№14 (1354) 5 сәуір 2017 жыл, сәрсенбі Астана төрінде өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесін тараздық балдырғандар да барып тамашалайды оған барлық мүмкіндік жасалып отыр. 65 күн қалды



жүктеу 0.96 Mb.

бет1/10
Дата05.06.2017
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.z-taraz.kz

 №14 (1354) 5 сәуір

 

2017 жыл, сәрсенбі



Астана төрінде өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесін 

тараздық балдырғандар да барып тамашалайды. оған барлық 

мүмкіндік жасалып отыр.  

65 күн қалды

 

„



Биыл ҚР Қарулы 

күштерінің құрылғанына 

25 жыл. Ел азаматтарын 

патриоттық рухта 

тәрбиелеуде бұл 

күннің маңызы зор. Ал 

7 сәуір – Ерлік күні.                             

1995 жылы Тәжікстан 

Республикасының пшихавр 

тау шатқалында банда 

тобымен қақтығыста ҚР 

Ішкі әскерінің жауынгерлері 

өздерінің әскери міндетін 

орындау барысында 

көптеген жауынгерлер 

жараланып, 17 жауынгер 

қаза тапқан еді. сол 

шайқастағы ерлердің 

ерлігінің айғағы іспетті 

ескерткіш тақта бой 

көтерген. 1996 жылы 

Елбасының Жарлығымен 

ТМД сыртқы шекарасын 

қорғау барысында 

ерлікпен қаза тапқан 

жауынгерлердің бесеуі 

ІІ дәрежелі «Айдын» 

орденімен, 12-сі 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» 

медалімен марапатталды. 

сондықтан Ерлік күні қазақ 

батальонының абыройына 

нұқсан келтірмей, 

жау оғына көкірегін 

тосқан сарбаздарды 

еске алу үшін де ұлық!                               

Ұранды елдің өжет те 

қайсар рухты ұландары, 

ерліктің өнегесін көрсете 

бергей! 


тазалық мәдениеттен 

басталады

 

„



Қоршаған ортаны абаттандыру, жасыл желекке бөлеу – ортақ іс. Қалада тазалық айының 

басталғанына екінші ай. Жас ұрпақты ағаш егу мәдениетіне үйретіп, қаламыздың көркеюіне септігін 

тигізер елдік шараның жоғары деңгейде өтуіне үлкен-кіші болып атсалысайық.

 

4-5-бет

 

6-бет

құрметті тараз қаласының 

тұрғындары!

2017 жылдың 1 наурызынан бастап 

Тараз қаласы аумағында көріктендіру, 

көгеріштендіру және санитарлық тазалық 

жөніндегі көктемгі екі айлық жарияланды. 

Меншік нысанына қарамастан, барлық 

кәсіпорындар, ұйымдардың еңбек 

ұжымдарын, көп қабатты, сондай-ақ жеке 

тұрғын үй секторындағы барлық қала 

тұрғындарын қаланың санитарлық тазалық 

жұмыстарына белсене қатысуын сұраймыз.

    


 тараз қаласының әкімдігі

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттерді Тараз қаласындағы ресми 

туроператорлар мен «Қазпочта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінен сатып алуға болатындығын хабарлаймыз.

Турпакеттер туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген облыстық туроператорлардан алуға болады:

1. «Baiterek Travel Center» ЖШС – Тараз қ., «Достық» алаңы, «Нұр Отан» партиясының ЖОФ ғимараты, 

    тел.: 8 (7262) 45-17-26, 8 701 555 90 51;

2. «Тараз-профсоюз турист» ЖШС – Тараз қ., Сәтбаев көшесі, 9 «А», тел.: 8 (7262) 42-50-50, 8 701 629 88 56;

3. «Жамбыл Сервис» ЖШС – Тараз қ., Жамбыл даңғылы, 123, тел.: 8 (7262) 34-42-43, 8 777 745 54 52;

4. «Золотой караван» ЖШС – Тараз қ., М.Х.Дулати көшесі, 111 «А», тел.: 8 (7262) 56-83-77, 8 777 667 44 47;

5. «Отырар Travel» ЖШС – Тараз қ., Абай даңғылы, 129 үй, тел.: 8 (7262) 45-66-56, факс: 8 (7262) 43-55-67.

6. «Қазпочта» АҚ-ы бөлімшелерінде, тел.: 96-34-32, 46-13-95, 45-21-35, 52-65-89, 31-03-44, 54-27-21.

жыл

25

Қазақстан Республикасының 



Қарулы күштеріне

ҚАлА-ҚАРБАлАс

2

  //   «Жамбыл - Тараз»  //  №14 (1354), 5 сәуір  2017 Жыл  //



 

„

Облыс әкімдігі жанындағы Ономастика  



комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің 

орынбасары ерқанат манжуовтың төрағалығымен 

облыстық ономастика комиссиясының кезекті 

отырысы өтті. 

атау беруде ойланған жөн!

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Басқосуда әуелі комиссияның хаттамалық тапсырмаларының аудандар мен Та-

раз қаласында орындалу барысы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді да-

мыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева хабарлама жасады. Басқарма 

басшысы өз сөзінде облыс орталығындағы 14, 15 ықшам аудандар мен 25 көшеге 

атау беру бойынша ұсыныстар жергілікті қоғамдық кеңестің отырысында және 

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауында 

қаралып, облыс әкімінің аппаратына жолданғандығын жеткізді. Сондай-ақ ол 

өңірде мән-мағынасы моральдық тұрғыда ескірген 7 ауылдық округ, 17 елді 

мекен, 868 көше, 24 нысан мен аудандарда қайталанатын 135 атау бар екенін 

тілге тиек етті. Бұл мәселе бойынша шаһарда 309 көше және 1 нысан бар екен. 

Және қалада 795  көше және 2 нысанның құжаттары жоқ екендігі анықталып 

отырғанын атап өтті. 

– Ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес, аудандар мен Тараз 

қаласында орналастырылатын көше аншлагтарының жаңа эскиз үлгілері 

бойынша біріздендіру жұмыстарына жұмсалатын қаражат көлемін анықтау 

мақсатында «Рысбаева және К» ЖШС мен «Искаков А.Д.» жеке кәсіпкерлігінен 

жаңа үлгідегі көше аншлагтарының нарықтық бағасы туралы ақпарат алынып, 

аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне тиісті жұмыстар жүргізу үшін 

жолданды. Аталған тапсырмаға сәйкес, Тараз қаласы бойынша жалпы 1462 

көшеге 114 млн 796 720 теңге қаражат қажет. 2017 жылы бұл бағытта 20 млн 

теңге қаражат қарастырылған, – дейді Ғалия Бектенқызы. Сонымен қатар 

басқарма басшысы ономастика саласын жүйелендірудің жолдары нақтыланып, 

бірізділікті сақтайтын қағидалар белгіленгенін атап өтіп, бірінші кезекте өңірдегі 

кездесетін мән-мағынасы моральдық тұрғыдан ескірген және қайталанатын 

атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау-

лармен өзгерту қажет екенін баса айтты. Мұнан кейін Жамбыл, Қордай, Меркі, 

Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандары әкімдері орынбасарларының хабарламалары 

тыңдалып, ұсыныстары қаралды. Ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарап шыққан 

комиссия мүшелері аудандардағы бірқатар ауылдар мен көшелердің атауларын 

ауыстырып, бекітті. 

Басқосу барысында мұнан өзге, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 

28 ақпандағы №17-388-5 бұрыштамасына сәйкес, нысандарға, елді мекендер 

мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау мәселелері 

бойынша тапсырмасы кеңінен талқыланды.

 

„

«нұр Отан» 



партиясы 

Жамбыл 

облыстық 

филиалының 

төрағасы, облыс 

әкімі кәрім 

көкірекбаев 

тұрғындарды 

жеке 

мәселелері 

бойынша 

қабылдады. 

бар мүмкіндік қарастырылды

Сейділдә ТӨРЕН

Аймақ басшысының қабылдауына алғаш болып келген 

шаһар тұрғыны, зейнеткер Қалдыкүл Төлегенова немересіне 

бір бөлмелі пәтер алуға көмек беруді сұрай келді. Зейнеткердің 

келіні қайтыс болып, ұлы қаңғырып кеткен. Бүгінде олардан 

қалған үш немересіне қамқоршы болып тағайындалыпты. 

Ол немерелерінің ең кішісі 12 жаста екен. Туберкулезбен 

ауыратын Қалдыкүл әжейдің өзі де пәтер кезегінде тұр. Өзінің 

кезегі келмесе де, қолындағы немерелері пәтер алса деген 

ниетін жеткізді. Зейнеткердің өтініші бойынша жауап берген 

қала әкімі Рүстем Дәулет оның пәтер кезегінде 780-ші болып 

тұрғанын, ал үлкен екі егіз немересі кезекте 1206-1208-ші 

екенін жеткізді. Сондықтан пәтер заң жүзінде өз кезегімен 

берілетіндігін алға тартты. Дегенмен Кәрім Нәсбекұлы шаһар 

басшысына зейнеткердің көтеріп отырған мәселесі бойынша 

комиссия құруды тапсырып, оның жағдайымен толықтай 

танысу керек екенін ескертті. 

Мұнан соң қабылдауға келген «Жамбыл облысы ІІО 

мен ҰҰ ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық 

бірлестігі филиалының төрағасы, ІІД бастығының кеңесшісі 

Өрнек Смаилов Ұлы Отан соғысының ардагері Ниязалы 

Сраиловтың атын Т.Рысқұлов ауданының Құлан немесе Абай 

ауылының бір көшесіне беруге ықпал етуді сұрады. 

– Ниязалы Сраилов соғыстан кейін Мәскеу милициясының 

құпия қызметінде жұмыс атқарған. Одан 1949 жылы туған 

еліне оралып, шаруашылық саласына көп еңбек сіңірген. 

1958 жылы Абай колхозының мүлкіне ұрлық жасаған 

бір топ қарақшыларды құрықтау кезінде қылмыскердің 

қолынан қаза тапқан. Кейінгі жылдары ол туралы мәліметтер 

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мұрағатынан табылды. 

Сөйтіп, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚР Ішкі істер 

министрлігінің ұсынысымен заңдылық пен құқық тәртібін 

сақтауды қамтамасыз етуде, әскери және қызметтік парызын 

үлгілі өтегені, ерлігі мен қайсарлығы үшін ҚР Президентінің 

Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. 

Енді оның Отан алдындағы және еліне сіңірген еңбегінің 

ерен  екенін  ескеріп,  тұлға  есімін  көшеге  берсе  деген 

ұсынысымыз бар. Мәселен, оның өзі тұрған көше қазір 

Молодежный деп аталады, – дейді Өрнек Смаилов. Бұл 

ұсыныс бойынша жауап берген Жамбыл облысы әкімдігінің 

тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева 

қазіргі таңда мән-мағынасы моральдық тұрғыдан ескірген 

және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары 

және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту 

жұмыстары жүріп жатқанын, бірақ кісі аттарына мейлінше 

шектеу қою қатаң ескертілетіндігін мәлім етті. Дегенмен 

Кәрім Нәсбекұлы Ұлы Отан соғысы ардагерінің ерлігі мен 

қайсарлығын ескере отырып, оның атына көше беру үшін 

Президент әкімшіліне хат жолдайтындығын жеткізді. 

Мәселе назарда.   суретті түсірген н.тұрғынбек.



 

„

қалада өтіп жатқан тазалық айына үн қосқан облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері 



басқармасының жастары «мәңгілік ел – жасыл ел!» облыстық жастар сенбілігін өткізді.

Толғанай АТАБАЙ

Шара барысында жамбылдық жастар тазалық, 

көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын 

жүргізіп, барлық игі істің басында жастардың 

жүретінін тағы бір дәлелдеді. Қаладағы жаңадан 

бой көтерген №1 қалалық аурухана маңынан 

бастау алған шара Қ.Сарымолдаев атындағы 

балалар  үйінде  жалғасын  тапты.  Жастармен 

Шара ортасынан табылды.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

Жастар игі іс басында

қатар, игі істің басынан табылған облыс әкімі 

Кәрім Көкірекбаев 150 түп алма ағашының бірін 

өз қолымен отырғызды. 

– Е л б а с ы н ы ң   « Қ а з а қ с т а н - 2 0 5 0 » 

Стратегиясының мақсаты – елімізді дамыған 

отыздықтың қатарына енгізу. Облысымыздың 

үштен  бір  пайызы  жастар.  Мемлекетімізді 

алға  жетелейтін  Бас  жоспардың  да  негізгі 

тетігі жастар екені даусыз. Міне, осы орайда 

Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің маңын 

абаттандырып, жасыл желекке бөлеуді қолға 

алған жастар басқармасы оңды істің ұйытқысы 

болып отыр. Аталған мекеме жанынан балалар 

жеті министрлік құрып, өздері басшылық жасап, 

бұл сенбілікке де белсенді түрде атсалысуда. 

Мұндай  маңызды  шараларды  ауыл,  аудан, 

қала көлемінде де қолға алып отырмыз, – деді 

аймақ  басшысы  Кәрім  Нәсбекұлы.  Жалпы 

өңірімізді  жасыл  желекке  бөлеп,  болашақ 

байлығымызды  күтіп-баптау  қажеттігін 

ескеріп, жастарымызды осыған мейлінше бау-

лимыз дейді ұйымдастырушылар. Ауа райының 

қолайсыздығына  қарамастан,  қолдарына 

құрал-сайман алып, еңбекке тартылған жастар 

шоғырын көріп біз де қуандық. 

–  Мемлекеттік  жекешелік  әріптестіктің 

тетіктерін  кеңінен  қолдана  отырып,  Меркі 

ауданындағы  екі  шаруа  қожалығымен  өзара 

келіскен болатынбыз. Олар бізге демеушілік 

есебінен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі 

аясында осындағы жеміс ағашының көшеттерін 

беріп отыр. Мұнда өңіріміз үшін негізгі сорт 

болып табылатын «Голден Делишес», «Талгар-

ская красавица» секілді алма-алмұрт ағашының 

көшеттері  отырғызылып  жатыр.  Өмір  сүру 

ұзақтығы  30  жылды  құрайтын  бұл  жеміс 

ағаштары небәрі 3-4 жылдың жүзінде өзінің 

жемісін береді, – дейді облыс әкімдігінің жастар 

саясаты мәселелері басқармасының басшысы 

Мәди Мәтен.

Көне  шаһарды  көріктендіруге  үлес  қосып 

жатқан  жастар  мұндай  игі  іске  қатысуды  

азаматтық парызымыз деп білген жөн дейді. 

– Сенбілікке облыс басшысының өзі бір кісідей 

атсалысып, шыбық қадап жатыр. Бұл өз ретінде 

мектебіміздің оқушылары үшін үлкен мәртебе. 

Мемлекетіміздің көркейіп, гүлденуі өзіміз өмір 

сүріп  жатқан  ортаның  тазалығынан  бастау 

алады. Сол себепті біздің мектеп оқушылары 

да сенбіліктен тыс қалмай, жұмыла еңбек ету-

де, – дейді мекеменің белсенді тәрбиеленушісі 

Сымбат Жұлдызбай. Сондай-ақ аймақ басшысы 

балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жүздесіп, 

мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №14 (1354), 5 сәуір  2017 Жыл  //

3

Жақында қОныс тОй



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ 

Аталған  аумақта  бүгінгі  күні  11 

тұрғын үйдің кірпіші қалану үстінде. Бұл 

үйлердің 6-ы қала әкімдігінің, ал қалған 5-і 

«Бәйтерек development» АҚ-ы тапсырысы 

бойынша  салынуда.  Мұндағы  үйлердің 

тең  жартысының  құрылысы  Тұрғын  үй 

құрылыс жинақтау жүйесі бойынша жүріп 

жатыр.  Сондай-ақ  2  үй  жалға  берілетін 

тұрғын үй мақсатында бой көтеруде. Олардың 

құрылысын  бүгінгі  күні  «Бином»  және                                                                                                  

«Агроспецстрой» ЖШС-лері өз мойындарына 

алған. Жалпы мұндағы үйлер 5 қабатты, жаңа 

үлгіде салынып жатыр. Әрі оларға қолданылып 

жатқан материалдардың 90 пайызға жуығы 

отандық өнімдер. Мұндағы пәтерлер алдағы 

мамыр айынан бастап беріле бастайды. Ол 

пәтерлердің құны шаршы метріне 116 мың 

теңге көлемінде болмақ. 

Шаһар  басшысы  Рүстем  Рысбайұлы 

жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің 

басында болып, құрылыстың барысымен та-

нысты. Құрылысты жүргізуші мердігер компа-

ния өкілдеріне жұмыстың сапалы жүргізілуін 

тапсырып,  оған  отандық  материалдарды 

пайдалану қажет екендігін жеткізді. 

–  80  пәтерлі  тұрғын  үй  салуды  өткен 

жылы бастаған болатынбыз. Құрылыстың 

негізгі жұмыстары аяқталып қалды. Мамыр 

айында жұмыс толық аяқталады. Бүгінгі күні 

сыртқы жұмыстарымен қатар, пәтерлердің 

сыртқы және бөлмеаралық есіктерін қойып 

жатырмыз. Су, газ жүйелері жүргізіліп қойды. 

Құрылысты жүргізу үшін ешқандай мәселе 

жоқ, – дейді «Жамбылхимстройинженеринг»                                                       

ЖШС-нің басшысы Юрий Минаков. 

Қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің бас-

шысы  Мақсат  Нұржановтың  айтуынша, 

мамыр айында «Бәйтерек development» АҚ-ы 

арқылы 4 үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 

тағы 6 үйдің құрылысы сол айда аяқталатын 

көрінеді. Бұған қоса, 2 жалдамалы үйдің іргесі 

қалану үстінде. Бұл үйлердің құрылысы келер 

жылдың ақпан айында аяқталады. 

ҚАлА-ҚАРБАлАс

Арайлым ШАБДЕНоВА

Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, ОІІД, ІІБ  жол-

патрульдік полиция батальонының жеке құрамы, «Айбын» әскери-

патриоттық клубы және қала әкімі мен қала әкімдігінің бөлім бас-

шылары қатысты. Салтанатты шеруге жиналғандар ескерткішке гүл 

шоқтарын қойып, қызмет барысында қаза тапқан ерлерді бір минут 

үнсіздікпен еске алды. 

– Жанынан арын жоғары қойған жерлесіміз, әріптесіміз Ғазиз   

Байтасов ішкі істер саласындағы алғашқы Халық қаһарманы. Поли-

ция капитанының ерлігі ел есінде. Лаңкестің жолын бөгеп, өз жанын 

қиған жерлесіміздің ерлігі, батырлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Баты-

рын ұмытпаған елі бүгінде түрлі іс-шаралар мен еске алу кештерін 

ұйымдастырып тұрады. Мұның өзі жастарға өнеге деп білемін, – деді 

ОІІД бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов. 

Сондай-ақ митингке қатысқан полиция капитаны Ғ.Байтасовтың 

жары Гүлжамал Тажиева: «Ғазиз тірі болғанда 46 жасқа келер еді. 

Өз өмірін елі үшін, халқы үшін қиып, қызметіне адал екендігін 

дәлелдеп, ұмытылмас ерлік жасады. Кеткеніне 5 жылдан астам уақыт 

өтсе де, оның жасаған ерлігін ұлықтайтын әріптестері мен халқы 

Бастысы – сапа.   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.



бейбіт күннің батыры

Ерлігі ел есінде.   суретті түсірген н.тұрғынбек.



 

„

қала әкімдігінің мәжіліс залында 



қалалық мәслихаттың кезектен тыс 

он сегізінші сессиясы өтті.

Арайлым БАқыТжАНқызы

Жиынды  қалалық  мәслихат  депутаты  Ғазизжан 

Мадимаров  ашып,  жүргізіп  отырды.  Сессияның 

жұмысына қала әкімі Рүстем Дәулет қатысып, күн 

тәртібінде үш мәселе қаралды. Алдымен №22 сайлау 

округінде өткен сайлау қорытындысы бойынша қала 

әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Паримбе-

ков баяндама жасады. Ол өз хабарламасында сайлаудың 

өту тәртібіне және сайлаудың жалпы қорытындысына 

тоқталды. №22 округ бойынша халықтың дауысын көп 

жинаған Батырбек Құлекеев депутат болып сайланып, 

сессияда салтанатты түрде куәлік пен төсбелгіге ие 

болды. Ал қалалық мәслихат хатшысын сайлау бойын-

ша хабарлама жасаған «Нұр Отан» партиясы қалалық 

филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Арын 

Асқарбеков хатшылыққа үміткер ретінде ұсынылған 

Батырбек Әбдірәсілұлының өмірбаянымен таныстыр-

ды. Үміткердің кандидатурасы бір ауыздан қолдауға 

ие болып, қалалық мәслихаттың хатшылығына №22 

округтен сайланған депутат Батырбек Құлекеев сай-

ланды. 

– Бүгінгі күн қала өмірінде тарихи күн болды. Де-



путат пен қала әкімдігі қоян-қолтық жұмыс жасайды. 

Халық үшін, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму-

ына әрқайсыларыңыз өз үлестеріңізді қосудасыздар. 

Халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрген 

халық қалаулыларының атқарып жүрген жұмыстары 

әкімдікпен етене байланысты. Мәслихат хатшысы 

болған Батырбек Құлекеевті халық біледі, таниды. 

Сізге  артылып  отырған  сенім  жүгін  абыроймен 

арқалайсыз деп сенемін. Бүгінгі жеңісіңіз құтты бол-

сын! – деді шаһар басшысы Рүстем Дәулет.



мәслихат хатшысы 

сайланды

Алтыншы шақырылған Тараз 

қалалық мәслихатының 2017 жылғы 

29 наурыздағы №18-4 шешімімен                         

Тараз қалалық мәслихатының                                                                       

хатшысы болып құлекеев 

Батырбек Әбдірәсілұлы сайланды

 

Құлекеев  Батырбек  Әбдірәсілұлы  1953  жылы 



туған,  білімі  жоғары. 

1979  жылы  В.И.Ленин 

а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ 

политехникалық 

и н с т и ту т ы н   « Тау -

к е н   и н ж е н е р і » 

м а м а н д ы ғ ы ,   2 0 0 6 

жылы  Гуманитарлық-

техникалық  институ-

тын «Есеп және аудит» 

мамандығы  бойынша 

бітірген.

Еңбек  жолын  1971 

жылы Талас ауданының 

Бостандық  совхозын-

да  жұмысшы  болып 

бастаған. 

1973-1974  жылдар  аралығында  «Суперфосфор-

строй» тресінде тас қалаушы;

1974-1980 жылдар аралығында «Қаратау» өндірістік 

бірлестігінде  бекітуші,  бұрғылаушы,  жарғыш, 

учаскенің бастығы;

1980-1985 жылдары Жаңатас кен басқармасының 

тау-кен учаскесінде жарғыш, тау шебері, учаскенің 

бастығы;

1985-1989 жылдары Жамбыл қаласының ұсақтау-

сорттау фабрикасының бастығы;

1989-1995 жылдары «Жамбылгипс» комбинатының 

бас инженері, директоры;

1995-1999  жылдар  аралығында  Гипс  және 

құрылыс бөлшектері мен конструкциялары бірлескен 

комбинатының бас директоры;

1999-2016  жылдары  Талас,  Байзақ  және  Жуалы 

аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

« Қ ұ р м е т »   о р д е н і м е н   ж ә н е   Қ а з а қ с т а н 

Республикасының әртүрлі дәрежедегі 10 медалімен 

марапатталған. 

«Қазақстан  Ре спубликасының  Құрметті 

құрылысшысы»,  «Ауыл  шаруашылығының  еңбек 

сіңірген қайраткері» атақтары бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

„

даңқ аллеясында халқының тыныштығы 



мен Отан үшін жанын қиған Халық 

қаһарманы Ғазиз байтасовтың туған күніне 

орай батырды еске алды. 

 

„

қала әкімі рүстем дәулет 



«арай» иінінде салынып 

жатқан тұрғын үйлердің 

құрылысымен танысты. 

бары қуантады. Артында қалған ұлдары Арманжан мен Әділжанның 

атынан барлықтарыңызға алғысымды білдіремін» – деді. Еске алуда 

Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Сымбат 

Жұлдызбай қаһарманға арнаған арнауын оқыды. Келесі кезекте 

облыс әкімдігі білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және 

мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының «Ай-

бын» әскери-патриоттық клубының мүшелері мен жасөспірімдерден 

құралған полиция академиясының мүшелері ант қабылдады. Ал бұл 

күні қаладағы барлық орта және жоғары оқу орындарында, жалпы 

білім беретін орта мектептерде Халық қаһарманы, полиция капитаны 

Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Ерлік сағаттары» өткізілді. 



4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №14 (1354), 5 сәуір  2017 Жыл  //



 

„

қала аумағында өтіп жатқан тазалық жұмыстарының барысы штаб отырысында қаралып, 



жұмысты әлі де ширату керектігі айтылды. 

елдік шараны елемегендер бар

ҚАлА-ҚАРБАлАс



тазалық өз 

ауламыздан 

басталады

Бүгінде шаһарымызда қала әкімінің 

бастамасымен 1 наурыз бен 1 мамыр 

аралығында қала аумағын тазартудың 

екі  айлығы  жүріп  жатыр.  Расында, 

түсінгендерге сенбілік тек мемлекеттік 

қызметшілердің  атқаратын  қызметі 

емес, бұл елдік шара. Сондықтан қала 

тұрғындары  тазалық  жұмыстарынан 

қалыс  қалмауы  керек.  Өйткені 

жалпыхалықтық сенбіліктің қоғамның 

назарын қала көшелерінің тазалығын 

сақтап,  экологиялық  мәдениетті 

қа лыпт астыруда  маңызы  зор. 

Қаламыздың  тазалық  жағдайы  мен 

көріктенуі, үйлердің сыртқы көрінісі 

мен  әрқайсысымыздың  тұрмыстық 

мәдениетіміз қарапайым ұғымдардан 

тұратындығын ұмытпауымыз қажет. Күн 

санап ажары тасып, көркейіп келе жатқан 

шаһарымыздың тазалығы барлығымыз 

үшін үлкен мақтаныш. 

Жалпы осы уақытқа дейін қаламызға 

келген қонақтар жақсы пікірмен кетіп 

жүрді. Өйткені олар келген кезде әуелі 

көзге  көрінетіні  –  жасыл  желек  пен 

көшелердің тазалығы. Бұдан кейін де 

біз  жүйелі  жұмыстарды  үйлестіріп, 

осы  алған  бетімізден  танбауымыз 

қажет.  Мұның  барлығы  облыс  пен 

қаланы басқарып отырған әкімдердің 

халықты  ұйымдастыруларының 

арқасы деп білуіміз шарт. Қазір қала 

көркі бұрынғысынан ажарлана түсті. 

Мәселен,  2015  жылы  шаһарымызда 

Қазақ хандығының 550 жылдық тойы 

дүркіреп өтті! Бұл мереке қарсаңында 

қалада бірқатар нысандар бой көтерсе, 

енді  біразына  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілді.  Олардың  қатарында  ше-

телден  келетін  қонақтардың  көзіне 

түсетіні – әуежай. Біздің облыстағыдай 

әуежай  елімізде  санаулы  ғана.  Со-

сын бері қарай «Тараз-Арена» спорт 

кешені мен оның қарсы бетіндегі Керей 

мен Жәнібектің еңселі ескерткіштері. 

Мұның барлығының тазалығына тек 

жауапты қызметкерлер ғана емес, әрбір 

қала  тұрғыны  жауапты.  Сол  себепті 

осындай  тазалық  жұмыстарының 

науқаны  кезінде  әрқайсысымыз  қол 

ұшын созуымыз керек. 

Өткен күзде қардың ерте түсуі сал-

дарынан жапырағы түсіп үлгермеген 

тал-дарақтар сынып, кей көшелердің 

көркі қашты. Сол кезде мемлекеттік 

қызметкерлерден  бөлек,  қала 

тұрғындары атсалысып, бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарған еді. Енді 

осы көктемгі тазалық жұмыстарына да 

бір үйдің баласындай ауызбіршілік та-

нытуымыз шарт. Осы екі айлық аясында 

талай жұмыстардың басы шалынды. 

Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан оның 

көркейіп,  гүлденуіне  әрбір  тұрғын 

бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды 

кез  келген  жерге  лақтырмай,  таза 

ұстауға атсалысуы қажет. Бірақ байқап 

жүргеніміздей,  әлі  де  болса  қала 

тұрғындары арасында тазалық шара-

ларына қатысуда масылдық танытатын 

азаматтар  басымырақ.  Ондай  әдетті 

қойып, тазалық жұмыстарын өз аула-

мыздан бастағанымыз абзал. Өйткені 

ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды 

таза  ұстаудан  басталатыны  белгілі. 

Кім есігінің алды шашылып жатқанын 

қалайды? Өз аулаңды тазалап сыпы-

ратындай, көшелерді де тазалауға на-

мыстанбау керек. Ал сізден балаңыз, 

балаңыздан  өзгелер  үлгі  алатынын 

ұмытпағайсыз!




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал