28
]]]]Қарқ аралы]]]]
29
Алматының көшелерiн аралап, көзiне көрiнген натураны камераға тартып алып келе
жатқан оператор, осы жоғарыда өзiмiз әңгiме еткен жас Годарды елестетедi.
Әңгiмедегi оператор, алғашында, бейберекет клип түсiрiп келе жатқан адам сияқты
елестейдi. Бiрақ, бұл алдамшы көрiнiс. Постмодернистiк коллажда мынадай прин
цип бар. Бұрынғы әдебиеттен қандай цитатаны қиып алып, афоризм ретiнде
пайдалансаңыз – ол ендi сiздiкi және … сiздiкi емес. Жалпы ешкiмдiкi емес. Неге
десеңiз, оның екi себебi бар. Бiрiншiден, сiз «Х» деген жазушыдан цитата алдым деп
ойласаңыз, «Х»ң өзi ол цитатаны басқа бiреуден, ол цитатаны кiмнен алғанын бiл
мейтiн … басқа бiреуден алған. (Көне араб поэзиясындағы плагиат теориясы бо
йынша, ақын, басқа бiр ақынның өлеңiн тұтастай алып, өз мәнерiмен оқып берсе, ол
өлең соның өлеңiне айналады екен). Екiншiден, сiз қандай жаңалық ашсаңыз да,
аштым деп айта алмайсыз. Себебi, сiздiң «ашқан» «жаңалығыңыз» мiндеттi түрде
бұрынғы өткен авторлардың әйтеуiр бiреуiнен табылады. Деррида айтыпты: «Қандай
да болмасын текст – ол, сыртындағы тырнақшасы алынып тасталған цитата») деп.
(«Любой текст – это раскавыченная цитата»).
Яғни, бүкiл әлем әдебиетiн үлкен бiр цитата деп алсаңыз, Дидардың кейiпкерi осы
цитатаның iшiнде қаңғып келе жатқан адам болып шығады. Кешiрiңiз, қаңғып келе
жатқан кейiпкер болып шығады. Постмодернистiк текстен, мысалы Дидар
Амантайдың аталған әңгiмесiнен сюжет iздемейақ қойған абзал. Себебi, сiздiң
iздеген сюжетiңiз бұл әңгiмеде жоқ.
Психологиялық мотивировка ХХ ғасырдың басындаақ жазушыларды жалықтыра
бастаған сияқты. 60жылдары Американың бiр әдеби институтының студентi өзiнiң
ұстазына «Достоевскийдiң кейiпкерлерi неге ешқандай себепсiз, кезкелген жерде
кездесiп, бiрден әлемдiк проблемаларды талқылай бастайды?» деп сұрақ қойыпты.
Сонда ұстаз, майталман әдебиетшi, айтыпты: «Түптеп келгенде, кейiпкерлердiң
қалай кездескенiнен гөрi, олардың ненi әңгiме қылғандығы мәндiрек емес пе?
Психологиялық мотивировка, ол – бұрынғы мәнерлi әдебиеттен қалған, ал қазiр ес
кiрiп, жазуға кедергi келтiрiп келе жатқан тәсiл» деп.
Әрине, оқиғалы экшншығармаларда психологиялық себепсалдар тәсiлi үнемi
керек. Бiрақ, бiз ХХI ғасырдың басында қазақ жазушысы жазған (дәлiрек айтқанда,
құрап, монтаждап шығарған) постмодернистiк текстi әңгiме қылып отырмыз ғой.
Бiз жоғарыда әңгiменiң бейберекет түсiрiлген клип сияқты екенiн айттық. Әлбетте,
бұл бiр оқиғаның төңiрегiне құрылатын, белгiлi бiр ойға ғана жетелеп апаратын
байырғы, дәстүрлi текстерде тәрбиеленген адамның көзiмен қарағанда солай.
Кейiпкердiң, немесе оператордың әлдебiр дуалға келiп, дарбазаны ашуы, содан кейiн
камераға тартылған көрiнiстер, кенеттен пайда болған суицид туралы толғаныстар –
бiрбiрiмен байланыссыз эпизодтар сияқты көрiнедi.
Ендi ары қарай жүремiз. Мынадай мысал алайық: « – Мен шаршадым. Өмiр бiрақ
бағытпен бiрақ мәрте жүретiн автобус құралпы, талай адам жолжөнекей
қарауытқан аялдамалардан түсiп қалды. Олар қайда кеттi, әлде сол аялдамаларда
тұр ма әлi, бiлмеймiн, әйтеуiр өмiрдiң ендi сол аялдамаларға қайтып соқпайтынын
бiлемiн. Нақ осы сәт бәрiн сағынамын. Мен ғана. Басқа басқаны сағынады. Сондықтан
тiрi болуың керек. Ертең кiм оларды сағынады, тек мен ғана».
« – Несiне асығасың, екеумiз де ертең аялдамалардың бiрiнде қаламыз, мүмкiн бiрге,
әлде – екi бөлек, бiрбiрiнен қашық, бағытбағдарынан айрылған қос аялдамада.
Тағдырдың салуы, ғұмырдың мәнi, тiршiлiктiң мұраты, амал нешiк, қаза».
Бұл екi үзiндi алғашқы грек филалеттерiнiң (данышпандыққа ғашық көне сопылар)
текстерiн елестетедi. Ал содан кейiнгi, сюжет жайлы толғаныстар француз
структуралистерiнiң мақалаларын жаңғыртқандай.
Ендi бiр мысал: « – Бiз қалаларды алдағы ғұмырымыз үшiн тұрғызамыз, бiрақ олар
зираттар құсап, соңымыздан қалып жатады. Шаһарда таза болмыс, табиғи келбет
жоқ, қолдан сомдалған, тiршiлiк атаулыға қарсы, өлi құбылыс, кентрухани кеңiстiкте
мәдениеттi шеңберлеп айналған жасанды серiк. Қала, зады, қашанда түпнұсқа емес.
Үйлер – алғашқы шын қыстаулардың, тас үңгiрлердiң көмескi бейнесi, шала
көшiрмесi. Шайырдың жырға қосқаны бекер, жалған мадақ, арзан атақ, тастақ көше,
тегiнде, ессiз құмарлық, тойымсыз ынсап, қанағатсыз ашкөздiктiң мекенi».
Бұл кейде дәстүршiл (традиционалист) ғалымдардың, кейде Рудольф Штайнер
сияқты теософтардың қолынан шыққан текстi елестететiн үзiндi.
Одан соң түйдектүйдегiмен келетiн (немесе iштей оқылатын) жыраулардың
өлеңдерi…
Камераның объективi мен сананың ағысы, айтылған немесе айтылмай, iшкi моно
лог күйiнде кететiн сөздер, кездейсоқ көрiнiстер… Алайда, сюжетсiз шығарма
болғандықтан осы «кездейсоқ» деген анықтаманың өзi дұрыс емес. Себебi, аталған
әңгiменiң өзi кiлең кездейсоқ эпизодтардан тұратын үлкен бiр кездейсоқтық.
Ал ендi осы текстегi бiрбiрiмен ешқандай байланысы жоқ эпизодтардың басын бi
рiктiрiп ұстап тұрған не? Ол нәрсе – Бүкiләлемдiк библиотека (Хорхе Луис Борхес).
Осы әңгiмеде әңгiме етiлетiн кездейсоқ тақырыптың бiрдебiреуi кездейсоқ емес.
]]]]Қарқаралы]]]]
30
Осында айтылғанның барлығы бүкiләлемдiк библиотеканың қалтарыс
бұлтарыстарында тұрған, қисапсыз қоймаларында сақтаулы жатқан текстер. По
стмодернистiк текстке келгенде автордың шеберлiгi жайында айтудың өзi әбестiк.
Себебi, постмодернизм, шеберлiктiң өзiн жоққа шығарады. Сондықтан, автордың
шеберлiгi деп емес, оқырман ретiнде өзiмнiң байқағаным деп айтайын.
Мынадай мысал: «… Көзiне сүйiр тұмсық ықшам торғай iлiктi. Жұпыны құс
шарбақшада қонып отыр. Тез қозғалып, шалт қимылдайды. Ұшып төмен түстi де,
нанның қиқымын, күнбағыстың дәнiн терiп кеттi… Iшiнде қимыләрекет жүрiп
жатқан Red One объективi қаһарманның шағын бейнесiн Medium Long Shot
мөлшерiнде түсiрдi».
Осы жердегi «қаһарманның шағын бейнесi» жүректi елжiретедi. Өйткенi, постмо
дернизм «жоғарытөмен», «артықкем» дегендi бiлмейдi. Бұл дүниеде не бар – соның
бәрi бiрбiрiне тең презумпциялар. Сол себептi кiшкентай торғай да – қаһарман.
Әлбетте, бұл әңгiменi дәстүрлi әдебиет аңғарында да талдауға болады. Мысалы,
Кобо Абэның «Жойылған карта» («Сожженная карта») атты романы бар. Әлдебiр
детектив, жоғалып кеткен бiр адамды iздеп бүкiл қаланы аралап шығады. Аталған
адамды ешкiм бiлмейдi, яғни, ол адам ешкiмнiң есiнде қалмаған. Роман «адамдар
бiрбiрiне назар аудармай өмiр сүредi, сол себептi ешкiм ешкiмнiң есiнде қалмайды»
деген идеяға құрылған. Бұл романды оқып отырғанда да, детективке ерiп отырып,
бiрбiрiне байланысы жоқ көптеген эпизодтардан өтесiз.
Алайда, бұл, белгiлi бiр көркемдiк мағынаны көздеген, қалай болғанда да сюжеттiк
шығарма. Ал, Дидар Амантайдың әңгiмесi, әрине, ондай талдауға көнбейдi.
Ендi рецензияның неге қамрықты екенiне келейiк. Қазiргi қазақ әдебиетiнiң бейне
леу тiлiнiң ескiргенiн алғаш айтқан Асқар Сүлейменов едi. 1979 жылы бiр кездесу ке
зiнде залда отырған оқырмандардың бiрi «Аға, сiз бейнелеудiң тiлi ескiрдi дегендi
қандай мағынада айттыңыз?» деп сұрақ қойып едi. Сонда Асекең сәл ойланып барып,
«Мысалы, мен, бiр роман не повестi көне түркi тiлiнде жазсам түсiнер ме едiңiздер?»
дедi. Отырғандар күлдi. «Мiне, бейнелеудiң тiлi ескiрдi дегендi мен осындай мағынада
айтып едiм» дедi Асекең.
Әрине, Асекең ол кезде көп нәрсенi ашып айта алмайтын едi. Кейiннен Кеңестiк
жүйе күйрегенде бiраз ойларын риясыз айтқан.
«Бiздiң бейнелеу тiлiмiздiң, жарлықтардың көркемделген түрi екенiн өнер
адамдарының көбi түсiнбейдi. Нағыз әдебиетте, нағыз өнерде күмән болуы керек.
Адам осы күмәндана бiлуiмен – адам. Ал, жұмбақтың барлығын шешiп тастаған,
ештеңеге күмәнданбайтын әдебиет – өлген әдебиет» деген едi Асекең. Мiне, бiздiң тi
лiмiз, бұрынғы зардаптардан қолдан келгенше арылуға тырысқан ескi тiл. Бiз «темiр
перденiң» бергi жағында туып өстiк. Ал, сол «темiр перде» құлағанда бiз
оқитынымызды оқып, есейiп, қалыптасып болған едi. Әрине, перденiң ар жағындағы
дүниемен қауыштық, керегiмiздi алдық. Бұдан кейiн де керегiмiздi табамыз, аламыз.
Бiрақ, бiз сол перденiң ар жағындағы құпия, жұмбақ дүниеге өткенде, бойымыздағы
жастық алау, мұғжизаға деген құштарлық баяғыда өлген. Барлығын естияр суық
ақылмен қабылдадық.
Мiне, осы рецензияны жазардағы көкiрегiмдегi негiзгi ой осы едi. Дидар Амантай
және оның өскелең замандастарын, бұл тарапта, уызға жарып өскен ұрпақ дер едiм.
Барлығын дер кезiнде көрдi, дер кезiнде оқыды.
Әрине, әлемдiк өнердiң, әлем әдебиетiнiң тарихы постмодернизммен аяқталмайды.
Постмодернизмнiң өзi бүгiнде ескiрген тәсiл болып саналады. Қазiр әлем өнерiнiң,
әлем әдебиетiнiң стилi – полистилистика. Көпстильдiлiк. Яғни, барлығымызға орын
бар. Сондықтан, бiздiң жазу мәнерiмiз де белгiлi бiр контингент оқырманның кере
гiне жарап жатыр. Бүкiләлемдiк библиотекада мың түрлi оқырман кiтап оқып отыр.
Қаламымыз қолымыздан түскенше жазамыз. Тек менiң айтайын дегенiм басқа едi.
Бiздiң әдебиет сынымыз, жалпы қазақтың арткритикасы есею керек. Ендiгi заманның
сыны кесiппiшiп пiкiр айту емес, керiсiнше, дүниеде стихиялы түрде туып жатқан
көркемдiк құбылыстарды қолдан келгенше түсiндiру екенiн түсiну керек.
Дидар Амантай инновациялық жаңашыл жазушы. Оны түсiнуге тырысу керек.
Сонда, алдыңыздан бұрын беймәлiм болған мүлдем басқа дүние ашылады.
Әдеби сын – көркем әдебиеттiң әкесi емес, әрiптесi болуы керек. Осыны айту үшiн
қолға қалам алып, осы шағын лебiздi оқырманға жолдап едiк.
]]]]Қарқаралы]]]]
31
Беу, Атамекен, ауаңмен тыныстадым,
Сенде ұқтым береке, ырыс барын.
Қарқаралы, Кент тауы жайлаған дүр,
Қаракесек-Қарашор туысқаным.
Келіп жеттім Қарқара бауырына,
Қазағымның кең қолтық қауымына.
Қарағайлар сыңсыған қайыңымен
қасқайып тұр, жынысты тауы мына.
«Шахтер» атты демалыс орны осында,
Қоныс тептім қонақжай мол қосынға.
Бақшасарай баулары, бақшалары,
Ризамын мен əкелген сол дос ұлға.
Аңғарында қос таудың Самал көлі,
Табиғаттың көркіне алаң төлі.
Ұлылықпен тосылмай ұласқандай
Сұлулықпен осындай балаң телі.
Сауырында шайқаған сайхан сері,
Таудың ұшар басында Шайтан көлі.
Тостағандай мөлдіреп зер зеренді,
Аңыздарын əфсана айтам бері.
Жүндес төстей мүк басқан бас тастары-ай,
Асу белін асқақты аспас талай.
...Жортып жүрген жоныңмен осы жолым,
Қасым-ақын тойымен астасқаны-ай!
**
Табиғаттың қарашы жарасымын,
Тау біткенге жиғандай бар асылын.
Оймақтайын өрнекті Һауыз көлі
Таңдап алған Қарқара дара шаңын.
Аумағы да шағындау шаршы алаңдай,
Жаяу жалғыз басына барса қандай.
Жақпар тастар жан-жақтан қатарланып,
Төрт қарауыл төрт жақтан қоршағандай.
Һауыз көлім, армандай Һауыз көлім,
Қандырдың ғой ақынның ауыз шөлін.
...Өрмелеп бір сол көлге шықсаң шіркін
Қалдырғандай боласың тау-із сөлін.
Уа, дариға, табиғат арда сынды,
Жаратқан ғой дүние нар Қасымды.
Тауларымен егіздей болған ақын
Аттап өтер заманауи бар ғасырды!
v П О Э З И Я v
Бақытжан ТОБАЯҚОВ,
ақын
Ата тегі қарқаралылық ақын, ғалым, аудар-
машы, журналист Бақытжан Ошақбайұлы
Тобаяқов 30-дан астам кітаптың авторы.
Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі,
КСРО өнертапқышы, ҚР Ұлттық инженерлік
академиясының мүше корреспонденті,
ҚР Мəдениет қайраткері, Алматы
облысының Кербұлақ ауданының құрметті
азаматы. Бүгін біз ақынның 60 жылдық ме-
рейтойы құрметіне өлеңдер топтамасын
оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.
«ҚАРҚАРАЛЫ» ДӘПТЕРІНЕН
]]]]Қарқаралы]]]]
32
Тамаша таулы өлкеде таң атырдым,
Түбінде тас «арыстан-аң батырдың».
Ғажайып қоршаған тау, Самал көлі,
Куəсі мыңжылдықтың, сан ғасырдың.
Тамаша таңы қандай қызыларай,
Бозторғай əні сондай сызылады-ай.
Самал-көл таң самалмен иірімдеп,
Көл беті үйрек жүзіп құжынады-ай.
Жалғаны-ай, ғұмыр деген ұлы керуен,
Арманы-ай бар ма жанның мұны көрген.
Ашады қойнауын тау шежірелі,
Асады əрбір тастың құны зерден.
Айналдым асыл өлкем, абат жерден,
Байландым саған тастай қабат белден.
Қыздарға қырмызыдай гүл сыйлаған,
Ұлдарға ұшам деген қанат берген.
Сол ұлдың бірі болған Қасым-ақын,
Жаулардан жасқанбаған жасын-ақын,
Дегбірін санасыздың қашыратын,
Табиғат таланымен тасынатын.
О, Қасым, сəлем саған Астанадан,
Бүгінгі жас қаладан, бас қаладан.
Керуенді көшең сенің бастағандай,
Қорлықты көріп едің баспанадан.
Туған ел сені естен шығармайды,
Жырларың сертке таққан тұмардай-ды.
Қыздарың алақанда аяламай,
Ұлдарың көкке өрлетпей тұра алмайды...
***
«Пионер» шыңы қасқайып қарсы алдымда
тұр зорайып, жаңғыртып жар салдым да.
Қарқаралы тауының қаламқасы,
Барқадарлы бауының қолаң шашы,
Тамылжытып күй шерттім тамсандым да.
Тауымдай Қарқаралы бар ма заңғар,
Қауымдай шартарабын шарлаған бар.
Көрем деген көбінен ұтылады
Қарқаралы жеріне бармағандар.
Бұл өңірдің заты да нəті бөлек,
Атағайсың ауылын, атын ерек.
Апайтөсті ұлдары, гүл-қыздары,
Алғыр өскен оғланның хаты зерек.
Атайды олар Қасымын қастерлеп тек,
Əр өлеңін, əндерін дəстерлеп бек.
Ұясынан ұшады зəуім көкке
Қасым сынды қырандар əскерлеп лек.
Аршынды əр қадамы жас ұрпақтың,
Аясында түлеген Қасым-бақтың.
...Талмай іздеп өзіндей тау мүсінді,
Қасымның Қарқарада тасын таптым.
]]]]Қарқаралы]]]]
33
Тауда тудым,
Тауда өстім, тау-шыңым,
Алар болсаң берерімді алшы мың.
Қасекең де Кент тауының перзенті,
Мұраларын мұрағаттан аршыдым.
Қасым-ақын,
Қасым ағам, Қасекем,
Мына өмірден ерте кеткен жас екен.
Ғайыптан ол ортамызға кеп түссе,
Ақын біткен адамзаттың басы етем.
Қасым-ақын,
Қасым-ақыл, Қасым-дүр,
Қарашы өзің жан-жағыңа жасыл нұр.
Жар салады,
Қарсы алады өзіңді
Еміренген,
Тебіренген тасың бір.
Қасым-асыл,
Қасым-жасын, нажағай,
Қарашы енді айналаңа ғажап-ай.
Сай-салада жаңғырып тұр əндерің,
Шарықтатқан ұрпағың-ай, қазақ-ай.
...Пай-пай, шіркін, тасығанда алашым,
Қосып жатыр Алтай-Атырау арасын.
Тосып жатыр Қасым досын, бауырын,
Топырағында тебіреніп нағашым.
***
Ұмытпаймыз салт-дəстүрін əр елдің,
Туыстаймыз алтын адам Бəрелдің.
Алабөтен таң атарда түсті еске:
Туған күні екен ағам Жəлелдің.
Жəлел деген
Əлем еді өзіндік,
Ол өлгенде қайғы жедік, езілдік.
Айтушы едік бірге Қаскең əндерін,
Бірге оқып өлеңдерін көз ілдік.
Нағашым деп мақтанушы еді Қасыммен,
Бөлек туған,
Ерек туған асылмен.
Арманы еді мыңжылдықты қарсы алу,
Амандаспай кетті жаңа ғасырмен.
Жамбыл,
Жəлел – қос жұлдыздай ғарышта,
Ақбозат пен Көкбозаттай алыста.
Жеткізіңдер бізден сəлем Қаскеңе,
Ектіңіздер дəнді дəммен танысқа.
Қайран Жəкем,
Сайран менің Жəлекем,
Өмірлерін еске алсақ - сəн екен.
«Дариға-қыз» шырқаушы еді екеулеп,
Қасекеңнің жұртта қалған қаны екен.
Қарқаралы, атажұртым, аяулым,
Сеніменен көркейемін, баянмын.
Қос Жəкең мен Қасым сенде түске еніп,
Болды сөйтіп Алла берген аянның...
]]]]Қарқаралы]]]]
34
Арнайды ұрпақ əн менен жыр Қасымға,
Құдыреті тұла бой – тұлғасында.
Мың жасайды қалдырған мол мұрасы,
Қасым-ақын туады бір ғасырда.
Əуелетті аспанда Қасым əні,
Өлең-өзен өр таудан тасымағы.
Иттер қауып жан-жақтан жатса талап,
Қасым-ақын сынбады, жасымады.
Сенді жұртқа, ақ адал достарына,
Төзді тағдыр-қамшыға, оспағына.
Шашты нұрды, алау гүл туған елге,
Сүрген жоқ өз өмірін босқа мына.
Кесіп айтты өз сөзін кескен ердей,
Есті елі тереңін ескерердей.
Жалт-жұлт етті нажағай жасындай боп,
Қас дұшпаны сұсынан сескенердей.
Қасым-ақын ғасырдан аттап келер,
Жас ұрпағы жырларын жаттап өнер.
...Қынабынан қылыштай суырылған,
Шын таланттар өнерін ақтап өлер!
***
Арман еді Шайтанкөлді
қайқаң белді бір көру,
Перизатқа табиғаттың жетіп қалу, үлгеру.
Мен келдім деп періштедей пейіштегі айдынға
Бар дауыспен жаңғыртып тау,
Саңғыртып бау үн беру.
Мөлдіреген Шайтанкөлім
Жауһары нұр жанардай,
Жан-жағынан қоршаған тас қауметіндей-қамалдай.
Көз жасы ма аңыздағы ғашық қыздың тамған дүр,
Секірген ғой тереңге ол
туу биіктен маралдай.
Махаббаттың құрбаны боп байдың қызы манардай,
Тұңғиыққа батқан дейді бақытын бір табардай.
Ал, жігіті жағадағы жолбарыспен айқасып,
Ару қыздың суға кеткен сұлбасын ол байқасып,
Қанжары оның өзі тілеп жүрегіне қадалды-ай...
***
Шайтанкөлім, Шайтанкөлім,
Сеніменен байтақ елім,
Сендей сұлу айдынымды
Мақтанышпен айтар керім,
Балдырыңды, тағдырыңды,
Аңызыңды, сан қырыңды
Тұщынып мен қайтар едім,
Шайтанкөлім, Шайтанкөлім.
Сенде қалған арудың қарқарасы,
Оған болған жігіттің бар таласы.
Содан бетер тауымыз Қарқаралы
атаныпты саңғырған сай-саласы.
Қарқаралы, Шайтанкөл егіздейін,
Тебірендім көргеннен теңіздейін.
Шартарапты шарласам, шарқ ұрсам да,
Айдынды көл, ару қыз...сені іздеймін.
Шайтанкөлім, Шайтанкөлім,
Шалқыдым,
Сені көріп алқындым да балқыдым.
Үйленудің кəдесі көп, салты мың:
Сенде өткіздім махаббаттың бал түнін,
Жастарыңа сыйлап сыр мен жырыңды,
Жарқырай бер айдыныңмен алтыным!
]]]]Қарқаралы]]]]
35
Қасым-ақын!
Қасқайып қасарыстың
Дауыл мен құйындарға.
Жас пенен жасамыстың
Жан сыры құйылған ба.
Өзің ғой кісі білдей
Ар құсы нар халықтың.
Сомдалған мүсініндей
Болдың сен бар қалыптың.
Кетпейді мүлдем естен
Қаршыға бейне тұрқың.
Ешкімді күндеместен
Болмысың – болды ғұрпың.
Қалдың сен шыңдарында
Қарқара сырларында.
Шайтанкөл мөлдіріндей
Пəкиза жырларыңда.
...Ұмытпас ұрпақтарың
өсиет-сөздеріңді.
Сертімдей сыр сақтадым,
Кемелді кез келінді!
***
«Үш үңгір» Қарқаралы бернесіндей,
Бернесіндей, сахара көрмесіндей.
Тұрағы алғашқы адамдардың,
Ас ішер арнаулы бөлмесіндей.
Қазаны қашалғандай қара тастан,
Қашса да тас құралын ала қашқан.
Аңдардың сүгреттері сыр шертеді,
Тарихқа құмар едім бала жастан.
«Үш үңгір» Мəди сері паналаған,
Жинаған осы жерге тəмам адам.
Ары қарай «Үлкен үңгір» белең асып,
Самиян сайын дала аралаған.
Қарқаралы көрінер алақандай,
Қыбырлар қала жұрты тарақандай.
«Қаракесек» - Мəдидің əні бөлек,
Əлемдік арияда дара қандай.
Дамылдап біраз уақыт өтерінен,
Ақырғы рет келген ол нөкерімен.
Даланың сал-серісі, соңғы сойы
сөйлеген семсер сөзін төтенінен.
...Дариға, қош деп ұшқан көпке құсы,
Ең соңғы осы үңгір өткен тұсы.
Тарихта мəңгі қалар Мəди ақын,
Халқы үшін қызыл қанын төккен кісі.
]]]]Қарқаралы]]]]
36
О, Самал-көлім,
Айдынды ақ һауызым,
Ақын деген арманның тапты-ау ізін.
Анау саған шүйілген «арыстан-бас»,
Көлеңкесі бетіңде жатты-ау ұзын.
Бүркіттердің ұясы ұшар баста,
Жемтіктерін екеулеп қысар тасқа.
Қасымды да қаскөйлер қан қақсатты,
Ер жігіттің аяғы тұса алмас па.
Іздеп жүрмін ағаның сайдақ жолын,
Сана-сертке сырларын сайлап толым.
Баспанамен зарлатып Бас ақынды,
Бағын ашпай серінің байлап қолын.
Содан да мен кеземін тауын, тасын,
Қолын алып Қасымның ауылдасын.
Жаңғырып бір жаһанға Қасым əні,
Дабылындай елімнің дауылдасын.
«Паровозик» тауы да көлге еңкейді,
Аңғарда ескен самал да желкемдейді.
...Қасым сүйген əрбір жер, əр мекенді
Ұрпақтары өркенді өлкем дейді.
***
Қайран Қасым,
Ұрпағың қалай ойланбасын,
Сақсырыңа шөлмектеп қан толса да
Сағың сынбаған сардардансың,
Ар мен ұжданды
Жаныңнан да биік қойып
Тақтағыларға баруға арланғансың,
Өзіңді аңсаттырған,
Талайды тамсанттырған
Тірлікті кейінгілер армандар шын!
Қайран Қасым,
Мына дүние дүрмекке байланғасын,
Өтірік расқа,
Əңгүдік Басқа айналған шын!
Қайран Қасым,
Жүректің сен түбінде, қайнардансың,
Қазақтың аз сендей арыстары,
Азулы арыстаны,
Өлеңнің падишасы, данышпаны,
Ғажайып ғаламыңмен
Ғаламшар, ғарыштағы
Орбитаға ендігі айналғансың!
Қайран Қасым,
Қайран Қасым...
***
Қарқаралы баурайы, «Шахтерлесіп»,
Ғажап төрт күн өткіздім, сəттер нешік.
Қазақ деген ақдариға халықпыз ғой,
Қимай кеттік қоштасып, əттең десіп.
Қарауытқан шыңын-ай «Жирен сақал»,
Қарағайдан самсаған киген шапан.
Қаздауысты Қазыбек қаңқылдаған,
Оның əрбір нақылы сүйген батам.
«Жеті ағайын» таулары манаураған,
Көз тігем деп жанарым талаураған.
Əлихан мен Əлімхан ақбоздарым,
Алаш үшін от болып алаулаған.
Туған мұнда Ақпайдың Жақыбы да,
Тар келмеген тарихтың тақымына.
Заң білетін күпілдек-күшеншектер
Пар келмеген Жақыптың ақылына.
Алаш десе аттандап жарысқандар,
Арпалысқан арланмен алысқандар,
Қос Əлекең, Жақаңдар – арыстандар,
Қарқаралы тауында түсіп еске,
Үш арыспен мен-дағы табысқан хал...
]]]]Қарқаралы]]]]
37
v П О Э З И Я v
Тілеуғазы БЕЙСЕМБЕК,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ақын
Жүре берме өз еліңде ұлтан боп ...
КҮЛ ТӨБЕ
КҮЛ ТӨБЕ
Шекарадағы Шұбаркөлге Ресей күлқоқысын
төгіп жатыр» (теледидар жаңалығынан)
Әлі есімде бала кезім, анам жүрді ашулы,
Түсінбеймін щала сезім қайтіп көңілін басуды.
Ашуланып сөйлеп жүрді, өзөзінен күңкілдеп:
«Көрші отырып бұлай жасау қалай ғана мүмкін?» деп.
Ашуыза өршіп ақыр, өз шегіне жетіпті:
«Ауламызға көрші қатын күлін төгіп кетіпті».
Әкем сөзге араласты: «Сұлу көрші Күлжамал –
Оны нағып қарабасты, ырым дейтін бұл жаман.
Ауламызға күнде келіп күлін төксе ол кісі –
Дауласудың – бұл дегенің – жауласудың белгісі».
Бұл анамды ашындырып, (сөзінде бар кекесін,)
Деді: «барып шашын жұлып, көрсетемін көкесін».
Ашуының басы қатты, бүлдірмесе не керек,
Әкем сонда басу айтты, әрбір сөзін шегелеп:
«Болайықшы даудан аман, бөлме көрші іргесін,
Балалардың аңдамаған ісі болып жүрмесін».
Анам түсті сабасына, өтті арада бір апта,
Күл төгуін көрші әйел тоқтатпады бірақ та.
Шуақ шашқан көктем күні анам жүрді күйініп,
Көршіміздің төккен күлі төбе болды үйіліп.
Бір күні сол көрші әйел шықты аулаға сыланып,
Қарсы алдынан анам шықты білектерін сыбанып.
Түскеннен соң дара сынға, кім тұрады жасқанып,
Екеуінің арасында кетті қаңқу басталып.
Мен анамды ойлаушы едім, жуас, момын адам деп,
Ондай мінез көрсетеді екен, байғұс, маған тек.
Күш көрсетсе намыстанбай, жүре алмас алданып,
Қаһарланып арыстандай, шыға келер жалданып.
Түс кезінде басталған дау аяқталды бесінде.
Анамның бір айтқан сөзі қалыпты тек есімде:
«Сыйламайды ел мінезі жоқ сорлы қара халықты».
... Ертеңінде күл өзі жоқ, орны ғана қалыпты.
... Отанана, арың менен намысыңды қорлатпа,
Өз еліңде өзгелердің үстемдігін орнатпа.
]]]]Қарқаралы]]]]
Поделитесь с Вашими друзьями: |