№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

38

ҚАМШЫ 


Құзырлы ұйымдардың азаматтық алып бере алмағандығынан Лондон олимпиада­

сына қатыса алмаған дарынды боксшы Қанат Ислам бауырыма 

Еркіндіктің өлкесі еді балғын шағым – балалық, 

Өкінтеді сол кешегі жасағаным шалалық. 

Түсінбеген екенбіз деп, еске аламын әкемді, 

Бірде ол інім екеумізге бір­бір бөрік әкелді. 

Бөріктің сол оюлары көзге ыстық көрінген, 

Сосын тағы тобылғы сап қамшы ұстатты өрілген. 

«Түсінсеңдер мен бұларды берген жоқпын сән үшін» ­ 

Деді әкем, сосын бізге түсіндірді мәнісін: 

«Бөрік деген – бас киімің, емес сенің ермегің, 

Берме ешкімге, оны берсең – беделіңді бергенің. 

Қамшы – билік, болсын сенім, салмақ болсын сөзіңде, 

Берме ешкімге, болсын сенің өз билігің өзіңде». 

Мақтандық па, шаттандық па, берілдік пе сезімге, 

Әкеміздің сөздеріне мән бермеппіз кезінде. 

Бірде інім жылап келді, көршіміздің бұзығы 

Басындағы бөркін оның тартып апты қызығып. 

Намыстандым, ашу­ыза орныққандай бойға нық, 

Бұзақыдан қылығы үшін кек алуды ойладық. 

Тентек еді, тарамыстай болса­дағы қушиған, 

Каратэнің шебері еді, хабары бар «у­шудан».  

Ваня досым екеуіміз кешке таман аңдып ек, 

Досым қашты сонадайдан көрінгенде Ханзыбек. 

Жалғыз өзім бата алмадым, қорқып шыбын жан үшін, 

Інімнің сол қорғамадым беделі мен намысын. 

Рухсыздық, әлсіздігім үшін әлі өкінем, 

Кешіре алсаң кешір інім, кешіре гөр, өтінем. 

Туған елім! Баста – бөркің, қамшың болсын қолыңда, 

Дәрменсіздік танытпа сен тәуелсіздік жолында.  

Қайбір көршің жік салатын тия алмаса тентегін, 

Жанымды да аямаймын қайтаруға ел кегін! 



МЕН КЕТКЕН СОҢ...

Белгілі қоғам қайраткері Сабыр Қасымовқа 

Мен кеткен соң не боласың, иен далам, 

Мен кеткен соң не боласың сен, балам. 

Екеуіңнің ертеңіңді ойласам, 

Маған тар боп көрінеді кең ғалам. 

Жаннат болып көрінетін халыққа, 

Туған елім, бағытыңды анықта. 

Еліктемей ескі әуенге Кеңестік, 

Ән ұраным, шырқала бер қалықтап. 

Далам, сен де қамал болып тас қақпа, 

Балам, сен де қырағы бол, қас қақпа. 

Ақ, көк, қызыл жолақтанып бұзылмай, 

Көк туым, сен желбірей бер асқақтап.  

Басқа таңба болса, балам, мөріңде, 

Басқа жалау желбіресе төріңде,  

Сен де тыныш жүре алмассың өмірде, 

Мен де тыныш жата алмаспын көрімде. 


]]]]Қарқаралы]]]]

39

Пушкинге 

Пушкин   орыс тілін білмейтін, орыс

өмірін, орыс қоғамын білмейтін, бірақ

сонда да министр болып отырған кос­

мополиттерге бірнеше рет өткір эпи­

грамма жазды. Оның Дантесті дуэльге

шақыруының себебі ...  қабілетсіз

офицердің Ресейдің Сыртқы істер ми­

нистрлігінде жауапты қызмет атқаруы

еді.   


Ник.Скатов 

Пушкинтанушы   

Бүгін тіпті абыройың тұр өсіп, 

Тіл қамқоры деген тағы шықты атың. 

Тілім үшін мен де жүрмін күресіп, 

Болмасам да сен сияқты мықты ақын. 

Әр халықтың қадірлісі тіл дейтін, 

Мәңгүрттері көтерсе де шу елде, 

Шенеунікті ана тілін білмейтін, 

Шеттерінен шақырар ем дуэльге.  

Қолданғаны қойыртпақ тіл шатысқан, 

Ана тілін білетіндер аз әттең. 

Бақыттысың французбен атысқан, 

Ал мен қалай атыспақпын қазақпен.

Мәди  

Еліңді  ойлап,   

Беліңді  байлап,  

Азаттық  аңсап, талпындың.    

Әніңмен  әрлі,   

Жырыңмен  нәрлі  

Жоқтадың  мұңын  халқыңның.    

Атаның  өтпей  атымен,   

Жырыңмен  жеткен  ақын  ең.     

Озық  боп  тудың,  

Көрсетті  қуғын,  

Заманың  сені  қорлады.   

Жүргенде  саяқ,  

Түсінер  аяп,   

Қасыңда  бір  жан  болмады.   

Ежелгі  досы  серінің   –    

Домбыра  болды  серігің.    

Бойыңда  –  айбын,  

Ойыңда  –   қайғың,  

Қолыңда  –  бұғау, бұлқындың.   

Айнала  –  туыс,  

Кеудесі  қуыс,   

Құлы  боп  кеткен  

құлқынның.   

Мыңына  соның

татыдың,  

Бір  оқтық  болған

батырым.     



Мадақ 

Бірде ісім түсе ме деп, ардақтап, 

Жыр арнасам деп ем саған, хатшы аға. 

Жұрт ақын боп, өлең жазып мадақтап, 

Арнап жатыр әкімге де, патшаға. 

Жазсын мейлі ғұлама деп, ұлы деп, 

Данышпан деп әлемде жоқ теңдесі. 

Қабылдаймын Жаратқанның құлы деп, 

Соның бәрі – Бір Алланың пендесі. 

Кімге артық басқалардың лебізі

Жылы сөзі, білем, аға, бағаңды. 

Мадақтаған дұрыс дейді негізі, 

Бұл өмірден озып кеткен адамды. 

Жыр жазбадым, онсыз да аян есімің, 

Жазар едім ода, тіпті баллада,  

Қорғанамын тие ме деп кесірім – 

Мадақ  айту жарасқан тек Аллаға. 

Қанжар

Жалған  сөзге, қызартар  бетімізді,  

Үйретпейік  деп  едім  етімізді.    

«Туралықпен  тайсалмай  турап  түсер,  

Қанжарың  да  – дедің  сен, –  екі  жүзді».    

... Серілік  шақ  жастықтың  оты  құшқан,   

Көңіл  кетсе  шықпайтын  тоты  уыстан.   

Айлы  түнде  досыммен  қолтықтасып,   

Қайтқан  едік  көңілді  отырыстан.    

Қоршады  кеп  бұзықтар  екіленіп,   

Сескенсек  те  қашуға  бекінбедік.  

Тұра  қалдық  арқамыз  түйістіріп,  

Екі  жүзі  қанжардың  секілденіп.   

Абыройды  алдық  тек  ақсатып  біз,  

Төбелеспен  шықпады  жақсы  атымыз.  

Озбырлықты  тойтардық  білек  қосып,  

Білек  қостық  бір  болып  мақсатымыз.   

Өткен  күндер  алыс  бір  елеске  тең,  

Елес  те  екен, өмірлік  белес  те  екен.  

Қанжар  көрсем  бір=бірін  тірек  еткен,  

Екі  достың  бейнесін  елестетем.   

Бүгілмейтін  белінен  бәкі  құсап,   

Жетесінен  біріккен  екі  пышақ.   

Қанжар  бейне  бірігіп  бір  тілекпен,  

Жазылмастай  айқасқан  екі  құшақ.   

Жүздерінің  арманы, дерті  біреу,   

Бірге  кетер, кетсе  де  жер  түбіне.   

Жалтармауды  қанжардан  үйренейік,  

Жүзі  екеу  болғанмен, серті  –  біреу.     


]]]]Қарқаралы]]]]

40

Қалай жоғалттым ...

Əр таңды 

көп ойды баға алмай атырдым,

Жоғалтқандарымды таба алмай жатырмын.  

Қай төбенің астында қалдырдым екен, 

Ерлік дəстүрін Қабанбай батырдың.   

Көз алдымда əлі де Кеңес арыны, 

Құлағымда – Қорқыттың көне сарыны. 

Бірлікті қалай жоғалттым екен, 

Жалғыз жібергенде жауға Кенесарыны. 

Атамекенім – мынау дала сорған күн, 

Түсінбейді оны баласы орманның. 

Ұлтшылдығын қалай жоғалттым екен, 

Елім деп еңіреген «Алаш ордамның».  

Мен – 

қылмыскермін

Жол тартқан болашаққа ұлыс көр

дім, 

Пұшпағын ұстамадым ұлы іст



ердің. 

Қандасым тұншыққанда, мұң шаққанда, 

Басқаның желпуімен тыныс к

ердім, 


Мен – қылмыскермін! 

Жебірге  сабырымен  байыпты ер

дің, 

Жемқорсың  деп айтуды  айып көр



дім. 

Əлсіздің жылағанын, құлағанын 

Көрсем де қолым созбай тайып б

ердім, 


Мен – айыпкермін! 

Қолдамадым талабын  жұмыск

ердің, 

Өтеуін ала алмаған күміс т



ердің. 

Асылмай қара қазан, бала – ма

заң, 

Қара шай қатығы жоқ тұрмыс көр



дім, 

Мен – қылмыскермін! 

Мінезімен достыққа лайықты ер

дің, 


Құшағымды  жатқа да жайып б

ердім. 


Даттаса да, арымды таптаса да, 

Өз ұлтымды қорғауды айып көр

дім, 

Мен – айыпкермін! 



Қасқырға қой баққызып жұмыс б

ердім, 


Пара алмасам қалайша мұны іст

ермін. 


Халықты да, тонаған банкты да 

Қорқауларды ет-жақын туыс көр

дім, 

Мен – қылмыскермін! 



Жамандама 

Жамандама әкеңді,  

Жамандама анаңды. 

Болғаның ол әпенді, 

Шаң басқаны санаңды. 

Жамандама әпкеңді, 

Жамандама ағаңды. 

Болғаның ол әпенді, 

Түсіргенің бағаңды. 

Сөзіңе бір жан ермейді, 

Өзіңді өзің алдайсың. 

Жақсысын ешкім бермейді, 

Жаманын ...  өзің алмайсың.  

«Гарлем


шейк» 

Арағың ба, виски ме, 

Барыңды құй, бармен, ішейік.  

Біреу бізді иіскей ме, 

Жындан, билеп «Гарлем шейк». 

«Гарлем шейк» – албасты, 

Келдің бе сен Батыстан. 

Алда, арба, алжастыр, 

Елді онсыз да шатысқан.   

Ешкім демес «қайдан жүр», 

Кел де, т ы ң д ы  панала. 

Басыбүтін  айналдыр  

Елді  жындыханаға. 

Құй арақты, вискиді, 

Барыңды құй, бармен, ішейік. 

Ешкім бізге тиіспейді, 

Жындан, билеп «Гарлем шейк».  

Биле, қалар  ұйып қан, 

Осы болса  пиғылың.  

Көшедегі ұйыққан 

Иттердің сал қимылын...  

Ар-ұяттан безініп, 

Билегенше «Гарлем шейк», 

Адамдықты сезініп, 

Кеткен артық армен шейіт. 


]]]]Қарқаралы]]]]

41

ЖЕТПІС 

Белгілі металлург 

Смағұлдың Тілеубердісіне

Ата жағын баян етсек тектісің

Сенің қалай аталады Жетпісің? 

Жетпіс емес, епті іс деген жөн шығар, 

Менен гөрі ширақтаусың, ептісің. 

Ал біреулер «жет, піс» деген сөз дейді, 

Мұны айтқандар қандай мақсат көздейді.

Жетпісінде пісер болса, бұл жасқа 

Шикі болып келетінін сезбейді. 

Жетпіске сен пісіп келдің, бауырым, 

От­жалынға түсіп, көрдің ауырын. 

Сұңқардайсың ілдірмеген жемтігін, 

Тұлпардайсың білдірмеген жауырын. 

Енді бәрі құзырыңда тек сенің, 

Болсын деңіз денсаулық пен тек сенім. 

Бір адымға онжылдықты сиғызып, 

Бір аттасаң, алыс емес Сексенің. 

Буындарың сыздамаса, жоқ шағым, 

Әндетпесе, шиқылындай топсаның. 

Екі адымға жиырма жылды сыйғызып, 

Екі аттасаң, алыс емес Тоқсаның. 

Қарт адамның серпілуге еркі бар, 

Анда­санда домбыраңды шертіп ал. 

Кемпір іздеп жүрмеу үшін тоқсанда, 

Сәулені де өзіңменен ертіп ал. 

Өмір болса, жазылады жыр тағы, 

Биігіне шықсаң тоқсан қырқаның. 

Балқантаудың гүлін алып құттықтап, 

Келіп тұрсын Жетпістегі ұрпағың.

Айта алмаймын деп: «ағаңды іздеме», 

Іздегенің теріс емес бізге де. 

Сен артымнан қуып жүрсең өкшелеп, 

Ағаң жетіп жығылады Жүзге де. 

Құтты болсын мына келген Жетпісің, 

Сөз қадірін түсінетін тектісің. 

Шын ниетпен, ақ жүректен айтылған 

Достық әзіл, адал тілек деп түсін. 

Балқаш  

Қамысыңның үкісі желкілдеген, 

Көкше теңіз едің ғой көлкілдеген. 

Көрінесің бүгінде тамшыдай боп, 

Жанарында даламның мөлтілдеген. 

Көрік берген адырлы даламызға, 

Мұра етіп өзіңді баламызға, 

Жеті толқын тоғысқан айдыныңды, 

Болашаққа жеткізе аламыз ба?  

Көлшік қалып – сайран саз үй құсына, 

Сызат түсіп даламның ұйқысына, 

Аққу-қаздар жайғасар жағалауға, 

Қона ма деп қорқамын Фукусима. 

Қан қысымым толқындай тасығалы, 

Есеңгіреп тұрғандай басым əлі. 

Қайран көлім, ортайсаң толтыруға, 

Лепсі-көңілім өзіңе асығады. 

Ескірген  мақал 

«Өзге елде сұлтан болғанша, 

Өз еліңде ұлтан бол». 

(халық мақалы)

Қайран, қазақ, қалай шыққан 

бұл мақал, 

Ұлтан болу жоқ еді ғой салтыңда. 

Ұстатқандай суға батқан құлға тал, 

Жігерсізді қолпаштаған қалпың ба? 

Көршілерің ниетіңе сенді деп, 

Ұтатындай сенімін сол ақтасаң. 

Мұнайыңды сатып едің, енді тек 

Тәубе дерсің, құдайыңды сатпасаң. 

Талай ұлтпен, талай елмен достастың, 

Бәрі де дос: ханзу, коре, ағылшын. 

Теміріңмен, көміріңмен қоштастың, 

Өміріңмен қоштаспасаң нағылсын. 

Жан аямай өзі туған жұртынан, 

Ұлты үшін май ағызып ұртынан, 

Арамзаның алдайтынын кім білген, 

Арбайтынын күліп қойып мұртынан. 

Жарытпассың өзге елде сұлтан боп, 

Қарсы жүзіп саясатқа – тасқынға. 

Жүре берме  өз еліңде ұлтан боп, 

Өзгелердің табанының астында.   

Балалар


алаңы 

Балаларға қарап, жырақ тұр едік, 

Ойын алаңына бір трактор келіп, 

Таптай бастады. «Бұл қалай?» - деген 

Көмейде қалды сұрақ тіреліп. 

«Неге таптайсың көктей шөптерді?», 

Осымен сөзім əттең шектелді. 

Қопарып жатты гүлдестелерді, 

Құлатып жатты əткеншектерді. 

«Дестеге жылда жүрдік гүл егіп» - 

деп, біз алаңды жыр ғып тұр едік. 

Біреу кеп айтты: «Алаңға мынау 

Үй салады екен бір мықты келіп». 

Қопарып жердің екі-үш қабатын, 

Кірісті іске эксковатор. 

Балалар ойнап жүретін алаң, 

Жатады енді қоқысқа батып. 

Дүниеге көзі тоймаған мұндар, 

Билікте бар ма ойлы адам тыңдар? 

Балалар біздің болашағымыз ғой! 

... Болашағын елдің ойлаған кім бар.    


желден тума таланттарға, елімізге танымал

көрнекті қайраткерлер мен тұлғаларға бай

Қарқаралы топырағы Əбжан Омарбаевтай жампоз

журналисті дүниеге əкелді.

Сол тарлан талант, жазушы-сатирик, «Шанышпа сөздің ша-

бандозы» Əбжан Омарбаев 1913 жылы Қарқаралы

ауданындағы бұрынғы Ленин атындағы колхозда дүниеге

келді.  Əбжекең білімін Қарқаралыдағы жұмысшы-шаруа жа-

стар мектебінде жалғастырып бітіргеннен кейінгі  еңбек

жолын баспасөз  орындарында қызмет етуден бастады.

Бүгінде 80 жылдан аса тарихы бар аудандық «Қарқаралы»

газеті 1930 жылдары «Еңбек майданы» болып аталатын.

Өзінің  қаламгерлік жолын осы «Еңбек майданында»

шыңдап, бірте-бірте уытты шығармашылық очерктер жазуға

төселеді.

Бүгінгідей қасиетті Қарқаралы өңірінде өтіп жатқан Əбжекеңнің100 жылдық торқалы

тойында өткенге көз жіберіп, тарихқа шегініс жасай кетсек артық болмас. Алғашқы но-

мері «Еңбек туы» боп, одан соң «Еңбек майданы» деген атпен шыққан округтік газет

жалғыз Қарқаралы өңіріне ғана емес бір шеті сонау Баянауыл, Абыралы, Шұбартау,

Қоңырат, Шет, Ақтоғай, Балқаш, Жаңаарқа, Қу, Егіндібұлақ аудандарына тараған.

Қарқаралы округ орталығы болғандықтан газет таралымы  алыс-жақындағы елді-ме-

кендерді қамтыды. Тұңғыш номері 1930 жылы 7 қарашада жарық көрген газеттің

алғашқы кезде араб əрпімен басылып шыққанын да тарихи деректерден білеміз.

Əбжан Омарбаев та сол кездері оның тұңғыш редакторы Жұмабай Орманбаев  пен

редактордың орынбасары Медеш Оралдиевтай қаламы жүйрік журналисттермен

қызметтес болған еді. Мелдеш Оралдиевте сол кездегі коллективтендіру кезеңінде

шолақ белсенділерді, жеке басының пайдасын көздейтін мансапқұмарларды,

төрешілерді  шенеп, сол үшінде сталиндік репрессияның құрбаны болып, кейіннен

ақталған екен. Қарап отырсаңыз Əбжан ағамыздың да «Шанышпа сөзді шабандозы»

болып қалыптасуына сол кездегі Медештей аға буынның өткір  қаламгерліктері мен

ұшқыр тілдері əсерін тигізбей қоймағаны анық. «Еңбек майданының» қарлығаш сан-

дарынан ауылға бет бұру кезіндегі ұрандарға сай сол кездің тыныс-тіршілігін қамтыған

материалдарға бай мақалаларды оқуға болатын. Əбжан Омарбаевтың өмір дерегін-

дегі біраз  деректерге сүйенсек, ол кісінің «Қарағанды пролетариаты», «Больщевиктік

жол», «Қарағанды комсомолы», «Балқаш жұмысшысы» газеттерінің редакцияларында

түрлі қызметтер атқарғанын айта аламыз. Ұлы Отан соғысы кезінде  зауытта жұмыс

істеп, онда да екпінді еңбектің үлгісін көрсетіп бригадир болғанын, зауыттың ауыр

өндірісінде барша қазақстандықтармен бірге жанкештілікпен еңбек етіп Жеңіс күнін

жақындатуға өз үлесін қосқанын айта кеткен жөн. Соғыстан кейінгі жылдары «Социа-

листік Қарағанды» газетінің Қарқаралы Қу аудандары бойынша меншікті тілшісі болып

]]]]Қарқаралы]]]]

42

Қаламгердің есімі әр жүректе

Рымбек СМАҒҰЛОВ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Сатирик Әбжан Омарбаев - 100 жаста

Е


]]]]Қарқаралы]]]]

43

істейді. 1945-1946 жылдары «Балхаш жұмысшысы» газетінде «Жоғалған жер»,

«Қоңырат  туралы жыр» атты поэмалар, 1962 жылы  «Орталық «Қазақстан» газетінде,

«Біздің цехтың адамдары» атты повесі, 1969 жылы «Кəрлен кесе» атты əңгімелер

жинағы «Жазушы» баспасынан шықты. 1968 жылдары Ғабдиман Игенсартов,

Сапарғали Лəмбеков жəне Əбжан ағамыздың кітаптары қатарлас жарық көрген. Осы

орайда Əбжан Омарбаевтың өңірімізге белгілі Айташ Омаров, Шаймаран Мезгілбаев,

Əбікен Бақтыбаев,  Шаймерден Сатыбалдин, Заманбай Игіліков, Ғабдиман Игенсар-

тов, Сапарғали Лəмбеков жəне бүгінде зейнеткерлік  демалыста отырған Мақсым

Омарбекұлындай  елге танымал қаламгерлермен бірге қызметтес болғанын атап

айтқанымыз жөн. Əбжан ағамыздың қызметтес болған жылдарындағы көп қырларын

бүгінгі күнге жеткізіп, əр кезеңдегі мерейтойлық атаулы күндерінде естеліктер жазған

Мақсым Омарбекұлы кейінгі жас буынға  Əбжекеңді кеңінен тануға үлес қосты. Ол

кісінің Əбжан Омарбаев жайлы «Өмірден күліп өткен адам», «Шанышпа сөздің ша-

бандозы» атты естеліктері қаламгер журналистің бірталай өмір жолынан мағлұмат

беріп жатық тілмен баяндалады.

Оқырман жүрегіне жол тапқан көркем сөздің қадірін терең түсінген үнемі қырағы көз,

тың шабытқа бой ұратын қаламгер ағамыз –қоғамдағы болсын, қарапайым адамдар

тірлігіндегі күйкі тіршілікті, тіпті олардың жүрек соғысын, неден күйініп, неменеге

сүйінетінін сезіне білетіндігі атап өтер ерекшеліктерінің бірі болмақ. Оның

байқампаздығы соны ащы мысқылмен əңгіме түрінде бере білуі қаламгерлік шеберлігі

демесіңізге болмайды.

Баспасөз саласында 40 жыл абыройлы қызмет істеген Əбжан аға  Омарбаев жур-

налистиканы төртінші билік сатысына көтеруге де өз үлесін қоса білді. Қандай

жағдайда болмасын журналист еңбегін, оның беделін бағалап  деңгейін жоғарылатуға

күш салатын. Сөйте жүріп қазақ журналистикасында өзіндік стилі бар, қарымды

қаламгер екенін таныта білді. Ол кісінің шығармашылығындағы очерк

суреттемелерінің өзі əдеби шығармалардай коркем əрі қызғылықты оқылатын. Жəне

əр жазған əңгімесі мен сатиралық сын фельеотондары өмірден алынып, өзінің

шынайылығымен оқырман көңілінен  шығып жататындығы. Жазушының  бұндай

ақиқаты бетке ұрып тұратын тұшымды əңгіме мақалаларын жазуға  бірден-бір түрткі

болатыны, ол кісінің қашанда бұқара халықтың ортасында жүріп, олардың қарапайым

тірлігімен тыныстап, солар жұтқан ауамен дем алуы  көп себебін тигізді. Содан да

болар өзінің жаны қаламайтын жасандылыққа жол бермей кез келген дүниені шынайы

көрсетуге тырысушы еді. Өзі өмір сүріп қызмет еткен кеңестік дəуірдегі кейбір

құйтырқы саясаттың салқынынан жаны жаурап, ызғарына тоңса да  жасымаған өр

қалыпта жүретін.Бұл арада Əбжан ағамыздың сталиндік репрессияға ұшыраған

əкесінің « халық жауы» атанып нақақтан жалалы болуы да Əбжан ағамыздың тағдыр

тауқыметін аз тартпағанын жəне содан елден жырақ Балхаш жақта қызмет етуіне

себеп болғанын айта кеткен жөн.Кейін заман түзелген кезде туған еліне оралғанын

білеміз.

Əбжекеңнің сөзінің өткірлігі, əр нəрсенің олқы тұсын дөп  басатын байқампаздығы

қоғамдағы талай  теңсіздіктер мен келеңсіздіктерді əшекерлеуге  септігін тигізіп, оң

нəтижесіне ықпал жасауға бағытталған. Осы ретте Əбжекеңнің əріптесі жерлесіміз жа-

зушы журналист Мақсым Омарбекұлы «Өмірден күліп өткен адам» атты естелігінде

былай деп жазған еді. Əбжан Омарбаев шығармашылығының салмақты да сүбелі

жағы сатирада десек қателеспейміз. Бұл саладағы тілмарлығы мен ділмарлығы

Əбжекеңді қазақ сатирасының санаулы сарбаздарының бірі дегізеді,- деп жазды. Жəне

Жазушы ұстанымының саралығына орай Омарбаев əңгімелерінің тілі жұмыр да

шымыр, əжуасы мол, ажарлы тіл. Ол шығармасының композициясын селкеусіз құрып

серпінді дамыта біледі, түр мен мазмұн тұтастығы берік сақталады-деп баға береді.

Əбжан ағамыз Омарбаев өз заманының дарынды қаламгері болып қана қоймай,



]]]]Қарқаралы]]]]

44

қоғамдағы лауазымды басшылардың теріс əрекеттерін əшкере етіп, кез келген жат

əдет қылықтарға жаны төзбейтін ымырасыздығын батыл да ашық білдіріп отырған

күрескер болғанын байқаймыз. Жазушы-сатириктің ұстанған осындай қызметтік міндет

борышын ғана емес адами қасиеттерінің де көп қырларын танытатын

шығармашылықтарын оқып-түсіне білу үлкен жетістік. Əрдайым қарайған халықтың

қамын ойлап  қырағы көзі шалған қоғамдағы кеселді өткір  тілімен кескілеген Əбжан

ағамыз біз өмір  сүріп жатқан қоғамдағы «сыбайлас жемқорлық» тəрізді індеттің нағыз

күрескері болған болар еді. 

Олай деуге себеп, сол 60-70 жылдардағы «Халық бақылаушыларының» қалай

«»жұмыс істегені, əсіресе сауда саласындағы жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың

орын алуынан «дефицит» аса қажетті халық  тұтынатын тауарлардың кезексіз үстел

астынан кетуі жəне бəрі көбінесе басшы қызметтегілердің қолына ғана тиюі Əбжан

ағамыздың «Контрль» атты сықақ əңгімесінде ащы мысқылмен баяндалады.

Осындай сын-əжуаға толы мақала əңгімелерін  жаза жүріп Əбжан ағамыз  қоғамды

əртүрлі  дерттен емдеуге, немесе дерттің алдын алуға көп жұмыс жасады. Сөйте жүріп

жоғарыда айтып өткеніміздей  журналистиканы  жалпы əдебиеттің беделін көтерді.

Небір кеуделі, халықпен қабағын түйіп өктем сөйлесетін сол кездегі басшыларға ойын

ашық айтып, арасында «Əдебиетке жон арқаңмен қараушы болма» деген ескертуін

де батыл айтып отыратын көрінеді.

Міне, тілдің қадірін ұғып, қаламгерліктің құдыретін түсініп, əдебиетке бас иіп өткен

Əбжан Омарбаевтың біз білетін жəне бүгінгі күнге жеткен жазушылық қырлары осын-

дай. Əлі де толық ашылмаған,   зерттеліп бітпеген шығармашылығы мен адами

қасиеттері болашақтың еншісінде қала бермек.

Əйтсе де  қазақ баспасөзінде өзіндік айшықты орны бар жазушы- сатирик Əбжан

Омарбаевтың Қарқаралы өңірінің шежіресін жасаушы аудандық « Қарқаралы» газе-

тінде қызмет еткенін біз зор мақтанышпен айта аламыз.

Əбжекеңнің уытты қаламынан туған «Кетеуі көп, кенеуі жоқ», «Тілемсектер мен ті-

лектестер», «Сəкіңізді сүйрей келіңіз», «Бұзақылар мен арашашылар» атты сын-фель-

етондары қаламы ұшқыр, қарымды қаламгер екенін көпшілікке танытты.

Халықтың  ойынан шығып, əңгіме-əзілдері арқылы олардың жүрегіне жол тапқан

Əбжан аға  Омарбаев халықтың қалаулысы болды. Соған орай  Қарқаралы

жұртшылығы да  қадірменді қаламгерін, төл перзентін  ұмытқан емес. Əбжан

ағамыздың 80-90 жылдығы аудан көлемінде аталып өтті.  2003 жылы сатирик-

жазушының тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылғанын да білесіздер. Онда да салта-

натты жиын өтіп  дəл бүгінгідей жан-жақтан қонақтар келіп қатысып, талай игі

жақсының басы қосылып еді. 

Сол игі дəстүр,  қаламгерін құрметтеген алыс-жақындағы ағайын мен көпшіліктің тағы

да бір бас қосуына себепші болып отырған жайы бар. Ол осы отырған баршамыз куə

болып отырған Əбжан Омарбаевтың  туғанына 100 жыл толу мерейтойы.

Ендеше, құрметті халайық! 100 жылдық мерейтойдың қадірменді меймандары жəне

Əбжан ағамыздың артында қалған ізі- ұрпақтары!

Өткенімізді дəріптеп, болашақ ұрпаққа өнеге болар əкелер рухын, қаламгер тұлғасын

асқақтатқан бүгінгідей тағлымды кеш 100 жылдық мерейтой құтты болсын. Сөзімді

Əбжан ағамыздың  өкшесін басқан əріптесі, Қазақстанның Мəдениет қызметкері жер-

лесіміз жазушы журналист Мақсым Омарбековтың мына бір сөздерімен аяқтасам дей-

мін.

«Ия, құдай көкірегіне ерекше дарын дарытқан, өз өмірінде адалдық пен ақпейіл



ақжарма пейіл ниетінен бір сəтте айнып көрмеген Əбжекеңнің рухы  мəңгі жасайды»

деген екен. Шынында да артында ел-жұрты бар, ұрпағы бар Əбжан Омарбаевтай

қаламгер ағамыздың есімі əр жүректе сақталып рухы жасай беретініне сенімдіміз.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет