15 дәрістің тақырыбы: Қабілет Дәрістің мазмұны



жүктеу 19.06 Kb.
Дата26.05.2022
өлшемі19.06 Kb.
#20249
15 дәріс

15 дәрістің тақырыбы: Қабілет
Дәрістің мазмұны:
1. Қабілет туралы түсінік
2. Жалпы жәнеарнайы қабілеттер
3. Адамның жалпы қабілеттерінің диагностикасы

Қабілет іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы қажет.


Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс - әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемсіздік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады. Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады. Нышан қабілетінің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі.
Қабілеттің қандай түрі болмасын еңбектен туындайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр – қайрат, алғыр қиял т.б) тығыз байланысты. Қабілеттілікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол қабілеттің алғашқы белгісі.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі.
Қабілеттің жоғары деңгейінде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты ісіне нәтижелі орындауындағы қабілетінің біршама қасиеттерінің өзара байланысы. Адам қабілетіндегі дарындылық тек талант одан әрі дамып, данышпандық қасиет тудырады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.
Интеллект.
Адамның ақыл-ой қабілеті, ерекшеліктері негізгі құрылымы ойлаудың (анализіне) анализдік қызметі.
Интеллект дегеніміз адамның барлық мәселелерді шешу барысындағы ақыл-ой қабілеті.
Интеллектуальді белсенділік күнделікті өмір жағдайына адамның бейімделу тәсілі.
Интеллект желілерінің бірнеше комбинациялық бірлігі бар, шамамен 120 вариант, олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:
Нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде)
Абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер, т.б. сүйену арқылы)
Потенцияльды интеллект (туғаннан адамның ойлау әрекетіне қабілеттілігі)
Жүре пайда болған интеллект (приобретенн. интеллект) күнделікті өмірде білім, дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.
Интеллект дамуы. Интелект дамуы басқада психикалық процесстер сияқты негізгі екі формаға байланысты дамиды. 1. тұқым қуалаушылық; 2.айнала қоршаған ортаның әсері.
Дарындылық бұл жүйелі өмір бойы дамитын басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше әрекеттің түрлерінде өте жоғары айрықша жетістіктерге жететін адамның мүмкіншілігін анықтайтын психиканың қасиеті.Дарынды бала- сол немесе басқа әрекеттің түрімен айқын, ашық кейде керемет жетістіктермен көрінетін бала.
Дарынды балалардың мінез- құлқындағы дарындылық белгісі 2 аспектіде қарастырылады:
-инстументалды
-мотивациялық
Инструменталды- бұл оның іс-әрекетінің әдіс- тәсілдерін сипатттайды.
Мотивациялық- іс- әрекеттің ақиқаттылығының сол және басқа жақтарына қатынасын сипаттайды.
Дарындылық белгісінің инструменталды мінез- құлық аспектісі мына белгілермен сипаттайды:
-әр істі ерекше орындау
-өз ісін өзі басқару алу
-зерттеп отырған объектіні басқара алу және соны басқа заттармен жүйелі түрде байланыстыра алуы.
-Ерекше және жеңіл, тез білімді қабылдай алуы.
Мотивациялық аспект мына белгілермен сипатталады:
*белгілі бір нәрселерге жоғары талап қою, сезімталдықпен қарау.
*білімге және белгілі бір іс-әрекеттің түріне анық қызығушылық тудырып отыруы.
*білімге деген жоғары таным қажеттіліктері.
*әрбір ақпаратқа қарама- қайшылық көзқараста тез табу.
Интеллектке жүргізілген тест қорытындысы адамның бөлігі жоғары дарынды екенін анықтады. Жоғары дарындығы әр түрлі тест жүргізу арқылы ақыл-ой даму деңгейін анықтауға болады. Оны интеллектілік коэффициент деп атайды.
160-180 балл жинағандар жоғары интеллектлі болып саналады. 180-нен жоғары болса, ерекше дарынды деп атайды. АҚШ-тың білім беру орталығы жеке тұлға мынадай дарындылықтарға байланысты ажыратылатынын анықтады:
1. Психомоторлық;
2. Интеллектуалдық;
3. Шығармашылық;
4. Академиялық;
5. Әлеуметтік;
6. Рухани.

Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері»


Дәріс басталар алдында қолданамыз. Студенттер үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
Әдістер: SWOT - талдау
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
жүктеу 19.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет