2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сәуле ТӨЛЕГЕНовА

Жамбыл ст. ІІЖБ бастығының кадр жұмысы 

жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі.                                            

хабарландыру

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы келесі 

учаскелік  сайлау  комиссияларының  құрамына 

төмендегідей  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізілгенін хабарлайды:

Қалалық  аумақтық  сайлау  комиссиясының 

мүшесі Бакбергенов Ансар Жамбылович комиссия 

құрамынан шығарылып, орнына Муканов Талгат 

Нуржанович тағайындалды;

№4 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері 

Калиева  Роза  Жолдасовна,  Новикова  Ирина 

Андреевна  комиссия  құрамынан  шығарылып, 

комиссия  хатшысы  Мейрбекова  Шахизат                                                                  

Шаирбековна комиссия мүшелігіне ауыстырылды, 

орындарына Акжигитов Олжас Жапарович ко-

миссия мүшесі ретінде тағайындалып, Сегизбаева 

Раушан Жанасбековна хатшысы болып сайланды;

№5 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі 

Кекельбаева  Карлыгаш  Кокленовна  комиссия 

құрамынан  шығарылып,  комиссия  хатшысы                       

Хамитова  Майра  Сейткеримовна  комиссия 

мүшелігіне ауыстырылды, орнына Копбаева Мак-

пал Ахановна комиссия хатшысы болып сайланды;

№6 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі 

Нурманалиева  Ляйля  Шаймерденовна  комис-

сия  құрамынан  шығарылып,  орнына  Тахизова                          

Шахидахон Абдумаликовна тағайындалды;

№50 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы 

Койлыбаева  Эльмира  Сериковна  комиссия 

құрамынан шығарылып, орнына Шортанбекова 

Фарида Советбековна сайланды;

№60 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы 

Накипбаева  Жайнагуль  Серикболовна  комис-

сия құрамынан шығарылып, орнына Шаханова                     

Рыскуль Джолдыбаевна сайланды;

№74 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі 

Туганбаев  Нуржан  Оралбекович  комиссия 

құрамынан шығарылып, орнына Сагатбаева Айнур                                   

Кудайбергеновна тағайындалды;

№75  учаскелік  сайлау  комиссиясының 

төрайымы Курманбекова Роза Сатбековна, хат-

шысы  Шотаева  Жамила  Шотаевна  комиссия 

құрамынан шығарылып, орындарына Кудасбеков 

Бакитжан  Абдинурович  комиссия  төрағасы,                                                 

Батырбекова Эльмира Каримовна хатшысы болып 

сайланды;

№84 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі 

Кожахметова  Жанна  Жеткергеновна  комиссия 

құрамынан шығарылып, орнына Шавейникова 

Анастасия Александровна тағайындалды;

№87 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы 

Маженов Бакыт Аляскарович комиссия құрамынан 

шығарылып,  орнына  Мамырбаева  Фарида                                                                                               

Маликовна сайланды;

№92 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі 

Бейсенова  Замира  Есиркеповна  комиссия 

құрамынан  шығарылып,  орнына  Адильханова 

Раушан Умирхановна тағайындалды.



Тараз қалалық аумақтық 

сайлау комиссиясы.

 

„

жамбыл техникалық темір жол көлігі колледжінде 



студенттер арасында «шойын жол» атты конкурс-көрме өтті. 

шараға 1-4 курс студенттері қатысты. 

көрме тақырыбы – «шойын жол»

Шынболат СЕЙДуАЛИЕв

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған конкурс-

көрменің ашылу салтанатында сөз алған Жам-

был техникалық темір жол көлігі колледжінің 

құрылтайшысы  Зұлпыхар  Серікбаев  жастар 

заманға сай болуы керектігін, ол үшін кәсіби білім 

алумен қатар қосымша іздену керектігін жеткізді.

Көрмеге негізінен студенттердің қиялдары мен 

алған  білімінің  нәтижесінен  туындаған  тың 

дүниелер қойылған. Мәселен, «Электровоз» бен 

«Тепловоз-2ТЭ10М» пойыз көліктері мен жүк 

пойыздарының эскиз нұсқасын (макет) студенттер 

өзінше құбылтып жасаған. Сондай-ақ көрмеге 

темір жол тюнельдері, шлагбаумды өткелдері 

мен темір жол вокзалдарының эскиз нұсқалары 

да  (макет)  орын  тепкен.  Бұдан  студенттердің 

өзіндік  қиялдарын,  ойларының  ұшқырлығын 

бірден аңғаруға болады. Сонымен қатар көрмеде 

ғылыми  бағыттағы  тың  дүниелер  де  болды. 

«Болашақ  транспорты»,  яғни  «вакуумді  пой-

ыз» және «ЭКСПО-2017» көрмесіне негізделе 

отырып, жасыл экономикаға бейімделген темір 

жол  көліктері  мен  вокзалдары  эскиз  нұсқасы 

(макет) қазылар алқасының көңілінен шықты. 

Құрметті  теміржолшы,  еңбек  ардагері  Тұрар 

Қартабаев,  байланыс  саласында  ұзақ  жылдар 

қызмет еткен еңбек ардагері Вячеслав Михай-

лович,  4-курс  студенті,  колледждің  белсенді 

студенті Николай Сухаиванов және колледждің 

құрылтайшысы  Зұлпыхар  Серікбаев  қазылық 

еткен  конкурс-көрменің  нәтижесінде  Денис 

Станислов жасаған «Болашақ транспорты», яғни 

«вакуумді пойызының» эскиз нұсқасы (макет) 

1-ші орын, Сергей Пипиныч жасаған «Тепловоз-

2ТЭ10М» 2-орын, Марсель Гусмановтың «ЭКС-

ПО-2017» көрмесіне негізделе отырып жасыл 

экономикаға бейімделген темір жол көліктері 

мен вокзалдары эскиз нұсқасы (макет) 3-орыннан 

көрінді. Көрмеге қатысушы барлық студенттер 

мен жүлдегерлерге колледж ұжымы тарапынан 

ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз  2016 Жыл  //

24

демалыс



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Қала  әкімдігі  мен  аталған  сауда  орталығының 

ықпалымен  ұйымдастырылған  шараның  алғашқы 

қойылымы қайырымдылық түрінде өтті. Шараны ашып 

берген  қала  әкімінің  орынбасары  Маржан  Қожаева 

былтыр ғана шаһарымызда өткен Хандығымыздың бес 

жарым ғасырлық дүбірлі тойының қарсаңында сәулетіне 

сәулет қосқан қаланың бүгінгі келбетін тілге тиек етіп, 

сауда орталығын мәдени орталыққа айналдырып отырған 

базар басшылығына қала бүлдіршіндері атынан алғыс 

айтты. Бұдан әрі  сауда орталығының директоры Асхат                                                                                                           

Есеналиев  сөз  сөйлеп,  Тараз  шаһарында  тұңғыш  рет 

өткізіліп отырған «Дельфинарий» қойылымының жұмысына 

табыс тіледі. Шараға Сармолдаев атындағы балалар үйінің 

тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік аз 

қамтамасыз етілген балалар, ата-аналар қатысты. Бұдан әрі 

будақтап бірнеше метр биіктікке секірген Лера есімді ақ кит 

пен Зевс, Дания атты дельфиндер тараздық бүлдіршіндерді 

қайран қалдырып, бірден баурап алды. Бұған қоса, теңіз 

мысықтары  адамға  тән  әрекеттерді  жасап,  санаулы 

уақыттың  ішінде  көрермендердің  сүйіктісіне  айналып 

үлгерді. Ал алыстан келген дельфиндердің ақылдылығында 

сөз жоқ. Олар қойылым барысында түрлі қиын әрекеттерді 

орындап  қана  қоймай,  ән  айтып,  сурет  салды.  Өнерлі 

жануарлардың әрекеті барысында ұйымдастырушылар 

көрермендерге дельфиндер жайлы танымды ақпараттар 

айтып, қызықты деректермен таныстырды. Айта кетсек, 

Ежелгі Грецияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тар-

тылатын болған екен. Гректер оларды «әулие балық» деп 

атаған. Дельфин сөзі гректің «дельфос» сөзінен алынған. Ол 

«бауыр» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан болса керек 

дельфин бауырмалдылықтың, мейірімділіктің жарқын үлгісі 

ретінде сипатталады. Ал Плиний, Геродот, Аристотель, Эли-

ан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, 

достығын және адамгершілігін сипаттаған. Кейбір дель-

финдер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді 

сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады. Ірі түрлері 

елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез 

үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. 

Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер көп. Ертедегі 

грек, италиян теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. 

Тіпті аспандағы жұлдыздардың біріне дельфин деген ат 

берілген екен. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы 

жақын қарым-қатынасты аңғартады. Олардың табиғатта 

санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым 

салынған. Жалпы дельфиндердің теңізде өмір сүретін 32 

түрі, өзендерде тіршілік ететін 4 түрі кездеседі.

Жақында  ғалымдар  дельфиндердің  туыла  сала  ат 

қоятындарын  анықтады.  Бір  ысқырған  кезде  бірнеше 

дельфиннің  ішінен  тек  біреуі  ғана  бұрылатын  болған. 

Ағзасы да адамға ұқсас бұл жануарлармен дамыған ел-

дерде сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді. Мұны 

ғылымда дельфинотерапия деп атайды. Мұны тіптен сол 

қойылым барысындағы бесіктен белі шықпай жатып қол 

арбаға байланған бүлдіршіндердің күлкі ұялаған жарқын 

жүзінен де байқадық. 

-  Тараз  шаһарына  бірінші  рет  келдік.  Қала  өте 

әдемі,  тұрғындары  да  қонақжай.  Менің  дельфиндерді 

жаттықтырып жүргеніме алты жылдан астам уақыт өтті. 

Дельфиндермен жұмыс істеу үнемі шығармашылықты талап 

етеді. Жазушылар мен ақындар, суретшілер секілді бұл істе 

оймен, ақылмен, сезіммен жұмыс істеу қажет. Жаттығуды 

күн сайын жасаймыз. Мәселен, доппен ойнау әрекетін бір, 

екі айда үйретуге болады. Ал ауыр әдіс-тәсілдерді жарты 

жыл аралығында үйретеміз. Дегенмен, олар өте қабілетті. 

Олардың әрқайсысына тән өзіндік мінезі, ішкі табиғаты 

бар. Мәселен, Лераны судың ханшайымы деп айтуға бо-

лады. Өте танымал, сұлу, айлалы. Күтпеген жерден бізге 

су шашып, бізді мазақтап, қашып кетуі мүмкін. Өзінің 

мінезі сондай, ерке. Кейде біз үйретпеген әрекеттерді өзі 

қосып отырады. Дәл осындай қойылымды биыл бірінші 

бұрын-соңды болмаған.  

   Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

 

„

«Атакент-Тараз» сауда кешенінде қаладағы мүмкіндігі шектеулі 



және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген балалар үшін ерекше 

қайырымдылық шарасы өтті. Жұмыр жердің басым көпшілігін 

алып жатқан арнасы алып су қожайындары атанған кит, дельфин 

мен теңіз мысықтарының қатысуымен арнайы қойылым 

көрсетіліп, өнерлі қонақтар бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.

ТАңғАжАйыпТАР 

ТОлқыны

Қызылорда қаласында қойдық. Тараз шаһарындағы іссапарымыз бір 

айға созылады, - дейді қарағандылық «Дельфинарий» ұжымының бас 

жаттықтырушысы Денис Летин. 

Ресейден келген бас жаттықтырушының айтуынша, алдағы апта-

дан бастап көрермендерге су қожайындарымен бірге шомылуға толық 

мүмкіндік жасалмақ. 

Дәл «Дельфинарий» қойылымының ашылу күні «Атакент-Тараз» 

сауда  кешенінде  қайырымдылық  жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. 

Жәрмеңкеде саудаланған азық-түлік бағасы базар бағасынан 25-30%-



ға арзан сатылды. 

Газетіміздің келесі саны 10 наурызда жарық көреді.

Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет