2010 жылғы адам саудасымен күрес жөніндегі есеп
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан әйелдер мен қыз балаларды сексуалдық күңдікке, ерлерді, әйелдер мен балаларды мәжбүрлі түрде
жұмыс істетуге әкелетін, тасымалдайтын және аралық кӛпір қызметін атқаратын елге айналып отыр.
Қазақстандық әйелдер мен балалар Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресей, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грекия,
Индонезия және Израильге мәжбүрлі сексуалдық қызмет етуге жӛнелтіледі. Сол секілді Ӛзбекстан, Ресей,
Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова және Украина әйелдері мен жас қыздары Қазақстанда күштеп
жезӛкшелікке жегіледі. Қазақстанның ӛз ішінде әйелдер мен балалар ауылдардан қалаларға әкелініп,
жезӛкшелікке тартылады. Қазақстандық ерлер, әйелдер және балалар, сондай-ақ Ӛзбекстаннан,
Қырғызстаннан, Моңғолиядан және Нигериядан келген ерлер үй шаруасына, малшылыққа, шабындыққа,
темекі және мақта алқаптарындағы қара жұмыстарға мәжбүрлеп тартылады.
Үкімет адам саудасын болдырмау жӛніндегі ең тӛменгі стандарттарды толықтай сақтамай отыр, дегенмен
ахуалды жақсарту мақсатында елеулі қадамдар жасалып жатыр. Мемлекет балаларды мақта
шаруашылығындағы жұмысқа мәжбүрлеуді елеулі түрде азайтты, адам саудасымен күрестегі құқықтық
бақылау шаралары қатаңдатылды, заңға балаларға қарсы сексуалдық қылмысқа тағайындалатын жазаны
күшейтетін ӛзгерістер енгізілді, адам саудасының құрбандарын анықтаудағы кӛрсеткіш ӛсті. Алайда, үкімет
адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау мақсатындағы мигранттарды тексеруде тиімділік
танытпады, Қазақстан еңбекке жегілетіндер әкелінетін ел болғанына қарамастан, күштеп жұмысқа жегілген
екі шетелдік қана айғақталды.
Қазақстан жағына ұсыныстар: Шетелдіктер арасында мәжбүрлі жезӛкшелік пен еңбектің құрбандарын
анықтаудағы шараларды күшейту, соның ішінде полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер
арасында адам саудасының құрбанына айналғандарды анықтау және оларға кӛмек беру саласында
тренингтер ӛткізу; адам саудасының құрбанына айналған шетелдіктерге кӛмек беруді қамтамасыз ету;
еңбекке жегілгендерді анықтау шараларын күшейту, соның ішінде ӛкілетті органдардың миграциялық
рейдтер кезінде қамауға алынған ықтимал құрбандарды скринингтен ӛткізу және анықталған құрбандарға
кӛмек кӛрсетуге ықпал ету; адам саудасына қатысы бар екендігі анықталған ресми тұлғалардың істерін
тергеу, айыпты деп танылған ресми тұлғаларды жазалау; мақта және темекі ӛнімдерін жинау кезінде бала
еңбегін пайдалануға тосқауыл қою шараларын әрі қарай жалғастыру; үкіметтік емес ұйымдарға бӛлінетін
қаржы кӛлемін ұлғайту арқылы адам саудасының құрбанына айналған жандарға мемлекеттік қолдауды
арттыру; мәжбүрлі еңбекке және коммерциялық сексуалдық қызметке деген сұранысты азайту
мақсатындағы ақпараттық шараларды жүргізу; адам саудасына қатысты істі тергеу және үкім шығаруда
полицейлердің, прокурорлар мен судьялардың әлеуетін арттыруды әрі қарай жалғасыру.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту
Есептік кезең ішінде Қазақстанда құқық қорғау органдарының адам саудасымен күресінде біршама
жетістіктер байқалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 128 және 133, 125 (3б), 126 (3б), 270 және 132-баптарына
сәйкес адамды саудаға салуға тыйым салынған, бұл қылмыс үшін он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыру кӛзделген. Бұл – едәуір ауыр жаза түрі және ол кісі зорлау сияқты басқа да ауыр
қылмыс түрлеріне белгіленетін жазамен барабар. 2010 жыл Қазақстан заңнамаға ӛзгерістер енгізіп,
Қылмыстық кодекске балаларға қатысты сексуалдық қылмыс түрлеріне жазаны қатаңдататын 132-1 бапты
енгізді.
2010 жылы полиция адам саудасы бойынша 88 істі тергеді (2009 жылы тергелген 49 іске қарағанда бұл
анағұрлым кӛп). 48 іс бойынша айып тағылған (ал 2009 жылы - 35 айып). 2010 жылы адам саудасымен
айналысқан 32 адам сотталды (2009 жылы 24 адам сотталған). Олардың ішінде 29 адам жезӛкшелікке жегу
мақсатындағы адам саудасы үшін сотталған (2009 жылғы 21 адамға қарағанда ұлғайған), ал 3 адам мәжбүрлі
түрде жұмыс күшіне айналдыру мақсатындағы адам саудасы үшін сотталған (2009 жылғы кӛрсеткішпен
бірдей). 5 айыпталушы шартты жазаға кесілді және түрмеде жазасын ӛтеуден босатылды. Адам саудалаған
27 адам 2-ден 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қазақстан полициясы шетелдік донорлармен бірлесіп миграциялық және қылмыстық полицияның 79
қызметкері үшін адам саудасының құрбандарын анықтау және адам саудасы бойынша қылмыстарды тергеу
әдістемелері жӛніндегі тренингтер ұйымдастырды, құқық қорғау органдары ӛкілдерінің Моңғолияда,
Ресейде, Катарда, Түркияда, БАӘ-де, Беларуста, Арменияда оқуы қаржыландырылды. Үкімет, сондай-ақ,
қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік қызметкерлерге арнап ӛткізген тренингтеріне техникалық қолдау
кӛрсетті. Полиция адам саудасына қатысты екі бірдей істі БАӘ және Ресей құқық қорғаушыларымен
бірлесіп тергеді. Полиция қызметкерлерінің адам саудасына қатыстылығы және олардың қылмыскерлермен
байланысы тәрізді жекелеген істердің болғанына қарамастан үкімет ресми тұлғалардың адам саудасына
қатыстылығын тергеген жаңа істер және айыптау қорытындылары туралы қандай да бір есеп жариялаған
жоқ.
Үкімет 2010 жылғы есептік кезең ішінде балаларды күштеп еңбекке жегу істерін қарастыруға қатысты
шаралар қабылдады. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының жергілікті әкімшілігі 2010 жылғы
күзде мақта жинау науқаны барысында бала еңбегін (соның ішінде мәжбүрлеп) пайдалануға қатаң тыйым
салатын ӛкімдер қабылдады. Білім беру департаменті мақта жинау науқаны кезінде оқушылардың сабаққа
қатысуын бақылау мақсатында жергілікті мектептерге инспекция жүргізді. Еңбек инспекторлары мақта
және темекі алқаптарын тексеріп, онда мәжбүрлеп еңбекке жегілгендердің табылмағанын хабарлады.
Үкіметтік емес ұйымдар бала еңбегін пайдалану және балаларды күштеп жегу фактілерінің былтырғыға
қарағанда азайғанын мәлімдеді. 2010 жылы мақта және темекі жинау науқаны кезінде ресми адамдардың
балаларды еңбекке күштеп жегуі жӛнінде есеп жарияланған жоқ. Алайда, үкімет 2009 жылы балаларды
мақта жинауға күштеп тартуға қатысы болған ресми тұлғаларды қылмыстық тұрғыдан қудалаған жоқ.
Қорғау
2010 жылы үкімет адам саудасы құрбандарын анықтау және оларға кӛмек кӛрсету ісінде біраз ілгері
жылжыды. Алайда, Қазақстан еңбекке жегу және мәжбүрлеп жұмыс істету мақсатында адам әкелінетін ел
болып танылғанына қарамастан, ӛкімет адам саудасының тек бір ғана құрбанын анықтай алды.
Миграциялық полиция мигранттар арасында адам саудасының құрбандарын анықтау мақсатында шаралар
жүргіздік дегенімен, миграциялық рейдтер кезінде қамауға алынғандар болған жоқ және адам саудасының
құрбандары табылған жоқ. 2010 жылы мыңдаған мигрант идентификация процедурасынан ӛткізілместен
депортацияланды. 2010 жылы адам саудасының құрбаны болған 82 адам анықталды (былтырғы жылы
осындай 59 факт тіркелген), соның ішінде 12 адам мәжбүрлеп жұмысқа тартылған (2009 жылы мұндай 3
қана факт тіркелген). Барлық анықталған құрбандардың 9-ы – шетелдіктер, соның ішінде екеуі еңбекке
мәжбүрлеп жегілген (үш шетелдік құрбанмен салыстырғанда саны ӛскен). Мемлекет адам саудасының
анықталған барлық құрбандарына азық-түлік, тұрғын жай, киім-кешек, жүріп-тұру және басқа да
шығындарын жабу мақсатына 70000 АҚШ доллары кӛлемінде қаржы бӛлді (2009 жылы бұл мақсаттарға
84000 АҚШ доллары бӛлінген болатын). 2010 жылы адам саудасының жалпы 134 құрбаны, соның ішінде
еңбекке күштеп жегілген 49 адам ХМҰ-ның, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттің тарапынан
кӛмек алды. Үкіметтік емес ұйымның басқаруындағы бір паналау мекемесі толық мемлекеттің
қамқорлығында болды, онда адам саудасының құрбаны болған 40 адамға, соның ішінде 9 шетелдікке кӛмек
кӛрсетілді. Алматы қаласының жергілікті әкімшілігі үкіметтік емес ұйым қарауындағы және бір паналау
үйін жартылай қаржыландырды, онда 33 адам, соның ішінде 18 шетелдік кӛмек алды. Паналау үйлері адам
саудасының құрбаны болған барлық жандарға ашық және оларға заңдық, психологиялық және медициналық
жәрдем кӛрсетеді. Алайда, кейбір шетелдік жәбірленушілер сақтандыру полисі немесе тұрақты тіркеуі
болмағандықтан медициналық кӛмек ала алмайды. Адам саудасының құрбаны болған ересек адамдарға
паналау үйіне емін-еркін кіріп шығуға мүмкіндік берілген. Адам саудасының құрбаны болған кейбір
балалар мәртебесі анықталғанға дейін уақытша оқшаулау және бейімдеу орталықтарына орналастырылды.
2010 жылы үкімет ауыр қылмыстан жапа шеккендерге, соның ішінде адам саудасының құрбандарына,
мемлекеттік ӛтемақы беру шараларын қолға алды. Мемлекет жәбірленушілердің құқық қорғау
органдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуін қолдайды. Полициямен ынтымақтасқан шетелдік
жәбірленушілерге тергеу аяқталғанға дейін елде қала беруге рұқсат етіледі, алайда уақытша тұру кезінде
олардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Үкімет 2010 жылы адам саудасының құрбаны болғандарға уақытша
тұру рұқсаты берілгендер туралы мәліметті жариялаған жоқ. Мемлекет уақытша тұру мерзімін ұзағырақ
уақытқа созу туралы шешімдер қабылдаған жоқ. Құрбандардың барлығы қысқа мерзімді күш жинау мерзімі
аяқталған соң немесе қылмыстық істе куәгер ретіндегі қызметін аяқтаған соң бірден күштеп
депортацияланып отырды. Кейбір құрбандар алдын ала тергеу кезінде полициямен жақсы
ынтымақтасқанына қарамастан, олардың бірнешеуі трафикерлердің жазасына ұшыраудан қорқып, сотта
куәлік беруден бас тартты. Адам саудасының құрбандары трафик кезінде жасаған құқық бұзушылықтары
үшін жазаланды деген ақпарат болған жоқ. Алайда, идентификацияланбаған құрбандар миграциялық
заңдарды бұзғаны не басқа да заңбұзушылықтары үшін депортацияланған немесе жазаға тартылған болуы
мүмкін. БАӘ құқық қорғау органдарымен бірлескен тергеу нәтижесінде адам саудасының бір құрбанына
еліне қайтуға кӛмек кӛрсетілді.
Алдын алу
Үкімет адам саудасының алдын алуға бағытталған жалпы әрекеттерді қарқынды жалғастырды, соның ішінде
жергілікті әкімшілік ӛкілдері мақта және темекі ӛнеркәсібіндегі жұмыс берушілерді ақпараттандыру ісімен
айналысты. Үкімет біраз шараларды қолдады, соның ішінде газеттерде адам саудасына қатысты 191 мақала
жарық кӛрсе, 73 бейнематериал эфирден ӛтті. Мемлекет жолаушы пойыздарында түсіндіру жұмыстарын
жүргізіп, адам саудасы құрбандарына арнап тікелей телефон желісінің жұмысын қамтамасыз етті. Үкіметтік
емес ұйымдар адам саудасының алдын алу, соның ішінде тікелей телефон желілерін жүргізу мақсатына