2016 жыл, сәрсенбі


М.х.дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ТарМу-ым – ортақ



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

М.х.дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ТарМу-ым – ортақ 

үйім» атты ұлтаралық фестиваль өтті.

алғыс айТаМ әр Тілде

асқар тауымыз аласармасын!

 

„

Тараз қаласындағы  шона смаханұлы атындағы №44 



орта мектепте өткен «әке - шаңырақтың негізгі тірегі» атты 

форумда әкелер өнегесі айтылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Күлзаһира 

Тұяқбаеваның (Ш.Смаханұлының келіні) бастамасымен 

өткен шарада ақыл-парасаты толысып, шаштарын ақ 

қырау шалған  айтары бар айтулы азаматтар Жаңабай 

Досалиев, Мұқатай Сереев, Өмір Әбдиев, Күлзаһира 

Тұяқбаевалар сөз кезегін алып, ақыл-кеңесін айтып, 

осы кешті ұйымдастырушыларға ризалығын білдірді.

Одан кейін осы білім ордасында балалары білім алып 

жатқан әкелер Ұлан Шонаев, Есет Досалы, Нұржан 

Абаханов, Елубай Дауырбаев, Жеңіс Тілешев, Мақсат 

Манапбаев сахна мінберіне көтерілді. Олар жүргізуші 

тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, тренингке 

қатысты. Қолдарына берілген ойыншықты бір-біріне 

жалғап: «Мен үшін әке болу - бұл...» деп басталатын 

сөйлемді аяқтап, перзентінің әке үшін қаншалықты 

маңызды екенін білдірді.Сондай- ақ:«Балаңыздың сы-

нып жетекшісінің аты-жөні кім? Парталас көршісі кім? 

Жан досының есімі? Сүйікті түсі? Туған күні мен жылы? 

Қай жылы мектепке барды?» деген сияқты кей әкелер 

біле бермейтін қызықты сұрақтарға жауап берді. Және де 

«Ұл-қызыңызға ренжігенде,  әуелі қандай сөз аузыңызға 

түседі? Ал еркелеткенде не дейсіз?» деген сияқты адам 

жанын ерекше әсерге бөлейтін жылы сөздер де айтылды.

Сахна төрінде көрініп, осы кештің маңызды өтуіне 

барынша атсалысып жүрген облыстық «Ақ жол» 

газетінің тілшісі Есет Досалының осы мектептің баста-

уыш сыныбында  Інжу, Маржан есімді қыздары оқиды. 

Бір үйдің қос қызғалдағы Інжу, Маржанға микрофон 

ұсынған едік:

- Әкеміз ешқашан ұрысқан емес. Ол өте мейірімді. 

Қойған сұрақтарымызға әрдайым жауап беріп,  сабақ 

оқуымызға да көмектеседі. Осы кешке қатысып, бізге 

бар жақсылықты үйретіп жүргені үшін әкемізге рахмет 

айтқымыз келеді,- деді қыздар бірауыздан.

Ой қозғау мақсатында оқушылардың атсалысуымен 

көрініс те қойылды.   1-ші сыныпқа барғаннан әкесінің 

мектеп жиналысына қатысуын қалайтын оқушы бала

әкесін жоғарғы сыныпқа барғанша мектеп жиынына 

шақырады. Алайда жұмысбасты әке үнемі қолы 

тимейтіндігін алға тартып, бармай қояды. Кейін мектеп 

бітірместен істі болған ұлын көріп, өзегін өкініш өртеп, 

бала өмірінде әкенің орны бәрінен  маңызды екенін 

мойындап, барша әкелерді бала тәрбиесіне барынша 

атсалысуға шақырады.

Ән-күймен көмкерілген кеш барысында залдағы  

көрермен әкелерге де жиі сауал тасталды. Әкелер 

өз тәрбиесінде осалдық танытқан тұсы жоқ екенін 

дәлелдеп бақты. Қойылған сұрақтарға барынша 

жауап беріп, балаларының беделін биіктетті.  Әрбір 

шаңырақтың темірқазығы, пейілі дархан даладай 

әкелердің балаларға берері  мол. Қаһарлы қыстың 

көзінде құшағымен-ақ жылытып, тау тұлғасымен-ақ 

аспаннан тас жауса да қорғап қалар құдірет те сіздерге 

ғана тән. Ендеше, асқар тауларымыз аласармасын!

Шынболат СЕЙДуАЛИЕв

«Ақпараттық технологиялар, автоматика  

және  телекоммуникация»  факультеті  және 

«Достық» жастар ұйымының ұйымдастыруымен 

өткен  шараға  университеттің  барлық 

факультеттері  қатысып,  әр  ұлттың  өнерін 

көрсетті. Сондай-ақ факультеттердің белсенді 

студенттері  қазақ  халқына  өздеріне  тиесілі 

ұлттың тілінде алғыстарын жеткізіп, шаңырағы 

шайқалмаған ұлт екендігімізді дәріптей білді. 

Жиынның ашылу салтанатында сөз алған уни-

верситет ректорының бірінші проректоры Асқар 

Абдуалы биылғы жылы алғаш рет тойланып 

жатқан Алғыс айту мерекесінің мән-маңызына 

тоқталып өтті.

-  Тарихи  күн  кей  уақыттарда  қатардағы 

оқиғалардан басталып, әрбір халықтың жүрегінен 

орын алып жататыны белгілі. Мұндай жағдайлар 

тарихымызда көп кездеседі. Сондай тарихи сәттің 

куәсі болып жатырмыз. Ол - Елбасы Жарлығымен 

бекітілген 1 наурыз Алғыс айту күні. Біздің ел 

әлемге  өзіндік  құндылықтарымен  қатар  көп 

ұлттылығымен де танымал. Мемлекет басшысы 

өзінің бір сөзінде: «Қазақстанда 130-дан астам 

ұлттар мен этностардың өмір сүруі елімізге 

қиындық немесе проблема тудыратын жағдай 

емес, керісінше, Қазақстанды озық жағдайға 

жеткізетін  негізгі  фактор»  деген  болатын. 

Әлемде жаһандану процесін жүргізу барысында 

көптеген мемлекеттердің тарихында ұлыстар 

мен ұлттардың арасында түсінбеушіліктің үлкен 

жанжалға ұласып кетіп жатқандығын көз көріп, 

құлақ естіп жүр. Осы бағытта Елбасының ұстанып 

отырған сарабдал саясаты, оны қазақтың және 

қазақстандықтардың қолдап отырғаны - бүгінгі 

таңда біздің елдің мызғымас байлығының айғағы. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде еліміздің жет-

кен жетістігі ұлттар мен ұлыстардың бірлігінің 

арқасы,-деген Асқар Бегәділұлы студенттерді 

Алғыс айту күнімен құттықтады. Сондай-ақ ол 

университет қабырғасында да біршама ұлттар 

мен ұлыстар өкілдерінің білім алып жатқандығын 

айта келе, аталмыш мерекенің оқу орнында кең 

көлемде аталып өтілетіндігін жеткізді. Алғы 

сөзден кейін тілек білдірген Жамбыл облысы 

әкімдігінің аппараты Қоғамдық  келісім бөлімінің 

әдіскері Гүлназ Құлмамбетова алғаш рет тойла-

нып отырған мерекенің Қазақстан халқы Ассам-

блеясы күнімен тұспа-тұс келуі бекер еместігін 

тілге тиек етіп, бұл бейбітшіліктің, достықтың, 

ынтымақтастықтың, қайырымдылықтың жарқын 

мерекесі болып саналатындығын жеткізді.

Ал  Жамбыл  облысы  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы, мәдени орталықтар, факультет 

декандары  мен  бөлім  басшылары  қазылық 

еткен фестивальдің қорытындысында жүлделі 

3-ші орынды өзбек ұлтын таныстырып, өнерін 

көрсеткен «Технологиялық» факультеті алса, 

2-ші  орынды  кәріс  ұлтын  таныстырған  «Су 

шаруашылығы,  экология  және  құрылыс» 

факультетінің белсенді студенттері иеленді. Ал 

фестивальдің жеңімпазы ретінде орыс ұлтын 

таныстырған «Ақпараттық технологиялар авто-

матика және телекоммуникация» факультетінің 

студенттері танылды.    

Шын жүректен. 

 Суретті түсірген автор

 

„

«Мен елімді сүйемін!» 



акциясына арналған телекөпірді 

өңіріміздің жастары жамбыл 

облысы әкімдігінің ғимаратынан 

тамашалады. Телекөпірге 

Маңғыстау, шығыс қазақстан, 

Оңтүстік қазақстан облыстары 

мен алматы қаласы қосылып, сол 

өңірлердің танымал адамдары 

мен тұрғындары тікелей эфирде 

Отанына деген сүйіспеншілігін 

жеткізді. 

Патриоттар форумы

Сейділда ТӨРЕН

Бүкіл Қазақстан тамашалаған патриоттық шараға 

облысымыздың  жастары  да  үн  қатып,  елім  деп 

соққан  жүрек  дүрсілдерінің  олармен  біте  қайнасып 

соғатындығын  ұқтырды.  Сонымен  қатар,  Астана 

қаласынан  ұйымдастырылған  аталмыш  шарада 

студиядағы  еліміздің  танымал  азаматтары  да  жылы 

лебізін білдірді.

Патриоттық шарада әр өңірдің басын бір арнада 

тоғыстырған студияда әуелі «Мен елімді сүйемін!» атты 

тақырыпта түсірілген бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ 

осы бейнероликтің авторы Динара Әлихан бейнероликті 

түсіруге  түрткі  болған  әсерлері  мен  онда  көзделген 

мақсатын жеткізіп, аталмыш акцияға барлық жастар 

атсалысса  деген  тілегін  жеткізді.  Шара  барысында 

телекөпірге Ақтау қаласынан қосылған боксшы, Олимпи-

ада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 

акцияны қолдауға шақырды.

-    Мен  елімді  мақтан  тұтамын.  Шаршы  алаңға 

шыққанда, өзімді қолдап отырған елімнің бар екенін 

сезінемін. Сол қолдау мені жеңіске жетелейді. Туымыз 

биікке көтерілгенде, әрқашан бойымды мақтаныш сезімі 

кернейді,  Отанымның  қамқорлығын  сезінемін.  Мен 

елімді сүйемін! - деді Әділбек Ниязымбетов. Сондай-

ақ  Өскемен  қаласынан  Олимпиада  ойындарының 

чемпионы,  жеңіл  атлетші  Ольга  Рыпакова,  Оңтүстік 

Қазақстан облысынан бокстан әлем чемпионы Біржан 

Жақыпов та әріптестерінің сөзін қуаттап, қоғамның басты 

қозғаушы күші саналатын жастарды елін сүйіп, жерін 

қадірлеуге шақырды. Аталған шарадан өнер иелері де 

тыс қалмады. Мәселен, студияға қонаққа келген белгілі 

тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев, телекөпірге Алматы 

қаласынан қосылған әнші Мәдина Сәдуақасова, цирк 

әртісі Мұрат Мұтырғанов Қазақстан жастарын Отанды 

сүюге шақырды. 

Қазақстан  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

орай  ұйымдастырылған  телекөпірге  тікелей  эфир 

арқылы қатысқан өңір азаматтары түрлі флешмобтар 

ұйымдастырды. Олар жүрек пішінін бейнелеп, оның ішіне 

«25 жыл» жазуын жазды.  

Айта кететін болсақ, еліміз бойынша «Мен елімді 

сүйемін!»  акциясы  өз  бастауын  алды.  Бұл  акцияны 

өткізудегі басты мақсат – өз Отаныңа деген махаббатың 

мен құрметіңді көрсету. 



 

„

алғыс айту күніне орай жамбыл политехникалық 



колледжінің студенттері Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат 

бөлімінің ұйымдастыруымен 2015 жылғы «Мерейлі отбасы» 

республикалық байқауы қалалық турнирінің жеңімпаздарымен 

кездесті.

жанұя жарасымы - жылылықта

Айару БЕЙДІЛДӘ

  «Отан – отбасынан басталады» демекші, қай за-

манда, қай елде болсын, отбасының қоғамның дамуына 

тигізер ықпалы мен әсері мол. Бүгінде жастар арасын-

да отбасының танымдық-тәрбиелік әсерінің кеміп, 

құндылық ретінде мәнінің жоғалып бара жатқаны 

жасырын емес. Әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі дағдарысты 

жағдайға кезігіп тұр. Соңғы жылдары ажырасқан 

жұптардың саны артып, тастанды жетім балалардың 

саны көбеюде, жастардың арасында нашақорлық, 

маскүнемдік сынды құбылыстар да байқалуда. Осы 

мақсатта жастармен кездесуге үлгілі отбасылар – 

Құрамысовтар, Үсенбаевтар және Тұраровтар әулеті 

келіп қатысып, отбасындағы тәлім-тәрбие турасында 

әңгіме өрбітті. 

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауы ның 

облыстық турнирінде 3-орын алған Құрамысовтар 

отбасының отағасы Шапай Құрамысов 30 жылдан 

астам мемлекеттік қызметте жұмыс атқарса, отанасы 

Нағима Құрамысова да Жамбыл депосында 30 жылдан 

ас қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Шапай ақсақал 

мен Нағима апа 10 баланы тәрбиелеп өсіріп, одан 21 

немере, 11 шөбере сүйіп отырған ардақты ата-әже.  

Сондай-ақ осы байқаудың 2-орын иегерлері Балтабай 

мен Тохтан Үсенбаевтардың отбасы да 10 баладан 26 

немере көріп отырған үлкен әулеттердің бірі. Отағасы 

Балтабай еңбек еткен жылдары өндірістік цехтарда 

слесарь, технолог болса, отанасы жүзімші болған. Бұл 

отбасының балаларының негізін дәрігерлер құрайды. 

Мәселен, 10 баласының 9-ы дәрігер. Сондай-ақ осы 

әулеттен бүгінде 13 дәрігер шығып отыр. Ал үш ұл, екі 

қыз тәрбиелеп отырған Серік және Баян Тұраровтардың 

отбасыда көпке үлгі. Серік Тұраров Жамбыл об-

лысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару 

жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде шұғыл 

кезекшінің аға көмекшісі қызметін атқарады. Ал оның 

жұбайы Баян Тұрарова білім беру саласында экономист 

болып қызмет атқарып келеді. Олардың үлкен ұлы 

әкесімен қызметтес болса, одан кейінгі ұлы ҚҰ ҰҚК 

Шекара қызметінде жұмыс істейді. 

Кездесу барысында отбасы мүшелері танысқаннан 

бүгінгі өмірге дейінгі отбасылық өмірден сыр шертіп, 

жиналған жастарға ерлі-зайыптылардың арасындағы 

қарым-қатынас пен бала тәрбиесі туралы кеңінен 

әңгімеледі.  Сондай-ақ  олар  қазіргі  алмағайып 

замандағы жас отбасылардың көптеп ажырасуына 

қынжылатындықтарын  білдірді.  Үлгілі  отбасы 

мүшелері отбасындағы өздерінің тәжірибелерімен 

бөлісіп, ата-аналық ақыл-кеңестерін берді. Кездесуде 

ата-апаларының әңгімелерін ұйып тыңдаған жастар 

оларға түрлі сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды. 

даТа


5

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз 2016 Жыл  //

мәңгілік ел

«НҰрлы жОлдың» шаПағаТы МОл

Көне шаһардың даму қарқынында индустриалдық-

инновациялық  бағдарламалардың  алатын  орны 

да  ерекше.  Атап  айтқанда,  2016  жылы  жалпы 

сомасы 7,3 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба жоспар-

ланып, қосымша 270 жаңа жұмыс орындарын ашу                         

жоспарлануда. Оның ішінде, ағымдағы жылдың І 

жартыжылдығында «Бағұл» ЖШС-і іске қосылып, 

жаңа 20 жұмыс орны ашылады. Ал 2017 жылы 

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і Қытай 

Халық Республикасының инвесторларымен бірлесе 

«Ферроқорытпа  өндірісін  мен  шикізат  базасын 

кеңейту және әртараптандыру» жобасын қосуды 

жоспарлауда. Жобаның жылдық қуаты 300 мың 

тонна ферроқорытпа (Жоба құны 250 млн. АҚШ 

доллары) өндіру. Мұнда  300 жаңа жұмыс орнын 

ашу көзделуде. Жалпы, жобаны іске қосу жоспары 

2017 жылдың екінші жартыжылдығы. 

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдарының 

алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі - бірде-бір 

жұмыс орнының қысқартылмауы, жұмысшылардың 

әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін 

қамтамасыз  ету,  өндіріс  барысында  жергілікті 

өнімдерді тұтынуды дамыту және қазақстандық 

үлесті қамтамасыз ету. Тапсырманы орындау үшін  

өткен  жылы  қазақстандық  үлесті  қамтамасыз 

ету мақсатында 44,3 млрд. теңгені құрайтын 500 

меморандумға, жұмысшылардың әлеуметтік және 

еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету 

бойынша 1106 меморандумға қол қойылып, 32853 

жұмыс орындары сақталды. 2016 жылы осы дәстүр 

жалғастырылып, 140 меморандумға қол қойылып, 

10796 жұмыс орындары сақталды.

Бүгінгі  күні  қалада  3  мектеп  үш  ауысымды 

болып  саналады,  бұлар  «Құмшағал»  тұрғын 

алқабындағы №19 негізгі мектеп (тапшылық  288 

орын),  «Шөлдала»  тұрғын  алқабындағы  №55 

орта мектеп (тапшылық 1116 орын) және Байзақ 

батыр көшесіндегі №24 гимназия (тапшылық 305 

орын).  Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» мемлекеттік 

бағдарламасы аясында №19 мектептің 300 орындық 

жаңа ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Қалған  мектептер  бойынша  жобалық-сметалық 

құжаттар  әзірленіп,  құрылыс  жұмыстарын 

қаржыландыру 2017-2018 жылдары күтілуде. 2016 

жылы  бюджет  қаражаты  есебінен  «Салтанат» 

мөлтек ауданынан 280 орындық балабақша және 

310 орындық екі жеке меншік балабақша ашылуы 

жоспарлануда.

2016 жылғы қала бюджеті әлемдік дағдарыстың 

жағымсыз  жақтарын    ескере  отырып,  сонымен 

қатар  бюджеттік  шығындарды  оптимизациялау 

есебімен жоспарланды. Бюджет шығысының көлемі 

трансферттерді қоса есептегенде 28 млрд. 963,2 млн. 

теңгені құрады. Экономикалық өсімді қамтамасыз 

етудің тиімді құралы  - тұрғындардың иелігіндегі 

мүлікті жария ету болып табылады. Осыған байла-

нысты 2015 жылы 1503 арыз тіркеліп, оның 1426 

құжатқа мүлікті жария етуге оң шешім қабылданды.

Ме м л е ке т   б а с ш ы с ы   т а рт ы л ғ а н   же ке 

инвестициялардың  көлемі  мен  ашылған  жұмыс 

орындарының саны - әкімдер жұмысын бағалау 

критерийлерінің  бірі  болатынын  атап  өтті. 

Осыған орай, көне шаһардың әлеуетін арттыруда 

экономиканың басым салаларына жеке инвестици-

яларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар 

қарастылып,  өзімізге  жүктелген  міндеттердің 

үдесінен шығамыз деген сенімдемін.



Нұржан КАЛЕНДЕРов, 

Тараз қаласының әкімі.

 

„

елбасы Н.Назарбаевтың кезекті «қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, 



реформалар, даму» жолдауы бүгінгі қаржылық жағдайда ел дамуының 

белсенділігін айқындайтын бағдарлама болды.

Жолдау


 

„

М.х.дулати атындағы 



ТарМу бас ғимаратында 

облыстық аумақтық 

сайлау комиссиясының 

ұйымдастыруымен 

семинар-кеңес өтті. 

аймақтағы 

үміткерлер саны – 

675

Шынболат СЕЙДуАЛИЕв

Басқосуда  алғаш  болып  сөз  алған 

облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 

хатшысы  Талғат  Жамалов  «Облыстық, 

қалалық, аудандық мәслихат депутаттығына 

кандидаттардың тіркелуі» туралы хабарлама 

жасады. Ол өз хабарламасында өңіріміздегі 

205  сайлау  комиссияларында  ағымдағы 

жылдың 20 қаңтары мен 19 ақпан аралығында 

белгілі бір қоғамдық бірлестіктер, саяси пар-

тиялар немесе өзін-өзі ұсынушы мәслихат 

депутаттығына кандидаттар саны 691 аза-

матты құрағандығын жеткізді. Дегенмен бұл 

кандидаттардың 15-і өз өтініштері бойынша 

кандидаттықтан бас тартса, 1 кандидат салық 

органдары тарапынан жүргізілген тексеру 

қорытындысына сәйкес тіркеуден алыныпты. 

-  Орталық  сайлау  комиссиясының 

қаулысымен бекітілген күнтізбелік жоспарға 

сәйкес 24 ақпанға дейін тіркеліп, бүгінгі 

күні  нақтыланған  кандидаттардың  саны 

675 адамды құрап отыр. Осы азаматтардың 

сапалық құрамына біздің тарапымыздан же-

дел зерделеу жұмыстары жасалды. Облыстық 

мәслихат  депутаттығына  үміткер  болып 

тіркелген кандидаттардың саны 112 азамат, 

оның  91-і  ер  азамат,  22-сі  әйел.  Ұлттық 

құрамына келетін болсақ, кандидаттардың 

100-і қазақ, 1 әзірбайжан, 1 грек, 1 кәріс, 

4 орыс, 1 татар, 2 түрік және 2 өзбек бо-

лып отыр. Жастық құрамын айтып өтетін 

болсам, 30 жасқа дейінгілер 8, 35 жасқа 

дейінгілер 2, 45 жасқа дейінгілер 19, 55 

жасқа дейінгілер 44, 60 жасқа дейінгілер 16, 

65 жастан асқан 66 адамды құрайды. Білім 

деңгейі бойынша жоғары білімділер 105, 

арнайы орта білімділер  4, орта білімділердің 

саны  3  адамды  құрап  отыр.  Олардың 

нақты айналысатын қызметтері бойынша 

әкімдіктер  мен  мәслихаттарда  қызмет 

атқаратындардың саны 4, мемлекеттік ме-

кемелер мен ұйымдарда қызмет ететіндер 

54, коммерциялық салада қызмет ететіндер 

41,  саяси  партиялар  мен  үкіметтік  емес 

ұйымдарда қызмет ететіндер 3, зейнеткерлер 

2, жұмыссыз 1 және басқа топтан 7 адам. 

Барлық 112 кандидаттың 36-сы саяси партия-

лардан ұсынылған. Тараз қалалық мәслихаты 

депутаттығына 79 азамат кандидат ретінде 

тіркеліп отыр. Оның 61-і ер азамат, 18-і 

әйелдер. Ұлттық құрамы жөнінде айтатын 

болсам, қазақтар 69, кәрістер 3, орыстар 5, 

өзбектер 2. Жастық құрамы бойынша 30 

жасқа дейінгілер 11, 35 жасқа дейінгілер 16, 

45 жасқа дейінгілер 24, 55 жасқа дейінгілер 

16, 60 жасқа дейінгілер 9, 65-ке дейінгілер 3 

кандидат болып отыр. Бұл кандидаттардың 

жоғары білімділері 68 азамат,  арнайы орта 

білімі бар 7, орта білімділері 4-еу. Ендігі 

жерде кандидаттардың атқаратын қызметтері 

бойынша әкімдіктер мен мәслихаттарда 2, 

мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда 28, 

коммерциялық салада қызмет ететіндер 41, 

жұмыссыздар 7 және басқа топтағылар 7 

азаматты құрап отыр. Барлық 79 кандидаттың 

25-і саяси партиялардан ұсынылған. Жалпы 

айтайын дегеніміз облыс бойынша тіркелген 

675 кандидат болса, олардың ерлері 77,5 

пайыз, әйел азаматтары 22,5 пайыз болып 

қалыптасып  отыр.  Ұлттық  құрамдары 

бойынша басым көпшілігі қазақтар, яғни, 

92,2 пайыз, орыстар 2 пайыз, дүнгендер 1,8 

пайыз, қалғандары 1 пайыздан болып отыр,-

деген Талғат Салкенұлы статистиканы жіпке 

тізгендей айтып өтті. 

Облыстық  аумақтық  сайлау  комис-

сиясы  төрағасының  орынбасары  Сара 

Мадиева  «Аумақтық,  округтік  сайлау 

комиссияларының депутаттыққа кандидат-

тармен және сайлау учаскелерімен жұмысы» 

және  «Саяси  партиялардың  үгіт-насихат 

жұмыстарын жүргізуі» туралы хабарлама жа-

сап, олардың негізгі міндеттеріне тоқталды. 

Сондай-ақ Тараз қалалық аумақтық сайлау 

комиссиясының төрағасы Жеңіс Пәрімбеков 

«Тараз қалалық және аудандық аумақтық 

сайлау  комиссиясының  атқарып  жатқан 

жұмыстары» жөнінде хабардар етті.

Сайлау - 2016

 

„

Үкімет  жастарды жұмыспен қамтуды басты назарда ұстап 



келеді. кеше қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің 

халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімі мен қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту 

орталығының бірлесе ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары 

жәрмеңкесі өтті. 

жас келсе - іске!

Индира БАЙҚоНЫС

Бұл  жәрмеңке  жоғары  және  арнаулы  оқу 

орындарын  тәмамдаған  жас  мамандарды 

«Жұмыспен  қамту  жол  картасы  -  2020» 

бағдарламасы бойынша «Жастар тәжірибесі» 

арқылы  жұмысқа  орналастыру  мақсатында 

ұйымдастырылды. Оған 29 жасқа дейінгі бас-

аяғы 220 адам қатысты. Олардың қатарында  

әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген от-

басынан шыққан және жетім балалар да болды. 

Шарада ірілі-ұсақты компаниялар, фирмалар, 

сауда үйлері, ауруханалар, білім және мектепке 

дейінгі мекемелерден бос жұмыс орындарын 

ұсынды.     

Жалпы,  «Жастар  тәжірибесі»  арқылы  жас 

маман өзі игерген мамандығына машықтанып, 

ұжымда жұмыс істеуге үйренері сөзсіз.  

-  Алты  айдың  ішінде  жастар  өздерін  жан-

жақты қырларынан көрсетулері тиіс. Оларға 

осы уақыт аралығында мемлекет тарапынан 38 

мың теңгеден аса жалақы төленеді. Жалпы, біз 

биыл бағдарлама бойынша 120 жас маманды  

қамтуды жоспарлап отырмыз. Ал былтыр 250 

адам қамтылып, оның 173 – і тұрақты жұмысқа 

орналасты, яғни 68,2 пайызды құрады, - дейді 

Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен 

қамту  орталығы  директорының  орынбасары 

Айнұр Жұмабекова. 

Жәрмеңкеге  жұмыс  іздеп  келушілердің               

бірі  -  Жамбыл  медициналық  колледжінің 

2015 жылғы түлегі Айдана Өсер. Айдана 3-ші 

ЖӘрМЕңкЕ


курста  тұрмысқа  шығып,  балалы  болған  соң, 

жұмысқа бірден орналаса алмапты.  Енді ұлын 

балабақшаға беріп, өзі сүйікті мамандығы бой-

ынша жұмысқа тұруды қалайды.

-  Мамандығым  бойынша  жұмыс  істеп 

көрмегендіктен, тәжірибем жоқ. Бірақ оқуымды 

жақсы  бітірдім.  Жұмыс  ұсынушыларға  өз 

түйіндемемді өткіздім. Бұйыртса, жұмысқа ор-

наласамын деп үміттенемін,-деді ол.  

Ал жұмыс ұсынушылардың қатарында  «Аспа-

ра»  мәнерлік  өнер  және  бизнес  колледжінің  

өкілдері де болды. Аталған оқу орнының кадр 

бөлімінің маманы  Гүлнұр Дүйсенқызының айту-

ынша, бұл колледжге тігін өндірісі, дизайн және 

шаштараз мамандығы бойынша 12 жас маманды 

қабылдайды екен. 

- Жас мамандарды іс-тәжірибеден өткізе оты-

рып, олардың өз мамандықтарының қыр-сырына 

қанықтырып,  білмегендерін  үйретеміз.    Өткен 

жылы біздің оқу ордамызда аталған бағдарлама 

арқылы 6 адам келіп, оның барлығын жұмысқа 

алған болатынбыз,-деді ол.

Ал  ұйымдастырушылар  жыл  сайын  өтетін 

бо с  орындар  жәрмеңке сіне  жастардың 

қызығушылығы жоғары екенін айтады. Оларға 

бағдарламаның тиімділігін түсіндіру мақсатында 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттар 

беріліп, жоғары және арнаулы оқу орындары ар-

найы кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіп 

тұрады екен.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет