№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.

бет8/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

45

Әбжан Омарбаев ­ 100

Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ,

Қазақстанның мәдениет қайраткері.

Қарқаралының құрметті азаматы.



Қарымды қаламгер

ƏБЖЕКЕҢ

Мен көп жылғы журналистік қызметімде  журналист – жазушылармен

қызметтес болдым. Олар: Ғабдиман Игенсартов, Сапарғали Лəмбеков, Əбікен

Бақтыбаев,Шаймаран Мезгілбаев, Əбжан Омарбаев, Айташ Омаровтар еді.

Алдағы ағаларым өз кезінде маған да моральдық қолдау көрсетті. Қазақстанның

Халық ақыны Ғабдиман Игенсартов «Мақсымның келешегінен күтеріміз көп»

деп сəт-сапар жазды.

Əбжан Омарбаев: «Сен менің жастық шағымды еске түсіресің. Ешкімнен

қорықпай, сын мақаланы көп жазушы едім» дейтін.

Осы тамаша қаламгерлер туралы көздері тірі кезінде де, кейіннен де талай

естелік жаздым. Олар бірнеше кітаптарға да кірді.

Бүгін, міне, тамаша сатирик жазушы, классикалық «Кəрлен кесе» кітабының ав-

торы Əбжан Омарбаевтың 100 жылдығына орай төмендегі эссе – естелікті

ұсынып отырмын.

1. Ащы əзілдің күші

Шек-сiлеңдi қатыратын кəдiмгi күлкi

адамның ғұмырын ұзартатын құбылыс

деп жүрмiз. Әділетiнде күлкiнiң күшi

күмбiрiнде емес, зiлiнде ғой. Ойлы күлкi

əрi ащы, əрi тəттi. Көлегейi жоқ,

күмiлжуден ада көсем күлкi шешен дом-

бырадай жаныңды желпидi, ауаны

iркiлген иiс-қоқыстан тазартады.

Баспасөз саласында 40 жылдан астам

еңбек еткен Әбжан Омарбаев

шығармашылығының салмақты да

сүбелi жағы сатирада десек,

қателеспеймiз. Бұл саладағы

тiлмарлығы мен дiлмарлығы Әбжекеңдi

қазақ сатирасының санаулы

сарбаздарының бiрi дегiзедi.

“Кəрлен кесе” - Омарбаев

шығармашылығының ортасынан ойып

орын алатын орнықты дүние. Атал-

мыш жинақтағы түйенi түгiмен

жұтатын жайын ауыз жемқорлар, мен-

менсiп жүрiп мелдек ататын топастар,

жең ұшынан жалғасуды кəсiп еткен

жылпостар, əдеби кейiпкерлерi

Зақариялар мен Жарылғаптар,

Сəмтiкбайлар мен Бөспебайлар, бiреуге

күлкi, бiреуге түрпi дегендей, өмiрде өз

иесiн, өз адресiн баяғыда тапқан. Қазiр

де жетерлiк...

Адамдар арасындағы жалтақтық пен

жағымпаздықты, күншiлдiк пен жершiл-

дiктi мысқылдың өткiр жебесiмен iлген

Омарбаевтың сықақтары нысанаға дөп

тиiп жатады. Жазушы

тұғырнамасының айқындығына орай

Омарбаевтың тiлi жұмыр да шымыр,

əжуасы мол ажарлы болып келедi.

Әбжекең көпшiлiкке  белгiлi “Кəрлен ке-

седен” кейiн де бiрқатар əңгiме, пове-

стер жазды...

2. “Кəртаймайтын” көк қасқалар

Кезiнде оқырман қауымнан ерекше баға

алған “Барбарис” атты сықақ əңгiмесi

“Жұлдыз” журналында жарқ етiп

шыққаны есiмiзде.

Әңгiме: “Қоңдылау бiр мекемеге келе

жаттым,” - деп басталады. Тегiнде

Әбжекеңнiң бiрiншi жақтан баяндала-

тын шығармаларының бас кейiпкерiнiң

бастан өткерген сəттерi көбiне-көп өзi

көрiп-бiлген оқиғалар болып келедi.

Әбжекеңнiң қоңдылау мекемесi-ау-

партком мекен-жайы. Сыртқы есiктiң

алдынан бiрiншi хатшыға жақын

жүретiн көмекшiсi шыға келiп:

- Бұл не басынғандық? - деп дүрсе қоя

берiптi.

Сасып қалған автор артына жалт

]]]]Қарқаралы]]]]

46

қараса, бiр қоңыр күшiк аупарткомға

iлесе келiптi ғой соңынан.

Одан əрi оқиға былайша өрбидi:

“- Менiкi емес…

- Сенiкi болмаса, неге ередi соңыңнан?

- Бiлмеймiн, шамасы осында иесi болар.

- Не қылған иесiсi, кiм ол? - деп көмекші

қусырып барады.

- Құлағын кесiп алсаң, бастығыңның

күшiгi!

Ойпырай, жағымпаздың сасқаны-ай...” 

Мұнан кейiн, Әбжекеңнiң баяндауынша

ол тiптi басқа дүниенi ұмытып,

күшiкпен əуре болып кетедi. Иттi ерке-

летiп, “Iштеңе жейсiң бе өзiң, Топка,

топ”, - деп қояды.

“- Бастықтың итi ғой, ептеп кəмпит

қақпаса, басқа тамаққа зауқы жоқ

шығар, - дедiм терiс айнала берiп.

Кiм бiлсiн, қалтасына кəмпиттiң қалай

түскенiн. Сiлтеп қалды. Ит қағып

түстi. Тағы бiр... Ит бiрiнен де

жаңылған жоқ”, - деп жазады автор одан

əрi.

Осылай тұрғанда, iштен бастық шыға

келiп көмекшісіне  “қайда жүрсiң” деп

тықсыра жөнелмесi бар ма. Сөйтсе,

бастықтың үйiнде күшiк түгiлi, мысық

та жоқ болып шығады. “Не көкiп

тұрсың?!”

- Жүр кабинетке, - деп бұйырды

бастық. Одан кейiнгiсiн бiлмеймiн...

Әңгiме осымен аяқталады.

Қандай өтiмдi де өткiр сықақ?!

Қырғи тiлдi, қыран мiнездi Әбжекең

əншейiнде былайғы қарапайым

адамдарға мұрын шүйiрiп қарап, ал

қашанда iсi түсетiн басшылардың ал-

дында күнбағыстай иiлiп, хамелеон жы-

ланша құбылып тұратын жаны сiрi

жағымпаз пенделердi ұтымды деталь,

уытты кекесiнмен жер-жебiрiне жете

əшкерелеп, жексұрын бейнелерiн

жалғанның жарығына сүйреп шығарған...

Әбжекеңнiң сықақтары қай уақытта

өткiр, көкейкестi мəселелердi қамтып,

сол арқылы қоғамдық проблемаларды

ашуға ұласатын. Айталық, осыдан 15-

20 жыл бұрын ғана сауда саласында жең

ұшынан жалғасу, дефицит

тауарлардың кезексiз кетуi өрттей

қаулап тұрды ғой. Үндi шайы да, ше-

телдiк гарнитур, етiктер де

бастықтар мен жемқорлардың иелi-

гiнде болатын. Аупартком, обком,

ауаткомның басшы қызметкерлерi

азық-түлiктiң дəмдiсi мен арзанын, киiм-

кешектiң тəуiрiн ерекше тiзiммен ке-

зексiз алуға құқылы болатын.

Әбжекең қоғамды жайлаған осы бiр ке-

селдi “Контроль” деген сықақ

əңгiмесiнде ащы мысқылдың объектi-

сiне айналдырған. Сол 60-70

жылдардағы “Халық

бақылаушыларының” қалай “жұмыс”

iстегенi қойма меңгерушiсi Бұршақбай

мен “контрольдың” арасындағы басы

қатты басталып, аяғы “сен - маған, мен

- саған” деген мəмiлемен аяқталатын

оқиға үрдiсiнен айқын көрiнiс тапқан.

Бiр қызығы, автор Әбжекең

“контрольдың” атын атап, затын

түстемейдi. Өйткенi, ондай

“бақылаушылар” мен бастықтар бұрын

да болған, қазiр де баршылық. Демек,

типтiк кейiпкер...

Жазушы ұстанымының саралығына

орай Омарбаев əңгiмелерiнiң тiлi жұмыр

да шымыр екеніне оқырман көзі анық же-

теді. Ол шығармасының композициясын

селкеусiз құрып, серпiндi дамыта бiледi,

түр мен мазмұн тұтастығы берiк

сақталады.

Жоғарыда айтқанымыздай, Әбжекең

көпшiлiкке белгiлi “Кəрлен кесе”

жинағынан соң көптеген əңгiмелер

жазды. Сатирик жазушы өзiнiң

шығармашылық концепциясына адал -

бұл көркем туындыларда да сыншыл

сықақ сарыны басым. Мəселен,

“Жалбағайдың қонағында” түзде -

мырзаң, үйде - сырдаң Беделбектi

əжуаласа, ендi бiрде бiздiң көз  алды-

мыздан құлағына бұрыш құйдырып құты

қашқан Шорабай шал, ауылға соғымға

барарда сiлекейiн шұбыртып,

əншейiнде кекиiп жүретiн ит тектес

Марқасқалар, Сырмақпай шалдың

зорлықпен ұлға айналдырылып, кейiн

əскерге шақыра повестка келетiн

Мақпуза сияқты кейiпкерлер өз өң -

түсiмен көлбеңдеп өтiп жатады.

1969 жылы “Жазушы” баспасынан

шыққан “Қазақстан жазушылары” деген

кiтапта “Әбжан Омарбаев Қарқаралы

ауданындағы бұрынғы Ленин атындағы

колхозда 1913 жылы дүниеге келдi. Ол

Қарқаралыдағы жұмысшы - шаруа жа-

Әбжан Омарбаев ­ 100

]]]]Қарқаралы]]]]

47

Әбжан Омарбаев ­ 100

стары мектебiн бiтiрген. Омарбаев 30-

шы жылдардан бастап баспасөзде

қызмет жасап келедi. Ол “Жоғалған

қалыңдық”, “Қоңырат жайлы жыр” поэ-

малары мен  “Бiздiң цехтың адамдары”

повесiнiң авторы”, - деген мəлiмет бе-

рiлген.

Жə, бұл өз алдына. Жазушының кейiнi-

рек жазған “Өмiр өшпейдi” деп атала-

тын повесiнiң жолы ауыр болғанын

бiлемiз.

Бұл повестi əрi лирикалық хикая, əрi

трагедиялық драма деуге болады.

Автор бiр - бiрiн қалтқысыз сүйген

Әсия, Нұржан, Күмiс сынды адал, мөлдiр

жастардың махаббаты мен достығын,

сұлу армандарын төгiлте суреттейдi.

Бiрақ, құрылысшы Нұржан iшi тар,

күншiл Қасеннiң сырттай көрсетуiмен

ұсталып, “халық жауы” деген жаламен

итжеккенге айдалып, санадан сарғайған

Әсия баладан қайтыс болады.

Сөйтсе де, ақыры əдiлет жеңедi.

Нұржанның сəбиiн өзi бiлмесе де оның

анасы асырап алып, ер жеткiзедi. Ай-

даудан ағарып қайтқан Нұржан бiр кез-

дегi сырлас досы Күмiске үйленедi,

анасын өз қолымен арулап жөнелтедi.

Жалақор, шолақ белсендi Қасен жалғыз

Нұржанды емес, талай жазықсыз

адамды көрсетiп, обалына қалған екен.

Бiреудiң терiс үгiтiн естiп, терiс жолға

түсiп кетедi дейтiн құлақ жоқ, бiреудi

үгiттеп қояды деген тiл жоқ

Сармылқауды не деп көрсеткен дейсiз

ғой: - “Сталиннiң портретiне қарап

тұрып бетiн тыржитты, қолын сiлтеп,

өз мұртын өзi жұлды, жерге түкiрiп-

түкiрiп жiбергенiн өзiм көрдiм...” - деп

сықпырта жазыпты Қасен.

Бұл повестiң “жолы ауыр болды” деген

себебiмiз, өткен ғасырдың 70-шi жыл-

дары жеке адамға, Сталинге

табынушылықты, 37-шi жылғы қанды

қасапты, репрессияны əшкерелеген

көркем жəне көсемсөз туындыларының

жарық көруiне жасырын тиым салынды.

Өйткенi, Хрущевтiң “жылымық кезеңi”

бiтiп, Брежневтiң тоқырау дəуiрi

басталған едi.

Әбжекеңнiң “Өмiр өшпейдi” повесi де

сол темiр қақпанға түсiп қалғанын

жақсы бiлемiз. Сөйтiп Әбжекеңнiң көзi

тiрiсiнде бұл повесть баспа бетiн

көрген жоқ. (Осы повестiң қолжазбасын

жазушының жеке мұрағатынан тауып

алып, танысқан болатынмын).

3. Күлкiсiнiң өткiрлiгi күрескерлiк

қасиетiнен едi

Әбжекең күлкiсiнiң өткiрлiгi,

əжуасының ащылығы, уыттылығы

тегiн емес.

Қайғы шығар iлiмнен

Ыза шығар бiлiмнен,

Қайғы мен ыза қысқан соң

Зар шығады тiлiмнен,

- деп ұлы Абай айтқандай, болашақ са-

тирик-жазушы қаршадай кезiнен

тағдыр тауқыметiн аз тартпапты.

Әкесi сталиндiк репрессияға iлiгiп,

“халық жауы” атанып нақақтан күйсе,

отбасына да оңай тимегенi анық.

Жергiлiктi белсендiлер халықтың

дуалы аузымен айтылып, баға берiлген

“Бiзден Омарбай туды, жан - жағын

қоғамдай туды” делiнген тектi əкенiң

баласы Әбжанның соңына да шам алып

түстi. Сол себептi Әбжан

Қарқаралыдан қашқақтап, Балқаш

жаққа кеттi. Сол жақта газет редак-

циясында қызмет еттi. Бiрақ “Қырағы”

КГБ сонда да маза бермей, соңына аңду

қойып, аптасына бiр тергеуге

шақыратын.

Кейiн заман түзелген кезде Әбжекең

туған елiне оралды. Облыстық

“Орталық Қазақстан” газетiнiң

Қарқаралы ауданы бойынша меншiктi

тiлшiсi болды. Сын мақала, фельетон-

дары бұрқырап шығып жатты.

Сонда да басшыларға ұнамайтын.

Оларға ұнамай қалдым деп, айылын жи-

майтын.

Бiр күнi Әбжекеңдi көршiсi қонаққа

шақырыпты. Үй иесi негiзгi қонақ - ау-

партком хатшысының асты-үстiне

түсiп, жалбақтамай ма, баяғы. Әзер

шыдап отырған жазушы əлден

уақытта сол хатшының көзiнше  əлгi

жалбақпайға “Неткен жағымпаз едiң,

жазған?!” деп жиiркене қараса керек.

Осыны кек сақтап жүрген аудан бас-

шысы 7-қараша мерекесi кезiнде

Әбжекеңе “есе” қайырған болыпты. Ол

кезде орталық алаңдағы мiнбеге аудан

басшылары шығып, еңбекшi халықты

құттықтайды. Облыстық газеттiң ай-

]]]]Қарқаралы]]]]

48

Әбжан Омарбаев ­ 100

тулы тiлшiсi, өзi жазушы Әбжекең сол

мiнбеге көтерiлiп келе жатса, қарсы ал-

дынан хатшы шыға келедi.

- Тоқтаңыз, - дейдi хатшы, - Сiзге анау

шарбақтың сырты да жетпей ме?!

Сол аудан басшылары Әбжекең 60

жасқа толғанда, ол кiсiнiң

шығармашылығы туралы өздерi де

жұмған ауыздарын ашқан жоқ,

басқаларға да тиым салды.

Соған қарамай аудандық “Коммунизм

таңы” газетiнде редакцияның жауапты

хатшысы Әбiкен Бақтыбаев екеуiмiз

Әбжекеңе арнап бет дайындап, оны жа-

сырын шығарып жiбердiк.

Әбжекеңнiң тапқырлығы тек

шығармаларында емес,  жай ауызекi

əңгiмелерiнде де көп айтылады. Соның

бiрi. Жазушы бiр күнi кешкiлiкте

алдындағы саяхаттан қайтып, кiшкене

көңiл көтермек болып, далаға шығады.

Таныс ешкiм кездесе қоймаса керек.

Содан соң өзiнiң досы, сол кездегi ау-

партком хатшысы Бөпежан

Иманқұловтың үйi алдынан бiр-екi рет

өтедi. Әбжекеңнiң айналсоқтап

жүргенiн көрген Бөбкең есiк алдына

шығып, “Иə, жəй жүрсiз бе?” деп сұрайды

ғой. “Жоқ, бiздiң бiр ақ бұзау бар едi,

соны көздеп жүрмiн” дептi Әбжекең.

Сұңғыла Бөбкең əңгiме төркiнiн сезе

қойып: “Пəлi, ол ақ бұзауың бiздiң үйде”

дептi.

Әбжекең досының үйiне кiрiп, бас жа-

зыпты...

“Ардагер - ардагер дегенге, кiмдер екен

деп барсам, өзiмiз əр жерден, əр

бұрыштан көрiп жүрген қасқалар да

толып жүр екен,” - деген сөз де

Әбжекеңнен қалған.

Әбжекеңнiң “Кəрлен кесесi” кiтап болып

шыққанда, ең алғаш рецензияны мен

жазып едiм. Ертеңiнде редакцияға кел-

ген жазушы “Пəлi, өзiң Белинскийше сiл-

тейдi екенсiң” деп қош көңiлiн бiлдiрдi.

“Сiз тура қазақтың Гоголi екенсiз” де-

генде, “Е, екi классик Қарқаралыда жүр

екенбiз ғой,” - деп қарқ-қарқ күлгенi

есiмде.

Әбжекең қазақтың көп зиялы ақын-жа-

зушыларымен дəмдес, сырлас, пiкiрлес

болды. Сырбай Мəуленов, Ғафу

Қайырбековтердi үйiнен көргенiм бар.

Бiр жолы Әбжекең сол астаналық ақын-

жазушыларды  Қарағандыға шығарып

салғанда, аурухананың ала шапанымен

тартып кеткенiн өзi жырдай қылып,

мəз-мейрам болып айтып отыратын.

Әлi есiмде, 1976 жылы Қарқаралыға

келген алматылық жазушылар

Садықбек Адамбеков, Рахметолла

Райымқұлов бiздiң үйде қонақ болды.

Сол отырыста қонақтар Әбжекеңдi

iздеп, арнайы шақыртып алды. Бiр кеш

бойы қызу əңгiме болды. Бұл жазушылар

қазақтың, алаштың алғашқы зиялы

қайраткерлерiнiң сарқытын iшкен

адамдар болатын. Бiр кеш бойы ел мен

жер тағдыры, 30-шы жылдардағы

ашаршылық, 37-нiң зұлматы туралы

талай деректер  айтылғаны есiмде

қалыпты...

Әбжан Омарбаевтың 90 жылдығында

Өзі тұрған үйде ескерткіш тақта орна-

тылды. 

Тақтада былай деп жазылған:

“Бұл үйде көрнекті жазушы  жерлесіміз

Әбжан Омарбаев 1965 жылдан 1982

жылға дейін тұрған”. 

Ескерткіш тақтаның ашылу салтана-

тына бүкіл қала жұртшылығы қоғамдық

ұйым өкілдері жəне өзі қызмет істеген

«Орталық Қазақстан», «Қарқаралы»

газеттерінің ұжымдары, аудан басшы-

лары қатысты.

Бұдан 40 жыл бұрын, Әбжекеңнiң 60

жылдығында мен “Омарбаевтың ездiк-

тен жирендiрiп, ерлiкке үндейтiн,

адамның намысы мен мəрттiгi үшiн

шырылдап отқа түсетiн нəрлi де мəндi

күлкiсi жас ұрпақты жақсылыққа

тəрбиелеуде жалынды қызмет етуде,” -

деп жазыппын.

Әбжекеңнің 70,80,90 жылдық мейрей

тойлары ауданда кеңінен тойланып,

аталып өтті. Сол жайында менің

Әбжекең өмір жолы шығармашылық ту-

ралы жан – жақты баяндама жасағаным

есімде.

Халқымызда “жақсының аты,

ғалымның хаты өлмейді” деген даналық

сөз бар. Осы сөзді Әбжекеңнің  рухына

да арнап айтуға болады. Ендеше өз

өмірінде адалдық пен ақпейілділіктен

бір сəт те айнымаған, Алла көкірегіне

қайталанбас дарын дарытқан қазіргі

алып Әбжекеңнің  рухы да мəңгі жа-

сайды.

иелі Қарқаралы топырағы-ежелден аты аңызға айналған дара таланттардың,

аймаңдай асылдарымыздың алтын бесігі, құтты қонысы. Тамаша табиғаты

көңілге шабыт беретін Қарқаралыда əдебиеттің майын ішіп, жілігін шаққан

дарабоздар жеткілікті. Осындай тұлғалардың бірегейі-халықтың баласы

атанған, ұлттың перзенті, сатираның сарбазы, уытты тілдің ұстасы-Əбжан

Омарбаев. Қарымды қаламгер, майталман журналист Əбжан атамыздың қаламынан

тұшымды мақалалар мен құнды шығармалар туды. Тумысынан турашыл, жалтақ

жағымпаздығы, атаққұмарлығы жоқ. Жазған сықақ əңгімелерінде шындықтың

шырақшысы бола білді. Қарапайым, кішіпейіл, өзіне ғана тəн елгезек мінезімен ерек-

шеленетін Əбжан ағамыздың сықақтарын  оқи отырып, ол кісінің рухани бай, тек

ақиқатты іздеген ақиық азамат болғандығын байқаймыз. Сатираның сардары атанған

ойы алымды, жазғандары жұртқа жағымды болған Əбжан ағамыздың туғанына биыл

100 жыл толды. Асылын ардақтап, арқа тұтып, қадір-қасиетін ұғынған аудан

жұртшылығы жақында арда ұлдарының мерейтойын атап өтті. Халықтың жоғын

жоқтап, мұңын мұңдап, уытты əзілімен адамдар арасындағы кереғар көзқарас пен

қоғамдағы келеңсіздіктерді сынап, мінеген, сырбаз сатириктің орны аудан

жұртшылығы үшін ерекше. Шанышпа тілдің шабандозы атанған Əбжан Омарбаевтың

100 жылдық мерейтойына Алматыдан арнайы Қазақстан Жазушылар Одағының

мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері,

ақын Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жазу-

шылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Арқаның ақиық ақыны

Серік Ақсұңқарұлы, ҚарМУ-дың профессоры, айтыскер ақын Қойлыбай Асанов,

«Қасым» журналының бас редакторы Серік Сағынтай, ауданның «Құрметті азаматы»

Махмет Бекшин сынды қонақтар мен Əбжан атаның көзін көрген ауданымыздың ел

ағалары, туыстары, ұрпақтары қатысты. 

Салтанатты шараны аудан əкімінің орынбасары С.Əлиұлы жүргізіп отырды. Алды-

мен салтанатты шараның шымылдығын ашқан аудан əкімі Х.Мақсұтов жиналған

қауымды айтулы мерейтоймен құттықтай келе, «Туындыларында адамдар

арасындағы жалтақтық пен жағымпаздықты, күншілдік пен жершілдікті мысқылдың

өткір жебесімен ілген Омарбаевтың сықақтары бүгінгі күннің өзінде нысанаға дөп тиіп

]]]]Қарқаралы]]]]

49

Әбжан Омарбаев ­ 100

Сағыныш ӘБІЛОВА,

журналист

Сатираның садағын асынып,

жебесін кезенген

сатирик Әбжан Омарбаев-100 жаста 

К


]]]]Қарқаралы]]]]

50

жатады. Өз өмірінде адалдық пен ақпейілділіктен бір сəт те айнымаған, Алла

көкірегіне қайталанбас дарын дарытқан қазіргі алып Əбжекеңнің рухы мəңгі жасайды»

деп атап өтті. 

Аудандық газеттің қызметкері Əбжан Омарбаев халықтың арасында көбірек жүрді.

Қоғамда болып жатқан дүниелерді ой елегінен өткізе білді. Журналисттер жаяу жүруі

керек, сонда олар да көп нəрсені көріп, сезіне біледі деген

сөзді қатаң ұстанды. Журналистика мен сатираны қатар

алып жүрген Əбжан ағамыздың арқалағаны алтын, жегені

жантақ болды. Жазған əзіл-сындарының қаны қою, жүйкесі

жұқа, тілі ащы, тырнағы өткір жебедей болатын. Сатириктің

«Кəрлен кесе» деп аталатын əңгімелер жинағы да ащы əзілге

толы, қоғамның келеңсіз тұстарын көздеген шығарма. Осы

орайда, сатираның сардары Əбжан ағамыздың өмір жолы,

шығармашылығы жөнінде аудандық

«Қарқаралы» газетінің бас редак-

торы Рымбек Смағұлов мəнді де

мазмұнды баяндама жасады.

Мерейтойға арнайы келген Ғалым

Жайлыбай ағамыз да сатириктің ме-

рейтойында үлкен сүйінші хабарды

жеткізді. Ол сатириктің шығармалары жинақталған кітабы

«Фолиант» баспасынан жарық көргендігін айта келе осындай

айтулы шараны ұйымдастырып отырған қызы Сəулеге, аза-

матын қадірлеген аудан басшыларына шынайы ризашылығын

жеткізді. «Орынында бар оңалар»-демекші, ата дəстүрмен

Жазушылар Одағы атынан сатириктің ұлы Сəкен ағамыздың

иығына шапан жапты. Осындай елге еңбегі сіңген ұлы

қайраткерлерді туған Қарқаралы жерінің қасиетіне тоқталып

откен ақын ағамыз, жерлесіміз Жаппар Өмірбековтың

Ə.Омарбаевқа арнаған «Əсем шал» деген өлеңін оқып берді:

Көрінген келбетіңнен дархан дала,

Кіршіксіз пəк жүрегі бейне бала.

Терең ой, тапқыр ақыл дүниесінен,

Ықшамдап соғылған бір жеке дара.

Ақ жарқын бүкпесіз жан аңқылдаған,

Арқаның қыранындай саңқылдаған.

Өлеңі-сықақ, сатира фабрикасы,

Тіл өнері өзінен артылмаған-

дей келе Əбжан Омарбаевтың шығармашылығына бұдан артық қандай баға беруге

болады деп нақтылап өтті. Арқаның ақиық ақыны Серік ағамыз өзінің «Рух» деген

өлеңін оқыса, «Қасым» журналының бас редак-

торы Серік Сағынтай əлі сиясы да кеппеген сол

күнгі нөмірге арнайы дайындалған сатириктің

шығармалары топтастырылған облыстық

«Орталық Қазақстан» газеті мен журналдың жаңа

санын қызы Сəулеге тапсырды. Ал Əбжан ағаның

көзін көрген, шығармаларын жинақтап баспа бет-

теріне жариялап жүрген сатирик ағамыз Сүйіндік

Жанысбай жəне сатириктің жамағайын туысы

Болат Асан да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп

өтті. 


Қай қоғамда болмасын сатираның жемтігіне

сұранып тұратын шетін мəселелер көптеп кезде-

седі. Міне, осындай мəселелерді дер уақытында,

орнын таба орағытып, қарапайым тілмен ғана

халыққа жеткізе білген сатириктің шығармалары

“қиуадан шауып, қисынын тауып” жатты.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді»-де-

мекші, орақ тілмен орып түсетін, орағытып өтсе де

орнымен айтатын Əбжан Омарбаев ағамыздың

айтқан əзілдері əлі ел аузында. Осындай орынды

əзілдің бірін ауданда лауазымды қызмет жасап

жүргенде көрші тұрған Бекшин Махмет ағамыз да

тілге тиек етті.    



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал