2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы


Жұмыстың материалын қалай жинау керек?



жүктеу 30.88 Kb.
бет2/3
Дата30.07.2022
өлшемі30.88 Kb.
#20860
1   2   3
11 апта. ҒЗНжЖА практ (копия)
РГР3 (копия), 120322ЭиОУ в 1с ИС,ВТк 18-1,5 1РК КО (копия), Садыкжан Тумар 6лаб (копия)
3. Жұмыстың материалын қалай жинау керек?
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін әрбір студентке кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады. Дипломдық жұмыс (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдары, монографияларды, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тіліндегі, нормативтік әдебиеттерді және т.б.). терең оқып меңгеру негізінде жасалады. Кез-келген дипломдық жұмыс (жоба) тапсырмаға сәйкес перспективті теориялық және практикалық мәселелерді қамтуы керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеу әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, оларды талдау мен қорытындыларын, нұсқаулардың техникалық-экономикалық салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. өңделуі керек. Мазмұны бойынша дипломдық жұмыс (жоба) бітіруші курстың студенті мамандыққа қарай өз бетінше орындаған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы (жобалық шешім) болып табылады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін 40-60 беттен, әлеуметтану-гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін 50-70 беттен тұруы тиіс. Гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:
мұқаба; титул парағы;
реферат;
мазмұны;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
4. Таңдалған ғылыми жұмыстың кіріспесі қалай жазылады?
Ғылыми жұмыстың кіріспесін дайындау ғылыми-зерттеудің ең қиын бөлімі болуы мүмкін. Кіріспенің көлемі тікелей таңдалған ғылыми мақаланың түріне байланысты. Кіріспе бөлімінде жұмыстың алғышарттары мен өзектілігі көрсетіліп, мақаланың тақырыбы айқындалады. Ұқыпты жазылған кіріспе бүкіл жұмысқа жақсы бағыт беріп, оқырманды бұл жұмысқа деген қызығушылығын арттыра алады.

жүктеу 30.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет