№1(53)/2009 Серия филология



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата26.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
часть — ал — продуктивна в словообразовании древних этнонимов. 
Следует  еще  раз  подчеркнуть,  что  Алат  и  Алшин  не  имеют  отношения  к  термину  Алаш  и  его 
фонетическому варианту Алаша. 
Мы  уже  отмечали  выше  попытки  этимологизировать  и  объяснить  семантику  этнонима  Алаш, 
ставшего ураном казахского народа. Как видим, при критическом рассмотрении предлагаемые выше 
этимологии не выдерживают критики. Дело в том, что любая научная этимология этнонима в первую 
очередь должна учитывать закон рядности. В.А.Никонов, правда, формулируя закон рядности, пози-
тивности, негативности, калькирования, народной этимологии, считал применительными эти законо-
мерности словообразования в ономастике лишь к топонимии. Однако закон рядности вполне приме-
нителен и в этнонимии, и в антропонимии. Некоторые исследователи рядности в антропонимии обо-
значали это явление термином «аптропонимическая серия». 
Так вот, если рассматривать Алаш в определенном ряду подобных по образованию этнонимов, 
то выявляется вполне однозначный ряд древних этнических имен, возникших именно в период обра-
зования этнонима Алаш. Это Алан, Албан, Алтын, Абдал, Алат, Аламан, Аларсын, Алан орси и т.д. 
Без всяких сомнений, Алаш — двусложное образование, которое состоит из двух слов — первое — 
ал, второе — ас. 
Этноним  ас//аз  много  раз  встречается  в  древнетюркских  письменных  памятниках  как  крупное 
племенное объединение, имеющее своего правителя — эльтебера, татука. На территории Узбекиста-
на зафиксировано 58 этнотопонимов с компонентом ас//аз[17]. 
Закон  типологической  универсалии  в  этнонимии  народов  мира,  сформулированный 
М.В.Крюковым,  дает  возможность  нам  определить  этимологию  и  семантику  древнего  этнонима 
ас//аз.  Это  прототюркская  корневая  морфема,  несущая  значение  «человек», «настоящий  человек», 
«высший человек». 
Что же касается первой части, то в древнетюркском языке существовала самостоятельная лексе-
ма. В позднетюркских языках она сохранилась в исконном значении. Это лексема -ал, выступающая, 
в нашем случае и как существительное, и как прилагательное (определение). 
В древнетюркском словаре читаем «АL 1. обман, уловка, ухищрение, способ, хитроумный совет 
alin arslan tutar kučin sičkan tutmas «хитростью можно льва поймать, а силой не поймать и мыши». 
AL 2. 1. алый, ярко-красный, светло-красный, оранжевый, карий (о глазах) jaљsil kok sarik al ayi-
ton kedir надев зеленые, голубые желтые и алые, шелковые халаты. 
АL 3. шелковая ткань светло-красного (оранжeвого) цвета, используемая на знаменах и в убран-
стве верховой лошади [18]. 
Э.В.Севортян в своем Этимологическом словаре тюркских языков отмечает слово АЛ в азербай-
джанском, гагаузком, крымско- татарском, караимском, кумыкском, ногайском, татарском, башкир-
ском,  уйгурском: 1. Алый  во  всех  источниках  красный,  ярко-красный,  светло-красный,  розовый, 
светло-розовый, румяный, оранжевый, рыжий; 2. Шелковая материя оранжевого цвета, которым по-
крывают седла коней (у государственных сановников), парча (у Броккельмана); длинное красное по-
крывало,  которым  покрывают  голову  невесты — шелковая  повязка  с  зеленым  и  красным,  которой 
женщины повязывают себе лоб-тур. В том же знач.: красный платок, надеваемый женихом на шею во 
время свадьбы [19].
 
Алаш (взаимозаменяемость фонем с//з//ш, в тюркских языках распространенное и изученное яв-
ление) — двусложное образование, состоящее из двух корневых лексем: ал — «алый, красный» и -ас 
— «человек, настоящий человек, богатырь силач, герой». 

57 
Слово -этноним расчленяется на «алый, красный», алый в значении «обман, уловка для непри-
ятеля, а для своих отличительный знак». Буквально: Алаш: «алый, красный ас; красный воин, герой, 
человек».  Алаш,  что  исключительно  интересно,  имеет  синонимическую  пару  Алан,  т.е.  ал  «алый 
красный», и «человек, настоящий человек, воин, герой». Алан, буквально: «алый красный воин, ге-
рой». В исторических источниках Алан иногда именуют Азами. 
 
 
Список литературы 
1.  Шакарим Кудайбердыулы. Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династии ханов. – Алма-Ата, 1990. 
2.  Левшин А.И. Описание киргиз-казачих или киргиз-кайсацких орд и степей. — Алматы, 1996. — C. 312–313. 
3.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. — Алматы, 1992. — С. 340. 
4.  Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т. I. — Алма-Ата, 1984. — С. 209. 
5.  Суперанская А.В. Групповые обозначения людей в лексической системе языка // Имя нарицательное и собственное. — 
М., 1978. — С. 70. 
6.  Қазыбек Тауасар ұлы. Түп-тұқияннан өзiме шейiн. — Алматы, 1993. — 34–36-б. 
7.  Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинение. Т. 2. — Алматы, 1985. — С. 158–159. 
8.  Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей.— СПб., 1897. — С. 77. 
9.  Тортаев С. Алашаның арғы тарихы // Алаш. — 2007. — №5. — 61–71-б. 
10.  Тортаев С. Алаш, Алаша, Алашын этнонимдер туралы аңыздар // Алаш. — 2006. — №3. — 103–112-б. 
11.  Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии. — Новосибирск, 1989. — С. 106. 
12.  Зуев Ю.А. Ранние тюрки: Очерки истории и идеологии. — Алматы, 2002. — С. 143–144. 
13.  Дулати М.Х. Тарих-и-Рашиди. — Алматы, 2003. — С. 144. 
14.  Орос монгол толь. — Улан Баатор, 1982. — С. 741. 
15.  Потанин. Г.Н. Казах -Киргизские и Алтайские предания, легенды и сказки. — Петроград, 1970. — С. 59–60. 
16.  Тынышбаев М. История казахского  народа. — Алматы, 1993. — С. 146–147. 
17.  Мынбаев Н. Казахские этнотопонимы Узбекистана. — Ташкент, 2007. 
18.  ДТС. – Л., 1969. – С.31. 
19.  Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М.: Наука, 1974. – С.125. 
 
 
 
 
ƏОЖ 81 
Ə.Насыритдинова 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана 
ХХ  ҒАСЫРДЫҢ  БАСЫНДА  ҚОЛДАНЫЛҒАН  ҒЫЛЫМИ  
ТЕРМИНДЕРДІҢ  ЖАСАЛУ  ТƏСІЛДЕРІ 
В  данной  статье  рассматриваются  способы  терминообразования  казахского  языка.  Объек-
том исследования становятся термины, употребляемые в начале ХХ в. — времени зарожде-
ния казахского научного языка. Следовательно, способы терминообразования, изобретенные в 
20–30-х годах ХХ в., актуальны и сегодня. 
The methods of terms formation of the Kazakh language are considered in this article. Terms are the 
objects of investigation which were used at the beginning of the XXth century. The beginning of the 
XXth century is the time of the Kazakh scientific language’s origin. Therefore, the ways of terms for-
mation, which were contrived in 20–30 years of the XXth century are actual in our days. 
 
Əдеби  тілдің  «жон  арқасы»  терминология  болса,  оны  ғылыми  тілден  бөлуге  болмайды.  Себебі 
ғылыми  тілдің  өзі  ғылымның  əр  саласына  тəн  түрлі  терминдерден  тұрады.  Сондықтан  да 
терминология, əр сала терминдерінің қалыптасуы туралы сөз болғанда, ең алдымен, ғылыми тілдің, 
ғылымның əр саласы терминдерінің қалыптасуына тоқталған жөн. Зерттеу еңбектерінде ғылыми тіл 
— «жалпы  əдеби  тілдің  атқаратын  əлеуметтік-қоғамдық  қызметінің  үлкен  бір  саласы.  Бұл  сала 
ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап дамуына байланысты қанатын жайып, тамырын тереңдете 
түседі, өзі де дамиды, жалпы əдеби тілімізді де кемелдендіре түседі. Басқаша айтқанда, қоғам өміріне 

58 
ғылыми-техникалық прогресс қаншалықты қажет болса, сол қоғам мүшелеріне қызмет етіп отырған 
ғылым тілі де соншалық қажет» деген анықтама беріледі [1]. 
Қазақ  ғылыми  тілінің  қалыптасуы  ХХ  ғасырдың  басынан  басталады.  Сол  заманда  қазақ 
зиялылары  ұлттық  тіл  нормаларын  сақтап  қалуды,  халықаралық  терминдерді  қазақыландырып, 
ғылым тілін қарапайым халыққа түсінікті етіп қалыптастыруды өздеріне міндет тұтты. Сондықтан да 
олар қазақ тілінде əр сала бойынша оқулық жазды, аударма жасады. Сөйтіп, ХХ ғасырдың басында 
ғылымның тіл білімі, педагогика, психология, медицина, құрылыс, математика, энергетика салалары 
қазақша сөйледі. Қазақша сөйлеу арқылы қазақ тілінде осы саланың түрлі терминдері қалыптасты. 
Жалпы əр елдің ғылыми тілі сол халықтың өз тілінде жасалса ғана, осы тілде сөйлейтін барлық 
ұлттың ортақ байлығы болмақ. Ғалым тілінде айтсақ, «ғылым да ашық мəнерде жазылып, мейлінше 
көпшілікке  түсінікті  болғанда  ғана,  қоғам  өміріне  ықпал  ете  алмақ».  Яғни,  ғалым  ойына  сүйенсек, 
қазіргі таңда қазақ қоғамында кейбір ғылым салаларының кенжелеп қалып жатқанының да, ашылған 
қандай  жаңалық  болсын,  қоғам  өміріне  сіңісіп  кете  алмауының  да  басты  себептерінің  бірі 
ғалымдардың ғылым тілінде кеңестік дəуірде халықаралық терминдер өз қалпында қолдансын деген 
қағиданы  ұстанғандығында.  Ғалым  бұл  ойын  одан  əрі  жалғастырып,  ғылым  тілін  халықтық  тілден 
алшақтатудың  бастауын  тереңнен  іздейді: «Латын  тілі  заманында  ғылым  аз  жақсының  ғана 
айналысатын, солардың ғана мүддесіне қызмет етуші кəсіп түрі болып, термин жай жұртқа түсініксіз 
болатындай  етіп  жасалды.  Осы  жəне  өмір  өзгерістері  де  мимырттық  сипатта  болуы  себепті  ғылым 
сөзінің  жалпы  тілге  өтуі  баяу  болып,  соның  салдарынан  бір  ұлт  ішінде-ақ  «ғылым  тілі»  жəне 
«халықтық тіл» үлгілеріндегі екі дайлық (дуализм) пайда болғаны белгілі. Терминнің арнайылығын 
баса  көрсетіп,  оның  бойынан  қалай  да  сала  маманына  ғана  түсінікті,  басқа  үшін  бұлыңғыр  шартты 
таңба көруге тырысушылық — сол өткен уақыт сарқыншағы болса керек» [2]. Шынында да, ғылыми 
терминдер латын тілінен бастау алды. Сол арқылы барлық ел қажетті атауларды латын тілінен іздеді. 
Дегенмен  уақыт  өте  келе,  ғалымдар  ғылым  тіліндегі  шет  тілдік  терминдердің  көпшілікке  түсініксіз 
екендігін  байқап, əр  ел  мамандары  өз  тілінде термин  жасай  бастады. ХХ  ғасырдың басында ғылым 
тілінде  негізінен  терминдерді  барынша  қазақыландыру  үрдісі  жүрді.  Онда  ғалымдар  түрлі  тəсілдер 
арқылы термин жасауға ұмтылды. 
Орыстың  ғылыми  тілін  зерттеуші  Д.С.Лотте  ғылыми  термин  жасаудың  түрлі  тəсілдерін 
көрсетеді: 
1) қолданыстағы дағдылы сөздердің мағынасы жағынан ұқсастығына қарай терминге айналуы; 
2) қолданыстағы  сөздерге  түрлі  қосымшалар  жалғау  арқылы  жаңа  сөздер  қалыптастыру, 
мəселен, магнит — магниттеу; 
3) қолданыстағы жеке сөздердің бірігуі арқылы жаңа сөз жасау; 
4) сөз  тіркесті  терминдердің  қалыптасуы,  яғни  қолданыстағы  синтаксистік  формалардың 
көмегімен екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы жаңа сөз жасау; 
5) терминология мен жаңа терминдер жасау мəселесін қарастыру кезінде, бір жағынан, ғылыми 
нақтылық,  екінші  жағынан—  сөздің  қысқалығы  талап  етіледі.  Сондықтан  кейде  шет  тілдік 
терминдерге  жүгінуге  тура  келеді.  Оның  екі  жолы  бар:  а)  терминді  дайын  күйінде  қабылдау; 
ə) терминнің қабылдаушы тілге сөзбе-сөз аудармасы (калька тəсілі) [3]. 
ХХ  ғасырдың 20–30-жылдарында  қазақ  зиялыларының  термин  жасауға  ұмтылысында  осы 
Д.С.Лотте көрсеткен тəсілдердің барлығы да қолданылғанын байқаймыз. 
1920–30-жылдардағы  атау  сөздерін  жасаудағы  белсенді  тəсілдердің  бірі — осы  ғалым  айтқан 
бірінші  жол,  нақтырақ  айтсақ,  лексика-семантикалық  тəсіл.  Яғни  тілімізде  бұрыннан  бар  сөздер 
мағынасына  қарай  еш  өзгеріссіз  белгілі  бір  сала  термині  ретінде  қолданыс  тапты.  Мəселен, 
психологияда Жүсіпбек Аймауытов жасаған əдет (привычка), зерде (рассудок), қайрат (воля), құрал 
(пособие), түйсік (восприятие) т.б., құрылыс саласында Мұхтар Əуезов жасаған балшық, көпір, ірге, 
діңгек, еден, шатыр т.б., педагогикада Мағжан Жұмабаев құрастырған құлық (этика), елес (иллюзия), 
сығыр  (близорукий)  т.б.,  медицинада  Халел  Досмұхамедұлы  жасаған  қаңқа  (скелет),  жүйке  (нерв), 
өзек  (организм),  электроэнергетика  саласындағы  күш  (сила),  қуат  (напряжение),  тегеурін 
(мощность),  шүмек  (кран),  желі  (система,  цепь),  екпін  (напор),  үлгі  (формула),  нұр  (луч),  үйкелу 
(трение),  шошала  (будка),  жаншу  (давление),  сиқы  (модель),  тиек  (движок),  жағу,  тоғыстыру 
(включение),  ықпал  (индукция),  бет  (шкала),  мырыш  (цинк),  сілті  (щелочь)  т.б.  көптеген  термин 
сөздер осындай тəсілмен жасалды. Яғни күнделікті тірліктегі ауыз екі сөйлеу тіліндегі бұндай сөздер 
басқа бағытта жұмсалып, ғылыми тілдің бір бөлшегі ретінде көрініс тапты. 
Бұдан  басқа  термин  сөздер  тіліміздегі  бар  сөздерден  морфологиялық  тəсіл  арқылы  сəйкесінше 
жаңа  сөздер  туындады.  Мəселен,  тіл  білімінде  Ахмет  Байтұрсынов  құрастырған  бастауыш

59 
баяндауыш,  есімдік  т.б.,  Жүсіпбек  Аймауытов  жасаған  жұртшылық  (үйірлесу),  белсенгіш, 
затшылдық,  қоздырғыш,  мазмұндау  т.б.,  Мағжан  Жұмабаев  жасаған  жылылық  (температура), 
суреттеу  (описание),  сезімтал,  бейғамдық  (рассеянность)  т.б.,  Халел  Досмұхамедұлы  құрастырған 
тақташық  (пластинка),  түйіршік  (клетка)  т.б.,  энергетика  саласындағы  кескіш  (зубило),  оңашалау 
(изоляция),  бақылағыш  (контролер),  жинауыш  (коллектор)  т.б.  сөздер  грамматикалық  мағынасына 
қарай термин жасау құралы болды. 
Жалпы  Н.А.Баскаков,  Э.В.Себортян,  Т.Ғарипова  сияқты  тюрколог-ғалымдар  өз  еңбектерінде 
түркі тілінің сөзжасамына тоқтала келе, сөз тудырушы түрлі қосымшаларға сипаттама береді. Онда –
шы/ші; -лық/лік; -лы/лі, -ды/ді,  ты/ті; -шылық/шілік; -ма/ме, -ба/бе; -ыс/іс,  с; -ыл/іл; -у,  т.б.  сөз 
тудырушы жұрнақтар сөз болады. 
Біз əңгіме етіп отырған кезеңде осы аталған барлық жұрнақ арқылы жаңа атау сөздер жасалды 
десек, қателеспейміз. Жеке-жеке тоқталар болсақ: 
− -шы, -ші жұрнағы арқылы мағлұматшы (энциклопедия), күйшімузыкашы (музыкант), əмірші 
(диктатор), еңбекші (пролетарий) т.б.; 
− -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік  жұрнағы  арқылы  бірлестік  (коллектив),  жігіттік 
(юношество),  зеректік  (способность),  көлемдік  (пространство),  бейғамдық  (рассеянность), 
көнелік (архаизм) т.б.; 
− -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы арқылы басқарма (правление), қоспа (синтез) т.б.; 
− -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті  жұрнағы  арқылы  жаратынды  (естественный),  жасанды  (искусст-
венный) т.б.; 
− -у жұрнағы арқылы білімдендіру (образование), жетілу (развитие), суреттеу (представление), 
сіңіру (усвоение), түсіндіру (объяснение) т.б.; 
− -ша, -ше жұрнағы арқылы сандықша (прямоугольник) т.б.; 
− -ыш, -іш  жұрнағы  арқылы  бастауыш  (подлежащее),  баяндауыш  (сказуемое),  жамылыш 
(крыша зданий), төсенішжинауыш (коллектор) т.б.; 
− -ыс, -іс, -с  жұрнағы  арқылы  қозғалыс  (рефлекс),  тітіркеніс  (раздражимость),  серпіліс 
(реакция), көрініс (выставка) т.б.; 
− -гіш, -ғыш, -қыш, -кіш  жұрнағы  арқылы  тітіркендіргіш  (раздражитель),  белсенгіш 
(активность), қоздырғыш (возбудимость), өсіргіш (произведение), көрсеткіш (индекс), кескіш 
(зубило), бақылағыш (контролер) т.б.; 
− -шылық, -шілік  жұрнағы  арқылы  əкімшілік  (власть),  теңшілік  (социализм),  жиəнгершілік 
(империализм), жұртшылық (подражение) т.б.; 
− -шыл, -шіл жұрнағы арқылы үмітшіл (оптимист), отаншыл (патриот), азатшыл (либерал) т.б.; 
− -шыл+дық, -шіл+дік  жұрнағы  арқылы  көнешілдік  (архаизм),  жатшылдық  (варваризм), 
бұқарашылдық (демократия), жұртшылдық (публицистика) т.б.; 
− -шық, -шік жұрнағы арқылы тақташық (пластинка), түйіршіктүбіршік (клетка) т.б.; 
− -паз жұрнағы арқылы еліктемпаз (подражательный), сезімпаз (чувствительный) т.б. 
Сондай-ақ  ғылыми  терминдер  сөздердің  бірігуі  арқылы  да  жасалды.  Атап  айтар  болсақ, 
физиология  ғылымына  қатысты  палочка  сөзі  селеубас  деп  аударылды  жəне  промышленность — 
өнеркəсіп,  сыворотка — сарысу,  аристократ    ақсүйек  деп  қолдынылды,  сонымен  бірге  автожол, 
аэроқатынас сөздері осы бірігу тəсілі арқылы қалыптасты. 
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тілінде  сөз  тіркесі  ретінде  қабылданған  терминдер  де  болды. 
Олардың  кейбіреулері  таза  қазақы  сөздерден  құралса,  екіншілері  қазақша  қосымша  иеленіп, 
үшіншілерінің бір сыңары орыс тілінде де алынды. Мəселен, əлеумет ғылымы (социология), саулық 
сақтығы  (гигиена),  əдіс  ғылымы  (технология),  бек  дəуірі  (феодализм),  сан  жүйесі  (арифметика), 
сүйек  ұлпа  (костная  ткань),  нобай  бейнесі  (схема),  бəсеке  тұтқырлық  (удельное  сопротивление), 
еріме қоруыштар (плавкие предохранители), шорт жалғастыру (короткое замыкание), жөнші кітап 
(справочник), 
жарыспа 
тоғыстыру 
(параллельное 
включение), 
кезекпен 
тоғыстыру 
(последовательное  включение),  табан  шойын  жолдары  (рельсы),  бейтарап  сызық  (нейтральная 
линия), су екпін серіппесі (гидравлический удар), ішкі (өзіндік) ықпал (самоиндукция), қозғалу қуаты 
(кинетическая  энергия),  кіндіктес  шығыршық  (контакные  кольца)  сияқты  сөз  тіркесімен  жасалған 
терминдер  тек  қазақ  тіліндегі  сөздерден  құралды.  Ал  социалистік  жарыс,  психологиялық  анализ 
секілді сөз тіркестері қазақ тіліндегі қосымша жалғану арқылы жасалды. Сондай-ақ электршам, мал 
пелшір,  аптамабел  албары  (гараж),  електір  техникесі,  кəспіресір  мəшинесі,  телегірам  апараты, 
електір мотор, турбин мəшинесі тəрізді терминдерде өзге тілдегі сөздер өзгеріссіз (тек орфоэпиялық 

60 
заңдылыққа сай қазақы əріптермен жазылу арқылы фонетикалық өзгеріске ұшыраған) қабылданған. 
Ол түсінікті де. Себебі 1938 жылға дейін қазақ тілінде орыс əліпбиіне тəн əріптер болмаған. Тек 1938 
жылы бұндай əріптер қазақ тілінің əліпбиіне енгізілген. Сондықтан да осы кезде жасалған биологие, 
акуарі (аквариум), актіб (актив), бағзал (вокзал) сияқты терминдерге сын көзімен қараудың қажеті 
жоқ деп білеміз. 
Сөз болып отырған уақытта қазақ тілінде өзге тілді терминдерді өзгеріссіз қабылдау да, калька 
əдісі  арқылы  сөзбе-сөз  аудару  да  орын  алды.  Өзгеріссіз  қабылданған  сөздерге 1931 жылы  жарық 
көрген  «Атаулар  сөздігіндегі»  демокірат,  интернасанал,  капитал,  мəтімəтіке,  кəмуніс  жəне 
М.Əуезов аударған «Құрылыс материалдары» еңбегіндегі керамика, плита, цемент, минерал, бетон, 
шлак,  асфальт  сияқты  көптеген  терминдерді  мысалға  келтіруге  болады.  Сонымен  қатар  ХХ 
ғасырдың 20-жылдарында қалыптасқан терминдерде бірізділік болмағандықтан (сөздіктерде басқаша 
берілген терминдер, баспасөз беттерінде басқаша жазылып жүрді), əрі орыс тілінің үстемділігімен 30-
жылдардың ортасынан бастап көптеген халықаралық терминдер сол күйінде аудармасыз қабылданып 
отырды.  Мысалы,  план,  проект,  закон,  герб,  дисциплина,  тема,  право,  лекция  т.б.  Мұндай  ғылыми 
терминдер  ғалымдар  арасында  көп  талас  тудырды.  Кейбір  ғалымдар  халықаралық  терминдердің 
мағыналарын  қазақтың  байырғы  мəндес  сөздері  бере  алмайды  деген  пікірде  болса,  енді  біреулері 
қазақ  тілін  сөзге  жаңа  ұғым  бере  алмайтын  сорлы  емес  дей  келе,  заман  өткен  сайын  сөздердің 
мағынасы  да  кеңейе,  не  тарыла  түсетінін  алға  тартты.  Осындай  даулардың  негізінде  елімізде 
Мемлекеттік терминология комитеті құрылып, ол «қазақ тілінде баламасы болсын я болмасын шетел 
жəне  орыс  тілдерінен  кірген  интернационалдық  терминдер  мен  советизмдер  аударылмай 
қабылдансын»  деген  қағиданы  ұстанды.  Сондықтан  да 30-жылдардан  бастап  қазақ  ғылыми  тілінде 
халықаралық терминдер көбейді. 
Ал калька əдісі арқылы алынған терминдерге келер болсақ, өткен ғасыр басында олар да көптеп 
табылады.  Мəселен,  жігіттік  (юношество),  қызмет  (деятельность),  балалық  (детство)  т.б. 
терминдер. 
Яғни  аталған  кезеңде  қазақ  тіліндегі  атаулар  қалыптастыруда  Д.С.Лотте  көрсеткен  ғылыми-
техникалық терминдердің жасалу тəсілдері кеңінен пайдаланылған. 
Алайда  бұл  терминдердің  барлығы  бірдей  өздері  сипаттап  отырған  зат  немесе  құбылыстың 
мағынасын  дəл,  нақты  бере  алды,  болмаса  олар  қатесіз,  дұрыс  жасалды  деуге  болмайды.  Бұл  кезде 
қараайғыр (паровоз), серке (лидер), ал жебір (алгебра), отарба (поезд)  сияқты көптеген терминдер 
мағынасына  байланысты  қазақы  түсінікпен  жасалды.  Қ.Жұбановтың  сөзімен  айтсақ, 
аударылмайтынды  аударуға  көңіл  бөліп,  нəтижесінде  термин  емес,  термин  болып  тұрған  сөздің 
лексикалық мағынасы аударылды. 
Жалпы  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  зиялылары  қалыптастырған  термин  сөздердің  көпшілігі 
бүгінгі таңда өзгеріссіз сол қалпында қолданыста жүр. Тіпті кезінде тақырып, жоспар, жоба отаншыл 
деп  аударылып,  кейін  орыс  тілінің  үстемділігімен  алынып  тасталған  терминдер  қазіргі  кезде  қайта 
қабылданды.  Қалай  дегенде  де,  қазіргі  қолданыста  жүрген  көптеген  ғылыми  терминдер  негізі  осы 
кездегі  қазақ  зиялыларымен  қалыптасып,  қазіргі  таңдағы  жаңа  атаулардың  жасалу  тəсілдері  да  сол 
уақытта кең қолданыста болған. Яғни қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық терминдердің бастауы ХХ 
ғасырдың басында жатыр десек, артық айтпаймыз. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қайдар Ə. Ғылым тілі жəне əдеби тіл статусы // Терминдер мен олардың аудармалары. — Алматы, 1990. — 9-б. 
2.  Қазақ ономастикасы мен терминологиясының өзекті мəселелері. — Алматы, 2005. — 106-б. 
3.  Лотте Д.С. Краткие формы научно-технических терминов. — М., 1971. — С. 4. 
 
 
 
 

61 
ƏОЖ 81–271.2 
Г.Т.Танабаева 
М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент 
ЖАЗУШЫ  Т.ƏБДІКҰЛЫНЫҢ  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  СТИЛЬДІК,  
ТІЛДІК  ЕРЕКШЕЛІКТЕР  СИПАТЫ 
В статье рассматриваются прозаические произведения Т.Абдикова. Писателя отличает свой 
особый  стиль,  правдивость  жизненных  ситуаций  сюжета;  он  дает  их  философское 
прочтение. Автор исследует тематику, проблематику, актуальность произведений прозаика 
и отражение в них жизни и судьбы казахского народа. 
Every nation and every people has their own traditions and Customs. Certainly in their past period 
they have difficulties. One of the Kazakh great writers T.Abdikov investigates a great creative work to 
Kazakh literature. T.Abdikov works examine the psychology of person and in a side of Philosophy dif-
fers that he has opened the difficult problems of life of man it shows that he has own style in literature 
and he knows how to choose words and how to describe the character. Nowadays he has a lot of 
readers, because he prove that his works are the best oft all. He is one of the disobedience people. He 
shows the reality of life. 
 
Жазушы,  қоғам  қайраткері  Төлен  Əбдікұлының  əдебиеттегі  қолтаңбасының  ерекше  екендігін, 
өзіндік жазу мəнері, сөз саптауы мен қолданысы, кейіпкерлерінің іс-əрекетін, мінез-құлқын сомдауы, 
оқшау образдар жасауы, тосын тұлғалар табуы, оны, тайға таңба басқандай, дəлелдеп-ақ тұр. 
Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі 
сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, сана қозғалысының пластикасын 
беру  мен  жан  диалектикасын  монологқа,  ой  ағымына,  түс  көруді  талдауға  жəне  де  психологиялық 
сыртқы  детальдарға  (ым  мен  ишараттарға,  іс-əрекеттегі,  дауыс  ырғағындағы,  портреті, 
физиологиялық,  физиономиялық,  сезімдік  құбылыстарға)  да  көңіл  бөлген.  Мысалы, «Оң  қол» 
əңгімесінде кейіпкер — Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан процесті, 
үрей  мен  қорқынышты,  өмір  мен  өлім  арасындағы  арпалысты,  жан  толғанысын  көркемдікпен 
кестелей білген. Парктегі гүлді жұлдырып, дəрігер жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тəкаппар, адал 
да, ерке  Алма  ұйқыға  ене бастаса-ақ алқымына  ұмтылатын  оң  қолдың  опасыздық əрекеті — тұқым 
қуалаған қауіпті сырқат; оны медицинада дененің екі жарылуы дейді, ал əдебиеттануда адам ішіндегі 
адам деген тəсілі. Бұл тəсілде  жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі 
суреткер  шеберлігі  сондай,  əңгімені  оқып  отырып,  көз  алдында  өтіп  жатқан  кинолента  куəгеріндей 
кейіпкерімен  бірге  қуанасың,  бірге  қайғырасың,  бірге  қорқасың.  Жазушының  кез  келген 
туындысының  кейіпкерлері  сөз  саптасынан  бастап  дүниетанымына  дейін  ерекшеленіп  тұруымен 
оқшауланады. 
Талантты  жазушы  Төлен  Əбдікұлының  қаламгерлік  қасиеті  туралы  айтқанда  оның  екінің  бірі 
батылы  бара  бермейтін  өткір  əлеуметтік  мəселелерді  қозғайтындығын  жəне  нені  жазса  да,  биік 
парасаттылықпен  терең  зерттеп,  жеріне  жеткізе  жазатындығын  жете  сезіне  білуіміз  керек.  Қиялы 
ұшқыр суреткердің өзіндік қолтаңбасы аз жазса да саз жазатындығымен, сөйлемдер қысқа əрі нұсқа 
болып  келетіндігімен  ерекшеленеді.  Бұл  жайында  құрдасы  Дулат  Исабеков: «Жалпы  Төлен 
бұрқыратып  жазған  жігіт  емес.  Əлі  күнге  шейін  сол  ырғағын  сақтап  келеді», — деп  өте  орынды 
айтқан [1]. Ол  қай  мəселені  қозғаса  да,  қай  уақыттың  шындығын  жазса  да,  өмірлік,  адами 
проблемаларды алға тартқандығымен көзге түседі. 
Төлен  Əбдікұлының  шығармашылығы  бүгінгі  заман  шындығын  арқау  еткен.  Ішінде  кеңес 
дəуірінің  шындығын,  əсіресе 30-шы  жылдар  аумағында  өткен  тарихи,  əлеуметтік-саяси  оқиғаларды 
(«Əке» повесі, «Өліра» романы) т.б. суреттейтін туындылар бар. Бір ерекшелігі, жазушы қай кезеңнің 
оқиғаларын  арқау  етпесін,  алдымен  адам  тағдырын  соғады,  оның  тыныс-тіршілігін,  өмірдегі  күрес-
тартысын,  əлеуеттік  ортадағы  əрекетін,  қоғамдағы  алар  орнын  тереңнен  аршып  танытуға  мақсат 
етеді. 
Жазушы адам мен қоғам, адам мен əлеумет қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. Əрқилы 
тағдыр  иелері  өздерінің  арман-мұңымен,  қасірет-қайғысымен,  қуаныш-ренішімен  бой  көрсетіп 
жатады.  Осы  қатардағы  қарапайым  жандардың  қоңыр  тіршілігінің  өзінен  заман  шындығын,  уақыт 
бедерін  танып,  таразылауға  тырысады.  Жалпы,  жазушы  күнделікті  өмірдегі  кейіпкерлерді  көрсете 
отырып, заманымыздың ауқымды шиеленістерін философиялық тұрғыдан саралаған. 

62 
Жазушы  Т.Əбдікұлының  қаламгерлік  даралығына  оның  шығармаларында  өмірдің  əр 
құбылысын,  оқиғасын  бірқалыпты,  асқындатпай  беруі,  қаһармандардың  диалогы,  монолог  арқылы 
олардың  жан  əлемін  жарқырата  аша  отырып,  болмыс-бітіміне  үңілуі,  ұлттық  болмысқа  тəн  алуан 
түрлі  қасиет-сипаттарды  зерттеуі  жатады  дегіміз  келеді.  Қаламгер  Т.Əбдікұлы  барлық 
шығармаларында  дерлік  тарихи  зердеге  барлау  жасап  отырады,  сол  арқылы  кешегіні  бүгінгімен, 
бүгінгіні ертеңімен тығыз байланыста, бірлікте қарауға ұмтылады. 
«Т.Əбдікұлы  шығармаларының  көркемдік  ерекшеліктері,  тақырып  талдау,  кейіпкер 
психологиясын  ашу,  сөз  саптау,  сюжет  құрау,  бір  сөзбен,  жазушылық  стилі  қандай?  Өзге 
əріптестерінен озған не кемшін түскен тұстары бар ма?» деген мəселелерге тоқталмақпыз. 
Əдебиеттану  ғылымындағы  стиль — аса  кең  мағынадағы  ұғым.  Сонау  ХІХ  ғасырдағы 
А.Потебня,  А.Веселовскийлерден  бастап,  көтерілістен  кейінгі,  яғни,  ХХ  ғасырдың 20–30-
жылдарында  жазылған  П.Сакулин,  А.Белецкий,  В.Жирмунский,  В.Гофман,  М.Рыбникова  еңбектері, 
сондай-ақ 50-ші  жылдардан  бері  дүниеге  келген  В.Виноградов,  Д.Лихачев,  М.Бахтин,  А.Чичерин, 
В.Днепров,  М.Храпченко,  Г.Поспелов,  А.Соколов,  Р.Будагов,  В.Ковалев,  А.Тимофеевтердің 
зерттеулері  бұл  ойымызға  дəлел  бола  алады.  Орыс  əдебиетінде  ұзақ  жылғы  ізденістерді 
қорытындылап, тұжырымдаған іргелі еңбектер де жарыққа шыққаны хақ 
Стиль — жазушының шеберлігін, талантын дəлелдейтін үлкен көрсеткіштің бірі. Сонымен бірге 
стильдің  оқырманмен  байланысты  жағы  да  бар.  Өзіндік  стилі  жоқ  ақын  мен  жазушы  шынайы 
шығарма бере алмайды, өзінің оқырманын да жаулай алмайды. 
Жалпы,  көркем  əдебиеттегі  стиль  мəні,  сипаты,  ерекшеліктері  жайлы  зерттеулердің  түп-
төркініне  үңілсек,  олардың  бастау  алған  уақыты  сонау  көне  дəуірге,  ерте  грек  мəдениетіне  барып 
тірелетінін  байқау  қиын  емес.  Ерте  замандардан  бастап,  бүгінге  дейін  зерттеу  объектісіне  арқау 
болып  келе  жатқан  «стиль»  ұғымы  өзінің  күрделілігін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оны  зерттеуші-
ғалымдардың да əр дəуірде, əр заманда əр қырынан алып зерттеп, үнемі өсу үстінде, даму, кемелдену 
үстінде  болып  келе  жатқандығын  да  көрсетсе  керек.  Өмірдің  бірқалыпта  тұрмайтындығы  сияқты 
зерттеу еңбектері де үнемі жаңғырып, жаңарып, жаңа ой, тың тұжырымдар жасауға бейім тұратыны 
белгілі. 
Бұл арада төселген шеберлік пен жазушылық стильдік ерекшелігіне М.Əуезов талғамымен баға 
берген  жөн.  М.Əуезов  стиль  хақында: «Əдебиеттегі  ұлттық  түр  мəселенің  бір  іргелі  үлкен  мəні — 
стиль.  Теңеу  тілі,  əр  алуан  көркемдік  шеберлікпен  келетін  сөз  кестесі  түгел  келіп  жазу  стилін 
қалыптайды. 
Əдебиеттің ұлттық ерекшеліктер жайын атағанда, тіл бұл стильдің өзі емес, құралы, қоры ғана. 
Екінші  бір  стиль — сөздік,  ақындық  теңеу  кесте  мағынасынан  басқа  екінші  мағынаны  жəне 
тудырады. Ол — ұлттық мінез бейне жасаудың стилі»,—деген екен [2]. 
Қазақ  əдебиеттану  ғылымындағы  көрнекті  ғалым  З.Қабдолов: «Нағыз  пейзаж — поэзия! 
Характер!  Адам!  Неге  десеңіз,  адамның  қабылдауының,  сезіну  түйсінулерінен,  көңіл-күйінен  тыс 
табиғат суреті — пейзаж жоқ! 
Пейзаж  жазушының  стилін  де  белгілейді.  Ал,  стиль — адам» [3;92] десе,  профессор 
Р.Нұрғалиевтің пікірінше, «...əдеби ұғымдағы стиль — ең алдымен — эстетикалық категория...Стиль 
жазушының авторлық мұратымен, эстетикалық идеалымен жанды түрде байланысып жатыр. Өйткені 
көркемдік процесте механикалық сипат жоқ» [4]. 
Егер  стиль  дегеніміздің  өзі  кез  келген  қаламгердің  ешкімге  ұқсамас  даралық  қасиеті  десек, 
Т.Əбдікұлына тəн стильдік сипаттар қандай? 
Ең алдымен жазушы жақсылық пен жамандықты негізгі объект етіп ала отырып, адами, рухани 
құндылықтарды  жоғары  қойып,  дəріптейді.  Суреткерге  тəн  негізгі  қасиет — шығармаларына 
психологиялық,  лирикалық  сарындармен  қатар  философиялық  ой  дарыту  басым.  Яғни  оның 
қаламынан  туған  шығармалар  философиялық  астарларға  бай.  Сондай-ақ  асқынған  драматизм, 
трагедиялық тағдыр, жаратылысы қызық характерлер ұтымды көрініп отырады. 
Мысалы,  Т.Əбдікұлының  ең  алғашқы  шығармаларының  бірі  «Оң  қол»  əңгімесін  алайық. 
Шығарманың кезінде үлкен жаңалық ретінде қабылданғаны белгілі. Ендеше шығарма құнын асырған 
қасиеттер  қандай  десек,  ол  ең  алдымен  тақырып  тосындығы  болса,  соған  орай  жазушы  идеясының 
шығарма сюжетімен табиғи бірлік табуы дер едік. Əрине, бұл тек «Оң қол» əңгімесіне ғана қатысты 
ерекшелік емес. Т.Əбдікұлы шығармаларының барлығына дерлік тəн қасиет. Тіпті, Төлен Əбдікұлы 
шығармаларының өзін ана тақырып, болмаса мына бір шындық, болмаса шетел тақырыбы деп бөле-
жарудың де қажеті жоқ. Өйткені қайсы бір туындасын алмайық, өмірдің ең өзекті, аса зəру, аса ділгір 
мəселелерін  көтергені  анық.  Олар  тек  жанрлық  тұрғыдан  жəне  шығарманың  сюжеті  мен 

63 
композициялық құрылымына ғана бөлек. Ал, автордың философиялық ой түйіні, алдыға қойған ұлы 
гуманизм — барлық шығармаларының алтын арқауы. 
«Стиль»  ұғымының  кең  екендігін  жоғарыда  айттық.  Ғалым  З.Қабдолов: «Сонымен,  біз 
жазушының күллі творчествосының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея—тақырып тіл) тек 
сол  жазушыға  ғана  тəн  ерекшелігін  аңғарамыз...  Міне,  стиль — əр  суреткерге  тəн  осындай 
творчестволық ерекшелік» [3; 331], — деп жазады. 
Ендеше Т.Əбдікұлын ерекшеленіп тұрған негізгі қасиеттер де дəл осы көркемдік үш негізде де 
анық  көрінді  дей  аламыз.  Тақырып,  идея  мəселелеріне  біршама  тоқталғандықтан,  ендігі  сөзді 
жазушының тіл өрнегі төңірегінде жалғастырсақ. 
«Тіл — əдебиеттің  бас  мүшесі» (Горький), «сөз — шығарманың  негізгі  материалы» (Федин) 
екенін  ескерсек,  əдеби  шығарманың  көркемдік  құны  оның  тілінде  екен.  Сондай-ақ  тіл  байлығы 
шығарма  сюжетін  баяндаудан  ғана  емес,  кейіпкер  психологиясын  ашудағы  монолог,  диалог,  ойлау, 
қиялдау, еске алу т.б. сияқты тəсілдерден де көрінеді. 
Ал, 60–80-жылдардағы  əдеби  процесте  қаламгерлердің  көркемдік  ізденістері  көбінесе 
кейіпкердің  жан  дүниесіндеі  тылсым  сырлардың  сырын  ашуға  ұмтылыстардан  көрінгені  белгілі. 
Ендеше  сол  ізденістер  жазушы  шығармаларында  да  өз  жемісін  көрсетті.  Суреткер  сомдаған 
кейіпкерлердің  қай-қайсысы  болмасын  өзіндік  мінез,  сөз,  ой  қайшылықтарымен  ерекшеленеді. 
Сонысымен  де  олар  оқыған  адамның  есінен  кетпестей  жатталып  қалады.  Мысалы,  жазушының 
«Парасат  майданы»  повесі  адам  санасында  жүріп  жатқан  тартыстардың  желісіне  құрылған. 
Қоғамдағы  сан  түрлі  тартыстардың  сана  ағымында  үздіксіз  тайталасқа  түсіп,  ой  ағымындағы 
майданды еске түсіреді. Зұлымдық пен ізгіліктің үнемі қарама-қайшылықпен арпаласуы, адам жанын 
азаптап,  сананы  сергелдеңге  салуының  көрінісі.  Əдебиетке  адамның  екіұдай  халдегі  сезімі,  ішкі 
менмен  тартысы  əсіресе  ұлы  М.Əуезовтің  психологиялық  əңгімелерінде  кеңінен  суреттелетін. 
М.Əуезов  алып  келген  əдеби  дəстүр  қазіргі  кезең  əдебиетінде  өз  жалғасын  табуда.  Осы  тұрғыдан 
келгенде  Т.Əбдікұлының  шығармаларын  көптеген  жазушылармен  салыстыруға  болады.  Мəселен, 
жазушы  О.Бөкейдің  «Мұзтау»  повесіндегі  Ақтанның  екіге  жарылып,  диалог  түрінде  тартысқа  түсуі 
адам  табиғатының  ішкі  тартысына  құрылған.  Ал  Т.Əбдікұлының  «Парасат  майданы»  повесінде  бір 
адамның екіге жарылып, екіұдайы тартысқа түсуін өзіндік жазушылық жолмен — хат түрінде жүзеге 
асырған. Тартыстың хат түрінде жүзеге асуы, ойдың толық əрі терең, көркем жеткізілуі — жазушы 
шеберлігінің  өзіндік  бір  қыры.  Хат  дегеннен  шығады,  сол  хаттарда  француз  жазушысы  Шарль 
Бодлердің ойларынан мысалдар келтіреді. 
Бодлер поэзиясының ең əйгілісі — «Зұлымдық гүлі». Кейіпкер — ішкі дүниесінің үндестігінен 
айрылған, көңілсіз, жалғыз адам. «Зұлымдық гүлі» — сұрақтар мен толғаныстар кітабы. 
Жазушының  «Парасат  майданы»  повесінің  басты  кейіпкері  де — жалғыз,  ішкі  дүниесінің 
қарама-қайшылығы мол, ой арпалысына, ой азабына түскен жан. 
Ғалым Г.Пəрілиева «тағы бір тоқталар жай — Т.Əбдіковтің тілі. Оның қай туындысын алмаңыз, 
артық-ауыз əңгімеге, жалған сезім, жылтырауық теңеуге кездеспейсіз. Немесе ділмарсыған кейіпкер 
не  автор  жоқ.  Мүмкіндігінше  аз  сөзге  көп  мағына  сыйдыруға  жəне  əр  сөзінің  əйтеуір  бір  роль 
атқаруына  аса  жауапкершілікпен  қарайтындығы — қаламгердің  өзіндік  қолтаңбасы,  өзіндік  əдіс-
тəсілі» [5] десе,  қазақ  романдарының  стилі  мен  типологиясын  зерттеп,  докторлық  диссертация 
қорғаған ғалым М.Хамзин «асылы, Т.Əбдіковтың барлық ірілі-ұсақты шығармаларында байқалатын 
жайт — автордың  стильдік  бедеріндегі  салмақтылық,  орнықтылық.  Көп  ретте  өзге 
шығармаларындағы  сияқты  авторлық  баяндау  мен  кейіпкер  монологы  жарасымды  үйлесім  тауып 
жатады» [6] деген пікір ұсынады. 
Сөз  реті  келген  соң  Т.Əбдікұлы  шығармаларына  қатысты  айтылған  сын-пікірлерді  де  келтіре 
кетсек  дейміз.  Мəселен,  марқұм,  белгілі  сыншы  С.Əшімбаев  тақырыптары  басқа  болғанымен,  ар 
тазалығы, шынайы сезім байлығы адам жанындағы тереңдік пен кеңдік, адамгершілік принциптерге 
адалдық, адам өміріндегі дұрыс-бұрыс құбылыстарға диалектикалық тұрғыдан ой жүгірту, байсалды 
баға  беру  қазақтың  көптеген  жазушыларына  тəн  қасиет  екенін  айтады. «Əсіресе  Ə.Кекілбаев  пен 
Т.Əбдіков,  М.Мағауин  творчествосындағы  нақты  да  затты  философиялық  интелектуалдық  өрелі 
интерпретациялар қазақ прозасындағы соны ізденістің куəсі дерлік» дей келіп, «cондай-ақ қайсыбір 
талантты деген жазушыларымыздың жекелеген шығармаларында суреткерлік интуиция болады да, ең 
басты  нəрсе — концепция  жетпей  жатады.  Осының  салдарынан  шығармадағы  оқиғалардың  мезгіл 
мен мекені беймəлім уақыт пен кеңістік ұғымы дерексіз, кейіпкерлері «тисе терекке, тимесе бұтаққа» 
дегендей абстрактылы ойлап, жер баспай салмақсыздық жағдайында ауа қармап жүрсе, олардың қым-
қиғаш  қисынсыз  əрекеттерінде  психологиялық-логикалық  мотивировқа  жете  бермейді.  Мəселен, 

64 
Д.Исабековтың  «Сүйекші»,  Т.Əбдіковтың  «Тозақ  оттары  жымыңдайды»  сияқты  тілі,  стилі, 
композициясы тəп-тəуір повестерінін басты кемшілігі осында» [7] деген сын айтады. 
Дегенмен,  сыншы  пікірімен  келісе  қою  қиын.  Себебі  бұл  сынның  Д.Исабековтың  аталған 
шығармасында кездесетіні бар. Алайда «Тозақ оттары жымыңдайды» повесіне қатысты айтылған бұл 
сын-пікір  қиянаттау  сияқты.  Өйткені  жазушы  сонау  мұхиттың  арғы  жағындағы  болып  жатқан 
оқиғалардың  дəл  уақыты  мен  сыншы  айтқан  мезгіл-мекеннің  дəл  орнын  белгілеуді  мақсат  етіп 
қоймаған. Суреткер үшін оның қажеті де болмаған. Одан шығарма сюжетіне пəлендей нұсқан келіп 
тұрған жоқ. 
Зерттеу нысанымызды белгілі бір дəуірде, белгілі бір қоғамда қатар өмір сүріп, шығармаларын 
берген  бірнеше  жазушылармен  салыстыра  қарастырдық.  Олардың  бір-біріне  ұқсамайтынын,  тіпті 
бірін-бірі қайталамайтынын жоғарыда айтып өттік. 
Айталық,  М.Мағауин,  С.Мұратбеков,  Қ.Мұхамбетқалиев,  Т.Əбдіков,  Б.Нұржекеевтер 
кейіпкерлерін  іс-əрекет,  динамикалы  оқиғаға  үстінде  ашып  көрсетуге  шебер  болса,  шығармалары 
философиялық астарға бай Ə.Кекілбаев персонаждарын өзді-өзімен арпалысқан ішкі психологиялық 
тартыстар үстінде көрсетуге ұста. Ал Д.Исабеков, Т.Нұрмағамбетов, Ж.Түменбаевтардың қаламдары 
өз  замандастарының  арасында  юморға  байлығымен,  детальдарға  құбылтқыштықтарымен  мен 
мұңдалып  тұрады.  Соның  өзінде  де  олар  бəрібір  бір-бірінен  əйтеуір  бір  ерекшеліктерімен 
өзгешеленбей  қала  алмайды.  Айталық,  Т.Нұрмағамбетовтың  юморы  тапқыр,  əжуашыл, 
Ж.Түменбаевтікі  сыпайы,  астарлы,  Д.Исабековтікі  ащы,  ащылығы  сондай,  кейде  ол  бүтін  бір 
жағымсыз  əлеуметтік  құбылысқа  аяусыз  үкім  шығаратын  сарказм  дəрежесіне  дейін  жетіп  барады. 
Мұндай  ерекшеліктер  олар  өмірге  əкелген  шығармалардың  бүкіл  көркемдік  əлемінен  байқалып 
тұрады. 
Теңеу,  көркемдеу,  бейнелеу  тəсілі  ретінде  əр  түрлі  амалдар  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  мұны 
дүниеге келтіретін бұл амалдар шығарманың идеялық мазмұнына қаламгер шеберлігіне байланысты 
болады.  Өйткені  əр  теңеудің  өзінің  стильдік  жүгі  көркемдік  мұрат  түрлі  амалдар  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Осы  топтағы  теңеулер  көркемдеу  тəсілдерінің  басқаларымен  ұштаса,  сабақтаса  келіп, 
солармен  жымдаса,  аралас  қосыла  келіп,  жаңа  тұрпаттағы  образ  жасайды.  Ол  жаңа  тұрпаттағы 
образға тірек болатын нəрсе, ең алдымен, теңеудегі бейнелік. 
Осы теңеулік ой бірде метафоралық кейде эпитеттік, енді бірде метонимиялық жəне литоталық 
қызмет  атқарады,  соның  нəтижесінде  теңеу  бейнелі  сипатқа  ие  болып,  көркемдік  бояуы  құлпыра 
түседі. 
Сөз  жоқ,  Төлен  Əбдікұлы — талант.  Ол  аксиома.  Оған  шығармаларын  талдау  барысында  көз 
жеткіздік.  Ендеше  оның  қаламынан  туған  «Оң  қол», «Ақиқат», «Əке», «Оралу», «Қыз  Бəтіш  пен 
Ерсейіт», «Тозақ  оттары  жымыңдайды», «Парасат  майданы»,  т.б.  туындылары — қазақ  əдебиетінің 
алтын қорына қосылған үлес. 
Жоғарыда біз 60–80-ші жылдардағы əдеби процесте қаламгерлердің көркемдік ізденістері көбіне 
ой  айту,  концепция  түюдің  түрлі  формаларын  табуға  əкелгенін  айттық.  Күретамыр  конфликт 
тереңдеп,  адамның  жан  дүниесіндегі  арпалыс  сырына  үңілу  белең  алғаны  белгілі.  Осы  тұрғыдан 
келгенде, Т.Əбдікұлының авторлық позициясы да айқындала түседі. 
Ендеше ең əуелі суреткерге тəн негізгі қасиет кейіпкер психологиясын ашудағы сəтті ізденістері 
еді.  Ол  сомдаған  кейіпкерлер  шынайылығымен,  ұлттық  характерлерге  тəн  мінез-құлықтарымен, 
даралануымен  де,  сондай-ақ 60–80-ші  жылдары  көбіне  үстем  болған  социализм  əдісінің  əдебиет 
таптық,  партиялық  болуы  керек  деген  қатаң  қағидаларын  бұзғандығымен  де  құнды.  Мəселен, 
жоғарыда  аты  аталған  жазушылар  сол  жылдардағы  белең  алған  шығарманың  негізгі  қаһармандары 
коммунистер мен олардың заңды мұрагері комсомолдар болуы керек деген партиялық нұсқаулардың 
күлін  көкке  ұшырды.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Т.Əбдікұлының  Сейсені  мен  Сайлауы,  Болаты  мен 
Қожабегі т.б. да кейіпкерлері бір қап, бір саптан шыққан кеңестік қоғамның қалпына сиятын жандар 
емес-ті. 
Əйгілі  жапон  жазушысы  Ясунари  Кавабатаның: «Жазушы  жер  сілкінуін  күн  ілгері  болжап 
білетін  ерекше  сейсмикалық  аппарат  сияқты,  өз  заманының  əлеуметтік-психологиялық  өзгерістерін 
қалт  жібермеуге  тиіс...»  деген  пікірі  де  сайып  келгенде  бүгінгі  жазушының  қоғамдық  ролін, 
əдебиеттің маңызын дəл де нақты бағалағандық болса керек. 
Бұл  жазушының  ұлт  тағдырына  немқұрайды  қарай  алмайтынын  танытса,  соған  орай  жоғарыда 
өзіміз сөз еткен «Қонақтардағы» Сапабек сияқты рухани азғындауға түскен шала қазақтарға ой айту 
жатыр. «Əкедегі» əке əңгімесін сарабдал ой-санасынан өткізген Сайлаудың өз өмір жолына, тіпті өз 
ішіне үңіле отырып жасаған топшылауларын кейінгі толқын жастарға үлгі етеді. Жазушының қайсы 

65 
бір  шығармасын  алмайық,  ой  толғау,  сөз  саптау,  оқиға  өрбіту,  сөйлем  құрау  мен  сюжет  түзетуге 
дейін  бəрі  мінсіз,  тайпалған  жорғадай  жетелеп  отырады.  Соған  орай  желі  тартқан  автордың  ұлы 
азаматтық, əлемдік гуманизмі мен мұндалап, атой салады. Жазушының өзіне тəн тағы бір ерекшелігі 
көптеген шығармаларының соңғы нүктелері қойылмаған. 
Қандай  халықтың,  қандай  ұлттың  болмасын,  рухани,  мəдени,  төлтума  игіліктерін  сол  халық 
немесе сол ұлттың өзгеге бодан кіріптар болып тұрғанда талдап, зерделеу бар да, өз еркі өзіне тиіп, өз 
тізгініне өзі ие болғанда саралап, зерттеу бар. Халықтың, ұлттың рухани игіліктерін жасаушы тұлға 
—  ақын-жазушы  өзі  ғұмыр  кешіп  отырған  қоғамынан,  сол  қоғамның  талап-тілегінен  тыс  тұра 
алмайды. Оған ұсынып, талап еткен міндеттерге сөзсіз мойынсыну, сол тілектерді құлшына, еш сөзге 
келмей білдіру, шыңғырған шындықты тұспалдап, ишаралап жеткізу бар. Əрине, міндеттің де міндеті 
болатыны  белгілі.  Тəуелсіздікті,  сол  тəуелсіздіктің  маңызды  талап-тілектері  бар,  сонымен  бірге 
сананы улап, рухты жаныштауға, мəңгүрттендіруге шақыратын талап-міндеттер болғаны ешкімге де 
жасырын  емес  шығар.  Қаламгер  Т.Əбдікұлы  өз  шығармаларының  шынайылығымен,  тазалығымен, 
өміршеңдігімен ерекшелетіні хақ. 
Əдебиет — өмір  шындығының  сəулесі.  Өмір  шындығы  дегеніміз  де — бірімен-бірі  тұтасып 
жатқан  ұшы-қиыры  жоқ  мол  дүние.  Жазушы  сол  мол  дүниеден  қанша  алып,  қалай  пайдаланамын 
десе де, өз еркі. Жазушы жалпақ дүниені қалай алып, қалай пайдаланбасын өз суреттеп отырған өмір 
шындығын  молынан  қамти  отырып,  дəуір  талабына  сай  көркемдікпен  шешіп  бере  білуге  тиісті. 
Жазушы,  бұл  жағынан  алып  қарағанда,  өзі  өмір  сүріп  тұрған  дəуір  тынысына  тəуелді.  Қаламгер 
Т.Əбдікұлы өз шығармаларында заман тынысын шебер бейнелей білген. 
Жазушының құрылыс материалы — өмір шындығы. Ол өмір  шындығындағы мол материалдан 
құрастырып  күмбез  жасап  шығарады.  Ол  күмбездің  сəулетті,  сəнді  болып  шығуы  сол  күмбезді 
құрастырушы  зергердің  шеберлігіне  байланысты.  Күмбезді  құрастырудағы  жазушының  құралы — 
сөз.  Жазушы  сөз  арқылы  шикі  дүниені  ширатып,  тыңнан  тұлғалар  жасайды.  Оларды  да  қуантып, 
қайғыртып  бірімен-бірін  тартысқа  түсіріп,  күреске  араластырады.  Сөйтіп,  өмір  шындығында  болып 
жатқан күнделікті құбылысты көркем образдар арқылы оқырманның көз алдына елестетеді. 
Төлен  Əбдікұлының  бүкіл  шығармашылығы  парасаттылықты  пайымдап,  адамгершілікті 
мадақтауға  арналған.  Өйткені  қаламгердің  қай  жанрда  жазылған  туындысы  да  тек  осы  биік 
адамгершілік  мұраттарды  өмірлік  өнеге  ретінде  ұсынуымен  ұлағатты.  Тəуелсіздік  əдебиетке  тың 
идеялар  мен  тақырыптар  алып  келді, «құпиялардың  кілтін»  берді,  бұрын  жетпіс  жыл  бойына 
айрықша əспеттеліп, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» ардақталып келген көптеген 
тақырыптар,  идеялар  мен  идеалдар,  замана  қаһармандары  делінген  тұлғалар  енді  танымдық-
көркемдік тұрғыдан мəнін жойды. 
Жазушы Төлен Əбдіков тəуелсіздікті күтпей-ақ осынау ащы шындықты, бүгінгі жариялылықты, 
қайта  құруды  сары  алтындай  сабырлықпен  күтіп  жатпай-ақ  біздің  алдымызға  жайып  салды.  Төлен 
Əбдіковтың  прозалық  шығармаларының  жанрлық  сипаты  əр  алуан  болып  келеді.  Жазушының 
«Қайырсыз  жұма», «Қонақтар», «Бас  сүйек», «Оң  қол», «Жат  перзент», «Бір  күндік  ашу», 
«Көктерек», «Сəби туралы сыр», «Қарасан», «Қойшығұл», «Таласбай» жəне тағы да басқа əңгімелері, 
«Парасат  майданы», «Əке», «Оралу», «Ақиқат», «Қыз  Бəтіш  пен  Ерсейіт», «Тозақ  оттары 
жымыңдайды» аударма-повестері, «Өліара» романы бар.
 
Бүгінде  қазақ  прозасында  көшбасшы  буынының  арасында  шоқтықты  биігін  иеленген  жазушы 
Т.Əбдікұлы  алдыңғы  буын  ағаларының,  тұрғыластарының  шығармашылық  ізденістерінен  үйрене, 
дамыта  жүре,  қалыптаса  келе,  қаламгерлік  шеберлігін  шыңдауда  өзгеге  дара  соқпақ  салды.  Кешегі 
дəстүрді  өзінше  жаңалығымен  жаңартты.  Жазушы  шығармашылығында  жаңалық  тек  тақырыптық-
идеялық,  көркем  өлең  сөзді  қолдану  аясында  емес,  жаңа  ой,  жаңа  мазмұн  туғызуымен,  соған  орай 
жаңа тұрпатты қаһармандар мен кейіпкерлер жасауымен де ерекше. 
Ұлтын  сүйген  парасатты  қаламгер  əлемдік  жəне  ұлттық  əдебиет  жауһарларынан  үлгі  ала 
отырып,  жеке  халықтың  ғана  емес,  жалпы  адам  баласының  жан  əлемін  танытатын  туындылар 
жазғаны  бізге  хақ.  Идеология  өнерге  билік  жүргізген  кезеңнің  өзінде  өзгенің  тірлік-тынысын 
суреттей отырып, өзі өмір сүрген қоғамдағы қайшылықтарды астарлай жеткізді, саналыға ой салды, 
қоғамдық  құрылыс  пен  əлеуметтік  ахуалға  қарсы  пікірін  де  танытты.  Адам  болмысының 
құпияларына көркемдікпен бойлауға, сол арқылы адамды сүюге үндеген үлкенді-кішілі шығармалары 
арқылы ұлттық прозамызға сардар мінезді, салиқалы парасат дарытты. 
 

66 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Исабеков Д. Адами парасат, əлеуметтік тереңдік // Заман Қазақстан.— 2002. — № 36 (391). 6 қырк. — 14-б. 
2.  Əуезов М. Шығармалар. — 12-т. — Алматы: Жазушы, 1958. — 230-б. 
3.  Қабдолов З. Сөз өнері.— Алматы: Санат, 2002. — 290-б. 
4.  Нұрғалиев Р. Телағыс.— Алматы: Жазушы, 1986. — 204, 205-б. 
5.  Пірəлиева Г. Ізденіс өрнектері. Əдеби сын. Зерттеу. Сұхбаттар. — Алматы, 2001. — 78-б. 
6.  Хамзин М. 60–80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы: Филол. ғыл. д-ры дис. автореф. — Алматы, 1997. — 
16-б. 
7.  Əшімбаев С. Талантқа тағзым. — Алматы: Жазушы, 1982. — 124-б. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет