№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

24

Дидар  АМАНТАЙ,

жазушы, драматург, Мемлекеттік

“Дарын” сыйлығының лауреаты

КӨЗІҢНЕН АЙНАЛДЫМ

Т


қыдырып, керенау маңған, тайыншадай

хайуанға дүрк ілесе жөнелді.         

Шеткі, оқшау кіреберістен қолына

шөлмек ұстаған бір жас жігітті байқады.

Орта жолда тоқтап, конъягын нәзік рюм­

касына сыздықтатып құйды да, тартып

жіберді. Қарсы алдына қас қадап, жоқ іздеп

сәл тұрды.               

–Күз басталғанда, Алматыда өзіне­өзі қол

жұмсайтындар қаптайтын еді. 

Былтыр Фуад автомобилін көпірден

құлатып өмірден кеткен­ді, қыста үпті

бөлмесінде Қамария тұңшығып өлді,

Әлішер таң алдында бүкіл қолжазбаларын

өртеп, Марфуға келгенше, өз үйінде елең­

алаңда асылып қалды, үкідей Мұқтар

құлазыған Медеу шатқалында досын байлап

қойып, қорада өзін­өзі қапылыс атып та­

стады. Фуад – өткелі көп Саин көшесімен

келе жатып – Шаляпинге жеткенде,

көпірдің арнасын қатты жылдамдықпен

өзі соғып, жиектеп қойған қоршауларын

быт­шыт қиратып, бұзып­жарып төменге

көлігімен бір­ақ қарғыпты, тіл тартпа­

стан кетіпті дейді көргендер. Жазықты

ажалдан ит батпақтап, ат сүрінеді.   

Ол бордюрге тізе бүкті. Бәтеңке топыл­

дап қасына жетті.

–Мен шаршадым. Өмір бір­ақ бағытпен

бір­ақ мәрте жүретін автобус құралпы,

талай адам жол­жөнекей қарауытқан

аялдамалардан түсіп қалды. Олар қайда

кетті, әлде сол аялдамаларда тұр ма әлі,

білмеймін, әйтеуір өмірдің енді сол

аялдамаларға қайтып соқпайтынын біле­

мін. Нақ осы сәт бәрін сағынамын. Мен

ғана. Басқа – басқаны сағынады.

Сондықтан, тірі болуым керек, ертең кім

оларды сағынады, тек мен ғана. 

Пәк жүзіне ренжіп қарады.  

–Несіне асығасың, екеуіміз де ертең

аялдамалардың бірінде қаламыз, мүмкін,

бірге, әлде – екі бөлек, бір­бірінен қашық,

бағыт­бағдарынан айырылған қос аялда­

мада. Тағдырдың салуы, ғұмырдың мәні,

тіршіліктің мұраты, амал нешік, қаза. Иә,

Тәңірдің құдіреті – бұйрық жібермейді.

Білесің бе, қарақ, әлемде, Полли айтуынша,

отыз алты сюжет бар. Хорхе Луис Борхес

“Төрт мезгіл” деген атақты туындысында,

неге екені белгісіз, отыз алтыны азайтып,

ықшамдап төрт сюжетті ғана алдымызға

көлденең тартады. Меніңше, аласапыран

дүниені бейнелейтін желі баяны, шығарма

арқауы екеу­ақ, өкінішке қарай, шексіздік

тәрізді егіз бастаудан тұрады: жұптың бі­

реуі – жарлық шашқан Құдайдың бар екен­

дігін кейіптейтін жасампаз хикаят түрі,

сыңары – Құдайдың жоқ екендігінен азап

шегетін бейнетқор кітаптың мазмұны.

Түр қашанда түрленеді, мазмұн ешқашан

өзгермейді.  

Үнсіздік орнады.     

–Біз қалаларды алдағы ғұмырымыз үшін

тұрғызамыз, бірақ олар зираттар құсап 

соңымыздан қалып жатады. Шаһарда таза

болмыс, табиғи келбет жоқ, қолдан

сомдалған, тіршілік атаулыға қарсы, өлі

құбылыс, кент – рухани кеңістікте

мәдениетті шеңберлеп айналған жасанды

серік. Қала, зады, қашанда түпнұсқа емес.

Үйлер – алғашқы шын қыстаулардың, тас

үңгірлердің көмескі бейнесі, шала

көшірмесі. Шайырлардың жырға қосқаны

бекер, жалған мадақ, арзан атақ, тастақ

көше, тегінде, ессіз құмарлық, тойымсыз

ынсап, қанағатсыз ашкөздіктің мекені.

Ептеп жел соқты. Майда қоңыр омыра­

уын самалдады. Ол сөзін жалғастырды. Да­

уысы біртүрлі жарықшақтанып шықты.

–“Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен

көбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек оққа кірісті, Айдаса

қойдың көсемі, Сөйлесе қызыл тілдің ше­

шені, Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы, Билер

отты би соңы, Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлұт болған айды ашқан, Мұнар болған

күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Ара­

сын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы

Қазтуған!!!”   

Қазтуғанды айтқанда, сөзі қатты естілді.

–“Сере, сере, сере қар, Асты кілең, үсті

мұз, Күн­түн қатса жібімес, Мен көлікке

қосымды артқанмын, Көмбідей ару

жаларға Күректей мұзды тоңдырып, Кір­

мембес ауыр қолға бас болып,” – деп бір

тоқтады ол. Кенет айқай салды:

–“Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!” 

Ол зор дауыстан дір етті.

–“Дүниенің басы сайран, түбі ойран, Озар

сойды бұ дүние Азаулының Аймадет Ер До­

спамбет ағадан”, – деді ол, – Ау, қайдасың,

Рабиу­Сұлтан­Бегім, Жауһар­Ханым,

Ғайып­Жамал­Сұлтан­Бегім, Тоқтар­

Бегім, Аққозы­Бике, Жаған­Бике, Хоча­Па­

тшайым, Жағым­Ханым. Көзіме бір

көрінші, Анар, Жанар, Гүлмира, Сәуле,

Бота, Айнұр, Әсем. Шіркін, Маржан,

Шынар, Елмира бір көрінер күн бар ма. 

Ілгері басты. Көзіне сүйір тұмсық ықшам

торғай ілікті. Жұпыны құс шарбақшада

қонып отыр. Тез қозғалып, шалт

қимылдайды. Ұшып, төмен түсті де,

нанның қиқымын, күнбағардың дәнін

теріп кетті. Қунақ әрекеті жүзіне күлкі

үйірді. Тосын, жөпелдемеде қарашығы та­

рыдай, суық жанары тіктеле қадалғанда,

асылы, бойы мұздап сала берді. Ішінде

қимыл­әрекет жүріп жатқан Red One объ­

ективі қаһарманның шағын бейнесін

Medium Long Shot мөлшерінде түсірді. Қоң

торғайдың қасынан аршын төс кептер

пайда болды. Уақиғаны аңдыған көз ендігі

кезек назарын жаңа образға аударды. Ақ

қауырсынды, төбесінде сәлде тәрізді кекіл

шашақ бар, үлкен жемсаулы, құйрығы

ұзын, тегі, ертегінің құдды әсем көгершіні,

қаһарманы секілді. Camera кейін шегініп,

кептер Full­Length Shot көлемінде пішін­

делді. Тар ауланы жіті бақылаған әйнек

оқта­текте көлденеңдеп шырқау биіктен

]]]]Қарқаралы]]]]



25

жарқыраған алтын күнге шағылысады.

Үйден мойнына торқа салған қара торы

әдемі келіншек шықты. Торыққан ажа­

рында тобылғы түс қамырық, солғын

шырай, жақсы үміттен күдерін үзген қапа

бар. Ол бәтеңкесін сүйрете қозғалды.

Сүйретіліп үш­төрт қадам басқан соң,

аяқкиімін жеңіл көтеріп, топылдатып

шұғыл жүрді. Көп ұзамай, көңілін торы ала

мұң жаулаған қападар сұлудың алдында

тұрған. Әйел тізе бүгіп жүресінен отырды.

Сосын, оны екі қолынан ұстап, ақ құба

жүзіне ден қойып, сынақты, мұқият

қарады, қорқыныш түнеп, үрей қонған

әлпетін біршама ұзақ қызықтады.      

–Қорықпа, – деді ол қамырыға сөйлеп, – та­

лайсыз, бақсыз менің де көңіл­күйім жоқ.

Аздап қауіп ойлады. Жатсынып, кейін ше­

гініп бара жатып – езуіне күлкі үйірілді.

–Дұрыс.

Әйел өзіне қарай тартты. Не дерін білмей,

тосылып, бірсыпыра бөгелді. Қайта

құшақтап, мейірлене құшты. Ендігі кезек

саф күлкісін үнсіз тамашалады. Ол кенет

ішқұса назарын, тостағандай әдемі, жасқа

толы көзін, тосын жүдеп, суы қайтқан те­

мірдей жасып, күйреп сынған түрін көрді.

Дауысын шығарып, жылағысы келді.

Тосырқап, кейін шегінді. 

–Шер сағыныштан қорғайтын торғауыт

тәрізді, уайым­қайғы тіршілікті түн

меңдеп, түнек басқандай қарайтып,

дүниені әлдебір басқа, қарабарқын түске

бояп жібереді, сонда үнемі қамығып, қайғы

шегіп жүріп пенде бейқам шерге үйреніп,

машықтанып кетеді. Зады, бейнет дағдыға

айналады. Әдетке сіңеді, көңіл дәнігеді,

жаны құнығады. 

Кездейсоқ, бөтен келіншек егіліп, солқылдап

жылады. Апақ­сапақ зауал шақта емес, бей­

сауат мезгіл, қаперсіз, қамсыз уақыт бордай

езілді. Қабырғасы сөгіліп, өзегін өрт шалды,

жігері құм болғаны – намысын шоқтай

қарыды. Ентігіп, алқынып барып тоқтады.

– Бүгін Нигер зеңгірден құс секілді құлдап,

жырақта топшысы сынды. 

Әсем, тұнық көздерімен маңайын шолып

қойды да, кенет жүзі қайта тұнжырап бе­

тіне тік қарады. Танадай жарқырап,

ұшқын шашқан жанары оттай екен.

Күлімсіреп еді, келіншек те езу тартты.

Қапыда, іргеден терезе ашылып, іштен жас

бозбала жігіт көрінді.  

–Зериза қайда, – деп сұрады ол, – құнттап

сақтаған зериза қайда?

–Дүр, гауһар, меруерт, ақық, зүбаржат,

жақұт, лұһлу, табас, лал.     

–Батия ше. 

–Қобдишадағы ма?

–Иә.

–Білмеймін.

–Қош бол, Нигер­Патшайым.

–Фердауси, қош, мені ұмытпа, қашанда

жадында тұт.

–Сені, Нигер­Сұлтан­Бегім, мәңгілік

есімде сақтаймын.

Жас бозбала жігіт жылап тұрды. Ағаш те­

резе қайыра жабылды. Әйел дуалға тақап,

жарма қақпадан тағы бір есік тапты.

Қосалқы есікті ашып, табалдырықтан

сыртқа аттады. Ар жақта тұрып:

– Саған болмайды,  – деді. 

Көңілденген әйелге қарап, тағы жылы

күлімсіреді. 

–Үйден шықпа,–деді Нигер­Патшайым, –

алысқа ұзап не табасың, біз білмейтін

жақтарда да ештеңе жоқ.

Топсалары жайлап, баяу қозғалып, есік

темір жақтауларына шусыз, ақырын

соғылды. 

–Бірақ, қалада ғана өмір бар, көшеге шық,

ақжолтай батыр, – деді әйел сыртта топы­

лайы дамыл­дамыл тоқылдап ұзап бара

жатып.

Ол бір­екі аттап, соңына бұрылып

қарады. Түрлі көлемде, Detail, Close­Up,

Medium Close­Up, Close Medium, Medium

Long Shot, Full­Lenth Shot, Long Shot аяда

мөлшерленіп Focus бірнеше мәрте өзгерді.    

Мол жаз далаға сыймай тұр. Дуалдан,

қарағайлардан, өрім тастардан мезгілдің

ыстық табы аңғарылады. Іргеден тасыған

маусым төңірегін жайлап, қоршаулардан

төгіліп, сыртқа ақтарылады. Жаз саумалап

есіктен кіріп, терезеден сығалайды.

Тұлымшағы желбіреп, үй­үйден құнтақты

бала секілді жүгіріп шығады да, даңғылдарды,

бульварларды аралап, үкідей желкілдеп кете

барады. Көше­көшедегі гүлзарлардан еседі,

шарпыған қызуы трамвай рельстерінен

байқалады. Ыссы қаудырақ шөп, қаңсыған

тақтай қоралар, еңселі, биік

ғимараттардан соғады. Құм басып, аңқа

құрып, шөл кептіріп, таңдай кеуіп, жалын

атып қаталатады. 

Дүр Алматы, сөйтіп, бір күні дүрлігіп –

дүлдүлдей дүркіреп – дүркін­дүркін сауды­

рап нөсерге шомылады. Иі қанып, құнары

байыған саумал ауа кемпірқосақтанып жі­

бектен орамал тартады. Тегінде, жаңбыры

көп жылдары қала өзендері табанына иірі­

ліп тас байланады. Серуенге шыққан жас

алматылықтар су қайтқанда тастарды

аударып, тоспалардан ойда жоқта бірдеңе

тауып алуға дәмеленеді.       

Өзіне үңірейіп қарап тұрған Camera объ­

ективін көрді. Күлімсіреді. Шілденің

жайма­шуақ күндері, жазғы мол бақыт –

түгел сыйған күлкі – шыныдан тоқтамай,

үрдіс төңкеріліп өтті де, төрткіл кадрда

әдемі мөлдіреп, Close­Up мөлшерінде та­

маша, әсем кестеленді. Кенет бір әйелдің

ашық қоңыр дауысы екеуара

тыныштықты бұзды:

–Кенесары­Наурызбай!

Тізбектелген кадрлар тасқыны қалт

тоқтады. Red One жүзінде – күлген сәбидің

аяулы бейнесі қалды.                                                               

26 қаңтар, 2011 жыл, Алматы

]]]]Қарқаралы]]]]



26

сы күнi өнерге қатысты эссеистикада «шығармашылық баян» («творческая

биография») деген термин орнықты. Дидар Амантайдың соңғы прозасын

оқығанда осындай «баян» ойға оралады. Бiрақ, Дидардың емес. Әйгiлi фран­

цуз режиссерi Жан Люк Годардың. Годар мамандығы бойынша этнограф

екен. Тағы бiр шегiнiс. Этнография деген кейiн пайда болған термин. Алғашында

«халықтану» («народоведение») деген тап­тамаша анықтама болыпты. Алайда,

ғылыми әулет, мәлiмет жеткiзушi жай адамдардан бiр сүйем болса да биiк тұруға

тырысатын әдетi бойынша «этнография» деген «ғылымды» ойлап шығарған. Осы­

лайша әлемдегi халықтардың бiреуiн жоғары, бiреуiн төмен қоятын «ғылыми жүйе»

пайда болған. (Әлбетте, бұл кейiннен кеңiнен әңгiме болатын тақырып. Бұл жерде

бiздiкi оқырманға тек емеурiн бiлдiру ғана). Жан Люк Годар этнографияға қатысты

том­том кiтап жазбапты. Бiрақ, бiз оны шын мәнiсiндегi этнограф дер едiк. Бiр сөзiнде

ол «Этнография, халықтың өткенi мен кеткенiн жинап, қаттап қойған қойма емес,

фольклор емес. Өткенi мен кеткенi, ол халықтың, ал шын мәнiсiнде адамның өткен за­

манда қалған бүгiнi, қазiргiсi. Ал шындығында өткен мен кеткен – жоқ, тек мәңгi

бүгiнгi ғана бар» дегендi айтады. Яғни, ол өзiнiң бүкiл өнернамасымен кинематограф

пен этнография, кинематограф пен халықтану, адамтану деген бiр ғана күрделi

(мейлi, тiптi, өнер болсын) құбылыстың түрлi қырлары екенiн көрсеткен, дәлелдеген.

Жан Люк Годар ең әуелi кинофабрикада монтажер болған, Парижде шығатын «Си­

нема» журналында киносыншы қызметiн атқарған. Күндердiң күнiнде

кинематографтың өнерге емес, керiсiнше, көңiл көтерудiң құралына, уақыт өткiзудiң

амалына айналып бара жатқанын байқайды. Содан соң кассада жиналған

жалақысына сол кинофабрикадан бiр қол камерасын сатып алыпты да, қақпадан

шығып, жолында кездескендi түсiре берiптi.

Жан Люк Годар өзiн «жаңа толқынның» пайғамбары дәрежесiне жеткiзген даңқты

жолын осылай бастаған деседi.

Совет заманында бiздiң киносыншыларымыз бен кинотанушыларымыз қырына

алған, ең көп сыналған шет ел режиссерi – осы Жан Люк Годар. «Соңғы дем», «Өзiнше

өмiр сүру», «Кiшкентай солдат» фильмдерiне қатысты сындарды оқығанның өзi

қызық. «Режиссер пессимист, буржуазиялық дүниедегi тұлғаның қолынан ештеңенiң

келмейтiндiгi, оның күресуге әлсiздiгi», т.т. Яғни, режиссер, меншiкке негiзделген,

пайда табуды көздеген қоғамдардың арасында уақыт алшақтығы, тағы басқа

алшақтық болғанымен, әдет­салт алшақтығы болмайтындығын көрсетiп отыр.

Мысалға, Альберто Моравияның романы бойынша түсiрген «Жиренiш» (1963ж.)

фильмiнде Годар буржуазиялық қоғамның, буржуазиялық қатынастардың адам ба­

ласын қалай аздырыптоздыратынын өте биiк көркемдiк деңгейде көрсете бiлген.

Оның кейiпкерлерi – өздерiн қоғамнан тыс қойған, қағылғансоғылған жастар. Олар

өзара түрлi қатынасқа түсiп, конспирациялық топ болып бiрiгiп, қалыптасқан

тәртiптi өзгертуге әрекет жасайды. Алайда, түптеп келгенде, бұл әрекеттер ауыр

қылмыстарға ұласады. Яғни, көрiп отырғаныңыздай, Годардың фильмдерiндегi жа­

стар дүниесi – сол қоғамның бүкiл болмысын симметриялық принциппен

қайталайтын айна iспеттi. Кейiннен жапон жазушысы Кэндзабуро Оэ өзiнiң

«Жанымның тереңiне дейiн шым баттым» («Объяли меня воды до души моей») атты

романында осы принциптi ары қарай дамытқан.

Жан Люк Годардың, болашақта қандай бейнелеу дәстүрлерiне апарары белгiсiз

«қарапайым» кинобаяндау дағдысын совет сыншылары «агитационные киноли­

стовки», яғни, кино тiлiмен «жазылған» үгiт­насихат парақшалары деп атапты. (Се­

бебi, ол, бұл парақшаларында, буржуазиялық қоғаммен қатар бiздiң коммунистiк

қоғамды да сынайды).

Ендi бiр сыншы (бiздiң советтiк сыншымыз) былай деп жазады: «Идеялық және

шығармашылық тығырыққа тiрелген Годар бұрынғы, дәстүрлi кинобаяндау мәнерiне

қайтып келмек болды. Алайда, бұдан кейiнгi «Бәрi де ойдағыдай» (1972ж.), «Номер

2» (1975ж.), «Қолыңнан келсе қашып құтыл» (1980ж.), «Ынтызарлық» (1982ж.) сынды

экспериментальдық фильмдерiнде режиссер өзiнiң ойға алған мақсатына жете ал­

мады».

]]]]Қарқаралы]]]]



27

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ,

жазушы, кинодраматург, күйші

ОПЕРАТОР жайлы аңыз 



(Дидар Амантайдың «Көзiңнен айналдым»

əңгiмесiн оқығанда туған кейбiр ойлар)

О


Бiр қызығы, осы «идеялық және шығармашылық тоқырау» кезеңiнде Годардың

«Оның аты Кармен едi» фильмi 1983 жылы Венециялық жыл сайынғы Бүкiләлемдiк

кинофестивальде басты жүлденi жеңiп алыпты. Сондай­ақ, оның осы «тоқырау

кезеңiнде» ашқан жаңалықтары, көркемдiк тәсiлдерi әлемдiк киноөнерiне әлi күнге

дейiн нәр берiп келе жатыр. Ол тапқан монтаждың жаңа түрлерiн көптеген режис­

серлер әлi күнге дейiн пайдаланады. Павильондық декорацияның орнына натураны

түсiру, көп жерлерде стационар камераның орнына қол камерасын пайдалану, диа­

логтарда көшенiң сленгi, жаргоны мен «биiк әдебиеттiң» штамптарының қатар

қолданылуы, т.т., осының барлығы жас Годардың қолданып көрген тәсiлдерi.

Сондай­ақ, Жан Люк Годар кинофильмдi түсiру барысында оператордың кейде ре­

жиссерге теңгерiлетiнiн, ал кейде тiптi режиссерден үстем шығатынын да дәлелдеген.

Осыған ұқсас кеп түрiкмен режиссерi Ходжакули Нарлиевтiң басында болған. Х.Нар­

лиев өз жолын оператор ретiнде бастап, ақыр соңында режиссер дәрежесiне

көтерiлдi. Оның ешқандай диалогсыз түсiрiлген «Келiн» фильмi советтiк қана емес,

әлемдiк киноклассика деп атауға лайық шығарма.

Әрине, қазiр Жан Люк Годардың шығармалары киномектептерде оқулық ретiнде

пайдаланылатын классикаға, хрестоматияға айналды, киноның тарихына айналды.

Оның ашқан жаңалықтары қазiргi камералармен, қазiргi компьютерлiк технология­

лар арқылы жасалатын әдепкi тәсiлдерге айналды. Алайда, Годар сол эффекттердi

ашпаса, бүгiнгi мына технологиялар қайдан келдi. Әрине, Годардың орнына басқа бiр

гений келер едi, ашар едi. Бiрақ, бiз сол дүниелермен … сәл кешiрек қауышар едiк.

Осы жерде «компьютерлiк технологиялар» жайында, ол технологиялардың кино

өнерiнiң тағдырына қалай әсер еткендiгi жайында бiр­екi ауыз сөз. 7ткен ғасырдың

60­жылдарының аяғы мен 70­жылдарының басында Кеңес Одағында «Азат ету»

(«Освобождение») деп аталатын эпопея түсiрiлдi. Ұлы Отан соғысының басты

шайқастарының жайын экран арқылы баян еткен эпопея туралы бiр режиссер

қылжақтап «Бұл фильмге шамамен сол Ұлы Отан соғысының шығыны кеттi» деген

екен. Құрметтi оқырман, бұл мысқылдың астарында үлкен шындық жатыр. Бұған

көзiңiздi жеткiзу үшiн, әр кезде оқыған үзiк­үзiк мәлiметтердi келтiрсем жетiп жатыр.

Аталған фильмнiң сценарийi бекiтiлгеннен кейiн бүкiл Одақ көлемiнде қызу жұмыс

басталған. Жобалаушы­конструкторлар ескi сызу­чертеждердi қайтадан қарап от­

ырып, 1940 жылдардағы немiс пенен бiздiң әскери техникамыздың макеттерiн

жасаған. Осы макеттер бойынша Волгоград трактор зауыты бiр жыл бойы немiстiң

«Тигр», «Леопард» танктерiн, бiздiң «Т­34» танктерiмiздi шығарған. Ұшақ жасайтын

зауыттар немiстiң «Мессершмит» сияқты тұйғын ұшақтары мен «Юнкерс» сияқты

ауыр бомбалаушы ұшақтарын, бiздiң өзiмiздiң, бiзге көмекке келген американдық

және ағылшын ұшақтарын жасаған. Әскерилер осы қырық жыл бұрынғы ескi техни­

каны қайтадан жүргiзiп үйренген. Оның сыртында немiс пен кеңестiң тiгiлген әскери

формасында, қайтадан жасалған атыс қаруында қисап жоқ. Фильмге бiрнеше әскери

округтiң солдаттары қатысқан. Бұл фильм кинотехнологиялардың көрiнiсi емес. Бұл,

барлығын өмiрдегiдей, дәлiрек айтқанда, шын соғыстағыдай қылып көрсету үшiн

қаржыны аямай төккен КСРО­ның ұланғайыр бай мемлекет болғанын ғана көрсетедi.

Тағы бiр мысал. Авраам Линкольннiң президенттiгi кезiнде Америкадағы құл иеле­

нудi тоқтату жөнiнде заң шығарылады. Алайда, мақта мен азық­түлiктен бастап

Американың бүкiл керегiн өсiрiп, өндiрiп берiп отырған оңтүстiк штаттар бұл заңды

мойындамайды. Сонымен, өнеркәсiптi дамытқан Солтүстiк пен егiншiлiктi

өркендеткен Оңтүстiктiң арасындағы әйгiлi соғыс басталады. Әрине, өкiмет пен кемел

қаруланған солтүстiк армиясы жеңедi, бұлғақшыл оңтүстiктi заңға бағындырады.

Америка осылайша құлдықты, құл иеленушiлiктi жойып, демократиялық елге айна­

лады, әлемдiк үстемдiкке жеткiзген даңқты жолға түседi.

Әйгiлi жазушы Маргарет Митчеллдiң «Дауыл соққан тағдырлар» («Унесенные вет­

ром») романы осы соғыс жайлы. М.Митчеллдiң өзi сол оңтүстiк штаттардан шыққан,

өз өлкесiнiң патриоты. Кейiннен Голливуд осы роман бойынша тамаша фильм

түсiрген. Қартайыңқырап қалған жазушыны түсiру алаңына алып келiптi. Сонда жер

қайысқан әскер мен 

қаптаған қару­жарақты көрiп тұрып, Маргарет Митчелл «Бiздiң әскерiмiз

шындығында осындай көп болса Оңтүстiк жеңер едi» («Если бы у Юга было столько

солдат, мы бы победили») деген екен. Әрине, бұл да технологияның көрiнiсi емес.

Компьютерлiк технологиялар әлемдiк киноның тынысын ашты, оны жаңа, адам

айтқысыз биiкке көтердi. Мысалға, қиянкескi майдан даласы ендi мониторда жаса­

лынады. Оп­оңай. Мысалға, әскер болып ойнайтын 500 статист, Интернетте жыл

сайын жаңартылып, жетiлiп отыратын «Массив» бағдарламасы арқылы сонау

көкжиекке дейiн сап түзеп тұрған алып армияға айналады. Бәлкiм жарты миллион,

ал керек болса бiр миллион немесе одан да көп әскер.

Мiне, Лукас, Спилберг, Кэмерон сияқты режиссерлердiң атын шығарған, зор даңққа

жеткiзген – осы цифрлық технологиялар. Дидар Амантайдың жаңа әңгiмесiнде кино

түсiрудiң ең соңғы технологиялары, ең соңғы форматтар жiпке тiзiлiп айтылады.  

]]]]Қарқаралы]]]]



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет