№20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№ 20-21 (201-202),  

қараша, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

ЕЛТҰЛҒА САБАҚТАСТЫҒЫ



(Басы. Соңы 3-бетте)

1. 


Мырзатай Жолдасбекұлы ЖОЛДАСБЕКОВ, мемлекет 

және қоғам қайраткері, ф.ғ.д., профессор:  «Тәуелсіздік 

тағылымы». ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясы (№208).  

26.11.2015. Сағ. 11.00. 

2. 

Алтынбек Әмірұлы  ШӘРІПБАЙ,  ҚР Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты, т.ғ.д., профессор: «Мемлекеттік тіл және 

ақпараттық технологиялар: бүгіні мен ертеңі». Университет 

кітапханасының Мәжіліс залы (№104). 26.11.2015. Сағ. 15.00.

3. 

Болат Ешмұхамбетұлы КӨМЕКОВ, ҚР ҰҒА академигі, 

т.ғ.д., профессор, қыпшақтанушы: «Біз – Ұлы Дала еліміз».  

Университет кітапханасының Мәжіліс залы (№104).  27.11.2015.  

Сағ. 11.00.

4. 

Жандарбек МӘЛІБЕКҰЛЫ,  ҚР Мемлекеттік Елтаңба 

 

авторы, профессор: «Тәуелсіздік рәміздері және сәулет өнері». 



Университет кітапханасының Мәжіліс залы (№104).  27.11.2015.  

Сағ. 15.00.

5.

  Ғарифолла ЕСІМ,  ҚР   ҰҒА   академигі, ф.ғ.д., профессор: 

«Елбасы және жастар». Университет кітапханасының Мәжіліс 

залы (№104). 30.11.2015. Сағ. 11.00.

6. 


Мырзагелді  КЕМЕЛ,  э.ғ.д., профессор, қоғам қайраткері: 

«Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік». Университет 

кітапханасының Мәжіліс залы (№104). 30.11.2015.  Сағ.15.00.

7. 


Рахметқажы Іскендірұлы БЕРСІМБАЙ, ҚР ҰҒА академигі, 

б.ғ.д., профессор: «Молекулалық медицинаның қазіргі 

жетістіктері». Университет кітапханасының Мәжіліс залы 

(№104). 02.12.2015. Сағ. 11.00.

8. 

Нәубат Қалиұлы ҚАЛИЕВ, с.ғ.д., профессор, қоғам 

қайраткері: Тәуелсіздік – қазақ мемлекеті дамуының тұғыры». 

Университет кітапханасының Мәжіліс залы (№104). 02.12.2015. 

Сағ. 14.00.

9. 

Жабайхан Мүбәракұлы ӘБДІЛДИН,  ҚР ҰҒА  академигі, 

ф.ғ.д., профессор:  «Первый Президент и решение 

судьбоносных проблем независимого Казахстана». Университет 

кітапханасының Мәжіліс залы (№104).  02.12.2015. Сағ. 16.00.

10. 

Сейіт Асқарұлы ҚАСҚАБАСОВ,  ҚР  ҰҒА академигі, ф.ғ.д., 

профессор, әдебиеттанушы:  «Ұлттық руханият мәселелері». 

Университет кітапханасының Мәжіліс залы (№104). 03.12.2015. 

Сағ. 11.00.

11. 

Серік Нығметоллаұлы НЕГИМОВ,  ф.ғ.д., профессор: 

«Мәңгілік Ел» идеясы,  Университет кітапханасының Мәжіліс 

залы (№104).  03.12.2015. Сағ. 15.00.

12. 


Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ, т.ғ.д., профессор «Ұлы 

Дала тарихы және Тәуелсіздік».  Университет  кітапханасының  

Мәжіліс залы (№104).  04.12.2015.  Сағ. 11.00.

ҚҰЛАҒЫҢЫЗ ТҮРІК ЖҮРСІН!

«Тәуелсіздік және Ұлы Дала құндылықтары» атты 

тақырыпта өтетін дәстүрлі «Елдік дәрістері»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 

Республикасының Президенті 

лауазымына кірісу рәсімінде: 

«Президент сайлауы Қазақстан 

халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге 

паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел 

келешекке сенімін танытты. Мәңгілік 

Елдің мызғымас ұстындарына адалдығын 

көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа 

қадам басқан Қазақстанның таңдауы!" – 

деп тебірене сөзін бастаған еді.

Иә, ғасырлар тоғысында Қазақ 

мемлекеттілігінің тәуелсіз, еркін 

туы қайта желбіреп, «бәйтеректей» 

шаңырағы биіктеп, сол бәйтеректің 

бұтақтары секілді берік уықтары да 

шаншылды. Бір кезде, орта ғасырларда 

қазақ мемлекеттілігінің бастауын 

қалаған, сол кездегі алып империялармен 

иық тірескен Түрік қағанаты Күлтегін 

бітіктасына «Мәңгі Ел» мемлекеттік 

идеологиясын халқына саяси манифест, 

үндеу ретінде жариялаған еді.  «Осы 

құндылықтарға адалдық біздің Мәңгілік 

Ел – ғасырларға ұласатын күшті де тиімді 

мемлекет құру туралы арманымызды 

жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – 

деп, Елбасы өзінің бесінші президенттік 

сайлаудағы жеңісіне арналған ұлықтауда 

қуаттай түсті.

Ал осы егеменді мемлекеттің 

бастапқы қиын-қыстау кезеңінен бастап, 

бүгінгі өркендеген Қазақстанға әлемдік 

өркениеттілік кеңістігіне кіретін үлкен 

тарихи жолдың көшбасшы тұлғасы 

кім десек – әрине, кеше ғана бесінші 

президенттік сайлауда жеңіске жеткен 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

өзі.  Елбасының ант беру рәсімінен 



Құрметті оқырман қауым, 

бүгін «Еуразия университеті» 

газеті «Студенттер әлемі» 

деген атпен студент-

жастарға арналған қосымшаны 

назарларыңызға ұсынып отыр. 

Қосымшада студенттердің 

күнделікті тыныс-тіршілігі, білім, 

ғылым, спортпен шұғылдануы, 

шығармашылықпен айналысуы 

жан-жақты қамтылатын болады. 

«Студенттер әлемінің» 

алдағы уақытта үзбей жиі шығып 

тұруы профессор-оқытушылар 

мен сала қызметкерлерінің, 

студент-жастардың белсенділігіне 

тікелей байланысты болмақ.

Олай болса іске сәт, жазар мол 

болсын!

«Студенттер әлемімен» 

газеттің 7, 8, 9, 10 беттерінен 

оқып, таныса аласыздар.

Анонс!


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Испанияда оқитын студенттер 

саны артатын болады

Келісімге  қол қойды  

Жаңа мүшелер қабылданды



Форум

«Нұр» филиалында

Дәстүрлі кездесу жалғасын тапты

Биыл мектеп бітірген 4 100 жас Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетін таңдап,  бірінші курс студенті 

атанса, олардың 444-і «Алтын белгі» иегерлері.  Университет 

ректоры Ерлан Сыдықов сол «Алтын белгі» иегерлерімен 

кездесті. Дәстүрлі кездесуге факультет декандары мен кафедра 

меңгерушілері, ұстаз-ғалымдар мен бірінші курс студенттері 

қатысты. 

Кездесу ашық форматта өтті: Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА 

академигі Ерлан Сыдықов оқу орнының бүгіні мен болашағы және 

студенттердің келешегі жайлы кеңінен әңгімеледі. Университет 

ғылыми-зерттеу орталығына айналып келе жатқанын, сондықтан 

жастардың ғылымға шындап бет бұру қажеттігін шетелге барған 

сапарымен байланыстыра отырып айтып берді.

«Бүгінгі кездесу ерекше құнды кездесу, себебі жауапкершілігі 

мол, бақытты жас ұрпақтың қаймағы жиналып отыр», – деді Ерлан 

Бәтташұлы. Сонымен қатар елдегі бірлік, тұрақтылық жайына тоқтала 

келіп, қазір шетелдің жоғары оқу орындары Қазақстанның білім және 

ғылымымен санасатынын, оны шетелде «Болашақ» бағдарламасымен 

оқып жатқан жастарымыз дәлелдеп жатқанын жеткізді. Бұл ойды 

академик Сейіт Қасқабасов жалғастыра түсті: ғылымсыз дамудың 

болмайтындығын тілге тиек еткен Сейіт Асқарұлы Еуразия ұлттық 

университетіндегі Жабайхан Әбділдин, Болат Көмеков, Мұхтарбай 

Өтелбаев, Рахметқажы Берсімбай секілді академиктердің ғылым 

жолындағы еңбектерін мысалға келтірді. 

Кездесуде «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орны басшысына 

өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды жауап 

алса, енді бірі ЕҰУ-ді не үшін таңдағандықтарын жеткізіп, арнау 

өлеңдерін оқыды. 

Сондай-ақ, кездесуде студенттік өмірдің әлеуметтік жағдайы 

мен білім сапасы да сөз болмай қалған жоқ, шешімін күткен кейбір 

мәселелерді де бірлесе шешуге уағдаласты. 

Басқосу соңында «Алтын белгі» қауымдастығының төрағасы 

Мақсат Тәліпбаев  сонау 1973 жылы орта мектепті алтын медальға 

бітірген кешегі түлек, бүгінгі ректор Ерлан Бәтташұлына өнерлі 

студенттің қолынан шыққан Мөлдір қыздың мөлдірете салған 

картинасын сыйға тартты. Ерекше кездесу  естелік-суретке түсумен 

аяқталды.



«Алтын белгі»

Өзара ынтымақтастық

Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның 40-

тан астам ЖОО өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Британ 

ректорларының форумы өтті. Форумның басты мақсаты екі ел 

арасындағы ғылым-білім саласында бірлескен ынтымақтастық 

векторын анықтап, байланыс орнату болып табылды. 

Келіссөздер нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан  Сыдықов University Cambridge, 

University of Sussex, Coventry University сынды ЖОО-лармен 

ынтымақтастық,  достық  және  өзара  түсіністік  туралы  келісімге  қол 

қойды.   

Ұзақ  жылдар  бойы University of Sussex және Cambridge 

профессорларымен  бірлесіп  ғылыми  жобалар  жасалынып, 

ынтымақтастық  етумен  қатар  жемісті  жұмыстар  жүргізіп  келе 

жатқан  белді  университеттермен  серіктес болу білім  ордамыз  үшін 

зор мәртебе.  Ал Coventry   Университеті  мен  ЕҰУ-ді     ТЕМПУС 

INNOLABS IN CENTRAL ASIA FOR A SUSTAINABLE 

CATALIZATIO OF INNOVATION INTHE KNOWLEDGE 

TRIANGLE  бағдарламасы  арқылы  бірлескен  ынтымақтастық 

байланыстырады.  Еске сала кетейік,  нәтижесінде  Инновациялық 

зертхана  ашуға  және  Үшбұрышты  білім беру қағидасын  жүзеге 

асыруға дайындық жүргізілген болатын.  

Форум жұмысы  барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Brunel 

және  Вулверхэмптон  сынды  жоғары  оқу  орындарымен  келіссөздер 

жүргізді.  Мұнымен  қоса, ЕҰУ әлемнің  белді  университеттерімен 

байланыстарды кеңейте отырып, достық және ынтымақтастық туралы 

Фако Университетімен (Faco Paris) келісім жасады. 

ЕҰУ-дің Ұлбыританиямен және Франциямен ынтымақтастық 

етуі ғылым-білім жолында интернационалдықты дамытуға жаңа 

мүмкіндіктер ашып, ЖОО беделін арттыруға зор септігін тигізері 

анық.


Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңес залында «Нұр Отан» партиясы Астана 

қаласындағы «Нұр» филиалының партиялық жиналысы өтті. Жиналыс «Нұр Отан» 

партиясы «Нұр» филиалының төрайымы Ж.Н. Нұрманбетованың қатысуымен өтті. 

Жәмилә Нүсіпжанқызы партия өкілдерін «Дипломат» бастауыш партия ұйымының 

республикалық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының ІІІ соңғы кезеңіне өтуімен 

құттықтады. 

Күн  тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша «Нұр» филиалы төрайымының бірінші 

орынбасары Асхат Оралов баяндама жасады. Асхат Оралов «Нұр» филиалының 2015 жылғы 

10 айдағы партияның ішкі жұмыстары жайында ақпарат берді. Бүгінгі күні «Нұр» филиалында 

сапалы құрамның жақсы динамикасы байқалып отыр, профессор-оқытушылар құрамының үлес 

салмағы артып келеді. Бұл насихаттық жұмыстардың жастар арасында ғана емес, аға буын өкілдері 

арасында да жүріп жатқандығын айқындайды.

Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары «Нұр» филиалында партиялық жобалар мен 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының  550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы 

мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай белсенді түрде жұмыстар 

жүргізіп, іс-шаралар ұйымдастырылып жатқандығын мәлімдеді. 

Партиялық жиналыстың соңында «Нұр» филиалының төрайымы Нұрманбетова Жәмилә 

Нүсіпжанқызы жаңа партия мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билеттер тапсырып, 

партияның белсенді мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады.

 Бұл жолы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушілері, 

ЕҰУ  халықаралық  ынтымақтастық департаментінің директоры, ведомствоның белсенді 

мүшелері, сонымен бірге партия туралы өлең жазып, өлеңін партия жиналысында оқып берген 

белгілі жазушы, композитор Қарақыстық Сланқожа Жұмабайұлы партия мүшелері болды. 

Партия жиналысының соңы «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалының 

төрайымымен бірге естелік суретке түсу рәсіміне ұласты.

Еуразия ұлттық уни-

верситетінің ректоры 

Ерлан Сыдықов Испа-

ния корольдігінің Қазақ-

стандағы Төтенше және 

Өкілетті елшісі Педро Хосе 

Серраномен кездесті.

Ерлан Сыдықов бас 

дипломатиялық  миссия 

өкілін жаңа қызметімен 

құттықтай келіп, жұмысына 

табыс тіледі. Ректор 

кездесуде Еуразия ұлт-

тық университеті мен 

Испанияның жоғары оқу 

орындары арасындағы 

ынтымақтастық жөнінде 

кеңінен әңгімелеп берді. 

ЕҰУ-де Руи Гонсалеса де 

Клавихо атындағы Испан 

тілі орталығы құрылғанын, 

соның нәтижесінде испан 

тілін үйренушілер саны 

жыл сайын артып, бүгінде 

олардың саны 200-ге 

жеткенін атап өтті. 

Одан бөлек Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің студенттері, 

магистранттары,  док торант-

тары мен оқытушылары  жыл 

сайын  Испанияның жетекші 

жоғары оқу орындары – 

Барселона, Мадрид, Кардоба 

университеттеріне ұзақ мер-

зім ге барып жатқанын айта 

келіп: 

– Біз алдағы уақытта 



өзара ынтымақтастықты 

одан әрі дамыта түсіп, 

ғылыми жобаларды да 

бірлесе атқаратын боламыз, 

– деді Ерлан Сыдықов. 

Өз кезегінде сөз алған 

дипломат ректор сөзін 

қуаттап, Испанияда «Бола-

шақ» бағдарламасы бой-

ын ша  оқитын  қазақ стан-

дық студенттердің санын 

арттыру қажеттігін, сон-

дай-ақ Қазақстан мен 

Испания арасындағы мәдени 

байланыстарды нығайту 

жайын қозғады.



Баспасөз қызметі

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Сатай   СЫЗДЫҚОВ,

Түріктану кафедрасының 

профессоры, Этносаралық 

қатынастар және

ҚХА толеранттығы 

Орталығының директоры

асыра отырып, Елбасы оның 

теориялық негіздемесін жасау 

үшін де көп еңбек етті. Еліміздің 

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын 

жария етуі соның бірден-

бір куәсі. Елбасы   ғылыми 

негізделген еңбектер жазып 

қана қоймай, оның іс жүзінде 

жүзеге асуын да қамтамасыз 

етті.  Бес институционалдық 

реформаны жүзеге асыруға 

байланысты ұсынған 100 нақты 

қадамын жариялады. 

«Ұлт Жоспары» деп 

атаған Елбасы белгілеген 

5 реформаның  біріншісі 

мемлекеттік қызмет жүйесін 

реформалау, онда қызметшілер 

азаматтар құқықтарын 

құрметтеп және олардың заңды 

мүдделеріне қызмет ететіндей 

мөлдір де тиімді модельді 

қалыптастырады. 

Қазіргі еліміздің, 

мемлекетіміздің күш-қуаты 

онда тұратын халықтар 

ынтымақтастығында, түрлі 

діндер мен конфессиялардың 

төзімділігі мен толеранттық 

қатынаста болуын қамтама-

сыз етуге байланысты.Осы 

мақсатты жүзеге асыру үшін 

Елбасы әп дегеннен өзінің бар 

күш-жігерін аямай терін төкті. 

1993 жылы 28 мамырда Елбасы 

Ордабасының ең шырқау 

тұсындағы Қарауылтөбенің 

басына шығып, тұңғыш рет 

тәуелсіз мемлекетіміздің туын 

көтеріп, «Береке басы – бірлік 

« атты тарихи баяндамасын 

жасады. Сол баяндамада 

тұратын халықтардың діни 

наным-сенімдері арасындағы 

төзімділікке, толеранттық 

қатынасқа да байланысты 

болып отыр. Бұл жағынан да 

ата-бабаларымыз үлкен өнеге, 

үлгі қалдырып кетті. Тек қана 

әуелгі ортағасырлық Қазақстан 

жерінде тәңірілік наным-

сенім,  пұтқа табынушылық, 

христиандық (несториан), 

буддалық,  манихейлік және 

ислам діндері өмір сүрді. 

Қазақ халқы этногенезінің 

қалыптасуында үлкен 

рөл атқаратын Хазар 

қағанаты діндер тоғысының 

өркениеттілік үлгісін жасады. 

Жоғарыда айтылғандар 

Елбасының жарлығымен 

бекітілген Қазақстан 

халықтары Ассмблеясының 

стратегиясында орын тепті. 

Кейінгі кезде пост-

кеңестік кейбір елдердегі 

саяси дағдарыстар   қазіргі 

Елбасымыздың ұстанған 

саясатының дұрыс екендігін 

айқын көрсетті. Қай қоғамда 

болмасын саяси өзгерістер 

экономиканың дамуымен 

негізделгенде ғана өз қойған 

мақсатына жете алады.

Ал  Елбасының экономика 

бірінші, одан кейін саясат 

ұстанымының өміршең 

екендігін өмірдің өзі дәлелдеп 

отыр.

Бүгінгі таңда «Ұлт 



жоспарының» үшінші ше-

шуші міндеті ретінде: 

«Қазақстандықтардың 

тұр   -


Қазақстан халықтарының 

Ассамблеясы құрылатындығы 

да алғаш рет осы Ордабасында 

жария етілді.

Бұл жолы да Елбасы 

Ұлт жоспарының төртінші 

буыны ретінде: «Біздің 

қоғамымыздың көптүрлілігі – 

біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз. 

Барлық азаматтар құқықтың 

бірдей көлемін пайдаланып, 

жауапкершіліктің бірдей 

жүгін арқалап және түрлі 

мүмкіндіктерге бірдей қол 

жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз 

неғұрлым қуатты және біртұтас 

бола отырып, тарихи тұрғыда 

көптеген тілдерден және 

мәдениеттерден қалыптасты. 

Қоғам бірлігі, елдің 

біртұтастығы қазіргі кезеңде 

белгілі дәрежеде ондағы 

мыс жағдайын жақ 

сарту. 


Бұл кең көлемде орта тапты 

құру үшін қағидатты түрде 

маңызды. Индустрияландыруға 

негізделген экономикалық 

өсімді қамтамасыз ету үшін 

біз түбегейлі құрылымдық 

реформаларды жүзеге 

асырамыз. Білім беру 

мен денсаулық сақтау – 

Экономикалық ынтымақтастық 

және даму ұйымына мүше 

елдердің стандарттарына 

бағдар ұстанатын болады. 

Қазіргі дағдарыс  тереңдеп, 

оның әлемді мықтап 

кеулегеніне қарамастан  кеше 

ғана өткен кеңейтілген үкімет 

отырысында Елбасы бұл жаңа 

мүмкіндіктер мен жаңарудың 

уақыты енді басталды деп 

жасампаз мақсат-міндеттерді 

алға қойды.

Елбасы Н.Назарбаевтың 

ұзақ жылдар бойы жүргізген 

сыртқы саясаты нәтижесінде 

ұзындығы 7 591 км. шекара 

мәселесі сәтті шешілді. Өз 

сөзімен айтқанда: «Тарихы-

мызда тұңғыш рет біз өзіміздің 

стратегиялық әріптесіміз 

Ресеймен заң жүзінде ресім-

делген мемлекеттік шека-

раға ие болдық».  Бұл – қазақ 

жері үшін қажымай талмай 

күрескен, «Шекара не кезең 

болар, не өзен болар» деп 

 

шаруашылықтың ыңғайына 



қарай табиғи факторлармен 

үйлесімді шеше білген ата-

бабаларымыздың аруағы бір 

аунап түскен кез болды.  

«Біз өзіміздің стра-

тегиялық әріптестеріміз 

– Ресеймен, Қытай 

Халық Республикасымен, 

АҚШ-пен, Еуропалық 

Одақ елдерімен, Ислам 

әлемімен ынтымақтастықты 

жалғастырамыз. Біз 

халықаралық ұйымдарда 

белсенді жұмыс істейтін 

боламыз. Орталық Азиядағы 

көшбасшы ретінде Қазақстан 

біздің өңіріміздегі қауіпсіздік 

пен экономикалық дамудың 

ортақ архитектурасына 

қолдау көрсетеді. Біздің 

Еуразиялық экономикалық 

одақ бойынша өзіміздің 

ең жақын әріптестеріміз 

– Ресеймен, Беларусьпен, 

Қырғызстанмен және 

Армениямен қатынастарымыз 

айрықша болмақ. Қазақстандық 

дипломатия ислам әлеміндегі 

және посткеңестік кеңістіктегі 

өткір өңірлік дау-жанжалдарды 

бейбіт жолмен реттеу 

жөніндегі күш-жігерін ұлғайта 

түсетін болады» – деп, Елбасы 

«Ұлт Жоспарын» табысты 

орындаудың кепілі ретінде 

қолайлы халықаралық ахуалын 

қалыптастыру шарттарын да 

айқындап берді. 

Бүгінгі тәуелсіздік 

Қазақстанға да Елорданы 

жан-жақты ойластырып 

барып, 


белгілеу тікелей 

Елбасы ісінің жемісі. «Сын-

қатерлерге қарамастан, біз 

жаңа елордамыз – Астананы, 

барлық қазақстандықтардың 

кейін, халыққа өзінің « Ұлт 

Жоспарын» түсіндіре отырып, 

алға қойылған міндеттерді 

 

шешудің жолдары еркіндік 



пен елдікті аңсаған ата-

бабалар дәуірінің мұратына 

деген адалдық пен тарихи 

сабақтастықтан бастау 

алатынын көрсетті.

Биыл 550 жылдық 

мерейтойы атап өтілгелі 

отырған  Қазақ хандығы да 

заманында «Қасым ханның 

қасқа жолы», «Есім ханның 

ескі жолы» арқылы Дешті 

Қыпшақ жерінде мемлекет 

құрып, Еуразия кеңістігінде 

өзін мойындатты.

Елімізде тәуелсіз 

мемлекеттіліктің 

негізін  

құруды   іс  жүзінде жүзеге 

ЕЛТҰЛҒА САБАҚТАСТЫҒЫ

мақтанышын салуды 

бастадық», – деп Елбасы 

тебірене толғанды. Шынын-

да да Елбасының Ақмоланы 

таңдауы көрегендіктің, саяси 

батылдықтың үлгісі ретінде 

тарихта қалатыны сөзсіз. 

Өйткені Астана – Мәңгілік 

Елдің астанасына айналды.

Елбасы ендігі алда 

тұрған мақсатты айшықтай 

келе: «Тәуелсіздік алған 

алғашқы жылдары біз егемен 

мемлекеттің негізін қаладық. 

Бұл біздің мемлекеттік 

құрылыстың бірінші сатысы 

болатын. Одан кейін 

нығайып алған соң, біз 

қалыптасқан мемлекетке 

қарай қадам жасадық. Бұл 

екінші саты болатын. Енді 

ұлы реформаларды бастай 

отырып, біз Мәңгілік Елге жол 

саламыз. Бұл біздің мемлекеттік 

құрылыстың үшінші сатысы 

болмақ», - деп өзінің сөзін 

тиянақты қорытындылады.

Иә, Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев - өткенге 

үңіліп, бабалар аманатын 

орындап, бүгінді бүтіндеп, 

ел болашағының қамын жеп 

келе жатқан Алаштың біртуар 

азаматы, тарихта алтын әріппен 

жазылуға тиіс ұлт перзенті дер 

едік.

(Соңы. Басы 1-бетте)


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (201-202), 

қараша, 2015 жыл

Тілдік курс 

стипендиясын 

ұтып алды  



«Оман   Сұлтандығы»  туралы  кітаптың  тұсауы кесілді

 Ынтымақтастық үшін жасалған игі қадам 

Университетімізде  Ре­

сей, Орталық Азия және 

Монғолия елдерінің кәріс тілі 

және кәрістану сарапшылары 

қатысқан халықаралық 

семинар болып өтті. 

Халықаралық шараны 

«King Sejong» атындағы 

институты мен Еуразия 

ұлттық университеті Кор 

ея 


Республикасының Қазақстан­

дағы елшілігінің қолдауымен 

ұйымдастырды. 

Семинардың ашылу 

салтанатына Корея Респуб­

ликасының 

Қазақ стандағы 

Халықаралық семинар

Халықаралық қатынастар факультетінде

Шетел тілдері 

кафедрасында

берері мол, сонымен қатар 

Корея мен Еуразия аймағы 

арасындағы ынтымақтастың 

алға басуына жасалған  тағы 

бір игі қадам болды. 

Еуразия ұлттық универси­

теті мен Оңтүстік Кореядағы 

жоғары оқу орындары 

арасындағы мәдени­білім 

орталықтарымен байланыс 

жөнінде бірінші проректор 

Жәмилә Нүсіпжанқызы 

жан  ­жақты 

айтып 

берді. 


Бірінші проректордың мәлім­

деуін 


ше, Еуразия ұлттық 

университеті алдын­ала қол 

Төтенше және Өкілетті елшісі 

ЧО Ёнг­чон, Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің бірінші 

проректоры Жәмилә  Нұрман­

бетова, әлеуметтік­мәдени 

даму ісі жөніндегі проректор 

Дихан Қамзабекұлы, сондай­

ақ «King Sejong» атындағы 

институтының президенті 

Сонг Хянг Гын  қатысты.

Семинарға  қаты сушылар­

дың ой­пікірі бір жерден 

шықты: бұл жиын өте маңызды 

және кәріс тілін оқытушылар 

мен кәріс тілін үйренушілерге 

қойылған келісімге сай 20 

жыл ішінде Оңтүстік Корея 

орталықтары мен 13 жоғары 

оқу орындарымен тығыз 

ынтымақтастықта байланыс 

жасап келеді. 

«Қазақстандық студент­

терге кәріс тілі қызық, 

ал Кореядан  келіп білім 

алушылар орыс тілімен 

қатар қазақ тілін де 

үйренуде.  Сондықтан бүгінгі 

семинардың  студенттер үшін 

берер  тәлімі мен тағылымы 

мол деп білемін», – деді 

Жәмилә Нүсіпжанқызы. 

Семинар аясында Л.Н.Гу­

ми  лев 


атындағы 

Еуразия 


ұлт тық 

универ ситетінің 

шы   ғыс  тану 

кафедрасының 

мең 

герушісі Бибіхатша Әб­



жаппарова «Жібек жолы: 

азиялық мәдениеттің   ұқ 

 

 

­



сас       тық тары 

мен 


айыр­

машылықтары»  тақы рыбында 

арнайы баяндама жасады. 

Басқосу барысындағы 

әң 

гі 


ме ашық алаңға ұласып, 

онда кәріс тілін сериалдар 

арқылы үйрену мәселелері, 

Еуразия аймағында  кәріс 

тілін оқыту, оқытушылардың 

біліктілігін артыру және кәріс 

тілін оқытудың әдістері мен 

тәсілдері туралы оқулықтарды 

көбейту жайы, тағы басқа да 

мәселелер кеңінен   қозғалды. 

Екі күнге созылған семинар 

қорытындысында  басқосуда  

көтерілген мәселелер негізге 

алынып, «King Sejong» 

атындағы институтының 

аймақтық өкілдері арасында 

арнайы меморандумға қол 

қойылды. 

Соңғы жылдары неміс тіліне 

деген қызығушылық арта түсуде. 

Және бұл кездейсоқтық емес, біздің 

университетіміз Германияның 

жоғары оқу орындарымен белсенді 

бірлескен жұмыс атқарады. 

Бохумдағы Рур Университетімен 

және қоршаған ортаны талдау 

Институтымен өзара түсіністік 

туралы меморандумға қол қойылған. 

Ото фон Герик – Магдебург 

университетімен халықаралық 

бірлескен жұмыс туралы келісім 

орнатылған.

Біздің студенттер шетел тілін 

білу және меңгеру әлемдік білім 

кеңістігіне жол ашатындығын 

түсінгендіктен, университет қа­

быр 

 

ғасында жүріп алған неміс 



тіліндегі білімдерін тереңдетіп және 

жүйелі оқуға мүмкіндік алатын 

стипендиялық бағдарламаларға 

белсенді қатысады. Осы орайда, 

шетел тілдері кафедрасының неміс 

тілі пәнінің оқытушылары да өз 

шәкірттерін осындай халықаралық 

бағдарламаларға қатыстыру үшін 

тынымсыз ізденіп, жан­жақты білім 

беріп, бағыт­бағдар сілтейді. 

2015 жылдың қазан айында екін­

ші және үшінші курс студенттері 

Германиядағы жаздық тілдік курс 

стипендиясын ұтып алуға арналған 

байқауға қатысты. Аталған байқау 

DAAD өкілдерінің қолдауымен өт­

кізілді. Бұл қоғамдық ұйым халықа­

ралық ақадемиялық алмасуды қол­

дайтын ірі германиялық бірлестік. 

Байқау нәтижесінде универси­

тетіміздің екі студенті аталған шәкір­

тақыны ұтып алды.  

2015 жылдың 1 және 31 тамыз ара­

лығында ақпараттық технологиялар 

факультетінің АЖ­32 тобының сту­

денті  Қасымов Бауыржан Мюнхень 

қаласындағы „Deutsche Sprache 

und Literatur der Johann Wolfgang 

Goethe – Universität“ атты жаздық 

тілдік курсына қатысып қайтты. 

Жаратылыстану  факультетінің 

 

Хм­42  тобының  студенті 



Смағұлова Әсем тамыз айында 

Берлин қаласындағы „Deutsch für 

Naturwissenschaft, Technik, Planen, 

Bauen und Umwelt“ тілдік курсында 

неміс тілін оқып қайтты. 

Студенттер неміс тілінен 

білім 

дерін арттырумен қа­



тар, мамандармен жүйелі ұйым­

дастырылған кездесулер кәсіби неміс 

тілін жетілдірулеріне мүмкіндіктер 

туғызды. Түрлі жұмыс түрлері, 

жағымды атмосфера және жылы 

шырайлы қатынастар курсты 

жемісті өтулеріне әсер етті. Курс 

соңында студенттерімізге неміс 

тілін меңгерудің жоғары деңгейін 

айғақтайтын сертификаттар берілді. 

Аталған бағдарлама арқасында 

біздің студенттеріміз Қазақстанды 

халықаралық аренада лайықты 

көрсете білді және өздері оқып 

жатқан тілдің елі туралы ұмытылмас 

әсер алды.

Біз оларға жаңа білім белестерін 

бағындыруға сәттілік пен табыс 

тілейміз!!!  


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 0.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет