№1(53)/2009 Серия филология


С.КӨБЕЕВТІҢ  БАЛАЛАРҒА  АРНАЛҒАН  ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ  НЫСАНАСЫ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата26.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

С.КӨБЕЕВТІҢ  БАЛАЛАРҒА  АРНАЛҒАН  ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ  НЫСАНАСЫ 
В  статье  исследуются  жанровые  и  идейно-тематические  особенности  произведений 
С.Кубеева, посвященных детям. Рассматривается идейное сходство в стихотворениях и рас-
сказах писателя. 
In article are investigated genre and ideologically-thematic features of S.Kobeev's aproducts, devoted 
to children. Ideological similarity is considered in poems and stories of the writer. 
 
C.Көбеев  бүкіл  саналы  ғұмырын  оқытушылыққа  арнады. 1901 жылдан 1956 жылға  дейін 
педагогтік  қызметпен  айналысты.  Ұстазы  Ы.Алтынсарин  тəрізді  педагогтік  қызмет  пен 
жазушылықты  шебер  ұштасыра  білді.  Ыбырайдың  «Қазақ  хрестоматиясы»  үлгісімен  жарық  көрген 
«Үлгілі  тəржіма»  мен  «Үлгілі  бала»  жинақтарындағы  мысал  өлеңдері  мен  əңгімелерінің  қай-
қайсысын  болсын  балаларға  арналмады  деп  айта  алмаймыз. ««Үлгілі  тəржімаға»  Спандияр  жасаған 
44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 
44  аударма  түгелдей  Крыловтан  аударылған  деген  көзқарас  басым  болып  келеді.  Бұл  көзқарастың 
қателігі,  осы  кітапқа  кірген  аудармаларды  түпнұсқамен  салыстыра  отырып,  толық  қайта  қарау 
үстінде  анықталды.  Біздің  байқауымызша, «Үлгілі  тəржімаға»  Крыловтан  аударған 37 мысал 
кіргізген.  Қалған 7 мысал  сол  кездегі  оқу  құралдарында  көбірек  пайдаланылып  жүрген  көп  авторға 
ортақ  мысалдар  (олар  Ушинский,  Л.Толстой  жəне  Ыбырай  Алтынсариннің  хрестоматияларында 
ұшырасады) [1]. 
С.Көбеев  мысалдары  өлеңмен  де,  қарасөзбен  де  жазылған.  Олардың  арасында  идеялық, 
тақырыптық,  тіпті  сюжеттік  тұрғыда  бір-біріне  ұқсас  келетіндері  де  бар.  Мəселен,  ақынның  өлең 
түріндегі  «Арыстан  мен  тышқан»  жəне  қарасөзбен  жазылған  «Құмырсқа  мен  көгершін» 
мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның мүшкіл халге түсуі бар жəне оған ойламаған 
жерден берілетін көмек бар. Ол көмек — бір кездегі жақсылықтың өтеуі. 
«Арыстан  мен  тышқан»  мысалында  əлеуметтік  астар  айқын.  Мұнда  əлдінің  əлсізді  өзіне  тең 
көрмеушілігі айтылады. Автор «нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес» 
дейді.  Арыстан  «кезі  келгенде  көмек  берем»  деген  тышқанды  келеке  қылады.  Күндердің  күнінде 
аңшы  торына  ілігіп,  халі  мүшкіл  болады.  Тісімен  торды  қиып,  арыстанды  босатқан  тышқан  былай 
дейді: 

100 
Бір ісім түсті менің мына сізге, 
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге. 
Осыдан не жақсылық дегендей қылып, 
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де. 
Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да, 
Жаратты жанға не қып бізді құдай. 
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз 
Жақсылық болатынын тышқаннан да [2; 265]. 
Тышқан  өзін  құдайдың  тектен  текке  жаратпағанын  ескертеді.  Бұл  жерде  Алтынсарин  ықпалы 
айқын  сезіледі.  Өйткені  өлеңмен  жазылған  мысалдарының  көпшілігінде  ақын  құдайды  ауызға  жиі 
алады.  Тышқанды  қоя  бергеннен  кейін  автор  «Бұл  дүние  бірде  олай,  бірде  бұлай,  жаратқан  ризық 
беріп жанды құдай» дейді. 
«Құмырсқа  мен  көгершін»  мысалында  болғанды  баяндау  ғана  бар.  Суда  ағып  бара  жатқан 
құмырсқаны  көгершін  құтқарса,  кейіннен  сол  құмырсқа  көгершінді  аңшының  ауынан  құтқарады. 
Мысал  сюжеті жасы кіші  балаға  түсінікті. Жазушы  қорытынды  жасауды  баланың  өзіне  қалдырады. 
Табиғаттағы тірлік суреттеледі. Түйіні: «тіршілік көзі — өзара көмек». 
«Ат  пен  есек»  мысалында  жүгі  ауыр  есекке  ат  жəрдем  етпейді.  Иесі  жолда  зорығып  өлген 
есектің барлық жүгін оның терісімен қоса аттың үстіне артады. Ат өз қателігін кеш түсінеді. Сөйтіп, 
автор қайырымсыздықтың соңы неге апаратынын көрсетеді. 
Абай  «Отыз  сегізінші  сөзінде»  күллі  адам  балсын  қор  қылатын  үш  нəрсенің  бастапқысын 
надандық, екіншісін еріншектік, үшіншісін залымдық дегенді айтқан болатын. С.Көбеевтің «Маймыл 
мен  көзілдірік»  мысалында  көздің  емі  көзілдірік  дегенге  бес-алтауын  бір-ақ  сатып  алған  маймыл 
оларын қалай жаратарын білмей басы қатады. Соңында тасқа атып күлпаршасын шығарады. 
Наданға айтқан сөзің текке кетер, 
Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер. 
Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз, 
Ықылас көңіліңіз болар бекер [2; 246]. 
«Надандық — білім-ғылымның  жоқтығы,  дүниеден  еш  нəрсені  оларсыз  біліп  болмайды. 
Білімсіздік хайуандық болады» [3]. Мысалдағы маймыл білімінің жоқтығынан күлкі болады. 
Надандық  мəселесін  «Есек  пен  сандуғаш»  мысалында  жалғастырады.  Бұл  жолы  ақын 
надандықтың жазылмас дертке тең екендігін ұғындырады, надан адамнан сақтандырады: 
Наданға еткен қызмет кетер текке, 
Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе [2; 248]. 
Сандуғашқа əн айтуды əтештен үйрен деп ақыл айтқан есекті ақын «Білімді жетіп мақтауы сол, 
надан күшік» деп жазғырады. Білімсіз жан объективті баға беруге дəрменсіз. 
С.Көбеевтің мақалмен түйінделетін аударма мысалының бірі — «Асыл шөп». 
Жігіттер, сабыр етсең, əрбір іске 
Болса да жақсы-жаман ерте-кеште, 
«Сары алтын — сабыр түбі» деген бір сөз, 
Бұрынғыдан қалған мақал рас емес пе? 
Жалпы С.Көбеев өлеңдерінде түйін, яғни автор қорытындысы, үнемі ұсынылып отырады. 
Қадиша Зылиқадан емес мықты, 
Сабырлы төзуменен не боп шықты, 
Сондай-ақ аш-арыққа төзім керек, 
Сөзімді надан босқа жіберіп, жақсы ұқты [2; 249]. 
Алтынсарин  əңгімесіндегі  Зылиха  мен  Бəтима  төбелеріне  бір-бір  жəшік  көтерген  қыз  балалар 
болса, өлеңдегі Зылиха мен Бəтима екі қап арқалаған бірі — жас, екіншісі — мосқалдау тартқан əйел. 
Екі шығармада да «сабыр» атты шөптің екіншісінің қолына түспейтіндігіне қауіп айтылады. 
Сабырсыз, арсыз, еріншек, 
Көрсеқызар, жалмауыз, 
Сорлы қазақ сол үшін 
Алты бақан ала ауыз [2; 55],— 
деп Абай бес түрлі қадірсіз қасиетті айтқан болса, сабырсыздық, шыдамсыздықтың қауіпті екендігін 
С.Көбеев  растай  түскен.  Ал  көрсеқызарлық  Спандиярда  өз  шамасын  білмеушілік,  өз  күшін  артық 
бағалаушылық,  өзін  артық  бағалау,  өзіне  ешкімді  теңгермеушілік  тұрғысында  көрінеді. «Қарға» 

101 
мысалы  бұған  дəлел.  Ақын  өлеңдерінің  көпшілігінде  адам  бойындағы  бірнеше  кесірлікке  тұспал 
жасалады, солардан арылту мақсатында уағыз айтылады. «Қарға» мысалында бірде 
Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше, 
Істеген ісін істеп шамаң келсе,— 
дейді де, «Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма» деп жалғастырады. Ары қарай 
Жауыздық залымынан өнеге алма, 
Қалып боп, жуса кетпес өле-өлгенше,— 
дегенді тағы қосады. Кіріспе сөз сюжетке жасалатын түйін ретінде ұсынылады. Өйткені содан кейін 
барып  мысал  оқиғасы  баяндалады.  Қарға  қозыны  əкеткен  бүркітті  көреді  де,  қошқарға  ұмтылады. 
«Құс жаманы қарға түгіл, қасқырдағы, шамасы кеп əкете алмас ондай малды» деп автор қой жүнінен 
аяғын  шығара  алмаған  қарғаны  бір  мұқатып  өтеді.  Оның  масқарасын  шығарған  тағы  бір  жағдайды 
баяндайды: 
Қойшылар қанат-құйрығын бірдей жұлып, 
Беріпті ойнаңдар деп балаларға [2; 267]. 
Өтірік  залалын  түсіндіру  С.Көбеев  үшін  басты  мəселе  болып  табылады. «Өтірікші»  мысалы 
төмендегіше басталады: 
Пайдасы өтіріктің екі дүнияда 
Болмайды деп бірнеше рет айтты молдам. 
Мен-дағы көргенімді тəржіме еттім, 
Үлгі алар ғибратынан құрбыларға [2; 267]. 
Осы  кіріспе  сөзден  кейін  барып  оқиға  баяндалады.  Қойшы  бала  «қойға  қасқыр  тиді»  деп  ауыл 
адамдарын дүрліктіреді. Қолдарына айыр, кетпен, балта ұстап бəрі қойға жүгіріседі. Бұл жерде тағы 
да мазақ қылушы, келеке етуші бейнесі бар. 
Шек-сілесі қатып Исін күліп жатыр, 
Мəз болып жарым шіркін алдағанға. 
Əрине, қылжақбастың жазасы дайын: 
Алладан тағдыр уақыт жеткеннен соң 
Қойға кеп екі қасқыр тиді шынымен [2; 267]. 
Осы  жолы  Исіннің  сөзіне  ешкім  сенбейді.  Көмекке  келген  жан  болмаған  соң  қойының  көбін 
қасқыр  қырып  кетеді.  Автор  қойшы  балаға  аяушылық  танытпайды.  Қайта  «Жылады  кешке  дейін 
иттей ұлып» деп жазғырады. 
С.Көбеев  көпшілік  мысалдарын  Кішіқұм  ауылында  мұғалім  болып  істеген  кезінде  аударған. 
Белгілі бір мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған. Соның бірі — «Көлбақа мен 
Юпитер»  мысалы. 1901 жылы  ақын  Ырғыз  уезіндегі  Толағай  болысына  қарайтын  Кішіқұм  дейтін 
жерге  мұғалім  болып  барады.  Он  төрт  шаршы  метр  шамасындай  жер  үйді  мектеп  етіп  береді. 
Төбесіндегі жалғыз терезесінің көзі қарын, пеші жоқ, жер едені тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй. 
«Жығылғанға жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық-тұрақ төлдерді енгізеді. Осы жағдайға 
байланысты Крыловтың «Көлбақа» мысалын аударады. Көлді тастап тауға шыққан бақа сусыз өлімші 
халге жетеді. Тау басын топан су басса екен деп тілейді. Юпитер көлбақаның ақылсыздығын сөгеді: 
«Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт сенің жетер». 
1912  жылы  «Үлгілі  бала»  жинағы  жарық  көреді.  Ш.Ахметов  «Үлгілі  баланың»  бірінші,  екінші 
кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа 
жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады [4; 121]. Жазушы «Орындалған арман» мемуарлық 
шығармасында ««Үлгілі  бала»  хрестоматиясына  Крыловтың  өзім  аударған  мысалдарын  кіргіздім, 
орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа əңгімелерін өзімшілеп қазақ тұрмысына лайықтап 
жаздым, сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиетін сұрыптап пайдаландым. Сонымен қатар бұл кітапқа 
табиғат  туралы,  оның  əр  алуан  құбылыстары  туралы,  география,  өсімдік,  жануарлар  туралы 
малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа-қысқа əңгімелер, мысалдар 
кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», —дейді [2; 151]. Ақын хрестоматияның екінші 
бөлімі жөнінде ештеңе жазбаған. 
«Үлгілі бала» «Мектепке шақыру» өлеңімен ашылады: 
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, 
Мəз болмай деген сөзге, мырза ерке, 
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты, 
Зат емес, надан кісі алар текке. 

102 
Ертеңгі шақыруымен əтеш құстың, 
Халықтар кетіп жатыр егіндікке. 
Күн шығып, терезеге сəуле түсті, 
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе. 
Ал  С.Көбеевтің 1988 жылы  «Жалын»  баспасынан  «Орындалған  арман»  деген  атпен  жарық 
көрген  кітабында  мысал  саны 37 деп  берілген.  Осылардың  арасында  мысал  есебінде  ұсынылған 
«Жетімнің өлеңі» «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты хрестоматияда (1983) «Үлгілі бала» кітабынан 
алынған  етіп  көрсетілген.  Академик  С.Қирабаев  С.Көбеевтің ««Үлгілі  балаға»  енген  бірқатар  төл 
шығармаларын  жетім-жесірлердің  аянышты  тұрмысын  көрсететін  өлеңдер  мен  əңгімелер  деп 
сипаттайды [5]. 
«Осындай қысқа жазылған өнегелі əңгімелермен қатар «Үлгілі бала» кітабында панасыз қалған 
балалардың  өмірін  өте  қайғылы  халде  сыпаттайтын  екі  өлең  бар.  Оның  бірі  «Жетімнің  өлеңі», 
екіншісі «Жетім» деп аталады» [4; 127]. Сонымен, С.Көбеевтің төл туындысы — «Жетімнің өлеңі». 5 
шумақтан тұратын 11 буынды өлең. Өлең қара өлең ұйқасына құрылған. 
Бетіңмен іс істеуге ақылың кем, 
Бой өсіп, жас жетпеген, білмейсің жөн. 
Мал-басың ағайынның талауында, 
Алдамшы осы емес пе дүние деген, 
Көзіңнен жас ағады қан аралас [2; 249]. 
Өлеңде  жыраулар  поэзиясының  əсері  бар.  Риторикалық  сұрақ  заман  келбетін  ашады,  мейірім 
іздеген жас баланың ішкі дүниесінен хабар береді. 
Шөлдесең сусын болар көлдер қайда? 
Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда, 
Қаңғырып, жүдеп-жадап жүргеніңде, 
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда? [2;250]. 
ХХ  ғасырдың 20-жылдарында  бұл  тақырып  М.Əуезовтің  «Жетім»,  С.Дөнентаевтың 
«Көркемтай» əңгімелерінен көрініс тапты. 
Ақынның қара сөзбен жазылған əңгімесі 24 шақты. С.Көбеевтің «Екі соқа» кітабында (1990) төл 
əңгімелері  ретінде 7 əңгімесі  берілген,  олар: «Қайырымды  бала», «Түскі  тамақ  пен  кешкі  тамақ», 
«Атасы мен немересі», «Балалар мен мұғалім», «Өсиет», «Құстың ұясы», «Шал мен балалар». 
Қайырымсыздыққа — қайырымдылық,  аяушылық,  адамшылық,  боссөзділікке — еңбек, 
сенімсіздікке  сенімділік  қарсы  қойылады.  Өз  мінін  білмеушілік,  айлакерлік,  қолдағыны  місе 
тұтпаушылық,  тойымсыздық,  сатқындық,  арамдық,  мақтанқұмарлық  сыналады.  Оқу-білімнің 
артықшылығы, өз ісін жетік білушілік, сөзге тоқтаушылық дəріптеледі. 
С.Көбеевтің өлеңмен жазған мысалдарынан қара сөзбен жазғандарының бір ерекшелігі, бұларда 
бірлік,  ынтымақтық  тақырыбынан  өзгелері  қайталанбайды.  С.Көбеевтің  «Жарлы  мен  бай», 
«Қайырымды  бала», «Атасы  мен  немересі», «Құстың  ұясы»  мысалдары  қайырымдылықтың  үлгісін 
көрсетеді.  Бір  кезде  өзін  таспен  атып  қуған,  кейін  кіріптарлыққа  түскен  байға  кедей  аяушылық 
білдіреді. «Бекер-ақ  бұл  тасты  сақтап  жүрген  екем,  бұл  кісі  бұрын  бай  кезінде  одан  қорқушы  едім, 
енді  бұл  қалпында  аяймын» [2; 252]. Əкесі  берген  ақшаны  қайыршы  шалға  сыйлаған  бала 
(«Қайырымды  бала»),  атасына  жаны  ашып  əке-шешесін  жөнге  салмақ  болған  немере («Атасы  мен 
немересі»), əке сөзінен соң құстың балапанына аяушылық сезімдері оянған балалар («Құстың ұясы») 
бейнелері бар. 
Ең  өзекті  тақырып — еңбек. «Екі  соқа»  əңгімесінде  күні  бойы  еңбек  еткен  соқа  еңбексіз,  бос 
жатқан  соқаға  «егер  сен  де  жұмыс  қылып  михнаттансаң,  мендей  жарқырап  тұрар  едің»  дейді.  Тот 
басқан  соқа  жалқаулығынан  зардап  шегеді.  Балаға  «жалқаулық  адамды  аздырады»  деген  ой 
ұсынылады. «Түскі  тамақ  пен  кешкі  тамақ», «Өсиет»  əңгімелері  астың  дəмді  болуы  еңбекке 
байланысты  екендігін  білдіреді. «Сен  жұмысқа  ерте  шық,  сонда  сен  біреуге  жалынбайсың,  саған 
біреу  жалынады,  жұмыстан  кеш  қайт,  сонда  ішкен  тамағың  тəтті  көрінеді,  əм  бай  боласың» 
(«Өсиет»). 
Еңбектен кейінгі маңызды тақырып — оқу мəселесі. Еңбек еткен адам сияқты оқу білген адам да 
ұтады. «Егер  оқи  білмесеңдер,  кітап  сендерге  неге  керек,  бұл  кітапты  мен  алайын,  қай  бұрын  оқи 
білгеніңе берермін» дейді мұғалім балаларға. Демек «Балалар мен мұғалім» əңгімесінде оқу да, оқу 
көзі — кітап та қастерлі. 
«Аз сөз — алтын, көп сөз — көмір» мақалын «Сауысқан мен қарға» мысалы дəлелдейді. «Көп 
сөйлеген  кісінің  сөзінің  жартысы  өтірік  болады»  деген  қарғаның  мерейі,  əрине,  шықылықтаған 

103 
сауысқаннан үстем. «Қоян мен көлбақалар» мысалындағы «Менен де қорқатын жəндіктер бар екен, 
бекер өлмейін» деген қоян шешімі əр жəндіктің бекер жаралмағандығын аңғартады. Өз тұлғасына, іс-
əрекетіне, мінез-қасиетіне сенімсіздік құптарлық емес. Құптарлығы — тəубаға келушілік. 
Үлкенді құрмет тұту қажеттігі «Шал мен балалар» əңгімесінде еске түсіріледі. Сөзге тоқтау да 
—  басты  қасиет.  Өзін  келемеж  қылған  балаларға  мысқыл  сөзбен  жауап  қайырған  шал  да,  өз 
қателіктерін түсініп ұялыс тапқан балалар да белгілі бір тұжырым жасауға жетелейді. 
Жануарлардың,  аңдардың  бір-бірімен  өзара  айтысы — көне  заман  шығармаларынан,  халық 
ертегі-аңыздарынан  келе  жатқан  үрдіс.  Əр  заттың  өз  орны,  өз  қасиеті  бар.  Əрқайсысы  өз  орнында 
жақсы. «Айтыс»  əңгімесінен  көрінетін  аталмыш  ой  «Қаз»  деп  аталатын  мысалдан  да  қылаң  береді. 
Мақтаншақ  қазға  əтеш  былай  дейді: «Бекер  сен  мақтанасың,  сен  аттай  жүгіре  алмайсың,  балықтай 
жүзе алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың: əр істің басын шатып, жаман білгенше, бір істі тəуір білген 
жақсы емес пе?» [2; 257]. 
Дүниеде  өз  мінін  білмеушілік  жаман. «Қасқыр  мен  қойшылар»  мысалында  «Жазығым 
қоңырлығым ба?» деген қасқырға қойшылар «Сенің жазығың жүніңнің қоңырлығы емес, қой жегенің 
үшін ұрамыз» деп жауап береді. Ал «Құйрықсыз түлкі» мысалында, керісінше, өз мінін жасырмақшы 
болған түлкі əшкереленеді. «Бəріміз  бұдан былай  құйрықсыз  жүрейік» деген ұсынысына  басқалары 
тойтарыс береді. — Егер құйрығың бүтін болса, сен бұлай айтпас едің? 
«Арыстан, есек жəне түлкі», «Түлкі мен қырғауыл» мысалдары зорлыққа да амал, айлаға да айла 
бар екендігін көрсетеді. Олжаны қомағай арыстан ренжімейтіндей етіп бөлген түлкі бұл харакетімен 
өз  басын  арашалайды.  Екінші  мысалда  түлкі  қырғауылға  «жұрттың  бəрі  бір-бірімен  дос  болатын 
көрінеді» дейді. Дей тұра, жақындап қалған ит туралы ести сала қашады. 
«Өз үйірін сатқан орынсыз қалар» деген мақал — «Көгершін мен əтеш» мысалының түйіні. Істің 
мəнін  түсінбеушілік,  ақымақтық  «Қасқыр  мен  кемпір»  мысалында  сыналады.  Кемпірдің  немересін 
«қасқырға беремін» дегеніне сенген қасқыр ойы, расымен, күлкі туғызады. 
Қашан  да  мақтанқұмарлық  іске  зиянын  тигізеді. «Қарға  мен  көлбақа»  мысалында  қарға 
көлбақаның  өзін  мақтағанына  масаттанып  есіреді.  Сөйтіп,  аузындағысынан  айрылады. 
Мақтаншақтық  пен  даңғазалық  екеуі — егіз.  Мəселен, «Кедей  мен  қоян»  мысалындағы  кедей  де 
қолындағысынан  айрылып  қалады. «Мына  қоянды  ұстап  алып,  базарға  апарып  сатып  аламын. 
Тауықтарды  өсіріп  сатып,  алған  ақшама  қой  сатып  аламын.  Қойым  қоздап  өскен  соң,  ат  сатып 
аламын. Бұдан кейін қызметкер жалдап «ей, жалқау, жалқауланбай жүр» деймін» деген кезде қатты 
айқайлап жіберіп, қоян оянып, қашып ағашқа кірді» [2; 258]. 
С.Көбеевтің  кез  келген  туындысынан  оның  ағартушылықты  мақсат  тұтқан  ниетін  айқын 
аңғаруға болады. Жазушының балаларға арнаған мысал өлеңдері мен əңгімелерінің басты нысанасы 
осы  мақсатпен  тығыз  байланысты.  Қаламгердің  бала  психологиясын  жете  меңгергендігін 
аудармалары  да,  төл  туындылары  да  танытады.  Ыбырай  мектебінде  оқыған,  оның  хрестоматиясы 
үлгісімен  еңбек  жазған,  қысқасы,  қазақтың  тұңғыш  ағартушы  ғалымының  жолын  қуған  С.Көбеевті 
балалар  əдебиетінің  анық  қамқоршысы  демеске  еш  негіз  жоқ.  Ильминскийге  арналған  бір  хатында 
(1876, 3 желтоқсан) «Хрестоматияға»  мысалдарды  (басни)  енгізгім  келмейді»  деп  жазған. 
Ы.Алтынсарин шығармашылығынан С.Көбеев еңбегінің ерекшелігі сол, ол қазақ балалар əдебиетіне 
мысал жанрын саналы түрде енгізді, мысалдарды өлеңмен де, қарасөзбен де аударды, бала ұғымына 
лайықтап жазды. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. — 1-т. — Алматы: Қазығұрт, 2007. — 41 б. 
2.  Көбеев С. Орындалған арман. – Алматы: Жазушы, 1988. 
3.  Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. — 2-т. – Алматы: Жазушы, 1986. — 152 б. 
4.  Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті тарихының очеркі. – Алматы: Мектеп, 1965. 
5.  Қирабаев С. Шындық жəне шығарма. – Алматы: Жалын, 1981. — 130 б. 
 
 

104 
ЖУРНАЛИСТИКА  МƏСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ  ЖУРНАЛИСТИКИ 
ƏОЖ 81.2 
Д.Д.Шəкімова 
Қарағанды облысы əкімі жанындағы мемлекеттік жəне  
білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау институты 
ҚАЗАҚ  БАСПАСӨЗІ  ТАРИХЫН  ЗЕРТТЕУШІ  ҚАЙЫРЖАН  БЕКХОЖИН 
В  статье  исследуется  личность  Каиржана  Бекхожина — ученого  (доктора  исторических 
наук),  собравшего  историю  казахского  печатного  слова,  систематизировавшего  и 
разделившего  ее  на  этапы  развития.  Также  упоминаются  авторы,  имена  и  произведения 
которых незаслуженно забыты, и лишь благодаря одной из «первых ласточек» национального 
печатного слова — газете «Дала уалаяты» и Каиржану Бекхожину, его смелости, упорству, 
культурный мир узнал о них. 
In this article is researched the man of the Kаirjan Bekhojin. He is a doctor of the historic science 
history of the Kazakh print words on develop. Also in this article is described history of authors 
names not forget. Thanking one of the national print word in the newspaper «Дала уалаяты» — and 
Kairjan Bekhojin about his know culture piece.
 
 
Бекхожин  Қайыржан  Нұрғожаұлы (1910–1979) — қазақ  баспасөзін  зерттеуші  ғалым,  тарих 
ғылымдарының  докторы. 1965 жылы  Павлодар  қаласында  шаруа  отбасында  туған.  Ол  журналистік 
қызметін 1929 жылы  Павлодар  округтік  «Кеңес  туы», «Колхоз»  газеттеріне  хат-хабар  жазудан 
бастады. 1935–1939 жылдары  Семей  облысы  «Екпінді»  газетінде  істеді. 1942 жылы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінің  журналистика  факультетін  бітірді. 1942–1945 жылдарда  Қостанай 
облысы  «Большевиктік  жол»  газетінің  редакторы, 1945–1947 жылдары  өзі  оқыған  университеттің 
журналистика  факультетінің  аға  оқытушысы,  деканы  болды. 1948 жылдан  журналистика 
кафедрасының  меңгерушісі.  Ол  «Айқап»  журналын  зерттеуде  көп  еңбек  сіңірген  ғалым.  Бекхожин 
60-тан  астам  ғылыми  мақала  мен  «Қазақ  баспасөзінің  даму  жолдары (1860–1930 жылдар)»  атты 
монографиялық кітаптың авторы [1]. 
Ғалымның  жастық  шағы  туралы  оның  туған  інісі  ақиық  ақын  Қалижан  Бекхожин  өзінің 
«Жазушы»  баспасынан 1986 жылы  басылып  шыққан  «Өлең  өткелдері»  деп  аталатын  əдебиет 
хақындағы ойлар, толғаныстар мен естеліктерінде: «Сірə, мен алты жасымда хат таныған шығармын, 
мені əкем сол алты жасар кезімнен ескіше хат тануға баулыды да, жалдамалы молдасымақтарға діни 
оқуға берді. Ал менен үш жас үлкен (мен 1913 жылы дүниеге келіппін) Қайыржанды араб əліппесін 
үйреніп,  хат  білгеннен  кейін,  орыс  мектебінде  оқытты.  Əкем  Қайыржанды  өзінің  жанынан  артық 
көріп: 
Нұрғожа бас жігіттің болған бірі, 
Тарқаған қалам алса көңіл кірі. 
Құдайға қазір алса ризамын, 
Артымда Қайыржаным қалса тірі,— 
деп өлең де арнады. 
Мен жас кезімде осы бір жылы сөзді Қайыржаннан іштей қызғанатын едім. 
Баласына білім, өнер табуды мұрат еткен əкем Қайыржанға былай деп өсиет етеді: 
Кел, балам, ғылым оқы, өнер серік, 
Хақ жолға ықтиятың болсын берік, 
Ізденіп, талпынып бақ көзім барда, 
Мақсұдың ден сау болса тапсын ерік. 

105 
Əкенің бұл өсиетін Қайыржан ақтады, оқып, білім алғанның арқасында, кейін тарих ғылымының 
докторы, ҚазМУ-дың профессоры болды...» [2], — деп жазды. 
Ал,  ғалымның  туған  жеріне  келетін  болсақ,  қазіргі  көзі  тірі  ақсақалдар  мен  Қалижан  ағаның 
қосағы  Зайдахан  апамыздың  айтуларына  қарағанда,  Қайыржан  да,  Қалижан  да  Баянауыл  басында 
туған. Қалижан үш жасқа толған жылы Нұрғожа ақын балаларына жан-жақты білім беру мақсатында 
Павлодар қаласына қоныс аударады. Осыған жəне əкесінің жеке басына байланысты Қалижан ақын 
жоғарыда аталған кітабында: 
«Баянауылдағы балташының баласы Нұрғожаны сонау Троицк қаласындағы Зейнолла имамның 
медресесіне  оқуға  жіберіпті.  Нұрғожаның  жасынан  білімге,  өлеңге  ынтасы  болса  керек,  дəулетті 
ағайындар ескіше хатқа жүйрік Нұрғожаны жібереді. 
Сол  медреседен  кейін  діни  терең  білім  алған  Нұрғожа  кейін  өзінің  бір  өлеңінде: «Ұстаздан 
оқыдым мен семинарияда», —деп мақтанды. Бұл кісі діндəрлігінен гөрі ақындықты тəлім еткен еді. 
Нұрғожа  сол  сөз  өнерімен  бүкіл  Арқаны  аралап,  сонау  Жетісуға,  маман  Тұрысбек  ауылына  дейін 
барғанын  жұртқа  жыр  ғып  айтатын.  Қазанда  өз  кітабын  шығарған  Мəшһүр  Жүсіптей  күрделі  ақын 
болмаса  да  Нұрғожаның  атақты  Ақан  серімен,  сол  Мəшһүр  Жүсіптің  өзімен,  орақ  тілді  Исамен 
қақтығысуына  қарағанда,  кейбір  топас  болыстарды  шенеуіне  қарағанда,  бұл  кісіге  өлең  өнері 
дарығандығы шексіз...» [2,] —деген пікірді көлденең тартады.  
Ендігі əңгімеміз тікелей Қайыржан Бекхожиннің  ғалымдығы  төңірегінде болмақ. Жоғарыда біз 
Қ.Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала, «Қазақ баспасөзінің даму жолдары  (1860–1930 жылдар)» 
атты  монографиялық  кітаптың  авторы  дедік.  Міне,  осы  еңбектерді  жазу  ғалымға  оңайға  түсті  ме? 
Кешегі «қызыл империя» тұсында, халқымызға өткен тарихымызды, оның ішінде сол заманның «көзі, 
құлақ,  үні»  болып  есептелген  баспасөз  тарихын  өз  күйінде  жеткізудің  сəті  түсті  ме,  əлде  өзіндік 
қиыншылықтары болды ма деген сауалдар туындайды. 
Қ.Бекхожин 1949 жылы ең алғаш рет «Дала уəлаяты газеті» («ДУГ») тақырыбына кандидаттық 
диссертация  қорғады.  Бірақ  осы  еңбекке  орай  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің 1951 жылы 15 
қарашасындағы  санында  Б.Қорқытов  пен  Ə.Досбаевтың  «Қазақ  баспасын  зерттеудегі  өрескел 
қателер»  атты  көлемді  мақаласы  жарияланды.  Онда  Б.Кенжебаевтың  «Қазақ  баспасөзі  тарихынан» 
атты кітабы мен Қ.Бекхожиннің жоғарыда аталған «Дала уəлаяты» — қазақтың тұңғыш газеті» деген 
кандидаттық диссертациясы қатты сыналды. 
Бұл кез жалпы қазақтың тарихына, оның əдебиеті мен мəдениетіне жанашырлық көрсетіп, оны 
зерттеуге  бет  бұрған  азаматтардың  ізіне  түсіп,  іздеу  салған,  жағымды  сөз  айтқысы  келген  ғалым-
зерттеушілерге  күйе  жағып,  үйірінен  қуылған  саяқ  жылқыдай  жұрттан  шеттетіп,  шекесіне  нұқуға 
бейім тұратын уақыт болатын. Мəселен, Ж.Сəрсеков өзінің «Тарихи шындық бұрмаланбасын» атты 
мақаласында: «Революциядан бұрынғы қазақ баспасөзінің бəрі дерлік реакцияшыл, байшыл-ұлтшыл 
бағытта  болды,  сондықтан  оны  зерттеудің  қажеті  жоқ»  деген  сыңаржақ  пікірді  ұсынды.  Өкінішке 
орай, арада қырық жылдан астам уақыт өтсе де өткен көлеңкесінен үркіп, əлі күнге дейін 1917 жылы 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  басылымдары  патша  өкіметінің  саясатын  насихаттаудан  аспаған 
немесе  сол  баяғы  байшыл-ұлтшыл,  реакцияшыл  болған  деген  ой-пікірден  асып  кете  алмай  жүрген 
кісілер жоқ емес. 
Сөйтіп, осындай жан-жақты қысымнан соң қос ғалым да өздерінің қазақ баспасөзін зерттеудегі 
«қателіктерін»  мойындауға  мəжбүр  болып,  оны  «түзету»  жолында,  яғни  партия  саясатымен  үндес 
келетін бірізділікке салу үшін, біраз еңбектенген. Соның нəтижесінде Б.Кенжебаев жоғарыда аталған 
кітапшасын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі Совет өкіметі орнау жылдарында» атты пышақтың 
қырындай 12 беттік кітапшасын оқырмандарға ұсынады. 
Бірақ  бұл  қос  ғалымның  майдан  алдындағы  барлау,  қансонар  алдындағы  із  кесу  сияқты 
алдынала  дайындық  жұмыстары  болатын.  Өйткені  арада  біраз  тыныштық  орнап, «жеке  басқа 
табынушылық» пен «ұлттық сарынға қарсы күрес» науқаны саябырси бастағаннан-ақ, іштей бір ортақ 
шешімге келген қос ғалым ғылым майданына білек түре қайтадан араласып кетті. 
Ақыры, 1964 жылы  сол  кездегі  Мемлекеттік  баспасынан  Қ.Бекхожиннің 12 баспа  көлеміндегі 
«Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар)» деген монографиялық кітабы жарық көріп, 
ақ  түйенің  қарны  ақтарылды.  Себебі  бұл  қазақ  баспасөзінің 70 жылдық  тұтас  тарихына  арналған 
тұңғыш  көлемді,  құнды  еңбек  болатын.  Бірақ  автор  алғашқымын  деп  асып-таспады.  Қайта  ол 
кітабының  алғы  сөзінде: «Қазақ  баспасөзінің  бағыт-бағдарына  алғаш  баға  бергендердің  бірі — 
жазушы, академик С.Мұқанов, ол өзінің 1932 жылғы XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» деген кітабында 
қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Е.Смайыловтың 1941 жылғы «Қазақ 
əдебиеті»  деген  оқу  құралында  «Қазақ  ССР  тарихында  (үш  рет  басылуында  да)  Қ.Бейсембаевтың 

106 
1961  жылғы  «Қазақстанда XIX ғасырдың  аяқ  шенінде  жəне XX ғасырдың  басында  болған  саяси-
идеялық  ағымдар»  деген  кітабында  қазақ  баспасөзі  туралы  сөз  болады», — деп  өз  еңбегінің  тақыр 
жерден  шықпағанын  ескерте  отырып,  одан  əрі  «қазақ  баспасөзінің  тарихын  зерттеуге  бұрын-соңды 
басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алекторовтың 
(Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах, Казань, 1900), Сидельниковтың 
(Библиографический  указатель  по  казахскому  устному  творчеству,  вып.1, 1771–1916, Алма-Ата, 
1951),  Сəбитовтың  (Библиографический  указатель  материалов  по  истории  Казахстана,  Алма-Ата, 
1974), «Қазақ  əдебиетінің  библиографиялық  көрсеткіші, 1862–1997, Алматы, 1948), сондай-ақ 
академик  Ə.Марғұлан  мен  профессор  Е.Смайыловтың  басшылығымен  Ү.Сұхбанбердина («Айқап» 
бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар»,  Алматы, 1961, «Қазақтың  революциядан  бұрынғы  мерзімді 
баспасөзіндегі  материалдар»,  Алматы, 1963) құрастырған  библиографиялық  көрсеткіштерді  атап 
көрсетуге  болады»  деген  сияқты  құнды  материалдардың  бастауы  қайда  жатқандығын  көрсетеді  де, 
ақыр  соңында: «Қазақстанда  коммунистік  баспасөздің,  яғни  Қазақ  совет  баспасөзінің  туып,  дами 
бастаған дəуіріндегі қызметін жинақтап, баяндау үшін Т.Амандосовтың («Верныйдағы большевиктік 
тұңғыш  қазақ  газеті», 1959), С.Ималиевтің («Зарождение  коммунистической  печати  в  Казахстане», 
1961), Б.Кенжебаев пен Т.Қожакеевтің («Қазақ совет баспасөзі тарихынан», 1962) кітапшалары жəне 
басқалардың  еңбектері  қосымша  құнды  материал  болғанын  автор  арнайы  атап  өтеді» [4; 6], — деп 
өзінің басқа да ғалым-зерттеушілерге деген ыстық ықыласын білдіреді. 
Еңбек  «Қазақтың  мерзімді  баспасөзінің  пайда  болуы», «Буржуазиялық-демократиялық 
революция  дəуіріндегі  қазақ  баспасөзі (1905–1907 жылдар)», «Қазақ  баспасөзі  революциялық  жаңа 
өрлеу жəне дүниежүзілік империалистік соғыс жылдарында (1910–1917 жылдар)», «Қазақ  баспасөзі 
Ұлы  Октябрь  социалистік  революциясы  жеңуі  жəне  Совет  өкіметін  орнату  үшін  күресте (1917 
жылдың  наурызы — 1918 жылдың  маусымы)», «Қазақ  баспасөзі  шетел  соғыс  интервенциясы  мен 
азамат соғысы дəуірінде (1926–1929 жылдар)» деген басты-басты алты тарауға бөлінген. Ал тараулар 
болса  сол  кездегі  тарихи  кезеңдерге  байланысты  қазақ  баспасөзінің  пайда  болу,  қалыптасу,  даму 
жолдарына орай іштей бірнеше тақырыпшаларға таратылып берілген. 
Мəселен, «Қазақтың  мерзімді  баспасөзінің  пайда  болуы»  деп  аталатын  алғашқы  тарау  іштей 
«Қазақ  публицистикасы  мен  баспасөзінің  негізін  салушылар»  жəне  «Қазақ  тілінде  шығарылған 
алғашқы  газеттер»  деген  екі  тақырыпта  бөлініп  берілген.  Алғашқы  тақырыпта  Ш.Уəлиханов, 
А.Құнанбаевтардың  публицистикалық  мұраларына  терең  талдау  жасалынуы  арқылы  олардың  не 
себепті  қазақ  баспасөзінің  негізін  салушылар  қатарына  жатқызылатындығы  дəлелденсе,  екінші 
тақырыпта  қазақ  тілінде  алғаш  рет  шығарылған  «Түркістан  уəлаятының  газеті»  мен  «Дала 
уəлаятының газеті» туралы тұңғыш батыл пікір айтқан, аз да болса бұл басылымдардың прогресшіл 
жақтарына  баға  беріп,  оның  ресми  емес  бөлімінде  көтерілген  мəселелерге  көңіл  аударған  да, 
Ə.Бөкейхановтың  «Қыр  баласы»  деген  бүркеншік  атпен  халық  ауыз  əдебиеті  хақында  материал 
жариялап, полемика тудырғанын, М.Ж.Көпеевтің, Р.Дүйсенбаевтың жəне тағы басқалардың, ол кезде 
аттары ауызға алына бермейтін ғұламалар туралы дерек беріп, сөз астарына көп мəн беру арқылы бұл 
екі  газеттің  де  халқымыз  үшін  сарқылмас  бұлақ  екендігін  сездіріп  кеткен.  Соның  бір  куəсі  соңғы 
жылдары Ү.Сұхбанбердинаның тікелей маңдай терімен жарыққа шығып, рухани байлығымыздың бір 
белгісіне  айналған  «Дала  уəлаяты  газетінің» 5 томдық  толық  мəтіні  берілген  библиографиялық 
көрсеткіші. 
Екінші  бір  көңіл  аударарлық  мəселе,  кітаптың  үшінші  тарауында  ХХ  ғасырдың  басында  еркін 
ойлы,  бейресми  тұрғыда  шығып  тұрған  демократиялық,  прогресшіл  бағыттағы  «Қазақ»  газеті  мен 
«Айқап» журналына деген автордың өзіндік көзқарасы, ұстанған позициясы. 
«Қазақ» газеті туралы ə дегеннен-ақ, «1910–1914 жылдардағы революциялық қозғалыстың жаңа 
өрлеуі Қазақстан жұмысшылары мен шаруаларына ғана емес, сонымен қатар қазақ арасында жалпы 
демократиялық,  мəдени-ағартушылық  қозғалыстың  жандануына  үлкен  əсер  етті.  Мысалы,  Орда 
қаласында  алдыңғы  қатарлы  қазақ  интеллигенциясы:  мұғалімдері,  дəрігерлері,  т.б.  қызметкерлер 
жасырын  кəсіпшілік  одақ  ұйымдастырды.  Одақтың  көздеген  шаруашылық,  саяси  мақсаты  болды. 
Осы  ұйым  баспахана  сатып  алу  үшін  елден  ақша  жинап,  жиналған  қаржыға  А.И.Щелкованың 
меншікті баспаханасын ашуға көмектеседі. «Екпінді құрылыс» газеті, 1936, 14 маусым (Орал), «Қазақ 
газетінің  алғашқы  нөмірлері  осы  баспаханада  шығарылды. («Труды  Института  философии  и  права 
АН КазССР», 1962, 9-т. 265-б.). Бұл көңіл аударарлық, əлі де жете зерттелуін қажет ететін жайт» [4; 
78, 79] деп бұл басылымға өзінің іш тартатындығын сездірді. 
Бұл  тегіннен  тегін  емес  еді,  əттең,  заман  басқа  болды.  Ғалым  жинаған  мол  мұрасын  еркін 
пайдалана алмады. Сондықтан бүтін дүниені жартыкеш қылып беруге тура келді. Кезінде Е.Бұйрин, 

107 
Ғ.Қаралиев,  Б.Қартаев,  С.Меңдешев  сияқты  авторлары  болған,  жер,  ел  тағдыры,  тарих,  əдебиет, 
мəдениет  күйі,  отарлау  саясаты  туралы  қайсыбір  жайды  ашық  жазуға  дəрмені  барған  басылым 
туралы  «Қазақ»  баспасөзінің  тарихынан  прогресшіл-демократиялық  бағыттағы  газет  ретінде  орын 
алады» [4; 78, 79], деуден артыққа бармады. 
Қ.Бекхожиннің  бұдан  кейінгі  зерттеулерінде  объектісі  «Айқап»  журналы  болып  табылады.  Ол 
бұл  жайында: «Қазақ  халқының  мəдени  өмірінде XX ғасырдың  бас  кезінде  болған  елеулі 
оқиғалардың бірі — «Айқап» журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жəне əдеби 
журналы  болды. «Айқап»  өзінің  сипаты  жөнінен  жалпы  демократиялық  болғанымен,  іс  жүзінде 
Ш.Уəлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе 
жатқан  қазақтың  қоғамдық  ой-пікірінің,  əдебиетінің,  публицистикасының  прогресшілдік  жəне 
демократиялық дəстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды. 
Алайда  бұл  журнал  туралы  əр  түрлі  пікірлер  айтылып  келді.  Кейбіреулер  «Айқап»,  оның 
редакторы М.Сералин орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуына қарсы болды, оның бетінде 
буржуазияшыл-ұлтшыл, панисламшыл элементтердің мақалалары жарияланып отырды, сондықтан да 
ол кертартпа журнал болды деп көрсетті. Бұл пікірлердің қате жəне дұрыс емес екендігін филология 
ғылымдарының  докторы  Б.Кенжебаев  өзінің  монографиясында  дəлелдеді («Қазақ  халқының XX 
ғасыр басындағы демократ-жазушылары», 1958, 89–98-б.). «Айқап» жалпы алғанда демократияшыл, 
ағартушы бағыттағы журнал болды» [4; 86], — деп жаза келіп, «Айқаптың» бірқатар оң істерін дұрыс 
көрсете білген. 
Сөйте тұра кітап авторы бұл арада «Айқап» пен «Қазақ» газетінің арасында жер мəселесі туралы 
болған  айтысқа  дұрыс  баға  бере  алмаған,  əрі  «Айқаптың»  жабылуын: «Буржуазияшыл-ұлтшылдар 
«Қазақ» газетінің мерейін үстем ету үшін «Айқап» журналының соңынан қалмай қуалап, жамандап, 
ақыры оның бұқара алдындағы беделін түсірді. Біздіңше, журналды алдырушылардың азайып кетуіне 
«Қазақ» газетінің кесірі тиген. Көп ұзамай «Қазақ» газеті шын сырын өзі ашты. «Қазақ тілінде шығып 
тұрған бір газет, бір журнал екеуінің бірі жабылып қалған соң, екіншісін күшейтуге көмек етушілер 
болыңқырады» («Қазақ», № 164, 9 қаңтар, 191-б.) — деп, мұртын ширатты [4; 87]. 
Əрине,  бұл  жерде  біздер  үшін  белгілі  себептерге  байланысты  кітап  авторын  кінəлауға  еш 
хақымыз  жоқ.  Қайта  сондай  кезеңде  бұл  басылымдар  туралы  өрелі  ой  айтып,  халықтың  игілігіне 
айналдыруға тырысқандығы үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 
Кітаптың екінші бөлімі «Қазақ совет баспасөзі (1917–1930 жж.)» деп аталады. Мұндағы алғашқы 
көңіл  аударарлық  жай, «Тіршілік»  газетіне  байланысты  материалдар.  Бұл  басылым  туралы  автор: 
«1917  жылдың  күзінде  «Алаш»  партиясы, «Алашорда»  үкіметі,  жер-жерде  оның  комитеттері 
құрылды. «Қазақ»  газеті  алашордашылардың  ресми  газетіне  айналды.  Онда  «Алаш»  партиясының 
бағдармасы  насихатталды. «Алашорда»  автономиясы  дəріптелді,  буржуазиялық  құрылтай 
жиналысына жіберілетін делегаттардың тізімі жарияланды. 
1918  жылы 18 қаңтарда  Орынборды  большевиктер  алғанда  Алашорданың,  оның  газеті 
«Қазақтың»  басшылары  контрреволюцияшыл  атаман  Дутовтың  əскерімен  бірге  қаладан  қашып 
шығып,  Семейге  қарай  жөнелді.  Қазақ»  газеті 1918 жылғы 27(14) ақпандағы  бас  мақаласында 
Орынборда  Совет  өкіметінің  орнағанын  мақұлдаған  бола  отырып,  Ревкомның,  оны  басқарған 
большевиктердің  жүзеге  асыра  бастаған  шараларын  астарлы  пікірлермен  мұқата,  құбыжық  етіп 
көрсетеді.  Сондықтан  да  большевиктер  Орынборды  алғанда  Əліби  Жангелдин  «Қазақ»  газетінің 
Советке қарсы бағытта шыққан нөмірлеріне тыйым салған болатын. 
С.Сейфуллин  айтқандай,  бөкейліктердің  «Ұран»  газеті (1917 жылы  қыркүйектен 1918 жылғы 
мамырға  дейін  Орда  қаласында  шығып  тұрды) «Қазақтың»  ықпалында  болды.  Кейде  газет  қазақ 
халқын  прогресс,  өнерлі  елдер  қатарына  шақырғанымен,  тұрақты  бағыт  ұстай  алмады.  Бұл  кезеңде 
тек  қана  «Тіршілік»  газеті  дұрыс  жолда  болып,  революцияшыл-демократияшыл  бағыт  ұстады.  Ол 
буржуазиялық  ұлтшылдардың  баспасөз  орындарының  кертартпалық,  контрреволюциялық 
əрекеттерін батыл əшкерелеп отырды» [4; 86] — дей келе, дəлел ретінде Сəкен Сейфуллиннің « бұл 
газеттер, «Тіршіліктен»  басқасының  бəрі  бірбеткей  болды.  Бəрі  Орынбордағы  «Қазақ»  газетінің 
ықпалымен  жүрді.  Бəрінің  құлақ  күйін  «Қазақ»  газеті  бұрап  беріп,  нұсқау  беріп  отыратын  болды. 
Бəрінің орталық туы «Қазақ» газеті болды» [5],— деген деректі көлденең тартады. 
Əрине,  бұған  Кеңес  өкіметі  тұсында  бəріміз  имандай  сендік.  Көзіміз  көрмесе  де  «ұлтшыл» 
басылымдарды іштей кінəладық. Өйткені саясат та, басқа да соған имандай сендірді. Бірдеңеге күдік 
келтіруге  болмады.  Бағымызға  орай,  өз  халқының  өткен  тарихын  көрем,  білем  деушілерге  жол  да, 
мүмкіндік  те  ашылды.  Қ.Бекхожин  сияқты  ұлтжанды  ағаларымыздың  қолы  жете  алмағандарын 
зерттеп,  айта  алмай  құса  болып  кеткендерін  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу  біздердің  еншімізге  қалды. 

108 
Жанған  оттай  лапылдап  тұрған  «қызыл  империяның»  қиын-қыстау  жылдарында  бастарын  өлімге 
тігіп,  тарихтың  қойнауын  ақтарып,  шындықтың  түбіне  жетуге  тырысқан  аға  ұрпақтан  біздің  өнеге 
етер үйренер тұстарымыз көп-ақ. 
Бұдан  əрі  автор  кітабында  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру  жəне  өнеркəсіпті 
индустрияландыру  жылдарында  Қазақстанда  шығып  тұрған  «Ауыл  тілі»  жəне  «Жұмысшы» 
газеттеріне  арнайы  тоқталып,  бұл  басылымдардың  сол  кездегі  шаруалар  мен  жұмысшы  кадрларын 
дайындау  жолындағы  игілікті  істерін  дəріптейді.  Мəселен,  кітап  авторы  «Ауыл  тілі»  газеті  туралы: 
«Бұл  газетке  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  С.Мұқанов,  Б.Майлин,  Жақан  Сыздықов,  Қалмақан 
Əбдіқадыров,  Аманғали  Сегізбаев  сияқты  көрнекті  жазушылар  мен  журналистер  белсене  қатысты, 
олар  халыққа  түсінікті  тілмен  қара  сөзбен  де,  өлеңмен  де,  əңгіме,  очерк,  сықақ-фельетон  жазып, 
ескіні сөгіп, жаңаны дəріптеді » [4; 210–211], —деп жазса, «Жұмысшы» газеті хақында: «Жұмысшы» 
газеті 1930 жылға  дейін  шығып  тұрды.  Бұл  уақыттың  ішінде  ол  бұрын  өнеркəсібі  болмаған 
Қазақстанда  жаңа  өнеркісіп  орындарының  көптеп  ашылуына,  онда  қазақ  жұмысшылары  санының 
көбеюіне байланысты олардың мəдени-білім дəрежесінің өсуіне атсалысты. Республикамызда маман 
жұмысшы  кадрларын  даярлауға  қолғабыс  етті.  Сөйтіп,  өзіне  жүктелген  абыройлы  да  зор  сенімді 
толықтай  ақтай  алды» [6] деген  Т.Қожакеевтың  «Жұмысшы,  шаруа  газеттері»  атты  мақаласынан 
үзінді келтіреді. Келесі сөз Ташкентте шыққан қазақ тіліндегі газет-журналдар туралы болмақ. Автор 
еңбегіне 1920–1925 жылдар  аралығында  осында  жарық  көрген  «Ақ  жол»  газеті,  оған  қосымша 
ретінде  шығарылған  тұңғыш  журналы  «Шаншарға»,  сондай-ақ  «Шолпан», «Сана»  журналдары  мен 
«Жас  қайрат»  газетінің  шығу  тарихына  тоқталып,  олардың  əрқайсына  өз  кезеңінің  биігінен 
объективті түрде баға беруге тырысады. 
Өкінішке  орай,  Қ.Бекхожиннің  «Қазақ  баспасөзі  тарихының  очеркі»  деп  аталатын  екінші  бір 
монографиялық еңбегі өзі қайтыс болып кеткеннен соң, 1981 жылы  «Мектеп» баспасынан 13 баспа 
табақ  көлемінде  толықтырылып,  қайта  басылып  шықты.  Бұл  монографияда  біздің  назарымызды 
аударған, «Қазақстан» баспасөзі соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезінде (1945–1958)» деп аталатын 
соңғы екі тарау болды. 
Алғашқы тарауда Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ баспасөзінің жеңіске қосқан өзіндік үлесі 
мен  қазақ  тіліндегі  майдандық  газеттер  туралы  егжей-тегжейлі  мəліметтер  береді.  Мəселен,  ол: 
«Қазақ тілінде шығарылған майдандық газеттер қазақ баспасөзінің тарихынан елеулі орын алады. Бұл 
газеттерді  шығару  ісін  Ахмет  Елшібеков,  Үмітбай  Балқашев,  Қасым  Шəріпов,  Əбу  Сəрсенбаев, 
Қалмақан  Əбдіқадыров,  Жұбан  Молдағалиев,  Əнуар  Ишмағанбетов,  Құрманбек  Сағындықов,  Мұса 
Дінішев,  Төлеутай  Ақшолақов,  Сағынғали  Сейітов,  Жекен  Жұмақанов,  Зейнолла  Тұрарбеков, 
Əбдірашит  Бектемісов,  Мұзафар  Əлімбаев,  Қалижан  Бекхожин  сияқты  жауынгер  журналистер  мен 
жазушылар,  редактор,  газет  қызметкерлері,  тілшілер  болып  қатысты.  Міне,  осылар  үлкен 
жазушыларымызбен  қатар  қазақ  баспасөзінің  тарихында  тұңғыш  рет  əскери  очерк  жанрын 
қалыптастырды,  орнықтырды.  Олар  жалынды  сөздерімен  жауынгерлердің  жүрегіне  жол  тапты» [7], 
— деп майдангер-журналистердің еңбектерін жоғары бағалады. 
Ал,  бұл  кітаптың  соңғы 11-тарауында  болса  соғыстан  кейінгі  бесжылдықтар  кезеңіндегі  қазақ 
баспасөзінің өткен жолына, тындырған істеріне шолу жасалып, баға беріледі. 
Дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түсіріп 
отырмаған  ескерткіштерінің  бірі  Қазан  төңкерісінен  бұрынғы  газет-журналдарда  халықтың  өз 
тұсында болған саяси, шаруашылық, мəдени тұрмыстарын кеңінен қамтитын нақтылы деректер деуге 
болады.  Ғылыми  маңыздылығы  жағынан  бұл  нұсқаларды  мұрағат  қазынасымен  салыстыра  аламыз. 
Қиын-қыстау заманда қыруар қиындықпен дүниеге келген библиографиялық көрсеткіштермен қатар, 
қазақтың  Қазан  төңкерісінен  бұрынғы  газет-журналдардың  тарихына,  шығарушы  редакторларына 
арнап  азды-көпті  ғылыми  еңбектерде  жарық  көріпті,  олардың  ішінде  Б.Кенжебаевтың, 
Қ.Бейсембиевтің,  Ə.Жиреншиннің,  Т.Кəкімовтың,  З.Тұрарбековтың,  Б.Əбілқасымовтың,  С.Зима-
новтың, Қ.Идрисовтың, З.Бейсенғалиевтың, тағы басқаларының зерттеулерін ерекше атаған жөн. 
Төңкерістен  бұрын  жарық  көрген  қазақ  кітаптары,  газет-журналдардың  басым  көпшілігі 
құртылып,  жойылып  кеткендіктен  жəне  Қазақстандағы  кітапхана  кадрлары  мен  мұрағаттарындағы 
түгел  сақталмағандықтан,  Қ.Бекхожинге  бұл  жұмыс  ауыр  соғады.  Қазақ  газеттерінің  көпшілігі  ескі 
хадімше  басылғаны  белгілі,  араб  əрпінде  ежіктеп  оқи  алатын  Қ.Бекхожин  үшін  бұл  жай  қиындық 
туғызған жоқ. 
Əрбір  жаңалықтың  ескіден  туатынын  есте  ұстасақ,  тарихи  мəдени  тұрғыдан  келгенде  Қазан 
төңкерісінен  бұрынғы  газет-журнал  беттерінде  басылған  мұраларымызды  қайта  жаңғыртудың, 
жариялаудың  ғылым  қорын  байыту  үшін  маңызы  өте  зор.  Ол  мұраларымыздың  көпшілігі  ғылым 

109 
айналымына  түспеген  материалдар  болуымен  қатар,  қазақ  елінің  бұдан  жүз  жыл  бұрынғы  саяси-
əлеуметтік,  тарихи-қоғамдық  ахуалын,  шаруашылығын,  мəдени  тіршілігін  кеңінен  қамтитын, 
солардың  нақты  деректері  деуге  болады.  Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін  ғана  бұл  жұмысқа  қайта 
оралып, жинақтарын, шежірелерін дайындап шығуға мүмкіндік туды. 
40  жылдай  қапаста  жатқан  «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа»  газеттерінің  библиографиясын 1993 
жылы  Үшкілтай  Сұбханбердина  «Ғылым»  баспасынан  басып  шығарды [8]. 1989–1994 жылдар 
арасында  «Дала  уəлаяты  газетінің»  төрт  жинағы  да  сол  «Ғылым»  баспасынан  басылып  шықты. 
Көлемі 150 б.т. [9]. 1995 жылы  Қазақ  энциклопедиясының  «Айқап»  журналының  жинағы  жарық 
көрді [9]. 
«Дала  уəлаяты  газетіне»  арналған  бес  кітапты  өзі  дүниеге  əкелген  жоқ.  Газет  жергілікті 
отаршылдық-əкімшілік  органдардың  ресми  ұйымы  бола  тұрса  да  халықты  отырықшылыққа,  өнер-
білімге,  мəдениетке  шақыруда  үлкен  рол  атқарды. «ДУГ»  дүниеге  келуі  қазақ  халқының  өміріндегі 
елеулі оқиға болды. 
Əрине,  бұл  да  еліміз  егемендікке  қолы  жеткен  соң  ғана  дүниеге  келген  еңбектердің  бірі  екені 
белгілі. 
Алғашқы  қазақ  баспасөзі  бетінде  қазақ  тілінде  бұрын  болмаған  қоғамдық-публицистикалық, 
ресми  іс  қағаздары  стильдері  қалыптасты,  ғылыми  стильдің  негізі  қаланды,  аударма  тəжірибесінің 
алғашқы  қадамы  жасалынды,  араб  графикасына  негізделген  қазақ  жазбасында  бірінші  рет  тыныс 
белгілер қолданылды. 
Ұлттық  баспасөзіміздің  қарлығаштарының  бірі  «Дала  уалаяты  газетінің»  дүниеге  келуі  қазақ 
халқының  өткен  ғасырдағы  мəдени  өміріндегі  елеулі  оқиға  болды. «Дала  уəлаяты  газетінде» 
басылған шығармаларында қазақ өмірінің барлық күрделі құбылыстары мен уақиғалары толық, тұтас 
қамтылмаса  да,  қазақ  халқының  тарихында  болған  ұлы  өзгерістер  де,  халық  өмірінің  жеке-жеке 
суреттері де алғаш баспасөз бетіне түсіп, ұлт əдебиеті мен мəдениетінің негізін қалауға көмектесті. 
Онда басылған шығармалардың ішінен ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан 
қазақтың ауыз əдебиетінің нұсқалары, онымен көршілес бірге жасасып, əсер ықпалын тигізіп отырған 
шығыс əдебиетінің нұсқаларын көреміз. 
Бұл  шығармалар  уақытында  өте  маңызды  болуымен  қатар,  сол  кездегі  қазақ  əдебиетіне  жаңа 
ағын,  жаңа  түр,  жанрлардың  бастамасын  ала  келді.  Мұнда  қазақ  өмірінің  əрбір  көрініс  кезеңін  сол 
заманына  сай бейнелеумен  қатар  өмірді  реалистік  тұрғыдан  суреттеп, ескіні  сынап,  жаңаға  бой  ұру 
талабы да байқалады. 
Əрине,  бұлар  қазақ  əдебиетіндегі  алғашқы  адым  болғандықтан,  кейбір  аз-кем  кемшілік 
болғанына қарамастан, кейінгі əдебиетке игі əсерін тигізді. 
Қорытып  айтар  болсақ,  Қ.Бекхожин  бүкіл  ғұмырын  қазақ  баспасөзінің  тарихын  зерттеуге 
жұмсаған  азамат.  Рас,  замана  ырқынан  аса  алмай  көп  тұста  күмілжіңкіреп,  кей  сəтте  тіпті  өз 
жүрегінен  шықпаған  пікірді  тықпалап  отырғаны  да  сезіліп  тұрады.  Қайыржан  Бекхожиннің  жеке 
басын,  оның  адамгершілігін,  кісілік  келбетін  өлгенше  ұлты,  халқы  үшін  адал  қызмет-етуге  əлгідей 
өкіметтің  өкілінен  шыға  алмай  лажсыз  айтқан  өкінішті  пікірлерінің  өзіне  кешіріммен  қарайды. 
Өйткені уақыт, заман солай болды. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Сұхбанбердина Ү., Дəуітов С. Айқап. — Алматы, 1995. — 295-б 
2.  Бекхожин Қ. Өлең өткелдері. — Алматы: Жазушы, 1986. — 8-б. 
3.  Əдебиет жəне искусство. — 1954. — № 7. — 8-б. 
4.  Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар). — Алматы, 1964. 
5.  Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. — Алматы, 1960. — 66-б. 
6.  Жамбыл облыстық «Коммунизм таңы» газеті.— 1958. 
7.  Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. — Алматы, 1981. — 215-б. 
8.  Сұхбанбердина Ү., Қирабаев С. Қазақ. Алаш. Сарыарқа: Мазмұндаған библиографиялық көрсеткіш. — Алматы, 1993. 
9.  Сұхбанбердина Ү. Дала уалаятының газеті. Əдеби нұсқалар. — Алматы, 1995. 
10.  Сұхбанбердина Ү., Дəуітов С. / Бас ред. Р.Н. Нұрғалиева // Айқап. — Алматы, 1995. 

110 
АВТОРЛАР  ТУРАЛЫ  МƏЛІМЕТТЕР 
СВЕДЕНИЯ  ОБ  АВТОРАХ 
Абишева К.М. — доктор филологических наук профессор Университета «Туран-Астана», Астана. 
Ақажанова А.А. — ассистент, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана. 
Əбдуов М.І. — филология факультетінің деканы филол. ғыл. д-ры, профессор, Е.А.Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік университеті. 
Əбілқасов  Ғ.Ж. — қазақ  əдебиеті  кафедрасының  ізденушісі,  Ш.Ш.Уəлиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік университеті. 
Бекбанова Ж.Р. — аспирант  кафедры  классической  и  русской  филологии,  Карагандинский 
государственный университет. имени Е.А.Букетова. 
Жолданова  Д.  —  қазақ  əдебиеті  кафедрасының  магистранты,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік университеті. 
Жұмағұлов  С.Б. — қазақ  əдебиеті  кафедрасының  доценті  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 
Кəрібаева С.Е. — аспирант, оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана. 
Кенжебекова Ж.А. — қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы, Е.А.Бөкетов 
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 
Күлейменова  Қ. — қазақ  əдебиеті  кафедрасының  магистранты,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік университеті. 
Кусанова Б.Х. — Актюбинский университет им. С.Баишева. 
Құсайынова  Ж.А. — филология  ғылымдарының  кандидаты,  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университеті, Астана. 
Мирсанов  Г. — преподаватель  кафедры  истории  и  грамматики  английского  языка,  Самаркандский 
государственный институт иностранных языков, Узбекистан. 
Мостовая  М.Н. — преподаватель  кафедры  «Немецкая  филология  и  перевод»,  Инновационный 
Евразийский университет, Павлодар. 
Мынбаев Н.Ж. — ведущий научный сотрудник НИЦ «Тюркология», Южно-Казахстанский государ-
ственный университет им. М.Ауэзова, Шымкент. 
Насыритдинова  Ə. — ассистент,  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті, 
Астана. 
Оспанова М.Б. — преподаватель, Медицинская академия, Астана. 
Рүстемова  Ж.А. — қазақ  əдебиеті  кафедрасының  доценті  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 
Сəтеева  Б.  —  қазақ  əдебиеті  кафедрасының  магистранты,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік университеті. 
Смағұлов  Ж.Қ. — филол.  ғыл.  канд.,  доцент,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университеті. 
Смайылов  Б.—  қазақ  əдебиеті  кафедрасының  магистранты,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік университеті. 
Танабаева  Г.Т.  —  аспирант,  М.О.Əуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті, 
Шымкент. 

111 
Тілеубердина Г.Т. — қазақ əдебиеті кафедрасының ізденушісі, оқытушы, Ш.Ш.Уəлиханов атындағы 
Көкшетау мемлекеттік университеті. 
Уринбаева  Д. — кандидат  филологических  наук  главный  ученый  секретарь  Самаркандского 
отделения Академии наук Республики Узбекистан. 
Шəкімова Д.Д. — аға  оқытушы, Қарағанды  облысы  əкімі  жанындағы  мемлекеттік  жəне  білім беру 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау институты. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Правила оформления статей 
 
Для публикации в «Вестник Карагандинского университета» принимаются ста-
тьи на казахском, русском и английском языках, содержащие результаты научных и 
научно-методических работ в области естественных и гуманитарных наук, посвящен-
ные проблемам высшего образования, а также материалы, отражающие деятельность 
различных структурных подразделений университета. 
Объем  статьи  не  должен  превышать 10 страниц  текста,  набранного  на  компь-
ютере (редактор Microsoft Word). В издательство необходимо представлять дискету с 
работой и распечатку. 
В  таблицах,  рисунках,  формулах  не  должно  быть  разночтений  в  обозначении 
символов,  знаков.  Ссылки  в  работе  на  литературу  должны  соответствовать  библио-
графическому списку, данному в конце статьи; выходные сведения приводимой лите-
ратуры должны быть оформлены в соответствии с требованиями ГОСТа. 
Представляемая  статья  должна  содержать  УДК  и  аннотацию  на  казахском  (или 
русском) и английском языках. Отдельно необходимо указать сведения об авторах — 
Ф.И.О. (полностью), домашний адрес, телефон, должность, ученую степень, место ра-
боты, город. Статья должна быть подписана всеми авторами.  
 
 
Более  подробная  информация  о  параметрах  страницы,  размере  шрифта,  распо-
ложении таблиц, рисунков, подрисуночных подписях, формулах, списке литературы 
находится в файле Требования к Вестнику.doc, который Вы можете получить, обра-
тившись по адресу izd_kargu@mail.ru, или у ответственных секретарей серий. 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет