№20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 0.55 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6

12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Суретте: тарих факультетінің делегациясы

Жақсы кітап – 

жан азығы

Ақпарат апталығы

Дөңгелек үстел

Мәдени мұра – 

болашақ  кепілі

Оқу ордамызда жазушы 

Адольф Арцишевскийдің 

«Бигельды Габдул лин: право на 

исповедь» атты деректі роман-

эссе кітабының тұсаукесер рәсімі 

болып өтті. 

Белгілі қаламгер, «Central Asia 

Monitor» газетінің бас редакторы, 

Қазақ ПЕН клубының президенті 

Бигелді Ғабдуллин туралы жазушы 

Адольф Арцишевскийдің роман-

эссе кітабын оқырмандар арасында 

кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан 

шараны Қазақстан Республикасы 

Президентінің тұңғыш баспасөз 

хатшысы, «Мир» телеарнасының 

негізін салушы, мемлекет және қоғам 

қайраткері Ғаділбек Шалахметов 

жүргізіп отырды.

Алғашқы сөз кезегін алған 

Әлеуметтік-мәдени даму ісі жөніндегі 

проректоры, Дихан Қамзабекұлы 

жарық көрген жаңа кітаптың мән-

маңызына тоқтала келіп, ректор 

Ерлан Сыдықовтың атынан асқаралы 

алпыс жасқа толып отырған Бигелді 

Ғабдуллинді мерей жасымен 

құттықтады және кеудесіне ғылыми 

кеңестің шешімімен «Гумилев 

медалін» тақты. Сондай-ақ, жазушы  

Адольф Арцишевскийге де сый-

сияпат жасалып, құрмет  көрсетілді. 

Деректі роман-эссе кітаптың 

салтантты тұсаукесер рәсіміне 

Тұрсын Жұртбай, Амангелді 

Кеңшілікұлы және т.б. оқытушы-

профессорлар құрамы мен 

студенттер қатысып, жаңа кітаптың 

лентасы оқырмандардың көз 

алдында қиылды. 

Шара барысында жазушы Адольф 

Арцишевский бұл өзінің жиырма 

бесінші кітабы екенін және оның 

төрт айда жарық көргенін жекізе 

келіп, бұл кітапқа кейіпкерінің бала 

шағы мен болашағы жайлы көптеген 

детальдар арқау болғанын әңгімелеп 

берді. Сонымен қатар филология 

факультеті мен журналистика және 

саясаттану факультетінің ғалымдары 

арнайы баяндама жасап, жаңа 

туындыны ғылыми тұрғыда талдап 

берді. Студент-жастар көкейіндегі 

сауалдарын қойып, оған тұшымды 

жауаптарын ала білді. 

Басқосу соңында сөз алған 

Бигелді Ғабдуллин осындай игі 

шараны ұйымдастырған Еуразия 

ұлттық университетінің ұжымына өз 

ризашылығын білдірді.

"Еуразия-ақпарат"

Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайы 

іргесінде К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ 

және «Ақмола облысының мәдениет басқармасының» 

ұйымдастыруымен  «Аймақты зерттеудегі К.А. 

Ақышевтың мұрасы» тақырыбында халықаралық 

дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел тақырыбының ерекшелігі – К.А. 

Ақышевтың еңбектерінде «Мәңгілік Ел» концепциясын 

көруге болады. Бұл іс-шарада К.А. Ақышев атын-

дағы  Археология ҒЗИ-нің аға ғылыми қызметкері С. 

Сәкеновтың басшылығымен ЕҰУ-дің «археология және 

этнология» мамандығының студенттері, магистранттары 

мен ЕҰУ-де академиялық ұтқырлық бойынша оқып 

жүрген М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс 

федералды университетінің және Ш.Ш. Уәлиханов атын-

дағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері 

баяндама жасады. 

Кемел Ақышұлы қазақ халқының біртуар археолог-

ғалымдарының бірі.  Ол өзінің еңбек жолында 

Қазақстанның ежелгі тарихынан бастап жаңа заманға 

дейінгі қазақ халқының шаруашылық-экономикалық 

қалыптасуын, қалалық мәдениетін, қыстауларын жазба, 

археологиялық және этнографиялық деректер бойынша 

зерттеп, жүйелеп берді.

Көшпелі мал шаруашылығының бір көрінісі ретіндегі 

К.А. Ақышұлының зерттеулеріндегі қазақ қыстаулары 

жайлы археология және этнология мамандығының 1-курс 

магистранты А.Т. Дукомбаев өзінің ғылыми баяндамасында 

дәстүрлі шаруашылықтың жойылу мәселесін көтерді. Ұлы 

Дала елі атануы үшін біз ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып 

келген дәстүрді сақтауымыз керек деп тұжырымдады.

М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды 

университетінің студенттері О.Васильева және 

О.Яковлева Қазақстан жайлы өздерінің әсерлерімен бөлісе 

отырып, көкшетаулық студенттерге  К.А. Ақышевтың 

өмірбаяны мен археологиялық зерттеулері және Тәуелсіз 

Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» 

табылған Есік қорғанын мұражайландыру мәселесін 

көтерді. 

К.А. Ақышев салған ғылыми іргетас, ұлттық тарихпен 

айналысатын болашақ мамандар үшін берік құрылыс. 

Ежелгі тарихымызды білу және мәдени мұрамызды сақтау 

– бұл халықтың гүлденуінің кепілі. 

 

Жанна АҚҚОШҚАРОВА,

тарих факультетінің  2-курс магистранты 

№6 Студенттер үйінде «Кітапханашыға 

сұрақ» атты ақпараттық апталық өткізілді. 

Апталықтың негізгі мақсаты студенттерге 

кітапхананың электрондық ресурстары мен 

жаңадан ашылған «Astana American Corner» 

ақпараттық ресурстар орталығының қызметін 

таныстыру.

Ғылыми кітапхана директоры Бақыт 

жан 

Оразалиев апталықтың мақсаты мен маңызын 



түсіндіре келе «ХХІ ғасыр – ақпараттық 

технологияның дамуы 

мен барлық салада 

ақпараттың көбеюімен 

ерекшеленеді. Бұл 

кезеңде құнды және 

ғылыми сараптамадан 

өткен ақпаратты 

дер кезінде алу өте 

маңызды», – деп 

апталықтың ашыл-

ғанын хабарлады.

«Кітапханашыға 

сұ  рақ»  атты  ақпа-

раттық апталық № 2, 

3, 4, 5   Студенттер 

үйлерінде жалғасын 

тапты. 


Апталық  ба 

ры-


сында  кітапхананың 

 

элект рондық 



ре-

сур с тарын 

catalog.

enu.kz - электронды 

каталог пен enulib.

enu.kz - электронды 

кітапхананы қол 

дану және қажет ақпаратты 

нақты әрі тез іздеу жолдарын студенттерге 

ғылыми кітапхананың кітапханалық-ақпараттық 

үдерістерді автоматтандыру бөлімінің бастығы 

Асан Амангелдиев таныстырып, барлық әлемдік 

деректер қорларының қолжетімді екенін айта келе, 

оның қолдану жолдарын студенттерге слайд түрінде 

көрсетті.  Және де кітапхананың қорындағы барлық 

аудио және бейне түріндегі электрондық оқулықтар 

мен  мультимедиалық CD/DVD дискілерді кітапхана 

веб-сайтындағы EMedia ENU (emedia.enu.kz) веб-

қосымшасынан көруге болатынын, кітапхананың 

Кітапханашыға сұрақ

әлеуметтік желілерде (Library ENU) парақшасы 

ашылғанын хабардар етті.

Студенттерге «Astana American Corner» 

ақпараттық ресурстар орталығының (Америкалық 

бұрыш) жұмыс жоспарын, оның мүмкіндіктері мен 

жалпы қызметін орталық координаторы Перизат 

Өтебалиева таныстырды.  Америкалық бұрыш - 

университеттің көптілді білім жүйесіне байланысты 

оқу процесіне қажетті ақпараттық басылымдармен, 

АҚШ-тың e-library деректер қорына қосылу 

мүмкіндігі бар компьютерлермен, кітаптармен, 

мультимедиялық жүйелі ғылыми-техникалық 

материалдармен жабдықталған. Америкалық 

бұрышқа келушілер ойын ойнау, робот техникасы, 

3D технологиясы және басқа да жаңадан енгізілген 

тәжірибелік жаттығулар арқылы интеллектуалды 

дамуға мүмкіндік алады. 

Апталық барысында студенттерге кітапхана 

және әлемдік дерек қорлары туралы буклет-

парақшалар таратылып, студенттердің көптеген 

сұрақтарына жауап берілді.



Баспасөз қызметі

13

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Иман

 Құттықтаймыз!

Имандылық – ізгілік негізі



«Өз өміріңді 

өзің көркемде!»

Отан дегеніміз – адамның туған шаңырағы, ата-анасы, 

өскен ортасы мен елі болып табылады. Отанға деген ыстық 

сезім әрбір адамзатқа тән қасиет. Ислам діні – адам баласын 

бірлік пен бейбітшілікте өмір сүруге шақыратын асыл дін. 

Қасиетті дініміз – Отан, туған ел ұғымына ерекше мән 

береді.

Еліміздің ертеңіне сеніммен қарамайтын, Отанға 



деген сүйіспеншілік сезімі жоғары, Отан үшін отқа түсуге 

дайын  рух-жігері мықты жастарды тәрбиелеу – жарқын 

болашағымыздың кепілі.  Осы орайда 2015 жылдың 

Практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушылары Н.Б. 

Мансұров, Г.Т. Өтелбай, С.Р. Тойбекова, Р.Р. Тұяқбаева, 

А.Т. Ашенованың   ұйымдастыруымен «Отанды сүю – 

иманнан»  тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Іс-

шараның мақсаты жастардың адамгершілік, парасаттылық, 

Отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, имандылық 

аясындағы ой-пікірлерін кеңейту болатын. Осыған орай 

аталмыш шараға арнайы қонақ ретінде «Әзірет Сұлтан» 

орталық  мешітінің өкіл-имамы Нұржан Әлімқұлов мырза 



Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясында «Қоғамдық 

келісім» РММ-мен бірлесе отырып ұйымдастырылған 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-

сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аталған отырыс жұмысына Президент Әкімшілігінің 

өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің 

депутаттары, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық 

кеңесінің мүшелері, сонымен қатар Мемлекеттік басқару 

академиясының, министрліктер мен ведомстволардың 

қызметкерлері, еліміздің жоғары оқу орындарындағы ҚХА-

ның кафедра мен орталықтарының меңгерушілері қатысты. 

Отырыста қатысушылар 2015 жылға арналған Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің 

қызметі туралы, еліміздің жоғары оқу орындарындағы 

кафедралардың жұмысы жайлы, ҚХА-ның медиация 

мәселелері жөніндегі кеңесінің тапсырмаларын орындау 

және этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің 

қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар арасындағы 

ғылыми жұмыстардың I республикалық конкурсының 

қорытындылары туралы есебін қарады. 

Сонымен қатар қоғамдық келісім мен жалпыға ұлттық 

бірліктің Қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми 

жоба бойынша, оның ішінде жас ғалымдар арасындағы 

республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. 

Отырыстың есте қаларлық жарқын сәттерінің бірі 

ретінде ғылыми және шығармашылық зиялы қауым 

өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» 

мерекелік медальдары тапсырылуын айта аламыз. 

Марапатталғандардың ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-

дің саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдар 

докторы Қалиев Нәубат Қалиұлы да болды. 

Журналистика және саясаттану факультеті профессор 

Нәубат Қалиұлын жоғары дәрежелі марапатымен құттықтап, 

шығармашылық табыс тілейді! 

ерекелік  

едальмен  

арапатталды

М

Университетімізде  «Өз өміріңді 

өзің көркемде!» атты студенттер 

арасында есірткіге қарсы іс-шара 

болып өтті. Әлеуметтік мәдени-

даму жөніндегі проректор Дихан 

Қамзабекұлының айтуынша, бұл 

шараны Еуразия ұлттық университеті 

ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес 

департаментімен бірлесе өткізіп отыр. 

Синтетикалық есірткілердің жа-

ңа түрлерінен келетін қауіптен 

сақтандырып, салауатты өмір салтын 

ұстану принципін қалыптастыруды 

мақсат тұтқан шарада ҚР ІІМ Есірткі 

бизнесіне қарсы күрес департаментінің 

бастығы, әділет генерал-майоры Сұлтан 

Құсетов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде 

 

синтетикалық есірткілердің қаупі, адам 



ағзасы үшін теріс салдары және есірткі 

тартудан бойларын аулақ ұстау туралы 

айта келіп, осындай тәлімді де тағылымы 

мол жиынды ұйымдастырғаны үшін 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры 

Ерлан Сыдықовқа алғыс білдірді.

Сондай-ақ, акцияға екі дүркін 

олимпиада чемпионы, ауыр атлетикадан 

әлемнің төрт дүркін чемпионы, спорт 

шебері Илья Илин қатысып, жастарды 

салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Одан әрі эстафетаны Қазақ 

спортшысы, көркем гимнастиканың 

спорт шебері Анна Алябьева қолдады. Ол 

өзінің спортта жеткен жетістіктерімен 

бөлісе келіп, жастарға өзінің алға қойған 

мақсаттарына жетуге тілектестік білдірді. 

Шара аясында Денсаулық сақтау 

өкілдері – Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру орталығының мамандары 

жастарды қауіпті дерттен сақтандыратын 

келелі кеңестерін берсе, суретші Аяған 

Мұстафа бес жүз студент қатысқан 

акцияға өзінің көрмесі арқылы үн қосты. 



"Еуразия-ақпарат"

Дені саудың жаны сау

шақырылды. Тәрбие сағатын кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., 

доцент  Қ.С. Құлманов ашып, қатысушыларға деген лебізін 

білдірді. 

Өз кезегінде сөз алған имам Н. Әлімқұлов білім алушы 

жастарға ақыл мен парасаттылыққа, ізгілік қасиеттерге 

үндейтін Ислам дінінің қадір-қасиеті турасында баяндап, 

Отанды, шекараны қорғау мәселесіне кеңінен түсінік 

берді.  Мазмұнды талдаулардан соң қонаққа студенттер 

тарапынан: «Қайырымдылық дегеніміз не? Мұсылман 

адамның парыздары қандай? Ислам әлеміндегі әйел-

аналардың орны қалай сипатталады? Отбасындағы татулық 

мәселесі» деген сияқты сұрақтар қойылып, әсерлі хадистер 

арқылы тыңдалды.  Адамзат баласын ізгілік пен шынайы 

ниет, патриотизмге баулитын мұндай істердің тәрбиелік 

маңызы жоғары деп білеміз.  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: 

«Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан!» 

–  деп айтқандай, елдігіміз бен абырой-берекеміз баянды 

болсын деп тілейміз.  Тағылымды кездесу шарасы өнерлі 

студенттердің ән-күйіне ұласып, ф.ғ.к., доцент  Н.Б. 

Мансұровтың пікірімен қорытындыланды. 

Айнұр НАЙМАНБАЙ,

 доцент

«Тарбағатай таулары» 

Астананы тербеді

Оқу ордамыздың концерт 

залында «Кәусар» мәдени-танымдық 

бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР 

Мәдениет қайраткері, композитор Болат 

Әшірбаевтің «Тарбағатай таулары» 

атты шығармашылық кеші өтті. Кешке 

қазақ эстрада жұлдыздары,  жас әншілер, 

халықаралық байқау жеңімпаздары 

қатысты. Кеш шымылдығын Кенжағали 

Мыржықбаев композитордың өмірі 

мен шығармашылық жолынан қызықты 

естеліктермен ашты. 

Күйші Айбек Бекбосын Сарыарқаның 

Тарбағатайға деген ризашылығын, 

достық құшағын Құрманғазының 

«Сарырақа» күйімен жеткізді. Болат 

Әшірбаев көрермендер мен алыс-

жақыннан келген достарына алғысын 

білдіре отырып, «Ауылымды сағындым» 

әнін орындады. 

Сыршыл ақын Ғалым Байбатыровтың 

сөзіне жазылған «Аңсарым», «Зайсан 

вальсі» әндерін Майра Қаламқызы 

шырқады. Университет ұжымы атынан 

«Самұрық» бишілері қазақ биінің 

құдіретімен кештің сәнін кіргізді. Кешке 

арнайы келген эстрада жұлдызы Қайрат 

Нұртас «Ауырмайды жүрек», «Байқа», 

«Мазала тағы да мазала», Болат 

Әшірбаевтің  «Әдемісің қарындас» 

әндерімен құлақ құрышын қандырды.

Тарбағатай өңірінің әнұранына 

айналған, қытай қазақтарына шабыт 

сыйлаған «Тарбағатай таулары» әнін 

ҚР Мәдениет қайраткері Есмұрат 

Қыдырмолда тыңдарман жүрегіне 

жеткізе білді.

Кеш барысында сазгердің шәкірттері 

«Үш жүз» тобының «Ән арнаймын 

жүректен», Анар Сүлейменованың 

Ән шашу

«Көкжара» әндері шырқалды. 

Композитордың  жарына арнаған «Сен 

қасымда жүрші» әні Құрманбек пен 

Ризаның орындауында көрерменге жол 

тартты. 


Кеш соңында Болат Әшірбаев 

көрермендермен қосыла «Тарбағатай 

таулары» әнін асқақтата шырқады. Кешті 

қортындылай келе университет ректоры 

Ерлан Сыдықов сазгерге зор алғыс 

білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. 

Оқу орнының атынан арнайы медаль мен 

естелік сый табыс етілді.



Нұршырақ  ЖІГЕРҚЫЗЫ 

журналистика және саясаттану 

факультетінің 1-курс студенті

14

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

В связи с празднованием Всемирного дня 

качества, а также за упорный труд и огромный вклад в 

процветание нашей страны коллектив Евразийского 

национального университета им. Л.Н. Гумилева 

награжден Почетной грамотой Министерства по 

инвестициям и развития РК. 

Всемирный день качества в Казахстане ежегодно 

отмечается во второй четверг ноября. Всемирный 

день качества был учрежден в 1989 году по инициативе 

Европейской организации качества (EOQ). Этот 

праздник широко отмечают во всем мире. 

Вопросы обеспечения качества продукции и услуг 

постоянно находятся в центре внимания всех ведущих 

экономик мира. Качество – ключ к достижению успеха 

любого предприятия. Оценивает качество потребитель, 

и насколько он будет удовлетворен, от этого зависит 

благополучие производителя. 

В этот   праздник   многие   предприятия 

 

 



демонстрируют  новые высокотехнологичные 

НАГРАЖДЕН   

Почетной   грамотой 

Поздравляем!

Пана

Келелі кездесу

разработки, спо 

собствующие повышению качества 

продукции. Устраиваются акции в поддержку 

экологически чистой продукции, проводятся различные 

конкурсы «Лучший товар», «Лучшая услуга». 

Центральным событием этого года в данном 

контексте является форум, посвященный Всемирному 

дню качества. Организаторы – Комитет по техническому 

регулированию и метрологии МИР РК и Казахский 

агротехнический университет им. С. Сейфуллина. 

Он прошел под лозунгом «Качество – Эмоции – 

Вдохновение». На данном форуме присутствовали 

студенты и преподаватели кафедры «Стандартизация и 

сертификация». 

В данном контексте необходимо отметить, что в 

рамках празднования Всемирного дня качества кафедрой 

«Стандартизация и сертификация» ЕНУ им. Л.Н. 

Гумилева с 12 по 19 ноября 2015 года проводилис Неделя 

качества.



"Еуразия-ақпарат"

Жақында «Студенттер үйі» дирекциясының директоры Е.Нұғыманов барлық 

студенттер үйлерінің студенттік кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. 

Студенттік кеңес мүшелерінің кездесу барысында 2015-2016 оқу жылында өткен 

жылдармен салыстырғанда студенттердің Студенттер үйлеріне орналасуы жоғары 

деңгейде өткендігін, сонымен қатар осы жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу 

мемлекеттік университетінің филиалына салынған, жаңа үлгідегі студенттер үйінен 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне қосымша 250 

орын берілгендігін айтып, бұл біздің студенттер үшін үлкен көмек екендігін атап кетті. 

Жаңа оқу жылында университет әкімшілігі студенттер үйлерінде тұратын 

студенттерге жағдай жасау мақсатында бірқатар студенттер үйлері ағымдық жөндеуден, 

№4 Студентте үйі  күрделі жөндеуден өткендігін және жаңадан орындықтар, 

тоңазытқыштар бергендігін айтып, сондай-ақ №5 Студенттер үйінде дүйсенбі және 

жұма күндерінде шахматтан үйірме жұмыс жасайтындығын айтып өтті. 

Оқу жылы басында студенттерді өрт қауіпсіздігінен сақтау мақсатында бекітілген 

кестеге сәйкес барлық студенттер үйлерінде өрт қауіпсіздігіне қарсы оқу-жаттығу 

шаралары болып өткендігін, студенттерге алдын-ала сақтандыру, өрт болған жағдайда 

өздерін қалай ұстау, қандай әрекеттер жасау керектігіне үйрету болып табылатындығын 

түсіндірді. 

Сонымен қатар № 4,5 жатақханаларда студенттерге арналған әлеуметтік дүкендер 

ашылғандығын және бұл да жастар үшін қолайлы жағдай тудыратындығын атап өтті. 

Е. Нұғыманов студенттер арасындағы тәртіп бұзушылық мәселесіне ерекше тоқталып, 

– «Тәртіп бұзушылық, еліміздің бірінші орындағы Еуразия ұлттық университетінде 

оқып жатқан студенттеріне үлкен сын, оның ішінде студенттер үйлерінде тұрып жатқан 

студенттер үшін өте жат қылық. Сондықтан да Сіздер, студенттік кеңес мүшелері бірінші 

кезекте біздің көмекшілерімізсіздер. Сіздер осындай жағдайды болдырмау үшін, әр 

қабатта кезекшілік қойып, бөлмелерде жауапты студенттер тағайындап, студенттердің 

ішкі тәртіп Ережесін сақтауын тікелей қамтамасыз етесіздер» деп басып айтты. 

Студенттік кеңестің міндеті тек қана әртүрлі деңгейде іс-шаралар өткізіп қана 

қоймай, әр бөлме бойынша студенттердің жағдайын, тәртібін, қандай мәселелер бар 

екендігін, тәртіп бұзатын бөлмелермен өз дәрежелеріңде 

сөйлесіп, студенттік кеңесте қарап, шешім шығару сынды 

жұмыстармен айналысу екендігін атап өтті. 

Игілікке бастар ізгі шара



Астанаға Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғанидың келуіне орай 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқитын Ауғандық 

студенттермен журналистер арасында кездесу болып өтті.

Елімізде 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ Саммитінде мемлекет басшылары мен 

саясаттанушылар Ауғанстан мәселесіне жеке тоқталған болатын. Сол кезде Ауғанстаннан 

келген журналистер мен саясаткерлер Қазақстан ұсынып отырған білім грантының ұзақ 

мерзімге созылуын өтінген еді. Сөйтіп, тығырыққа тірелген елге жанашырлық танытқан 

Қазақстан үкіметі 50 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы қарастырды. Қазақстан 

мен Ауғанстан Ислам республикасы арасында білім саласына қатысты арнайы келісім 

жасалып, онда елімізге 2010 жылдан бастап келетін 1000 ауған баласының 700 жоғары, ал 

300-і кәсіптік-техникалық білім алатыны нақты көрсетілген. Олар журналистика, құқық, 

инженер, мұғалім, т.б. мамандықтар бойынша 2019 жылға дейін оқытылса, медицина 

мамандары білім алуды 2020 

жылға дейін жалғастырады. 

2015 жылы Л.Н.Гумилев 

атындағы ЕҰУ-де 

білім 

алып жатқан студенттердің 



алғашқы легі оқуларын аяқтап, 

қолдарына дипломдарын алып 

елдеріне қайтты.

Қазақ жерінде білім 

алып, туған елінің жағдайына 

алаңдаушылық білдірген ауған 

жастарының жанарында от, 

кеуделерінде намыс бар. Олар 

өз Отанының басқа елдерден 

теперіш көрмей, бейбіт өмір 

сүруін қалайды. Жырақта 

жүрсе де, жүрегі туған жер деп соғатын ауған жастары елдегі дағдарысты реттеуге 

барынша күш-жігерін салатындығын анық байқатты.

Кездесу барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім 

алып жүрген, студенттер үйлерінде тұратын ауған жастарың көшбасшысы, Сәулет-

құрылыс факультетінің студенті Карими Эхсанулланы сөзге тартқан болатынбыз.




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал