№20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6

А. МҰСАБЕКОВА 

7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

«Астана аруы-2015» 

Аудитория

«Астана аруы–2015» ұлттық 

арулар байқауының финалы өтті. 

Университетіміздің көлік-энергетика 

факультетінің 5В073200 - «Стандарттау, 

сертификаттау және метрология» 

мамандығының 4-курс студенті Бану 

Қадырханова сұлулар байқауына қатысып, 

«Астана аруы-2015» байқауының бірінші 

вице-аруы титулына ие болды.

Бану Қадырханова кафедраның, 

факультет пен университеттің ғылыми 

және қоғамдық өміріне белсене араласып, 

бимен шұғылданумен қатар төрт бірдей 

шетел тілін меңгереді. 2014-2015 

оқу жылында Бану Отто фон Герике 

Магдебург университетінде (Магдебург 

қ., Германия) академиялық ұтқырлық 

бағдарламасы бойынша білім алып қайтты.  

Еуразия ұлттық университетінің 

ұжымы Бану Қадырханованы жеңісімен 

құттықтай отырып, Астана қаласында 10 

желтоқсанда өтетін «Қазақстан аруы» 

байқауында сәттілік тілейді!



Вице-ару атанды

Жуырда ҚР еңбек сіңірген әртісі, 

профессор,  Кенжеғали Мыржықбай ЕҰУ 

журналистика және саясаттану факультетінің 

студенттерімен кездесу өткізді.  Өзімен бірге 

қазақтың сағындырған әндері мен шетел 

композиторларының шығармаларын арқалап 

келіп, баршамызды ән әлеміне саяхат жасатты.

Кездесуді “Дудар-ай”  әнімен бастап, 

бәріміздің назарымызды бірден сахнаға 

аудартып алды. Жүректен шыққан жалынды 

әндер бойымызды тербеп, классика жанрының 

мәнін ұғындырды.

Игі шараның мақсаты бүгінгі ұрпақтың 

жадында әнге деген құрметті  арттыру  екендігі 

айтпай-ақ көрініп тұрды. Өзінің жүрек 

түбіндегі сырын қозғап,  біздей студенттерге 

шуағын шашып,  кездесу ұйымдастырған 

Кенжеғали Мыржықбайға шын жүректен 

алғысымыз шексіз.  Өмірде қажымас қайрат, 

денінің саулығын,  басының амандығын 

тілейміз!

Сонымен қатар студенттерге белгілі 

тұлғалармен кездесуге мүмкіндік беріп, 

қуаныш сыйлап жүрген Журналистика және 

саясаттану факультетінің деканы Қайрат 

Саққа,  деканның орынбасары Гүлжауһар 

Болатоваға ерекше алғысымызды білдіреміз!



Шынар МҰРАТХАН,

журналистика және саясаттану 

факультетінің 1 курс студенті

Әнімен тербетті

Радио мен көгілдір экраннан хабар 

таратып,  баспасөз басылымдарында 

қызмет атқарып, танымал боламын де-

ген  асқақ арманмен  еліміздің түпкір-

түпкірінен жиналған  алпыс шақты 

студент «Журналистикаға кіріспе» 

пәнінен   алғаш рет  дәріс  алуға  келіп 

отырмыз. Аудиторияға кіріп келген ұзын 

бойлы, жанарынан нұр төгілген, сұр 

костюмді ағайды сонда отырғандардың 

бірі таныса, бірі танымады. Ол – қуатты 

қаламды, ұшқыр ойлы журналист 

 

Сауытбек Абдрахманұлы еді. 



Аудиторияда отырған студенттер 

үшін Сауытбек ағай журналистігінен 

бұрын өз уақытын аямай, өзгенің 

бақытын аялаған ұстаз бола білді. 

Сөйлегенде адамды өзіне еріксіз 

баурап алатын, жүрегіне нұрлы әлемді 

сыйғызған ұстазымыз журналистің 

бұқара халықтың мұңын шағып, жоғын 

жоқтап қана қоймай, билік басындағы 

шенеуніктер, ел жағдайы, экономика, 

саясат – барлығын дерлік бір мезетте 

қамту қажеттігін ұғындырды.

Алғашқы дәрісінде-ақ  Генрих 

Аверяновичтың:  «Өмір адамға бір-ақ 

рет беріледі. Сол өмірде адам өзінің 

мамандығын әрі кеткенде үш-төрт 

рет қана ауыстыра алады. Әдетте 

мамандық ауыстырылмайды да. Өмірде 

бірнеше мамандық иесінің өмірін 

сүруге мүмкіндік бере алатын екі ғана 

мамандық бар. Оның бірі – актерлік 

өнер. Екіншісі – журналист кәсібі..» 

деген сөзімен журналистиканың басқа 

мамандықтардан артықшылығын  осы 

жолға түскен әрбір жасқа дөп басып 

көрсетті. 

Сондай-ақ, тағы бір дәрісінде ол: 

«Журналист кәсібін таңдау арқылы 

сіздер өз өмірлеріңізді мәнді де 

мағыналы етудің нақты мүмкіндігіне ие 

болып отырсыздар. Сіздер журналист 

болып жұмыс істеу арқылы саясаткер, 

экономист, актер, құрылысшы, 

спортшы, заңгер, инженер болып 

ойлай аласыздар, солардың ішкі жан 

әлеміне ену арқылы өздеріңіз де белгілі 

бір дәрежеде олардың өмірін сүре 

аласыздар»  деген еді.

«Адамның адамшылдығы жақсы 

ұстаздан», – дейді ұлы Абай. Расында 

да, білім мен тәрбиенің ұрығын 

шашқан, адамгершіліктің нұрын төккен 

ұстазымыздан көп нәрсені бойға сіңіріп, 

ойға түйдік.



Маржан НҰРТАЗИНА,

 журналистика және саясаттану 

факультетінің 2-курс студенті

БІЗДІҢ 

ҰСТАЗ

Любое государство обязательно 

смотрит в будущее, ставит перед 

собой цели и задачи на определенный 

период. Наша страна не исключение. 

Стратегия «Казахстан-2050» 

звучит на сегодняшний день из 

каждого утюга. В условиях рыночной 

экономики необходимо трудиться, 

а не ждать чуда. Мы не можем 

вечно ссылаться на молодость 

нашей республики и прощать 

проступки государству. Чтобы 

войти в 30-ку высокоразвитых 

стран нам приходится работать в 

высококонкурентной среде и это 

нормально. Президент Нурсултан 

Назарбаев отметил: «Наш путь в 

будущее связан с созданием новых 

возможностей для раскрытия 

потенциала казахстанцев. Развитая 

страна в ХХI веке – это активные, 

образованные и здоровые граждане». 

Стратегия 2050-программа 

действия молодых

Очевидно, что данная стратегия 

направлена на улучшение жизни в 

стране, рост экономики, культуры 

и так далее. Какую роль во всем 

этом играет молодое поколение? 

Одну из самых важных. К примеру, 

Президент ставит задачу развития 

трехъязычия в стране. Если 

сегодня школы будут выпускать 

детей, знающих казахский, русский 

и английский языки- то будет еще 

один повод гордиться страной. 

Но данность такова, что есть даже 

казахи, не знающие свой родной язык. 

До тех пор, пока наш государственный 

язык будет находиться в таком 

плачевном состоянии, то необходимо 

попридержать коней, а то получается, 

что скачем галопом по Европе.

К 2050 году мы обязательно 

должны войти в 30-ку самых развитых 

стран. Стремление к лидерству, 

здоровая конкуренция, это, конечно, 

всегда хорошо, но пока 120 из 255 

врачей не могут пройти аттестацию, 

профессионалы не замечают 

пролежни у привязанного к колыбели 

малыша, мы никогда не сможем с 

чистой совестью утверждать, что мы 

на порядок выше остальных.

«Первым делом, первым делом» 

…экономика

Все общественные отношения, 

будь то религия, политика, право- 

все определяется экономикой. 

«Внедрение наукоёмкой модели 

экономики преследует цель увеличить 

до 70 процентов долю несырьевой 

продукции в казахстанском 

экспортном потенциале». 

Такого рода модель экономики 

в развитых странах не появилась 

из ниоткуда, она формировалась в 

течении определенного времени. 

Новые технологии, инновации стали 

причиной завоевания ими новых 

рынков. В пример Казахстану часто 

приводится Сингапур. У этой страны 

даже полезных ископаемых нет, ее 

сила в трудолюбивом народе. И, 

вправду, есть чему поучиться.

Но, с другой стороны, процесс 

повышения условий жизни в любой 

стране не может быть быстрым, 

это требует усилий и терпения. 

Перечислять то, что уже сделано 

за период принятия стратегии 

«Казахстан-2050» можно долго, 

это и формирование корпуса 

«А» из высокопоставленных 

государственных служащих, и 

образовательные программы, но 

скажу только, что сделано немало. Но 

этого недостаточно. 

То, что ничего не бывает 

идеального - уже аксиома. И через 

50, 100 лет у нас не будет на сто 

процентов правильного государства, 

но следующее поколение должно 

жить в лучшем мире, о котором мы 

мечтаем. 



Айгюзель КАДИР,

студентка  З курса факультета 

журналиститки и политологии

лемі


туденттер

Планы на будущее: 

стратегия «Казахстан–2050»

"

Еуразия университеті" газетінің студент-жастарға арналған қосымшасы

с

ә

№ 1 (1)



8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Үш жылға бергісіз

Әсем әуен сахнаны тербеді

Бала кезімнен кітапқа құмар 

әкеммен жеке кітапхана жинауға 

әуес  едік. Бірде кітап дүкенінде 

атауы көзіме оттай басылған бір 

кітапты байқадым. «Махаббат 

қызық  мол жылдар» екен. Осыны 

алып оқиын деп едім, әкем рұқсат 

етпеді: «Қызым, бұл кітапты 

студент болған кезіңде оқисың» 

деді де, менің қызығушылығымды 

басу үшін қабағын бір түйді де 

қойды.

Бола шағын 



журна­

листикамен байлаған студент 

болдым. Алғашқы оқу күні 

журналистика үшін бар өмірін 

арнаған Намазалы атамыздың: 

«Бірінші курсқа келгенде бәрі 

ақын боп келеді, екінші курста 

ақындар арасынан прозашылдар 

бөлініп шығады» деген сөзін 

естіп, жымиғаным есімде. 

Маңыздысы ол емес, маңыздысы 

– енді қалаған кітабымды оқуға 

болатынымда. Бірден кітапханадан 

сол қызықтырған кітапты алдым 

да, ақырын леппен оқи бастадым. 

Түрлі күй кештім, дегенмен ұнады. 

Әсіресе, алғашқы көзқарастар мен 

сезімдер кезі. 

Бәрімізге де сол романның 

алғашқы бөлімдері көңілімізге 

таныс. Бір дәріске барлық «поток» 

жиналған кезде, студенттердің 

жан­дүниесі шарықтау шегіне 

жететін. Әділеттілік үшін бұл оқиға 

желісін сері жігіт пен сыршыл қыз 

сезімдеріне тоқтала баяндайық.

Жігіттер алғашқы күні жан­

жақтылығын көрсетуге тыры­

сып, ортаға тез сіңісу үшін 

қалжыңдатып қояды. Әйтсе де, 

көзі шетте ұялып тұрған әдемілікке 

түседі. Алғашқы ынтық сезім осы 

жерден басталады. Жігітті «хат 

жазу» деген азаптан бұл жолы 

«әлеуметтік желі» құтқарады. 

Сезімдерін білдірмес үшін, 

алдымен, барлық таныстарымен 

желі арқылы достасады, тек содан 

соң, ойдан шықпаған қызға жазады. 

Сыпайылық үшін танысады, 

біліседі. Ақырындап, өлең 

шумақтарын арнайды. Бірақ батыл 

қадам жасауға кедергі тек күдік 

болады. Күдікті тудырушы – қыз.

Қыз баланың жан­дүниесі 

танысу сәттері үшін қатты 

тебіренеді. Қай көйлегін 

киерін білместен, шашын қалай 

сәндейтініне қиналып, түн ұйқысын 

қашырады. Таңертен ерте тұрып, 

барынша дайындалып, жолға 

ертерек шығады. Алғашқы күннен­

ақ құрбысы болатын қызбен 

танысып, арасында ақырын ғана 

екеуі күлімдесіп қояды. Өзіңе таныс 

емес болашақ группаластарының 

бір көзбен сүзіп шыққаны – қыздың 

бетін қызартып, ұялдырып қояды. 

Көзінің қиығымен қараған жігіттің 

көңілін қыз бірден біледі.

Одан әрі бұл таныстық жалғасы 

әрқалай дамиды: біреулері сүйген 

жұп болады, біреулері ұялғаннан 

ұзақ уақыт сөйлеспей, кейіннен 

дос болып кетеді, ал кейбіреулер 

сезімдерін тұншықтырады. 

Қалай болса да, әрдайым сол бір 

алғашқы ыстық сезімдер әрбір 

студенттің махаббат қызық мол 

жылдарын өмірінің аяғына дейін 

жүректерінің түбінде сақтауына 

себеп болады. Махаббат мектебі 

болмақ студенттік кезді аялап 

өтуіміз болашақ өмірдің мәнін 

ашпақ, болашақ бақытымыз – өз 

қолымызда. 



Салтанат Әліпбекова 

 ҚЖ-11 тобы

Өзге емес өзім айтам..

Алғашқы  

 сезім   мекені

Түрлі  салада  жетістікке 

жеткен  азаматтармен,  елге 

белгілі  тұлғалармен,  өнер 

иелерімен  кездесулер    өт­

кізуді  дәстүрге  айналдырған 

ЕҰУ студенттері  бұл  жолы 

әнші  Мөлдір  Әуелбекованы 

шақырды.  Мөлдірдің  жас­

тарды  қазақы  әндерімен 

сусындатып, өміріндегі, өнер 

әлеміндегі  жаңалықтарымен 

бөлісуіне  оқу  орнымыздың 

«Алтын белгі  иегерлері» 

қауымдастығы 

ұйытқы 


болды. 

Қызықты 


кездесудің 

шымылдығын универ ситеттің 

Сұрақтарға 

жауап 


беру барысында 

Мөлдір  өзінің  жақында 

ғана Астана қаласына 

қоныс 


аударғанынан, 

осында «Қазақстан» 

ұлттық 

арнасындағы 



«Таңшолпан» бағ­

дарламасының 

жүр­

гізушісі  болып  жұмысқа 



орналасқанынан 

ха­


бардар етті. Ең   қызығы,   

енді  ол  біздің  білім 

шаңырағымызға 

жиі 


келіп, 

студенттерге 

«Сахна  тілі», «Сахна 

мәдениеті» өнері 

бойынша 

тренингтер 

өткізуді 

жоспарлап 

жүр  екен.  Сонымен  қатар 

жақында  тұрмысқа  шығып, 

үлкен тойдың болатындығын 

да жасырып қалмады. 

Кештің 

келесі 


бөл­

і    мін де 

студенттер де 

өз 


көкейлеріндегі 

түр­


лі  сауалдарға  жауап  тап­

ты. Осы кездесудің  ар­

қа  сында 

кей 


өнерлі 

жастардың «армандары» 

 

да орындалды. 



Мөлдір 

Әуелбековамен дуэт айтуды 

мақсат  тұтқан «Е­студио» 

продюсерлік  орталығының  

әншісі  Ақмарал  Айтбай 

«Домбыра  туралы баллада» 

әнін 

Мөлдірмен 



бірге 

шырқады.  Салтанат  есімді 

студент те «Дудар ай» 

әнін  кеш  қонағымен дуэт 

болып  айтты.  Жас  ақын, 

тарих факультетінің студенті 

Бексұлтан  Бекпатша  өзінің 

арнау  өлеңін  оқыса,  Мөлдір 

көпшіліктің сұрауымен халық 

әні «Әдемі  қызды» әуелете 

шырқап берді. 

Жадыра  Қожахметова, 

ЖжСФ 3-курс студенті: 

­  Бүгін мен университет 

қабырғасында  өтіп  жатқан 

әдемі  кештің  куәсі  болдым. 

Құлақтан 

кіріп 


бойды 

алған  қазақи  нақыштағы 

әндер  орындалды.  Жал­

пы  менің  ойымша,  Мөл дір 

Әуелбекованың 

студент­


термен сырласуы өзіндік бір 

тәрбие,  болашаққа  сенім. 

Ол  өзіміздің  қазақ  тілінде 

еркін  сөйлеп,  ұлттық  тәрбие 

туралы  көп  сөз  қозғады. 

Қоғамда  дәл осы жағынан 

осал  болып бара жатқан 

жастарға, 

ұлттық 

салт­


дәстүрлерімізді 

сақтауға 

шақырды. 

Мен бұл 


кездесуге 

барарда  өзіме де  мақсат 

қойып  барғанмын.  Сондағы 

мақсат  қазақтың «Әдемі 

қыз» әнін дәл осы орындауда, 

жанды  дауыста  есту  еді. 

Кештің 

шымылдығын, 



кештегі  ең  бірінші  әнін 

Мөлдір осы «Әдемі қыздан» 

бастады...  Сөйтіп, «Әдемі 

қызбен»  әсем  дауысты 

әншімен  әсерлі  әрі  көңілді 

өткен кездесу естелік суретке 

түсумен аяқталды.

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ, 

Руслан ЖҰБАНЫШ,

Аяжан ЖҰБАНЫШЕВА,

журналистика және 

саясаттану факультетінің

студенттері

«Жас  Өркен»  ұжымы 

«Ақ  желкен»  журналы  мен 

«Ұлан»  газетінің  барлық жас 

тілшілері  үшін рухани әулет 

болып саналады. Мен де  осы 

рухани әулеттен өсіп­өнген жас 

тілшілердің бірімін. 2013 жылы 

«Ақ желкен» журналының жас 

тілшісі  атанып, төбем  көкке 

бір елі жетпей қалған болатын. 

Содан бері рухани  әулетпен 

жүздесетін күнді асыға  күтіп 

жүрдім. Тілегім орындалып, 

университетте жүргенімде 

«Ақ желкен» журналының 90 

жылдығы, «Ұлан» газетінің 

85 жылдық мерейтойларына 

Алматыға шақырту қағазын 

алдым.


Алматыға келіп, киелі білім 

ордасы – Әл­Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің 

№15 Студенттер үйіне, яғни 

журналистер жатақханасына 

орналастық. Бірімізден соң 

біріміз келген біздер үшін бір­

бірімізді көріп, жүздесуіміздің 

өзі үлкен мереке болды. Ал 

мерейтойдың алғашқы күнінде 

жас тілшілердің барлығы 

«Баспалар үйіне» барып, 

аталмыш газет­журналдардың 

редакцияларын аралап шықтық. 

Редакцияларды аралап, ішкі 

аурасымен танысқаннан соң, 

«Жас Өркен» ЖШС бас 

директоры Жүсіпбек Қорғасбек 

республикамыздың түкпір­

түкпірінен жиналған «Ақ 

желкен» мен «Ұланның» 

70­ке жуық жас тілшілеріне 

«Марапаттау» қағаздары мен 

«Ақ желкен», «Ұлан» және 

«Жас Өркен» деп арнайы 

басылған қойын дәптерлерді 

сыйға тартты.  Одан әрі 

мерейтой Алматы қаласындағы 

Ұлттық кітапханада өз жалғасын 

тапты.


«Біз де бала болғанбыз» 

атты мерекелік кешке 

зиялы қауым өкілдері, 

мектеп директорлары мен 

орынбасарлары, республиканың 

әр қиырынан жас тілшілер 

қатысты. Кеште «Ақ желкен» 

мен «Ұланның» жас тілшілері 

Алпамыс Файзолла, Думан 

Смақов, Мейіржан Жылқыбай, 

Елдос Тоқтарбай сынды жас 

ақындардың шығармашылығы 

жинақталған «Ақ желкеннің 

ұландары» атты кітаптың тұсауы 

кесілді. Кітаптың тұсауын белгілі 

драматург Дулат Исабеков пен 

жазушы Заря Жұманова кесіп, 

жас ақындарға ақ жол тіледі.

Жас тілшілер белгілі 

ақын­жазушыларға 

өздерін 

толғандырып жүрген 

сұрақтарын жолдап, тұшымды 

жауаптарын алды. Екі сағатқа 

созылған мерекелік кеш барлық 

жас тілшілерге үлкен әсер 

қалдырып, «біз де осы аға­

әпкелер сынды болсақ қой» 

деген арманымызды асқақтатты. 

Ал келесі күні мерейтойды 

жас ақындардың поэтикалық 

кеші жалғастырды. Әл­Фараби 

лемі

туденттер



с

ә

Әлеуметтік­мәдени даму ісі 



жөніндегі проректоры Дихан 

Қамзабекұлы  түріп,  кеш 

қонағына  басшылық  атынан 

сыйлық табыстады. 

Жүргізуші 

Мағжан 


Ендібай  әншіге  туған  жері, 

өскен 


өлкесі, 

отбасына 

қатысты  түрлі  сұрақтар 

қойып,  астарлы,  жарасымды 

әзілдермен  кештің  көркін 

қыздырды. 



9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Ұлы Дала ұланы



ӨМІРДЕ ПЕРЗЕНТКЕ 

НЕ ЖЕТЕДІ?!  ...

Жастар шығармашылығы

Саясаттанушылар 

тынысы

атындағы Қа

 

зақ ұлттық 



университетінің І курс 

студенттері тамаша 

қойылым қойып, 

көтеріңкі көңіл-күй 

сый лады.

Поэтикалық кеш-

тен соң «Ақ жел кен» 

мен «Ұлан ның» қыз-

мет керлерімен 

бір    ге 

Алматы ның  Арбатын 

ара лап шықтық. «Әлия 

мен Мәншүктің» 

ескерткішінің жаны-

на барып, фотосуретке 

түстік. Кейін Ғабит 

Мүсірепов атындағы 

драма театрға барып,  ақын, 

драматург Иран-Ғайыптың 

«Естайдың Қорланы» атты 

махаббатнамасы, сезімдерін 

өмір бойы аялай білген қос 

мұңлық Естай мен Қорлан 

жайындағы қойылым-дастанды 

тамашаладық. 

Міне, дәл осылайша біз үш 

күніміздің қалайша тез өтіп 

кеткендігін де аңғармай қалдық. 

Бір-бірімізге бауыр басып 

қалғанымыз сонша, қоштасар 

сәтте әрқайсысымыздың 

жүзімізде қимастықтың бір 

нышаны анық сезіліп тұрды.  

Әзиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,

журналистика және 

саясаттану факультетінің

 1-курс студенті          

Адамның бір қызығы бала деген. Өмір деген 

өте қызық. Біреу ғұмыр бойы сәби сүйе алмай 

зар. Ал енді біреу нәрестеден  безіп әлек. Ал 

енді біреудің не әкесі жоқ, не шешесі жоқ. Осы 

тақырыпта жазсам деген ой іштей толғандырып, 

көптен мені мазалап жүр еді. Соның сәті де келген 

секілді.


Елімізде балалықтың базарын сезінбей, шын 

қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған 

сәбилер көбейіп барады. Иә, бізде жетім балалар 

саны көп. Жетім! Бұл жайлы жиі ойланатын 

болып жүрмін. «Жетім көрсең жебей жүр» деп 

атам қазақ айтпақшы, бүгінде елімізде тағдыр 

тәлкегіне ұшыраған бүлдіршіндер жеткілікті. Бұл 

өмірде әрбір адамның маңдайына жазылған тағдыр 

әртүрлі. Бірақ соған қарамастан бәрі де бақытты 

болғысы келеді. Әсіресе ата-ана қамқорлығынан 

айырылған, әке мен ана мейіріміне аса зәру балалар. 

Олар үшін анасының «айналайын» не әкесінің 

«құлыным» деген сөзіне ештеңе де жетпейді. Дана 

халқымыз сан ғасырдан бері  «Адамның бақыты – 

балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына 

бар өмірін арнап, жиған-тергенін балаларының 

жолына берген. Біздің ата-бабамыз ежелден 

ұрпақ мәселесіне көп көңіл бөлген. Қазақ халқы 

ертеде жетім қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген 

халық. Кез келген адам үшін баға жетпес бақыты  

– ұрпағының жалғасын тапқаны. Алайда бүгінде 

адам азған ба, не заман азған ба? Білмеймін. Бірақ 

осы шақта баласын жетімдер үйіне беріп, не тастап 

кететін ата-аналар көбейіп бара жатыр. Осы 

тастанды баланың жазығы қандай?

Бұл өмірде ананың ақ сүті мен әкенің алтын 

жүрегіне жететін не бар? Олардың мейірлене 

айтқан «Айналайын, ботам, балапаным» деген 

жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп бар 

бақытты сыйлайды емес пе?! Ананың ыстық 

алақанына, әкенің қамқорлығына ештеңе де тең 

келмейді. Ал осы ыстық алақан мен қамқорлықты 

сезінбей өскен баладан біз ертең қандай 

мейірімділікті, ізгілікті күтеміз.

Мен неге бұл тақырыпты өзім үшін өзекті 

тақырып қылып отырмын. Қазақта: «Әке – асқар 

тау» деген ұғым бар. Менің өмірімде жетіспейтіні 

осы асқар тау. Мен әкемнен бес жасымда 

айырылдым, інім сол кезде бір жаста болатын. Әкем 

қызмет бабымен жол апатынан дүние салды. «Әке» 

деген құрметті де құдіретті сөзді естігенімде  көз 

алдыма бұлдырап сол асқар таудың сілемі – әкемнің 

бейнесі тұра қалады. Әке мен бала арасындағы 

махаббат көзге көрінбес байланыс – алтын көпір 

секілді. Әкеге деген перзенттің ақ көңілі мен 

махаббатын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін 

емес. Кейбір сәтте әкеңнің жоқтығы білінген кезде 

қиналатын сәттер болады. Мысалы, қарапайым 

мектепке алғаш барған күнім. Барлық бала әкесімен, 

жалғыз сен әкесіз секілдісің. Бірақ ол олай емес. 

Себебі, менің есейе келе түсінгенім: менің тек 

әкем жоқ. Ал бұл өмірде әкесі мен қатар анасы жоқ 

бүлдіршіндер қаншама, сол әкесімен анасы бар 

бола тұра,  ата-анасын көре алмай жүрген тастанды 

бала қаншама.

Міне мұның бәрі біздің қоғамдағы ащы 

шындық. Мен бұл мақаламмен қазіргі тастанды 

балалардың ата-анасына үн қатқым келді. 

Мен әкемді Алла тағаланың жазуымен көре 

алмаудамын, ал сіздер болсаңыздар бұл фәни 

дүниеде балаларыңызбен бірге бір елде, бір жерде 

өмір сүріп, оларды бақытынан айырудасыздар. 

Сіздер тастаған баланың тағдыры ертең не болмақ. 

Қазірден бастап ойланыңыздар. Бұл бала сіздердің 

қандарыңыз, сіздердің ұрпақтарыңыз. Бауыр ет 

балаларыңыздың көз жасына қалмаңыздар. Әлі 

де кеш емес. Сондықтан кеткен қателікті әлі де 

жөндеуге болатынын ұмытпаңыздар!

 


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 0.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет