1999 жылдың таңдаулы оқиғалары ның бірі қазақтың маңдайына біткен



жүктеу 38.86 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі38.86 Kb.
#12655

1999 жылдың таңдаулы оқиғалары-

ның бірі — қазақтың маңдайына біткен 

ж ұ л д ы з ы — академик Қаныш Иман-

тайұлы Сәтбаевтың туғанына 100 жыл 

толуы. Осынау айтулы мерекені өткізу 

үшін мерекелік комиссия құрылған бо-

л а т ы н . Еліміздің  ә р  а й м а ғ ы н д а 

Қанекеңнің мерейтойына байланысты 

ауқымды шаралар өткізіліп, оның есімін 

ұлықтау мақсатында елеулі жұмыстар 

жүргізілді. 

Олардың ішіндегі ең бастысы — 

ЮНЕСКО-ның 1997 жылдың қазан ай-

ында академиктің 100 жылдық мерей-

тойын  д ү н и е ж ү з і л і к деңгейде атап 

өтуге байланысты шешім қабылдауы. 

Бұл Қанекеңді қазақстандықтар ғана 

емес, дүниежүзінің барлық халықтары 

м о й ы н д а д ы деген сөз. Соған орай 

сәуірдің 13 мен 23 аралығында Париж-

д е ЮНЕСКО-ның  ш т а б - п ә т е р і н д е 

Қ . С ә т б а е в қ а  а р н а л ғ а н  « Қ а з а қ с т а н 

ғылымы — кешегіден бүгінге» деген та-

қырыпта көрме  ж ұ м ы с істеді. 

Д ү н и е ж ү з і л і к көлемдегі осынау 

игілікті шараға Қазақстаннан ғылым-

ның әр саласынан 20 шақты ғалым 

қатысып қайтты. Солардың қатарында 

Қанекеңнің бүкіл еңбегі мен болмысын 

зерттеп, жарыққа шығаруға аянбай бел 

шеше кіріскен жазушы Медеу Сарсеке 

мен Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының 

п р е з и д е н т і ,  б е л г і л і ақын,  қ о ғ а м 

қайраткері Кәкімбек Салықов та бол-

ған еді. Қанекеңді бүгінгі ұрпағымен та-

ныстыруда әрі оның ғалым ретіндегі 

тұлғасын көркем әдебиетте бейнелеу-

де айрықша еңбек сіңіріп жүрген Ме-

деу Сәрсекенің орны бөлек. Ол кісі ака-

д е м и к  т у р а л ы  қ а з а қ  ж ә н е  о р ы с 

тілдерінде 7 кітап шығарған. 

Парижде аталып өткен осынау ме-

р е й т о й ғ а  б а й л а н ы с т ы М.  С ә р с е к е 

«Ақиқат» журналына берген сұхбатын-

да былай деген екен: «Біз ЮНЕСКО-ның 

Бас директорының ғылым жөніндегі 

орынбасары М. Иаккарино мырзаның 

қабылдауында болдық. Бұл кездесу 

бас-аяғы 1,5  с а ғ а т т а й ғана болды. 

Меніңше осы кездесуде-ақ біздің деле-

гацияның алдағы 8-9 күндік жұмыста-

рының бағдары жасалды. Бұдан кейінгі 

к ү н д е р осы  б а ғ д а р л а м а  б о й ы н ш а 

жүрді. Үш күн ұдайы біз ЮНЕСКО-ның 

штаб-пәтерінде ғылымның әр саласы 

бойынша кездесулер өткізіп, Қазақстан 

ғылымының бүгінгі көкжиегін танысты-

румен болдық. 

Көрмеге кіре берісте  қ а б ы р ғ а ғ а 

Қаныш Имантайұлының үлкен портреті 

қойылған. Содан кейін балалық шағы, 

о қ ы ғ а н  м е к т е б і ,  с е м и н а р и я , Том 

университеті, содан кейін Қанекеңнің 

Жезқазғанда жүргендегі тамаша бір 

үлкен портреті (34 жаста түскен), Жез-

қ а з ғ а н  ш а х т а л а р ы н ы ң  с у р е т т е р і , 

Қанекеңнің бұрын ертеректе шыққан 

бес  т о м д ы қ  т а ң д а м а л ы  ғ ы л ы м и 

еңбектері, Қанекен  т у р а л ы шыққан 

кітаптар қойылған, сол жерде менің де 

3-4 кітабым тұр. Содан кейін Қазақстан 

ғылымы басталады. Әрі қарай екінші 

бөлмеге айналасыз. Соның бірінде тағы 

да Қазақстанның ғылымы... Кісі көп 

ж и н а л ы п т ы . С о л  ж е р д е кәдімгідей 

қазақша қонақасы берілді. 

Соңғы мәжіліс 19 наурыз күні бол-

ды, оған біздің делегацияның басшыла-

ры, ЮНЕСКО-ның басшылары қатыс-

ты. Сонда ЮНЕСКО-ның Бас директо-

рының орынбасары М.Иаккарино мыр-

за айтыпты: «Бізге бәлендей, түгендей 

көмек көрсетілсе деген өтініштер көп 

түседі. Кейбірімен келісеміз. Салтанат 

көп болады. Қөбі өздері бір нәрсе көріп 

қайту үшін келгендей әсер қалдырады. 

Сіздердің Келістеріңіз басқаша болды. 

Сіздер жұмыс істедіңіздер. Қазақстан-

ның ғылымын көрсете білдіңіздер. Де-

мек, мына сіздердің ұлықтап отырған 

академик К.Сәтбаевтарыңыз да ғылым 

үшін таза мектеп, дұрыс мектеп құрған 

екен. Мұның ұлағаты байқалып тұр», 

— депті». 

Қазақ кім десе, мынау деп ұялмай-

қызармай көрсете алатындай үлкен 

тұлғамызды насихаттап,  ұ л ы қ т а у д а 

М.Сәрсекедей еңбек сіңірген адам жоқ. 

Оның Қаныш  И м а н т а й ұ л ы н ы ң 

өмірбаянын зерттеумен шұғылданғаны-

на 40 жылдан асыпты. «Қанекең тура-

лы мен ғана емес, бұл тақырыпқа бір 

кезде Букетов те жазбақ болған, Бра-

гин де жазды. Басқа да жазам деушілер 

бар, жазамын деп тағы он,  ж ү з кісі 

шықса да, бәріне жетіп тұр. Бұл кісінің 

өмірі қаптаған шиеленіс, өмірінде үнемі 

күрес, шындық үшін тайталас, алыс-

жұлыс. Бір кезде бұл кісіні тұншықты-

рып қоямын, жауып тастаймын деген 

адамдар да болды. Ақырында не бол-

ды? Бәрі ұмыт болып, далада қалды. 

Қанекең жердің астын жарып қайта 

шықты. Міне, өзінің 100 жылдығында 

қазақтың мерейін асырып, Парижеге 

бірақ шығарды...», — дейді М.Сәрсеке. 

Иә, қазақтың даңқын шығарып, 

дүниежүзіне мәлім ету екінің бірінің 

қ о л ы н а н  к е л е  б е р м е й т і н і  а қ и қ а т . 

Қаныш десе — қазақ, қазақ десе — 

Қаныш деуге әбден лайық. Өмірін тар-

тысты өткізген Қанекең өлгеннен кейін 

де өзінің жасап кеткен ұлы істерімен 

қ а з а қ т ы ң атын шығарып,  д а ң қ ы н 

көтерді. 

Қанакеңнің мерейтойы республика 

көлемінде де кеңінен атап өтілді. 6-

сәуірде Жезқазғанда Қаныш Сәтбаев-

қа арналған «Академик Қ.И.Сәтбаев 

және оның Қазақстандағы инженерлік 

істің қалыптасуы мен дамуына қосқан 

үлесі» деген тақырыпта республикалық 

ғ ы л ы м и - т е х н и к а л ы қ конференция 

өткізілді. Сол күні Жезқазған қаласын-

да Қанекеңнің зәулім ескерткіші ашыл-

ды. Қазақша күрестен республика 

кубогі үшін жарыс өткізілді. Оған 14 

команданың 120 балуаны 6 салмақ 

дәрежесі бойынша күш сынасты. 

Ал сәуірдің 12-де Алматыда Қаныш 

Имантайұлына ескерткіш ашылып, со-

ңынан Республика сарайында салтанат-

ты жиналыс болды. Мұның бәріне Ел-

басы Н.Назарбаев қатысып, салтанат-

ты жиналысты өзі ашып, сөз сөйледі. 

Қ.Имантайұлы 1926 жылы Жезқаз-

ғанды қалай ашқанын, оның 15 жыл 

ішінде дүниежүзінде бірінші мыс про-

винциясы болатынын дәлелдеп бергенін 

екінің бірі біле бермес. Қанекең кейінгі 

2 5  ж ы л д а й  ғ ұ м ы р ы н д а  О р т а л ы қ 

Қазақстанның кең даласындағы су 

п р о б л е м а с ы м е н  а й н а л ы с т ы . Осы 

мәселені шешу үшін кешегі Кеңес Ода-

ғының басшыларын көндіріп, Ертістің 

суын 475 метр жоғарыға көтеріп, 512 

шақырымға канал салдырды. Бүгінде 

бұл каналдың осы аймақты сумен қам-

тамасыз етудегі ролі ерекше. 

Қаныш  И м а н т а й ұ л ы көзі тірі 

кезінде-ақ өзін танытып, мойындатып 

кеткен  ғ ұ л а м а л а р д ы ң бірі. Онымен 

дүниежүзінің белгілі ғалымдары да са-

насып отырған. Ол 1957 жылы бүкіл 

қытайлық геологтар съезіне бас баян-

дамашы болып қатысқан. Қытай өте 

намысқой ел, мұндай дәрежелі баянда-

маға шет елден анау-мынау ғалымды 

ш а қ ы р а бермейді. Ал, 1964  ж ы л ы 

АҚШ-тың Принстон және Лондондағы 

Кембридж университеттерінде қазақ 

ғ а л ы м ы  м е т а л л о г е н и я д а н  л е к ц и я 

оқыған. Сол жылы Қаныш Имантайұ-

лын  Д е л и д е өткен  г е о л о г т а р д ы ң 

дүниежүзілік екінші конгресі бас баян-

дамашылыққа шақырған. Ол кісі конг-

реске барғысы келіп, баяндамасын 

әзірлеп жатқан кезінде қатты ауырып, 

1964 жылдың қаңтарында қайтыс бол-

ды. Кешегі қой бағып, мал бағып өскен, 

ауылдан шыққан қазақ ғалымы айна-

ласы 40 жылда осындай биік деңгейге 

көтерілді. 

Қ.Сәтбаевтың өз қолымен жазып 

кеткен қазақша еңбектерінің жинағы 

баспаға дайындалды. Алматыда жыл 

сайын 12 сәуірде өткізілетін «Сәтбаев 

сабақтары» және «Қ.И.Сәтбаев және 

қазіргі заман» атты студенттер мен 

жоғары сынып оқушыларының арасын-

да өткен «Кіші академия», «Сәтбаев 

клубы», «Сәтбаев мұражайы»,халықа-

ралық Қ.Сәтбаев қоры ұйымдастырған 

ғылыми сайыстың мәні зор. Қанекең 

еңбек еткен  Ж е з қ а з ғ а н , Павлодар 

облыстары мен  А л м а т ы қаласынан 

қалыспай Ақтөбе, Семей, Солтүстік 

Қазақстан облыстары жастарының да 

белсенділігі байқалды. 

Сонымен, Сәтбаев тойы — ұлы той, 

ғылым тойы, парасат тойы. Сәтбаевтың 

тек Қазақстан үшін ғана емес, кешегі 

Кеңестер Одағына танымал ұлы тұлға 

болғандығы барынша көрсетілді. Қазақ 

халқын бүкіл әлемге мойындатқан 

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туға-

нына 100 жыл толу мерекесі еліміздің 

болашаққа нық сеніммен, батыл қадам-

мен аттап бара жатқанын дәлелдеген 

мерейлі той болғандығы сөзсіз. 



Дәулетбек МАҚАШ. 


жүктеу 38.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет