«Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың <<Қазақстан -2050>> стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты>> атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Ол - әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру
Жолдауда Елбасы: «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз» деп атап көрсетті. Осы ретте тарих өлшемімен салыстырғанда қас-қағымдай уақыт – тәуелсіздіктің жиырма бір жылында еліміз қол жеткізген, Жолдауда атап айтылған табыстарға қысқаша тоқтала кеткен жөн: «Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды.
Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біз елімізге 160 млрд доллардан астам шетел инвестициясын тарттық. Стратегия – 2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз. 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды».