14 АҚпан сейсенбі 2017 жыл №12 (8034) Әбдісамат Әбдіш



жүктеу 2.38 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата14.09.2017
өлшемі2.38 Mb.
  1   2   3   4

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

14 АҚПАН

 СЕЙСЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№12 (8034)

Әбдісамат ӘБДІШ.

ЕЛБАСЫ  ҰЛТ  ЖОСПАРЫНЫҢ  98-ҚАДАМЫНДА:  «СЕЛОЛЫҚ  ОКРУГ,  АУЫЛ,  СЕЛО,  КЕНТ, 

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ҚАЛА ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС 

БЮДЖЕТІН ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ» ДЕГЕН БОЛАТЫН. БҮГІНДЕ ЕЛІМІЗДЕ БҰЛ БАҒЫТТА 

ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС БАР. КЕЛЕР ЖЫЛДАН БАСТАП АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ 

БОЛАДЫ.  ЯҒНИ,  ЖЕРГІЛІКТІ  ЖЕРЛЕРДЕН  ТҮСЕТІН  САЛЫҚТЫ  ТОЛЫҚТАЙ  ЖЕРГІЛІКТІ 

ЖЕРДЕГІ  БАСҚАРУ  ОРГАНДАРЫНА  БЕРУ  АРҚЫЛЫ  АУЫЛ  БЮДЖЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ЖОСПАРЛАНУДА.  АЛҒАШҚЫ  ДА  ХАЛЫҚ  САНЫ  2000  АДАМНАН  АСҚАН  ӘКІМШІЛІК 

АУМАҚТАРДА  МЕМЛЕКЕТТІҢ  4-ДЕҢГЕЙІ  ЕНГІЗІЛЕДІ.  БҰҒАН  АУДАНДЫҚ  МАҢЫЗДАҒЫ 

ҚАЛА, АУЫЛ, КЕНТ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ЖАТАДЫ. МҰНДАЙ БЮДЖЕТ 2020 ЖЫЛДАН БА-

СТАП БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ДЕ БОЛАДЫ. ЖАЛПЫ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ 

ЖҮЙЕСІ ЕЛІМІЗДЕ 2013 ЖЫЛДАН БАСТАП КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА. 

ЕНШІСІН АЛАТЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

ЕНШІСІН АЛАТЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР



дербес бюджетке дайын ба?

САЛАСЫНЫҢ 

СЕРПІНІ

КӘСІПКЕРЛІК



Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

Жақында  ғана  Ұлттық  экономика  министрі  Тимур 

Сүлейменов  ауылдың бюджеті ауданнан келетін трансферт-

термен қоса, мүлік, жер және өзге де салықтардың есебінен 

толатынын  мәлімдеді.  Яғни,  қазіргі  таңда  Қазақстандағы 

2500  ауылға  100  млрд.  теңгеден  астам  ақша  аударылуға 

дайын  екен.  Оған  қоса,  өткен  жылы  жергілікті  жерлердің 

бақылау шоттарына 11 млрд. теңге қаржы түскені  айтыл-

ды.  Сондай-ақ,  министрдің  айтуынша,  қаражатты  жоспар-

лау  және  жұмсау,  салық  жинау,  мемлекеттік  сатып  алуды 

жүзеге асыру бойынша арнайы оқыту курстары әрбір өңірде 

жүргізіледі. Оған қоса, «5000 сауалға жауап» деген арнайы 

анықтамалық кітапша-бүктемелер әзірленетінін қоса айтты. 

Айта кету керек, бұл мақсаттағы ілкімді істер былтырдан ба-

стап аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен ауылдық 

округтерде  түсіндірме  жұмыстары  ұйымдастырылған  бо-

латын.  Жалпы,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  бағытындағы 

атқарылып  жатқан  шаруалар  жайлы  аудан  әкімі 

аппаратының басшысы Бақтияр Ахметовтен білдік.

–  Өздеріңізге  белгілі,  аудан  әкімінің  тапсырмасымен 

өңірде ауыл экономикасын әртараптандыру мен салық түсімін 

арттыру бағытында жоспарлы жұмыс өткен жылдан баста-

лып кетті. Бұл бағытта ауыл-аймақта түсіндірме жұмыстарын 

жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып, оған 

өзім жетекшілік еттім. Барлық ауылдық округтарды аралап, 

түгендеу  және  түсіндіру  жұмыстары  қатар  жүрді.  Мұндағы 

мәселе,  аудан  мен  ауыл  арасына  тығыз  байланыс  орнату. 

Яғни, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы-

на қозғау салу керек. Округ әкімдеріне нарыққа бейімделу 

мен ауылды дамытудың оқыту әдістемесімен таныстырдық 

және  нарықтық  экономиканы  үйреттік.  Түптеп  келгенде, 

мұның бәрі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің алғы шарт-

тары.  Бұған  дейінгі  өткізілген  жұмысшы  топтың  курста-

ры мен семинарлар ауыл әкімдері үшін үлкен үлгі аларлық 

сабақ болғаны анық, – деді Бақтияр Мадиярұлы. 

Сондай-ақ, аппарат басшысы өз сөзінде ауданға қарасты 

2000 халқы бар ауылдардың саны 15 екенін жеткізді. Ендігі 

жылы  еншісін  алатын  елді  мекендердің  дербес  бюджетін 

басқаруда қандай мәселеге баса назар аударған жөн деген 

сауалды Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы Жеңіс Таласқа қойдық. Жергілікті 

өзін-өзі  басқарудың  экономикалық  тиімділігін  қарапайым 

тілмен  түсіндірген  басқарма  басшысы  бірінші кезекте  кадр 

сапасына қырағылық танытуды сөз етті. 

–  Бүгінгі  таңда  ауылдық  округ  әкімшілігінде  есепші, 

салықшы, статист және бірқатарында жас маман бар. Ендігі 

кезекте осы кадр мықты болса, жұмыстың да жүйелі бола-

тыны  айқын.  Осы  тұста,  бұған  дейінде  айтып  жүрген    бір 

ұсынысым  бар.  Аталмыш  төрт  маманға  сектор  ретінде 

қарасақ.  Келешегі  бұл  мамандар  бір-бірінің  жұмысын  ал-

мастыратындай  деңгейде  болуы  керек.  2018  жылдан  ба-

стап ауылдың бюджеті өзінде қалады. Бір сөзбен айтқанда, 

басқару құзіреті кеңейеді. Жауапкершілігі тағы бар – деген 

Жеңіс  Жүсіпұлы  кадр  кәсіби  деңгейіне,  кәсіби  біліктілігіне 

дұрыс көзқарас танытуға шақырды. 

 – Дана қазақ «күннің жаманы кетер, адамның жаманын 

не  істерсің»  деген.  Мұны  айтып  отырғаным,  мамандардың 

біліктілігі  –  жұмыс  сапасын  арттырады.  Яғни,  ертеңгі  күні 

ауылдың бюджеті өзіне бұйырғанда, түскен қаржыны жұмсау 

үшін  мәслихаттың  функциясын  жергілікті  қоғамдастық 

атқарады. Ал, әкім мен салықшы салық басқармасының, әкім 

мен  бухгалтер  қаржы  және  экономика  бөлімінің,  әкіммен 

статист статистика басқармасының міндетін атқаратын бо-

лады. Бұл дегеніміз – үлкен жауапкершілік. Түптеп келген-

де, әрбір маман өз ісінің білгірі болуы тиіс, – деді Жеңіс Та-

лас. 


Шын мәнінде ауыл әкімдеріне деген жауапкершілік жүгі 

жеңіл емес. Оған қоса, дербес бюджетке жиналған қаржыны 

шашпай-төкпей, елді мекеннің қажетіне жұмсауда ауылдағы 

қоғамдастық кеңестің де атқарар рөлі айрықша. Осы орайда, 

сөз  соңында  тақырып  аясында  Бесарық  ауылдық  округінің 

әкімі Әлібек Абдуллаевтың пікірін тыңдадық. 

– Негізі өзім әкімдік қызметке дейін ұзақ жылдар салық 

саласында жұмыс жасағандықтан алдағы өзгерістерге дай-

ынбыз деп толық сеніммен айта аламын. 2018 жылдан ба-

стап,  ауыл  бюджеті  жергілікті  қазынада  қалғаннан    кейін 

оны  ауыл  үшін  ең  маңызды  деген  қордаланған  мәселенің 

қажетіне  жарату  керек.  Бұл  тұрғыда  қоғамдастықтың 

мүшелерімен  ақылдаса  отырып,  күн  тәртібіне  шығарып, 

оң  шешімін  шығару  әкімдер  үшінде  үлкен  жауапкершілік. 

Яғни,  қазынадағы  қаржыны  тиісті  орнына  жұмсау  –  бұл 

қоғамдастық кеңестің де ықпалын арттырады. Бұл тұрғыда 

ауызбіршілік  пен  ынтымақтың  алар  орны  ерекше.  Яғни, 

бірлесіп  шешкен  істе  береке  үйір  болатыны  айқын,  –  деді 

Әлібек Асанбайұлы. 

Иә,  «бірлескен  істе  береке  бар»  деп  дана  қазақ  бекер 

айтпаған. Алдағы уақытта ауыл әкімі мен қоғамдастық кеңес 

мүшелері ортақ пікір аясына топтасып, ауыл үшін маңызды 

мәселелердің  түйінін  тарқатуда  тындырымды  тірліктер 

атқаруы  ел  назарында.  Сондай-ақ,  ауыл  қазынасының 

қомақты болуына үлес қосатын салық саясаты – әлеуметтің 

әлеуетін  арттыруда  үйлестіруші  рөл  атқаратыны  айқын. 

Яғни,  ауыл-аймақтың  қалыпты  дамуы  мен  өркендеуі  бюд-

жет кірісінің оңтайлы қалыптасуына тығыз байналысты. 

–  Өткен  жылмен  қорыта  айтқанда,  шағын 

және  орта  кәсіпкерлік  субъектілердің  саны 

2933-ке  жетті.  Оның  ішінде  заңды  тұлғалар 

–  222  болса,  шаруа  қожалықтардың  саны  – 

836-ға  өсті.  Ал,  қалғаны  жеке  кәсіпкерлер. 

Кәсіпкерлік  саласының  басым  бөлігін  сауда 

және  қызмет  көрсету  саласы  қалыптастырып 

отыр.  Тиімді  сауда  және  қызмет  көрсету  сая-

сатын  жүргізу  өңірдің  территориялық  дамуы-

на,  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  көтеруде 

маңызы  зор.  Мәселен,  аудан  бойынша  528 

сауда  және  қызмет  объектілері  жұмыс  жа-

сауда.  Сондай-ақ,  бүгінде  бөлшек  сауда 

айналымының  қарқыны  жақсы.  2015  жыл-

мен  салыстырғанда  98,5  пайызды  көрсетіп, 

түсім 4330,8 млн. теңгені құрады, – деді Орман 

Айтмағанбетұлы.

Сонымен 


қатар, 

мекеме 


басшы-

сы  ауданда  кәсіпкерлік  субъектілерінде 

инфрақұрылымындарды  дамыту  бағытын  са-

ралап өтті. Бүгінде кіші кәсіпкерлікке арналған 

шағын  индустриялдық  аймақ  құру  бағытында 

тындырымды  тірліктің  тетігі  байқалады. 

Мәселен,  2014  жылдың  аяғында  24  учаскіге 

аукцион өткізіліп, оның 22-сі өңдеуші-өндіруші 

кәсіпкерлік  нысандарын  ашатын  тұлғаларға 

беріліпті. Соның бірі – «ЕрНұрБек» ЖШС жиһаз 

жасау  цехы.  Осы  шағын  индустриялықты 

аймақты 


инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етуге  бай-

ланысты 

жоба-сметалық 

құжаттамасы 

дайындалған. Сметалық құны – 221, 085 млн. 

теңгені құрайды екен. 

– Кәсіпкерлік саласындағы шешімін таппаған 

өзекті мәселелердің бірі несие алу жайы. Яғни, 

кәсібін  жаңадан  бастауға  ниетті  жандар  не-

сие  алуда  қиындыққа  тап  болуда.  Мәселен, 

ауылдағы  кепілдікпен  қамсыздандырудың 

төмен өтімділігі, микрокредиттік ұйымдар мен 

банктердің  пайыздарының  жоғарылауы  және 

тағы басқа. Тағы бір түйін инвестициялардың 

көбі  ірі  және  күрделі  жобаларға  берілуі  де 

шағын кәсіптің шырайын аша қоймайды. Осын-

дай  қиындықтарды  жеңілдету  жолының  бірі 

мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат екінші 

деңгейдегі  банктер  бермей,  басқа  да  жол-

дармен  берсе  екен  деген  ұсыныс  туындайды, 

–  деді  бөлім  басшысы.  Бұл  кәсіпкерліктің  ар-

туына  кедергі  мәселелердің  бір  парасы.  Енді, 

өткен  жылы  өнеркәсіп  саласында  қандай 

серпілістер бар екенін көрейік.

Былтыр  өнеркәсіп  өнімдері  112411,0  млн.

теңге, өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өңдеу 59394,5 

млн.  теңгені  құраған.  Жалпы,  өнеркәсіп  бой-

ынша  тұтас  нәтижелерді  қалыптастыруға 

өңдеу өнеркәсбі мен кен өндірісі саласы елеулі 

ықпал  етіп  отыр.  Олардың  аудандық  өндіріс 

көлеміндегі  үлесі  сәйкесінше  52,8  және  46,1 

пайызды  құраған.  Аудан  бойынша  19  орта 

және шағын өнеркәсіп орындары мен 9 мекеме 

кен өндіру саласында еңбектенуде. Оның екеуі 

уран өндірісі. 



(Жалғасы 3-бетте)

Ақан  Скендіров  жетекшілік  ететін  «Жас  техник»  үйірмесіне 

белсенді  қатысқан  өнертапқыш  оқушы  8-сыныпта  пультпен 

басқарылатын  шағын  «Беларус»  тракторын  құрастырып  шығады. 

Ал,  9-сыныпта  құрастырған  «Урал»  мотоциклын  сыныптастары 

мен ұстаздарына ұсынады. 10-сыныпқа келгенде «Урал» КамАЗ-ын 

құрастыруға тәуекел жасайды. Бірнеше ай ізденіп, ақыры дегеніне 

жетеді.  Тағы  да  пультпен  басқарылатын  жүк  көлігі  солға,  оңға 

бұрылып, артқа, алға жүретін қабілетке ие болады. Қазір желден, 

күннен,  судан,  электр  энергиясын  өндіретін  шағын  құрылғысын 

жетілдіру үстінде. Мүмкіндік болса, ЭКСПО-2017 қатыссам дейді.   

–  Тракторды,  мотоцикл  мен  КамАЗ  құрастырғанда  тұрмысқа 

қажетсіз  әртүрлі  бұйымдарды  қолдандым.  Бұл  ізденістер  физи-

ка,  математика  заңдылықтарын  тереңірек  түсінуге,  ең  басты-

сы,  уақытты  тиімді  пайдалануға  мол  мүмкіндік  берді.  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Жасыл  энергия  –  келешектің  негізі» 

дегені  маған  шабыт  берді.  Бүгінде  баламалы  электр  энергиясын 

алудың  тиімді  жолдарын  қарастырып  жатырмын.  Одан  бөлек, 

адамның мүмкіндігі жете бермейтін жағдайларда жұмыс жасайтын 

роботтарды құрастыру ойымда бар, – дейді арманы асқақ, мақсаты 

айқын өнертапқыш. 

Жатпай-тұрмай  ізденуінің  арқасында  Рамазан  Бектас  та-

лай  білімпаздар  додасында  ерекшеленіп,  дара  шықты.  Жақында 

ғана  облыс  орталығында  47  мектептен  300  үміткер  қатысқан 

байқауда «Жел энергиясын электр энергиясына  айналдыру» және 

«Су  энергиясын  электр  энергиясына  айналдыру»  тақырыбында 

жоба  ұсынған  біздің  кейіпкер  бас  жүлдені  олжалады.  Білімділер 

бәсекесіне  Назарбаев  Зияткерлік  мектебі,  қазақ-түрік  лицейі 

және  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-лицейдің  оқушылары 

қатысқанын  ескерсек,  байқаудың  деңгейін  пайымдауға  болатын-

дай. 

Енді  байқаудың  нәтижесі  бойынша  Рамазан  наурыз  айын-



да  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық  орталығының 

ұйымдастыруымен өтетін оқушылардың математика және механи-

кадан  зерттеу  жұмыстарын  халықаралық  конкурсына  қатысады. 

Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайына 

елдің түкпір-түкпірінен тек үздіктер келіп, қатысады. Ендеше, шын 

дарындар ғана үздік шығатыны анық.

Білім  ордасының  директоры  Әділмырза  Таждинов:  – 

Рамазанның  білімге  қызығушылығын  өнертапқыштық  сала-

мен  байланыстыруға  болады.  Оның  қолынан  шыққан  заттардан 

ғылымға деген ізденісті, білімге деген құштарлықты тануға бола-

ды. Алматы шаһарында өтетін халықаралық байқауда біздің оқушы 

нәтижелі өнер көрсететініне сенемін. Себебі, құрылғысын тынбай 

жетілдіру  жұмыстарымен  шұғылдануда.  Оның  үстіне,  жетекшісі 

Ұлмекен  Жәрменова  білікті  ұстаз  ғана  емес,  ғылыммен  таласы 

бар  оқытушы.  Ал,  ғылыми  жетекшісі  Пажарбек  Сапарқожаевтың 

«жасыл  энергия»  саласындағы  ізденістері  Рамазанның  биіктен 

көрінуіне жағдай жасайтыны айқын, – деді.

«Ақыл  –  жастан,  асыл  –  тастан»,  демей  ме?  Сөздің  орайы 

келгенде,  айта  кеткен  жөн  болар.  Максим  Лема  жастайынан 

роботтарға  қатты  қызығып  өседі.  Осы  қызығушылығы  12  жасын-

да радиосигналдар арқылы ғимараттың ауданын өлшей алатын ро-

ботты жасап шығуына себеп болады. 

Ал, 14 жасар Джона Кон гитара ойнап отырып, ойына тамаша 

идея  келеді.  Ол  осылайша  есту  қабілеті  нашар  адамдарға  әуенді 

қалай  тыңдауға  болатынын  ойлап  табады.  Көп  ұзамай  Джона 

дыбыс  толқынын  дене  түйсігі  арқылы  сезінуге  мүмкіндік  беретін 

құрылғыны әлемге таныстырады. 

Бала  кезінен  ерекше  дарынымен  ұстаздарын  таңқалдырған 

Джек  Андрака  қатерлі  ісікті  анықтаудың  әдістерімен  әрдайым 

қызығады. Келе-келе танымал әдістерді есепке ала отырып, ол 15 

жасында өз әдісін ойлап табады. Яғни, қатерлі ісікті анықтаудың 

жаңа тәсілін ұсынады. Оның тест түріндегі әдісі осы уақытқа дейін 

қолданылып келген әдістерден әлдеқайда арзан әрі тиімді. 

18 жасар Эйша Кхареның жаңалығы да өте қызықты. Бүгінде 

ұялы телефонның қуаты тез сөніп қалуы туындауда. Нанохимияға 

қызығатын  қыз  осы  мәселені  шешпек  болып,  әлемге  ұялы  теле-

фонды жарты минутта қуаттандыра алатын ерекше аккумулятор-

ды  ұсынады.  Эйша  осы  өнертабысы  үшін  қомақты  қаржы  алды, 

себебі  оның  жасаған  жаңалығы  көптеген  құрастырушыларды 

қызықтырды.

Міне,  америкалық  өнертапқыш  жастар  әлемге  осындай 

жаңалықтарын ұсынды. Әрине, мұндай дарынды, талапты, талант-

ты, білімді жастар бізде де баршылық. Тек өнертапқыштық салаға 

қызықтыра білсек болғаны. 



СӨЗ  СОҢЫ.  Осындайда  Ғабеңнің  (Ғ.Мүсірепов)  «Жастықтың 

бойынан парықсыз паңды емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық 

тапқан  қандай  жақсы»,  деген  сөзі  еріксіз  ойға  оралады.  Заңғар 

жазушының қозғамақ ойы – Рамазанның ізденімпаздық, ізденгіштік 

талабын меңзейтіндей...

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БИЫЛҒЫ 

ЖОЛДАУЫНДА МЕМЛЕКЕТТІ ӨРКЕНДЕТУДІҢ 

БЕС БАСЫМДЫҒЫН ҰСЫНДЫ. ОНЫҢ БІР 

ЖОЛЫ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДА-

МЫТУ. «БІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТЫҢ 

БІРІ – ЕЛДІҢ ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМІНДЕГІ 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҮЛЕСІ 

2050 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ КЕМ ДЕГЕНДЕ 50 ПАЙ-

ЫЗ БОЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ», ДЕДІ САЯ-

СИ ҚҰЖАТТА. ЯҒНИ, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ АЯСЫН КЕҢЕЙТІП, 

ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ САНЫ МЕН САПАСЫН 

АРТТЫРУДЫ МІНДЕТТЕДІ. 

МІНДЕТТІ МЕЖЕНІ БАҒЫНДЫРУ ЖОЛЫН-

ДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫНА 

ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҚАЖЕТ-АҚ. ОСЫ ТҰРҒЫДА, 

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 

САЛАСЫНЫҢ ТЫНЫСЫ ҚАЛАЙ? ШЕШІМІН 

ТАППАЙ ТҰРҒАН ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР 

БАР? АУДАН ӘКІМІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҰСЫНҒАН 

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАРҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ 

ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ? БҰЛ СҰРАҚТАРДЫҢ 

Ж АУАБЫН АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС 

З АЛЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГТЕ КӘСІПКЕРЛІК, 

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАС-

ШЫСЫ ОРМАН АХМЕТОВТЕН БІЛДІК.  

«АҚЫЛ – ЖАСТАН...»

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ

ДӘРМЕНІ


2-БЕТ

ОТАНДЫҚ

 Діннің тұтастығы – қашан да елдің 

тұтастығы. Діни алауыздық болған жер-

де бақ-береке қонбайтындығына тарих куә. 

Биік мінберлерде Елбасы «Бірлігі бар ел озар, 

бірлігі жоқ ел тозар» деген аталы сөзді жиі ай-

тады. Міне, осы орайда осындай басымызға 

қонған «бейбітшілік» атты бақыт құсын көре 

алмайтын, жат пиғылды деструктивті діни 

ағымдар қоғамда көрініс табуда. Ел Президенті 

кешегі Жолдауында: «Діни экстремизмді 

насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет 

пен әлеуметтік оның жолын кесу жұмысын 

жүргізу керек. Бұл іске мемлекетті емес сек-

торды және діни бірлестіктерді белсенді 

түрде тарту қажет» деп тапсырма қойған бо-

латын. Әрине, бұл бағытта тек діни сау-

ат арттыру емес, оған қоса ұлттық тарих, 

салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты ұштастырып бойға 

сіңдіру. Сондай-ақ, жастар қауымы Қазақстан 

мұсылмандары діни басқармасының жергілікті 

жердегі өкілдігі, яғни, мешіттен ғана има-

ни иммунитетін арттырса игі. Білікті имам-

дар мен ұлағатты ұстаздардан дәріс алса нұр 

үстіне нұр. Сонда ғана, жас буын төл сеніміне 

берік, сырттан келетін рухани басқыншылыққа 

тегеурінді түрде төтеп берері айқын.

АГРАРЛЫ САЛАНЫҢ АСУЫ

«Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен 

емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді 

дамумен және экономикалық өсумен ай-

налысады». Бұл Елбасының қанатты сөзі.  

Ұтымды айтылған.  Негізі экономикалық өсу 

ішкі факторлармен анықталады. Соның ба-

сым бағытының бірі – аграрлы сала. Бұл 

тұрғыда Мемлекет басшысы кешегі халыққа 

арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы са-

ласына серпін беретін пәрмен берді. Яғни, 

жаңа экономиканың драйверіне айнал-

дыруды Үкіметке жүктеді. Жалпы нарық 

экономикасының өте маңызды элементі 

– өндіруші мен тұтынушы болса, қоғамдық 

еңбек бөлінісі үдерісінде қалыптасқан жағдай 

қаржылық дағдарысқа байланысты қалыпты 

емес. Дейтұрғанмен жаһанды жайлаған 

дағдарысқа қарамастан Жаңақорған ауда-

ны 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық 

көрсеткіш бойынша облыста көш баста-

уы көңілге сенім ұялатады. Бір ғана ауыл 

шаруашылық саласы бағыты бойынша ай-

тар болсақ, аудан аймақтың алдыңғы қатарлы 

көшбасшысына айналды. Сәтін салса, аймақта 

тұңғыш болып аудан орталығынан агро-

инудстриялық аймақ құру жоспарлануда екен. 

Бұл да болса, Жолдаудан туындаған басым 

бағыттың ел ішінде жүзеге асуы деп білемін.



Ерғали ОРАЗБЕКОВ, 

экономист.

ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ 

БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ



Сайдулла қажы ОМАРОВ, 

ауданның бас имамы.



ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ



3-БЕТ

НӘТИЖЕСІ 

ҚАНДАЙ?

Рамазан Бектас жайлы сөз еткенде Хакім Абайдың: 

– Жастықтың оты қайдасың, 

Жүректі түртіп қозғамай? 

Ғылымның біліп пайдасын, 

Дүниенің  көркін  болжамай?  –  деген  өлең  жолдары  еске  түседі. 

Себебі Рамазанның бос  уақыты жоқ.  Таңертең  сабаққа  барады. Одан 

кейін  білімін  шыңдап,  тестілеуге  дайындалады.  Қолы  қалт  ете  қалса 

ойлап  тапқан  құрылғыларын  жетілдірумен  айналысады.  Бүгінде  күн, 

жел мен судан өндірілетін электр энергиясын халық шаруашылығына 

бағыттауды ойлап жүр.

–  8-сыныпта  оқып  жүрген  кезім  болатын.  №110  мектеп-лицейге 

Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  про-

фессоры  Пажарбек  Сапарқожаев  келіп,  сабақ  берді.  Педагогика 

ғылымдарының кандидаты ғылыми ізденісті оқушы кезінен бастаған аб-

зал екенін түсіндірді. Сосын ғалымның бағыт-бағдары бойынша жел-

ден  электр  энергиясын  алу  бойынша  құрылғы  құрастыра  баста-

дым. Бұл жұмысқа физика пәнінің мұғалімі Ұлмекен Жәрменова 

қол  ұшын  созды.  Осылайша  өнертапқыштық  салаға 

қызығушылығым артты, – дейді Р амазан Бақытжанұлы.



Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

БРИФИНГ

Перзентін биіктен көру әрбір ата-ананың арманы. 

Білім  білігі,  ой-өріс  деңгейіне  келгенде  қатарынан 

оқшау  озық  танылар,  әманда  парасаты  басым, 

жаны  жомарт  қалпымен  туыс-туғанға  жақсылық 

жасаудан  аянып  қалмаған  жігіт  ағасы  ұлдарының 

кішісі-Бауыржанынан  көп  үміт  күтетін.  Әке  түйсігі 

жаңылмапты.  Жас  ұлан  мектеп  қабырғасында 

жүрген кездің өзінде келешек дәрігер боламын деп 

алдына талапты мақсат қоя білді. 

Төменарық  ауылындағы  №53  А.Д.  Романов 

атындағы  орта  мектебін  үздік  тәмамдаған  Бауыр-

жан Қызылорда қаласындағы медициналық учили-

щеде  оқып,  ХҚТУ-дың  медицина  бөлімінде  білімін 

жалғастырды.  Бір  жыл  Шымкент  қалалық  ауруха-

насында  интернатурадан  өтіп,  одан  әрі  жас  маман 

ретінде туған жер медицинасының тұғырын тіктеуге 

табан тіреді.

Таңдаған  мамандығының  табиғатын  таныған 

сайын  өзіне  сенімі  артып,  жан  түкпірінде 

жасырынған  қабілетіне  қанат  байлаған  жас  талап 

тасқа қайралған қанжардай жігерін жанып, әріптес 

ағаларының  ізін  басуға  ұмтылды.  Өмір  сынағының 

кісінің өзіне де беймәлім қасиетін жарқырата ашып 

көрсететін сәттері болады екен. Дәрігерлік қызметке 

кіріскен осы алты жыл уақыт көлемінде ол осындай 

тәжірибелердің  талайын  бастан  кешті.  Соның  ең 

алғашқысы  мына  оқиға  еді.  Жұмысқа  орналасқан 

алғашқы  жылдар  болатын.  Бөлімге  жедел 

жеткізілген  науқасты  өзі  қабылдауына  тура  келді. 

Ғалым Есетов еңбек демалысында,бөлім меңгерушісі 

жылдық  есепті  тапсыруға  облысқа  кеткен.  Бас 

дәрігер ауылда емес. Сырқатқа УЗИ қорытындысы, 

клиникалық белгілеріне қарап дененің ұйқы безіне 

баратын жолында тас байланған деген болжам жа-

салды.  Әдетте  үлкен  кісілерде  болатын  бұл  диа-

гнозбен жиырма бес жастағы жігіт түсіп отыр. Уақыт 

оздырмай тез операция столына алу керек. Бауыр-

жан  өзі  ота  жасауға  нартәуекелге  бел  буды.  Адам 

өмірі  қыл  үстінде  тұрғанда  тағат  табу  мүмкін  емес 

екен.  Бар  зейінімен  қолындағы  қылпып  тұрған 

қандауырдың ізін қалт жібермей, тылсым түйсік пен 

жүрек  әмірінен  таяныш  тапқан  жігіттің  жүзін  тер 

жуып,  үміт  пен  күдіктің  арасында  бес  сағат  арпа-

лысты.  Операция  аяқтала  Сәулебек  ағай  да  келіп 

жеткен.  Отаның  сәтті  өткенін  болжамдаған  бас-

шы  Бауыржанның  арқасынан  қағып,  разылығын 

білдірді.  Осы  сәт  жас  дәрігер  өз-өзін  толық 

танығандай,  тұла  бойын  бір  қуаныш  кернеді.  Со-

дан бері нешеме рет ота жасауына тура келді, не-

шеме  ауруды    аман  алып  қалып,  жарық  өмір  сый-

лау  арқылы  алпыс  екі  тамырды  идірер  тілмен  ай-

тып  жеткізгісіз  бақыттылықты  сезініп,  адамдардың 

телегей-теңіз алғысына бөленіп келеді. 

Адамның  көңілі  қандай  болса  атқарған  ісі  де 

сондай.  Бауыржанның  елгезек,  ақпейіл  мінезімен 

астасқан  кәсіби  біліктілігін  лайықты  бағалай  білер 

көпшілік  оны  "қолы  жеңіл"  дәрігер  деп  таниды. 

"Халық айтса қалт айтпайды". Бұған жас хирургтің 

қарымды қабілеті, адами табиғаты дәлел.

Бауыржан  Есейұлы  Абдусаметовты  әңгімеге 

тартып, алдағы іс-жоспарлары жөнінде ой бөліскен 

едік.


–  Дәрігерлік  –  үнемі  үйренуді,  жетілуді  қажет 

ететін  мамандық.  Осы  тұрғыда  жыл  сайын  Алма-

тыда, Астана нейрохирургия орталығында білімімді 

жетілдіруге  ден  қойып  келемін.  Қазірде  ау-

дан  орталығының  өзінде  күрделі  ота  жасауға 

мүмкіндік  артып  келеді.  Жақында  орталығымызда 

компьютерлік  томография,  лапораскопиялық-

эндоскопиялық  аппарат  жұмыс  істейтін  бола-

ды. Мұның барлығы нақты диагностикалауға 

жол ашады.

Жұмысымыздың сапасы бірдің еңбегімен 

өлшенбейді.  Онда  ұжымдық  еңбектің  бір 

арнаға  бағытталған  маңдай  тері  жатыр. 

Бұл  орайда  білікті  реаниматологтары-

мыз Нұрлан Сопбеков, Денис Жадиков-

тар өмір күзетіндегі қырағы қызметіне 

қылау  түсірмей  келеді.  Сол  сияқты 

көп  жылдардан  бері  еңбек  етіп  келе 

жатқан  Құралай  Басқожаева,  Пя-

това  Люба,  Марал  Бердиева  сынды 

медбикелердің еңбектері айрықша. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 2.38 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет