№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет4/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Он бірінші ой

Күрделі істі алды-артыңды бажайламай-ақ бастау оңай да, сол бастамаңды

құлпыртып, келістіріп аяқтап тастау қиын.

Дəнді себу бір бөлек те, піскен егінді орып, теру де өз бетінше өзгеше емес пе. «Бірақ

қиындық көбейген сайын қажыр-қайратыңның еселей түсерін ұғынар жан бүгінде аза-

йып барады-ау», деп бас шайқағанымды кім елей қояр. Əйтпесе жан иесінің жасай

алмайтыны болмайтынын жұдырықтай ғана жұмыр жердің əр тұсында қыбырлап тір-

шілік етіп жүргендердің қарекетінен көріп сезетінімізге бас изер едік-ау. Сондай үлгілі

істерге мəн бермейміз бе, əлде өзгеге еліктеуді, өзімізді Тəңірге балап, жөн көрмейміз

бе – қаперімізге де алмаймыз.

Қазаныңда не қайнатсаң, қарныңа сол түсерін ойламай, бос қарынды тыр-тыр қасып

қойып, төбеге түкіруден қашан жалығармыз. Қыбыр етпей шөгіп, құрғақ қиялға бөккен

жанның миятқа жеткенін көрген емеспін. Жетпегенін жеткізудің орнына, діттегенін

өткізудің орнына əулекілене айқайлап, маңайына өзі сияқты селтекбастарды жинап

алып, мақтан көйлейді де, қылығының қылшығын да тап басатындардан аулақ жүреді.

Ал мақтанғанда не айтады. Не айта алушы еді. Мақтанатын түгі жоқ бақытсыздығының

өзін барынша бағалап, далиятындарын қайтерсің бəтшағарлардың. Қам-қарекетінің

басын таудай, аяғын қылдай етіп сұйылтып бітіретіндердің бүгінде билік басында

шоғырланғанына қатты қынжылам. 

Үлескердің ұлардай шулап, үйсіз тентіреп жүргенін, қарттарды қалт-құлт еткізіп эс-

калаторсыз өкпесін өшіртіп төмен сүңгітетін аты бар да заты жоқ метросын, сол

метроның екінші тармағын қазып жатқан жұмысшылардың екі-үш айлап еңбекақысын

ала алмайтынын мүлде ойламайтын Алматы əкімінің бір ғана «ауруы» бар. Ол – ве-

лосипедтен айында кем дегенде екі мəрте жарыс өткіздіру. Жəне сол жарысқа

өкіметтік мекемелердің қызметкерлері мен мектеп, институт оқушыларын зорлап

қатыстыру. Өткенде сондай бір марафон жарысында жүрегі шыдамай оқыс қайтыс

болған азаматты да көрдік. Обал-сауабын əрине Ахметжан мырзаға тапсырып, шай-

тан арбаңды желдірте беруді азайтсаң деуді айтқымыз-ақ бар. Алайда əкіміміз аль-Фа-

раби даңғылын жапқызып тастап, екі аяқты өз «көлігімен» секеңдеумен жұртты əбден

зеріктіріп бітті.

Осыдан кейін таңдай қаққыштардың «мықты бастық! Пысық бастық! Данышпан

бастық!» дейтін еліртпе сөздері əкімдерге де, əкімнен жоғарыдағыға да онша айтыл-

май құлағымыз біраз тынышталды.

Хош. Бастауын бастап жаздым. Аяғын қалай бітірем енді. Ауруымыздың ауырын

көрсетем деп, бірден бауырымды тілгізіп алармын ба? Əкімқаранын тəуірін табам ба

деп, үстіндегі маска-халат жабуын сыпырып алдым ба, əйтеуір ниетім түзу.

Азандағы хақым мен хұқымның кешке де үзіле қоймайтынына сенгім-ақ бар. Əй,

бірақ...


* * *

Көкірек – көріктей

]]]]Қарқаралы]]]]



19

Байлықпен ісінген.

Қайтеді желікпей,

Үрікпесе кісіңнен.

* * *


Қаламгер болып қалмақ үшін емес, ермек үшін өлең жазатындарды білем. Бермек

үшін емес, əлденеңді алмақ үшін түп-тұқияныңды қазатынды да білем. 

Өлең деп жазғандары еш өлшемге сыймаса да, еш өңдеу, жөндеуге илікпесе де, топ-

талып, түптеліп, «кітап» деген шекпенді іліп, кітап дүкендеріне қысыла-қымтырыла

кіріп алып, кең сөрелерге көсіле жайғасқан соң-ақ төңірегінен өзі тектес күлдібадам

күйде айқайлаған аты бар, күбірлер де заты жоқ, əлекей-шəлекей безенген

«əріптестеріне» қодилана шікірейіп, шекесінен қарап шыға келеді. Сол сəтте

сөрелерде алтын əріптері жарқ-жұрқ етіп қораздана қалған əлгі «дүниесіне» қызыға,

масаттана қараған автордың (əрине жақша ішіндегі автордың) екі езуі құлағына жетіп,

төбесі көк аспанды тіреп, табаны жұмыр жерді тесіп жіберердей шіреніп, əлемдегі ең

құдіретті, ең қасиетті классик қалпына енеді. Неге енбесін. Анандай көздің жауын ала-

тын, ұстасаң салмағынан қолың талатын кірпіштей қалың кітапты бүгінде Əбдіжəміл

көкең шығарып па. Əбіш-мəпіш, Мұхтар-сұхтар, Софы-мопыларың жаза алып па. Жаза

алса, түп-тұқиянды түгел қаза алып па. Ендеше ендігі мықты да өзі. Пайғамбар да өзі.

Қаламына қара сиясын құйып алып, ақ қағазға телмірген анау көп қаламгерсымақтың

табынатын пірі де өзі.

Ал енді осындай «дүниеде жоқ шедеврлерді туғызатындармен» таласып көр.

Талтаңдап келіп аузыңдағы малтаңды жұлып алсын. Қалшылдап жетіп, қалтаңның

түбін тиын тұрмайтындай етіп тесіп жіберсін. Неге өйтпесін. Сонау төрде... биік... биік

сона-ау төрде өзі отырады. Не қазынаның бүкіл қаржысын алдына өңгеріп алып, олай

шашса да, былай шашса ешкім ештеңе дей алмас баласы, панасы, қарасы, ағасы от-

ырады. Бірдеме деп үндедім дегенше, «кітабы кітап емес» дегенге аузыңды икемдей

бүре бастасаң-ақ үйелменіңмен ұйпа-тұйпа болып қоқыстың үйіндісінен бір-ақ

табылғаныңды білмей де қаласың. Ал сонсоң сынап та көр. Өзіңнің кітапсымағыңды

жазып та көр. Тендерден тып-типыл қылып қақсын. Шыбыныңды шырылдатып бақсын.

Қоңыз теріп кетпегеніңе тəуба деп жан шақырғаныңды ешкімге сездірмей, қазаны

қаңсыған қуыс үйіңе қуылып тығыларсың.

Əне, ермек үшін жазылған кітаптың күрмег мен кермегінің құдіреті. Солай, бауырым.

Солықтай бер сор маңдайыңды сойылға төсеп.

* * *


«Іші өлген, сырты сау» адам –тірі адам ба?

«Бүгінгі достан ертең жау тапқан» адам – ірі адам ба?

Əне, Абай даңғылдың өзімен айтысардай сұрақтың дүрі.

Тауып көр жауабын мықты болсаң. Əйтпесе, «Мен не қылдым, апырау?» деп тірі

болып доспен тіресе алмай, ірі болып жауша сіресе алмай, жауыздықпен күресе

алмай, күмілжіп, күнсіп өте береміз бе?..

* * *

Іш тарлығы жек көруден қиямет,

Ол бар жерде жоғалады сый, əдеп.

Бір күншілдің жүріп өткен ізімен

Толып кетер күншілдікке қия бет.

Он екінші ой

«Қартайғанда əлдекімге ғашық қылу – ақыл естен айырып, белгісізге ашықтыру».

Осылай деп сүйкектетіп өткен қаламымның ізіне сəл-сəл үңіле еңкейіп, ойланып

қалғаным... Əй, «седина в бороду, бес в ребро» дейтін орыстың мақалын нахалдықпен

тілім-тілім жүректің қай қуысына жапсырайын деп отырсың, жазғышым. «Сүйдім де-

генше, – көзіңе жамау кидім» дегенді ескермей, жетпістің жегісі желкелеткен желкеңе

тоқал-соқал деген еркетотайды мінгізіп алуды ойлаудан саумысың, ə?

Тоқал қатынның өр келетінін, өрдің төрде тайраңдап, тұрмыс-тіршілігіңнің кері келе-

тінін қалай білмейсің?

Кеудеңнен от, көзіңнен шоқ қашқанда, қызыл иекпен ботқаны, қысыр табанмен боқ

басқанда, қаныңды құмға, жаныңды мұңға бөлер айқай-шудың қақпасын ашқаныңды

қалай білмейсің?

Анау төрдегі төрелердің «жердегі кенелердің» («кенелер» деп солар кедейлерді ай-

тады екен) сұлу қыздарын «Саинның» бойынан суырып алып, тоқал ғып қойнына ба-

сатынын, сол сəттен бастап олардың отының басының, төбеге өрмелеген тасының

берекесі қашатынын қалай білмейсің?

Сонау мықтыңның əукесі салбырап, кəрі сүйектері балбырап жас иістің мас исіне исі-

ніп, сол аршын төс, дөңгелек бөксе, ұзын сирақтылардың өтірік-расы белгісіз өліп-

]]]]Қарқаралы]]]]

20


өшулеріне сүйсініп, бикештердің бір емес, бірнешеуін қабаттағанын, ақыры əлгі қызыл

еріндердің көбесі сөгілгенде, көмейден төгілетін ашу-айқайдан құтыла алмай санын

шабақтағанын қалай білмейсің?

Шыдай алмадым ба, ойымды ортасынан қақ бөлдім.

–Əй, əй! Сəл тоқта! Шынайы махаббаттың тегінің өлшемі де болмайтынын, шегінің

мөлшері де болмайтынын ескерсеңші!

–Ал ескердім. Сонда тексіздіктен текті, шексіздіктен шекті таппақ болып тыраштану-

дан саумысың, қаламға бұт артқышым-ау?

–Жо-жо-оқ, таласпа. Құлай сүймеген жанның жанының құлай алмайтынын неге

ұқпайсың. Есі-дерті қалмай ынтық болмағанның ешкімді де сұмдық жек көре алмай-

тынын неге білмейсің. Құмартқанын Тəңіріне балай алмайтын қуыс кеуденің

қарғысының да əлсіз болатынын неге ұмытасың.

–Ұшығын ұстатпас сүюдің азабына күюден де тозақ отында шыжғырылудың артық

екенін ұмытқаның ба? – Ұза-ақ күрсіндім. Ұстайтын жерін тап басты-ау кəпір. Үндемей

қалсам – ұтылғаным-ау.

–Жə, жə! Махаббаттың ащысының да тəтті екенін білсем, оның азабының лəззатын

татудан неге қашуым керек. Сүйген жанның ғана тірі болатынын, ал тірі жанның іс-

əрекетінің ірі боларын уақыттың өзі дəлелдемеп пе еді!

–Ақылыңнан адасқың келсе, «сүйдім-күйдім!» деп сүмелектене бер онда, даныш-

панды да дарақы ететін ғашық-машұқтың машақатын сезбесең.

–Айта бер. Бəрібір қайтара алмайсың мені. Өйткені махаббатқа от та, сот та жоқ.

Заң да, низам да жоқ. Махаббаттың Тəңірісі – жүрек қана. Жебеушісі – тілек қана.

–Жарайды-ақ. Махаббат дегенің – əйел жанының əсем əуенмен сайрағыш бұлбұлы

ғой. Сол бұлбұлдың сенің жапырағынан жұрдай болған арса-арса тəніңнің кəрі

бұтақтарына қона алмайтынын неге түсінбейсің?

Жеңілдім. Солықта-ап кеп күрсіндім.

«Ұрыс-керісі көп сүйіспеншіліктің дұрыс өрісі аз болар» дегенді іштей түйсіндім бе,

кешеден бері теріс қарап жатқан бəйбішеме қарай бір аунап түстім...

* * *

Өтірікшінің денесін жапқан терісінен шайтанның жымын білдірмес өрісі басталады.



* * *

Өткеннің бəрі өкінішті десек, өткеннің бəрі өшкен сезімдердің тыныштық тапқан  сұп-

суық табыты десек, қатты қателесеміз. Өткенді түзетуден гөрі күзеу оңай деу де

шындыққа онша жанаса қоймайды. Өткеннің өнегесі де мол, кеткеннің кемелдігі де

көп. «Өткеніңе өтегенің аз емес, бүгінгің уысыңнан сусып шығып барады, ертеңіңмен

есіңді жинауға тырысып бақ!» дейтін ақыл-кеңестен де зəру емеспіз. Ескермейтініміз:

өткеннің ешқайда жоғалып кетпей, өзіміздің ой-бойымызда тұрақтап қалатыны.

Қазіргінің қан-жыныңа араласып, сіңісіп жатқаны. Келешегіңнің ыстық-суығымен,

күйініш-сүйінішімен құшағын ашып күтіп тұрғаны. Яғни бүгінгің – өткеніңнің өткелі,

ертеңіңнің жетпегі. Сонымен біздің өткеніміз бен жетпегіміз біртұтас. Бөліп-жара ал-

маймыз. Ал маған салса, бүгінгімнен де, жетпегімнен де өткенім үнемі қадірлі де,

қымбатты да көрінеді де тұрады. Өйткені «адамға адам – дос, бауыр!» дейтін құдіретті

сезім кешегімде ғана қалып қойғанын пайымдаймын. Алматыға алғаш келіп, бір

бөлмесін жалдап алған дядя Мишамды туған əкемдей көрмесем де, соған жақын

балалық сағынышпен əлі күнге шейін аңсап, еске алып отырамын. Шынайылық,

тазалық, қамқорлық, жанашырлық сол кезеңнің бедерлі белгісіндей болып, бүйірімнің

бір бұрышын үнемі жылытып тұрады.

Бөлімімнің меңгерушісі болған анау азамат Асқар Қонаевтың өзінің босаған пəтерін

маған алып берем деп қаншама жүгіргенін, ақыры пəтердің кілті басқаның қолына ти-

генде, менен де гөрі қаттырақ күйзелгенін қалай ұмыта алармын.

Кең еді ғой жүректері. Адал еді ғой əрекеттері. Асқақ еді ғой арман, мүдделері сол

азамат ағалардың!

Бүгінгі мынау қытымыр уақыттың уысына түскен замандастарымнан сондай

мөлдірлікті шам ұстап іздесем де, таба алмасыма қатты қиналам.

* * *

Тас төбемнен төніп тұрған төрем көп,

«Ойыңды да, сойыңды да көрем!» деп.

«Ойың, сойың мендік болса, пақырым,

Қалауыңды сұратпай-ақ берем!» деп.

... Қимылдатпай қойғаннан соң, қайтейін

Тұрған бойы табаныммен əйтеуір 

Қара жерге кіріп барам тереңдеп.

]]]]Қарқаралы]]]]



21

Он үшінші ой

«Министрлердің жиі ауысуы жаман. Ал нашар министрлердің ұзақ отыруы – қасірет»

дегенді бұрын бір жерден оқып едім. Сол тіркес бүгінде санамда ұдайы жаңғыратын

болып алды.

«Өзің білме. Білгеннің тілін алма» дейтін ұлтымыздың өксікті өкінішінен туған кеке-

сінге толы тұжырымын əдетіне айналдырып алған жиі ауысқыш, аты-жөні ешкімнің

есінде де қалмас, жалт етіп көрініп қалып, жылт етіп өшіп кететін министрлер де, қара

мұртын қаракөзінің жұмыр бөксесін аялай сипалағандай, ерінбей сипай беретін,

түксиген қабағын бір ашпастан əр министрліктің жұмсақ креслосын кезек жамбастап,

ұзақ отырудан қалжырап шаршағандықтан бір ауыз сөзін бір тонна алтынға сатардай

ерін көбесін сөкпейтін үндемес министрлер де бізден ғана табылатынына бүкіл əлем

куə. Ал осы тірліктің қайсысы жаман, қайсысы қасірет екенін мен айтпасам да,

жұрттың өзі тап басарын жəне пайымдаймын. Менікі тек «Атпайтын таңды мен атыр-

дым!» деп қыт-қыттайтын əтештің қылығындай анда-санда еріншек елдің құлағын

елең еткізе қоям ба деп тыраштану ғана. Əйтпесе бір келіп, бір кетіп жататын əрекетсіз

министрлерде нем бар.

* * *

Кеудесіне мұң бұққан,

Үрікпесең шындықтан.

Қорықпассың ешқашан

Өтірік дейтін сұмдықтан.

* * *


Кейде ойлаймын: адамдар қолынан келетін өз мүмкіншілігін неге зорайтып көрсетуге

тырысады деп. Ал бойындағы қажыр-қайратын кемітуге неге асығады деп.

Өз мүмкіншілігін асыра бағалайтындар өзін өзгеден өзгеше етіп, құлпыртып көрсетуге

əуес. Сонысының тырақылық екенін түсінбей биліктің басында босқа отырудан өтер

қылмыс жоғын бір бағамдамайды-ау.

Ал өз бойының күш-қуатына сенбейтін адам əркімнен əрнені талап ете алмайды да,

ешкімге ештеңе бере алмайды. Бүгінде айналамнан осындай мінезділерді жиі

ұшыратам да, ұнжырғам түсіп, ақ қағазға қара сияны ызалана төгіп-төгіп жіберем.

Бірақ сілкініс пен серпіліс өзіме де, өзгелерге де орала қоймайды-ау бəрібір.

* * *


Қағылса иек ызбарлана, сақтай ым,

Тұс-тұс жақтан жамырайды жаппай үн!

Аспан жерге аунап түсіп əп-сəтте,

Болмас нəрсе бола қалар дап-дайын.

... Уанған боп,

Қуанған боп өтірік,

Ішім жылап, үнсіз, тілсіз өкіріп,

Қайталаймын парламенттің «Лəппайын!»

* * *


Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы туындап қалыптасатын мінез-

құлықпен санасқың келсе, өзара қарым-қатынастың тазалығына барынша ден қоя біл-

ген абзал. Арамдық араласып, сауда-саттық билеп, басыңқы-бағыныңқы əрекет

қабаттасқан байланыста шынайылықтың із-түссіз жоғалатынын көбіне көп ескере бер-

мейміз.

«Бəрінің бастау көзі, тірлігіміздің тірегі, бірлігіміздің сəні, өміріміздің нəрі – Елбасы!»



деп өзіңді ел ішінің иісалмас маубасы деп бағалаудан не қайыр таппақсың. Жартыкеш

ұл, жартыкеш құл болдың, ал. Нені ұтың? Нені тұттың? Құйрығыңнан тепкіздің.

Қорлығын бойыңа өткіздің. Неңмен жарылқандың сонда? Арлылығыңды

жарлылығыңа жеңгізгенің бе? Намысыңды кемістігіңмен жоғалтқаның ба? Жорғалаған

тірлігіңнің кім көрінгеннің табанын жалатып, қорғалатқаны ма? Ондай тірлікті

сүрмегеннің өзі артық қой.

* * *

Анда-санда əлдекімдерге қол ұшын тигізіп қана жəрдемдескен болып, өзінің оралмай



жүрген қадірін қайтаруға тырысатын бəкенелерді аяймын. Ал кəкір-шүкір қызмет-

көмегімен-ақ көпшіліктің көзіне өзін дардай қылып көрсетуге ұмтылатын менменші-

лерді сұмдық жек көремін. Өйткені алғашқылардан аз да болса ар, иманның жұқанасы

табылып қалады. Əйтеуір өзінің де, өзгенің де қадір-қасиетінің жоғалмауын ойлай-

тындай бір ниеті қылаң береді. Ал атаққұмарлар шіл ұстатса, піл бергендей лепіріп,

тобықтай ет асатса, тобыр топты тойғызғандай дүрілдеп, даңғырлап, көк пен жердің

арасын қарқылдаған «Меніне!» толтырып-ақ жібереді. Содан кейін-ақ бүкіл ел соған

]]]]Қарқаралы]]]]



22

қарыздар, жалпақ жұрт соған борышкер болып шыға келгендей дақбырты мол пікір

қалыптасады. Осыдан соң əлгінің уысынан босанып көр. Бұлқынып жұлқынып бақ.

Жаныңды мұрныңның ұшынан сығып ала қойсын. Неге өйтпесін. Сенің су ішкенің де

соның, солардың арқасы. Ауа жұтқаның да соның құдіретімен ғана. Қысқасы, жер

басып тірі жүргенің үшін де тас маңдайыңды тізесіне тақылдатып ұрып, əлгінің

«қасиетті» құзыретіне құлап жүгініп, жылап егіліп құлшылық ет!

Қалай, оқушым. Сенесің бе осы пайымыма. Көнесің бе уағызнамама. Өзің шеш.

* * *


Арым – барым еді. Бүгін жербауырлата еңіреткен зарым болды.

* * *


«Сал былай!» деп газ бен мұнай құбырын,

Ресейдің дірдектеткен дүбірін

Естігенде,

«Оралар – деп – кешегім!»

Қорқынышпен қойындасты ғұмырым.

«Ортақ өгіз құрысын!» деп шоқ басқан,

Төнбесін деп бұрынғыдай кекті аспан,

Шын еркіндік аңсағанның бірімін!

* * *


Адал жанның уəдесі – айнып кетпес міндеті. Азғын жанның уəдесі – адалдықтың

жендеті.


Осылай жаздым да, ойланып қалдым. Ау, Софы, уəдені бар да, жоқ та бермей ме?

Аш та, тоқ та бермей ме? Өзіңнің ішіңдегі түйедей сұмыңды байқамай, өзгенің

сыртындағы түймедей мінін көргіш пенде екенімізді жасырмасақ, бүгінгілердің адалы

мен азғынын тап басып ажыратып, айдай əлемге айқайлап айтып бере алармыз ба.

Қайдам. Əлдекімдер мен əлденелерді құлай ұнататындарды ел де сынай ұнатады

деп таңдайымызды тақылдата жөнелетініміз бар. Сол ұнататындардың да өздері

ұнататын уəделері бар емес пе. Мəселен, «100 мектеп!», «100 аурухана!» салып

беріп, «Ауылды ауызсумен қамтамасыз етеміз!», «Ауыл жылы ауылды көркейтеміз!»

дейтін сыңайлы уəделерді құлағымыз сарсыла тыңдамап па едік. Əсем көмейлерден

əсерлендіре топылдап төгілген сол уəделердің ұшпағына шығып, мəресіне жеткен

біреуін-ақ тауып бере аламыз ба?..

Ендеше кімнің уəдесінің – міндет, кімнің уəдесінің – жендет екенін таңбалап берем

деп далбасалаудан түк өнбейтінін сезем. Сезем де, «менің міндетім – ақ қағазға

қалам сүйкектетіп сүйсінерлігі аз түйсіктерімді көпшіліктің келесіне ұсыну ғой» деп

өзімді өзім жұбатамын.

Шіркін-ай, əлгі уəделер шынымен-ақ іс жүзінде орындалып, азаматтарымыздың

тұрмыс-тіршілігі оңдалып шыға келсе, сол оңды тұрмысына сəйкес болуға тырысқан

азаматтарымыз да құлпырып, жаңарып, жақсарып сала берер еді-ау!.. 

Түңілу түбі – тұңғиық қой. Кей-кейде күдер үзе бермей, үміттің ізіне де үңіліп қойған

теріс болмас. Біз неге анау араб эмираттағылардай бар байлықты баршамыз болып

иеленбейміз? Байлықтың үстінде отырып қайыршылық күй кешкен біздей екінші бір

ұлт бар ма екен мына əлемде?..

* * *

Көптің ішінде адалынан адасып қалған ұл-қыз аз емес.



Көктің ішінде қиқы-жиқы адасып жүрген жұлдыз аз емес.

Адасқан жұлдыздың мұңын қараңғы көрпесімен қымтаған түн білер. Ал адасқан ұл-

қыздың мұң-мұқтажын кім білер?

Айлығы шайлығына жетпейтін, бұрынғы құрмет-қадірінен жұрдай болып қалған

ұстазы ма?   Қайтсем тиын-тебен табам деп қайыршылықтың қамытына ілінген, тен-

тіреп базарда жүрген, телміріп көшеде тұрған ата-анасы ма? Атыс-шабыстың, алдап-

арбаудың, ұрлық-қарлықтың құнарлы жас кеудеге улы ұрығын аямай сеуіп жатқан,

судай сіңіріп жатқан көктей солғыр көк жəшіктің көлгірлігі ме? Ауыздан дұға, кеудеден

иман қашқан тірліктің күнгейін шарасыздықтың көлеңкесі күргейлеген қоңторғай күйкі

күніміз бен күйіміз бе? Жауабын түгел ел боп таппасақ, əзірше мен таба алар емес-

пін.

* * *


Бақыра бермей, 

Бақ сына.

Ақыра бермей,

Топшыла. 

Шөл өреді жаманнан,

Ел ереді жақсыға.

]]]]Қарқаралы]]]]



23

оп – топ. Қаз­қаз басқан екі аяқ

– тас жолмен ілгері жүріп бара

жатып – қалт тоқтады.

Әдетте шалқасынан ашық

үлкен жарма қақпа бүгін тие­

гінен байланып жабық тұр. Ол кідіріп,

дағдарып қалды. Топ, екінші аяғын көтерді,

топ. Сосын, қапылыс топылдап қайта

жүріп бара жатты. Бәтеңкенің жерге

тиген дыбысы құмығып шығады. Топ.

Жөпелдемеде топатайды қағып, сүрініп

кетті, алдына тізерлей құлады. Әдемі

топы ақырын сырғып, басынан сыпырылып

түсті.  

Жерден созалаңдап тұрып, еңселі дуалға

түсінбей көз салды. Қарсы алды тегіс бояма,

әсем сырланған биік тақтайлар. Белдік

темір бекітіп тастаған – зілдей, тастай

берік дарбаза. Тыстан әредік жайдарман то­

пырлап өтіп бара жатқан топ­топ

балалардың ертеңгі ауа райын топшылаған

майда, жарқын дауыстары естіледі. Көне

топографияны, қадім заманды әңгіме

қылады. Ертедегі уақыт, өткен дәуірде –

жаһанда тынымсыз күн күркіреп, найзағай

жарқылдайды. Дауылдап, борап жауған

бұршақ толастамайды, ғаламды

жаңғырыққан күшті дабыс көміп кетеді,

тұс­тұстан әлемдік тасқын құйылып,

топан су кең байтақ жазық өңір қыр далаға

аңдыздап қаптап, дүниежүзін сел басқан де­

седі. Жайма­шуақ күлкі, шат үндер бірсін­

бірсін алыстап, жойылып барады. Ол

іркіліп, айналасына зер аударып, абайлап

төңірегін шолды. 

Қымбат тастармен кестелеп

шимайлаған топы Close­Up мөлшерінде ірі­

лене көрінді. Red One жүзін сипай жылжып

киіміне тоқтады да, ескі бәтеңкесіне ауы­

сты, сосын шұғыл тайқып, шегініп кетті.

Кадрда дала келбеті ашылды, мөлдіреп

жалпы кескін шықты. Әлсіз үн, көмескі

сыбдыр, күңгірт дыбыс тегіс жаңғырып

анық жазылады.

Ол теріс айналды. Үйдің қалқасында

қасқыр құйрық қарағайлар манаурап

қалғып тұр. Жібектей самал төңіректі

майда шарпып, иіс майы танауды жарып

мұрынға келеді. Жел ауып, ықтасын өзгерсе,

қолқаны атқан әлдеқандай осы бір әдемі

хош иіс аспанға ұшады. Әуеге шауып, бай­

лаулы малдай шешіледі. Сымпылдап

көгалды сайдан қанат қаққан топ­топ көк

ала үйрек секілді, қышқылтым шайыр

бұрқырап көтеріліп, жан­жағына молынан

төгіледі. Әр інжу­маржан тамшы үзілген

м о н ш а қ т а й

ш а ш ы л ы п ,

шүйгіп ырғын

жұтқан кеу­

дені толты­

р

а

д

ы

.

Қ а п ы р ы қ

ш а һ а р д а

қ а п а л а п ,

тыныс іздеп

т о п ы р л а ғ а н

жұрт сағыз

майын сіміріп,

рахаттанып

иістің дәмін

алады. 

Көшеде ерсілі­қарсылы сапырылысқан

халықтың қарағай ауасынан омырауы

кеңіп, сарайы ашылып кеткендей – ақ

көкірегіндегі ұмытылмаған жазғытұрым

сазы көңілінде қайта шырқалады. Кеше,

көктемгі аспанда жүзген күміс айда –

пейіштің төрінде шалқығандай аунап –

қаздай қалқып еді. Миуалы бау­бақшадан

жұпар аңқып, келе жатқан жаздың лебі

көмейді қапқан болатын. Бар адамдар, шы­

нымен, бақытты еді. Қазір шіліңгір ыстық,

шілденің орта­соңы, лақ сүмбіле басы. Ел

тоқырап қоңыр күзді тосады. Мизам,

ақырап, – сосын, аласапыран қауыс, қара

суық боқырауды біртүрлі самарқау, үнсіз,

немқұрайды күтеді.          

Есік ашылып, босағадан ит көрінді. Әуелі

күшік жүгіріп шықты. Соңынан жетек­

тегі, танадай, салқы төс, тарғыл дүрегей

аттады. Тұмсығына шақтап

тұмылдырық, мойнына әсемдеп қарғы бау

тағып қойыпты. Қайысты тіліп, таспалап

кесіп, өріп те, түйіп те жасаған, құраған,

байлаған қалың былғары үстінен

жарқыратып темір жүргізіп, торлап үлкен

иттің тұла бойын тұмшалап тастапты.

Бауға шығыршықталған жылтыр

шынжырдың тізбектелген әрбір жеке

түйіні жүріп келе жатқанда, көктен ша­

шырап түскен сәуледен жалтылдап, оқта­

текте ойнап кеткенде – қанжардың

жүзіндей жарқылдайды. Күшік екі құлағы

салпиып алдына жетіп келді. Монтаны

жәудіреп, бейкүнә қарады.   Әупілдеп екі­үш

мәрте үріп қойды. Содан кейін –

жаутаңдап, шоқиып отырды, шалт

қозғалып, лепіл қақты. Тыныштықты

бұзып шәуілдеп, тағы әлденеше дүркін

қайталап үрді. Елігіп, желпініп, өз шуына –

өзі дүрлікті. Маң төбеттей маңғаз

]]]]Қарқаралы]]]]



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет