№16 (173), қыркүйек, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 401.59 Kb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата29.04.2017
өлшемі401.59 Kb.
1   2   3   4   5

(Жалғасы. Басы 1-бетте).

(Жалғасы 11-бетте)

ҰЛЫТАУ – ҰЛЫҚТАУ ОРДАСЫ



10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

КЕЗДЕСУ

Жақында  Журналистика және 

саясаттану факультетінде Білім 

күні аталып өтті. Бірінші курсқа аяқ 

басқан студенттерді факультет дека-

ны  Қайрат Сақ арнайы құттықтап, 

қадамдарына сәттілік тіледі. Фа-

культетімізде осы оқу жылында 

көңіл қуантарлық көрсеткіштер көп.   

Қазақ бұқаралық ақпарат құралдары 

үшін сапалы мамандар даярлап келе 

жатқан шаңыраққа түскен жалпы 

саны 145 студенттің 75-і - грант ие-

гері. Оның 9-ы «Алтын белгі» иесі, 

ал 4-і олимпиада жеңімпаздары. 

Қазақстан бойынша «Журнали-

стика» мамандығы үшін бөлінген 

гранттың 52 %-ы, «Саясаттану» және 

«Баспа ісі» мамандықтары бойын-

ша  50%-ы  біздің факультетіміздің 

еншісіне тиген. Осыдан-ақ ЕҰУ-нің 

журналистикасында оқығысы келетін 

талапкерлердің саны жыл санап ар-

тып жатқандығын байқауға болады.

Жағымды жаңалықтармен бөліскен  

Қайрат Өмірбайұлы  1 курс студент-

терін ендігі «жаңа» ұстаздарымен   таныстырып, факультеттің қысқаша 

тарихын баяндап берді. «Баспасөз 

және баспа ісі» кафедрасының 

меңгерушісі, ЮНЕСКО профессо-

ры Намазалы Омашев журналисти-

ка жөнінде салиқалы әңгіме қозғап, 

«жұлдыз» боламын деп арман қуып 

келген жас таланттарға бағыт сілтеді. 

Жалпы университетімізде биылғы 

жыл табысты басталғаны белгілі. Оқу 

ордамызға мемлекеттік грантты жеңіп 

алған  3096  талапкер  түссе, оның 

406-сы «Алтын белгі» иегері де, 247-

сі республикалық және халықаралық 

олимпиада жеңімпаздары. ЕҰУ-

дің Қазақстан жоғары оқу орын-

дары арасындағы бас рейтингіде 

қатарынан үшінші жыл бірінші орын 

алып отырғанының өзі біраз дүниені 

аңғартады. Халықаралық рейтингтер-

дегі көрсеткіштеріміз де жоғарылап, 

әлем ЖОО-ларымен иық тірестіре 

алатын деңгейге жеттік. Кеше ғана 

үздік университеттің табалдырығын 

аттаған жастар өте дұрыс таңдау 

жасағандарына күмәнданбаса да бо-

лады. Барша талапкерлерді студент 

атануларымен құттықтай отырып, 

ғылыми  әлеуеті қалыптасқан, таны-

мы терең профессорлар  мен білік-

ті оқытушылар дәріс беретін мол 

мүмкіндіктердің мекеніне келгендігін 

тағы да айтқымыз келеді.  

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

Журналистика және саясаттану 

факультетінің ІІ курс студенті

Білім күні аталып өтті

дайындау арқылы жүзеге асатынын 

ескеріп, еліміздегі білім беру жүйесін 

халықаралық стандарт деңгейіне 

көтеріп, нарықтық экономикаға 

бейімделген бәсекеге қабілетті білімді 

де білікті мамандар дайындауға қатысты 

тапсырмаларды білім беру саласында 

еңбек етіп жүрген мамандарға 

тапсырып отыр. 

Қазіргі таңда республикамызда 

140 жуық ЖОО бар. Оларды 

«Қазақстандық білім» атты ұғымды 

бренд дәрежесіне жеткізуде жылма-

жыл жаңа жобалар қолға алынып жатқан 

жайы бар. Өткен жылы  экономикасы 

озған елдерде ерекше қарқынмен 

дамып келе жатқан оқытудың, білім 

берудің тың жобасы – «E-learning» 

электрондық оқу жүйесі игеріле 

басталды. Бүгінге дейін осы салада 

атқарылған іргелі істердің нәтижесі 44 

білім беру мекемелерінде осыған сәйкес  

жоба  іске қосылып, былтырғы жылдың 

аяғына дейін бұған тағы 500-ге жуық 

мекеме қосылды. Осының арқасында 

кең-байтақ Қазақстанымыздағы білім 

ордалары 4-тен 10 Мбит/секунд 

ғаламтор желісіне шығуға мүмкіндік 

алды. «Қазақстандық білімнің» өсіп-

өркендеуі 2008 жылдардан бастап 

дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқаны 

анық. Екіншіден, Біз, Орта Азия 

елдері арасында бірінші болып Болон 

үдерiсіне ендік. Жүйенің тиімділігі 

«бакалавр – магистр – PhD докторы» 

деп аталатын үш сатылы заманауи 

жүйеге толығымен көшті. Бұдан былай 

жоғары білім берудің еуропалық 

үлгісі өмірімізге етене ене бастайтын 

болады. Ал осы үдерiстің бізге берер 

жақсылығы, отандық білім беру – 

еуропалық стандарттарға сәйкес 

негізделетін болады. Ал еуропалық 

стандарттардың сапасына ешкім де 

күдік келтірмесе керек. Үшіншісі, бұдан 

былай еліміздегі ең іргелі деген жоғары 

оқу орындары табыстаған дипломдар 

Еуропада жарамды деп танылып, өз 

еліміздің оқу-білімімен сусындаған 

кадрларымыз кез келген елде жұмысқа 

тұра алады. Төртінші, шетелдіктер 

ұ с т а з - п р о ф е с с о р л а р ы м ы з д ы ң 

деңгей дәрежесін таниды. Олармен 

екіжақты әріптестік байланыстар 

орнатады. Шәкірттің біліктілігі 

ұстазға байланысты десек, оқытушы 

мұғалімдеріміздің шетелдік 

ұстаздармен тәжірибе алмасуы отандық 

білімнің одан әрі де өркендей түсуіне 

үлес қосары сөзсіз.   Бесінші, қос, екі 

дипломды білім беру бағдарламасын 

іске асыруға мол мүмкіндік туады. 

Мысалға, қазір нарықта сұраныс 

таппаған мамандықты тауысып алып, 

тұрақты жұмыс таппай табанынан 

таусылып жүрген жастарымыз бар. 

Ал олардың дипломдары шаң басып, 

қажетке жарамай қалғаны жасырын 

емес. Ендеше, жалғыз дипломды ғана 

талғажау етіп, тек бір мамандықтың 

шеңберінде ғана қалу қазіргі өмірде 

өзекті емес дер едік. «Бес аспап» 

маман бола білген адам ғана нарықта 

нақты сұранысқа ие бола алады.

«Қазақстандық ғылым» білімнің 

қанат жаюына бүгінде «Назарбаев 

университеті» де барынша атсалысып 

отыр. Еліміздегі белді, беделді деген 

жоғары оқу орындары осынау білім 

ордасына қарап бой түзеп отыр. 

Сапасы жағынан салыстырғанда 

шетелдік, оның ішінде Батыс пен 

АҚШ-тың іргелі университеттерінің 

беретін білімдерінен мысқалдай 

кемдігі жоқ «Назарбаев университеті» 

бүгінде біздің еліміздің білім беру 

саласындағы өзіндік брендіне, 

символына айналып отыр. Елбасымыз 

үлкен сенім артқан оқу ордасы білім 

берудің озық тәжірибесін жинақтап, 

болашақта оны барлық республикаға 

таратуы тиіс. Халықаралық 

тәжірибедегі озық үлгілерді өз 

жұмысына етене енгізіп отырған 

оқу орны еліміздің индустриялық-

инновациялық дамуына қатысу икемі 

бар жаңа мамандарды дайындап жатыр. 

Университтің өзге ЖОО-лармен 

салыстырғанда ерекше тұсы осында. 

Оқыту үдерістеріне қазіргі заманғы 

әдістемелер мен технологияларды 

енгізген. Қазақстанның әр қиырындағы 

талантты, дарынды балаларды 

тауып, олардың қабілетін әрі қарай 

дамытуға бағытталған осынау білім 

ордаларында әлемнің алдыңғы қатарлы 

зияткерлік мектептері жүзеге асырып 

отырған – іргелі және жаратылыстану 

ғылымдарын оқытуға, оқушылардың 

сындарлы, креативті ойлау қабілетін 

дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бүгінге 

жасалған іс – ертеңгі болашағымызға, 

сапалы білім алуға жол ашады. Ал өзіміз 

әңгімелеп өткен табыстарымыздың 

барлығы Қазақстанның халықаралық 

аренада танылуына үлкен үлесін қосып 

отыр. Қазір біздің ел Біріккен Ұлттар 

Ұйымының адам дамыту индексі 

бойынша әлемде 68-орында. Қазақстан 

соңғы үш жылдан бері бұрынғы 

ТМД аумағындағы барлық елдерді 

тасасында қалдырып, білім беруді 

дамыту индексінің (БДИ ЮНЕСКО) 

ең жоғары төрттігінің тізімінде келеді. 

Бүгінгі күні Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті QS  Топ 

50 Under 50 рейтингісі бойынша 

 

32-орынды иеленді. Мұндай жоғары 



деңгейдегі халықаралық мойындау 

университеттегі білім беру сапасының 

артқандығын, сондай-ақ, оның әлемдік 

білім беру кеңістігіндегі жоғары 

стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. 

2013 жылғы ҚР Ұлттық аккредиттеу 

орталығының 

сарапшылары  

бакалавриаттың, магистратураның, 

докторантураның  білім беру 

бағдарламаларын 

саралауының  

нәтижесінде  оқу ордамыз,  27 ЖОО, 

оның ішінде 5 ұлттық, 11 мемлекеттік, 

1 халықаралық, 8 акционерлік, 2 жеке 

меншік кірді, солардың арасынан 

білім беру бағдарламаларының сапасы 

бойынша көш бастап келген үштікке 

кірді.

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК КЕЛБЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР 

ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

«БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ»  АКЦИЯСЫ

ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕ


11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

Хан орда, Алашорда, Қызылорда бәрінің 

ұраны Алаш болған. 

***


Менің жеке басыма келсек, Шыңғыс 

ханды пір санамаймын. Ол әулие емес. Атақты 

қолбасшы, алып империя құрған саясаткер, 

демек күнәсі мол адам. Оның жорықтары 

нәтижесінде талай қалалар қиратылып, 

жермен-жексен етілді, жазықсыздардың қаны 

төгілді. Көркейіп  тұрған Дешті Қыпшақ 

мемлекеті жойылып, өзгеше күйге түсті. Бірақ 

шындығы сол – оның қалың әскерін құрғаннан 

кейін, қазақтар деп аталған халықты құраушы 

тайпалары  (найман, керей, үйсін, дулат т.б) 

болды. Империяның тілі түркі тілі болған 

деген деректер молынан кездеседі. Алтын 

Орда негізінен қыпшақ тайпаларынан 

құралған еді. Сондықтан мәселе біздің 

қазақтардың (оны құрушы тайпалардан) 

тарихын тереңнен қозғағанда Шыңғыс хан 

біздің төл тарихымыздың басты кейіпкері, бұл 

аз ба? Шыңғыс ханның астанасы Қарақорым, 

бұл қай тілдегі қаланың атауы? Қазақта қара 

деген үлкен, қуатты деген түсінік бар, мысалы 

қара нар, қара күш иесі, тіптен қара теңіздің 

атына назар салсаңыз. Ол үлкен, мол теңіз 

дегенді білдіреді, ал Қорым деген ертеден 

келе жатқан түркі сөзі. Қазақтар Қорым 

деп адамдар тұрған мекенді атайды. Сонда 

Қарақорым деген үлкен қала деген түсінікті 

білдіреді. Енді ойланайық. Әлемді билеген 

Шыңғыс хан өзінің астанасын, одан кейінгі 

ұрпақтары астана еткен қаланың атын (елді 

мекенді) неге Қара+Қорым деп атаған? Бұл 

Шыңғыс хан империясының ресми тілі –түркі 

тілі болғандығының айғағы.

Біздің тарих әлем әміршісінің өрісіне 

қатысты болып отырғаны шындық. Содан 

болар, 1907 жылғы Ресей ауыл шаруашылық 

Бас Басқармасының бастығы Крюков 

«Қырғыз-қайсақтар Шыңғыс хан мен Ақсақ 

Темірдің тікелей ұрпақтары. Олар жер бетінен 

жойылуға тиіс»  десе, Ресейдің Министрлер 

Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин: 

«Шыңғыс ханды біз монғол дейміз. Нағыз 

монғолдар – мына қырғыз-қайсақтар. Олар 

сол Шыңғыс ханнан тарағандар»  депті ол да. 

Бұл пікірлерде шындық бар. Жошы ханнан 

бергі дәуірде қыпшақтар (қазақтар) оның 

тұқымдарымен біте қайнасып кетті, Керей 

мен Жәнібек өздерін алғашқы қазақ дегендер, 

қазақ болу осы хандардан басталады емес 

пе?  Қазақ деген азамат, яғни мемлекетке 

қатысты қолданылған ұғым. Азамат болу қазақ 

болу деген мағынаға ие болған. Қазақтар ұл 

балаларына «азамат» деп ат қоюы тегін емес 

екендігін Шоқан Уәлиханов та айтқан. 

Сонымен қазақ халқының төл тарихының 

кейіпкерлері Шыңғыс хан, Жошы хан, Ақсақ 

Темір, Бату хан (Сарайшықта жерленген),  

онымен аралас-құралас та болған Александр 

Невский, Украина халқы ұлт перзенті деп 

жүрген Мамай, Ер Едіге, Алтын Орда ханы 

Тоқтамыс, Ноғай ордасының әміршісі Ер 

Едіге,  бәрі-бәрі біздің тарихтың басты 

кейіпкерлері.

***


Терең тарихы болған халықтың бүгінгі 

сауатты ақпарат ғасырында тарихи болмаған, 

тіптен қазақ деген халық және оның мемлекеті 

болмаған деу сауатсыздық па, әлде мақсатқа 

лайықталған идеологиялық айла-шара ма? 

Осы жайларды алдымен өзіміз қазақтар 

анықтап алуымыз қажет.

Қазіргі ұрпақ тарихи сабақтастықтың 

«қыл көпірінде» отыр. Тарихты бар деу де, 

жоқ деу де бүгінгі ұрпақ қолында. Ұрпақтың 

қатерлі шешімге келмесіне кім кепілдік бере 

алады. Кеңес заманында: 

«Біз көшпенділер болғанбыз, нағыз қазақ 

тарихы қазан төңкерісінен бастау алады. 

Біз  феодализмнен капитализмді айналып 

өтіп, социализмге бірден жеткенбіз» деген 

сандырақ сөздерді маңдай алды деген 

ғалымдарымыз айтып та, жазып та келген.

Тарихты феодализм, капитализм, 

социализм деген ұғымдар арқылы түсіндіру 

мағыналы нәтиже бермеді, себебі қазақ халқы 

басынан феодализмді өткермеген (осы туралы 

мақаланы пайдалану керек).

Тарих қай заманда болмасын тәрбиені 

және білімді қажет етеді. Екеуі бірігіп 

бастарын түйістіріп барып тарихи ғылымды 

қалыптастырады. 

Тарихи тәрбие өрістері: миф, аңыз, хикая, 

ауыз әдебиеті, фольклор.

Тарихи білім осыларды негізге ала 

отырып, жүйеленеді, сұрыпталады, сөйтіп 

барып, ғылымға айналады. Бірақ осы тұста 

тарихқа кенеттен келіп қосылып, оның ағысын 

өзгертуге барынша күш жұмсайтын саясат, 

идеология дейтіндер болады. 

Тарихи онтология  әмбебап ұғым, ол 

халықтың әдет, дәстүрінде, ділінде, дінінде, 

тілінде, тұрмыс-тіршілігінде табиғи болып 

жатқан құбылыстар. Міне осы тарихи 

онтологияға саясат үнемі де көлденең келіп, 

түзетулер, тіптен түп-тамырымен қопару 

әрекеттерін жасап отырады. Алдағы ертегі 

тарихқа қарап айтсақ, қазақтың заң түрін, 

тарихтар түрлі мемлекеттер болған, мысалға, 

түрік қағанатын айтсақ жеткілікті. ХІІ-ХІІІ 

ғасырларда түрік даласына, анығын айтсақ, 

Дешті-Қыпшақ мемлекетіне Шыңғыс ханның 

шапқыншылығы басталып, «жаңа тәртіп» 

орнай бастады. Ел басшылығына бұдан 

былайғы жерде, Шыңғыс хан әулетінен ғана 

болсын деген саяси жүйе орнықты. Демек, 

тарих енді Шыңғыс хан әкімшілік жүйесінен 

басталу қажеттілігі туды. Түркі мәдениетінің, 

өркениетінің мұралары бағаланса да, бағусыз 

қалды. Бүгінгі тарихта Ресейдің саяси 

бодандығына түскенде даламыздағы бар 

заттық мұраларымыз тонауға, талан-таражға 

түсті, олардың бәрі басқыншылар қолына, 

сол елдердің  мұражай қорларында әлі күнге 

дейін сақталады. Екі ғасырдан аса уақытта 

тарихи құнды затты мұраларымыз толық 

тоналды. Тағы жаңа саяси тәртіп орнады. 

Қазақ тарихы аңыз, хикаяларда, ертегілерде 

сақталды. Кәсіби тарихшылар сол заманның 

идеологиясына қызмет атқарып, жалған тарих 

жасай бастады, оларды ориенталистер деп те 

атауға болады. Тарихымыз өзгелер көзімен, 

жазыла, айтыла бастады.

Бүгінгі  тарихта қазақ халқы, мемлекеті 

болмаған деушілер солардың жаңа заманғы 

ізбасарлары. 

Одан бергіде тарихи онтологиямызға 

большивик ғалымдардың салған ойраны 

қауіпті әрі залалды болды. Олардың мақсаты 

қазақ халқын жойып, біріккен совет халқы 

деген ұғым қалыптастырмақ ниетте болды. 

Қазақ халқы дегенді атауға болмайтын заман 

туды. Бәрі Совет халқы, ал қазақ тек ұлт қана. 

Ұлт деген халық емес, халықтың ерекшелігі 

ғана деп насихатталды. Мысалы, мәдениетте 

мынадай анықтама берілді, совет халқының 

мәдениетінің мазмұны социализм, рухы 

интернационализм, түрі ұлттық. Сонда қазақ 

ұлты деген бір түр, ол келе-келе жойылып, 

бір экономикаға, бір идеологияға, бір 

мәдениетке, бір тілге (орыс тілі) негізделген. 

Совет халқы толық қалыптасқанда  ол, яғни, 

қазақ ұлты мүлдем жойылып кетпек, осылай 

деп арнайы коммунистік партия бағдарлама 

қабылдады. Ол коммунистік насихаттың  саяси 

бағдарламасы болып саналды, коммунизм 

орнағанда бірыңғай интернационализм 

болмақ, қазақ ұлт ретінде жойылмақ, олай 

болса, қазірден бастап қазақ болудан арыла 

бастау қажеттілігі саяси науқанға айналды. 

Сол заманның «қаратаяқтары», партия, 

кеңес басшылары тайлы-таяғымен қазақ 

болудан бас тарту ісіне кірісіп, балаларын, 

немерелерін орыс мектептеріне оқытып, 

олармен орыс тілінде сөйлеуді жаңа заман 

талабы әрі мәдениеттілік деп санады. Осы 

психология күні бүгінге дейін сақталып келе 

жатқанын көріп, біліп жүргенде, шынында 

да кімдердің саясаты, көзқарасы дұрыс деген 

ойға қалушылар да аз емес. 

Қазақ болуға, әлі де сенім жоқ. Тарихи 

тәрбиенің, тарихи білімнің қажеттілігі де әлі 

ауадай. 


Егемен ел. Бұл қазақ болу заманы. Ұлт 

болу  емес, қазақ  халқы болу заманы.  Осы 

қарапайым түсінікті қабылдаудың соншама 

қиын екенін көріп жүрмін де, қиналамын, 

неге деп, сірә оның жауабы Намыста болса 

керек. Намысты халық ешқашан жер бетінен 

жойылмақ емес. Намысты жалаң қылыш етіп 

ұстаған Махамбет жырларын оқығанда тәуба 

деймін, жүні жығылған өзгелердің сөзін 

сөйлеп жүргендерді көргенде «шіркін» 

деймін. Сірә, уақыт деген сабырлылықты 

талап ететін даналық па деймін. Ақылымызға 

сабыр қоссақ, парасат сезім қалыптаспақ. Мен 

осы парасаттылықты жастардан шығатынына 

кәміл сенемін, әсіресе тәуелсіздіктің «үшінші 

толқынынан»  күтер үмітім мол. 

Орда, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Ноғай 

Ордасы, Қазақ Ордасы деген аса қуатты 

мемлекеттер болғанын қайда қоямыз. Орда 

деген мемлекет деген сөз. Қазіргі политология 

лексикасына салсақ, Орда мемлекеттің 

типі. Орданы хан басқарады. Одан әрі өзге 

басқару институттары құрылады: әскери 

аристрократия, билер билігі, ру-тайпалар 

көсемдерінің институты т.б. 

Қазақ тарихының басты-басты мынадай 

дәуірлері бар: әрі кеткенде айтарымыз 

Ғұн-сақ дәуірі, одан бергіде Түркі 

Қағанаты дәуірі, Дешті Қыпшақ және т.б. 

мемлекеттік құрылымдар (дулат мемлекеті, 

үйсін мемлекеті, найман мемлекеті, керей 

мемлекеті) институттары бар. Жошы хан 

және оның ұрпақтары басқарған дәуір: ол 

XVIII ғасырмен аяқталып, XIX ғасырда 

мүлдем саяси биліктен айырылды. Келесі 

Россияның бодандығында болған дәуір. 

Мінеки, осы кезде XIX ғасырдан бастап, қазақ 

мемлекеттігінен айырылды. Қазақ даласы 

губернияларға бөлшектелді. Губернаторлар 

тікелей Ресей патшасына бағынышты болды. 

Хакім Абайдың «қайран елім, қазағым» деп 

айтқан дәуірі осы. Қазақ жұртының келесі 

дәуірі – Кеңес дәуірі. Бұл кезде мемлекеттік 

құрылымның аты бар, заты жоқ болды. Барлық 

билік толығымен Москваның қолында болды. 

Елді коммунистер басқарды. 

Қазақ халқының жаңғырып, қайтадан 

 

мемлекет құру тәжірибесі 1991 жылдың 1 



желтоқсанынан басталды. Қазақ халқы өз 

ішінен Президент сайлады, оның ұлықтау 

рәсімі болды. Бұл Хан Ордасында үздіксіз 

болып келген хандарды ұлықтаудың 

үзілген жалғасы еді, яғни бұл ренессанстық 

құбылыс болды. Қазақ мемлекеті қайтадан 

құрылды. Тәуелсіз Қазақстан Біріккен 

Ұлттар Ұйымының мүшесі, өзге елдермен 

құқықтық тең дәрежедегі зайырлы мемлекет. 

Осы мәселеге орай, сөзімнің  соңында айтар 

түйінім, қазіргі мектептерде, жоғары оқу 

орындарында оқытылып жүрген «Қазақстан 

тарихы» деген пәннің аталуы және баяндалуын 

дұрыс деп есептемеймін. Осы пәнді оқытушы 

***

Қазіргі заман, қазіргі дәуір – күрмеуі 



қиын заманның бірі. Тарих туралы, халықтың 

тарихы туралы ақпарат бетінде неше түрлі 

жеңіл-желпі, өсек-аяңға негізделген пікірлер 

айтылуда. Олар да тегіннен-тегін емес, қажетті 

бір саяси сұраныстарға орай айтылуда. Әрине, 

кәсіби мамандардың айтқандарына болмаса, 

әркімнің сөзіне жауап іздеудің қажеті шамалы. 

«Ит үреді, керуен көшеді» дейтін шығыс 

мақалы бар. Қазіргі жағдай дәп солай. Бірақ 

мәселенің ауырлығы: біздің халқымыз туралы, 

оның тамыры терең тарихын білмей, не білгісі 

келмеген ниетте саяси топшылаулар жасайтын 

саяси белгілі тұлғаларға не деуге болады? 

Бүгінде ақпарат бетінде қазақтар болған, 

бірақ олардың мемлекеті болмаған деген 

түсініктер жиі кездесіп жүр. Сонда қалай, 

қазақтар болса, оның арғы тегі түркі жұрты 

болса: Түрік қағанаты, одан бергіде Дешті 

Қыпшақ мемлекеті болса, одан бері Жошы хан 

және оның ұрпақтары билік жүргізген Базар 

мамандар, сірә оқушыларға «Қазақстан 

тарихында» қазақ жері туралы айтып, ондағы 

болған мемлекеттерді айтпайтынға ұқсайды. 

Бұл теориялық қана емес, саяси шалағайлық.

Мектептерде, ЖОО-да оқытылатын 

пәннің аталуы «Қазақ халқының мемлекетінің 

тарихы» (История казахского государства) 

деп аталуы керек. Біз патриоттар тәрбиелеу 

үшін өз мемлекетіміздің төл тарихын

мемлекеттіктен айырылған тарихты қайтадан 

жаңғырған егеменді елдің мемлекетін, яғни 

мемлекетін оқытуымыз керек. Елдік сананың 

насихатшысы мемлекеттік құрылым болмаған 

кезде елдік сана, оның азаматтары да 

патриоттық сезімді насихаттай алмайды және 

саяси көзқарасына айналмайды. 

Тәуелсіз елдің  жастары қазақ елінің 

мемлекетінің тарихын оқып, патриот боп өсуі 

табиғи жағдай. 

Ғарифолла ЕСІМ,

академик, жазушы 

ТАРИХ  ТОЛҒАУЫ

ҰЛЫТАУ – ҰЛЫҚТАУ ОРДАСЫ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректораты  

осы оқу орнының бірінші проректоры, философия ғылымдарының 

докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Жәмила 

Нүсіпжанқызы Нұрманбетоваға жұбайы 



            Саяхат Алпысұлы ҚОНАҚАЕВТЫҢ  

қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-

туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып 

көңіл айтады.



12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

 

ДИРЕКТОР – 



БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ТОО "Медиа-холдинг ERNUR" 

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №81

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31325 (ішкі байланыс)

Pernebekova_zha@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 401.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет