1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



жүктеу 36.82 Kb.
Pdf просмотр
бет1/24
Дата13.01.2017
өлшемі36.82 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 
1996 жылдан бастап шығады 
Основан в 1996 году 
 
Куәлік №3631-Ж 
Свидетельство №3631-Ж 
 
 
 
 
 
№ 1(28), наурыз, 2013 
№ 1(28), март, 2013 
 
Жылына 4 рет шығады 
Выходит 4 раза в год 
 
 
    
 
 
Ғылыми журнал 
 
Халел Досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік университетінің
 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
 
 
 
ВЕСТНИК 
Атырауского государственного 
университета 
имени Халела Досмухамедова 
 
Научный журнал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Атырау 
Х.Досмұхамедов 
атындағы 
АтМУ  баспасы 
 
Атырау 
Издательство АГУ 
имени  
Х. Досмухамедова 
Редакциялық-баспа кеңесі   ●   Редакционно-издательский совет 
 
 
Бас редакторы • Главный редактор 
Мамраев Б.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
Жауапты хатшы • Ответственный секретарь  
Абдинов Р.Ш. 
 
Кеңес мүшелері • Члены совета 
 
 Танатарова  Ж.Т.,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Барсай 
Б.Т.,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Жангереева  Г.Ж., 
химия  ғылымдарының  кандидаты,  профессор;  Имашев  Г.И.,  педагогика 
ғылымдарының  докторы,  профессор;  Насиров  Р.Н.,  химия  ғылымдарының 
докторы, профессор; Сарсенов А.С., тарих ғылымдарының докторы, доцент; 
Сагындыкова  З.С.,  биология  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Таубаев 
Б.Ж.,  ауылшаруашылық  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Қасабеков 
С.А.,  философия  ғылымдарының  докторы;  Ахмет  А.,  тарих  ғылымдарының 
докторы;  Балтогаева  Ж.Е.,  филология  ғылымдарының  кандидаты;  Кольцов 
П.М.,  тарих  ғылымдарының  докторы,  (Ресей    Федерациясы);  Есенаманова 
М.С., техника ғылымдарының кандидаты; Есенаманова Ж.С., PhD докторы. 
 
 
 
 
© Атырауский государственный  
университет имени Х. Досмухамедова,  
2012 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

3
 ~ 
 
 
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ 
ЭКОЛОГИЯ И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ 
ӘОЖ 379.852:29 
Ж.Х. Ахтаубаева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАЗІРГІ 
ЖАҒДАЙЫ 
 
Аңдатпа 
       
Мақалада  Қазақстан  Республикасы  жер  қорының  құрылымы  олардың 
аймақтар  бойынша  таралуы  және  олардың  қазіргі  кездегі  жағдайы  туралы 
баяндалған. 
Негізгі  сөздер: 
Жер  ресурстары,  жер  қоры, табиғи  ресурстар, топырақ  эрозиясы, 
топырақ құрылымы. 
 
Елдің    негізгі  байлығы  –  оның  жер  ресурстары,  оның  экономикалық  және 
әлеуметтік  игілігінің  негізі.  Қазақстанда  ұлан  -  ғайыр  жер  ресурстары  бар, 
сондықтан  оларды  ұтымды  және  тиімді  пайдалану  үшін  арнайы  стратегия  қажет. 
Қазақстан  Республикасында  саяси  және  экономикалық  құрылысты  реформалау 
процестері  жер  қатынастарын  түбегейлі  өзгерту  және  мемлекеттің  тікелей 
басқаруымен 
жер 
реформасын  жүргізу 
қажеттілігін 
туғызады. 
Нарықтық 
экономикаға  көшу  жерге  әртүрлі  меншік  нысандарын  енгізу,  жер  пайдаланудың 
ақылы  болуын,  жердің,  оның  өндіріс  құралдары,  кеңістіктік  базис  және  шектелген 
маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын 
мүлік  және  құқықтық  реттеу  нысаны  ретінде  заң  тұрғысынан  танудың  объективті 
қажеттілігін  туғызады.  Осыған  байланысты  елдің  жер  ресурстары  әлеуетін  тиімді 
пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу айрықша өзекті 
болып отыр.  
 
Осыған  байланысты  елдің  жер  ресурстары  әлеуетін  тиімді  пайдалану  мен 
қорғаудың  негізгі  стратегиялық  бағыттарын  белгілеу  айрықша  өзекті  болып  отыр. 
Жер мәселесі әр елдің саясатында, экономикасында, экологиясында және әлеуметтік 
саласында басты болған және болады да- ол тек ұлттық деңгей ғана емес, сонымен 
қатар  әлемдік  деңгей  проблемасы.  Сондықтан  қазіргі  кезде,  әлемде  барлық 
байлықтың  көзі,  құнды  табиғи  ресурс  және  өндіріс  факторы  ретінде  ерекше  назар 
аударылып отыр.  
 
Бұрын жерді пайдаланғанда, ол ресурс және резерв ретінде қарастырылды. 
Бірақ  соңғы  жүз  жылдықтағы  жер  пайдалану  проблеммалары  мен  болашаққа 
болжау  адамзаттың  жерге  деген  көзқарастарын  өзгертуіне  әкеліп  соқты.  Мәселе 
әлемдік  жер  пайдалануда  халықтың  жермен  қамтамасыз  етілуі  құнарлы  жерлердің 
ауыл шаруашылықтық емес мұқтаждықтарға бөлінуінен, эрозиядан деградация мен 
жерлердің шөлге айналуы салаларынан баяу қысқарып келеді. Соңғы жылдары жер 
пайдалану  проблемасын  қоса  алғандағы,  әлемдік  сипаттағы  проблемаға  арналған 
бірқатар Концепциялар әзірленеді.  
 
Қазақстан    Республикасы    Еуразия    құрылғының  ортасында    аса  көлемді  
аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында  Еділ (Волга) өзенінің 
сағасынан  бастап  –  шығысында  Алтай  тауларына  дейін  3  мың    километрге  дейін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

4
 ~ 
 
және  солтүстікте  Батыс  Сібір  ойпатынан,  оңтүстікте    Солтүстік  Тянь  -  Шянь 
тауларынан  Іле Алатауына дейін 1,6 мың  километрге созылып жатыр. Республика 
аумағы жағынан дүние жүзі елдерінің ондығының құрамына кіреді.  
 
Қазақстанның  шекаралас  мемлекеттермен    құрылықтағы    шекарасының 
жалпы  ұзындығы  13  392,6    км,  оның  ішінде  Ресей  Федерациясымен  –  7591,0  км, 
Өзбекстан  Республикасымен – 2351,4 км,  Қытай Халық Республикасымен – 1 241,6 
км,  Қырғыз  Республикасымен  –  1241,6  км,  Түрікменстан    Республикасы  арқылы  - 
425,8 км. құрайды.  
 
Қазақстан  экономикалық  әлуеттігі  жөнінен  78  -  ші  ғана  орындамыз.  Біздің 
еліміздің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазақстан табиғат ресурстарына бай елдердің 
қатарына жатады.Мұның өзі Қазақстанның табиғи байлықтарына,  сауатты  да еңбек 
сүйгіш  халқына,  ерекше  өндірістік  жағдайы  мен  халықаралық  байланыстарына 
сүйене отырып, әлемнің экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылуына толық 
мүмкіндігі  бар  екендігін  білдіреді.Қазақстан  табиғат  аумағында  жер  ресурстарының 
ірі табиғи - ресурстық әлуеті бар. Біздің еліміздің негізгі бірінші байлығы минералдық 
ресурстар  және  жер    ресурстары.  Олармен    тұрғындардың    жан    басына  
шаққандағы    қамтамасыз    етілуі    жөнінен    дүние    жүзіндегі    ірі    мемлекеттердің  
арасында  жоғарғы  орында. Біздің  еліміздің  бірінші  байлығы – жер  ресурстары. 
Қазақстан    дүние    жүзі    елдері    бойынша  табиғат      ресурстарына    бай    елдердің  
қатарына    жататыны    белгілі.  Қазақстан  аумағы  бойынша  Азиядағы  үшінші  ел,  ол 
табиғи  –  ауыл  шаруашылығы  аймақтарын  қамтитын    272,5  млн.  гектар  аумақты 
алып  жатыр.  Далалы,  құрғақ  далалы,  жартылай  шөлейтті  және  шөлді  аймақтың 
үлесіне  жалпы  аумақтың  87,4%  және  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  88,3% 
жатады.  
 
Қазақстанның    жер  ресурстарымен    салыстырмалы    түрде    қамтамасыз  
етілуіне  тоқталатын  болсақ.    
 
Кесте 1 -  Қазақстанның  жер ресурстары  оның  дүние  жүзіндегі  үлесі 
Аймақтар 
Жайылымдар 
Шабындық 
Орман 
Бүкіл дүние жүзі 
3395 млн.га 
1345 млн.га 
4138 млн.га 
Қазақстан 
187 млн.га 
19,4 млн.га 
9,6 млн.га 
Дүние жүзіндегі орны 
4- ші 
14-ші 
58 – 59 –шы 
Дүние жүзіндегі үлесі 
5,5 % 
1,4 % 
0,2 % 
1-адамға шаққанда 
Әрбір шартты басқа 27 
га 
1,3 га 
0,6 г 
  Ескерту: Жайылыммен қамтамасыз етілу малдың әр басына шаққандағы есеппен алынды. 
 
 
Нәтижесінде Қазақстан  Республикасының  пайдаланып  отырған  жер  қоры 
261173,8 мың гектарды құрайды.2011 жылдың жер есебінің мәліметтерінің талдауы 
жер  санаттарын  алаңдарға  бөлінуі  кезінде  біраз  өзгерістерді  көрсетеді,  ол  есепті 
2011  жылғы  және  өткен  2010  жылдың  жер  қоры  құрылымының  мәліметтерімен 
дәлелденді.  Қазақстан  Республикасының  жер  қоры  өзінің  табиғи  ерекшеліктеріне 
қарай,  негізінен,  ауыл  шаруашылығы  алқаптарынан  тұрады  (81,7%),  орман 
алқаптары  мен  ағашты  -  бұталы  екпелер  республиканың  жер  қорының 
құрылымында бар - жоғы 5,3% –ды, су мен батпақ астындағы жерлер - 3,2%, басқа 
алқаптар жалпы алаңның  9,8%-ын құрайды. 
 
Республиканың  жер  қорының  81,7%  –ын  ауыл  шаруашылығы  алқаптары  
алып  жатыр,  олардың    ішінде  шөлді  және  жартылай  шөлді  типтегі  жайылымдар 
басым  (84,9%),  ал  егістік  10,2  %–ды  құрайды.  Еліміздің  егістік  жерінің  келешек 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

5
 ~ 
 
мүмкіндігі  жоғары  екендігін  мына  мысалдан  көруге  болады.  Әлемнің  әртүрлі 
елдерінде  халықтың  егістік  алқаптармен  қамтамасыз  етілу  көрсеткіші  мынандай: 
алсақ Ресейде бұл көрсеткіш  0,87- га, Канадада 1 тұрғынға – 1,48 гектар, АҚШ-та – 
0,63  гектар, Қытайда –  0,08  гектар, Жапонияда – 0,03  гектар  жерден  келсе,  біздің 
Қазақстанда 1 тұрғынға 1,51 гектар жерден айналады. 
 
Бүкіл әлем бойынша алғанда адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші уақыт 
өткен сайын төмендеу үстінде. Бұдан 10-15 жыл бұрын әлем бойынша егістік жер 1 
адамға 0,45 - 0,5 гектардан айналса, қазіргі уақытта осы көрсеткіш бар болғаны 0,25 
гектарды  ғана  құрайды.  Осыдан  барып  жердің  материалдық  игілік  көзі  ретіндегі 
бағасы  да  артқан  үстіне  артуда.  Сонымен  адамзат  қауымы  дамыған  сайын  оның 
тіршілігінің негізгі көзі – жердің маңыздылығы да арта беретіндігінің куәсіміз.  
 
Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексіне  сәйкес  нысаналы  мақсаты 
бойынша  жер қорын мынадай санаттарға бөлінеді: 
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; 
3)  өнеркәсіп,  көлік,  байланыс,  қорғаныс  жері  және  өзге  де  ауыл  шаруашылығы 
мақсатына арналмаған жер ; 
4)ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  жері,  сауықтыру  мақсатындағы, 
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 
5) орман қорының жері; 
6) су қорының жері; 
7) босалқы жер. 
 
Жер  балансының  2011  жылғы  1  қарашадағы  деректері  бойынша  Қазақстан 
Республикасының аумағы 272,5 млн гектарды құрайды, оның 11 317, 3  мың гектар 
жерін  Ресей  Федерациясы  Байқоңыр  ғарыш  айлағы  және  әскери  полигоны  ретінде 
ұзақ  мерзімге  жалға  пайдаланылады,  сонымен  бірге  Өзбекстан  Республикасы 
аумағынан  0,9  гектар  жер  Қазақстан  Республикасына  «Шымған»  санаторий  үшін 
берілген.  
 
Қазақстан  Республикасы  жер  балансының  2011  жылғы  1  қарашадағы 
деректері бойынша республиканың әкімшілік - аумақтық құрылымының жүйесіне 14 
облыс,  2  республикалық  маңызы  бар  қала,  161  әкімшілік  аудандар,  231  облыстық, 
аудандық  маңыздағы  қалалар  мен  кенттер  және  6789  селолық    ауылдық  елді 
мекендер және 2453 ауылдық (селолық) округтер кіреді. 
 
Кесте  2  -  Қазақстан  бойынша  жер  қорының  санаттары  бойынша  құрылымының 
динамикасы, % 2011 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша 
Республикадағы  болып  жатқан  өзгерістер  жер  қорын  санаттар  мен  алқаптар 
бойынша бөлуде белгілі бір өзгерістерге алып келді: 
Жерсанаттары 

Ауылшарашылығы мақсатындағы жерлер 
35.9 
Елді мекендер жері 
9.1 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл 
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер 
1.0 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, 
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер 
2.2 
 
Орман қорының жері 
8.8 
Су қорының жері 
1.6 
Босалқы жер 
41.4 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

6
 ~ 
 

ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жер  құрамынан  қордағы  жерлер 
қатарына және өзге санаттарға 135,0 млн.га (62%) жер ауыстырылды; 

өнеркәсіп,  көлік,  байланыс,  қорғаныс  және  өзге  де  ауыл  шаруашылығына 
арналмаған жерлердің ауданы 8 есе азайды;  

мемлекеттік орман қоры жерінің ауданы 5,6 г-ға өсті; 

ауылдық  округтерге  мал  бағу  және  басқа  да  мақсаттар  үшін  қосымша 
жерлердің берілуіне байланысты ауылдық елді мекендер жерінің ауданы 11 есе өсті.  
 
Республиканың  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  құрылымында  ауыл 
шаруашылығы  мақсатындағы  жерлердің  үлес  салмағы  38,5%.  Ауыл  шаруашылығы 
алқаптарының  елеулі  ауданы  босалқы  жер  қорының  (50,6%),  елді  мекендердің 
(8,6%), орман қорының (3,6%) құрамында орын алады. 
 
Республикадағы  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  негізгі  түрі  жайылым  
болып    табылады.  Олар  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  189,0  млн.  гектарын 
немесе  84,9%–ын  алады.  Республиканың  жер  қорының  49,7  млн.  гектарын  немесе 
18,3% –ын ауыл шаруашылығына арналмаған алқаптар алып жатыр. 
 
2003 жылғы 19 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында жер мониторингін 
жүргізу мен оның мәліметтерін пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қаулыларын және 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  өзге  де  нормативті-құқықтық  актілерінің 
нарықтық  экономика  жағдайында  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  өзге  де 
шаралармен  кешендестіре  отырып  жерді  ұтымды  пайдалану,  топырақ  құнарлығын 
сақтау  және  арттыру,  жер  ресурстарын  қорғауды  қамтамасыз  етудің  орындалуын 
қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.  
 
Қазақстан Республикасы Жерінің сапалық жағдайын қарастыру нәтижесінде 
бүкіл  ауыл  шаруашылығына  жарамды  жерлердің  22,7  млн.га  ғана  ешқандай 
қосымша 
сапа 
жақсарту 
жұмыстарынсыз 
пайдалануға 
болатындығы 
анықталған.Республикадағы  ауыл  шаруашылығына  жарамды  жерлердің  20%  –інің 
құрамында  қиыршық  тастары  бар  топырақтар,  15,9%  сортаң  топырақтар  алып 
жатыр. 5,0 млн. гектар ауыл шаруашылығына жарамды жерлер су эрозиясына, 25,5 
млн.га  жел  эрозиясына  ұшыраған.  Көп  ылғалданған  жерлер  3,1  млн.  га, 
батпақтанған жерлер көлемі – 1 млн. га.  
 
Қазақстанның  барлық  облыстарында  дерлік  жердің  сапасының  нашарлау 
үрдісі:  топырақта  қарашіріктің,  қоректік  заттардың  азаюы:  азықтық  база 
потенциалының  төмендеуіне  алып  келген  өсімдіктердің  түрлік  құрамы  мен  оның 
түсімділігі  байқалады.  Ауыл  шаруашылығы  алқаптары  деградацияға,  ластануға 
ұшыраған және құнарлығын қалпына келтіру бейімділігін жоғалтуда. 
 
Егістіктің,  оның  құнарлығына  әсер  ететін  белгілері  бойынша  сапалық 
жағдайының  сипаттамасы  егістік  құрамында  теріс  белгілерімен  шиелініспеген 
топырақтар  егістік  құрамының  14,6  млн.  га  немесе  жалпы  ауданының  64,3%  –ын 
алып  жатыр.  Теріс  белгілері  жоқ  топырақтары  бар  егістіктің  ең  жоғарғы  үлес 
салмағы  Қостанай  (74%),  Ақмола  (73%)  және  Солтүстік  Қазақстан  (70%) 
облыстарында байқалады.  
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2005  жылғы  5  қаңтардағы  №3 
Қаулысымен  бекітілген  «Ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлерді  ұтымды 
пайдалану  жөніндегі  2005-2007  жылдарға  арналған  бағдарламасы»  қабылданды. 
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-
шаралар  кешенінде  нарықтық  экономика  жағдайында  ауыл  шаруашылығы 
мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, топырақ құнарлығын 
сақтау және арттыру, жер ресурстарын қорғау.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

7
 ~ 
 
Қазақстан Республикаысының жер ресурсын ұтымды пайдалану тек қана жер 
мониторингі  желісін  дамытып,  жер  ресурсының  аймақтық  ерекшеліктерін  және 
табиғи-географиялық  ерекшеліктерін  ескергенде  ғана  мүмкін.  Жерді  ұтымды 
пайдалану  мен  қорғау  жөніндегі  іс-шараларды  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру  кезінде 
ландшафтық-экологиялық көзқарасты іске асыру қажет. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5-қаңтардағы №3 Қаулысымен 
бекітілген  «Ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлерді  ұтымды  пайдалану 
жөніндегі  2005-2007  жылдарға  арналған  бағдарламасы»  //  Қазақстанның  жер 
ресурсы. №1. 2005ж. 15-19. 
2.  Қазақстан  Республикасының  2005  жылғы  жер  жағдайы  және  оны  пайдалану 
туралы жиынтық талдамалы есебі. Астана, 2006. Б.42-57.  
3.Стратегический 
план 
Агенства 
Республики 
Казахстан 
по 
управлению     
земельными ресурсами на 2009 – 2011 годы. Астана, 2008. 
4.  Сводный  аналитический  отчет  о  состоянии  и  использовании  земель  Республики 
Казахстан. Алматы. 2006. 
Резюме 
В  данной статье  рассматриваются  состав земельных ресурсов Казахстана и 
их современное положение.  
Summary 
This  article  discusses  the  structure  of  land  resources  of  Kazakhstan  and  their 
current situation. 
 
 
ӘОЖ 002.5:001812 
Ғ.А. Салтанова, Н.Б. Байтемирова   
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ЛОГИКАЛЫҚ ПРОГРАММАЛАУ - ПРОЛОГ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІ 
 
Аңдатпа 
        
Бұл  мақалада  логикалық  программалау  негізі  Prolog  тілі,  жүйелі-логикалық 
ойдың және біртұтас дағды құрылымы туралы негізгі қағидалары қарастырылған. 
 
Жасанды  интеллект  жүйесінде  адам  білімі  компьютердің  келесі  өңдеуіне 
жарамды  формада  жазылып  ұсынылуы  қажет.  Әдеттегі  бағдарламалау  тілдері 
жасанды  интеллект  жүйелерін  өңдеуге  өте  жарамды  бола  бермейді.  Мұндай 
жүйелерді 
құрастыруда 
Пролог 
пен 
тізімді 
өңдеуге 
бағытталған 
ЛИСП 
пайдаланылады.  Пролог  бағдарламалау  тілін  1972  жылы  Лумини  (Марсель) 
университетіндегі  Алан  Колмари  ойлап  шығарған.  Пролог  өзінің  «қатарластарына» 
қарағанда  ұзақ  уақыт  бойына  ғалымдар  мен  жасанды  интеллект  саласындағы 
мамандар  арасында  талқыланды,  қолданылды  және  дамып  отырды.  Нақ  осы  тіл 
жапондық  бесінші  ұрпақ  машинасын  құрастыру  жобасында  негізгі  тіл  ретінде 
таңдалған.  
ПРОЛОГ  бағдарламалау  (PROLOG)  тілі  1971  жылы  Францияда  Марсель 
университетінде құрылды. Оны Ален Кольмеро (Colmerauer – оның фамилиясын әр 
тілге  түрліше  аударады)  құрды.  Тілдің  атауын  оны  құрушының  әріптесі  Ф.Руссель 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

8
 ~ 
 
немесе оның әйелі берген деп айтады, алайда кейіннен оны «ЛОГика терминдерінде 
программалау» деп түсіндіретін болды. 
Пәндік  аймақтардың  басым  көпшілігі  бірінші  ретті  предикаттар    логикасының 
көмегімен  сипатталуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  мәселенің  шешімі  оны  бірінші  ретті 
предикаттар    логикасы  формуласының  көмегімен   жазуды,  ал  содан  кейін  алынған 
формуланың жалпы мәнін немесе қарама-қайшылығын дәлелдеуді білдіреді.  
Пәндік аймақтың объектілерін бірінші ретті предикаттар логикасында беру үшін 
атомдар, 
константтар, 
айнымалылар, 
термдер, 
предикаттар, 
кванторлар 
пайдаланылады. Осы ұғымдарға анықтама береміз.  
Анықтама.  
Егер  P  тілдің  n-орынды  предикат  символы  (n>0)  және  t1,  t2,…,  tn  –  термдер 
болса, онда P(t1, t2, ..., tn) тілдің атомарлық (элементар) формуласы.  
P(t1,  t2,  ...,  tn)  жазбасы    t1,  t2,  ...,  tn  объектілері  P  арақатынасымен 
байланысты екенін көрсететін пікір ақиқат екенін білдіреді.  
Айтылғандарды  нақты  мысалмен  түсіндіреміз.    "xy-дің  әкесі  болып  табылады" 
деген пікірді әке (x,y) предикатының көмегімен беруге болады, мұнда әке- предикат 
символ; x, y - айнымалылар.  
"Иванның    ұлы  Степанның  ағасы  болып  табылады"  деген  пікірді  ағасы  (ұлы 
(Иван,x),  Степан)  предикатының    көмегімен  беруге  болады  мұнда  аға  -  предикат 
символ,  ұлы  -  функционал  символ,  Иван  мен  Степан  –  тұрақтылар,  ұлы  (Иван,x) 
өрнегі - терм.  
Квантор – пәндік аймақтың сандық сипаттамасын беретін логикалық операция 
болып табылады, оған кванторды пайдалану нәтижесінде алынатын өрнек жатады. 
Квантор  –  бұл  P(x)  предикаты  бойынша  P(x)  предикатының  ақиқат  аймағын 
сипаттайтын    пікір  тудыратын    логикалық  операциялардың  жалпы  атауы.  Бірінші 
ретті  предикаттар  логикасында  жалпыға  бірдей  квантор  және  бар  болу  кванторы 
қолданылады . 
  
Мысалдар.  
Формулада  ( x)  A(x,y,z)  x 

айнымалысы  байланысты,  ал  y  және  z  айнымалылары  – 
еркін болып табылады.  
Формулада ( x) B(x,y) x 

айнымалысы байланысты, ал  y айнымалысы - еркін болып 
табылады. 
Формулада  ( x)  A(x,

y,z)  (
y) B(y) x 

айнымалысы  байланысты, ал    y  айнымалысы  - 
әрі  еркін  квантордың  әрекет  ету  өрісіне  түскенге  дейін)  және  әрі  байланысты 
(квантордың  әрекет  ету  өрісіне  түскеннен  кейін),  ал  z  айнымалысы-  еркін  болып 
табылады. 
Бірінші  ретті  предикаттар  логикасының  формулалары  рекурсивті  келесідей 
түрде анықталады:  
атом дегеніміз формула;  
егер  A(x)  –  формула,  ал  x  -  A(x)-тегі  еркін  айнымалы  болса,  онда  ( x)  A(x) 

және ( x) A(x) 

де- формулалар;  
Тілді  зерттеуші  тілі  –  метатілдің  көмегімен  зерделейді.  Онда    зерделенетін 
тілдің  алфавитіне  кірмейтін  түрлі  белгілер-метасимволдар  пайдаланылуы  мүмкін.  
Біз    туынды  кез  келген  формулаларды  белгілеу  үшін  түрлі  метасимволдарды 
пайдаланатын боламыз, оның ішінде A, B, C, ..., E, A1, A2, A3, ... (латын алфавитінің 
индекстері бар немесе индекссіз үлкен әріптері), кез келген заттық айнымалыларды 
белгілеу  үшін  -x,y,z,    кез  келген  термдерді  белгілеу  үшін  -t,  t0,  t1,.  ..  және  т.с.с. 
пайдаланамыз.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

9
 ~ 
 
Бірінші  ретті  предикаттар  логикасында  формула  ол  «жалған»  мәнін 
қабылдайтын  ешқандай  интерпретация    болмаған  кезде  ғана  жалпы  мағынада 
болып табылады; 
формула  «ақиқат»  мәнін  қабылдайтын  ешқандай  интерпретация    болмаған 
кезде ғана қарама-қайшылықты болып табылады;  
формула «ақиқат» мәнін қабылдайтын кем дегенде бір мұндай интерпретация  
болған кезде ғана орындалатын болып табылады.  
Бұл қадамда біз бірінші ретті предикаттар логикасында формулалардың жалпы 
бірдейлігі 
мен 
қарама-қайшылығының 
дәлелдеуін 
 
қарастырамыз.  
Айтылымдар  логикасынан  айырмашылығы  бірінші  ретті  предикаттар  логикасында 
формулалар интерпретациясының өте үлкен саны бар, сондықтан осы формуланың 
жалпына  бірдейлігі  немесе  қарама-қайшылығын  барлық  мүмкін  интерпретациялар 
кезінде оның ақиқаттығын тексерумен дәлеледеу мүмкін емес.  
Бірінші  ретті  предикаттар  логикасында  формуланың  жалпыға  бірдейлігін 
тексеретін  ешқандай  алгоритм  болмайды,  алайда  оны  растауы мүмкін  алгоритмдер 
болады.  
Айтылымдар логикасына арналған резолюциялар әдісі. 
Резолюциялар  әдісін  олардың  орындалмаушылығын  (қарама-қайшылығын)  
тексеру  мақсатында  дизъюнкттардың  кез  келген  жиынына  қолдануға  болады. 
Алдымен айтылымдар логикасына арналған резолюциялар әдісін қарастырамыз.  
A и ~A литерлері контрарлы, ал {A, ~A} жиыны – контрарлы жұп деп аталады. 
Айталық C1 дизъюнктінде L1 литерлері, C2 дизъюнктінде L2 контрарлы литері 
болады.  Сәйкесінше  C1  және  C2  дизъюнкттерінен  L1  және  L2  литерлерін  сызып 
тастаймыз  және    қалған  дизъюнкттердің  дизъюнкциясын  құрамыз.  Құрылған 
дизъюнкт  C1  және  C2  резольвентті  дизъюнкттері  деп  аталады.  Екі  дизъюнкттердің 
резольвенті 
олардың 
логикалық 
салдары 
болып 
табылады. 
Екі 
бірлік 
дизъюнкттердің резольвенті (егер ол бар болса) – бос дизъюнкт.  
Бірнеше мысалды қарастырамыз.  
A(x)  және  A(b)  формулалары  тепе–тең  емес.  A(x)  формуласында  x,  b 
константының–A(b)  айнымалысы  кездеседі.    A(x)  және  A(b)  тепетеңдестіру  үшін  х 
айнымалысын  b константына  ауыстырамыз,  яғни  х айнымалысына  b  мәнін  береміз. 
Нәтижесінде A(x)=A(b) аламыз.  
Мысалы,  S={A/x,B/y}  ауыстыруы  P(x,f(y),B)  және  P(x,f(B),B)  өрнектерін 
унификациялайды.  Х  айнымалысын  A  термін  және  у  айнымалысын  В  термініне  
ауыстырғаннан  кейін    P(x,f(y),B)  өрнегі  P(A,f(B),B)–ға,  aл  P(x,f(B),B)  P(A,f(B),B)  –ға  
түрленеді. Алынған өрнек унификацияланады.  
Әдетте  унификацияны  литерлерді  өзара  сәйкестікке  келтіруге  болатынын 
болмайтынын  көрсету  үшін  пайдаланады.  Бұл  үшін  литерлерде  айнымалылардың 
орнына термдерді ауыстыру қажет.  
Кейбір  эталонды  өрнектерді  салыстыру  процесі  үлгімен  салыстыру  деп 
аталады. Ол жасанды интеллект жүйелерінде маңызды рөл атқарады.   
Бірінші  ретті  предикаттар  логикасы  формуласының  көмегімен  сол  бір  есеп 
түрлі  формада  жазылуы  мүмкін.  Өрнектерді  жазудың  стандарты  формаларын 
пайдалану әсіресе формальды түрлендірулерді орындау үшін қолайлы болады.  
Келесі  қадамда  формулаларды  жазбаның  стандарты  формасына  келтірудің 
жеті кезеңін қарастырамыз.   
 


жүктеу 36.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет