№1(69)/2013 Серия педагогика


Education informatization: problems, essence, prospects



жүктеу 1.33 Mb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата04.05.2017
өлшемі1.33 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Education informatization: problems, essence, prospects 

In article questions of formation of information resources, improvement of information and network tech-

nologies and their intensive introduction to all spheres of human activity which put forward problems of 

preparation of comprehensively developed experts are considered. Psikhologo-pedagogical literature concern-

ing education informatization, essence of the concept «education informatization» is analysed. Ways of for-

mation of economic competence on the basis of an uchvoyeniye of economic knowledge and abilities are de-

scribed. 

 

 



 

 

 



ƏОЖ 372.851:004 

У.А.Қосыбаева, О.Ж.Убайдуллаев 



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

Жалпы білім беретін орта мектептердегі алгебра сабағында мультимедиалық 

құралдарды қолдану ерекшеліктері 

Заманауи  компьютерлік  технологиялар  оқу  үрдісін  дамытуда  үлкен  мүмкіндіктер  туғызуда.  Жалпы 

білім  беретін  орта  мектептердегі  математика  пəнін  оқыту  үрдісінде  мультимедиалық  құралдарды 

қолдану  əрбір  құралдың  сипатына  сəйкес  болуы  керек.  Мақалада  дəстүрлі  оқыту  əдістерімен  қатар 

заман  талабына  сай  орын  алып  келе  жатқан  мультимедиалық  құралдардың  алгебра  пəнінде 

қолданылуы  сипатталды.  Сонымен  қатар  оқу  үрдісінде  орын  алатын  дидактикалық  мəселелер  де 

талданған.  Қарастырылатын  əрбір  мультимедиалық  құралдың  ерекшеліктері  толық  ашылып, 

баяндалды. 



Кілтті  сөздер:  компьютерлік  технологиялар,  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп,  математика  пəні, 

оқыту  үрдісі,  мультимедиалық  құралдар,  дəстүрлі  оқыту  əдістері,  дидактикалық  материалдар, 

оқушылар, технология. 

 

Алгебраны оқыту барысында компьютерді құрал ретінде қолдану оқыту мен тəрбиелеу үрдісіне 



көптеген  өзгерістер  əкеледі.  Соңғы  кезде  оқыту-тəрбиелеу  үрдісін  компьютерлеу  жағдайында 

мұғалімдердің  кəсіптік  бағытқа  арналған  жұмыстары  пайда  болып,  шетел  жəне  Қазақстан 

зерттеушілері еңбектерінде осы мəселе жан-жақты қарастырыла бастады [1]. 

Осы  айтылған  компьютерлендіру  жағдайында  қолданылатын  мультимедиалық  құралдар  оқу 

кезеңдеріндегі  қойылған  мақсаттарға  жетудегі  үлкен  мүмкіндіктерге  ие.  Қоғамға  келіп  енген 

«мультимедиа» ұғымына бірнеше түсініктемелер бере кетейік. 

Мультимедиа танып-білу құралы болғандықтан, ол: 

 оқушылардың танымдық қызметін арттыру; 

 оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу; 

 сабақта мультимедиалық құралдарды қолдану əдістемесін дамыту; 

 сабақтың біртұтас дидактикалық мақсаты болып табылады. 

Заманауи  компьютерлік  технологиялар  оқу  үрдісін  дамытуда  үлкен  мүмкіндіктер  туғызуда. 

К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді». Қазір бұл схема немесе 

кесте, суреттер емес, бала табиғатына жақын ғылыми-танымдық ойындар [2]. 

Мультимедиа — бұл  əр  түрлі  сабақ  кезінде  жаңаны  оқып,  танып-білу  құралы.  Ол 

коммуникативті  қабілеттер,  жаңа  дағдылар  алуда,  нақты  білімдер  жинақтауға  жəне  ақпараттық 

білімдердің  дамуына  үлкен  ықпал  жасайды.  Мультимедиа  оқушылардың  бір-бірімен  байланысын 

ешқашан  өзгертпейді.  Ол  тек  қана  олардың  əр  түрлі  оқу  жағдайларында  жаңа  ресурстарды 

қолдануына,  оқушылар  пəнді  үйрену  барысында  мұғаліммен  жəне  құрдастарымен  пікір  алмасуына 

мүмкіндіктер жасайды. 



Жалпы білім беретін... 

Серия «Педагогика». № 1(69)/2013 

55 

Слайд,  презентация,  бейнепрезентация  сияқты  мультимедиа  кең  көлемде  қолданылып  келе 



жатқанына біраз болды. Компьютер қазіргі кезде дыбыстарды өзгертуге жəне бейнеге арнайы эффект 

беруге,  видеоға  дыбыс  қоюға,  анимация  жасауға  мүмкіндік  беретін  ғажайып  құралға  айналды. 

Мұндай  техникаларды  оқу  үрдісінде  дұрыс  қолдану,  оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөз  байлығын 

дамытуда үлкен рөл атқарады. Бұған қазіргі ақпараттық компьютерлік құралдар шексіз мүмкіндіктер 

беруде.  Басқа  техникалық  құралдарға  қарағанда,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 

қолданып, оқу оқушылардың интеллектуалды жəне шығармашылық қабілеттерін дамытады [3]. 

Материалды  түсіндіруде  мультимедиалық  көрнекілікті  қолдану  оқушының  барлық — көру, 

механикалық, есту, эмоциялық қабілетін еске салады. Мультимедиалық презентацияларды кез келген 

сабақтық  кез  келген  бөлігінде  қолдану  əрқашанда  оң  нəтиже  береді.  Алдымен  бөлімге  шолу  жасау 

немесе  білім  мен  дағдыны  жинақтамай  немесе  керекті  тақырыпқа  толық  тоқталмай  көрсету 

жағдайлары болуы мүмкін, ал керекті тақырыпты терең оқып іскерлік пен дағдыны дамытуды өзін-

өзін оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай əдіс оқу материалын есте жақсы сақтауға жəне 

оңай  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Оқу  материалын  мультимедиалық  презентация  қолданып  түсіндіру 

уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сабақты өткізудің мұндай əдісі оқушылардың қызығушылығын 

арттырады. 

Мұндай сабақтар келесі дидактикалық мəселелерді шешуге көмектеседі: 

 пəн бойынша базалық білімдерді; 

 алған білімдерді жүйелеу; 

 өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру; 

 жалпы оқуға жəне нақты бір пəнге арнайы дайындалу; 

 оқушыларға оқу материалымен өзіндік жұмыс жасау кезінде оқу-əдістемелік көмек көрсету. 

Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  компьютерлік  технологияны  оқу  процесі  кезінде  қалай 

қолданылуы оның ретімен ойластырылғанына байланысты. Енді көпшілік мектептерде компьютерлік 

технологияны қолданудың мүмкіндіктерін қарастырайық. 

Бірінші  қадам — математика  пəні  бойынша  медиатекалар  құру.  Барлық  мектептер  əр  түрлі 

пəндерден дисктер алды, оларды өз бетінше оқуда, берілген пəн бойынша анықтамалық құрал ретінде 

қолдануға болады. Тек қана сабақтың мазмұнын дұрыс анықтау керек, қазір көпшілікті қызықтырып 

жүрген дайын сабақтарды қолданған өте ыңғайлы. 

Қорытынды:  Егер  оқу  материалы  экранда  түрлі-түсті  бояулармен,  дыбыспен  жəне  де  басқа 

эффектілермен  көрсетілсе,  сабақтың  тақырыбы  қаншалықты  қиын  немесе  қызықсыз  болуына 

қарамастан, ол мектеп оқушысына қызықты болады. 

Екінші  қадам — мұғалімнің  сабаққа  презентация  жасау  қабілетін  дамыту.  Мұндай  сабақтарды 

дайындаудың  мейілінше  оңай  жəне  қолжетімдісі — Power Point. Сабаққа  арналған  қарапайым 

слайдтарды  тез  жасауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  өте  ыңғайлы.  Мұғалім  сабаққа  керекті  суреттерді 

сызудан  босатылады,  бұл  уақыт  үнемдеуге  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  экрандағы  сурет, 

тақтадағы  суретпен  салыстырғанда  басқаша  болады.  Бұл  үлкен,  тура,  боялған,  жарық.  Жаңа 

тақырыпты  мұндай  суретпен  түсіндірудің  өзі  рахат.  Түсіндіру  кезінде  анимациялық  слайдтарды 

қолдану орынды. Белгілі бір уақытта қажетті ақпарат шығуы үшін қандай элементке немесе объектке 

көңіл  аудару  керектігін  көрсету.  Дыбыс  қосу  да  мүмкін,  мысалы,  математикалық  диктант  кезінде 

жəне  де  басқа  мақсаттар  үшін.  Белгілі  бір  курсты  аяқтағаннан  кейін Microsoft Word көмегімен 

жасалған тестпен алған білімді тиянақтауға болады. Бірақ Power Point оданда əдемірек көрінеді. Тест 

нəтижелері  бірден  демонстрациялық  экранда  көрінеді,  егер  оқушылардың  жауаптары  дұрыс  болып 

жатса, бұл олардың қуануына себеп болады. 

Қорытынды: Жаңа материалды түсіндіру барысында презентация қолдану, мұғалімге тақтаға 



жазбай-ақ сабақты өткізуіне мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде уақытты үнемдеуге көмектеседі. 

Үшінші  қадам — оқушыларды  мультимедиалық  программалармен  жұмыс  жасауға 

дағдыландыру.  Оқушылардың  математика  пəні  бойынша  білімдерін  қалыптастырудың  бір  əдісі — 

бұл  кітаппен  жұмыс  жасау,  ал  компьютермен  жасай  білу  қабілеті  ең  керекті  əдіс  болып  табылады. 

Технология жобалау формаларда меңгеріледі. Бастауыш сынып оқушысыда Microsoft Power Point пен 

мазмұны  қарапайым  болатын  жоба  жасай  алады.  Бұл  жобалық  қызметте  оқушы  өз  миссиясын 

түсінеді — технологиялық əдісті қолданып, басқаларға өзі жасаған жобаның мағынасын ашу. Оның 

мақсаты пəннің мағынасын ашуға керекті қабілеттерді дамыту, қадамдарға бөлінген жоспар құрады, 

содан кейін оны слайдтарда көрсетеді, сонымен, қадам-қадамнан өткен жолымен нəтижені талдайды. 


У.А.Қосыбаева, О.Ж.Убайдуллаев 

56 


Вестник Карагандинского университета 

Қорытынды:  Мультимедиалық  программалармен  жұмыс  жасау  қабілеттерін  сыныптан  тыс 



немесе  факультативті  сабақтар  кезінде  оқушылар  аз  болатын  топтармен  үйренген  жақсы.  Дəл 

осы  оқушылар,  үйренген  программаларын  қолдана  отырып,  сыныптағы  басқа  оқушылардың 

қызығушылығын оята алады, өйткені бұл программалар көмегімен мейілінше көп ақпаратқа ие болу 

да мүмкін. 

Мұғалімнің  басты  мақсаты — оқушылардың  бастапқы  білімдерін  қалыптастыру.  Бұл  үшін  ол 

келесілерді қарастыруы керек: 

 оқушыларды негізгі объектілермен таныстыру; 

 керекті ақпаратты іздестіру қабілетін дамыту. 

Əрине,  мультимедиалық  проекторды  қолдану,  сыныппен  демонстрациялық  жəне  фронталдық 

жұмыс жасау жақсы нəтиже береді, бірақ мультимедиалық технологияны əр оқушымен жеке жұмыс 

жасау арқылы үйрету одан да жақсы нəтиже береді деп ойлаймыз. 

Есептерді  шешу  барысында  оқушылар  математикалық  білім  мен  дағды  ғана  алып  қоймай, 

мультимедиалық  программалармен жұмыс  жасау  қабілеті де  дамиды.  Сабақта  мұндай  элементтерді 

қолдану  оқушыларды  түрлі ақпараттармен жұмыс  жасауға  үйретеді,  логикалық ойлауын  дамытады, 

оқушылардың  пəнге  қызығушылығын  арттырады,  оқу  материалын  қоршаған  ортамен 

байланыстырады. Мультимедиалық программалар кең көлемдегі мүмкіндікке ие екендігін айтып кету 

керек, тек оны оқушылар түсінуі басты мəселе. Бұл түсінік тек оқушылар қызығушылығын ғана емес, 

мұғалімді де қызықтыруы керек, сабақты жаңаша көзқараспен жəне əдіспен өткізуі үшін маңызды. 

Жалпы алғанда мультимедиалық технологияны қолдану əдісі төмендегілерді қарастырады: 

 сабақтың əр түрлі кезеңдерінде оқытумен басқару жүйесін жетілдіру; 

 оқу себебін күшейту; 

 оқу жəне тəрбие сапасын арттыру (бұл оқушылардың ақпараттық мəдениеттілігін арттырады); 

 оқушылардың жаңа заманғы ақпараттық технологиялар жайлы түсінік деңгейін көтеру; 

 компьютердің тек ойын үшін ғана емес, басқа да мүмкіндіктерін көрсету. 

Берілген технологияны оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті əдісі ретінде қарастыруға болады. 

Бұл  əдіс  оқу  материалын  хабарлау  арқылы  оқушылардың  ақпаратты  меңгеруін  ұйымдастыру  жəне 

көру  арқылы  есте  сақтаудың  көмегімен  сол  ақпаратты  сəтті  қабылдауға  бағытталған.  Көпшілік 

адамдар  көрген  нəрсесінің 5 % есіне  сақтап  қалады,  ал  естіген  нəрсесінің 20 % есіне  сақтайтыны 

белгілі.  Аудио-  жəне  бейнеақпаратты  бірге  қолдану  есте  сақтау  қабілетін 40–50 %-ға  дейін 

арттырады.  Мультимедиалық  программалар  ақпаратты  əр  түрлі  пішінде  ұсынады,  сонымен  қатар 

оқыту  үрдісін  қолайлы  етіп  өткізуге  көмектеседі.  Керекті  материалды  қарастыруға  кететін  уақыт 

орташа есеппен 30 %-ға үнемделеді, ал алынған білім есте көбірек сақталып қалады. 

Алгебра  сабақтарында  мультимедиалық  құралдарды  қолдану  сабақ  құрылымына  əсер  етпейді. 

Онда бұрынғыдай барлық бастапқы кезеңдері сақталып қалады, олардың тек қана уақытша мазмұны 

ғана өзгеруі мүмкін. Берілген жағдайда себеп кезеңі артады жəне танымдық аурытпалықтың тиетінін 

айта  кету  керек.  Бұл  нəтижелі  білім  алу  үшін  керекті  жағдай,  өйткені  жеткіліксіз  білімді  толтыру 

үшін оқушыға қызығушылық пен шығармашылық дағды өте қажет. 

Сабақтың  тақырыбына  сай  презентация  көмегімен  əр  түрлі  оқыту  əдістерін  қолдануға  болады: 

фронталды,  топтық,  жеке  оқыту.  Сондықтан  мультимедиалық  презентация,  сабақтың  біртұтас 

дидактикалық  мақсатына  өте  ұтымды  жəне  тиімді  сəйкес  келіп  тұр:  мұндай  жағдайда  білім  беру 

аспектісі:  оқушылардың  оқу  материалды  қабылдауы,  зерттеу  объектілерінің  байланыстары  мен 

қатынастарын ой елігінен өткізуі орын алады. 

Дамытушы  аспект:  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  арттыру,  жалпылау,  талдау, 

салыстыру, шығармашылық қызметтерін дамыту. 

Тəрбиелік аспект: əлемдік ғылыми тəрбиелеу, өзіндік жəне топтық жұмысыты анық жасай алуға, 

басқаға көмек беруге тəрбиелеу. 

Алгебра пəні сабақтарында мультимедиалық құралдарды келесі кезеңдерде қолдануға болады: 



1. Тақырыпты хабарлауға 

Сабақтың  тақырыбы  слайдтарда  көрсетілген,  онда  қарастырылатын  сұрақтар  қысқаша,  керекті 

кезеңдер айтылып өтілген. 

 


Жалпы білім беретін... 

Серия «Педагогика». № 1(69)/2013 

57 

2. Мұғалім түсіндіруіне көмекші ретінде 

Арнайы қысқа сабақтарға арналған мультимедиалық конспект-презентациялар, қысқаша текстер, 

басты  формулалар,  схемалар,  суреттер,  бейнежазбалар  қолдануға  болады.  Мультимедиалық 

презентацияны жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде керекті кадрларды көрсетудің өзі жеткілікті, онда 

тақырыптың  ең  ұтымды  жерлері  ғана  көрсетілуі  мүмкін.  Сонымен  қатар  экранда  анықтама 

көрсетіледі,  схемалар,  оны  балалар  дəптеріне  көшіріп  жазады,  сонда  мұғалім  қайталауға  көп  уақыт 

жұмсамай, біраз нəрсені айтуға үлгереді. Кадрдан кадрға өту түймені басу арқылы немесе тышқанды 

басу арқылы ауысады, аутоматты түрде белгілі бір уақыттан кейін ауысу режиміне қоюға болмайды, 

өйткені  тақырыпты  түсіндіру  барысында  белгіленген  уақыттан  асып  кетуі  мүмкін  немесе 

оқушылардың дайындық деңгейі əр түрлі болуы мүмкін. 



3. Ақпараттық-үйрету құралы ретінде 

Бүгінгі  күнде  білім  беруде  маңызды  жағдай  бұл  баланың  ізенімпаздық,  жаңа  білімді  түсінуіне 

жəне  қабылдау  қабілеттеріне  байланысты.  Мұғалім  бұл  жағдайда  білім  беруді  ұйымдастырушы, 

оқушылардың  өз  бетінше  жұмыстарын  басқарушы,  оларға  керекті  көмек  жəне  қолдауды  көрсетуші 

болып табылады. 

4. Білімді тексеру үшін 

Компьютерлік  тестілеуді  қолдану  оқу  үрдісінің  тиімділігін  арттырады,  мектеп  оқушыларының 

танымдық  қызметтерін  жоғарылатады.  Тестер  карточка  ретінде  сұрақ  нұсқаларымен  болады,  оған 

оқушы  жауапты  өз  дəптеріне  немесе  арнайы  бланкаларға  белгілейді,  бұл  жағдайда  слайдтардың 

ауысуы аутоматты режимде тұруы мүмкін, ол мұғалімнің қалауына байланысты. 

Компьютер көмегімен тесті тексергенде дұрыс (дұрыс емес) жауаптарды тез тексеруге мүмкіндік 

береді.  Қайтадан  жауап  беру  жолын  жасауға  да  болады.  Мұндай  тест  дұрыс  немесе  дұрыс  емес 

жауаптар  санын  қарастыруы  керек.  Тесттен  кейін  оқушылардың  дайындық  деңгейін  жəне  берілген 

бөлімді оқу құлшынысын анықтауға болады. 

Сабақ  барысында  мультимедиалық  презентацияларды  жəне  жазба  дəптерлерін  бірге  қолдану 

ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Ақпараттарды түрлі-түсті жеткізудің ең жақсы құралы бола тұрса 

да, тек компьютер мүмкіндігіне қарап қалмастан, оқушылар дəптерінде керекті анықтамалар көшірме 

түрінде  қалуы  керек.  Өз  бетінше  қандай  да  бір  есептеулердің  жауабын  жазғанда  дəптердің  орны 

ерекше.  Мультимедиалық  презентациялар  мен  жазба  дəптерінің  функциялары  өзгеше,  сондықтан 

оларды керекті жерде ғана қолданған жөн. 

Мультимедиалық  презентацияларды  қолданудың  бірнеше  артықшылықтары  да  бар. 

Оқушыларды  мультимедиалық  құралдар  көмегімен  өткізілген  сабақтар  қызықтырады.  Сыныпта 

мұндай  сабақтың  барысында  шынайы  қарым-қатынас  жүзеге  асып  келеді,  оқушылар  ойларын  «өз 

сөздерімен»  жеткізуге  тырысады,  олар  ерекше  екпінмен  есептерді  шешеді,  оқытылып  жатқан 

материалға  қызығушылық  танытады,  компьютердің  алдында  қорқынышы  жоғалады.  Оқушылар 

оқулықпен өз бетінше жұмыс жасауға, анықтама құралдары жəне басқа пəн бойынша əдебиеттерден 

қолдануға  үйретеді.  Оқушыларда  одан  да  жоғары  нəтиже  алуға  деген  қызығушылық  болады, 

дайындық жəне тапсырмаларды орындауға қалауы оянады. Практикалық жұмыстар орындау кезінде 

өзін-өзі бақылау пайда болады. 

Алгебра сабағында презентациялар қолданудың мақсаттары: 

 оқушылардың алгебра жəне оның қосымшаларына қызығушылықтарын дамыту; 

 берілген материал бойынша оқушылар білімін тереңдету жəне кеңейту; 

 оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту; 

 математикалық сөйлеу қабілеттерін дамыту. 

Бұл технологияның өзіндік келесіндей ерекшеліктерін атап өтуге болады: 

 тақтадағы  сызбамен,  жарық,  анық,  түрлі-түсті  сызбаны  салыстырудың  ешқандай  қажеттілігі 

жоқ; 


 тақта  жəне  бордың  көмегімен  əр  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  түсіндіру  қиындау  жəне 

түсініксіздеу; 

 егер слайдта қателік немесе қандайда бір жетіспеушілік болса, оны жөндеу өте оңай; 

 оқушылардың  дайындық  деңгейіне  байланысты  бір  материалды  өте  жеңіл  жəне  терең 

түсіндіруге  болады,  мұнда  тек  базалық  сұрақтар  ғана  қарастырылады.  Өтілетін  материалдың 

екпіні жəне көлемі сабақ барысында анықталады; 



У.А.Қосыбаева, О.Ж.Убайдуллаев 

58 


Вестник Карагандинского университета 

 слайдтарды  проектордың  көмегімен  көрсету  кезінде  де  оқушылардың  жұмыс  істеу  орны 

жеткілікті жарықтанған болады; 

 сабақта көрнекіліктер қолданудың деңгейін арттыру; 

 сабақ өнімділігін арттыру; 

 пəннің басқа пəндермен байланысын орнату; 

 оқушыларда  пəн  мұғалімі  жəне  информатика  мұғалімінің  көмегімен  ғылыми  жобалар  жасау 

жəне оқу программаларын жасау дағдылары қалыптасады; 

 мұғалім  ақпараттық  технологияны  қолданғанда  немесе  жасағанда  өтілетін  материалдың 

логикалық  жағына  көп  назар  аударуы  керек,  өйткені  бұл  оқушылардың  білім  деңгейіне  тура 

əсер етеді; 

 қолданбалы  компьютерге  деген  көзқарас  өзгереді.  Балалар  оны  жұмысқа  арналған  əмбебеп 

құрал ретінде қабылдайды. 

Жоғарыда  айтылған  сараптамаларға  сүйенсек,  мультимедиалық  презентацияларды  жасау 

бойынша  ұсыныстар  да  орын  алады.  Мультимедиалық  программалар  ақпаратты  жеткізуде  үлкен 

мүмкіндікке ие болып саналады, əдеттегілерге қарағанда, ерекшеліктері көп, оқушылар білім алуына 

жақсы  əсер  етеді,  материалды  қабылдау  жылдамдығын  арттырады,  сонымен  қатар  оқу  процесіне 

толық əсерін тигізеді. 

Мультимедиалық презентацияларды жасау кезінде келесіндей жағдайларды ескеру керек: 

 берілген сыныптың психологиялық ерекшеліктерін; 

 білім берудегі мақсат жəне нəтижені; 

 таным кеңістігінің құрылымын; 

 нақты  бір  сабақ  мақсатына  жету  үшін  компьютерлік  технологияның  тиімді  элементтерін 

қолдану; 

 оқу материалын əр түстегі гаммамен безендіру. 

Мультимедиалық  презентацияларды  сабақта  қолданғанда,  ең  алдымен,  компьютер,  телевизор 

экрандарынан ақпаратты қабылдаудың психофизиологиялық заңдылығына назар аудару керек. Ұзақ 

уақыт  бойы  экраннан  берілетін  ақпараттар  қолдану  кейбір  жағдайда  көздің  көруіне  кері  əсер  етуі 

мүмкін, əсіресе мəтінмен жұмыс жасау кезінде. 

Слайдтар жасау кезінде мынандай талаптарды ескеру орынды: 

 слайдта сөздер мейілінше аз болуы керек; 

 тақырып  жəне  тақырыпшаларды  жазғанда  анық  жəне  үлкен  шрифттарды  қолданған  жөн, 

қарапайым шрифттар қолданылуын шектеу қажет; 

 оқушылар  дəптеріне  жазатын  немесе  дауыстап  оқыйтын  анықтамаларды,  теоремаларды, 

сөздерді слайдқа жазып қойған дұрыс; 

 əріптің, санның, белгілердің көлемі ең соңғы партаның қашықтығына байланысты қойылады; 

 фонның,  əріптердің  түстері  мейілінше  қарапайым,  адамның  жүйкесіне  кері  əсер  етпейтін 

болуы керек; 

 сызбалар,  суреттер,  фотолар  жəне  де  басқа  материалдар  мүмкіндігінше  экранды 

толтыратындай жағдайда үлкен болуы керек; 

 бір слайдты  көруге жеткілікті  уақыт бөлу  керек (2–3 мин  аз  емес),  оқушылар  өз  назарларын 

экрандағы  суретке  аударуына  жететіндей,  слайдтың  барлық  элементтерін  көру  үшін,  жазба 

дəптеріне көшіріп жазуына жететіндей; 

 слайдтағы дыбыстар қатты, жүйкені тоздыратындай болмауы керек. 

Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін: 

 бірқалыптылыққа жол бермеу, оқушылардың білім деңгейін ескеру; 

 баланың  ойлау  қабілетін  дамытуға  тырысу,  оның  салыстыру,  бақылау,  бастысын  таңдап  алу 

қабілеттеріне; 

 сабақта  компьютерлік  құралдарды  қолданып,  жақсы,  орташа,  нашар  оқитын  оқушыларға 

жұмыс жасауға мүмкіндік беру; 

 оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (тез ұмытатын, ұзақ уақыт есте сақтайтын). Енді ал-

гебра  сабағында  мультимедиалық  презентациялар  қолданудың  əдістемелік  аспектісін 

қарастырайық.  Білім  берудегі  ең  басты  мəселе — бұл  ақпараттық  технологияларды  қолдану. 

Компьютерлендіру  жəне  ақпараттандыру  процесі  бүкіл  əлемде  кең  жəне  ауқымды  жүріп  жа-



Жалпы білім беретін... 

Серия «Педагогика». № 1(69)/2013 

59 

тыр. Қазіргі күндегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар дамуы алгебра сабағының да 



деңгейін арттыруға мақсат қояды. 

Компьютерлік  технологияларды  алгебра  сабағында  қолдануға  тырысу  педагогикалық  жəне 

технологиялық төмендегідей себептерге байланысты: 

 білім берудегі мұндай технологияны қолдану арнайы тапсырма бойынша іске асуда; 

 оқытудың тиімділігін арттыру мұндай технологияны іздестірудің педагогикалық əсері; 

 компьютер  оқу  құралында  берілген  ақпаратты  мейілінше  кеңейтеді,  оқушылардың  оқу 

процесіне қызу араласуына мүмкіндік береді. 

Қазіргі  уақытта  білім  беруде  компьютерлік  технологияның  пайдасы  көзге  айқын  көрініп  тұр. 

Алайда  компьютер  көпмақсатты  жəне  өте  күшті  құрылым,  оның  көмегімен  мұғалім  оқу  процесін 

сапалы етуіне мүмкіндігі мол екенін ұмытпау керек. 

Нақты  бір  сабаққа  дайындалудағы  ең  басты  қиындық,  компьютерлік  программалардың  ішінен 

тек  кішкене  бөлігі  ғана  білім  беруге  арналған,  сондықтан  материалды  жеткізу,  білім  стандартына 

байланысты  сабақ  беру  көп  жағдайларда  қиындық  туғызады.  Бірақ  арнайы  кəсіби  мұғалімдер жəне 

əдіскерлер  жасаған  мультимедиалық  энциклопедия,  сөздіктер,  ойын  түріндегі  білім  беретін 

программалар да жоқ емес. 

Сондықтан көпшілік үшін Microsoft PowerPoint программасын қолдануды дұрыс деп санаймыз, 

өйткені бұл программа информатика пəнінен хабары жоқ мұғалімдер үшін үйренуге өте жеңіл жəне 

интерфейсі барынша қарапайым. Əсіресе үйренуші жəне бақыланушы курстарда жүрген мұғалімдер 

жасаған  слайдтары  қызықты.  Біріншіден,  олар  жаңа  материалға  əдістемелік  дұрыс  түсінік 

қалыптастырады.  Екіншіден,  оқу  жоспарындағы  тізбектілікті  қатаң  сақтайды.  Үшіншіден,  курс 

кезінде өтілген дидактикалық материал максималды түрде əр түрлі болуы жəне жаңаруы мүмкін. 

Компьютерлік  проектіден  қолдану  оқылатын  тақырыптың  календарлық  тематикасына 

байланысты құрастырылады жəне де ол оқылатын материалдың мазмұнын ескереді. 

Нақты бір компьютерлік сабақтың жоспары үшін мұғалім алдымен: 

 сабақтың  уақытша  құрылымын  жасайды,  мақсатқа  жету  үшін  керекті  мəселелерді  жəне 

кезеңдерді қарастырады; 

 компьютерлік  құрылымдардың  ішінен  ең  тиімдісін  іріктеп  алады,  əдеттегілерге  қарағанда 

оның артықшылықтарын қарастырады; 

 таңдап  алынған  материал  уақыт  бойынша  бағаланады;  олардың  ұзақтығы  нормадан  асып 

кетпеуі керек; барлық материалды қайта қарап шығу қажет; қосымша уақыт жоспарланады; 

 табылған материалдардан презентациялық программа құралады. 

Үлкен  экрандағы  презентацияға  диаграмма,  схема,  суреттер,  фильм  жəне  аудиожазбаларды 

ақпаратты жақсы, түрлі-түсті етіп, анық көрсету үшін қолдануға болады. Ал компьютердің тышқанын 

экрандағы ең маңызды жерлеріне оқушылар назарын аудару үшін ңұсқаушы құрал ретінде қолдану 

маңызды. Компьютерді қолдану бақылауды тереңдетуге жəне күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл үшін 

презентацияға енетін авторлық немесе ойындық программалар қолданылады. 

Соңғы жылдарда дербес компьютерлер біздің күнделікті өмірімізде қолданысқа ие бола бастады. 

Осының салдары боп еңбек нарығындағы жағдайдың өзгеруі болып табылады. Жұмысқа қабылдауда 

негізгі  талаптардың  бірі — компьютерді  қолдана  білу.  Осындай  талап  хатшы,  бухгалтер,  редактор 

жəне  басқа  мамандықтарға  да қойылады.  Осыған  байланысты компьютерлік  технологияны  меңгеру 

мектеп  қабырғасынан  басталады.  Компьютерді  тиімді  қолдану  үшін  компьютерде  жұмыс  істеудің 

тəжірибелік  дағдыларын  жəне  əр  түрлі  есептерді  шешу  барысында  қолданылатын  дайын 

программаларды өз орнымен пайдалана білу керек. 

Алгебраны  оқытуда  компьютерлік  технологияны  қолдану  қазір  көптеген  мұғалімдерді 

алаңдатуда.  Соңғы  жылдардағы  белең  алған  «компьютерлік  бумға»  қарамастан,  компьютерлік 

технологияны  қолдану  қай  салада  да  перспектива  ретінде  ашылуда.  Техникалық  жабдықтау  мен 

əдістемелік  негіздеудегі  қиындықтардан  басқа  сыныптарды  группаға  бөлу  проблемасы  туындауда. 

Бір  сынып 25–30 оқушыдан  тұрады,  ал  компьютерлік  сыныптарда 12–13 компьютер  орналасқан. 

Бұған  ыңғайлы  сабақ  кестесі  қажет,  бірақ  ол  əрдайым  орындала  бермейді.  Сонымен  қатар 

компьютерде жұмыс істеуде ортақ дағдыларды еркін меңгеретін мұғалімдік құрам болуы тиіс. 

Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  алгебра  пəнін  оқытудағы  компьютердің  негізгі 5 

дидактикалық функцияларын қарастыру орынды, олар: 

1) оқушыларға тапсырмаларды қиындықтары бойынша реттеуге жаттығуларды орындату; 

2) алгебра сабағында электрондық тақта, мультимедиалық проекторды қолдану; 



У.А.Қосыбаева, О.Ж.Убайдуллаев 

60 


Вестник Карагандинского университета 

3) модельдеу; 

4) ұсынылған нұсқаның ішінен оқушының өз шешімін қабылдауын зерттеу; 

5) басқа пəндердегі математикалық есептеулер. 

Əрине, осы барлық функцияларды қамту мұғалім үшін де, инженер-программист үлкен еңбекті 

қажет етеді. 

Ақпараттық  технологияның  еліміздің  əр  саласына  енуіне  бірнеше  жылдар  өткендіктен  де 

алгебра  пəнін  оқытуда  компьютерлік  технологияны  қолданудың  жөнінде  мұғалімдердің  əр  түрлі 

пікірлері қалыптасып үлгерді. 

Мектептегі  оқытудың  сынып  сабақтың  жəне  лекциялық  семинарлық  түрінің  қолданылуы  оқу 

материалдарын  мұғалімнің  көмегімен  меңгеру  оқыту  процесін  де  бұрынғыдан  өзгеріссіз  қалған. 

Біреулерге  мұғалім  ұнайды,  ал  кейбіреулерге  сабақ  беру  əдісі  ұнамауы  мүмкін,  немесе  оларға 

мұғалімнің  дұрыс  қарамауы  сияқты  көрінуі  мүмкін.  Осы  мəселелерді  тек  дəстүрлі  əдіспен  шешу 

қалаған  нəтиже  бермеді,  жеке  тұлғаның  дамуына  кедергі  жасауда.  Енді  жаңа  құралдар  жəне  жаңа 

оқыту əдісі қажет. 

Тағы бір тоқталып өтетін мəселе — мультимедиалық құралдарды білім беруде тиімді пайдалану 

үшін  мұғалімдерді  жаңа  компьютермен  жұмыс  жасауға  үйрету  керек.  Олардың  қалыптасқан 

психологиялық кедергілерді жоюы сауатты түрде ұйымдастырылуы қажет. Бүгінгі күн талабына сай 

етіп  мұғалімдерге  маманның  сұраныстарын  қанағаттандыра  алатындай  жаңа  бағдарлама  жасаудың 

қажеттілігі туып отыр. 

Қалыптасқан талаптармен қатар бүгінде жалпы білім беретін орта мектептердегі алгерба пəнінің 

мұғалімдері мынандай мəселелерді меңгерулері қажет секілді: 

 компьютерлік сауаттылық; 

 дербес компьютермен жұмыс істеу дағдыларын игеру; 

 уақыт ағынымен жаңа технологиялық бағдарламаларды меңгеру; 

 компьютермен оқытқанда қарастырылатын есептің, құбылыстың мəнін бұрынғы тақырыптарға 

талдау жасай отырып, жаңаша оқыту; 

 компьютер  көмегімен  шешілетін  əдістемелік  жəне  педагогикалық  тапсырмалар  айналымы  əр 

түрлі [4]. 

Компьютер — əмбебап құрал, оны калькулятор, тренажер, яғни бақылау жəне бағалау құралы, 

модельдеу  құралы  ретінде  де  қолдануға  болады,  сонымен  қатар  таптырмас  электрондық  тақта. 

Компьютерді қолданудағы маңызды əдістемелік тапсырма болып есептерді əр түрлі математикалық 

əрекеттер, алгоритм арқылы шешу болып табылады [5]. Алгебра пəнінің мұғалімдері үшін сабақтың 

əрбір  кезеңдерінде  сатылымдағы  жаңа  програмаларды  қолданудағы  негізгі  мəселе — өндіруші 

тарапынан  жетекшіліктің  болмауы,  сонымен  қатар  əдістемелік  нұсқаулардың  түсініктеме  ретінде 

берілмеуі.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  алгебра  пəнін  оқытуда  мультимедиалық 

құралдарды  қолданудың  ерекшеліктеріне  жан  жақты  талдау  жасай  отыра,  сол  мультимедиалық 

құралдарды қолдану бойынша келесі түрдегі қорытынды жасаймыз: 

 мəтіндік  анықтамаларды  жəне  анықтамаларды  қолдану  арқылы  материалдарды  өз  бетінше 

талдау, анықтамалықтар арқылы білімін кеңейту; 

 оқушыларға бақылау жүргізу; 

 оқытудың жеке программасын құру; 

 əр түрлі есептерді шешуге арналған дайын тиімді программаларды меңгертуге үйрету. 

Алгебра  пəні  көп  оқушылар  үшін  қызықсыз,  тек  тақта  алдында  есеп  шығару  мен  бақылау 

жұмысында  баға  алу  мақсатында  қабылданды.  Осындай  тұйықтан  шығу  жаңа  ақпараттық 

технологияның көмегімен алгебра пəнінің «өміршеңділігін» көрсетеді деп сенеміз. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Қабдықайырұлы Қ.,  Берікханова Г.  Оқытудың  педагогикалық  технологиясы  жайлы // Информатика.  Физика. 

Математика. — 1998. — № 6. — 12–15-б. 

2  Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: В 6 т. — Т. 5 / Сост. С.Ф.Егоров. — М.: Педагогика, 1990. — 528 с. 

3  Скиба М.А., Сакенова Е.Н., Кирьянова К. Использование презентаций для реализации культурологического подхода 

на уроках математики // Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. ун-ті хабаршысы. — 2006. — 125–131-б. 

4  Зайцева Л.В. Некоторые аспекты контроля знаний в дистанцинном обучении: Сб. науч. тр. 4-й Междунар. конф. — 

Харьков-Севастополь, 2000. — С. 126–131. 

5  Мəлібекова М.С., Исаева К.Р. Дербес компьютерді оқу процесінде қолдану. — Алматы: Ғылым, 2001. 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет