2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)



жүктеу 375.45 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі375.45 Kb.
1   2   3   4

Зинабдин ШЕРМАҒАМБЕТОВ,

Жаңақорған аудандық ардагерлер 

кеңесінің төрағасы.

СЫРШЫЛ АҚЫН

Қайран  Адырбек,  не  жазып,  не 

бітіргеніміз  жөнінде  сырласқанымыз 

кеше  ғана  еді  ғой,  не  болды?  Сенің 

қапияда  көз  жұмғаныңды  түн  ортасын-

да  естідім.  Қолымдағы  қаламым  сусып 

жерге  түсіпті,  егіліп  отырып  қалыппын. 

Дөңгеленген  дүние  бір  сәтке  тоқтап 

қалғандай  еді.  Бұлай  болар  деп  кім 

ойлаған? 

Қаламдас,  тағдырлас  болып  қатар 

өсіп едік, ұстазым іспетті едің. Екеуміздің 

аудандық «Екпінді» (қазіргі «Жаңақорған 

тынысы») газетінде қатар еңбек етіп, та-

нысып табысқанымызға жарты ғасырдан 

асыпты.  Содан  бері  бір-біріміздің 

көңілімізді қалдырған жеріміз болмапты. 

Ешкімді бөліп алаламайтын, қыз мінезді 

едің,  жүрегің  жұмсақ  еді.  Осы  әдепті, 

мәдениеттілігіңмен, 

шығармашылық 

саладағы 

дарындылығыңмен 

көп 


құрметіне  бөленіп,  биік  беделге  ие 

болдың.  Ауданға  ғана  емес,  бүкіл 

елімізге  балалар  әдебиетінің  абызы 

ретінде  танылдың.  Өзіңнің  қаламыңнан 

бүлдіршіндерге  арналған  отызға  жуық 

өлеңдер  мен  поэмалар,  прозалық 

кітаптар дүниеге келді.

Өткен  ғасырдың  сонау  алпы-

сыншы  жылдары  жерсерігі  ғарышқа 

ұшырылғанда  «Айға  сапар»  атты 

фантастикалық поэмаңды екі күнде жа-

зып  оқып  бергенің  есімде.  Содан  бері 

қолыңнан қаламыңның түскенін көргенім 

жоқ. Талай жас қанаттың тұсауын кесіп, 

шығармашылығына  сәт  сапар  тіледің, 

көбіне  қамқор,  сүйеу  болып,  ағалық, 

ақсақалдық  жол  көрсеттің.  Осының 

бәрінің  куәгерімін.  Жаңақорғанның 

жартығасырлық  тарихы  өзіңнің  де 

тарихың  еді.  Бұл  жөніндегі  қыруар 

еңбектерің  поэзияларыңмен  бірге  әрбір 

шаңырақтың  төріндегі  құрметті  жер-

ден  орын  алды,  өйткені  сенің  қасиетті 

жүрегің  елім,  халқым,  жаңақорғаным 

деп  соқты.  Сол  ғазиз  жүрек  соғуын 

тоқтатыпты. 

Дарынды қаламгер еді. «Жазмыштан 

озмыш жоқ» – деген, тағдырға не шара? 

Артында  өлмес  шығармалары  қалды. 

Жары  Шәрипа,  ұл-қыз,  немерелері 

қалды.  Бұлар  барда,  елі,  жері,  халқы 

барда Адырбек ұмытылмайды. Ғибратты 

ғұмыры  өскелең  ұрпаққа  өнеге  болып 

қала  береді.  Қимас  дос,  асыл  азамат, 

жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, 

жаның жәннатта болсын! 



Айдархан БИБАСАРҰЛЫ, 

қаламдас досы, Қазақстан Жазушы-

лар Одағы мен Журналистер Одағының 

мүшесі, 


Жаңақорған ауданының 

Құрметті азаматы.

ЖАНЫҢ ЖӘННАТТА БОЛСЫН

АСЫЛ ДОС!

БАРАСЫҢ 

ТАСТАП ХАЛҚЫҢДЫ

Келмек бар жерде кетпек бар,

Бұл заңнан кім бар аттаған.

Үзіліп кетті шумақтар,

Шайырлық қазына қаттаған.

 

Тебіреніп жүрген тереңнен,



 

Жыр жауһары сарқылды.

 

Еліткен есіл өлең мен,



 

Барасың тастап халқыңды.

Қайрылып хал сұрайтын,

Риясыз пейіл, тілекпен.

Бәріне бірдей ұнайтын,

Сарқылмас шуақ ниетпен.

 

Тәрк еттің пәни, аталған жалған сарайды,



 

Бұл өлім алған жақсы мен жайсаң талайды.

 

Қанатты сөз бар «Ат тұяғын тай басар»,



 

Түбінде түптің шүкірлік еткен жарайды.



Хадиша БАЯЗИТОВА,

ақын, «Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі».

Күні кеше Жаңақорғаннан қарымды қаламгер Адырбек Сопыбе-

ков бақиға озды деген қаралы хабар жетті. Ақынның қазасын аза 

тұтып, о дүниелігін берсін деп өз-өзімді жұбаттым. 

Марқұмның  көркем  мінезі  мен  ақындық  болмыс-бітімі, 

қаламгерлік  қуаты  көз  алдыма  келді.  Әсілі,  сөз  өнерінің  тізгінін 

ұстаған әрбір суреткердің ең асыл арманы мен мақсат-мүддесі жас 

ұрпаққа тәлімді рухани мұра қалдырып, ұлтты тәрбиелеуді көздеп, 

өз халқын әлемге таныту болса керек-ті. Бұл тұрғыда Адырбек Со-

пыбеков  борышы  өтелген  бақытты  қаламгер.  Оның  қаламынан 

туған  шығармалары  әлемнің  бірнеше  тілдеріне  аударылды.  Өз 

халқының  талайлы  тағдырын,  жүріп  өткен  жолын,  мұңы  мен  сы-

рын, жаны мен арын, тұтас табиғатын таныта білді. Көрнекті жазу-

шы Сопыбековтың мұрасы – ұлттық интеллектуалдық қазынаға ай-

налды.  


Осындай  сәттерде  қайран  Сырбай  Мәуленовтің:  «Адырбектің 

өлеңдерінде өмірлік таным, жылы леп бар», – дегені еске түседі. 

Ал, Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов: «Адырбектің қай 

өлеңін алсаң да – өмірдің өзінен оймақтай ойып алған өлең», – деп 

баға беріпті. 

Бұл  –  жиырма  жасында  қолына  қалам  ұстап,  кесек-кесек 

кітаптар жазуды бастаған қаламгерге берген әділ баға. 

Адекең  –  үлкенге  құрметті,  кішіге  ізетті  болған  тұлға.  Оның 

осындай  асыл  қасиеттерін  құрмет  тұтып,  рухани  аға,  қаламгер 

ұстаз  санадық.  Шыны  керек,  оның  шығармашылығына  еліктеп, 

қалам тербеуіне қызығып, журналистика саласында ширадық. 

Оның  ең  басты  артықшылығы,  туған  жерден  кетпей-ақ,  елге 

қарымды қаламгер ретінде өзін таныта білеуінде. 

Рухың шат болсын, Адеке! Өзіңді қашанда құрмет тұтып, ардақ 

санайтын інінің бірі деп білгейсің. Біз үшін сол да мәртебе...

Жақсылық РАХМАТУЛЛА,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, 

Қазақстан Жазушылар Одағы мен 

Журналистер Одағының мүшесі.

РУХАНИ 

ҰСТАЗ

Қаратаудың етегінде туып, өсіп, барша мағыналы ғұмырын, табиғат 

дарытқан ақындығын туған еліне сыйлаған балалар ақыны, Қазақстан 

Жазушылар  Одағының  мүшесі,  Қазақстанның  Құрметті  журналисі, 

Қызылорда  облысының  Құрметті  қайраткері,  Жаңақорған  кентінің 

Құрметті азаматы Адырбек Сопыбеков дүниеден озды. 

Қарымды қаламгер, ардақты азаматтың есімі ауданның Мәдениет 

саласымен  тығыз  байланысты.  Еңбек  жолының  басым  бөлігі  аймақ 

мәдениетінің  деңгейін  көтеру,  өнерді  дамыту,  өркендету  мақсатына 

айрықша арналды.

Ол аудандық «Қазақ тілі» қоғамының «Мирас газетінде редактор 

болды.


1987-1990  жылдары  Бүкілодақтық  Кітапқұмарлар  қоғамының 

аудандық  ұйымының  жауапты  хатшысы.  1990  жылдан  2011  жылға 

дейін аудандық Мәдениет үйі жанындағы Қазақстанның Халық ақыны 

Манап Көкеновтің шығармашылық өнер мектебінің директоры болып 

абыройлы қызмет атқарған. 

1986  жылдан  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі, 

Қазақстанның  Құрметті  журналисі,  Қызылорда  облысының  Құрметті 

қайраткері, Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы.

Ақынның бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологи-

ясына», «Қазақ балалар поэмасының антологиясына» және Мәскеудің 

«Художественная литература» баспасынан «Независимый Қазахстан, 

антология  современной  литературы»  айдарымен  шыққан.  «Домбыра 

и колыбель» томына енген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тілдеріне 

аударылған.  Оның  өлеңдеріне  он  шақты  композитор  ән  шығарған. 

Балаларға  арналған  өлеңдері  70-ке  тарта  топтама  жинақтарға  енсе, 

соңғы 55 жылдан бері біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына 

жыл сайын үзбей басылып келеді. Жазушы Адырбек Сопыбековтің есімі 

Мәскеуде шыққан  «Лучшие люди» атты энциклопедияға енген.

Адырбек  Сопыбеков  тек  ақын-жазушы  ғана  емес,  ол  соны-

мен  қатар  зерделеуші,  тұғырлы  тұлғаларды  насихаттаушы.  Оның 

«Жаңарған Жаңақорған» ,«Жаңақорған» тарихнама кітаптары осының 

дәлелі.  Ол  өмірден  өткен  Хиссамеддин  Сығнаки  ғұламаның,  Құлан 

ақынның,  Әлшекей  күйшінің,  Құтбай  әншінің,  халық  ақыны  Манап 

Көкеновтің, әнші композитор Бексұлтан Байкенжеевтің, тағы да басқа 

өнер  тарландарының  артындағы  мол  мұраларын  жинақтап,  жарыққа 

шығаруда және насихаттауда тынымсыз еңбек еткен.

Жары  Шәрипа  апа  екеуі  бес  ұл-  қыз  өсіріп,  16  немере  сүйіп,  22 

шөбере сүйген.

Сыр  елінен  шығып,  қазақ  жұртының  мақтанышы  болған  ақын-

жазушының  2017  жылы  80  жасқа  толуын  облыстық  деңгейде  той-

лау  жоспарда бар еді, осы жоспар өнер адамдары үшін арман болып 

қалды. Тағдырға не шара.  Отбасына, туған туыстарының қайғысына 

ортақтастығымызды білдіріп, көңіл айтамыз.

Жаңақорған аудандық мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімі.

ҚАЗАНАМА

Сәби жүректі, жанашыр тілекті, қайран аға!

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 

Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, 

Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, белгілі 

қаламгер, ақын Адырбек Сопыбековтың дүниеден 

өтуіне байланысты отбасы мен ағайын-туысына 

көңіл айту жеделхатын жолдады.

ЖЕДЕЛХАТ

Отбасының 

асыл қазынасы, ұл-

қыздарының аяулы ана-

сы, бауырларының 

қамқоршысы бола 

білген Сайма Баты-

рова 1928  жылы 1 

қаңтарда туылған 

еді. Әкеміз Сүлеймен 

екеуі бір ұл, екі қызды 

тәрбиелеп жетілдірді. 

Еңбекшілдігімен, 

ақкөңілдігімен алғысқа 

бөленіп, бәріне сыйлы 

бола білді.

Анажан шаңыраққа 

пана болдың

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға

Амал не, жоқсың бүгін ортамызда

Сағындық ана, сізді баршамызда

Жан-ана ұл-қызыңның тірегі едің

Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің

Болмасаңда бүгін біздің жанымызда

Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы

Сағынышпен туғандары еске алады

Өзіңізбен анашым өткен күндер

Жадымызда мәңгілікке сақталады.

Анашым  жатқан жерің жайлы, жаның жа-

натта болып, алдың пейіш, артың құт бол-

сын дейміз. Сайма Батырованың 20 қараша күні 

берілетін қырық күндік асына (қонақасы 19 

қараша) барлық ағайын-туысты, құда-жекжатты, 

оны білетін барлық жамағатты Құран ішінде 

болуға шақырамыз. 

Мекен жайымыз Әлімкөл көшесі №19 үй.

Еске алушылар: ұл-қыздары, немерелері.

ЕСКЕ АЛЫП, АСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Сол күні суық хабарды 

естігенде төбемнен жай түскендей 

болды. Есеңгіреп қалдым. Адам-

зат баласы түгілі табиғаттың өзі 

өр тұлғалы, ер тұлғалы азамат-

тан айырылғанына құлазып, тынба-

стан жауған жаңбыр күңірене жы-

лап тұрды.  ...Көкірегімдегі өксікті, 

жүрегімдегі мұң – шерді кімге ай-

тамын? Кім түсінеді?..Сәкеңнің 

бейітінің басына бардым. Зор дау-

ысын да, миығынан күлетін әдемі 

күлкісін де ести алмадым, көре 

алмадым. Үндемеді, мәңгілікке 

табысқан жұбайы Алмагүл апайдың 

бейітінің басына да бардым. 

Үнсіздік. 

Тоқтамастан ұзақ жыладым. 

Тек қана қолымнан келгені ақылды, қарапайым, жүзінен тек 

жылылық сезілетін мейірімді, нұрлы жүзін еске алып, әрдайым 

дұға қылып, жанының жәннатта, пейіштің төрінде болғанын 

тілей отырып, бұл кісілердің жасамаған ғұмырын бала – 

шағасына берсін деп тілеймін.

Сәкеңнің өмірден өткеніне бір жылдың жүзі болып қалды. 

Бірақ жүрек әлі де сенбейді. Тау алыстаған сайын биіктей 

береді. Сіздің бейнеңіз менің жүрегімде мәңгілікке сақталады.

Неткен қатал байқағанға өмір деген, 

Алау болып маздайды көңілде өлең.

Қанша жерден Құдайдың ісі десе- дағы,

Бәрібір қимайды екен  көңіл деген.

Жүректе қалды ешқашан сөнбес мұң,

Өкінішті... бірге болған келмес күн.

Бақилық боп мәңгілікке аттанып,

Кетіңіз мініп кемесіне келместің.

Сәкеңдей нағыз қазақтың азаматымен аз да болса, өмір 

керуенінде дәм-тұз жарастырып, бір үйдің түтінін түтету 

тағдыры жазылыпты...  



Қимастықпен еске алушы: Салтанат.

КЕТТІҢІЗ МІНІП КЕМЕСІНЕ КЕЛМЕСТІҢ

Асыл жолдасым Серік (Әліпбай) Шерубайұлының 

рухына арнаймын

САТЫЛАДЫ

№51 М.Қаратаев орта мектебінің ұжымы осы 

мектептің физика пәнінің мұғалімі Айнұр Тұрысбаеваға 

әкесі


Жолан Тұрысбаевтың 

ауыр науқастан қайтыс болуына байланысты қайғысына 

ортақтасып, көңіл айтады.

Жібек мінез өн бойыңа жарасқан,

Тең келе алмас өзіңменен таласқан.

Таудан биік ақын едің айбарлы,

Бүгін жоқсың орнағандай қара аспан.

 

Елің қалды Сені жоқтап артыңда,



 

Жазылмаған өлең қалды алдыңда.

 

Тойланбаған тойыңды да көре алмай,



 

Сол кешіңе жете алмай қалдыңда.

Жалған өмір жалғандығын жасады,

Дем таусылса кім өлімнен қашады.

Сен өткенмен өмір силап өлеңін,

Әр жүрекке шапағатын шашады.

 

Ақын өтті өлеңі оның өмірі,



 

Сырласатын, сырды ашатын, көңілі.

 

Сені жоқтап ақын Аға дейтұғын,



 

Қалған елдің ұзақ болсын өмірі.

Ажал алып кетті ме жетегіне,

Хош бол, Аға аттанған мекеніңе.

Саған деген еліңнің көңілі ерек,

Өрнектеуге тіл шіркін жетеді ме...



Файзулла САХИЕВ,

қаламдас ақын, әрі іні, 

Халықаралық Жазушылар 

Одағының және Журналистер 

Одағының мүшесі.

ӨЛЕҢІ ОНЫҢ ӨМІРІ

Кешегі  күндерге  көз  жіберер  болсақ, 

қазақтың  ұлт  болып  ұйысу,  мемлекет  бо-

лып  қалыптасу  жолында  елге  ес,  сыртқа 

сес  болған  тұлғалар  аз  болмады.  Рух  пен 

руханияттың мәртебесінде Қорқыт ата, Асан 

қайғы,  Бұқар  жырау,  Абай,  Тұрмағамбеттер 

және  Әлихан  Бөкейханов  пен  Мұстафа 

Шоқай,  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Мағжан 

Жұмабаев,  Темірбек  Жүргенов  пен  Ілияс 

Омаров,  Өзбекәлі  Жәнібеков  пен  Әбіш 

Кекілбаев  сынды  тарихи  тұлғалар  ұлт  тари-

хына баға жетпес қазыналар сыйлады. 

Қазақ  әдебиетінің  «Алтын  ғасыры» 

атанған ХХ ғасырда әдебиет әлеміне болмыс-

бітімі  бөлек,  қаламгерлік  стилі  қалыптасқан 

талантты қаламгерлер келді. Солардың ара-

сында  «Көзілдірік»,  «Айға  сапар»  секілді 

тырнақалды  туындысымен  әдебиет  әлеміне 

бөлек  әсер  әкелген  Адырбек  Сопыбековтың 

қазақ әдебиетінде өз биігі, өз орны бар. 

Ол  сөз  өнерінің  қақпасын  өлеңмен 

қағып, қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын 

қалдырды.  Оның  қаламынан  туған  өлеңдері 

орыс,  беларус,  өзбек  тіліне  аударылды. 

Өз  халқының  талайлы  тағдырын,  жүріп 

өткен  жолын,  мұңы  мен  сырын,  жаны  мен 

арын,  тұтас  табиғатын  қаламға  арқау  етіп, 

шығармашылық  потен циалын  мойындата 

білді. Әсіресе, Жаңақорған өлкесі және Сыр 

топырағынан  нәр  алған  тарихи  тұлғалар 

жайында тағлымы зор мұралар қалдырды. 

Адекеңнің  ең  басты  артықшылығы,  кез-

келген  қаламгердің  батылы  жете  бермейтін 

балалар  әдебиетіне  мол  мұра  қалдырып, 

жазушылық  мектебін  қалыптастырды.  Кей-

де  баланың  жан-дүниесі  мен  психология-

сын  терең  түсініп  жазған  жыр-шумақтарын 

оқып,  қаламгермен  замандас  болғаныма 

мақтанамын.

Қадыр  Мырза  Әлі  1968  жылдың  күзінде 

Жаңақорғанға келгенінде: «Мен қазақ поэзи-

ясына қанша қалам тартсам да, Адырбектей 

балалар әдебиетіне бата алмадым», – дегені 

осы сөзіміздің айғағы бола алады.

Алмас БЕКЖІГІТОВ,

Қазақстан Журналистер 

Одағының мүшесі.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ 



ӨЗ БИІГІ БАР

ЖАРАМСЫЗ 

ДЕП 

ТАБЫЛСЫН


Жаңақорған 

ауданы, Машбек 

Нәлібаев ауылының 

тұрғыны Сейдахме-

това Шарапаттың 

атына берілген 

үйдің құжаттары, 

(акт №3629 

26.03.2007 жылғы, 

шешімі №4414. 

14.02.2007 жылғы) 

жоғалуына байла-

нысты жарамсыз 

деп табылсын.

***

Айтбаев 


Рустемнің атына 

берілген МТЗ-80 

тех.паспорт трак-

тор А 0056059 

ЗПТС-13 трак-

тор тіркемесі АВС. 

0024590 жоғалуына 

байланысты жарам-

сыз деп табылсын.

Т.Бигельдинов көшесінде №15 

үй сатылады. Сырты қызыл кірпіш. 

Бағасы келісім бойынша. Газ, суы 

бар. 7 бөлмелі жаңадан соғылған 

жаңа үй. Жері 12 соттық. Алам 

деушілер мына телефон нөмеріне 

87023160025 хабарласуға болады.

***

Илялетдинов көшесі №34 үй 



сатылады. 15 соттық жерімен, 8 

бөлмелі, су, газ кіргізілген. Бағасы 

келісім бойынша. Хабарласу теле-

фоны: 87752620431.

«Батыс Европа-Батыс Қытай» 

автотрассасының бойында 10 га 

жер сатылады. Бағасы келісім 

бойынша. Хабарласу телефоны: 

87027715191.

***


Хорасан Ата көшесіндегі №14 

үйдегі «Нұрғасыр» көлік жуу 

орталығы сатылады. Бағасы келісім 

бойынша. Хабарласу телефоны: 

87014688595.

***

Саяжай, Шалхия трассасын-

да жер сатылады. Бағасы келісім 

бойынша. Хабарласу телефоны: 

87478879141.

***

Қазақстан Республикасы «Но-

тариат туралы заңының» 60 – бабы 

негізінде қайтыс болған Талаббае-

ва Мария Исмайловна атында қалған 

мұралық мүлікке мұраның ашылғандығы 

туралы өтініш түсуіне байланысты, 

мұрагерлері болып танылатын туыстары 

мұрагерлік куәлік алу үшін Жаңақорған 

ауданының жекеше нотариусы Ержа-



нова Ботагоз Тәженовнаға өтініш 

беруіне болады.

МҰРАГЕРЛІК КУӘЛІК

Қазақстан Республикасы «Нотариат ту-

ралы заңының» 60 – бабы негізінде қайтыс 

болған Керинбеков Арман Макзимовичтің, 



Сыздыков Темирханның атында қалған 

мұралық мүлікке мұраның ашылғандығы тура-

лы өтініш түсуіне байланысты, мұрагерлері бо-

лып танылатын туыстары мұрагерлік куәлік 

алу үшін Жаңақорған ауданының нотариусы 

Әлайдар Әбушахма Өсербайұлына өтініш 

беруіне болады. Жаңақорған кенті, Аманкелді 

көшесі №134.


көрсетуде. Мұның сыры неде?

–  Шынын  айту  керек,  студенттік  шақта 

Ресей  эстрада  жұлдыздарын  көп  тыңдадым. 

Жас  болып,  еліктедім.    Концерттік  шоу 

бағдарламасын  үзбей  көретінмін.  Ән  әлеміне 

деген  қызығушылық  менің  өлең  жаза-

тын  қырымды  ашты.  Ауданда  тұңғыш  бо-

лып  рэп  жанрындағы  әндер  жаза  бастадым. 

Тоқсаныншы  жылдары  кәсіптік  училищеде 

үйірме жетекші болып жүргенімде топ құрдым. 

Оны  «КТУ.БОИЗ.  ШОУ»  деп  атадым.  Ол  кез-

де  шетелдік  кірме  сөздер  сән  болатын.  1991 

жылы  ең  алғашқы  концертімізді  «Арман»  ки-

нотеатрында  қойдық.  Жастар  қауымы  жақсы 

қабылдады. Әншілік  қабілетімді байқаған саз-

гер  Дүйсенхан  Сыздықов  ағамыз  аудандық 

мәдениет  үйіне  қызметке  шақырды.    Мұнда 

келгеннен  кейін  топтың  атын  «Хит.Топ.

Шоу» деп өзгерттік. Құрамында 13 адам бол-

ды.  Бүгінгі  таңда  өз  таланттарымен  елдің 

ықыласына  бөленіп  жүрген  Лаура  Андриа-

сян, Кенже Әкімбаева, Сайран Ділманов, Әлия 

Шермағамбетова,  Кенжебек  Башаров  сынды 

өнерпаздар  менің  шәкірттерім.  Барлығы  да 

осы  шоу  бағдарламаның  құрамында  болған. 

Биыл  жаз  маусымында  ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы  қарсаңында  «Хит.Топ.Шоудың»  25 

жылдығын орталық алаңда сән-салтанатымен 

атап өттік. 

–  Жаңа  бір  сөзіңізде  тоқсаныншы 

жылдары 

ауданда 

алғашқы 

бо-

лып  рэп  жанрындағы  әндерді  жаза 

бастағаныңызды  айттыңыз.  Жалпы, 

Қазақстанға  танымал  «Тракторист»  әні 

қалай дүниеге келді?

–  Сөзімнің  басында  айтқанымдай,  Ре-

сей  эстрадасын  көп  тыңдағандықтан  орысша 

әндер жаза бастадым. Шынын айту керек, ел 

үрке  қарады.  Себебі,  мұндай  жылдам  орын-

далатын әндер көпшіліктің құлағына түрпідей 

естілді. Ең алғаш «Марианна, кешір мені» әні 

жарыққа  шыққанда  замандастарым  біледі,   

«Байлар  да  жылайды»  деген  фильмді  ел 

жібермей көретін. Міне, бұл ән сол фильмнің 

желісінде жазылған. Аймақтағы тұңғыш қазақ 

тіліндегі  рэп  болды.  Бұл  әнмен  облыстық 

телебайқауға  қатысып,  лауреат  та  атандық. 

1993  жылы маған бір жігіт келіп; «Аға, әзіл-

шыны  аралас  ән  жазып  берсеңіз.  Облыстық 

«Таңшолпан»  байқауына  қатысатын  едім»  – 

деп  қолқа  салды.  Әннің  желісі  ауылдың  ба-

ласы  қаланың  қызына  ғашық  болсын  деген 

талабын  қойды.  Алайда  мен  оған  келіспей, 

керісінше ауылдың қарапайым тракторист ба-

ласы,  ауылдың  қызына  ғашық  болғаны  жай-

лы  жазып  бердім.  Осылай  «Тракторист»  әні 

дүниеге  келді.  Әні  де,  сөзі  де  өзімдікі  болған 

соң, түрлі мәдени шараларда орындап жүрдім. 

Шыны  керек,  бұл  әнді  жаңақорғандықтар 

дұрыс  қабылдамады.  Әлде  түсінбеді  ме...Не 

керек, бұл әннің бағы арада он жыл өткеннен 

кейін  ашылды.  2003  жылы  Шиеліден  Арман 

Әлиев  есімді  жігіт  келіп,  «Тракторист»  туын-

дысын  өзінің  репертуарынан  көргісі  келетінін 

жеткізді.  Осылайша,  Арманның  орындауында 

ол ән тез арада хитке айналып, танымалдыққа 

ие болды. 

–  Қазақ  эстрадасынан  кімді  тың-

дайсыз?

– Жалпы, барлығын тыңдаймын ғой. Бірақ, 

Жұбаныш Жексенұлының мен үшін орны ерек-

ше.


– Өнер жолында кімді ұстаз тұтасыз?

– Құдайға шүкір, ұстазға баймын. Ең әуелі, 

ағам Мәдениет осы салаға бет бұруыма себеп-

кер болды. Оған қоса, мәдениет майталманда-

ры Әлжан Абдуллаев, Қалила Омаров, Қуат Ал-

дабеков және «Экспресс» ансамбліне тартқан 

Дүйсенхан  Сыздықов  пен  Серік  Жаңабеков 

ағаларыма  айтар  алғысым  зор.  «Экспрестің» 

алғашқы  буын  мүшелерінің  барлығын  өзіме 

ұстаз тұтамын. Марқұм Әмір Мажитов ағамыз 

мен үшін шоқтығы биік мәдениет қайраткері. 

–  Өнер  адамы  болғаннан  кейін 

ауыл-аймаққа  гастрольдік  сапарға  жиі 

шығасыздар. 

Ауылдағы 

ағайынның 

мәдениетке деген көзқарасы қандай?

–  Бұрынғы  мен  бүгінгіні  мүлдем  салыс-

тыруға  келмейді.  Қазір  ауылдық  округтер-

ге  концерттік  бағдарламамен  барсаң,  клубқа 

келуші  көрерменнің  аз  екенін  көріп  іштей 

қынжыласың.  Бұрындары  концерт  болса  ата-

әжелеріміз  немерелерін  арқалап,  асылдың 

сынығындай  болып,  алдыңғы  қатарда  отыру-

шы  еді.    Менің  ойымша,  ұлттың  болашағы  – 

ұлт рухында. Рухы мықты халықты ешкім ба-

сынбайды. Ал, рухани азықты ұлттық өнерден 

аламыз, яғни ән-күй, терме, аламан айтыс. Ел-

басы  ұсынған  «Мәңгілік  ел»  идеясын  санаға 

сіңіріп, ел арасында насихаттауда мәдениеттің 

орны  ерекше.  Сондықтанда,  өнер  иелері 

үшін  елдің  құрметі  қашанда  мәртебе.  Көптің 

қошеметі біздерге жігер сыйлайды. 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал