жоғары талап қояды. Бірақ қазақтың «бас екеу 

болмай, мал екеу болмайды» деген аталы сөзін 

жадымыздан шығармағанымыз ләзім. Бұл күнде 

жұбайымыз екеуміз ұл мен қыз сүйіп отырған, 

бағы тасыған жанұямыз. 



-Бала тәрбиесі - өте жауапты іс. Ата-

ана ретінде балаларыңызды қалай тәрбиелеп 

жатырсыздар?

- Қазір қызымыз Айсана 10 жаста, ал ұлымыз 

Абылай 8 жаста.  Бізден бұрын өткен ата-бабала-

рымыз: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, 

бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, 

он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деп 

бекер айтпаса керек. Бала тәрбиесіне қатысты 

осы  нақыл  сөзді  мүмкіндігімізше  күнделікті 

өмірде ұстануға тырысамыз.

Мен  ана  ретінде  балаларыма  өте  жоғары 

талап  қоямын.  Әуелі  олардың  адамгершілігі 

мықты тұлға болып қалыптасулары үшін бар 

күшімізді  сарп  етеміз.  Екінші,  адамның  ой 

көкжиегін кеңейтетін білім болса, үшіншіден,  

саламатты өмір салтын ұстанып, ұдайы спорт-

пен шұғылдануларын қадағалаймыз. Одан кейін 

перзенттеріміздің ана тілдерімен қатар орыс, 

ағылшынша еркін сөйлеулеріне барлық жағдайды 

жасап отырмыз. Арман екеуміз отбасылық дәстүр 

бойынша демалыс күндерін тек балаларымызға 

арнаймыз. Бірге қыдырамыз, үй шаруасымен 

айналысамыз, кітап оқимыз, біз сөзбен айтқанда, 

барлық жұмысты бірге атқарамыз. Ең басты арма-

нымыз – бауыр етіміз балапандарымыз тәуелсіз 

еліміздің  дамуына  теңізге  құйған  тамшыдай 

болса да өз септіктерін тигізсе дейміз.   



-  Алда  8  наурыз  Халықаралық  әйелдер 

күні келе жатыр. Көктемнің жайма шуақ 

мерекесінде асыл жарыңыздан қандай сыйлық 

күтесіз?

-  Мен гүлдерді қатты жақсы көремін. Мұны 

білген жұбайым әр мерекеде, айтулы күндері 

маған шоқ-шоқ гүл сыйлаудан шаршаған емес. 

Негізі, әйел үшін ең бастық сыйлық - сүйіктіңнің 

шынайы көңілі, ыстық лебізі, есендігі... 



-Ал әулиеаталық аруларға қандай тілек 

тілейсіз?

- Әрине, тек әйел бақытын тілеймін. Осы бір 

ғана сөзде нәзік жандылардың бары мен бақыты, 

талап-тілегі, аппақ ниеті жатыр емес пе?! 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал