2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата01.02.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2

алтын бесік - а

тамекен

менің е

лім - қа

зақст

ан

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ САПАРЫ 

Осыдан жиырма бес, отыз  жыл 

бұрын  жер    бетінде  қазақ  дейтін 

халық    бар  екендігінен  әлемдегі  

жұртшылықтың    басым  көпшілігі 

мүлдем  бейхабар  еді.  Тәуелсіздікке 

қол  жеткізуіміздің  нәтижесінде 

енді    Қазақ  елі  бүкіл  әлемге  таны-

мал  болды.  Яғни,  Қазақстан  ең 

дамыған,  өркениетті  елдермен 

тең  дәрежеге  көтерілген,  әлемдегі 

қауымдастықта  өзінің  ылайықты 

орыны  бар,  шынайы  дербес  мем-

лекетке  айналды.  Сөйтіп,  ата-

бабаларымыздың сан ғасырлар бойы 

бостандыққа жетсек деген асыл  ар-

маны   толық орындалды. Қазақ елінің 

мұндай биік дәрежеге көтерілуі – ең 

алдымен,  тәуелсіз  мемлекетіміздің 

Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

ерен 

еңбегігің 

нәтижесі.

Елбасы    тәуелсіз  Қазақстанның  тізгінін  қолына 

алған  алғашқы  күннен  бастап  елімізді  әлемнің  ең 

дамыған  мемлекеттерінің  қатарына  қосу  үшін  түн 

ұйқысын  төрт  бөліп,  жан  аямай  тынымсыз  еңбек 

етті.  Бұл  жолда  толып  жатқан  кедергілердің  де 

кездескені анық. Әсіресе, тоқсаныншы жылдардың ба-

сында экономикалық салада көптеген қиындықтардың 

бой  көтергені  баршаға  мәлім.  Міне,  осындай 

алмағайып кезеңде Тұңғыш Президентіміз Қазақ елінің 

іргесін  шайқалтпай,  шаңырағын  нық  ұстап,  жас 

мемлекетімізді  жаңа  ғасыр  -  екі  мыңыншы  жылға 

аман-есен алып шықты. 

Осындай тарихи қайраткерлік еңбегінің нәтижесін-

де  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  дүниежүзіндегі  ең 

беделді, ең танымал көшбасшылардың бірі ретінде бүкіл 

әлемге танымал тұлғаға айналды. Осыған орай,  қазір 

жер шарының кез-келген түкпірінде барлық адамзатқа 

ортақ мәселелерді талқылайтын халықаралық беделді 

басқосулар  мен  кездесулер  өткізілсе    оған  Қазақстан 

Президентінің арнайы шақырылып, тиісті мәселелерді 

талқылауға  белсенділікпен  қатысуы  қалыптасқан 

жағдайға айналды.

Елбасының  дүниенің  әр  қиырындағы  елдерге  Мем-

лекет  басшысы  ретінде  ресми  сапарлармен  барып, 

түрлі  кездесулер  өткізуі  де  қазіргі  кезде  тұрақты 

түрде    жүзеге  асып  келеді.  Президентіміздің  мұндай 

ресми  сапарлары  мен  кездесулері    кезінде  Қазақстан 

мен  шет  мемлекеттердің  арасындағы  экономикалық 

және  мәдени  байланыстардың  көптеген  күрделі  

мәселелері  оң  шешімін  тауып,  сан  салалы  игілікті 

істер  қолға  алынады.  Қазақстан  Президентінің 

үстіміздегі  жылғы  осындай  маңызды  сапарлары  мен 

кездесулерінің арасынан сәуір айындағы Қытай Халық 

Республикасына  ресми  сапармен  баруын  ерекше  айта 

кеткен  жөн.  Елбасы  Қазақстанға  мемлекеттік  са-

пармен  келген  Түркіменстан  Президенті  Гурбангулы 

Бердімұхамедовпен  де  кездесті.  Сондай-ақ,  үстіміздегі 

жылы Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен 

де кездесу өткізді. 

Ал 13 маусымда Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев рес-

ми  сапармен  Ташкент  қаласына  барып,  Өзбекстан 

Республикасының Президенті Ислам Каримовпен кезде-

су өткізді.

Елбасының  бұл елдерге барған  ресми сапарлары мен 

кездесулері шетелдегі қазақ диаспорасы  үшін айрықша 

маңызды екені анық. Өйткені,  шетелдердегі 5 миллион-

нан астам қазақ диаспорасының басым бөлігі осы  мем-

лекеттерде тұрады. 

Яғни, Елбасының ресми сапарлары мен кездесулерінен 

кейін Қазақстанның ол елдердегі қазақ диаспорасымен 

байланысы  бұрыңғыдан  да  жақсарып,  жаңа  деңгейге 

көтерілетіні анық. 

Осыған  байланысты  Елбасының  Өзбекстанға 

барған ресми сапары туралы белгілі журналист, «Еге-

мен Қазақстан» газетінің тілшісі Серік Пірназар мен 

Өзбекстандағы меншікті тілшіміз Марат Арыновтың 

әңгімелерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

3

алтын бесік - а

тамекен

менің е

лім - қа

зақст

ан

туыстас елдер, 

суыспас көңілдер

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына ресми сапары табысты 

аяқталды. 

14  маусымда  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Өзбекстанға  ресми  сапары  аясында  осы  ел  Президенті  Ислам 

Каримовпен  кездесті.  Мемлекет  басшылары  экономикалық, 

ғылыми-технологиялық  және  мәдени-гуманитарлық  өзара  іс-

қимыл  аспектілерін  талқылады.  Сондай-ақ,  халықаралық  және 

өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан  Президенті  бұл  екіжақты  кездесу  И.Каримовтің 

былтырғы  сапары  аясында  жүргізілген  Қазақстан-Өзбекстан 

келіссөздерінің жалғасы болып саналатынын атап өтті.

– Қазақстан  мен  Өзбекстан  –  өңіріміздегі  бейбітшілікті,

қауіпсіздікті,  сауда  мен  әл-ауқаттың  артуын  қамтамасыз  ететін 

негізгі мемлекеттер. Біз ортақ жауапкершілікті терең сезіне оты-

рып,  жағдайға  келіссөздер  жолымен  ықпал  етуге  ұмтыламыз. 

Өңірде су ресурстары, энергетика, азық-түлік жөнінде бірқатар 

мәселелер  бар,  халықаралық  тәжірибедегідей,  біз  оны  басқа 

мемлекеттердің  араласуынсыз  өзіміз  шешуге  тиіспіз,  –  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  мен  Өзбекстан  арасындағы 

екіжақты  қарым-қатынастарда  ешқандай  даулы  мәселелер  жоқ 

екенін атап өтті.

– Мен  келіссөздерімізді  жоғары  бағалаймын.  Өзіміз  қол

жеткізіп отырғандай, бүгін елдеріміз арасындағы Стратегиялық 

әріптестік  туралы  шартқа  алғаш  рет  қол  қойылатын  болады. 

Бізде Мәңгілік достық туралы арқаулық шарт та бар. Екі елдің 

үкіметтері  жұмыс  жүргізіп,  қол  қойылғаннан  кейін  қарым-

қатынастарымызды жаңа деңгейге шығаратын құжаттарды сапа-

лы дайындады. Өңір халқының басым көпшілігінің назары біздің 

кездесуімізге ауып отырғанын білеміз. Қазақстан мен Өзбекстан 

қарым-қатынастары  екі  ел  халықтарының  игілігі  үшін  нығая 

түседі  деп  ойлаймын.  Бұл  –  келіссөздеріміздің  басты  мақсаты. 

Жоғары деңгейдегі осындай кездесуді жалғастыруымыз қажет, – 

деді Қазақстан Президенті.

Бұдан  кейін  Өзбекстан  Президенті  Ислам  Каримов 

Нұрсұлтан Назарбаевтың әр сапары барысында өзекті мәселелер 

талқыланып, маңызды шешімдер қабылданатынын атап өтті.

– Мемлекет басшылары арасындағы келіссөздер тұрақты өтіп

тұруы тиіс деп санаймын. Бұл Қазақстанның да, Өзбекстанның 

да  мүдделеріне  сай  келеді.  Орталық  Азия  өңіріндегі  және 

әлемдегі жедел өзгеріске түсіп жатқан жағдайлар жөніндегі ортақ 

ұстанымды  әзірлеу  қажеттілігі  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  баста-

масымен Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қоюымызға 

ықпал етті. Біз Қазақстанның әлеуеті өте жоғары екенін білеміз, 

егер  оған  Өзбекстанның  да  әлеуеті  қосылатын  болса,  онда  бұл 

өзге мемлекеттер санасатын барынша мығым ұстаным болады. 

Мен  бұны  аталған  құжатқа  қол  қоюға  себеп  болып  табылатын 

басты идеяның бірі деп ойлаймын, – деді Өзбекстан Президенті.

Сөз  соңында  Өзбекстан  Президенті  екі  ел  арасындағы  тау-

ар  айналымын  одан  әрі  әртараптандыру  қажеттігіне  тоқталып, 

Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары табысты әрі жемісті болатыны-

на сенімін білдірді.

Келесі  кезекте  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарба-

ев  пен  Өзбекстан  Президенті  Ислам  Каримовтің  қатысуымен 

кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті.

Келіссөздерге  орай  Нұрсұлтан  Назарбаев  Өзбекстан 

Қазақстан  үшін  өңірдегі  маңызды  стратегиялық  әріптес  болып 

саналатынын атап өтті.

– Астана  мен  Ташкент  арасындағы  ықпалдастықтың

тиімділігі  көбінесе  орнықты  экономикалық  дамуға  және  бүкіл 

өңірдегі қауіпсіздікке байланысты, – деді Қазақстан басшысы.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентінің былтырғы са-

пары аясында жүргізілген келіссөздер екіжақты байланыстардың 

одан әрі дамуына серпін бергенін мәлім етті.

– Тек соңғы уақытта ғана үкіметаралық комиссияның 2 оты-

рысы  өтті,  парламентаралық  үнқатысу  дамуда,  Іскерлік  кеңес 

құрылды.  Осы  бірлескен  іс-қимылдың  барлығы  Қазақстан 

– Өзбекстан  ықпалдастығын  тереңдетуге  және  оның  ая-

сын  кеңейтуге  ықпал  етті.  Сонымен  бірге,  біздің  қарым-

қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығаратын кез келді. 

Осы  бағытта  екі  ел  арасындағы  Стратегиялық  әріптестік  тура-

лы  шартқа  қол  қойылады.  Қазақстан  үшін  Өзбекстан  өңірдегі 

маңызды әріптеске айналып отыр, бұған тауар айналымының 30 

пайызға өсуі дәлел. Мұнымен де шектелмейді, біздің елдеріміз 

өзара  тиімді  саудадағы  өздерінің  экономикалық  әлеуетін  тағы 

толық көлемде пайдаланады деп есептеймін, – деді Қазақстанның 

Мемлекет басшысы.

– Бүгінде біздің елімізде 118 қазақ-өзбек бірлескен кәсіпорны

жұмыс  істейді.  Өзбекстанда  жұмыс  істейтін  Қазақстан 

компанияларының саны 187-ге жетті. Біз екі ел нарығына капи-

тал ену мүмкіндігін кеңейте түсу үшін инвестициялар жөнінде 

арнайы комитет құрамыз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы біздің елдеріміздің Еуропа мен Азия ара-

сында транзиттік көпір ретіндегі географиялық жағдайын тиімді 

пайдалануға мүмкіндік беретін көлік саласындағы стратегиялық 

жобаларды іске асыруға назар аударды.

– Өзбекстан өз транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде белсенді

шаралар  қабылдайды,  бұл  Қазақстан  үшін  өте  маңызды. 

Елдеріміздің бұл бағыттағы күш-жігерін біріктіру қажет деп са-

наймын. Екі ел үкіметтеріне осы саладағы ынтымақтастықты да-

мыту перспективаларын әзірлеу міндетін тапсыруды ұсынамын. 

Атап  айтқанда,  шекараларымыз  маңында  орналасқан  облыстар 



4

алтын бесік - а

тамекен

менің е

лім - қа

зақст

ан

арасында автобус қатынасын ұйымдастыру мәселесін қарау ке-

рек. Алматы-Ташкент бағыты бойынша жаңа жолаушылар пойы-

зын іске қосудың келешегі зор, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы 

әуе қатынасын дамытқан жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан  Президенті  Орталық  Азиядағы  су-энергетика  са-

ласында алаңдатарлық жағдай қалыптасып келе жатқанын атап 

өтті.


Елдеріміздің  өңірдегі  су-энергетика  ресурстарын

ұтымды  пайдалану  жөніндегі  ұстанымы  сәйкес  келеді.  Бұл 

трансшекаралық өзендердегі жаңа гидроғимараттар құрылысына 

қолдайтын болады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  мен  Өзбекстанда  тұратын 

этностық 

қоғамдастықтардың 

болуы 

мемлекетаралық 



байланыстарды  нығайтудың  маңызды  факторы  саналатынын 

атап өтті.

– Біздің азаматтарымыз, әсіресе, жас буын халықтарымыздың

тарихи  бай  мәдени  мұрасы,  бабаларымыздың  достығы  ту-

ралы  көбірек  білулері  тиіс.  Бүгін  қол  қойылатын  Мәдениет 

министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы қазақ 

және  өзбек  қоғамдастықтарының  рухани  сұранысын  өтеуге 

да  қатысты.  Тәжікстандағы  достарымыз  дауысымызды  естіп, 

біздің мүдделерімізді ескереді деп үміттенемін. Су ресурстарын, 

әсіресе,  ауыл  шаруашылығына  қажетті  су  ресурстарын  тиімді 

және ұтымды пайдалану үшін бірлесіп күш-жігер жұмсау қажет, 

– деді Мемлекет басшысы.

Осы  орайда  Нұрсұлтан  Назарбаев  сараптамалық  деңгейде 

су-энергетика саласындағы дауларды реттеу жолдарын талқылау 

үшін  Астана  мен  Ташкентте  көпжақты  пішінде  кездесулер 

өткізуді ұсынды.

Мемлекет  басшысы  қазақ-өзбек  шекарасының  заңды 

ресімделуінің аяқталуын үш мемлекеттің – Қазақстан, Өзбекстан 

және  Түркіменстан  мемлекеттік  шекарасы  түйіскен  тұстың  ау-

даны  туралы  келісімшартқа  қол  қойылуы  білдірген  болар  еді 

деген де ойын білдірді. Бұл мәселе бойынша тапсырма сыртқы 

істер министрліктеріне былтырғы қыркүйекте беріліп, Қазақстан 

Президенті аталған құжатқа қол қоюды тездетуді ұсынған.

Нұрсұлтан  Назарбаев  өзара  ықпалдастықтың  тағы  да 

бірқатар  маңызды  бағыттарын  атап  көрсетті.  Оның  ішінде 

парламентаралық  байланыстарды,  әскери  ынтымақтастықты, 

төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және  салдарын  жою 

қызметтері арасындағы байланыстарды дамыту бағыттары бар.

Қазақстан Президенті И.Каримовке Астананың халықаралық 

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу құқына канди-

датурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

– Өзбек  достарымызға  өз  экспозициясының  құрылысына

қатысып,  елдеріңіздің  экономикалық  мүмкіндіктерін  көрсетуді 

ұсынамын. ЭКСПО-ға қатысу елдеріміздің одан әрі экономикалық 

дамуына,  ынтымақтастығымыздың  нығаюына  қызмет  ететін 

болады.  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  тұрақты  емес  мүшелерінің 

алдағы 2017-2018 жылдардағы сайлауында, сондай-ақ ЮНЕСКО-

ның Бүкіләлемдік мұра комитетіне сайлауда біз еліміздің канди-

датурасына бауырлас Өзбекстанның қолдау көрсететініне сенім 

артамыз.  Қазақстан  өз  тарапынан  сіздің  елдің  бастамаларын 

қызмет етеді деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті.

– Біз  Өзбекстанда  халықтарымыздың  тарихи  тұрғыда

қалыптасқан,  өмірдің  өз  сынынан  өткен  бауырластық  қарым-

қатынасын қастерлейміз, – деп атап өтті И.Каримов.

Келіссөздер  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республи-

касы  мен  Өзбекстан  Республикасы  арасындағы  стратегиялық 

әріптестік  туралы  шартқа,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 

арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Респу-

бликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Ре-

спубликасы Мәдениет істері және спорт министрлігі арасындағы 

2013-2015  жылдарға  арналған  мәдениет  саласындағы 

ынтымақтастық  бағдарламасына,  Қазақстан  Республикасы 

Қаржы  министрлігі  мен  Өзбекстан  Республикасы  Мемлекеттік 

кеден комитеті арасындағы кедендік шекара арқылы өткізілетін 

тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттар ал-

масуды ұйымдастыру туралы хаттамаға қол қойылды.

– Бүгін  қол  қойылған  маңызды  келісімдер  Қазақстан-

Өзбекстан қарым-қатынастарын нақтылы мазмұнмен толықтыра 

түседі деп сенемін, – деді Өзбекстан Президенті.

Екіжақты  байланыстарда  Өзбекстандағы  қазақ  диаспорасы-

ның  алар  орны  ерекше.  Өзбекстан  ресми  органдарының 

мәліметтері елде 1 млн.-нан аса қазақ тұратынын көрсетеді. Ал 

қазақ  мәдени  орталықтары  бұл  санның  1,5  млн.-нан  да  асып 

түсетінін алға тартады. Жалпы, бұл елдегі қазақ қауымы негізінен 

Қарақалпақстан  жерін,  Ташкент,  Науаи,  Жизақ,  Сырдария, 

Бұхара және Хорезм уәлаяттарын мекен етеді. Олар 30 облыстық 

және  аудандық  бөлімшелері  бар  Қазақ  мәдени  орталығының 

жұмысына қатысады. Сол сияқты қазақ тілінде білім беретін 521 

қазақ  мектебі  бар  болса,  олардың  159-ында  сабақтар  тек  қана 

қазақ тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ Низами атындағы Ташкент 

мемлекеттік  педагогикалық  университетінде,  Қарақалпақстан 

мемлекеттік 

университетінде, 

Гүлстан 

педагогикалық 



5

алтын бесік - а

тамекен

менің е

лім - қа

зақст

ан

жоғары  оқу  орындарында  этностық  қазақтардан  тұратын 

шетелдік азаматтардың оқуына квота бөлінген. Аталған құжатты 

жүзеге  асыру  мақсатында  қазақстандық  жоғары  оқу  орындары 

тек ұлты қазақ азаматтарды ғана емес, өзбекстандық азаматтарды 

да оқуға тарту жұмыстарын жүргізуде. Елшіліктің күшімен өзбек 

тіліне  аударылып,  шығарылған  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан  жолы»  кітабы  экономикалық  саладағы  белді 

сарапшылар мен саяси топ өкілдері арасында жоғары бағаға ие 

болды.


***

Осы  салтанатты  рәсім  аяқталғаннан  кейін  мемлекет  бас-

шылары  екі  елдің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдері  ал-

дына  шығып,  брифинг  өткізді.  Бірінші  сөздің  кезегін  үй  иесі 

ретінде Ислам Каримов алып, Қазақстан басшысымен жемісті де 

мазмұнды келіссөздер жүргізілгенін атап өтті.

–  Қазақстан  делегациясының  бұл  ресми  сапарын  біз  екі  ел 

арасындағы  көп  қырлы  қарым-қатынасты  дамытудың  маңызды 

кезеңі ретінде, 2012 жылғы қыркүйекте Астанада басталған өзара 

мүдделес мәселелер бойынша пікір алмасудың жақсы мүмкіндігі 

ретінде  қарастырып  отырмыз.  Өзара  сенімге  құрылған  бұл 

әңгімелерде біз аймақтық және халықаралық мәселелердің үлкен 

бір жиынтығын, ең алдымен, екіжақты ынтымақтастықтың кең 

ауқымды мәселелерін талқыладық, – деді ол.

Өзбекстан  басшысы  күн  тәртібіндегі  көптеген  көкейкесті 

және өзекті мәселелер бойынша тараптардың көзқарастары мен 

ұстанымдары бір жерден шыққанын мәлімдеді. Бұл екі жақ үшін 

бірлесе  атқаруға  тура  келетін  көптеген  міндеттерді  жеңілдете 

түседі.  Осы  сөздің  орайында  Ислам  Каримов  аймақтағы  су 

мәселесіне назар аударды. Дарияның жоғарғы ағысында отырған 

ағайындар суды пұлдауға көшті. Бұлай бола берсе, ертең судың 

бағасы  алтыннан  да  асып  кетуі  ықтимал.  Бүкіл  әлемде  суды 

саудаға салып отырған бірде-бір мемлекет жоқ. Ол сол өзеннің 

бойында  отырған  барша  жұртқа  ортақ.  Қазір  Өзбекстан  көп 

жылдардан бері автомобиль шығарумен айналысып келеді. Оған 

керекті болат құймалар Қазақстанда көп. Жақын келешекте бұл 

орайда да жақсы қарым-қатынас орнатуға болар еді.

Өзбекстан  Президенті  сондай-ақ  бүгін  өмірге  келген  жаңа 

құжат – Стратегиялық әріптестік туралы келісімшарттың екі ел 

арасындағы  ынтымақтастық  пен  қарым-қатынастың  келешегін 

бұрынғыдан  да  жоғары  деңгейге  жеткізіп  бергеніне  тоқталды. 

Ол  осындай  озық  ойлы  идея  көтерген  Қазақстан  Президентіне 

разы екенін жеткізді.

Келесі  кезекте  сөз  алған  Нұрсұлтан  Назарбаев  та  қол 

қойылған Стратегиялық әріптестік туралы шарттың қазақ-өзбек 

қарым-қатынастарында  жаңа  көкжиектер  ашатынына  сенім 

білдірді.

Бұдан  кейін  Елбасы  Қазақстан  мен  Өзбекстан  арасындағы 

ынтымақтастық  шеңберін  бұдан  да  кеңейте  түсуге  мүмкіндік 

барын  айтты.  Айталық,  Алматы  мен  Ташкент  қалалары  арасы-

на  темір  жол  қатынасын  орнатудың  жайын  қарастырған  абзал. 

Бұл  екі  ортада  тасжол  салудың  да  мүмкіндіктерін  қарастырған 

жөн. Оның екі ел үшін де пайдасы ұшан-теңіз. Мұның сыртында 

жақында Қазақстан-Түркіменстан арасында темір жол қатынасы 

қатарға қосылды. Ол жақын жылдарда Қазақ елінде өндірілген 

тауарларды Парсы шығанағы арқылы әлемдік рынокқа жеткізуге 

мүмкіндік береді. Теңізге шығу жолдары жоқ Қазақстан секілді 

Өзбекстан да осы болат жолдың қызметін пайдалануына әбден 

болады.

***


Екі ел басшылары кездесуінің кешке қарай жалғасқан екінші 

бөлігі негізінен Ташкент қаласында Қазақстан елшілігінің жаңа 

ғимараты  мен  оның  алдына  орнатылған  ұлы  Абай  ескерткішін 

ашуға арналды. Айтатыны жоқ, бұл екі нысанның екеуі де өте 

көрікті  көрінді.  Үш  қабаттан  тұратын  елшілік  ғимаратының 

алдыңғы  қатары  24  метрге  дейін  созылып  жатыр.  Ал  оның 

алдындағы  Абайдың  айбынды  ескерткіші  әлдеқалай  біздің 

жақтан бара қалған отандасымызды өз елінде жүргендей әсерге 

бөлейтіні  анық.  Қоладан  тұрғызылған  осынау  сом  тұлғаны 

қазақстандық  шеберлер,  мүсінші  Нұрлан  Далбай  мен  сәулетші 

Расул Сатыбалдиев жасапты.

Ескерткіштің  ашылу  салтанатында  екі  елдің  басшылары 

сөз  сөйледі.–  Абай  жырлары,  қара  сөздері  мен  философиялық 

ойлары  –  тек  қазақ  халқының  ғана  емес,  сондай-ақ,  бүкіл  Ис-

лам  әлемінің  рухани  мұрасы.  Оның  шығармалары  танымдық, 

еңбексүйгіштік, әділдік пен бауырластыққа үндейді. Қазақ халқы 

Абайды өздерінің рухани ұстазы, ұлттық жаңарудың қайнар көзі 

институтында  және  Науаи  педагогикалық  институтында 

бакалавриат  деңгейінде  қазақ  тілі  факультеттері  бар.  Бүгінгі 

күні студенттер саны 700 болса, олар магистратурадағы оқуын 

өзбек  тілінде  жалғастыруға  мәжбүр  болуда.  Низами  атындағы 

мемлекеттік  педагогикалық  институтта  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

кафедрасы  жанынан  М.Әуезов  бөлмесі  ашылды.  Қазіргі  таңда 

елшілік  аталған  бөлмені  әдеби,  көркем  шығармалар  және 

қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқыту  құралдарымен  қамтамасыз  ету 

бағытында  жұмыстар  атқаруда.  Сонымен  қатар,  2010  жылғы  6 

мамырдағы Қазақстан Үкіметі қаулысына сәйкес, қазақстандық 


6

алтын бесік - а

тамекен

менің е

лім - қа

зақст

ан

ретінде қабылдайды. Оның еңбектері мәңгілік. Уақыт өткен сай-

ын  туындылары  қоғам  және  мәдени-рухани  өмір  үшін  бағыт-

бағдар көрсетіп, мейлінше өзекті бола түсуде, - деді Қазақстан 

Президенті.

Елбасы, сонымен бірге, ұлы ақынның өзбек халқы жөнінде 

айтқан  ұлағатты  ұғымдарын  да  жұрт  қаперіне  салып  өтті.  Да-

нышпан  Абай  өзбек  халқы  туралы  «екпеген  егіні,  қылмаған 

шеберлігі жоқ» екенін айтып, олардың еңбекқорлығын үлгі ет-

кен.  Сол  еңбекқорлық  дәл  қазіргі  таңда  кім-кім  үшін  де  әбден 

қажеттілікке  жарар  еді.  Соңында  ормандай  ойлар  шайқаған 

Абай ілімі, Абай өсиеттері ешқашан ескірмек емес. Олар ұрпақ 

тәрбиесіне ауадай қажет. Осы тұрғыдан келгенде, Ташкенттің ор-

тасында ұлы ақынның толымды тұлғасының бой көтеруі орасан 

зор рухани оқиға болып табылады.

Нұрсұлтан  Назарбаев  жиналғандардың  баршасын  Абай 

ескерткіші мен Қазақстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылуымен 

құттықтап, бұл оқиға екі мемлекеттің достық пен бауырластықты 

нығайтуға деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті.

Сөзінің  соңында  Нұрсұлтан  Назарбаев  бұдан  бұрын 

жүргізілген 

келіссөздердің 

сындарлы 

нәтижелеріне 

қанағаттанушылық сезімін білдірді.

– Қазақстан мен Өзбекстан – өңірдегі ірі мемлекет, олардың 

қарым-қатынасына  бүкіл  Орталық  Азиядағы  тыныштық  пен 

қауіпсіздік байланысты, – деді Қазақстан Президенті.

Өз  кезегінде  Өзбекстан  Президенті  И.Каримов  екі  бауыр-

лас  халықтың  достығының  беріктігіне  сенімін  білдіріп,  Абай 

ескерткіші мен Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашы-

луы  арқылы  Өзбекстан  астанасының  көркіне  көрік  қосыла 

түскенін атап өтті.

Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Астана-

да да Әлішер Науаи ескерткіші орнатылатынына сенім білдірді.

Елшіліктің жаңа ғимаратының және Абай ескерткішінің ашы-

лу рәсімінен кейін екі мемлекеттің көшбасшылары «Шейханта-

хур» кешенінде болып, Шейх Хавенди Тахурдың және қазақтың 

төбе биі атанған Төле би кесенелерін аралап көрді.

Серік ПІРНАЗАР

                        



Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет