№16 (173), қыркүйек, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 401.59 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата29.04.2017
өлшемі401.59 Kb.
1   2   3   4   5

Көпен ӘМІРБЕК, сатирик:

– Ұлықбектің тұла бойы тұнған махаббат. 

Адам махаббаты түрлі-түрлі болады. Біреу 

даланы, біреу қаланы сүйеді, біреу айға, біреу 

жұлдызға ғашық. Қол жетпесе де күнге, біреу 

жердегі гүлге табынады. Алғашқы махаббат 

туралы ән көп, өлең көп. Ал екiншi махаббат, 

үшiншi махаббат, төртiншi махаббат деген 

ән естiген емеспiн. Сондықтан да алғашқы 

махаббаттың аты — алғашқы махаббат. Ал 

одан кейiнгiнің бәрi – алғашқы махаббатты 

Күлімдейді  ерекше күн реңі,

Шығарды оны төріне бүгін елі.

Ұлы Абайдың жиені Ұлықбекті,

Ұлыаға деп атадық інілері.

Көрсең егер көзіңді бөлек суар,

Оның жыры тас жарған ерек шынар

«Ұлық болсаң кішік бол!»  деген сөзді,

Ұлықбектен үйрену керек шығар.

Атын қырдан естідім гүлін жапқан,

Ұрым жақтан естідім Қырым жақтан.

Бір Ұлықбек зерттесе жұлдыздарды,

Бұл Ұлықбек жұлдызды жырын жаққан.

Аты шыққан Ақын боп «әп» дегеннен,

Жанарынан маздаған от көрем мен.

Бір Ұлықбек үңілсе Құс жолына, 

Бұл Ұлықбек Құс жолын тапты өлеңнен.

Арбаса да жеңе алмас қалың шайтан,

Ашуланса мінезі оның сойқан.

Алдында оның Ақ Ертіс буырқанып,

Артында оны қорғайды Сауыр-Сайқан.

Арыны арғымақтың арынындай,

Сарыны Ақтамберді сарынындай.

Бұл күнде Тарбағатай тарланы – ол

Алтайдың өзі алтын тамырындай.

Қаршадайдан өскен ол қайсар болып,

Жадыраған, жайнаған, жайсаң көрік,

Марқакөл боп мөлдіреп ойға батып,

Тебіренеді, толқиды Зайсан болып.

Қарауылда, Қаройда, Қарқарада,

Ескішеһир, Стамбул, Анкарада,

Ашхабатта, Самарқан, Тегеранда,

Жыры оқылған ақын ол сан қалада.

Достары бар Қарашай, Малқарда да,

Татарда да, Башқұртта, Балқанда да.

Монғолия, Кипрде, Гүржістанда.

Қытайда да біледі Үндістанда.

Абхаз барсам сұрайды Ұлықбекті,

Кавказ барсам сұрайды Ұлықбекті.

Тәшкен барсам сұрайды Ұлықбекті.

Мәскеу барсам сұрайды Ұлықбекті.

Қырғыз елі, Сахада сыры оқылған,

Жанартау боп жүректен жыры атылған.

Құс жолында ол мінген арғымақтың

Түнгі аспанда нұры бар шұбатылған.

Бұла жыры бұлтты асып бұлқынады,

Дүниені шарлаған жыр пырағы,

Көрген сайын қара өлең, ақ өлеңін,

Жанарыма ғажайып нұр тұнады.

Шайырлықтан жас өркен үміттенсе,

Шырша болсын дейтұғын шыбық көрсе.

Әлемді тану керек Ұлықбекше,

Өлеңді жазу керек Ұлықбекше.

Кейде Ақ түндей жұлдызын үйіп-төксе,

Кейде ақ таңдай сәулесін күліп төксе.

Өлеңінен ақ қанат байлап алып,

Ойланбастан сапарға жүріп кетсе,

Менің түйген түйінім біреу ғана –

Алпысқа келу керек Ұлықбекше.

Бауыржан  ЖАҚЫП

қысқа  жазады. Бала кезімізде бәріміз 

бұрышқа тұрғанбыз. «Әттең, осы бұрыштан 

құтылатын күн бар ма?» дейтін кездеріміз 

есте.  Ұлықбекте «Мен өскенде, бұрышсыз 

үй тұрғызам!» деген жолдар бар «Бұрышқа 

тұр!» өлеңі қандай керемет айтылған. 

Үйреншікті тіркестердің өзін жаңаша 

қырынан пайдалану шеберлігі бар. Ақынның 

құдіреті осында. 



Нұржан БОЛАТҰЛЫ, журналистика 

және саясаттану факультетінің ІІ курс 

студенті:

Асқақ арманмен Алтайдан түлеп ұшып, 

өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал 

болған ақындарымыздың бірі – Ұлықбек 

Есдәулетовтың шығармашылық кешінен 

алған әсерім ерекше. Ақын өлеңдерінің басым 

бөлігі қазіргі кезеңнің түйткілді тұстарын, 

әлеуметтік әділетсіздік кеселдерін боямасыз 

көрсетуге,  шындықты айызыңды қандыра 

айтуға асық. Әсіресе кештегі көрермендерді 

ерекше толқытқан ақынның «Қара пима» 

поэмасы мен «Заман ай» әні болды. ЕҰУ-

де осындай тағылымды жыр кешін өткізген 

«Кәусар» мәдени бірлестігіне алғысым 

шексіз.

Маржан НҰРТАЗИНА, журналистика 

және саясаттану факультетінің І курс 

студенті:

«Алтайдың алтын тамыры» деп 

аталған Ұлықбек Есдәулет ағамыздың 60 

жылдық мерейтойына арналған әдеби-

шығармашылық кешке қатысу арқылы 

Еуразия ұлттық университетіне түскеніме 

тағы бір рет қуандым. Бала күнімнен 

ағамыздың өлең жолдарын оқып өскен мен 

үшін бұл шығармашылық кешке қатысу үлкен 

жаңалық болды. Оның тәрбиелік, танымдық 

мәні бар өлеңдерін тыңдап, түйгенім мол. 

Әсіресе «Қара пима» поэмасына түсірілген 

бейнебаянды көріп, көзіме еріксіз жас алдым. 

Әлі де алда тұғыры биік тұлғаларымыздың 

шығармашылығына арналған тамаша кештер 

болады деген үміттемін.

Шоқтығы биік ақынның айтулы тойы 

біздің білім шаңырағымызда да осылай 

лайықты деңгейде аталды. Студенттердің 

Тұңғыш Президент аудиториясынан ерекше 

әсермен  рухани толысып шыққанын айтқан 

пікірлерінен, жылы лебіздерінен анық 

аңғаруға болады.   Кеш иесі де жастарды 

оқымысты болуға, білім алуға шақырып, 

ағалық тілегін жеткізді. 

өлең өлкесіне өзіндік өрнегі бар шайырдың 60 

жылдық мерейтойына арналды.  Естеріңізде 

болса,  ақын бұған дейін өз туған жері Алтайдың 

төрінде, Алматыда мерейлі мерекесін атап 

өтіп,  оқырмандарымен  жүздескен болатын. 

Ал Еуразия ұлттық университеті қазақ қана 

емес,  түркі халықтарының поэзиясында 

өзіндік қолтаңбасы бар қаламгердің тойын 

тәрбиелік мәні бар кездесуге ұластырды. 

 

Сиқырлы сөзбен сусындауға келген 



студенттермен қатар мұнда университет 

ректоры Ерлан Сыдықов, академик Сейіт 

Қасқабасов, композитор Кеңес Дүйсекеев, 

сатирик Көпен Әмірбек,  театр сыншысы 

Әшірбек Сығай, күйші Секен Тұрысбеков, 

журналист ғалым Намазалы Омашев, 

жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев 

 

сынды қоғам, мемлекет  қайраткерлері мен 



өнер өкілдері де болды. Кеш барысында 

журналистика және саясаттану факультеті 

студенттері ақынның «Қазақ тілі», 

«Бұрышқа тұр», «Нұрғисаның аққулары», 

«Хат», «Қолымнан не келеді», тағы да басқа 

өлеңдерін оқып, Мөлдір Ерназар, Мәдина 

Жақып, Орынгүл Махмұдовалар ақынның 

сөзіне жазылған «Құс жолы», «Көздеріңе 

ғажықпын», Семей полигонының әнұранына 

айналған  «Заман-ай»  әндерін нақышына 

келтіре орындады.  Кезінде Ұлықбек ақынның 

атын әлемге әйгілеп, «Жалынның» жабық 

бәйгесін жеңіп алған «Қара пима» поэмасы 

бойынша түсірілген бейнебаян көрсетіліп, 

қайталау. Ұлықбек поэзияға қайталаумен 

емес, өзінің алғашқы махаббатымен келді. 

Ол барлық нәрсеге алғашқы махаббатындай 

қарайды.   Қадірлі елін, қасиетті жерін 

сүйеді. Ұлықбек Алтайдан Атырауға дейін

Шыңғыстаудан Маңғыстауға дейін, Абайдың 

елінен Адайдың еліне дейін жырлаған. Ол 

лирик қана емес, ашынатын, ашынатынын 

халыққа жеткізуге асығатын ақын.

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, академик:

– Ұлықбек бауырымыздың кеші – нағыз 

ақынның кеші. Ол үнемі ғашықтық сезіммен 

жүреді. Ішінде таза сезім болғандықтан, 

Ұлықбектің поэзиясы да адамдарға сондай 

сезім сыйлайды. Әдемі шумақтармен қысқа-



Бетті дайындаған: Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

ТӘЛІМДІ  ТӘРБИЕ

ҚҰТТЫҚТАУ

Соңғы жылдары әлемнің 

барлық жерінде  жоғары 

білім берудің құрылымы, 

мазмұны мен түрлерінде кең 

көлемде терең өзгерістер 

жасалды.  «Зияткер ұлт-2020» 

ұлттық жобасының  басты 

мақсаты – адам капиталын 

дамыту. Зияткерлік келбетін 

қалыптастыратын базалық 

қондырғысы  ол білім, 

ғылым, инновация жүйелері 

екені белгілі.  Бүгінгі күні 

осы мәселелер қалай жүзеге 

асырылып жатыр, әсіресе 

болашақ мамандарды 

даярлауда қандай жетістіктер 

мен кемшіліктер орын алуда?  

Болашақ мамандардың 

зияткерлік келбетін 

қалыптастыруды айқындайтын 

негізгі ұғымдарға: (интеллект) 

зият, зияткерлік, тұлғаның 

зияткерлік келбеті, зияткер 

тұлға, зияткерлік әлеует және 

т.б.атауға болады. Зият – ақыл, 

парасат, ес, түсінік, таным, 

ойлау қызметтерінің жоғары 

типі. Ал зияткерлік – адамның 

табиғатынан, яғни тұқым 

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК КЕЛБЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

қуалаушылық фактор арқылы 

берілген (ой, сана, ақыл, 

парасат, таным және т.б.) 

қасиеттері мен қабілеттерінің 

оқу, білім алу, тәрбиелену, 

тәжірибе жинақтау арқылы 

жетілдірілген және оларды 

өзін-өзі, қоғамды дамыту 

үшін қолдана білу қабілеті 

деуге болады. Бүгінгі 

күні үздіксіз білім беру 

жүйесінде тәрбие мәселесінің 

жағдайына сай келетін білім 

алушыларды тәрбиелеудің 

жаңа тұжырымдамасын жасау 

қажеттілігі туындап отыр. 

(Абай атындағы ҚазҰПУ-

де Әдеп негіздері,   Ұлттық 

тәрбие, Қазақ елі пәндері 

енгізілген.)

Тәуелсіздіктің бастапқы 

жыл   дарында-ақ 

«Зияткер 

ұлт» идеясының негізін 

қалай бастады. Мұны біз 1993 

жылдары Елбасының тікелей 

басшылығымен «Болашақ» 

бағдарламасының қолға 

алынғанынан аңғарамыз. 2013 

жылы бірқатар өзгерістер 

енгізіліп, жаңа ережеде 

талапкерлерді білім-білігіне 

қарай таңдау және олар 

курсты толық аяқтағаннан 

кейін Отанымыздың 

мемлекеттік органдарында 

жұмысқа орналастыру 

мәселелері қамтылды. 

Сонымен қатар жастардың 

өркениетті елдердің жоғары 

оқу орындарында мемлекет 

есебінен тегін оқуына 

мүмкіндік туды. 

Екінші кезең, «Болашақ» 

бағдарламасы арқылы 

бакалавриат мамандарын 

оқыту тоқтатылды. Бүгінде 

негізінен магистратура және 

PhD доктор дайындауға 

баса мән беріліп отыр. 2012 

жылдан бастап бірінші рет 

педагогикалық, медициналық 

және инженерлік-техникалық 

мамандық иелерін шетелдерде 

тағлымдамадан өткізу жобасы 

іске қосылды. 

Бүгінде дамыған 

экономика, бірінші 

кезекте интеллектуалды 

ресурстардың әлеуетіне 

арқа сүйейтін, «Дарын» 

бағдарламасы шеңберінде 

еліміздегі дарынды балалардың 

шығармашылығын қолдау 

бағытында республиканың сегіз 

облысында дарынды балалар 

үшін арнаулы мектептер 

мен мектеп-интернаттармен 

қам тылған. Еліміздегі 

мектептердің көпшілігінде 

осы бағдарламаның арқасында 

мультимедиялық компьютерлік 

сыныптармен қамтамасыз 

ету, компьютерлік оқу 

бағдарламаларын, электрондық 

оқулықтар жасау, білім 

беруді басқару жүйесін 

ақпараттандыру сынды 

маңызды жұмыстар жүргізілгені 

белгілі. «ХХI-ғасыр лидерлері» 

теле жобасы жүзеге асты. 

Осылайша, қазақ елі үшін 

толыққанды мектептің ең жаңа 

жүйесі бойынша білім алған 

жастарды оқытатын әлемдік 

деңгейдегі жоғары оқу орны 

ашылды. Бүгінде халықаралық 

стандарттар негізінде 

Назарбаев университеті 

мен зияткерлік мектептер 

табысты жұмыс істеуде. 

Біріншіден, оқыту үдерісіне 

қазіргі заманғы әдістемелер 

мен технологиялар енгізілген.  

Олардың тәжірибесін бүкіл 

қазақстандық білім беру 

жүйесіне таратып, барлық 

білім беру мекемелерін 

солардың деңгейіне 

тарту қажет. Екіншіден, 

педагогтар құрамының 

сапасын арттыруды, білім 

сапасын жақсартуды, 

жаңа технологияларды 

кеңінен қолдануды, жаңа 

формациядағы ұстаздар 

 «БАҚЫТТЫ  БАЛАЛЫҚ»  АКЦИЯСЫ

ШАЛҒЫНБАЕВА Қ.Қ.,

Педагогика ғылымдарының докторы,  профессор

(Жалғасы  10-бетте)

Оқу кестесі, оқу 

жүктемесі, кәсіби тәжірибе, 

оқу бағдарламалары, олардың 

мазмұнының сапасы сын-

ды ұғымдар білім беру-

ді ұйымдастырудың тірек 

ұғымдары.  Айтқанға жеңіл 

болса да күрделілігінде сөз 

жоқ екендігі әріптестерге ай-

дан анық. Университеттегі 

осы істің басы қасында жүрген 

Академиялық мәселелер 

департаментінің директоры 

Шәмен Балтабайұлы Палым-

бетов 20 қыркүйекте асқаралы 

алпыстың асуына шығып отыр. 

Еңбек жолын білім беру саласында ассистент қызметінен бастап, Қызылорда, Жамбыл облыстық 

ауылшаруашылық техникаларын жабдықтау, агроөнеркәсіп кешені, агроөнеркәсіп техникасы мекемелерін-

де, білім беру салаларында   жауапты қызметтер атқарып, абыройлы еңбек еткен. 

Шәмен Балтабайұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2008 жылдан Тіркеу офисі 

қызметі басшысының орынбасары, Тіркеу офисінің директоры, Академиялық мәселелер департаментінің 

директоры қызметтерін атқарып келеді. 

Алпыстың асқарына шығып отырған осынау қуанышқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ұжымы ортақ екендігіне күмән жоқ. 

Соңғы кезеңдерде тәжірибесі бен білімін білім беру саласына арнап, оқу үдерісін ұйымдастыру, ондағы 

реформалардың ендірілуіне атсалысуда. 

2009, 2010 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қабылдау комиссиясының 

жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. Бұл қызметті де үлкен абыроймен атқарып, университетке 

талапкерлердің сапалы қабылдануына да өз үлесін қосты. 

Осы уақыт ішінде Ш.Б.Палымбетов өзін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу 

үдерісін ұйымдастыру, талдау жасау, логикалық тұрғыдан үйлестіру, оқытудың  кредиттік технологиясын 

ендіру, оны сапаландыру, автоматтандыру жұмыстарын ендіруді ұйымдастыру бағытында тиімді шешімдер 

қабылдауда санасып, кеңесіп отыратын білімді басшы, өз ісін жетік білетін білікті маман екендігін дәлелдеді. 

Шәмен Балтабайұлы университетімізде ғана емес, еліміздің түрлі жоғары оқу орындарындағы 

әріптестерінен бастап Білім және ғылым министрлігіндегі мамандардың арасында да танымал, әріптестері 

мен ұжымының арасында үлкен беделге ие. 

Осынау асқаралы алпыстың асқарына шығып отырған қуанышты шағында, мерейтойында Шәмен 

Балтабайұлын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұжымының атынан шын жүректен 

құттықтаймыз! Әріптес мерейі әрдайым үстем болсын! 



Академиялық мәселелер департаментінің ұжымы,

 "Еуразия-ақпарат" орталығы

Білім беруді ұйымдастырудың шебері 

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық универси-

теті Жуналистика және сая-

саттану факультетінің дека-

ны, Қазақстан Журналистер 

Одағы сыйлығының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

«Қазақстан жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы» 

грантының иегері, 2013 жылы Мәскеудегі Халықаралық 

Еуразия теле-радио академиясы Президиумының акаде-

мигі, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы Сақ Қайрат 

Өмірбайұлы  50 жасқа толып отыр.

Мерейтойға орай  «Қазақстан – 2050"  Стратеги-

ясы  аясында «Журналистік білім берудің бүгіні мен 

болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кон-

ференция өтпек. Сонымен қатар «Алаш мұрасы», «Алаш 

көсемсөзі: жер мәселесі» кітаптарының тұсаукесері өтпек.

Еліміздегі «журналистика» және «бас-

па ісі» мамандықтары бойынша мемлекеттік 

білім стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен 

бағдарламаларын жасауға атсалысқан білікті ма-

ман, филология ғылымдарының кандидаты, доцент 



Сақ Қайрат Өмірбайұлын ердің жасы елуге толуымен 

құттықтап, шаңырағына шаттық, деніне саулық тілей от-

ырып,  ғылымда үлкен жетістіктерге жете беріңіз  дегіміз 

келеді! 


Журналистика және саясаттану факультеті, 

"Еуразия-ақпарат"

Мерей-

той

9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

ТАРИХ  ТОЛҒАУЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев Ұлытау төріндегі «Хабар» 

журналистіне берген сұхбатында: «Тарихын 

білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. 

Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең 

болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. 

Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір 

көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың 

куәгері - Ұлытау. Оны білуіміз керек»  деген. 

Сөз мағынасы байыппен бағдарлағанда 

ашылмақ. 

Ұлытау. Мұсылман жұрты тауды «Ұлы»  

демейді. Ұлы деген тек Жаратушыға лайық. 

Теңі, теңдесі жоқ жаратушы - Алла Тағаланы 

ғана қазақтар «Ұлы»  деп мойындаған. 

Ұлытау өңірін аралаған адам «Хан 

Ордасына» соқпай өтпейді. Бұл жерде 

қазіргі тілмен айтқанда, қазақ хандарының 

барлығының дерлік инаугурациясы өткен. 

Тарихқа аты белгілі барлық хандарды ақ 

киізге көтеріп хан сайлаған. Шетел термині  

«инаугурацияны» қазақтар «Ұлықтау» 

деген. Хан Ордасының басты мағынасы 

хандарды ұлықтау болған. Бұл дәстүр сірә, 

Жошы ханнан басталса керек. Жошының 

хан болып ұлықталуы да осы Ұлытау өңірінде 

өткен. Оның империясының астанасы Базар 

Орда қазіргі Жошы хан мазарының маңында 

болғаны - тарихи дерек. Осы айтылған 

мәселелерден түйін шығарсақ, біздің қазір 

«Ұлытау» деп атап жүрген өңіріміздің 

атауы тікелей Жошы ханға және одан 

тараған хандардың ұлықтауына қатысты, 

 

сонда «Ұлытау»  деп жүргеніміз тауға емес, 



хандарды ұлықтауға қатысты мәселе. Ұлытау  

дегенде «тау»- зат есім, «Ұлық-тау»  болса, 

ондағы  «ұлық» сөзі - зат есім және «тау»- 

зат есімнен етістік тудыратын жалғау. Әрине, 

саясатқа, мемлекеттік басқару жүйесіне, 

ата дәстүрімізге қатысты. «Ұлықтау» деген 

сөз мойындау, мойынұсыну деген мағына 

береді. Бұл саяси ұғым. Бұл мемлекеттің 

құрылуы немесе мемлекет басқармасының 

бір қолдан екінші қолға өтуі. Ең бастысы, 

осы рәсімге бергі тарихта (мен Жошы хан 

заманынан бергі заманды айтып отырмын) 

қазақ руларының басшылары тегіс қатысып, 

Ұлықтау рәсімімен сайланған ханға сенім 

білдіріп, ант берісіп тарасқан. Сондықтан 

Ұлытау өңірі - қазақтың үш жүзінің барлық 

руларының  басын қосқан киелі өлке. Бұл бізге 

әкенің баласының қазасына қайғыруы. Жошы 

хан жастайынан ерекшеленген, талантты 

қолбасшы және мемлекет басшысы болған 

адам. Ол Шыңғысханның алғашқы және 

сүйікті баласы. Әкесінің қайғысы туралы 

ел аузында аңыз боп қалған «Ақсақ құлан» 

күйінен көп нәрсені аңғаруға болады. Бір 

сөзбен айтқанда әлі де Жошы хан неге Ұлытау 

өңірінде жерленген дегенге нақты жауап жоқ, 

бірақ осы өңірдегі аңыз әңгімелерге сүйенсек, 

болжам бар. Жауап дегенге келсек, дерек те 

қисын да керек. 

Шыңғыс хан кім? Сөзсіз ақылды, көреген 

өзегі болып жатқан Жошы ханнан бастаған 

хандарды ұлықтау өңірі екенін білгеніміз 

артық болмас. 

***


Бұл өлкенің екінші кереметі – Алашахан 

мазары. Алаш – ұран. Ол Жошы хан 

заманында қалыптасқан ұран. Сондықтан 

халық оны Жошының әкесі деп атаған. 

Мүмкін сол заманда Шыңғыс ханды Алаш 

хан деп, яғни оның есімін ұранға айналдыру 

дәстүрі қалыптасқан деп топшылауға әбден 

болады.  Жошы хан қыпшақ елінің билеушісі 

болғандықтан, ол өзінің мемлекетіне жаңа 

ұран алды, ол әке идеясы немесе әкесін 

идеяға, оның есімін ұранға айналдыру 

мақсатында алаш дегенді алған болар. Алаш 

қыпшақ жұртының дәстүрінде бар сөз. 

Рулардың ұрандарына назар салсаңыздар, 

бәрі кісі есімдерімен, яғни бабаларын ұранға 

айналдырған. Осы мағынада алсақ, алаш 

деген Шыңғыс ханның тағы бір есімі, лақап 

аты. Шыңғыс хан да лақап ат емес пе, өз есімі 

Тэмуджин. Бұл есімді әкесіне Жошы немесе 

оның атақты ұлдары Бату сияқтылар беруі 

ықтимал. Осы бағытта ізденіс жасап көрген 

дұрыс болар деген ойдамын. 

Алаш – қазақтың ұраны. Ол жөнінде 

Сұлтанмахмұт Торайғыров анық айтқан. 

 

Оның  «Алаш ұраны» деген өлеңінде 



мынадай жолдар бар:

«Алаш» туы астында, күн сөнгенше 

сөнбейміз,

Енді Алашты ешкімнің қорлығына 

бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға 

жеттік біз.

Жасайды Алаш, өлмейміз, жасасын 

«Алаш», жасасын!

Қазақ милләтінің ұраны – Алаш. Бұл 

текті ұран, Жошы дәуірінен келе жатқан 

жауынгерлік ұран. Қазақ лексикасында 

(дүниетанымында) үлкен адамның есімін 

тура айтпау дәстүрі бар. Майданда Шыңғыс 

хан деп, оның тура атын айтпай Алаш деп 

ұрандау қисынға келеді. Сірә, осы дәстүр, 

оның  зиратына көшкен. Шыңғыс хан 

туралы, оның жерленуі, зираты туралы сөз 

көп, соның көбінің негізі шикі. Шыңғыс хан  

менің зиратым болмасын  деген де метафора 

бар сияқты. Менің зиратым тура өз атыммен 

аталмасын деген өсиет қалдырса керек. Ол 

бүркеншік есім – Алаш. Әлемді билеген 

жиһангердің "Мен өлген соң, зиратымды 

жермен-жексен етіп, белгісіз етіңдер" дегені 

ақылға сиымсыз миф.

Ол барынша есімін мәңгілікке қалдырмақ 

болып жанталасып, жан алып, жан берген 

адам. Зираты белгісіз жан тарихтан жойылмақ, 

аты өшпек. Шыңғыс хан ондай тұлға емес, 

ол мәңгілікке атым қалсын деген өркөкірек 

санамен өткен адам. Табылған ақыл. Ол 

зиратын ұран болған есімімен қалдыруға 

шешімді не өзі, не балалары қабылдаған. 

Мәселе енді ол қандай жер болуы керек. 

Мұнда да қисын бар мәңгілік қай жер, ол сөзсіз 

қазыналы ұрпақтары өсіп-өніп, көркейетін 

мекен болуы керек. Және тұңғышы, қолында 

кеткен  Жошының  (30 жасқа) қасында 

болғысы келуі де табиғи жағдай: осы қисынға 

сүйенсек, Жошы мазарының маңында 

Базар-Орда қаласы тұсындағы Алаша хан 

мазары – осы Шыңғыс хан зираты. Менің 

осы болжауыма негіз болған Жезқазғаннан 

басқа тағы бір дәлел бар, ол осы өңірдің бүге-

шігесіне дейін жетік білген, академик Қаныш 

Сәтбаевтың пікірі.  Ер Едіге туралы 1927 

жылғы зерттеуінде  «...тегінде Алаша хан деп 

ел аузы атақты Шыңғыс ханды айтып жүруі 

мүмкін десе, 1941 жылғы мақаласында Алаша 

хан деп жүргеніміз Шыңғыс хан екендігін 

кесіп айтады» (Қараша, Ұлытау, «Фолиант» 

Астана, 2006. 118 б.) 

Ел аузында Шыңғыс ханның, яғни 

Жошының әкесі Алаша хан екендігі туралы 

Алашорда қозғалысына қатысумен Отыншы 

Әлжанов «Дала уәлаяты» газетінің 

1897жылғы 13-14 және 18 сандарынада 

жариялаған мақаласында Шыңғыс хан деп 

жүргеніміз Алаша хан болып шыққан, ел 

аузындағы әңгіменің негізі жоқ дегеніміз 

қалай болмақ? (Оның мәтіні көрсетілген 

кітапта, 108-113 бетте).

Сөз орайы келе кетті. Алашорда 

дегенімізге назар салайықшы, ол қандай 

сөздерден құралып тұр. Алаш – ұран, Орда 

дегеніміз мемлекеттің түрі. Екеуі де Шыңғыс 

хан заманынан кейін белгілі болған түсініктер, 

салыстырыңыз: Базар-Орда (Жошы 

мемлекетінің астанасы), Алтын орда, Ақ орда, 

тілші мамандар, тарихшылар бұл жайға өз 

пікірлерін болжамдарын ұсынар. Оларды 

да тыңдап көрелік, бірақ әсіресе Кеңес 

заманында «Ұлықтау» деген сөз, оның ішінде 

«Хандарды ұлықтау» деген идеологияға 

жат түсінік болғаны анық. Сондықтан 

«Қазан төңкерісіне»  дейінгі әдебиеттерден  

Ұлытаудың қалай аталғанын сүзіп шыққан 

жөн. Ұлытау анығы, тауға қатысты емес, тегіс 

өңірге қатысты ұғым екені сірә, шындыққа 

сыйымды.   Мүмкін, бір кездерде қазақ тілінің 

сингорманизм заңына сай «Ұлықтау»  сөзі 

қолданысқа жайлы болғандықтан Ұлытауға 

айналып кетуі мүмкін. 

Хан Ордасы туралы бір ауыздан Жошыдан 

тараған  хандардың бәрінің осы жерде 

ұлықталғанын, тіптен соңғы хан Кенесарының 

да осы жерде ақ кигізге көтеріліп, хан 

атанғаны туралы, осы рәсімнің бүгінгі күнде 

де естілетіндігін айтуға болады. Бұл жай 

назардан тыс қалатын іс емес және оның 

маңызы тек Ұлытау өңіріне ғана емес, бергісі 

қазаққа, арғысы Жошы әулетіне қатысты 

айтулы оқиға. Сондықтан Ұлытау сөзіне 

байыппен қарасақ, оның мағынасы, астары 

жеткен аңыз, хикая, әңгімелерде, дастандарда 

мейлінше баяндалған. Қазақ  халқы өзінің 

саяси тұлғаларының ұлықталған өңірін 

қасиетті деп санауы табиғи нәрсе. Жоғарыда 

айтылған сұхбатында Елбасы былай деген еді: 

«Кезінде мен Астана болатын жер іздегенде 

Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ 

жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ 

қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не 

су, не жол, не әуежай жоқ. Бұл жерге қыруар 

қаражат керек болар еді. Бірақ қасиетті мекен 

ретінде бағалана береді. Міне, темір жол, 

басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте 

туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу 

ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда  

Жошы ханның Ордасы болған деп те айтады. 

Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ 

құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің 

осындай кереметтерін тани білуіміз керек».

Бұл өлкенің керемет жәдігері - Жошы хан 

мазары. Осы өлкеге алғаш сапар шегіп, Жошы 

мазарына келгеннен бергі уақытта  мені бір 

сауал мазалай берді. Неге Жошы хан мазары 

Жезқазған өңірінде? Әлемнің билеушісі 

Жошы ханның мәңгілік мекені неліктен осы 

өңір болған? Бұл мазар, әрине, Шыңғыс 

ханның келісімімен салынған. Сонымен 

бірге баласы опат болғанда Шыңғыс ханның 

бұл өлкеге келмеуі де мүмкін емес. Қазіргі 

кезде Шыңғыс хан және Жошы хан туралы 

жазылған көптеген шығармалардың әртүрлі 

мүдделерге сай жазылғанын көруге болады, 

олай болмауы да мүмкін емес. Себебі, Шыңғыс 

хан империясы көптеген халықтардың, 

мемлекеттердің тағдыры болғаны тарихи 

шындық. Бірақ, бір анық мәселе бар. Ол 

адам, шебер қолбасшы, айлалы саясаткер, 

есепсіз мол әскері бар қолбасшы. Әскерге 

не керек, қару қажет. Осы сәтте ойыма осы 

өңірдің қазіргі атауы Жезқазған орала кетті. 

Бұл жерде не көп, жез көп. Жез деген не? 

Ол алтыннан кейін тіптен, оның орнына 

да жүретін металл. Құнды металл. Байлық. 

Шыңғыс ханға қажетті – байлық. 

***


Жұртшылық Ұлытау деп осы өңірдегі 

тауды атайтын көрінеді. Елбасы сұхбатында: 

«Біз кеше ғана пайда бола қалған халық 

емеспіз. Бұл ғұндардың да, көктүріктердің 

де, Алтын Орданың да орталығы болған жер. 

Мұнда тұрған тау – аумағы 200 шақырым 

қырат таулар. Ең биігі  – Әулие Ата тау деп 

аталады, 1100 метр. Одан ағып жатқан бұлақ 

Әулиебұлақ деп аталады. Осының бәрін ата-

бабамыз бекер атамаған ғой». Жұртшылық 

Әулие Ата тауды – Әулиетау деп те атай 

береді екен. Шынында да тау қасиетті, сөз 

жоқ сол тауда кезінде бір-бірімен жауласқан 

Алтын Орданың ханы  Тоқтамыс пен Ноғай 

Ордасының әміршісі Едіге қатар жатыр. Бұл 

жағдай таудың қасиетті екендігін білдіретін 

айғақ. Және де осы тұста айта кететін 

сөз,  Ұлытау өңірі - елдіктің символы. Көзі 

тірісінде бір-бірімен жауласқан екі тарихи 

тұлғаны ұрпақтары Әулие тауға қатар 

жерлеген. Сондағы мақсаты не?  Мақсат  – 

елдің тұтастығын сақтау. Тұтас түркі жұртын 

бөлшектемеу. Осы биік мақсатты кейінгі 

ұрпақтарға өнеге ету. Міне, Ұлытау өңірінде 

осындай биік армандар орындалған және 

оны орындаған бізге қазіргі аты беймәлім 

кемеңгерлер өмір сүрген. Осы тұста менің 

ойыма, Түркиядағы, сірә, Стамбулдағы 

университет ауласында Сұлтан Баязитпен 

қатар Әмір Темірдің бейнесі қойылған. Мен 

олардан:

– Бұл қалайша, екеуі жауласпап па еді, 

сұлтан Баязиттың Еуропаға жорығын тыйып, 

оның басын кесіп алған осы Ақсақ Темір емес 

пе еді? - дедім. Сонда түркі ағайындарының 

айтқаны:


– Ол сол заманның әңгімесі.  Бізге олар 

түрік жұртының қаһармандары, – деді. 

Мен мұндай биік мақсатты сөзді естимін 

деп ойламап едім. Шынында біз заманның 

әңгімесіне енбей, сол заманнан қалған, 

тарихи тұлғаларды тануда қазіргі  заманғы 

көзқараспен бағамдағанымыз орынды екен 

деген түсінікке келдім. 

Осы түсініктің куәсі ретінде шексіз далада 

бірін-бірі қуып, жауласқан Тоқтамыс хан 

мен Ер Едігенің Әулие тауда қатар жатуы 

тарихтан қалған ата дәстүр. Сөзімді жинақтай 

айтсам, тауды әулие деп атап, Жошы жатқан 

өңірді ұлықтау өңірі деп айтсақ, шындыққа 

жақындаған болар едік. Әрине, ауызекі  тілде 

бұл өңірді Ұлытау деп атау мүмкін теріс те 

болмас, бірақ бұл ұғымның тереңі, тамыры, 


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 401.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет