№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Әбжан Омарбаев ­ 100

«Оншақты жылдай басқа жақта қызметте болып елге қайтып келгенде Əбжекеңмен

көрші тұрдым. Тұрған үйіміз жайсыз болғандықтан жер алып үй салуды қолға алдық.

Қазақтың жақсы дəстүрінің бірі көршіге ерулік беру. Əбжекең де бізді ерулікке

шақырды. Дастархан басында:  Көшейін деп жатыр екенсің

ғой демесі бар ма. Үй салып жатқанымды көршіге айтпаған

едім, көшкенде бірақ білсін деп. Жақында бауырым көшіп

айырылыспақ бердік, оның орнына жаңа председатель

келіп ерулік бердім. 3-4 айдан кейін ол да көшіп кетті. 3-4

қойым бар еді бəрі кетті. Сен де көшеді дейді ғой. Ойбай,

мен алысқа кетпеймін ғой дедім. Сенің үйіңе бір бауырым

кіреді дейді, бір қойым бар еді соны соған сойып, саған қаз

берсем жете ме?-деді. Міне, осындай ашық-жарқын мінезі,

турашыл қасиеті басым, Əбжекең осындай азамат еді-деп

тебірене еске алды. 

Шымбайға батса да шындықты жазып, сатираны өмірінің

ажырамас бір бөлігіне айналдырған Əбжан ағаның

шығармалары алмас қылыштай өткір құрал болды.

Сатириктің уытты қаламынан туған «Кетеуі көп, кенеуі жоқ»,

«Тілемсектер мен тілектестер», «Бұзақылар мен араша-

шылар»  атты сын-фельетондары

бюрократизмнің бет-пердесін сыпырып алып, халықтың

талқысына түскен туындылардың бірі болды. Жалпы,

сатириктің сықақ əңгімелерінде  жүректілігі мен біліктілігін

анық байқауға болады. 60-70 жылдардағы «халық

бақылаушыларының» қалай жұмыс істегені, əсіресе, сауда

саласындағы жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың орын

алуынан «дефицит» аса қажетті халық тұтынатын

тауарлардың кезексіз үстел астынан кетуі жəне бəрі көбінесе

басшы қызметтегілердің қолына ғана тиюі Əбжан ағамыздың

«Контроль» атты сықақ əңгімесінде ащы мысқылмен баянда-

лады. Осындай сын-əжуаға толы шығармалары арқылы

халықпен өктем сөйлесетін басшыларға батыл жауап

қайыратын. 

Салтанатты шараның барысында мəдени-сауық орталығы

өнерпаздары Əбжан ағамыздың «Өлемін», «Тазалықты

үйретпеңіз» қойылымын сомдап, халықтың ықыласына бөленді.

Салтанатты шара соңында сөз алған сатира сарбазының қызы Сəуле апайымыз, əке

мерейтойына дайындалып жүрген бауыры Дулаттың аяқ астынан өмірден өтер ал-

дында апасына қоңырау шалып, «əкейдің 100 жылдығы аяқсыз қалып қоймасын»

деген аманатын орындағанын айта келе, осы мерейтойдың өтуіне ұйытқы болған ел

азаматтарына шынайы алғысын жеткізді.  

Иə, өзінің соңына шығармашылықтан

өшпес із қалдырған шанышпа тілдің шабандозы, сатираның сардары Əбжан Омар-

баев сатираның шикі

затын қарапайым

халықтың арасынан

іздеп, оны өз

шығармаларында сəтті

қолдана білді. Журна-

лист бола жүріп,

сатираның садағын

асынған сардар бетімен

кеткендерді дөп

нысанаға алып, дер

уақытында «тамырына

балта шапты». Орыс

ұлтының ұлы қайраткері

Н.Гоголь: «Өмірде

ештеңеден қорықпайтын

адам күлкіден қорқады» десе, атам қазақ ұрпағына «досқа-күлкі, дұшпанға-таба

қылма» деп тілеумен өткен. Сөздің соңын уытты тілдің ұстасы Əбжан ағамыздың

шығармашылығын кеңінен дəріптеп жүрген əріптесі, Қазақстанның Мəдениет

қызметкері, жерлесіміз, жазушы-журналист Мақсым Омарбековтың: «Ия, құдай

көкірегіне ерекше дарын дарытқан, өз өмірінде адалдық пен ақпейіл, ақжарма пейіл

ниетінен бір сəт те айнып көрмеген Əбжекеңнің рухы мəңгі жасайды» деген əріптес ле-

бізімен аяқтайын. 

]]]]Қарқаралы]]]]

51

Әбжан Омарбаев ­ 100


азақ қоғамында, ұлттық ұғымда адамның жақсылыққа  жақындығын

қарлығаш құсының тазалығына теңейтін дәстүр бар. Адамның адамға,

әсіресе, талант иелеріне көрсеткен көмегін, қолдау, қамқорлығын

«қарлығаш қанатымен су сепкендей» немесе «бұлақтың көзін ашты» деп

жатады. Сол рухани дәстүрдің бір түлегі Рымбала (сірә, дұрысы Ырым­

бала болар, әйтсе де ресми құжаттарында жазылғаны осылай) Кенжебалақызы

Омарбекованың алдыңғы буын ағалардың аялы алақанынан

қамқорлық көріп есейе келе, өзі де елге, өнерге

қамқор, қорған бола алғаны туралы

сөз реті келіп тұр.

Қ о ғ а м н ы ң

әдетте өнер, әдебиет,

мәдениет, ғылым жұлдыздарын тануы заңды.

Алайда, кейде сол жұлдыздарға да қамқорлық қажет

екендігін ескере бермейміз. Сол жұлдыздың бағын

ашқан адамдарға тіпті де сирек көңіл бөлеміз. Сөз жоқ,

шын талант­сирек құбылыс. Талантты танып, бұлақтың

көзін ашқандай, оның күрмеуін шешу де кез келген

қамқоршының үлесіне тие бермейтін жағдай.

Нұрғиса Тілендиевті  алғаш тауып, жолын ашқан

Ахмет Жұбанов, Бибігүл Төлегенованың ерекше дауы­

сын байқап, үлкен өнерге бағыттаған Галина Серебря­

кова, Асанәлі Әшімовті театрға жетелеген Асқар

Тоқпанов екендігін еске алсақ, талантты тани алған

ұлылар үндестігін байқаймыз. Сондай­ақ өнерге,

талантқа жанашыр адамдар тобы да бір бөлек.

Рымбала Омарбекова бүкіл өмірін, еңбегін, өзінің ықылас­ниетін дәл осылай­бойын

өнерпаздың «арқасы» кернеген, қанын ұлттың асыл мұрасы толтырған, болмысы

руханияттың кәусарымен сусындаған дарындар мен таланттарға қамқоршы болуға

арнаған азамат. Оның осы жолмен өсуі, көпшіл, қоғамшыл болуы, өнерлі адамды

танып, бағалай білуі, соларға риясыз көмек көрсетуге бейім тұруы мүмкін өзінің де

тегінен болар. Тіпті, олай болмаған жағдайда, өз басы да бір кісілік өнері, қабілеті

бар, өнерпаз болып, басқа біреудің қамқорлығын көріп жүрер ме еді...

... Орталық Қазақстан, бүкіл Сарыарқа өңіріне Рымбала Кенжебалақызының есімі

таныс, ел арасы, әсіресе, өнер орталары, әкімшілік­ұйымдастыру қызметкерлері

жылы лебізбен ауызға алады. Мұндай мәртебе мен құрметке, әрине, Рымбала бауы­

рымыз тек Қарқаралыдай туған жері, шыққан тегі үшін ие болып отырмағаны да бел­

гілі. Оның артында ұзақ жылғы өлшеусіз еңбек, тынымсыз ізденіс, адамдарға деген

таза қарым­қатынас әрі солардың қадірін білерлік зиялылық жатқаны шүбәсіз. Осы­

лайша түйіндеуге көп жылдан бері, сонау Қарқаралы ауданы комсомолының жетек­

шісі болған сәттен бастап, одан кейінгі кезеңде Қарағанды облысының

басшылығындағы бірге атқарған қызметіміз бүгінге дейінгі өзара сыйластық,

түсіністігіміз бен қарым­қатынасымыз, елдің игілігіне, өнер мен мәдениеттің

өркендеуіне оң ықпалын тигізіп, көпшілік ықыласына бөленіп жүргені негіз бола алар

деп ойлаймын.

Осыған орай, бір кезең, бір мақсат, мүдде бағытында 1987­1990 жылдары Қарағанды

облысында атқарылған кейбір істерді еске ала кетудің еш артықшылығы да бола

]]]]Қарқаралы]]]]



52

Рымбала Омарбекова - 70 жаста

Қуаныш СҰЛТАНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

Қ

ҚАРҚАРАЛЫ



 ҚАРЛЫҒАШЫ

]]]]Қарқаралы]]]]

53

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

қоймас.


Ол кезең ел есінде М.Горбачевтің КСРО қоғамын қайта құру, оны демократиялан­

дыру саясатымен есте қалса да, ұлтаралық қарым­қатынас, ұлттық тіл, өнер, мәдениет

мәселелерінің шешілуі әлі де Мәскеудің қатаң қадағалауында болатын. Әсіресе, ру­

хани, мәдени, өнер, тарих, тұрмыс­салт мәселелеріне қатысты дүниелер Мәскеусіз

шешілмейтін. Бүгінгі қоғамға солай болғанын айтып түсіндірудің өзі қиын.

Қазақстанда Дінмұхамед Қонаевтан кейін Г.Колбин келіп, күн сайын құйқылжытып

«бір жаңалық» ашып тұратын әрі дүрбелең, әрі ел іші наразылық пен қайшылыққа

толы дүбәрә кезең. Желтоқсан жарасы жазылмай­ұлттың сағы сынып, көкірек шерге

толы, көңіл күпті, болашақ бұлыңғыр күй кешіп жүрдік. Оның үстіне 1987 жылы

көктемде КОКП Орталық Комитеті қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы

шеруін «қазақ ұлтшылдығы» деп бағалап, арнайы қаулы қабылдаған. Солай болса

да, сыртқа  сыр білдірместен Коммунистік партия  Орталық басшы орындарының

тапсырмаларын орындап, облыс жұртшылығының бірлігін, ұйымшылдығын

қамтамасыз етіп, экономикасының үздіксіз өсу шараларын тұрақтандырып жүріп

жаттық.

Сол тұста Рымбала Кенжебалақызы – Қарағанды облыстық атқару комитеті



төрағасының орынбасары мен – Орталық партия комитетіндегі жоғары лауазымды

қызметтен келіп, Қарағанды облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хат­

шысы қызметтерінде болдық. Әсіресе, аталмыш қаулыдан кейін Колбин «ұлт

мәселесін» үдетті­ақ. Сондағысы­«қайта құру» тұсында КОКП Орталық Комитеті

айрықша екпін беріп, «желтоқсан» көтерілісінен кейін жаңа пәрменмен айтылған

«жоғары оқу орындарында студенттер арасында, коммунистер арасында, комсомол­

дар арасында қазақтың үлес салмағы артып кетіпті» сыңайлы жел сөз, негізсіз

кінәлаулар, сол арқылы бәріне тежеу қою. Облыстың бірінші басшылығынан келген

адам да, КОКП Орталық Комтетінің инспекторы болған, ресейлік, бұрын

Қазақстанды көрмеген, білмеген. Бар талабы­тек Мәскеу тұрғысынан.

Рымбала екеуіміз қызметімізге қарай облыстың барлық саяси, идеология,

әлеуметтік, қоғамдық, мәдени, рухани өміріне жауапты болдық. Уақыт пен талаптың

қиындығы да, қайшылығы да молынан, проблемалар мен жоқшылығы, кетігі мен

кемшілігінің шеті де, шегі де  жоқ, сөзі мен дауы көп жағдайда, сөздің қысқасы «өгізді

де өлтірмей, арбаны да  сындырмай» жұмыс істеуге тура келді. Қарағанды облысы ол

кезде де қазіргідей Қазақстан экономикасының ең сүбелі бөлігін құрайтын, негізгі

үлес салмағы  тау­кен өндірісі, көмір, металлургия, машина  жасау өнеркәсібімен бай­

ланысты. Барлық   салаларда қазақтардың үлес салмағы өте төмен. Облыс бойынша

қазақтардың саны 17­ақ пайыз, олардың жартысынан астамы өз ана тілдерінде

сөйлемейді, қалаларда қазақ мектептері жоқ. Барлық жерлерде бірінші басшылар

басқа ұлттар өкілдері... айта берсең, мәселе шашетектен.

Осындай жағдайда ұлттық құндылықтарды сақтау, оны өркендетіп, ел иігілігіне жа­

ратуды біз өз міндетіміз санадық. Ол кезде бізден ешқандай ресми орын, әсіресе,

жоғарғы саяси билік қазақ ұлтының бар­жоғын сұрамайтын, керісінше сұрайтыны

интернационалдық тәлім­тәрбие, басқа ұлттардың «аман­есендігі», олардың сұраныс­

тілектерінің орындалуы, қазақтың  мейілінше орыстануы болатын. Бұл тоң  кейін

Орталық Комитеттің идеология саласының хатшысы, бөлім басшысына Өзбекәлі

Жәнібеков пен Мырзатай Жолдасбеков келген соң ғана жібіп, жаңа бетбұрыс ала ба­

стады.

Кейбір «ұлтжандылар» бүгінгі күннің ауанынан кеңес заманындағы ұлт мәселесі ту­



ралы сөз қозғағанда батырсынып, «өйту керек еді, бүйту керек еді» деп көсілтіп жа­

татыны да бар.  Оларға не айтуға болады? Олар сол кездің шынайы жағдайын біліп,

сезініп, түсіне алмаған, сол кезде бір мәселе шешіп көрмеген адамдар болған соң,

сөзді қор етіп қайтерсің? Тіпті әжептәуір «қазақпын» деп жүрген кейбір азаматтар

қазақ мәселесін сыр етіп айтсаң­өзіңе күдікпен қарап, аяғын тартыңқырап,

сақтандыру шағымын да «ізін суытпай»  жаза қоятын жағдайларды да басымыздан

өткізгеніміз шындық.

Рымбала Кенжебалақызы ұзақ жылдар бойына Қарағанды облысының бүкіл

әлеуметтік саласына барынша араласып, көп еңбек сіңіре алды. Өңірдегі облыстық


]]]]Қарқаралы]]]]

54

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

аурухана кешені, диагностикалық, кардиологиялық орталықтардың, спорт

кешендерінің, оқу орындарының, балалар бақшаларының құрылыстары мен олардың

нәтижелі жұмысын  ұйымдастыру сияқты атқарылған қыруар жұмыста Рекеңнің

жанашырлығы мен қамқорлығының еңбегінің ізі жатыр.

...Бірде елдегі тарихи мұра, ұлттық құндылықтар туралы пікір алыстық, ХІХ

ғасырдың екінші жартысында Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаев Қарқаралы уезінде

аға сұлтан болып тұрғанда Қарқаралы қаласында салдырған мешіт туралы қандай

құжат, дерек барын кеңінен талқыладық. Барлық құжаттарды мұражайдан алдыр­

тып, жүйеледік. Қарқаралы өңірінің ой­шұқырын, қалқа, қалтарысын, тарихи елеулі

оқиғаларын, адамдарын терең білетін ғұлама ғалым, арабтанушы, фарабитанушы

Ақжан Машановты елге шақырып, бірнеше күн бірге жүріп, барды­жоқты көзімен

көріп, тарихтың аумалы­төкпелі аласапыранын басынан өткізген көнекөз білгір

ағамыздың әңгімесіне мейлінше қаныққанымыз әлі жадымда. Сол тұста Өзбекәлі

Жәнібеков мәдениет министрі болды. Министрліктің құзырында «Казреставрация»

дейтін тарихи  ғимараттарды қалпына келтіру ісімен шұғылданатын жұмыс жоспа­

рына Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінің құрылысын енгізу қажет болды. Өзекең

осы саланың ең білгірі болатын. Ақылдасқанда  ол кісі: «Сендер мешіт десеңдер, оның

үстіне Құнанбайдың атын айтсаңдар, ешқандай жоспарға енгізе алмайсыңдар.

«Абайдың медресесі», әрі, «құрылыс емес, «реставрация», яғни «қалпына келтіру» деп

қағаздарды әзірлегендерің жөн болар» деп ақыл берді. Шын мәнінде мешіттің орны­

нан басқа ешбір белгісі жоқ болатын.  Өзекеңнің  жоғарыдағыдай кеңесі пайдалы

болып, Мәскеудің жобаны бекітетін, қаржы бөлетін деңгейлерінен аман өткіздік.

Міне, осы мешітті бүгінгі қалпына келтірудің саяси шешімі мен барлық құрылысқа

қажетті майқарағай бөренелерінен шегесіне дейінгі шаруашылығын Рымбала

Кенжебалақызымен бірлесе, ақылдаса, мұқият қадағалай жүріп жүзеге асыра алдық.

1987­1989 жылдары Қарағандыда «Октябрь» кинотеатрын қайта жөндетіп, орнына

«Шалқыма» камерлік концерт залының ашылуына қол жеткіздік. Жаңа концерт

залының шаңырағының астында Тәттімбет атындағы ұлт­аспаптар оркестрін

ұйымдастыруымыз облыстың рухани  өміріндегі елеулі оқиға болды. Облыста сон­

дай­ақ, симфониялық оркестр, қазақ, орыс, неміс драма, музыкалық драма театрлары,

цирк, тағы басқа орталықтар халық сұранысына сай еңбек етіп, оларға қажетті

әлеуметтік­тұрмыстық жағдай туғызып, олардың барлық тұрмыс­тіршілігін

материалдық­техникалық жабдықталуын, сырттан шақырылған музыканттардың

қалаға орналасуын, тағы басқа толып жатқан ұйымдастыру жұмыстарының

атқарылуына қажымай, ренжімей жүріп, облыстық партия комитеті басшыларымен,

өнер қайраткерлерімен, барын салатын да осы біздің Рымбала болатын. Осы

мәселелердің орынды шешілуіне облыс, қала басшылары бірлесе жұмылатын.

Облыстың рухани, мәдени өмірінің қалыптасуына сол кездегі Қарағанды қаласының

басшысы Шәймерден Әбілмәжінұлы Оразалиновтің да еңбегі орасан болды. Бұл

орайда 1988­1989 жылдары Қарағанды қаласының өнер, мәдениет салаларының

қызметкерлеріне сексеннен астам пәтер берілгендігін айтсақ та жеткілікті.

Жоғарыда айтқанымыз – Рымбала Кенжебалақызының еңбегінің екі­үш жылдағы

өзім куә болған кейбір көріністері ғана.

Рекеңнің өмір бойғы ұстанымы «қанатымен су сепкен қарлығаштай» болып, өнерге,

өнер тұлғаларына көмектесу, өнерді өрге бастыру дейтініміз де сондықтан. Тынымсыз

еңбегі, адамгершілігі арқылы еліне танымал болды, абырой жинады. Сыйластық пен

достыққа айрықша тазалығы достарын көбейтті. Қызметі негізінен орталық бір об­

лыста болса да Қазақстанның әр өңірінде Рымбалаға тілектес достары баршылық.

Соңғы жылдары «Нұр Отан» халықтық­демократиялық партиясының Қарағанды

облыстық бөлімшесінде лауазымын жаңа бастаған жас мамандай болып, шапқылап,

көптің де жанын тындырып, істің те етек­жеңін жидырып жүрген қормал­осы біздің

Рекең.

Сол мінезі, сол еңбегі үшін Рымбала Кенжебалақызын білетін жұрт қалай



құрметтесе де лайық.

гіндібұлақтан кештетіп шыққан «Волга» машинасы түн ортасы ауа

Қарағайлы кентінен аса бере алыстан, тау басынан жалындаған өрт

көрінді. Алдыңғы  орындықта  бір қырынан бұрылып сергек көңілмен

әңгіме айтып отырған Қайрекең /облыстық мәдениет басқармасының

орынбасары Қайырбек Садуақасов/ тыңдаушысы артқы орындыққа

жайғасқан Рымбала Кенжебалақызы екеуміз. Әңгіменің арқауы  бүгінгі ме-

рейтой иесі аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Асқаров Серіктің

мерейтойының тамаша, қызықты, думанды өтуі жайлы өрбіп келе жатқан.

Бір уақытта  оқыстан Рымбала Кенжебалақызының жан дауысы шыға:

«Қарқаралы тауы өртеніп жатыр. Анау  Комсомол шыңының төбесіндегі өрт...

Құдайым-ай, биікке қалай шығады... қалай сөндіреді... енді»,-деп жалбарына

дегбірсізденіп жылап қоя берді. Тездетіп Қарқаралыға жеткенде жол

айырығында,  қосымша өрт сөндірушілер отряды мен солдаттарды күтіп

тұрған өрт сөндірушілерді  көргенде  командиріне жүгіріп барып: «Сіздер тез

барып сөндіре беріңіздер, біз осы жерде тосып алып  жол көрсетіп жібереміз»,-

деп жаны шыға жалбарынғанын көргенде Қайрекеңнің: «Шіркін, туған жерге

деген неткен ыстық махаббат, неткен жанашырлық», -деп  сүйсіне айтқаны

есімде. Шындығында  да Рымбала Омарбекова тек туған жеріне ғана емес,

елінің әр түкпіріндегі қолайсыз жағдайларға, табиғи апаттарға үлкен

жанашырлық танытады, қол ұшын беруді, ат салысуды азаматтық  борышым

деп біледі. Бұл апайдың үйренген ісі емес, ана сүтімен бойына дарыған, әке

өсиетімен шыңдалған өмірлік принципі.

Менің апаймен танысуымның өзіде қызық. 1983 жылы театрға директор

болып тағайындалған алғашқы күндердің бірінде кешкі спектакльге ақ

жаулықты бір ұзындау, екіншісі аласа бойлы, тап-тұйнақтай жинақы киінген

екі шешей келді. Қазақи үлгідегі  шапан, жадырай  амандасу, әдеппен сөйлесу

мәдениеттері, жөн білетін үлкендер екенін көрсетіп тұр. Ол кезде  ұлттық

киімде киіну өте сирек. Қолдарындағы шақыру билеттерін көріп, кімдер еке-

нін білейін, кімнің туысы екен деп киім шешетін жерге келіп амандасып, би-

леттерін көрсем не менің, не  орынбасарымның қолы емес. Мәдениет

басқармасынан ба дейін десем бастық М.Рымжановтың  қолына ұқсамайды.

Сосын жәй күлімдеп: «Апа, мына билетті кім берді?»,- деп сұрап едім, кішкене

келген сүйкімді шешей: «Рима берді»,-деді де, менің танымайтынымды

түрімнен байқады білем: «Менің қызым Рима, обком партияда істейтін.

Білмейсің бе?-деп танырқанып қалды. Ол кезде  міндетті түрде облыстық пар-

тия комитетінің мәдениет бөлімінде әр театрдың шақыру билеттері болатын.

Обкомнан келетін қызметкерлер сол жерден шақыру билетін алып хатшы,

бөлім бастықтары міндетті түрде келіп тұратын.

Киімін шешініп болған соң: «Қай жақтың баласысың?»-деп сұрады. Мен

Ақжайықтан екенімді, туғандарымның сол жақта екенін айтқанымда: «Е, ай-

налайын, жақсы жердің баласы екенсің. Туысқандарың алыста екен ғой,

Римаға айтайын көз қырын сала жүрсін. Түрің жылы бала екенсің»,-деп емі-

рене аналық жүрегімен бауырына  тарта сөйледі. Бастапқыда ренжітіп алдым

ба дегендей, менің абыржып қалғанымды сезіп, көңілімді сейілтіп жатыр.

Жайын біліп өзім де  марқайып қалдым. Келесі бір спектакльге келгенде: «Ди-

ректор балам қайда, тауып беріңдерші»,-деп кезекшілерді жұмсап жіберген

екен, «бұл кім болды екен?»,-деп барсам өткендегі екі шешей. Күлімдеп билетті

көрсетіп: «тағы да Рима берді. Сені айтып тапсырдым. Ініңдей қамқор бол, елі

алыста екен»,-деп айттым. «Көмек керек болса ұялма барып айт, көмектеседі.

Фамилиясы Омарбекова»-деп ыждаһаттап сыртынан табыстырып жатыр.

«Сені біледі екен, жақсы ойнады, Қозыда керемет көрінеді деп мақтап жатыр.

]]]]Қарқаралы]]]]



55

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

ТАУДА ГҮЛДЕГЕН ЕҢЛІКГҮЛ

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Е


]]]]Қарқаралы]]]]

56

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

Өзің ойнағанда бізді шақырсаңшы, біз де ойыныңды  көрейік»,-деп көптен

көрмеген бауырын кездестіргендей аманат қылып айтып жатыр. Шіркін, Ана

көңілі. Сол шешеміздің жайма шуақ аманаты ма, Рымбала Кенжебалақызы

маған шынында да  үлкен қамқор болды. Көп жағдайда басшы ретінде емес

туған апамдай жүрегі қан жылап отырып  ұрысатын. Жасыратын несі бар,

кейде асқақтап жүріп шеттен шығып кеткенде, ұзын құлақтан естіп, оңаша

шақырып алып шаңымды қағып-қағып алатын. Айтқан сөздерінде ұрыстан

гөрі, жанашырлық басым, ұялтудан гөрі, қиналысы басым болатын. Ондай

сөздің тек туған баласына анасы, не туған інісіне жанашыр әпкесі ғана ай-

тады. Баласының тентектігіне қиналған ананың, «қарғайын десем жалғызым,

қарғамайын десе жалмауызым» кейпінде шығатынмын. Сол тәрбиесінің

арқасында мен көп жағдайды дұрыс таразылап, ақ пен қараның, жалған

күлкімен адал ақиқаттың ара жігін айырып, адамға тек шексіз жақсылық

жасап кешірімді, кең болуға үйрендім.

Басышы ретінде Рымбала Кенжебалақызы жұмысқа өте кірпияз, талапшыл.

Ол кісіде жалпы істей салайық, өтсе болды деген немқұрайлық болмайды.

Өтетін іс-шара міндетті түрде алдыңғы шаралараға ұқсамайтын және

көркемдік дәрежесі биік болуы шарт. Еш уақытта қайталауға жол бермейді.

Міндетті түрде өзі қадағалайды. Сенбегендіктен емес, талапшылдығынан,

көркемдік дәрежесінің қандай деңгейде екенін өз көзімен көріп шыңдау үшін.

Және ештеңені ұмытпайды. Бірде Алматының үлкен жазушыларының біріне

мерейтойына байланысты құттықтау адресін жазуға берді. Жасыратыны жоқ

көп ақын жазушылардың шығармасын білесің,  жазғандарына сүйсінесің, өзін

азамат ретінде танысаң, қолға қалам алсаң болды, жүрегің алып ұшып, ойдың

желісінен қалмай жазып тастайсың. Ал, енді жазғандары жүрекке жетпейтін,

әсіресе, тарихты  қобыратып бәрін қамтығысы келгенмен, суы азайып әр же-

рінен бөлектеніп, тартылып қалған өзендей шығармалары бар ақын-

жазушыларға келгенде қиналатыным бар. Қолым  жүрмейді,  бірақ бастық

айтты орындау керек. Бұрынғы құттықтау жазғандарымның бәрін тауып

алдым да   шығармаларының атын өзгертіп, кейбір сөздердің баламаларын

тауып, алған атақ марапаттарын тізіп, аяғында «жүрек жарды»

құттықтауларды аямай жазып, апарып бердім. Түстен кейін  апай шақырады

дегенде барсам, қабағы түсіп кеткен, менің жазған құттықтауымды өзіме

қайтарып: «Мынау былтырғы пәленшеге жазған құттықтауың ғой. Ықылассыз

жазғансың. Кішкене жүрекпен  жазбайсың ба?»,-деп ренжіп отыр. Жағамды

ұстадым. Шынында да апайдың айтқан адамына 2-3 жыл бұрын жазған

дүниемнен көшіріп алғаным растын. Апай білмейді ғой «қатырдым» деп от-

ырсам өтірігімді ұстап алды. Сонан соң әрқайсысына өздеріне тән дәрежесіне

қарай әр түрлі жазатын болдым.

Рымбала Кнжебалақызының жақсы қасиеттерінің бірі ақылдасып қызмет іс-

тейді. Өнермен мәдениетті түсінетін Қарағандыдағы зиялы қауым өкілдерімен

тығыз байланыста. Кейбірін республикалық дәрежеде өткізілетін іс-шараларға

арнайы шақырып, ақыл-кеңесін алып тұрады. Әсіресе, өнердің қай саласы

болмасын түсінігі мол марқұм академик Ғ.Құлқыбаев ағамыз республикалық

театр фестивалінде қазылар алқасының мүшесі болып, еліміздің түкпір-

түкпірінен келген театр артистерін өзінің драматургия жөніндегі білімімен

таңдай қақтырған. Кейбір театр  сыншыларының ойына келмеген сыни көз

қарастарын айтып, актерларға, режиссерларға, суретшілерге тың мағұлымат

берген болатын. Ал, профессорлар Б.Аймағамбетов, Т.Көкетаев, Н.Дулатбе-

ковтер, ұстаз-ақын апайымыз М.Шәріпова әрдайым өнердің ақылдасар

қамқоршылары.

Бірде бұлжымайтын әдетінше үлкен іс-шара өткізердің алдында барлық

ұжым мүшелерінің басшыларын шақырып алып, ойларын тыңдады. Бәріміз

ойымызды айтып жатырмыз, айтып жатырмыз, апай «жоқ, жоқ, нужен экс-

клюзив» деген сөздің төркінін түсінбей «ол не?»,-деп сұрап едім, бағанадан бері

бастары қатып, ойлары жан-жаққа тарап кеткен әріптестерім бәрі шек сілесі

қатып күлсін. Апай да күлкісін тоқтата алмай, «бұрынғыны қайталамай, тың

дүние табайық деген мағынада айтылады»,-деп түсіндіріп жатыр. Содан кейін

бәрі жаңа іс-шара болатын болса: «Кеңке, эксклюзив бар ма?»,-деп


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет