2 Жоба – баспа



жүктеу 4.49 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата11.09.2017
өлшемі4.49 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

АНК АРА, 2015
САННАН САПАҒА 
КӨШУ ЖОЛЫНДА
Қ.А. ЯСАУИ атындағы 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
2008-2014

2
Жоба – баспа
 
SFN теледидар жоба
Баспагерлік ЖШС
Tel: 0312 472 37 73-74
www.sfn.com.tr
Қаңтар 2015
©
 Ахмет Ясауи Университеті 
  Өкілетті Кеңес Басқармасы
Мекен-жай:
Taşkent Cad. Şehit H. Temel Kuğuoğlu Sok. No: 30 06490 Bahçelievler/ANKARA
Tel: 0312 216 06 00 • Faks: 0312 216 06 09
www.ayu.edu.tr • yayinlar@yesevi.edu.tr
САННАН САПАҒА 
КӨШУ ЖОЛЫНДА
Қ.А. ЯСАУИ атындағы 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
2008-2014

3
КІРІСПЕ / Проф. док Осман Хората ........................................................................ 6
АЛҒЫСӨЗ / Проф. док. Уәлихан Әбдібеков ........................................................... 8
АЛҒЫСӨЗ / Проф. док. Мехмет Куталмыш ......................................................... 10
ТҮЙІН ....................................................................................................................... 14
1. МЕКЕМЕ ҚҰРЫЛЫМЫ .................................................................................. 22
Қысқаша Тарихы .................................................................................................. 22
Құқықтық Мәртебесі ........................................................................................... 22
Қожа Ахмет Ясауи Атындағы Халықаралық 
Қазақ-Түрік Университетінің Құрылымы ......................................................... 24
Мекеме Құрылымы .............................................................................................. 25
Ең Жоғары Шешім Қабылданушы Орган: Өкілетті Кеңес .............................. 25
Басқару Органы: Ректорат ................................................................................... 26
Тексеру Комиссиясы ............................................................................................ 27
Құрылымдық Жүйенің Қалыптасуы .................................................................. 27
Университеттің Кескін-Келбетін Айқындайтын Таным Белгілер   ................. 28
Стратегиялық Басқару Және Жоспарлау ........................................................... 28
2. ОҚУ ҮДЕРІСІ ...................................................................................................... 30
Білім Беру Жүйесі ................................................................................................ 30
Білім Беру Тілі ...................................................................................................... 31
Академиялық Құрылым  ..................................................................................... 31
Студенттер Статистикасы  .................................................................................. 35
Түлектер ................................................................................................................ 41
Мемлекеттік Гранттар Мен Квоталар ................................................................ 42
МАЗМҰНЫ

4
САННАН САПАҒА  
КӨШУ ЖОЛЫНДА
3. АДАМ РЕСУРСТАРЫ ....................................................................................... 44
Оқытушы-Профессорлар Мен Әкімшілік-Шаруашылық 
Бөлім Қызметкерлерінің Саны ........................................................................... 44
Оқытушы-Профессорларды Жетілдіру .............................................................. 48
Кәсіби Біліктілікті Арттыру  ............................................................................... 50
4. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ........................................................... 54
Зерттеу Орталықтары (Институттары)  ............................................................. 54
Ғылыми Жарияланымдар  ................................................................................... 55
Ғылыми Басқосулар  ............................................................................................ 57
Ғылыми Жобалар ................................................................................................. 58
5. АККРЕДИТАЦИЯ, ЖӘНЕ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ .................... 60
6. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ................................................. 62
Ынтымақтастық Келісімдер ................................................................................ 62
Академиялық Ауысым Және Академиялық Ұтқырлық  .................................. 63
7. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ .......................... 66
Материалдық-Техникалық Инфрақұрылым ...................................................... 66
Жаңа Құрылыс Нысандары  ................................................................................ 70
8. 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.................................................... 74
Ақпараттық Технологиялар ................................................................................ 74
Интернет Желісін Күшейту ................................................................................ 75
Автоматтандыру Жүйесі ..................................................................................... 76
Автоматтандыру Жүйесі ..................................................................................... 76
Зертханалар .......................................................................................................... 76

5
Қ.А. ЯСАУИ 
атындағы
  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ 2008-2014
9. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР ........................................................................ 78
Клиника-Диагностикалық Орталығы ................................................................ 78
Кітапхана  ............................................................................................................. 80
10. ҚАРЖЫ ҚҰРЫЛЫМЫ ................................................................................... 84
Түркия Республикасы Және Қазақстан Республикасы Қаржы Үлестері  ...... 84
11. ТАНЫТУ ............................................................................................................. 90
Таныту Іс-Шаралары ........................................................................................... 90
Жоғары Деңгейлі Кездесулер.............................................................................. 92
12. ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ және ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ........... 94
Қоғамдық Қызмет ................................................................................................ 94
Іскерлік Ынтымақтастық  .................................................................................... 95
Түлектермен Қарым-Қатынас  ............................................................................ 96
Арнайы Мамандандыру Орталығы  ................................................................... 97
Мәдени Және Спорттық Іс-Шаралар ................................................................. 97
13. ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ БЕРУ АЛАҢДАРЫ ......................................... 100
Ботаникалық Бақ Және Көгалдандыру Жұмыстары ...................................... 100
Спорттық Кешендер .......................................................................................... 101
Әлеуметтік Нысандар: Жатақхана, Қонақ Үй, Асхана Және Коттедж ......... 101

6
КІРІСПЕ
Проф. док Осман Хората
Өкілетті Кеңес Төрағасы 
2008  жылдың  8  наурыз  күні  басталып,  2015  жылдың  8 
наурыз  күні  өз  мәресіне  жететін  жеті  жылдық  кезең,  яғни 
Ахмет Ясауи университетінің басшылық туын желбіреткен  
бұл кезең университеттің идеологиялық жүйесіне өзгерістер 
енгізіп,  түбегейлі  дамуы  мен  өзгеруіне  жаңа  серпіліс 
жасау  кезеңі  болып  саналады.  Қолдарыңыздағы  бұл  есеп 
Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 
университеті  тарихында  өз  қолтаңбамызды  қалдыру  үшін, 
қызмет  атқарған  жылдары  атқарылған  негізгі  жұмыстарды 
баяндау мақсатында дайындалған.    
Ахмет  Ясауи  университеті  жоғары  оқу  орындарының 
«интернационализациялану»  және  ноу-хау  үдерісін  іске 
асыратын  оқу  орны  болудың  орнына,  саяси  ерік-жігердің 
«дипломатиялық»  жолымен  «үкіметаралық»  университет 
ретінде  ғана  қалып  қойды.  Осының  нәтижесінде  Түркия 
Республикасы  қаржыны  көбірек  бөлетін  серіктес  деген 
түсінік  қалыптасып,  алғашқы  он  бес  жылда  бәсекелестік 
пен сапаға жіті көңіл бөлінбей, маңызды инфрақұрылымдар 
салуға қатысты нормативтік-құқықтық базасы дау тудыратын 
және  қаржы  ресурстарын  зәру  қажеттіліктерге  жұмсайтын 
мекеме ретінде еске алынатын.
Осы  себепке  байланысты  қызметтік  кезеңіміздің  алғашқы 
жылдарында  құқықтық,  академиялық  және  материалдық-
техникалық  базаларға  қатысты  шешімін  таппай  келе 
жатқан  негізгі  мәселелерді  шешуге  баса  назар  аудардық. 
Университетті  бәсекеге  қабілетті  мықты  оқу  орнына 
айналдыру мақсатында Шымкент пен Тараз бөлімшелеріне 
студент  қабылдау  тоқтатылды;  университеттің  қызметтік 
шарттарын  реттейтін  келісім  қайта  қаралып,  екі  елдің 
парламенттерінде  бекітіліп,  университеттің  нормативтік-
құқықтық базасы айқындалды; университет ашылғаннан сол 
күнге дейінгі аралықта тұрғызылған құрылыс нысандарынан 
әлдеқайда көп инфрақұрылым салуға жағдай жасалды; білім 
беру  жүйесі  мен  бағдарламалары  Болон  үдерісіне  және 

7
әлемнің  алдыңғы  қатарлы  университеттерінің  оқыту  жүйелеріне  негізделіп, 
қайта  реттелді.  Мұнымен  қатар  Өкілетті  Кеңес  Басқармасы  мен  ТүрТЕП 
орналасқан  Түркиядағы  бөлімше  университетіміздің  айнасына  айналып 
отыр. Бұл кезеңді, есептегі мәліметтерде келтірілгендей, саннан сапаға көшу 
жолында қайта құру кезеңі деп те атауға болады.       
Осы  атқарылған  жұмыстар  нәтижесінде,  университетіміз  өзіндік  қаржы 
тәртібі  орнаған,  үлгі  боларлықтай  материалдық-техникалық  базаға  ие,  сапа 
менеджменті  жүйесі  нықтап  орныққан,  халықаралық  ұйымдар  тарапынан 
аккредитациядан  өткен,  мекеме  болып  қалыптасу  (институционализация) 
жолында  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізе  білген  және  білім  беру,  ғылыми-
зерттеу жұмыстары мен қызмет көрсету сапасын әлемдік стандартқа жеткізу 
жолында сенімді әрі нық қадамдарымен ілгерілеп келе жатқан оқу ордасына 
айналды.       
Өкілетті  Кеңестің  қымбатты  мүшелерімен  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 
шығара отырып, мақсат-мүддемізді толықтай айқындап, осы жолда тайсалмай, 
батыл қадамдар жасап, университетіміздің туын биіктерден көрсете білдік деп 
сенемін. Әрине, бұған халық өз бағасын бере жатар. Қандай да бір жетістікке 
қол жеткізген болсақ, ол, сөзсіз, Сіздердің, Ректордың және оқу ордамыздың 
түрлі  салаларында  аянбай  еңбек  етіп,  университет  миссиясын  іске  асырып 
жүрген қызметкерлердің арқасында! 
Басшылық  кезеңімізде  жауапкершіліктің  ауыр  жүгін  бірге  арқалап,  Түркия 
Республикасы  атынан  ат  салысқан  әріптес  мүшелеріміз  проф.  док.  Мұстафа 
Исен, Наджи Агбал, доц. док. Ибрахим Калын, проф. док Мухиттин Шимшек 
мырзаларға; Қазақстан Республикасы тарапынан ат салысқан проф. док. Тахир 
Балықбаев пен проф. док. Серік Пірәлиев мырзаларға және Бибігүл Асылова 
ханымға;  бірнеше  уақыт  бірге  қызмет  атқарып,  қазір  өз  қызметтерін  басқа 
азаматтарға  тапсырған  мүшелерімізге;  Ректор  қызметін  атқарған  проф.  док. 
Лесбек Ташимов мырзаға және проф. док. Уәлихан Әбдібеков мырзаға; І-вице-
президент қызмет атқарған түркиялық өкілдеріміз проф. док. Махир Накип, 
проф. док. Салих Айнұрал, проф. док Муса Йылдыз және проф. док Мехмет 
Куталмыш мырзаларға шын жүректен тағы да алғысымды білдіремін. Сондай-
ақ жауапкершілігі ауыр осындай қызметті бізге сеніп тапсырған Президентіміз 
Абдуллах Гүл мен қазіргі Президентіміз Реджеп Тайип Ердоған мырзаларға да 
шын жүректен алғысымызды білдіреміз. 

8
Біздің құрметті төрағамыз Осман Хората мырза 2008 жылдың наурыз айының 
8-ші жұлдызынан Өкілетті Кеңес төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазір 
7-ші жыл төрағалық қызметте. Осы жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
Өкілетті  Кеңес  төрағасы  ретінде  университеттің  дамуына  үлкен  үлес 
қосқан азаматтардың бірі. 
Атап айтатын болсақ оқу процесінің сапасын арттыруда келесі іс-шаралар 
орындалды: 
•  Университеттің  жылдан-жылға  сапасын  арттыра  даму  үшін 
стратегиялық  жоспар  құрылып,  оның  орындалуын  әрдайым 
қадағалануда;
•  Бакалавриат  деңгейіндегі  барлық  мамандықтардың  білімгерлерін 
Түркістан орталығында оқыту шешілді;
•  Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік қолдау ретінде 
білімгерлерге  бөлінетін  грант  (квота)  саны  200  (2008ж.)-ден  400 
(2014ж.)-ге өсті;
•  Түркия  Республикасынан  әлеуметтік  жәрдем  ретінде  бөлінген 
грантқа  (квотаға)  кезекті  жылдың  мектеп  бітірушілерінен 
тыңдаушылар қабылданып, оларға бір жылдық тіл үйрену дайындығы 
ұйымдастырылды;
•  Медицина  және  ақпараттық  жүйелер  мамандықтары  үшін  on-line 
жүйесінде  Қазақстанның  және  Түркияның  алдыңғы  қатарлы  ЖОО 
профессорларының лекция оқуына мүмкіншілік жасалынды;
•  Түркия  Республикасына  университет  түлектерінің  қатарынан 
докторантураға, магистратураға және біліктілікті жетілдіруге жіберу 2009-
дан қайта жалғасып, қазіргі таңда 40-тай білімгер ТР білімін жетілдіруде;
•  ТР-нан  университетке  шақырылатын  ОПҚ-ның  сапасы  дұрысталып, 
саны тұрақталды, яғни әр оқу жылында 40-тан астам оқытушы келеді;
АЛҒЫСӨЗ
Проф. док. Уәлихан Әбдібеков
Ректор

9
Қ.А. ЯСАУИ 
атындағы
  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ 2008-2014
•  Түркістан  клиникасында  диализ  орталығы  және  тіс  лабораториясы 
ұйымдастырылды;
•  Түркі  елдердің  достығын,  ынтымағын  және  экономикалық  дамуын 
қолдау мақсатында Қазақстан мен Түркия елдерінің деңгейінде бірнеше 
конференция, конгрес және симпозиумдар ұйымдастырылды;
•  Университеттің  барлық  құрылымдарын  қамтитын  автоматтандыру 
жүйесі іске қосылды
•  Университеттің  оқу,  жатақхана  және  қосымша  ғимараттарын 
абаттандыру, жетілдіру мақсатында келесі іс-шаралар орындалды:
•  400  мың  кітапты  сақтап  оқырманына  жеткізе  алатын,  барлық 
инфрақұрылымы  бар,  қазіргі  заман  талабына  сай  үлкен  3-қабатты 
кітапхана құрылысы аяқталуда;
•  2000-шы  жылдары  салынған  №1  №2,  ерлер,  қыздар  жатақханалары 
күрделі жөндеуден өткізілді;
•  Алматы қаласындағы Еуразия ҒЗИ-ның ғимараты күрделі жөндеуден 
өткізілді;
•  Университет  ОПҚ-на  арналған  48  пәтерлі  коттедждің  және  футбол 
алаңының ұйымдастыру жұмыстары шешіліп, құрылысы басталу сәтінде;
•  Университетке келетін ресми қонақтар үшін арнайы 6 орынды жеңіл 
көлік алынды;
•  Университеттің  ОПҚ-на  әлеуметтік  жәрдем  ретінде  айлық  жалақыға 
2014-2015 оқу жылынан бастап қосымша жалақы белгіленді;
•  Университет оқу ғимараттары мен жатақханалар арасындағы ұзындығы 
500  метрдей  ашық  алаңға  ағаш  отырғызылды,  екі  қатарлы  аяқ  жол 
салынды, оның айналасы демалыс орындарымен абаттандырылды;
•  Университеттің ботаникалық бағын жас көшеттермен қамтамасыз ету 
мақсатында бауда ауданы 250 м² жылы жай салынды;
•  Университеттің 52 бөлмелі, 83 жатақ орынды «Яссы» қонақ үйі күрделі 
жөндеуден өткізілді;
•  Кентау  қаласындағы  университетке  қарасты  барлық  оқу,  жатақхана 
және қосымша ғимараттарына толық күрделі жөндеу жүргізілді.
Жоғарыда  аталған  жетістіктер  төраға  Осман  Хоратаның  іскерлік 
қасиеттерінің айғағы.
Өкілетті  Кеңес  төрағасы  ретінде  әр  оқу  жылында  4-5  рет  ОПҚ, 
білімгерлермен  және  қызметкерлермен  кездесіп,  ұжым  алдында  есеп 
беріп, кездесуге мұқтаж болған азаматтарды жеке қабылдап, тыңдап, көмек 
көрсетіп жүрген басшы. Осман Хората мырза білімді, тәрбиелі, істің көзін 
білетін өнегелі басшы және өз деңгейінде мәселелерді толығымен шеше 
алатын іскер адам екенін мақтанышпен айта аламыз. Қожа Ахмет Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің атынан Осман Хората 
мырзаға өзіміздің шексіз алғысымызды білдіреміз.

10
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 
орталық  қалашығы  Түркістан  қаласында  орналасқан.  Бұл  қала  9-16 
ғасырларда  ірі  мәдениет  орталығына  айналған  Фараб,  Сайрам,  Тараз 
сияқты ғылым, өнер, әдебиет, философия және сауда-саттық салалары 
дамыған жерде орналасқан. Жүздеген жылдар бойы назардан тыс қалып 
қойған бұл қалада болашақты мерзімінен бұрын болжай білген кемеңгер 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы 1991 жылдың 6 маусым 
күні Түркістан мемлекеттік университетінің негізін қалады. 1992 жылы 
бұл  университетті  Қазақстан  мен  Түркияның  ортақ  университетіне 
айналдыру  туралы  шешім  қабылданды.  Университеттің  тарихы  бұл 
еңбекте егжей-тегжейлі жазылған.
 
Енді  университеттің  тарихына,  бүгінгі  жағдайы  мен  келешегіне 
тоқталып өткім келеді. Бүгінгі күні университеттің орналасқан қаласын 
болашакты  болжай  білгендей  тандалғанын  көреміз.  Алғашқы  кезде 
бұл  қала  үлкен  қалалармен  салыстырғанда  едәуір  артта  қалған  кейбір 
қиыншылықтары бар қала болатын. Бірақ, мына нәрсені ұмытпауымыз 
керек. Университеттердің ең басты мақсаты – өздері орналасқан жерді 
ғылым-білім  арқылы  жоғары  деңгейге  көтеру,  сол  аймақты  барлық 
жағынан дамыту, тіпті бұл жетістіктерді басқа аймақтарға жеткізу болып 
табылады.   
Университет Қазақстан мен Түркия арасында мәдени көпір болып, екі ел 
арасындағы ғалымдар мен жастарды білім жолында жарқын болашаққа 
жетелеу мақсатында құрылды. Бұл арманға өзге түркі тілдес елдер мен 
туыстас  қауымдастықтардан  келген  студенттер  мен  оқытушылар  да  өз 
үлестерін  қосты.  Университет  түркі  дүниесінің  алдыңғы  қатарлы  екі 
мемлекеті  тарапынан  Еуразияның  дамуына  ыңғайлы  жерде  ашылған. 
Біздің  мақсатымыз  шөл  даланы  жұмаққа  айналдыру  болуы  керек.  Бұл 
АЛҒЫСӨЗ
Проф. док. Мехмет Куталмыш
Ректор ϴкілі

11
Қ.А. ЯСАУИ 
атындағы
  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ 2008-2014
аймақ  жоғарыда  айтып  өткеніміздей  тарихта  жүздеген  жылдар  бойы 
ірі  мәдениет  орталығы  болған.  Бүгінгі  күні  2-3  метр  тереңдіктен  су 
шығатын, мақтаны қосқанда әртүрлі дәнді дақылдар өсетін аймақта не 
өспейді не істелмейді дейсіз.     
Қазақстанның  саяси  қоғамдық  тұрақтылықпен  білім  мен  ғылымда, 
өндірісте қарқынды әрі тұрақты түрде дамуы әлемнің қызығушылығын 
тудырып отыр. Әсіресе, Қазақстанның жастардың жоғары білім алуына 
көптеп қаражат бөліп жатқандығын, сондай-ақ әлемнің дамыған елдерінің 
қатарына кіру үшін білім-ғылым кеңістігінде жоғары орындардан көрініп 
отырғандығын,  тіпті  түркі  дүниесіне  де  көшбасшылық  жасау  туралы 
арманының бар екендігін мақтанышпен айта аламыз.     
Қазақ  тілі  тек  бұл  аймақта  ғана  емес,  бүкіл  әлемде  тендесі  жоқ 
сүйіспеншілікпен,  қызығушылықпен  қарқынды  түрде  дамып  келе 
жатқан түркі тілдерінің бірі болып табылады. Келешекте қазақ тілінің 
барлық  қыпшақ-түрік  халықтарының  ортақ  тілі  болатындығына 
сенімдімін. Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында әлемнің ең үлкен 
мемлекеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан мұнай-газ 
және тағы басқа жер асты пайдалы қазбаларына бай ел болып табылады. 
Кеңес  Одағы  1950-1980  жылдар  аралығында  ғылымның  барлық 
саласында әлемнің және Батыс Еуропаның назарын өзіне аударатындай 
деңгейде  орасан  зор  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Бірақ,  Кеңес  Одағы 
құлағаннан  кейін  жоғары  білім  беру  жүйесі  көптеген  елдерде  қажетті 
денгейде  қолға  алынған  жоқ.  Қазақстан  әлемдегі  елдердің  ішінде 
білім мен ғылымға қыруар қаржы аударып, университеттерін әлемдегі 
алдыңғы  қатарлы  университеттердің  арасына  кіргізуді  мақсат  тұтып 
отырған ел болып табылады. Бұл салада Түркия елімен бірге жүрді. Бұл 
жерде  Қазақстан  әлемдік  деңгейде  үшінші  байлығы  болып  саналатын 
«университеттерімен» өзін көрсетіп отыр. Қожа Ахмет Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университеті болса Қазақстан мен Түркияның 
қолдау-көмегінің  арқасында  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізіп  келе 
жатқан келешегі жарқын университет болып табылады.      
Әлемнің  көптеген  елдері  әсіресе,  мұсылман  әлемінің  барлығы  дерлік 
білім-ғылым  саласында  артта  қалған.  Жүздеген  жастар  бірнеше  жыл 
ішінде  Түркия  мен  Қазақстанның  университеттеріне  ағылып  келетін 
болады. Солардың бастысы біздің университетіміз - Қожа Ахмет Ясауи 
атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетіне  келетін  болады. 
Мұның  көптеген  себебі  бар:  бауырлас  елдерміз,  біліміміз  сапалы, 
қазақ,  түрік,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  білім  береміз,  халқымыз 
жастарға  үлкен  қолдау  көрсетеді,  бәрінен  бұрын  артымызда  екі  үлкен 
мемлекет  Түркия  мен    Қазақстан  тұр.  Қазіргі  таңда  бүкіл  мұсылман 
әлемі және үшінші әлем елдері Қазақстан мен Түркияның білім-ғылым 
саласындағы  ынтымақтастығы  мен  жетістіктеріне  сүйсіне  қарап  отыр. 

12
САННАН САПАҒА  
КӨШУ ЖОЛЫНДА
Алдағы жылдарда Түркиядан өз елдерінде университет ашуды сұрайтын 
көптеген елдер шығады.      
Келешекте  университетіміздің  қандай  деңгейде  болатындығын  айтып 
өткім  келеді:  Алдағы  кезеннен  бастап  достық  пен  бауырластық  көпірі 
болып саналатын Ахмет Ясауи университетінде Түркиядан және басқа 
елдерден  келетін  оқытушылардың  санын  және  олардың  жұмыс  істеу 
мерзімін арттырамыз. Тек ғана түркі дүниесінен емес, әлемнің әртүрлі 
аймақтарынан  келген  студенттердің  санын,  сондай-ақ  студенттер  мен 
оқытушылардың өзара алмасу шараларын арттырамыз. Білім мен ғылым 
жолында  атқарылған  ерен  еңбектің  арқасында  бүгінге  дейін  жеткен 
университетіміз келешекте білікті де білімді ұстаз және студенттерімен 
елдің  дамуына,  сондай-ақ  екі  ел  арасындағы  ынтымақтастықтың  одан 
әрі нығаюына зор үлес қосады. 
Университетіміздің  дамуына  үлес  қосқан  азаматтарға,  сондай-ақ 
университетіміздің халықаралық мәртебеге ие болу және мекеме болып 
қалыптасу (институционализация) жолында ерен еңбегі сіңген Өкілетті 
Кеңес төрағасы проф. док. Осман Хоратаға мырза және басқа да Өкілетті 
Кеңес мүшелеріне шын жүректен алғысымды білдіремін.

ТҮЙІН

жүктеу 4.49 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет