15 апреля в зкгу им. Махамбета Утемисова прошло ежегодное распределение выпускников



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата17.01.2017
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мөлдір Латифова,

«ФҚТ», 02305-топ

Қыз – ұлт ұяты

Ќўр ажардан не пайда,

ќызда аќыл болмаса?!

«Армансыз  адам – ормансыз  бұлбұл». 

Армансыз  адамның  адымы  алға  басып,  жүрісі 

жылжи  қоймасы  белгілі.  Көңіл  тереземіз  көңілсіз 

һəм  көлеңкелі  жақта  болса  да  арман  бізді 

адастырмайтын. Қашан да сол арманның жетегінде, 

сол арманның құшағында тербеліп келешекке нық 

баса келетінбіз. Бала кезімізде көрші баланың ала 

добына  қолымыз  жетсе  екен  деп  тіледік,  есейе 

келе, белгілі бір маман иесі болсақ дедік, ал есейіп 

ер  жеткен  соң,  артымызда  қол  бұлғап  қалған 

балалығымыздағы арманға біржола қайшы, кереғар 

армандар ойымызда туып жатты. Қалай? Қандай? 

Ол енді əркімнің өз санасында, ой түйсігінде.

Сіздермен балалық арманыммен, сол арманның 

жолындағы  іс-əрекетіммен  бөліскім  келеді.  Он 

жылдан  кейін  кім  боламын  деген  мазасыз  ойымды 

ақтарғым  келеді.  Мен  он  жылдан  кейін  кім  болам? 

Мен он жылдан кейін қазақтың мүддесін ойлайтын, 

Махамбетше  айтсам, "қара  қазан  мен  сары  бала" 

қамы  үшін  атқа  қонатын,  қарындас  үшін  қылышын 

көтеріп, ата-анасы үшін айбалтасын қолына алатын 

азамат  болғым  келеді.  Білемін,  сіз  мені  бейшараға 

теңеп,  күлерсіз.  Күліңіз!  Осылай  талайлар  күлген. 

Талайлар күліп жүріп, қу тізесін құшақтаған. Адам іске 

көшпестен  бұрын  ойлауы  керек.  Қазақ  үшін  қанын 

төккен  Қайрат  та  осылай  армандаған,  Айға  ұшқан 

Айдын Айымбетов ағамыз да осылай ойлаған. Олар 

ойлады,  іске  асырды.  Арман!  Патриот!  Он  жылдан 

кейін  өмірім  қазіргіден  əлдеқайда  бөлек  боларына 

сенем.  Қасымда  аяулы  жарым,  жалынды  ұл-

қызым, ардақты ата-анам болып, солардың тіреуіне 

айналып, мамандығымның білікті иесі болғым келеді. 

Он  жылдығымның  алғашқы  жылдарында  мен 

жоғары  оқу  орнын  жақсы  аяқтап,  қалалық  жерде 

жұмысқа орналыстым. Мектебім қаладағы көп көзге 

түсе  бермейтін,  қатардағы  мектеп.  Білім  ошағына 

құдіретті  күш,  жалын  жүректің  иесі  болып  келдім. 

Үстімде  ата-анамның  қаржысына  алынған  ең 

соңғы  костюм,  қолымда  сөмке.  Мектепке  келдім, 

бəрі  қуанып  қарсы  алды,  оқушылар,  мұғалімдер, 

мектеп  қызметкерлері,  тек  бір-екілі  əріптестерім 

қызғанышпен күмəнмен қарап тұр. Алғашқы күннен 

өзімді мектепке бейімдедім, мектеп мені тəрбиеледі. 

Қызметіме  кірісіп,  сабағымды  жоғары  дəрежеде 

өткізіп алғашқы сəттен бастап бəрін таң қалдырдым.  

Оқушыларды  бірізділікке,  білімге  баулыдым.  Əлі 

күліп отырмысыз?!

Жылжып  жылдар  өтті.  Бақандай  бес  жыл. 

Қарапайым  мұғалімнен  мектеп  директорының 

орынбасарлығына  көтерілдім.  Шынайы  еңбегіммен. 

Көп  қиналдым,  көп  сүріндім.  Тəрбие  жөніндегі 

орынбасарлық жұмыста көптеген қиындықтар кездесті. 

Ессіз  балалар,  ерке  мінездер!  Бетімен  кеткендерді 

жеке  қабылдап,  сөйлесіп,  өмірге  көзқарастарын 

өзгерттім.  Бір  кезде  тентектік  құрған  балалар  білімге 

бет  бұрды.  Қаншама  баланың  тəрбиенің  арқасында 

білімге,  өнерге  құлшынысы  оянды. "Тəрбиесіз  білім 

– адамзаттың қас жауы" деген осы. Мен əр баланың 

санасына "Сендер елдің ертеңісіңдер, келешегісіңдер, 

мəңгілік елдің мəңгі ұрпағысындар!" деген ой тастадым. 

Шəкірттеріммен  досымдай  сырластым.  Кейіннен 

шəкірттерім  көп  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Қуандым. 

Əлі күліп отырмағайсыз?!

Арманымның  тоғызыншы  жылында  менің 

жеке  кітабым  жарық  көрді.  Оған  дейін  шыққан 

жинақтарыма  мен  риза  емес  ем...  Бұл-нағыз 

еңбектің жемісі. Жазушылар одағының оң бағасын 

алған  кітабым  көп  сұранысқа  ие  болды.  Жастар 

іздеп  оқыды.  Өйткені  ол  шынайы  шындық  күйінде 

жазылды.  Шығармашылық  кешімде  кітабымның 

тұсауы  кесілді.  Шəкірттерім  жырын  арнап,  өзім 

тəрбиелеген шəкірттер өлеңімді жатқа оқып жатты. 

Мен дəн риза болдым...

Арманымның оныншы сатысында мен жоғары 

жетістікке қол жеткіздім. Кеудеме тағылған медаль 

жүрегіме  қуаныш  сыйлады.  Мектеп  директоры 

болып  тағайындалдым.  Шығармашылығым  одан 

сайын  шындалып,  ұл-қызымның  мақтанышы, 

жарымның 

арқасүйері 

болдым. 


Мойныма 

түскен  ауыр  жүкті  арқалап,  өз  ісімді  абыроймен 

орындадым.  Мектебім  ауданнан  мадақталып, 

облыс көлеміне танылып, республикаға аты шықты. 

Оқушыларым  ғылыми  конференциядан,  пəндік 

олимпиададан,  спорттық,  мəдени  шаралардан  

жоғары  жетістіктермен  оралып  жатты.  Өзімнің 

ақын шəкірттерімнің алғашқы жинақтары да шығып 

жатты.  Қуанышымда  шек  болмады.  Талабым 

таудай  екендігіне  көбінің  көзі  жетті.  Соңымнан 

орынсыз өсек те ерді, мадақтаулар да қоса жүрді. 

Мойымадым.  Қайта  шыңдалдым!  Адал  еңбегім 

бағасыз қалмады. Үнемі санамнан ғалым  Ақселеу 

Сейдімбек  ағаның  "Менің  əмиянымның  жұқалығы 

–  арымның  тазалығы"  деген  дана  сөзі  кетпей 

қойды. Тек жақсы жағынын көрініп Елбасының ұлт 

жоспарын  дамытудағы  қадамдарына  өзімше  бай 

үлес  қостым.  Сіз  əлі  күліп  отырмағайсыз?!  Маған 

күлемін  деп  өзіңіздің  ауылдық  жерде  құрылысшы 

болып  қалғаныңызды  сезбей  қалдыңыз.  Сіз  енді 

ес  жиа  бастағанда,  мен  келесі  он  жылдығымның 

арманын құра бастадым. Қазақта «Ақылды данадан 

сұра,  дана  рұқсат  етсе,  баладан  сұра»  деген  бар. 

Бала  болып  бас  болсам,  несі  айып?!  Ендеше, 

ойланайық, жас дос! Еліміз бізге үміт артып отыр... 

Келешек біздің қолымызда!



Меңдібек Лұқбанов,

«ҚТƏ», 02301-топ

Ой-толғау

Он жылдан кейін кім болам?



«Журналист» («Journalist») жаршысының жауапты редакторы – Мөлдір Латифова 

(«ФҚТ», 02305-топ). Кеңесшісі – А.С. Қыдыршаев, Қазақстан Республикасы Журналистер 

одағының мүшесі.

Балғын 


бала 

шағымның, 

жарқын 

жастығымның  куəсі – Туған  жерім!  Саған 



деген  шексіз  сезімімді  жылдап  жырласам 

да  тауыса  алмасым  анық.  Жүруге  талпынып 

құлағанда, 

тіземді 


сүйген 

топырағыңды, 

қиялдап  болашаққа  қанат  қақсам,  армандап 

аралар  тау-тасыңды,  шөліркесем  жанымның 

шөлін  басар  мөлдір  суыңды  сүймеймін  десем, 

жалған  сөйлегендігім  болар!  Білектей  қос 

бұрымымды  өпкен  самал  желіңді  еркін  жұту, 

өзгеге  тəуелді  болып  жалтақтамау  неткен 

бақыт!  Рухты бабаларымның қанымен, қайсар 

батырларымның  шыбын  жанымен,  аяулы 

аналарымның  көз  жасымен  жеткен  бұл  мекен 

бізге – Аманат.  Туған  жер – Тағдырымыз.  Ал, 

тағдырымызды  талан-таражға  салмай  ұрпаққа 

жеткізу – біздің парызымыз. Жаратқаным туған 

топырағымызда  өзгелердің  тайраңдауынан, 

жан-жақтан  сұқтанған  суық  көздерден,  арам 

пиғыл  мен  қара  ниеттілерден,  бүлік  салып 

бүлдіретіндерден,  Отанымызды  от  пен  оқтан 

сақтай  гөр!  Бірлігіміз  бен  берекемізден  айыра 

көрме!


Жаратқан, сақташы, елімді 

Ібілістен, арам ойын асырған,

Жамандардан арам ойын жасырған.

Сұғанақ көз, тосын келген еліме,

Дауылдар мен жасыннан.

Тағдырымды талқан етпе, Тəңірім!

Қашан да сенің биік тұрады қадірің,

Бірлігін бұзба, тыныштық болсын жерімде,

Жүрсінші, Аллам, əмірің!

Қорған болсын қазаққа қазақ қана,

Онсыз да халқым менің аз-ақ қана,

Қыздарың күң, ұлдарың құл болмасын,

Тілегім осы-ақ қана!

Мөлдір Серікқалиева,

«ФҚТ» мамандығы, 02305-топ

Перзент тілегі

Туєан жерім – тірегім

Настоящий мастер своего дела следит за ходом беседы, как рыбак за течением реки и не 

задерживается там, где нельзя ожидать улова.



Р. Стивенсон, шотланд жазушысы, ақын

Көл  ағысын  бақылай  отырып,  қай  жерде  балық  аулау  тиімсіздігін  сезсе,  сол  тұсқа  көп 

тұрақтамайтын балықшы іспеттес, өз ісінің хас шебері əңгіме барысын жіті бағдарламақ.

Аударған, əзірлеген: А.С. Қыдыршаев, п.ғ.д., профессор

Ынталы жүрекке

Ойлы сґзге їѕілсек...



16

16

№4 (919) 30 сəуір 2016 жыл



 

 

 

ҚОЛЖАЗБАЛАР АВТОРЛАРЫНА КЕРІ ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІҢ ДƏЛДІГІ ҮШІН АВТОР ЖАУАПТЫ. ЖАРИЯЛАНЫМ АВТОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ.

 

 

  



 

 

 



 

 

Мекен-жайымыз:

 090006, Орал қ., Достық даңғылы, 162, тел.: 50-94-45. Біздің сайт: www. wksu.kz, e-mail: orken@wksu.kz 

 

  

 

 



 

 

Салауатты 



өмір 

салтын 


қалыптастыру, 

спортты  дамыту  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы 

Назарбаевтың  салиқалы  саясатының  басты 

бағыттарының  бірі.  Кешегі  Жолдауда  да  спортты 

дамытуды баса атап көрсетті.

Ел  басшысы  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан 

Республикасы  халқына  арналған  бұқаралық 

спортты  дамыту  «Қазақстан - 2050» халықтың 

денсаулығын  жақсарту  бағдарламасын  жүзеге 

асыру  мақсатында,  кең  байтақ  егеменді  еліміздің 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 

бой  көтерген, 80 жылдық  тарихы  бар,  əлемге 

əйгілі  Қарашығанақ  кен  орны  орналасқан  Бөрлі 

ауданының  орталығы  Ақсай  қаласында 14-16 

наурыз  аралығында  өткелі  отырған  гір  спортынан 

жасөспірімдер мен жастар, қыздар жəне ардагерлер 

арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 

үш  күн  бойы,  бұрын-соңды  болмаған,  жарыс 

мерекесін  дүркіретіп  өткізді.  Жарыстың  жоғарғы 

деңгейде  өтуіне  ұйымдастырушылар  бар  күшін 

салып  бақты.  Жарысты  ұйымдастыру  мен  өткізуді 

Батыс  Қазақстан  облысының  дене  шынықтыру 

жəне  спорт  басқармасы  мен  қол  күресі  жəне  гір 

спорты федерациясы президенті, Бөрлі ауданының 

əкімдігі  қолға  алып,  демеушілер  тарапынан 

көмек  көрсетілді.  Атап  айтар  болсақ, «Автомаг» 

компаниясының  басқармасы – (бастығы  Эдгар 

Жақсылықұлы  Галиев), «Өрнек  Ақсай» - (бастығы 

Ерік  Сембіұлы  Исалиев),  магазин  «Байтерек» 

- (бастығы  Нұрбек  Серібайұлы  Омаров)  секілді 

азаматтар  жəне  аудан  əкімшілігі  (аудан  əкімі 

Марат  Бақтығалиұлы  Түсіпқалиев)  көп  еңбек 

сіңірді,  елдігімізді  көрсетуімізге  бар  күш-жігерін 

салды.  Сонымен  қатар,  келген  командаларды 

үйлеріне  қонақ  қылған  жекелеген  азаматтар  да 

болды,  аудан  мерейін  асыратын  шараға  бүкіл  ел 

болып  атсалысты.  Сөзім  дəлелді  болу  үшін  Ақсай 

төрінде  орналасқан,  құт  дарып,  қасиет  қонған, 

көгінде  көк  туы  желбіреген  №3  ЖББОМ – мектеп 

директоры  Шиганакова  Надежда  Александровна 

басшылық  ететін  мектеп  ұжымы  көп  жылдан  бері 

облысымыздың  спорт  орталығына  айналған. 

Облысымыздың  дəл  осы  аймағында  маңызы  зор 

жарыстар өтуде. Қатты қуантатыны, спорт залында 

қандай  бəсеке  өтсе  де,  оның  деңгейі  тек  жоғары 

болады.  Өйткені  оқушылар,  оқытушылар  құрамы 

мен  мектеп  қызметкерлері  арасында  қонақтарға 

деген  құрмет  көрсету,  инабаттылық,  кішіпейілдік 

қалыптасқан.  Бұл  жергілікті  спорт  саласында 

жасалынып жатқан ауқымды жұмыстың желісі деп 

білемін. №3 мектеп спорт залында 14-15-16 наурыз 

аралығында  жиналған  көрермен,  гір  тас  көтеру 

спорты жұлдыздарын жақыннан көріп бұрын тек қана 

теледидардан  көретін  аңызға  айналған  Қазақстан 

Республикасының  қол  күресі  жəне  гір  спорты 

федерациясының  вице-президенті,  жарыстың  бас 

төрешісі  Құрманғали  Өмірғалиұлы  Батырбаев, 

«Құрмет» орденінің иегері Гір спортынан Қазақстан 

Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат 

Жұмағалиұлы Қазиев (Ақтөбе), «Құрмет» орденінің 

иегері,  Гір  спортынан  Қазақстан  Республикасына 

еңбегі  сіңген  жаттықтырушы  Серік  Нұрғалиұлы 

Абдахин  (Астана),  Қазақстанның  көк  байрақ  туын 

талай  желбіреткен,  биік  көтерген  Қазақстанды  Гір 

көтеру спортынан əлемге танытқан 10 дүркін əлем 

чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері 

Кресс Владимир (Павлодар) дəл қастарында жүрсе, 

ал  кейбіреулері  суретке  түсіп  қалуға  тырысып 

жүр.  Үлкен-кішіні  елең  еткізген  бұл  жарыстың  бір 

ерекшелігі,  мұнда  гір  көтерудің  есептеудің  жаңа 

жүйесі  қолданылуда.  Бұл  əділ  бағалауға  мүмкіндік 

беретінін айтады төрешілер.

Бүгінгі əңгімеміз гір спорты туралы болғандықтан, 

əңгімемізді  осы  арнаға  қарай  бұрғанды  жөн  көріп 

отырмыз. Жарысқа келетін болсақ, 160 майталман 

спорт  шеберлері  бақ  сынаған  бұл  чемпионатқа: 

СҚО,  ШҚО,  ОҚО,  БҚО,  Павлодар,  Қарағанды, 

Қостанай,  Қызылорда,  Ақмола,  Алматы,  Ақтөбе 

облыстардан жəне Астана қаласынан командалар 

қатысты.  Соңғы  кезде  қаршындап  даму  жолына 

түскен  гір  спорты  түрімен  айналысушылардың 

көбеюі  көңіл  қуантады.  Ашылу  салтанатында 

алғашқы  құттықтау  сөзді  алған  аудан  əкімі  Марат 

Бақтығалиұлы  Түсіпқалиев  аталмыш  мерекемен 

құттықтап, 

сайысқа 


қатысушыларға 

сəттілік 

тіледі.  Жарыстың  бас  төрешісіне  əділ  баға  беруін 

тапсырды.  Жерлесіміз  Ақсай  қаласының  тұрғыны, 

Гір спортынан ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт 

шебері,  əлем  чемпионатының  күміс  жүлдегері 

Алмагүл  Шамғоноваға  Бөрлі  ауданы  əкімі  Марат 

Бақтығалиұлы  Түсіпқалиевтің  алғыс  хатымен 

марапатталады. 

Одан  соң  Қазақстан  Республикасының  қол 

күресі  жəне  гір  спорты  федерациясының  вице-

президенті  жарыстың  бас  төрешісі  Құрманғали 

Өмірғалиұлы Батырбаевқа беріледі.

-  Мемлекетіміздің  бұқаралық  спортын  дамыту, 

ұлт саулығын нығайту, салауатты ұрпақ тəрбиелеу 

жөніндегі  стратегиялық  саясатын  жүзеге  асыруға 

сіңірген  елеулі  еңбегі  үшін,  гір  тасын  көтеру 

халықаралық  имиджін  бекітуге  көрсетіп  жүрген 

тұрақты қолдауы үшін Қазақстан Республикасының 

қол күресі жəне гір спорты федерациясының алғыс 

хатымен Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы əкімі 

Марат Бақтығалиұлы Түсіпқалиев марапатталады. 

Республика  гимні  орындалып,  спорттық  жарыстың 

басталғаны  жарияланды.  Жарыстың  ашылу 

салтанатынан соң көрініс бірден қызып сала берді. 

Тіпті  қатысушы  командалардың  ішінде  осалы  жоқ 

деп айтсақ, қателеспеген болар едік.

Тартысты 

өткен 

жарыс 


та 

аяқталып, 

жеңімпаздар  анықталды.  Бізге  ұсынған  деректерге 

жүгінсек:

Жекелеген салмақтар бойынша:

Жастар (1994-1997 ж.т. жəне одан төмен) 

Гір салмағы 32 келі, +32 келі

«СШ»  Ахметов  М. (63 келі  Көрермендерді 

тамсандырған жарыс) Астана (жаттық. Абдахин С.Н.)

«СШ» Кульдеев Н. (68 келі) Қызылорда (жаттық. 

Омирбаев Ж.К.)

«СШҮ» Головин А. (73 келі) СҚО (жаттық. Глывяк 

А.Я., Лаузан А.В.)

«СШ»  Рындин  И. (78 келі)  Астана  (жаттық. 

Абдахин С.Н.)

«СШ» Слепых В. (85 келі) СҚО (жаттық. Гутевич С.В.)

«СШ»  Кангаш  И. (95 келі)  Қостанай  (жаттық. 

Батырбаев К.У.)

«СШҮ»  Бекетов 

Н. (+95 келі)  СҚО 

(жаттық. 

Глывяк 


А.Я.)

Жасөспірімдер 

(1998-1999 ж.т.)

Гір  салмағы 24 

келі, +24 келі

І-раз.  Алекса  И. 

(48  келі)  Қостанай 

(жаттықт. Батырбаев 

К.У.)

СШҮ  Петрушин 



А. (53 келі) Қостанай 

(жаттық. 

Комаров 

О.Ю.)


СШҮ Жунусов Н. 

(58  келі)  Павлодар 

(жаттық. Кресс В.Э.)

СШҮ  Сентябрев 

Г. (63 келі)  Алматы 

(жаттық. 

Горяев 

Д.С.)


СШҮ  Ескаков  Д. 

(68 келі) СҚО (жаттық. 

Кобаль Е.И.)

СШҮ  Орынбасар  Қ. (73 келі)  ОҚО  (жаттық. 

Серикбаев М.)

СШҮ  Касумов  Т. (78 келі)  Қостанай  (жаттық. 

Комаров О.Ю.)

СШҮ  Төлеген  Г. (85 келі)  Қостанай  (жаттық. 

Шпилевой А.И.)

І раз. Щербинин Н. (+85 келі) Ақмола (жаттық. 

Жумабеков Б.Т.)

Қыздар арасында (1994 ж.т. жəне одан төмен)

Гір салмағы 12 келі

СШҮ – Скутина А. (48 келі) Қостанай (жаттық. 

Комаров О.Ю.)

СШҮ – Стрелко А. (53 келі) СҚО (жаттық. Кобаль 

Е.И.)


І-раз. – Наумова  М. (58 келі)  СҚО  (жаттық. 

Глывяк А.Я.)

СШҮ – Сулейменова  М. (63 келі)  Ақмола 

(жаттық. Жумабеков Б.Т.)

СШҮ – Нохрина  Н. (68 келі)  СҚО  (жаттық. 

Глывяк А.Я.)

І-раз. – Дементьева В. (+68 келі) СҚО (жаттық. 

Глывяк А.Я.)



Ардагерлер арасында (жас мөлшері 40-тан-50 

жасқа дейін, 50-ден – 60 жасқа дейін)

Гір салмағы – 24 келі

СШҮ – Абдахин  С. (73 келі)  Астана  (жаттық. 

Петров И.Ф.)

СШҮ – Качуровский  В. (85 келі)  Қостанай 

(жаттық. Карпенко С.В.)

СШ – Давыденко С. (95 келі) Қостанай (жаттық. 

Карпенко С.В.)

СШҮ – Пастухов В. (+95 келі) Астана (жаттық. 

Абдахин С.Н.)

Ардагерлер арасында (60 жас жəне жоғары)

Гір салмағы 16 келі

І  раз. – Ухов  В. (73 келі)  Павлодар  (жаттық. 

Батяшов В.С.)

І-раз. – Мукаметжанов  Р. (85 келі)  ШҚО  (өз 

еркімен)


СШҮ – Баковский Г. (95 келі) Қостанай (жаттық. 

Шапилевой А.И.)

Жарыс соңында жарыстың үздік ойыншылары 

анықталды: 

Атап айтар болсақ: Жастар арасында:

«Үздік тəсілдері үшін» - Головкин Артем (СҚО)

Жасөспірімдер арасында: Сентябрев Геннадий 

(Алматы)


Қыздар  арасында – Сулейменова  Меруерт 

(Ақмола)


Ардагерлер  арасында – Абдахин  Серик 

(Астана)


«Үздік  жаттықтырушы»  номинациясына  ие 

болғаны үшін – Глывяк Андрей (СҚО)

«Үздік  төреші»  номинациясына  ие  болғаны 

үшін – Мукамбетжанов  Рысқали  марапатталды 

жəне Қазақстан Республикасының қол күресі жəне 

гір  спорты  федерациясының  вице-президенті, 

жарыстың  бас  төрешісі  Құрманғали  Өмірғалиұлы 

Батырбаев арнайы сыйлыққа ие болды.

Жалпы командалық есеп бойынша бас жүлдені 

–  Қостанай  облысы  иемденсе,  күміс – Ақмола 

облысы,  ал  қоланы  Батыс  Қазақстан  облысы 

қанағат тұтыпты. 

Сөйтіп, 

ауданда 


өткен 

Республикалық 

чемпионат  өз  мəресіне  жетті.  Үш  күн  бойы  Ақсай 

өңірін  спорттық  думанға  бөлеген  спортшылар 

қауымымен аудан халқы қимастан қоштасты.

Асқар Халиоллаұлы Əбубəкіров

БҚО Орал қалалық білім беру бөлімінің 

жаңалықтарын бұқаралық ақпарат құралдарына 

жариялаушы болып табылады.

Ардагерлер спорт басқармасының мүшесі.

Кґрермендерді тамсандырєан жарыс

Международный  день  спорта  наши  студенты 

отметили 

соревнованиями 

по 


волейболу, 

организованному 

спортклубом 

университета. 

В 

первенстве приняли участие смешанные команды всех 



шести факультетов.

Командные  игры  всегда  имели  среди  молодежи 

большую  популярность.  С  наступлением  теплых  дней 

поле,  или  просто  «коробка»,  занято  любителями 

футбола.  Студенты  гоняют  мяч  в  любое  свободное 

время.  В  спортзалах  царит  волейбол,  именно  этот 

вид  спорта,  по  словам  руководителя  спортклуба 

ЗКГУ  И.С.Абдрахманова,  имеет  наибольший  успех  в 

коллективе и является самым массовым.

Игра  прошла  с  большим  успехом.  Места 

распределились  следующим  образом. 1 место  заняла 

команда факультета истории, экономики и права, второе 

место завоевала команда педагогического факультета, 

третье 


место 

у 

естественно-географического 



факультета.

-Хотелось  бы  отметить,  что  с  каждым  годом 

растет  интерес  студентов  к  спорту.  Соревнования 

показали,  что  волейбольные  команды  факультетов 

стали  сильнее,  студенты  заинтересованы  в  победе  и 

подходят к тренировкам с большой ответственностью. 

Это  очень  радует, - сказал  руководитель  спортклуба 

ЗКГУ И. С.Абдрахманов.



6 апреля – Международный день спорта 

Праздник спорта 

в ЗКГУ

23 


апреля 

состоялся 

открытый 

городской  турнир  по  дзюдо  на  приз 

ректора  ЗКГУ,  при  поддержке  городского 

акимата, 

посвященный 25-летию 

Независимости Республики Казахстан.

На  мероприятие  были  приглашены 

ветераны 

спорта, 

старейшие 

преподаватели 

педагогического 

факультета, прославленные спортсмены, 

руководство университета.

С  приветственной  речью  выступил 

первый  проректор  Асет  Сембаевич 

Тасмагамбетов.  Он  пожелал  ветеранам 

нести высоко знамя спорта в преддверии 

празднования  юбилея  независимости 

страны, 


участникам – больших 

спортивных побед.

По  словам  Азата  Тагымбергенулы 

Казиханова, 

руководителя 

горспорта 

Уральска,  открытый  городской  турнир 

совместно с ЗГУ проводится впервые.

-Соревнование  посвящено 25-летию 

Независимости  республики  и  имеет 

большое    воспитательное  значение  в 

духе  патриотизма.  Пропаганда  спорта 

и  физической  культуры  неразделимы 

с 

соревнованиями, 



на 

которые 


привлекаются широкие массы молодежи.

Камеш 


Исмагулович 

Исмагулов, 

жизнь 

которого 



посвящена 

спорту, 


воспитанию  молодежи,  явился  главным 

организатором  турнира,  главным  судьей 

соревнований. Его имя широко известно в 

спортивной среде области и республики. 

Камеш 

Исмагулович, 



Жубанышкали 

Жардемович Жардемов, другие ветераны 

спорта,  педагоги  отдают  все  свои  силы 

для  воспитания  молодых  спортсменов, 

нового поколения чемпионов.

В  соревновании  приняли  участие 

дзюдоисты  (мужчины,  юноши)  районов 

области, спортсмены ЗКГУ. 



Соб. инф

Открытый турнир по дзюдо – в стенах ЗКГУ



Каталог: images -> stories -> downloads -> gazetaorken -> 2016
2016 -> Й е к б ілім күні М.Ө тем ісо в а ты н д ағы б аты с Қ азақстан м е м л е ке ттік у н и в е р с и те тін д е д е аталы п өтілді. С алтанатты ж и ы н ға о қы туш ы -п ро ф ессо р л ар құрамы
gazetaorken -> Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі
gazetaorken -> Мы студенты зкгу!
2016 -> №2 (917) 29 ақпан 2016 жыл 1 марта 1995 года в Казахстане была
2016 -> Карлыга Таскалиевна Утегенова, известный словесник в особой, присущей ей манере, вела пленарное заседание
2016 -> Впрочем, это был не совсем театр. Это было настоящее

жүктеу 0.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет