2016 ж. қазан, №4 (44) Журнал 2005 ж. қантардан бастап шығады



жүктеу 5.06 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата04.05.2017
өлшемі5.06 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Əдебиет тізімі 
Əбілдаева  К.  Сабақта  оқушылардың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру // Бастауыш  мектеп. – 
№3. – 2006. 
Əбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы, 2004. – 217 б. 
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2002. – 104-105 б. 
Құлдыбаева С.Б. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технология // Ғылыми – 
педагогикалық журнал. – № 6. – 2009.  
Құрықбаева Р. Қазіргі мектептерде білім беру // Қазақстан мектебі. – № 5. – 2004. 
 
 
УДК 37 
 
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ – ІЗДЕНІС ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ 
 
Сапанова З.Қ., 
Қазақ тілі мұғалімі 
Дружба орта мектебі, 
Қостанай қаласы
 
 
Аннотация 
Мақалада проблемалық оқыту технологиясын сабақта тиімді пайда-
лану жолдары қарастырылған. Бұл технология білім мазмұнын, білімді игеру 
қарқынын, өз еркімен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқудың əдістері мен тə-
сілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Проблемалық 
оқытудың  ерекшелігі:  мұғалім  көп  сөйлегеннен  гөрі,  баланы  көбірек  тың-
дауға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  танымдық  қызметі  əрбір  оқушының 
əрбір  берілген  оқу  материалын  сабақта  үш  күрделілік  деңгейінде  тыңдау, 
жазу, көру жəне айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқушыларға 
стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі. І деңгей тапсырмалары 
дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық жəне креативтік дарын-
ды балаларға арналған. 
Проблемалық оқытуда тағы бір ерекшелік – бағалау парағын қолда-
ну. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас 
үшін əр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады. 
 
 

ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ  
      МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ  
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
 
74 
Аннотация 
В  данной  статье  рассматривается  продуктивное  использование 
проблемной технологии на уроке. Эта технология связана с необходимостью 
проработки учебного материала всеми учениками на 3-х уровнях сложности 
в зависимости от уровня подготовленности, обученности каждого ученика. 
Проработка материала на уровнях воспроизведения элементарных умений и 
навыков и знаний производится по всей теме, разделу или содержанию учеб-
ного  материала.  Познавательная  деятельность  учащихся  строится  таким 
образом,  чтобы  каждый  ученик  на  каждом  уроке  имел  возможность  слу-
шать,  записывать,  видеть  и  проговаривать  учебный  материал,  предлагае-
мый ему на трех уровнях сложности. Обязательным условием является обу-
чение посредством игровой организации и применение разнообразных актив-
ных  форм  (групповая,  индивидуально-групповая  и  парная  работа,  диспуты, 
дискуссии).  
 
Abstract 
This article discusses the productive use of problem technology in the clas-
sroom. This technology is the need of elaboration of the learning material by all 
students in 3 levels of difficulty depending on the level of preparedness, the 
training of each student. Study material on levels of play, basic skills and transfer 
of knowledge produced throughout the theme, topic or content of the learning ma-
terial. Informative activity of pupils is constructed in such a way that every student 
in every class had the opportunity to listen, to write, to see and discuss the educa-
tional material offered by him in three difficulty levels. Prerequisite is learning by 
gaming organizations and use a variety of forms (group, individual-group and pair 
work, debates, discussions). 
 
Түйінді  сөздер:  проблемалық  оқыту  технологиясы,  сабақ,  жеке  жұмыс, 
топпен жұмыс, оқу, мəселе, деңгей, жеке тұлға. 
Ключевые слова: технология проблемного обучения, урок, самостоятельная 
работа, групповая работа, учеба, проблема, уровень, личность. 
Key words: technology of the module educating, lesson, independent work, group 
work, educational module, level, personality. 
 
Бағдарламаланған оқыту мен қатар оқытудың ең жаңа перспективті əдістеріне пробле-
малық  əдіс  жатады.  Егер  бағдарламаланған  оқытудың  негізіне  ойлаудың  алгоритмдік  түрі 
жатса, проблемалық оқыту шығармашылық, тапқыр ойлауға сүйенеді. Мұндай ойлау, əсіре-
се,  стандартты  емес  сабақтардың  мəселелерін  шешуде  қажет  болады.  Проблемалық  оқыту 
теориясы  көптеген  педагогтар  еңбектерінде (М.И.  Махмутов,  А.М.  Матюхин,  В.Оконь  т.б.) 
терең зерттеле бастады. Бұл теорияның ең басты ұғымдары «проблема» (мəселе) жəне «проб-
лемалық  жағдай» (ситуация)  ұғымдары  болып  табылады.  Проблемалық  жағдай  оқушыны 
жаңа білім алуға итермелейтін ойлау əрекетіне бастайды, оған жағдай туғызады. 
Оқушыларда белгілі бір проблемалық жағдай туғызудың негізгі үш тəсілін көрсетуге 
болады: 
1. Мұғалімнің өзі тікелей қоятын проблема; 
2. Проблеманы қою жəне оны тұжырымдау; 
3. Проблеманы сипаттайтын шарттарды қарастыру; 
4. Қойылған проблеманы шешу: а) проблеманы талдап, тексеру жəне оны шешудің қа-
жетті мағлұматтарды іріктеу жəне оны шешудің бағамды бағыттарын іздестіру; ə) проблема-
ны шешуге қажетті мағлұматтарды іріктеу жəне оларды бір жүйеге келтіру; б) қабылданған 
шешу жоспарын нақтылау;  
5. Алынған жауаптың дұрыстығын негіздеу; 
6. Проблеманы шешу жолын жəне оның нəтижесін зерттеу жəне жаңа білімді айқын-
дау; 

ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ  
      МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ  
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
 
75 
7. Жаңа білімді арнайы іріктеп алынған есептерді шешуге практикалық қолдану; 
8. Қойылған проблеманы мүмкіндігінше кеңейту жəне жалпылау жолдарын іздестіру;  
9.  Проблеманың  алынған  шешуін  қарастыру;  бұдан  басқа  да  тиімді  жəне  сынарлы 
жолдарын іздестіру; 
10. Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау. 
Бұл жоспарды жүзеге асыруда оқушылар барынша көп қатыстырылып, мұғалімнің өзі 
мүмкіндігінше аз араласуға тырысуы қажет. 
Проблемалық  сабақты  ұйымдастыруда  оқу  проблемасының  нақты  сипатына  сəйкес 
бұл күнтізбелік жоспар кейде толық, кейде ішінара орындалуы мүмкін, кейбір пунктерді бі-
ріктіріп  жіберуге  тура  келеді  т.б.  Сабақ  үстінде  оқушылардың  алдына  қойған  проблемалар 
сан алуан болып келеді. Жаңа тақырыпқа кіріспе, тапсырманы жаңа тиімділік əдіспен шешу, 
белгілі материалды жаңа оқу материалымен байланыстыру т.б. 
Сонымен  педагогикалық  теорияда  проблемалық  оқытуды  технологияға  айналдыру – 
қажетті талаптың бірі. Бірақ, бастауыш мектепте бұл технология өз орнын əлі де таппай жүр. 
Біздің жұмысымызда сол мəселені зерттеу негізге алынған.  
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі маз-
мұнның  орнын  жаңасы  басуда.  Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін, 
білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.  
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нəтижесін, сондай – ақ 
жеке  тұлғаның  кəсіптілігінің  қалыптасу  жəне  даму  болашағының  қажеттілігін  анықтайтын 
əлеуметтік  категория.  Білім  беру  сапасы  білім  беру  мекемелеріндегі  жастарды  оқыту  мен 
тəрбиелеу қызметтерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен əдістері 
бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр. 
Қазіргі  заманғы  ғылыми – техникалық  үрдістің  қарқыны  білім  беру  жүйесінің  осы 
міндетті қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында жəне бүкіл техникалық тізбекте технология-
ның  үздіксіз  өзгерістеріне  бейімделе  алатын  орындаушының  тұлғасын  қалыптастыру.  Оқу 
үрдісінің əдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идея-
ларында  көрініс  табады:  В.Ф.  Шаталовтың  тірек  сигналдары,  Р.  Штейнердің  еркін  таңдау 
идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқыту, Л.С. Выготскийдің жақын даму аймағы, т.б. 
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол 
мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдіс – тəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұға-
лімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. 
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан 
тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педа-
гогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық 
тіл  элементі  ретінде  қарастырылды.  Педагогикалық  əдебиеттерде  қандай  да  педагогикалық 
технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу–үйрену, 
тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламас-
тырылған  жəне  проблемді  оқу  технологиялары,  авторлық  технология  жəне  т.б.  Алғашқыда 
педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу техно-
логиясы» ұғымдарының өзіндік мəн мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педаго-
гикалық  технология  оқу  жəне  тəрбие  аймағындағы  педагогикалық  міндеттердің  шешіліуіне 
байланысты орындалатын педагог іс – əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан 
«педагогикалық  технология»  мəні  «оқу  технологиясы», «тəрбие  технологиясы»  ұғымдары 
мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдау. 
Педагогикалық  технология – бұл  педагогикалық  əрекеттер  табысына  кепіл  болардай 
қатқыл ғылыми жоба, əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология-
ны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан – жақты білім алуына, белсенді, 
шығармашыл болуына жағдай жасалады. 

ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ  
      МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ  
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
 
76 
Проблемалық  (мəселелік)  оқыту  технологиясы  оқушыны  өз  бетімен  ізденуге  үйрету, 
олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда: 
-
 
Оқушының белсенділігін арттыру; 
-
 
Оқу материалында баланы қызықтыратындай мəселе туғызу; 
-
 
Оқушы  материалды  сезім  мүшелері  арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды,  білімге 
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді; 
-
 
Оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы;  
Педагогикалық  технология  кешенді,  бірігімді  процесс.  Ол  өз  құрамына  адамдарды, 
идеяларды, құрал – жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне 
білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Педа-
гогикалық  технологиялар  көп  түрлі  болуына  қарамастан,  олардың  іске  асуының  екі  ғана 
жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дья-
ченко  жəне  т.б.),  екіншісі – тəжірибемен  жүзеге  келуі  (Е.Н.  Ильин,  С.Н.  Лысенкова,  В.Ф. 
Шаталов жəне т.б.).  
Қазіргі жаңашыл мұғалім қоғамдағы үдемелі өзгеріп тұратын əлеуметтік – экономия-
лық  педагогикалық  ғылыми  өзгерістерді  жылдам  қабылдағыш,  жаңаша  ойлау  жүйесін  мең-
герген, жеке шығармашылық кəсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын педагоги-
калық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатындай болса, онда білім жүйесінде қан-
дай өзгеріс болмасын, талап ететін білім мазмұны оқушыға тиімді жолмен меңгерте алатын 
шебер ұстаз бола алады. Мұғалімнің кəсіби білімімен біліктілігі жоғары деңгейде жəне оқу-
шылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілетте-
рі болуы керек. Сондықтан да, мұғалімнің кəсіби даярлығын көтеруде əдіскерлердің алдында 
тұрған  міндеттер  өте  көп,  сонын  ішінде  негізгісі – мұғалімдердің  жас  ұрпаққа  тəрбие  беру 
мəселесін  дұрыс  жолға  қоя  алуына  көмек  беру.  Бастауыш  білім – үздіксіз  білім  берудің 
алғашқы сатысы. Осыған сəйкес белгілі бір көлемдегі білімділік дағдыларды меңгерумен бір-
ге қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан–жақты 
дамыту  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Осы  талап  тұрғысынан  алғанда  оқу  тəрбие  үрдісін 
ұйымдастырудың  сан  түрлі  əдіс – тəсілдерін  іздестіру  жəне  жаңа  технологияларды  тиімді 
пайдаланудың маңызы ерекше.  
Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс – əрекетпен байланысты.  
Атап айтқанда өзіндік таным оқушының əрекетін қаматамасыз етеді, ойлау қабілетін 
дамытады,  өзіндік  білім  алуға  дайындайды.  Оқушылардың  зерттеу  үшін  əр  түрлі  іздену 
əдістері қолданылады (эврика – іздену): ізденіс əңгімелер, өзіндік шешім (мұғалімнің басқа-
руымен) ережелер, формалар, түсініктер, стандарттық емес есептердің шығарылуы, лабора-
ториялық жеке жəне топтық түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс түрлері, əдісі. Пробле-
малық оқыту (проблема қою) – ізденіс танымдық əрекеттің негізгі құралы болады. 
Қазіргі  кездегі  ізденіс  ойлау  құралдары  бойынша  педагог  пен  психологтардың  зерт-
теулері,  проблемалық  оқытуда  оқушылардың  ізденіс  зерттеу  есептерін  шешуде  танымдық 
əрекеттері  басқаша  екенін  көрсетеді.  Ізденіс  əрекеті  бірқалыпты  жүріп  отырады,  кей  жерде 
айқын көрінеді. Бүкіл мəселелеп оқытудың мəні ерекше жағдай оқу процесінде пайда бола-
ды, оқушы белгілі шешімге келе алмай, не болмаса қатыса алмайды. Мəселелі жағдайда оқу-
шының білімі мен алдына қойған міндеті арасында қарама–қайшылық туындайды. Мəселеп 
оқыту  алгоритм  мəселені  қою  жəне  сезіну,  жеке  шығару,  одан  əрі  қарай  мəселені  шешудің 
дұрыстығын тексеруден тұрады. Бұл кезде ізденіс əңгімелері, дискуссия (пікір-талас ), мəсе-
лелі мазмұндамалар т.б. пайдаланылады. 
Проблемалық  оқу  технологиясы  мұғалім  басшылығында  өтетін  оқушылардың  оқу 
міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізде-
леді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, 
қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұл-
ғалық маңызды қабілеттері дамиды.  

ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ  
      МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ  
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
 
77 
Жалпы  түрінде  проблемалық  технология  сипаты  келесідей:  оқытушы  білімді  дайын 
күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның 
шешу  əдіс–тəсілдерін  табуға  ынталандырады.  Ал  оқушылар  мұғалімнің  тікелей  басшылы-
ғында не өздері олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам тү-
зеді,  оның  шынайлығын  тексеру  тəсілдерін  белгілейді  əрі  талқылайды,  дəйектейді,  нəтиже-
лерің талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.  
Проблемалық оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тарапта-
рына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін мең-
геруге  жəрдемдесіп  қоймастан,  олардың  ақыл–ой  дамуына  жол  ашады,  өз  шығармашылық 
қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамы-
тады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді.  
Кемшілігі: жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге оқу-
шылардың танымдық іс – əрекеттерін жүйелі басқару қиын.  
Бағдарламаланған оқыту мен қатар оқытудың ең жаңа перспективті əдістеріне пробле-
малық  əдіс  жатады.  Егер  бағдарламаланған  оқытудың  негізіне  ойлаудың  алгоритимдік  түрі 
жатса, проблемалық оқыту шығармашылық, тапқыр ойлауға сүйенеді. 
Оқушылардың ынта-жігері мен құмарлығын жəне ақыл-ой іс-əрекетін толық жандан-
дыру үшін, пəн сабақтарын проблемалық тұрғыда жүргізгенде ғана жетуге болады. Пробле-
малық тұрғыда оқытудың маңызы, дайын материалға көңіл қойып, тек соны меңгеріп, есте 
сақтап қана қоймайды, сонымен қатар оқушы мұғаліммен бірлесе қосылып немесе жеке өзі 
проблемалық ситуацияның өз білімі мен іскерлігін пайдаланып, логикалық таным жүйесінде-
гі үлеспеушілдіктерді шешуге үйренеді. Проблемалық оқытудың кез келген əдістері оқушы-
лардың  ынта-жігері  мен  құмарлығын  оятып  ой-өрісінің  көлемін  ұлғайтады,  сезім  əрекетін 
жəне оның ой-өрісінің басқа түрлерін дамытады. Кез келген ғылымды меңгеру үшін, оқушы-
ларға дайын немесе белгілі əдісті, қорытындыны беруден емес, оларға шешімін табатын тап-
сырманың  қойылуы  мен  оның  проблемаларын  түсіндіруден  басталуы  жəне  оны  дағдыға 
айналдыруы керек, тек сонда ғана нақты проблеманы шешу процесі продуктивті ойлау қыз-
меті арқылы шешілуі мүмкін.  
Сондықтан,  проблемалық  оқыту  үшін,  алдымен  оқытудың  бірнеше  қажетті  ұйым-
дастыру  проблемаларын  талдау  жасау  керек,  оны  əдістемелік,  психологикалық,  дидактика-
лық жəне пəнаралық негізде, мектепте жаңаша оқыту мақсатқа зерттеу қажет. Осыдан, ұзақ 
жылдар бойы жинақталған оқытудың игі дəстүрлерін сақтай əрі оларды зерттеп жаңа техно-
логиялық жүйе бойынша оқыту процесіне пайдалануды қарастырған жөн деп санаймыз, сон-
да ғана оқытудың ең негізгі құндылықтары болып табылатын ынта-жігерлік, қызығушылық, 
белсенділік, біліктілік жəне дағды білім оқу процесіндегі логикалық таным жүйенің компо-
ненттері болып табылады. 
Бастауыш мектептерде проблемалық оқыту бірнеше компоненттерден анықталады.  
1. Кейбір қарама-қайшылықтарды туындататын проблемаларды тұжырымдау. 
2. Проблема тұжырымдалған уақытта, ғылым дамуында оның шешімі белгісіз немесе 
белгілі  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайларда,  қарастырылып  отырған  проблеманың  теориялық 
шарты дəл қойылуы өте маңызды. Себебі, қойылған шарттың дұрыс қойылмай, ол дұрыс ше-
шілуі мүмкін емес. 
Абай  атамыз  ақыл  мен  сана  еңбек  барысында  қалыптасатындығын  айтады.  Ендеше 
оқушының дəл бүгінгі жаңа материалды білетіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екенді-
гін іштей мойындату үшін мұғалімге шеберлік қажет. Проблемалық оқыту əдісі оқушылар-
дың өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретеді. Ой-
ланбай  білім  бойға  дарымайды.  Дұрыс  таңдалған  əдіс-тəсілдер  баланың  алдына  мақсат 
қойып,  нəтижеге  жетуге  жетелейді.  Білімді  меңгеру  тек  қана  заңдылықтарды,  ережелерді 
есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өздері логикалық талдау жасай отырып, алған 
білімдерін орынды пайдалана білгенде ғана жүзеге асады. Сондықтан менің алдыма таңдап 

ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ  
      МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ  
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
 
78 
алған өзекті тақырыбым, оқушылардың алдына проблема туғыза отырып ойлау қабілеттерін 
дамытады. 
Проблемалық оқыту технологиясы – бұл да  бір педагогикалық мақсатқа қол  жеткізу 
жолындағы  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім-амалдары  мен  əдіснамалық  құралдардың 
жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті. Əр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез келген 
проблеманы тез шешуге үйренеді. Қойылған проблеманың шешімін шəкірттің проблемалық, 
əдiспен oқытyдың мақсаты – оқушыны сабақ бойы ой еңбегiмен шұғылдануын камтамасыз 
ету. Окушыны iзденуге, қорытынды жасауға, өзгеше тың пiкip айта бiлуге үйретедi. Ой қай-
шылығын, пiкiр-таласын тудырып, дұрыc ой қорытындысы жасалған жағдайда ғaнa пробле-
ма туды деп есептеуiмiз қажет. Проблемалық оқыту оқушының бұрыннан мeңгepгeн бiлiмiне 
сүйенiп, мəселенi толық шешуi үшiн аздаған өзiндiк ойды, шығармашылық шешiмдi, дербес 
əрекеттi қажет eтeтiн проблемалық жағдайға алып келуi қажет. Проблемалық мəселе, пробле-
ма тyyғa ыңғайлы тақырыпты таңдай бiлу, мұғалiмнiң iзденiмпаздық, тапқырлық шеберлiгiне 
байланысты.  
Сонымен  педагогикалық  теорияда  проблемалық  оқытуды  технологияға  айналдыру – 
қажетті талаптың бірі. Бірақ, бастауыш мектепте бұл технология өз орнын əлі де таппай жүр. 
Біздің жұмысымызда бұл мəселені зерттеу негізге алынып қарастырылды.  
 
Əдебиет тізімі 
Əбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы, 2004. – 217 б. 
Əбілқасымова  А.Е.,  Кенеш  Ə.С.  Болашақ  мұғалімдердің  əдістемелік  дайындық  негіздері. – 
Алматы, 2004. 
Бітібаева К. Педагогикалық технология талаптары // Қазақ тілі мен əдебиеті. – №3. – 2002. – 
17-20 б. 
Бидосов Ə. Ойлау қабілетің дамыту // Мұғалім. – № 6. – 2007. 

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ  
                    НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
 
79 
УДК 796.078 
 
ХАЛЫҚПЫЗ, АРТЫҚ КӨРГЕН АТТЫ ТАҚТАН 
 
Ақанов Ш.К., 
Дене шыныктыру пəнінің оку тəрбие  
орталығының аға оқытушысы 
Асан А.О., 
Дене шынықтыру, спорт жəне  
туризм факультетінің,  
«Дене шынықтыру жəне спорт»  
мамандығы, 3 курс студенті, 
ҚМПИ, Қостанай, Қазақстан 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақтың  ұлттық  ойындары,  оның  ішінде  ат  үстінде 
ойналатын  ойындар  туралы  баяндалады.  Қазақ  халқының  қанына  сіңген, 
жанына жақын жылқы жануары жөнінде сөз болады.  
Ат спортының Қазақстанда дамуы, Қостанай облысындағы «Қазақ 
тұлпары»  зауытының  жұмысы  жəне  балаларды  ұлттық  ойынға  тартып, 
үйрету қажеттілігі айтылады. Ұлттық спортымызды дамытып, дəріптеу 
туралы ой қозғалады.  
 
Аннотация 
В  этой  статье  рассматриваются  казахские  национальные  игры,  в 
частности,  игра  «Верхом  на  лошади».  Для  казахов  лошадь – это  высшее 
средоточие красоты, жемчужина среди всех животных. 
Рассматривается  развитие  конного  спорта  в  Казахстане,  работа 
завода «Қазақ тұлпары» в Костанайской области, а также необходимость 
обучения  детей  национальным  играм.  Предложены  идеи  для  развития 
национального спорта. 
 
Abstract 
This article is dedicated to Kazakh national games, including games on 
horses. Also, the article has the information about horses as one of the pets which 
Kazakh nation likes more than others. 
Moreover, this article shows the horse-sport development in Kazakhstan
the work of the factory of Kostanay region «Kazakh tulpary» and how to teach 
national games to children. And there are ideas of assistance for the development 
of national sports. 
 
Түйінді  сөздер:  киелі  жылқы  жануары,  қазақтың  ұлттық  ойыны,  көкпар, 
қыз қуу, атты баптау өнері.  
Ключевые  слова:  священные  животные  лошади,  казахская  национальная 
игра, кокпар, кыз куу, искусство управлять лошадью. 
Keywords: a horse – a sacred animal, Kazakh national game, Kokpar, Kyz kuu, a 
horseman skills. 
 
Каталог: journals
journals -> Хабаршы вестник
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология

жүктеу 5.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет