№18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 324.6 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата20.01.2017
өлшемі324.6 Kb.
  1   2   3   4

№ 18 (199),  

қазан, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Қазақ хандығының

 тарихы ұлықталды!

  

Мен – қазақпын, 



Байрағын тіккен бөрілі елмін

Қарсы келген дұшпанды жеңдім. 

Құрманғазының күйіне ендім,

Желмая мініп жаһанды кездім, 

Абылай ханды таққа көтердім, 

Ер Қабанбайды мақтан етемін. 

Ұлы Абаймын, әлем нәр алған,

Мұқағалимын, ақиық жаралған.

Бөгенбаймын,  айбармын,

Наурызбаймын, найзамын.

Райымбек боп он төртте,

Намысты отқа қайрадым.

Мен – қазақпын, 

Қыран елмін, ғажаппын.

Көңіліммен дархан,

Иесімін кең байтақ жердің!

Мен – қазақпын,                                    

Әйтеке, Төле, Қазыбек бидің,                       

Әділетті, нақ шешіміндемін.                   

Әл-Фарабидің  мұратындамын,                  

Қажымұқанның  қуатындамын.                  

Әлихан  боп  шындықты  таптым,          

Шоқандайын    жұлдыз  боп  ақтым.              

Кенесарының  кегін  қайтардым,                 

Махамбеттей өрмін, қайсармын. 

Сәкеннің сұлу сәнімін,

Естайдың есті әнімін.

Береке мен бақ қонған,                            

Қазақ жерін танығын. 

Мен – қазақпын,

Тарихым менің тоналғанда,   

Суалдым қаңсып Аралдай.

Еркіндік таңы атқанда,

Күн нұрын шашты арайлай.

Ақан серінің Құлагерімін, 

Біржан салдың мұрагерімін.

Отқа оранған Отырардың

Мәңгі өлмейтін куәгерімін.

Қобыландымын, Оспанмын,

Бауыржанмын дастанмын. 

Көк Түркіден тараған,

Жұрнағымын Сақтардың.

Мен – қазақпын, 

Желтоқсанда мұзға от жақтым,

Қазақпын деп ғарыштан тіл 

қаттым.

Ел үшін еңіреп құрбан болған,

Бабаларымның атын  

ақтаттым.

Ахметтің нұрлы шапағатымын,

Қозы мен Баян махаббатымын.

Әз Жамбылмын, мен алыппын,

Ата-салты мен рухты  

халықпын.

Қасқа жолда Қасыммын,

Ескі жолда Есіммін,

Ұлы жолда  Алаштың,

Есімі өшпес Қазақтың.

Кентау НАЗАРБЕК

МЕН –  

ҚАЗАҚПЫН!

– Біздің тарихымыз бастауын сақ, ғұн, түркілерден алып, 

Керей мен Жәнібек хандардың Шу алабына көшіп, Қазақ 

хандығының туын көтеруімен жалғасады. Біз бұл мерекені 

тарихымыздың терең екендігін бүкіл әлемге таныту үшін, 

өскелең ұрпаққа жеткізу үшін өткізіп отырмыз. Мерекеге орай  

Тараз қаласының да келбеті жаңарды. Бұған Қазақстанның 

барлық облыстары атсалысты, сол үшін оларға алғыс 

білдіреміз. Осының бәрі – ұрпақтың ата-бабалар аманатына 

адалдығының, Ұлы Дала тарихына тағзымының нышаны. 

17 елден келген қонақтарға алғыс айтамын, – деп Елбасы 

жиналған қауымға ақ тілегін жолдады. 

Көне  Тараз  төрінде кеңінен  тойланған  Қазақ хандығының 

550 жылдық мерекесінің  мақсаты – сол төл тарихымызды 

тереңінен танып, арыстан жүрек хандары бар, жолбарыстай 

ерлері бар, терезесі өзге жұртпен тең болған Қазақ халқының 

мәдениеті мен салтын, батыр бабаларымыздың ерлік істерін 

өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болғаны анық. 

Ел өміріне ерекше серпіліс берген бұл дүбірлі той 

іргетасын Жәнібек пен Керей қалаған қазақ хандарының ел 

басқарудағы ерен еңбегі мен тұлғасын ашып, Елбасымыз бен 

мемлекетіміздің бүгінгі саясатын, еліміздің қол жеткізген 

жетістіктерін паш етті.

Жамбыл жерінде, Тараз төрінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар үлкен 

табыспен өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында болған жұмыс сапары кезінде 

Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 18 (199), 

қазан, 2015 жыл

«Олимпийский путь» 

оқырманын тапты 

«Бас редакторлар клубы» 

Тұсаукесер

Ақпараттар айдыны

«Хабар» аудиториясы ашылады



Басты назарда – журналистика

Қарым-


қатынас 

нығая түседі 



«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен 

«Журналистика  мен бұқаралық коммуникацияның өзекті 

мәселелері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік 

конференция өткізді. Оған қоғам қайраткерлері, сала мамандары, 

ғалымдар мен сарапшылар, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлері, 

студенттер, мемлекеттік ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Алқалы жиынды ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі 

Дихан Қамзабекұлы ашып, конференцияның мән-маңызына тоқталды. 

Алаштанушы ғалым әлемде, айналамызда болып жатқан түрлі оқиғаларды 

халыққа жеткізуде журналистердің алар орны ерекше екеніне назар 

аударса, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

Бибігүл Жексенбай клубтың бүгінге дейінгі атқарып келген жұмысын 

әңгімелей келіп, қазіргі таңда қоғамымыздың ақпараттық кеңістігіндегі 

түрлі өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, ол қоғамға моральдық-

психологиялық тұрғыда әсер ететін ұлтаралық, дінаралық және өзге де 

мәселелерге қатысты хабар тарату, мақала жазу ісінде журналистердің 

жауапкершілігін арттыру қажетігін баса айтты. 

Белгілі журналист, Парламент Сенатының депутаты Жабал 

Ерғалиев қозғалып отырған тақырыптың өзектілігі мен журналистика 

саласына айрықша көңіл бөлінуі қажеттігін сөз етсе, профессор, 

қазақ тележурналистикасының негізін қалаушы Сұлтан Оразалы, ЕҰУ 

журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, филология 

ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев, саяси ғылымдар 

докторы, профессор Нәубат Қалиев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының 

бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли және басқа да азаматтар 

аталған саланың тарихы, бүгінгі жағдайы, қоғамдағы орны тұрғысында ой 

қозғады.


Қазақстан Республикасының Еңбек 

сіңірген спорт шебері, «Astana Pro Team» 

велокомандасының бас менеджері, олимпиада 

чемпионы Александр Винокуров университет 

қабырғасында «Олимпийский путь» 

кітабының тұсауын кесті. 

Француздық спорт журналисімен бірлесіп 

жазылған кітапта чемпионның табысқа жету тарихы 

мен қалыптасуы жазылған. «Олимпийский путь» 

– қазақстандық велошабандозының өмірбаяны. 

Ол жерде оқырмандар Александр Николаевичтің 

асқақ арманы мен мақсатына ауыр әрі ұзақ уақыт 

– жылдар бойы болса да жеткендігіне куә болады. 

Өмір жолына арналған кітапта өміріндегі елеулі 

оқиғалар, сондай-ақ, велоспортқа деген айрықша 

ықыласы баяндалған. Автор бұрын бізге беймәлім 

болған өмір тарихымен, олимпиада медаліне қол 

жеткізгендігі туралы айтады. Спортқа Александр 

Винокуров 1984 жылы келді. Сол кезден бастап 

велошабандоз мансабы бастау алады. «Барлық 

жеңістерім жанұям үшін», – дейді автор. 

Тұсаукесер барысында спортшы студенттердің 

барлық сұрағына жауап беріп, оларға барлық 

бастамада табыстар тіледі. Сонымен қатар ол 

Еуразия ұлттық университетінің түлегі атанғанын 

мақтан тұтатындығын жеткізді. «Тырысу керек 

және тағы да тырысу керек – бірақ ешқашан 

берілмеу керек!», – деп кеңес берді Александр 

Николаевич. 

Мұнымен қоса, ол биылғы жыл «Астана» 

велокомандасы үшін табысты болғандығын айтты. 

Команда қоржынында үш бірдей гранд-турдың 

жеңісі мен 4 қазанда өткен «Тур Алматы»  белді 

веложарысының жеңісі бар. «Алда жаңа жеңістер 

күтіп тұр», – деді Александр Винокуров. 

 Іс-шараны ЕҰУ-дің әлеуметтік және азаматтық 

даму департаменті ұйымдастырды.   



Университетімізде «Хабар» 

Агенттігінің» 20 жылдық мерекесіне 

орай Басқарма төрағасы Айдос 

Үкібаев бастаған басшылық топ ЕҰУ 

студенттерімен кездесті. 

Белгілі тележурналист Нұрсұлтан 

Құрман жүргізген шараға «Хабар» 

телеарнасы бағдарламалар 

дирекциясының бас продюсері Ринат 

Кертаев, 24KZ арнасының директоры 

Арман Сейітмамыт және «Білім және 

Мәдениет» телеарнасының директоры 

Александр Аксютиц қатысты. 

Алғашқы боп сөз кезегін алған Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры, академик 

Ерлан Сыдықов 20 жылдық тарихы бар 

телеарнамен мамыр айында 20 жыл 

толғалы отырған ұлттық университет 

төл құрдас екенін тілге тиек ете келіп: 

«Біз шәкірттердің біліктілігін арттыру 

мақсатында телеарнамен тығыз байланыс 



Жиын соңында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов 20 жасқа 

толып отырған «Хабар» телеарнасы ұжымына, ал Басқарма төрағасы Айдос 

Үкібай «Хабар» арнасының атынан ЕҰУ-ге естелік-сыйлықтар табыстады. 

орнататын, ғылыми-зерттеу жүргізетін 

аудитория ашпақпыз. Әрі ол «Хабар» 

арнасының аудиториясы» деп аталмақ», 

– деді. 

Жылы жүздесу әрі қарай 

телеарнаның жас көрермендеріне 

«Хабардың» тағылымы мол тарихы 

жайында баяндайтын бейне роликті 

тамашалаумен жалғасты. Мұнан соң 

Басқарма төрағасы Айдос Ыдырысұлы 

сөз алып, болашақ маман иелеріне 20 

жыл бойына эфирде үздіксіз ақпар 

таратқан еліміздің басты арнасы жайында 

мағлұмат жеткізді.  Аталмыш аудитория 

«Хабар» арнасының болашақ кадрларын 

дайындайтын шеберханаға айналса, бұл 

сіздер үшін үлкен мүмкіндік болмақ. 

Ең маңызды капитал  – сапалы маман. 

Осы орайда ақпарат айдынына білікті 

кадр дайындап, өз үлестерін қосқан 

университет ұжымының еңбегі ерен 

екенін атап өткім келеді», – деді «Хабар» 

Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Айдос 

Үкібаев.

Арнайы кездесуге келген «Хабар» 

арнасының басшылығына Журналистика 

және саясаттану факультетінің 

студенттері көкейлерінде жүрген 

сауалдарын қойып, оған нақты жауап 

алды.  Сонымен қатар Кенжебек Сержан 

секілді дарынды студенттер екі белесті 

бағындырған шығармашыл ұжымға арнау 

өлең оқып, жырдан шашу шашты. 

Айта кеткен жөн, жиын барысында 

«Хабар» арнасының журналистері 

студенттерге арнайы дәріс оқуға 

уағдаласты. Сөйтіп, телеарна жүргізушісі 

Ғани Жәпішов студенттерге «ТВ 

және жаңалықтар» тақырыбында 

алғашқы дәрісін оқыды. Келесі күні 

«Бағдарламалар өндірісі. Редакторлар 

ерекшеліктері» тақырыбында «Білім 

және Мәдениет» телеарнасының 

продюсер міндетін атқарушы Жанұзақ 

Мүсәпір мен арнаның бас редакторы 

Бауыржан Шамшат осынау игі істі 

жалғастырып, студенттер алдында дәріс 

оқыды. 

Бәрекелді!

Жоғары оқу орнына келген 

Санкт-Петербург делегациясын Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің  бірінші проректоры 

Жәмилә Нұрманбетова, Халықаралық 

ынтымақтастық департаментінің 

директоры Гүлнар Әбітова, 

Технологияларды коммерциаландыру 

департаментінің директоры Жұмат 

Қарғын, Даму және академиялық 

саясат жөніндегі департамент 

директоры Лариса Нефедова, ғылым 

бөлімінің басшысы Әсел Сейпішева 

және тағы басқа қызметкерлер қарсы 

алды.

Делегация құрамында ресейліктер 

тарапынан Санк-Петербург Үкіметінің 

жоғары мектебі және ғылым жөніндегі 

комитет төрағасы Андрей Максимов, 

А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік 

педагогикалық университетінің 

халықаралық ынтымақтастық жөніндегі 

проректоры Дмитрий Бойков, осы 

университеттің шетел азаматтарымен 

жұмыс жөніндегі басқарма бастығы 

Виктория Воронцова, Санкт-Петербург 

мемлекеттік химия-фармацевтикалық 

академиясының оқу ісі жөніндегі 

проректоры – бірінші проректор 

Евгения Кирилова, Халықаралық 

Банк институтының ақпараттық 

технологиялар жөніндегі проректоры 

Илья Горбунов, «Экономика жоғары 

мектебі» ұлттық зерттеу университетінің 

қосымша кәсіби білім беру институтының 

директоры Айгүл Қадырбаева, Санкт-

Петербург мемлекеттік университетінің 

байланыс, телекоммуникация және 

радиотехника факультетінің деканы 

Олег Воробьев, Ғылыми-техникалық 

үйлестіру орталығының директоры 

Юрий Снисаренко, сондай-ақ Санкт-

Петербург мемлекеттік экономика 

университетінің халықарлық қатынастар 

жөніндегі проректоры Александр Карлик 

болды. 


Кездесу барысында Бірінші 

проректор Жәмилә Нұрманбетова 

петерборлықтарды бүгінгі ЕҰУ-дің 

тыныс-тіршілігінен хабардар ете келіп, 

Ресей Федерациясы ЖОО арасында 

бұрыннан жарасымды байланыс 

орнатылғаны, осы ынтымақтастықты 

одан әрі нығайта түсудің маңызы зор 

екенін атап айтты. Сонымен қатар, 

Еуразия ұлттық университеті мен 

Санкт-Петербург ЖОО арасындағы 

қарым-қатынас тереңдей түсуі үшін 

алдағы уақытта ауқымды жұмыстар күтіп 

тұрғанын жеткізді. 

Бұдан кейін екі жақты ынтымақтастық 

туралы кеңінен әңгіме қозғаған 

меймандар ЕҰУ мен Санкт-Петербург 

ЖОО дамуында ұқсастықтар көп 

екендігін, әсіресе Ресей Федерациясы 

білім ошақтарымен өзара қарым-

қатынастар жағынан тұрақты байланыс 

орнатылғанын тілге тиек етті.

Қос тарап академиялық мобильділік, 

студенттермен алмасу, тағылымдамадан 

өту туралы жан-жақты сөз ете келіп, 

екіжақты ынтымақтастықтың дами 

беретініне сенім білдірді.


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 18 (199), 

қазан, 2015 жыл

«Идеи, меняющие мир»

Ректорат отырысы

Семинар-тренинг

«Біздің міндетіміз – толыққанды білім беру»

Жәмилә Нүсіпжанқызының тарапынан 

2014  жылғы зерттеу университетінің 

негізгі көрсеткіштері тұрғысында 

Қазақстан ЖОО-лары арасында Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бәсекеге 

қабілеттілігіне – ғылымды қаржыландыру 

мен ЖОО-ның жалпы бюджетіне талдау 

жасалынды. Мұнымен қоса, көптеген 

әлемдік білім ордалардың қалыптасу 

жағдайы мен стратегиясы қарастырылды. 

Негізгі факторлардың үйлесуі  –

дарындылардың топтасуы, қорлардың 

мол болуы мен тиімді басқару әлемдік 

деңгейдегі университетті құруға ықпал 

етеді. «Біздің міндетіміз – толыққанды 

білім беру мен адамның жеке басының 

қалыптасуына барынша мүмкіндік жасау», 

–  деп атап өтті Бірінші проректор. 

«Бәсекеге қабілеттілікті арттыру 

үшін әлемдік деңгейдегі зерттеу 

университеттері арқылы халықаралық 

тәжірибе негізінде инвестициялық 

тартымдылықты арттырудың жол 

картасын іске асыру арқылы қарастырған 

жөн деп санаймыз», - дейді Жәмилә 

Нұрманбетова.  

Бірінші проректордың баяндамасында 

ұйымның даму факторы ретінде бірлескен 

мәдени ошақ қалыптастыруға баса назар 

аударылды. Қазақстандық университеттер 

жоспарлы стандартталған басқару 

деңгейінде қалуда. Нәтижесінде топтық-

әкімшілік шешімдер қабылдауда әкімшілік-

басқару қызметкерлері тәжірибесінің 

жетіспеушілігі, құрылымдық бөлімшелер 

арасындағы келісімнің әлсіздігі және 

орынсыз  орталықтандыруға әкеп 

соғатыны белгілі.      

Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі 

мониторинг бөлімінің бастығы 

Гүлнәр Молдахметова «Бенчмаркинг: 

факультеттердің стратегиялық дамуына 

әсері» атты баяндама жасады. 

Бенчмаркинг – іс-әрекеттер мен 

қызметтерді жақсартуға жетелейтін 

үздік әдіс-тәсілдерді іздестіру. Ол – 

жүйелі де үздіксіз өлшемдер жүргізу 

үдересі: кәсіпорындағы процестерді 

бағалау және өз қызметін жетілдіруге 

пайдалы ақпарат алу мақсатында оларды 

әлемдегі көшбасшы кәсіпорындардың 

процестерімен салыстыру, озық 

тәжірибені енгізу мақсатында түрлі 

ұйымдар мен бағдарламалардың қызметін 

салыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік 

беретін деректерге қол жеткізудің 

стандартталған жолы. Мақсаты – өз 

қызметінің тиімділігін арттыру және 

бәсекелестікте артықшылықтарға ие болу. 

Г.З. Молдахметова бірқатар 

қазақстандық ЖОО-лар арасында 

(ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік) 

өткен ішкі бенчмаркинг (2014 ж.) 

нәтижесін ұсынды. Ол жерде ОПҚ-ның 

жалпы дәрежесі, түлектердің жұмыспен 

қамтылуы, шетел студенттерінің үлесі, 

шетел ғалымдарын тарту, дәйексөз 

алу, білім беру бағдарламаларының 

мамандандырылған аккредиттеуден өтуі 

сынды белгілері бойынша сандық және 

сапалық көрсеткіштері қарастырылды. 

Көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес 

Еуразия ұлттық университетінің алдағы 

уақытта даму келешегі зор.  

Гүлнәр Молдахметованың айтуынша, 

Стратегияны жүзеге асыруда бұрын 

жүргізілген мониторинг нәтижесі көңіл 

көншітпейді. Университет Стратегиясын 

жүзеге асыруда көшбасшы немесе 

«аутсайдер» болып табылатын кейбір 

құрылымдық бөлімшелерді атап көрсетуге 

болады, бірақ, ЕҰУ-ді дамыту саясатын 

өзектендіру мен бірыңғай қызмет пен 

бөлімшелер байланысы платформасының 

жоқтығы  университеттің   әрі   қарай 

дамуын бәсеңдетіп, ЖОО-ның 

халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні 

сөзсіз.

Ректорат мүшелерінің шешімімен 



әзірленіп жатқан «2016-2020 жылдарға 

арналған инвестициялық тартымдылықты 

арттырудағы жол картасы» аясында 

төрт бірдей пилоттық жоба қабылданды. 

Аталмыш мәселе бойынша радиотехника, 

электроника мен коммуникациялар 

кафедрасының (ФТФ) меңгерушісі  Ш.Ж. 

Сейілов және өндірістік және азаматтық 

құрылыс технологиясы кафедрасының 

(СҚФ) меңгерушісі Е.Е. Сәбитов баяндама 

жасады. Мұнымен қоса, инфрақұрылымды 

дамыту мен зертханалық-техникалық 

базаны жетілдіру қажеттігі атап өтілді. 

Даму және академиялық саясат 

жөніндегі департамент директоры Лариса 

Нефедова «Ұлттық агенттіктерде білім 

беру бағдарламаларының аккредиттеуден 

өтуі туралы» баяндама жасады. 

ЕҰУ-де білім беру бағдарламар 

сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2011 

жылдан бастап ұлттық тізілімге (ASIIN 

– Германия, AQUIN – Германия, РИБҚ 

– Ресей) кіретін  ұлттық деңгейдегі және 

халықаралық аккредиттеу органдарындағы 

(2 агентттік – БСҚТҚА және АРТА) 

мамандандырылған аккредиттеу жүргізіліп 

келеді. 

Баяндамашы «Білім туралы» Заңға 

сәйкес 2014 жылдан бастап жоғары 

оқу орнынан кейінгі білім алудың 

(магистратура және PhD докторантура) 

мемлекеттік грантын бөлу тек 

аккредиттелген мамандықтарға ғана, 

ал 2015 жылдан бастап жоғары білім 

берудің білім беру бағдарламаларына 

(бакалавриат) жүргізілетіндігін айтты. 

Жалпы 2015 ж. операциялық жоспар 

бойынша халықаралық деңгейде 28 білім 

беру бағдарламасы және 100 ұлттық 

деңгейде аккредиттеуден өтуі тиіс. 

Қазіргі таңда 132 білім беру 

бағдарламасы аккредиттелген: 52 – 

бакалавриат, 52 – магистратура, 22 – 

докторантура. 2015 жылдың соңына 

дейін ұлттық агенттіктерде 11 білім беру 

бағдарламасын аккредиттеу жоспарлануда. 

Бұдан басқа 2016 жылы БСҚТҚА мен 

АРТА-да білім беру бағдарламаларына 

постаккредиттеу мониторингісі сынды 

жаңа  өзгерістер  енгізу  жоспарланып  отыр.           

Ректорат отырысы Даму және 

академиялық саясат жөніндегі департамент 

директорының орынбасары Рузия 

Қамарованың «Білім беру сапасын бағалау 

бойынша білім алушылар мен ОПҚ-ларды 

сауалнамалаудың қорытындысы туралы» 

баяндамасымен аяқталды.

Еуразия ұлттық университетінде 

Бірінші проректор Жәмилә 

Нұрманбетованың төрағалығымен 

«Білім беру сапасын бағалау: жағдайы 

мен келешегі» тақырыбында кезекті 

ректорат отырысы болып өтті. 

Онда «Ұлттық ЖОО-лардың 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру: 

жаңа уақыт  талабы» тақырыбында 

ЕҰУ-дің бірінші проректоры Жәмилә 

Нұрманбетова сөз сөйледі. 

Студенты Евразийского национального университета им Л.Н. Гумилева побывали в 

Библиотеке Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации – Н.А. Назарбаева. 

Это научный, образовательный и культурный центр, расположившийся в ультрасовременном здании. 

Оригинальный архитектурный облик строения, возведенного в 2014 году по проекту британского 

архитектора Нормана Фостера, символизирует современный Казахстан, устремленный в будущее.   

Именно здесь для студентов ЕНУ с 6 по 7 октября проходил семинар-

тренинг под названием «Идеи, меняющие мир». Основная задача 

данного тренинга заключалось в изучении «100 конкретных шагов» 

по реализации пяти институциональных реформ Главы государства. 

План закладывает коренные преобразования в обществе и государстве, 

главная цель которых - вхождение в 30-ку развитых государств в новых 

исторических условиях.  

Для студентов организовали ознакомительную экскурсию в 

Библиотеке Лидера Нации, Национальном музее Республики Казахстан, 

уникальном музее Первого Президента Н.А. Назарбаева. 

Второй день тренинга ознаменовался лекциями профессоров, 

ученых, юристов, политологов, которые разъясняли суть Плана Нации 

– «100 конкретных шагов» Главы государства. Лекции закреплялись 

практическими занятиями на интерактивных столах, где студенты 

отвечали на ряд вопросов, касающихся реформы. Они провели дискуссии, 

отдельно обсуждали каждый шаг в реформе и закрепили все полученные 

знания за эти два дня. 

По окончании семинара студентам ЕНУ были вручены сертификаты 

об окончании курса семинара - тренинга «Идеи, меняющие мир»,  а 

также книга «Наш президент». 

  


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 324.6 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет