№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.

бет3/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жетінші ой

Қараңғыдағы ойыңды ұрып жыққан қайғыңмен қауышқан кезде ауру жүректің ақырын

соққанынан қорқып, осы қазір о дүниеге аттанып кетердей дөңбекшитінің қалай?

Кешегіңді тірілте алмай, ертеңіңе үміт арта алмай, шалыс басқан аяғың мен теріс

соққан жүрегіңе өкпелеп, артқыға айтпаған сөзіңді алдыңғының ұқпасын сезіп, тіліңді

тістеткен төсегіңнің түнегіне орана беретінің қалай?

Тимеген ерікті, кимеген бөрікті аңсадым демей, адасқаныңды жасырып, жалғызға

жармасқаныңды мыңмен алысқанға балап, амалдан гөрі айланы құнттап, аттандап

шабар ашуыңа көнбістікпен күбірлеп басу айтуың қалай?

Тоналған түсіңді, таланған ішіңді кəріліктің құрсауындағы үмітің қайта оралта алма-

сын білсең де, алдамшы ғұмырдың желұшық желігімен сонау жастық дəуреннің

бұзылмастай дəмін тағы бір татсам деп далбасалай беруің қалай?

Татуыңмен араздасып, жатыңмен жақындасқан ит тірлікте көңіл үшін ғана ілесер

екіұшты серігіңе ұсақ қулығын көріп тұрсаң да, алдап кетеріне сенбей, ішіңді түгел

ашып тастайтының қалай?

Өзгенің не дерін өздері білсін. Ал мен өз көңілімнің көңірсіген түбегінен өз жауа-

бымды суырып көрейін.

Берекесіз пенденің əрнеге қызығып жанығуы бар. Сол пенде жалтыраққа ұмтылып,

жылтыраққа құмартып, оймен жанын өсірмей, той тойлап тəнін асыраудан жалықпай

жүріп жар басына жақындап келгенін байқамай қалады. Кейде омақааса құлайды.

Кейде енді-енді домаларда етпеттей жығылып, əупірімдеп жан сақтап қалады.

Содан кейін-ақ əлгінің қиял қуып, бос өткізген өмірінен жалығуы басталады. Бұлдыр

күннің бүгінгісінен кешегісін таба алмай, ертеңгісінен үркіп, айналасында қаптаған оң

шырай мен теріс ыңғайдың қайыссын таңдарын білмей, əуре-сарсаңға салынады.

Сол-ақ екен төңкеріліп түскен дүниесінен адасып қалып, бағыт-бағдарсыз ілбіп кеп

жөнеледі. Ендігі қыбыр-жыбыр тірлігінен жанығу мен жалығуын айдап шығып, өзімен

де, өзгемен де жауығуын бастайды.

Өзінен жау тапқан жанның өзгелермен дауласа кетуі қиын емес. Кінəсіз бəйбішесімен

арсылдасып, жазықсыз баласына бəле тағып, байбайшыл күймен ойбайлап бітеді.

Заманының кеңдігін етігінің тарлығымен өлшейтін пақырға сонан соң өз мінін ұрлап

жасырарға жағдай қайда. Сөздің шынын табуға ұмтылмастан бар қылығын пайда

түсіруге жұмсаған соң жоғарыдағы «қайдалардың» паналап тығылар мекені соның

кеудесі емес пе.

Менің пайымым осы.

* * *

Көрініп қазағына жақын кісі,

]]]]Қарқаралы]]]]



13

Сарқылмақ халқы үшін ақыл, күші.

Сыртынан сол қазағын сатып келіп,

Ұпай жинар депутат популисы.

* * *


Бұрынғы өкіндім дегенім бүгінгінің бақайынан да келмейді екен. Қайтпаған көңілдің

айтпаған тілектерін ертеректе сезетін жандарым мол еді. Бойыңды бір ысытып, бір

суытқан жарқ еткіш қаракөз қарындастың сезімталдығын қалай ұмыта аларсың.

Бұйығы кеудеңнің қайғысын қабаттаса көтеріп, иығын тоса қоятын досыңның сергек-

тігін жадыңнан қалай жоғалтарсың.

Бұлғақтап келіп, жылмаңдап сөйлейтіндерді аз кездестірдім бе, жатыңнан да жақын

іздетер жастықтың əсерімен жұрт біткенге айқара ашылған құшағымның сол кездегі

жылуын əлі сағынам. 

Дүниенің бетіне қарамай, сұлулық пен əдемілікті саралап, бір күнгі қызығыңа бар

ғұмырыңды сарп етердей қызынуыңның артта қалған бір сəтіне қайта оралуды

аңсайтының өтірік пе.

Енді ше... Алды-артымнан қамалаған тосқауылдың тоспасына тап болудан

айықпаймын. Айығайын десем де аяқ-қолымды шырмап тастаған шідердей

шырғалаңым босатпайды. Антын бұзып, арын саудалағандардың қабат-қабат мей-

манханалары мен тойханалары, ұбақ-шұбақ созылған базарлар мен дүрмек-дүрмек

дүкендері аяқ бассаң алдыңды орап, жыларман болған жаныңды жаралап, қойны-

қалтаңды аралап, тапқан-таянғаныңды қағып алып, қалтылдатып қоюдан аянбайды. 

Бұрынғы бұтты-шаттының сөзін бүгін биліктің, биіктің сөзі қылып құндайтын адам

аулағыштар қалқиған құлағыңды тесердей, салақтаған тіліңді кесердей жалақтап, сай-

лау сайын саңырау мен сақауларды көбейтумен əлек.

Өтірікке белшесінен батып, ұрлықтың ұйығына сөз қыдыртып, агенттіктер мен ми-

нистрліктерге төраға боп, аққа тартпай, жөнге бақпай адалдықпен тіресіп

отырғандарды көргенде, өкінішім өршіді деп қалай айтпайын.

Айқайлағым-ақ бар. Жалпақ Жалғанды жаңғырта жар салғым бар. Бірақ кім

тыңдайды. Сабылған елдің жабылған қабағын түруге тырмысқан төрдегілердің бір тір-

лігін байқаған жан табылмаса, сол шелтиген шенеуніктердің айтқанына көніп,

сұрағанын беріп, айдауына еріп, шерменде күйде сенделе бермегенде қайтеміз.

Қытықтаса да күлкісі оралмас, қуанышы жоқ көңілдің қайғы-қапасына қамалған

қазағымның маңдайынан сипар аялы алақан табылар ма?

Кешігіп жеткен көмектен, желкеңді үзер кесек артық па екен? Өлімнің суық демімен

ұйықтап кетуге бой ұсынып, өмірден түңілген сиқым ба екен əлде бұл пайымдауым...

* * *


Кешегі кербез күнім керім еді!

Тиыннан сом құятын терім еді.

Ал бүгін терім түгіл, жас ақса да,

Түк тамбай теңгем менен жерінеді.

Аты өшті қаламақы жүйесінің.

Байлықтың қазақ емей,

Иесі кім???

Ол неге төрге ғана бөлінеді?..

* * *


Қуаныш, қызығың еселенген сайын əркімнің өзіңе дос болатынын, уайым, шыжығың

қайталанған кезде əлгі дос тұтқан адамдарыңның орны бос болатынын талай түршігіп

көрсең де, табиғатыңды өзгерте алмас өзіңді кіналай алмайтының қалай, алаш аза-

маты-ау? Туысқаның мен жақыныңды Құдай берсе, дос, жолдасты өзің сынай таппап

па едің. Қазаның бүлкілдегенде қақпаңды түрткілейтіндерді дос тұтсаң, қазаның

қаңсығанда қақпаңды қақпай безе қашатындарың қас жауыңа айналарын қашан

ұғынар екенсің, қойны-құшағын ашып тастағыш аңқылдақ қазақ? Құрдымға сіңген

достықтың əуелгіде-ақ тұтанып басталмағанын сезбей, момақансып келіп, маңырай

мақтағанға мұнайыңды сорғызсаң, жылмиып жетіп, жамырай мадақтағанға жеріңді

жамбастатып, кеніңді қазғызсаң, əбүйіріңді де жаба алмастай жалаңаш қалып, тұттай

болып тоналып жатқаныңды қашан байқайсың, көктүріктің көкбөрісінің қыңсылай да

алмас бөлтірігі-ау? Достығының бір тиындай құны жоқ солардың қастығының зияны

батпан, батпан екенін қашан ғана пайымдарсың? Мияулаған пайдакүнем достан

жаулығын аянбас қасың мың артық боларын сезсең, алданып қала бермес едің-ау,

уай    Алаштың бос белбеу баласы!

* * *


Соңына түсіп алып құмарлықтың,

Дабылын оңды-солды ұрар «мықтың».

]]]]Қарқаралы]]]]



14

Сезерім: сол тірліктен баз кештіріп,

Түбінде бір жеріну тұрар түптің.

* * *


Жер басып қыбырлап жүргендердің ешбірінен кəпірлік күтпейтін Тəңірінің – Анаңа

күпірлік келтіріп, назасына ұшырасаң, түптің түбінде дəл сондай жазықсыз қиянатты өз

балаңнан тататыныңды қатты ескерсең деймін. Өйткені бұл дүниеде ананың жылы

құшағына жетер ыстық ұя болмайды. Сол ұяға еңгеніңде кешірілмес күнəңнің кеші-

рілгенін, өшірілмес ұятыңның өшірілгенін елжірей сезініп, ешқашан күнəға жолама-

стай, ұяттан өртенбестей жуынып, тазарып шығатынымызды тезірек ұмытып кетпеуге

тырыса алсақ қой. Жаман есектен де кейде жақсы қодыға туарына мəн берсек, ананың

ақ сүтімен ауызданған өзіміз де бүгінгі жас баламыздың өскенде қандай боп шығарына

мықтап көңіл бөліп, дұрыстап тəрбиелеуге барымызды салсақ жөн болар еді-ау.

Өзгенің ата-тегін жамандай бергенше, өзіңнің ұрпағыңның қалай боп өсеріне алаңдай

білгенің – азаматтығыңды ақтағаның емес пе.

Бұзық дəннен түзік егін жайқалғанын көріп пе едің...

* * *

Шашылдық салам деумен бір қаланы.

Қаңсыттық,

Құлазыттық қыр, даланы.

Форумнан форум қоймай өткізбеген

Астана Бəйтерегі ырғалады.

Байлықтың ортасында шайлық тимей,

Күйіктің көз жасымен жанып, күймей,

Қашанғы бұл қазағым құр қалады?..

* * *


Сегізінші ой

Үйлену – үй болу ғана емес. Ол əлде еркіндігіңнің мүлде күйреуі, əлде еркіндігіңді

асқақтатып ілгері қарай үнемі сүйреуі. Жалынсыз түтін болмайтыны тəрізді махаббат-

сыз некеде екеуара бітім болмайды. Ал некелестің екен, өз тілек, ниетіңді дұрыс

қадағалай алатын өз кеудеңнің ғана билігіне жүгін. Əйтпесе дауасыз күдікке берілсең,

өз шаңырағыңа өзің қонақ болып, қоңылтақсыған көңіліңді қосағыңнан жасырып,

күңіренген ішіңді күрсінген түсіңмен көмбелеп өтесің. Тапқаның мен жеткенің не сонда?

Күйеуінің бетіне кекірейе қарап, менсінбей, күле мазақтайтын əсірешіл əйелдің ме-

керлігі ме? Сол мекерлікке қарсы бүлік бастап,  топырлатып тоқал алғаның ба? Ал,

алдың тоқалды. Сол жас иіс дегенің жаралы жаныңды аялы алақанымен сипап, жан

тыныштығын тапқызар қызметші «нянькаң» бола алар ма? Əлде жаныңның жарасын

одан сайын тілгілеп, тұз сеуіп қызғанышыңды қоюлата түсер құбыжығыңа айналар ма?

Өзіңді мұңға шомдырар, өзегіңді қанға көмдірер көп əйел алудың сонда қандай

рақатын сезініп, қызығын көріп, тəттісімен тұшындың?

Бүгінде айтылатын: «Бұл Астана - толықсыған тоқалдардың қаласы. Ал Алматы –

нақақ жастың мөлдіреген шарасы!» деген ұйқаста қақ жарылған отбасының қайғысы

мен қасіреті жап-жасыл запыран жастай болып тұнып тұрған жоқ па. Мұндағы баланы

ондағы əкеге қарсы қойып, желіккен əкені жақтырмаған баласынан алыстатқан, қазіргі

бəйбіше-тоқалдықты қалыптастырған үрдіс шектен шыққандықтың бет-бейнесі емес

пе. Мынау өз ордасының əкесі болудан қашқақтап, тоқалына көтерген анау отауынан

өрбитін сəбилердің əкелері – көршілері болатынын шынымен сезбей ме екен?

Өз отбасының берекесін кіргізе алмай жүрген жандардың бүкіл өлкенің билігін

қолдарына ұстағанда не тындырарын бір Құдайым ғана білер. Біздікі: елді де, ерді де

сақтандыру үшін тыраштану ғой.

* * *

Өзгенің қайғысын көтеріп кету үшін өңгеміздің қажыр-қайратымыз мол-ақ қой. Бірақ



қарайласар қолымыз тым шолақ қой.

* * *


Қойған соң алқындырып күн, ай алдай,

Түн сайын тар төсекке құлай алмай,

Безіп жүр Астанадан көп құрдасым

Тоқалдың талқысына шыдай алмай.

* * *


Алақаныңды бетіңе тоссаң, Алатауды да көре алмайсың. Ал ақиқаттың тарыдай дəнін

табу үшін, тану үшін көзің ашық, кеудең тесік болғаны лəзім. Бірақ соған құлықты кім?

Көрдім деуден де, көрмедім дегеннің өзіне тиімді боларын екшейтіндер көз алдына

]]]]Қарқаралы]]]]



15

алақанын ғана емес, алып Алатауды қалқан қылып тосып алып жүрген жоқ па.

Қателікті білмей, түсінбей жасаған кісіні кешіруге болса да, ақиқатты аңдап тұрып,

бірақ сол ақиқатқа қарсы келетін əрекетке тапжылмай баратын кісəпірдің қылмысын

жазалаудан басқа жол жоғын көретін көзімізді бүркеп, кеудеміздің тесігін бітеп жапқан

биліктің бұнысы несі деп, таңданарымды да, үрейленерімді де білмей дал болушы

едім бұрын. Бүгін анттың, серттің, ұяттың сөзін құлағына да ілмей, арамдықтың,

пайдакүнемдіктің, жемқорлықтың құрығына қолын созған əкім, төре тəрізді ұлықтардың

ұрлықы істеріне етіміз əбден үйреніп кетті ме, үрейлену тұрмақ, үрпиюге де шамам

жоқ.

Хақтың алдында өзін өзі соттайтынын елемей, жазықсыз жанды жазықты етіп сот-



тайтын соттардың, кінəсіз болса да өз тағдырының тəлкегінен үркіп отыратын пенде-

ден гөрі қап-қап қылмыс арқаласа да заңнан мүлде қорықпайтын төрдегілердің

жабайы түр-түсін Жаңаөзен мұнайшыларының еңбекақыларын дұрыс бермей

қорлаған билік пен сол міскіндерді жазықсыз соттап сорлатқан сотымыздың тірлігінен

таныдық қой. Бірақ тыпыр еткен тұяқ, тулаған жүрек таппай, көпке деген өкінішімді

өкпемде өшкен өксігім жұтып қойғанын қай қазаққа айта берермін.

* * *

Биіктен биліктілер жиі ауысса,

Бұрқырап сай қуалап шаң көбейер.

Биліктен біліксіздер ауыспаса,

Ішіне қаны қатқан жан көбейер.

* * *

Бүгінде əр салаға көз жүгіртіп, ой толғаушылар тым көп те, сол ойды

қорытындылайтын ақылмандар мүлде жоқ. Ақыл айтқыштар ғана бар. Олар жерді ас-

панмен теңестіріп, ерді езбен алмастырып, тентіреген елді ауызбен жұмақтың төрінен

бір-ақ шығаруда алдарына жан салмайды. Күн сайын құлағыңа құя берген соң

көргеніңе сенбей, көнгеніңе еріп кеткеніңді байқамай-ақ қаласың-ау.

* * *

Қауіп-қатеріміз бен уайым-қайғымыз қанша болса, соншалықты күйкі күй кешетіні-



мізді ескеріп, солармен күресудің орнына қауіпке үрей жамап, уайымға қасіретті қосып

алып, жаутаң көзді жалтақтатудан бір арылмай келеміз.

* * *

Кемшілікті даттауда,

Шыбындаған аттаймыз.

Жақсылықты мақтауда,

Бір ауыз сөз таппаймыз.

* * *


 Тоғызыншы ой

Ұлтыңның ұлы ғана емес, ұлтаны болам десең, асқынып асып та кетпе,

тəкаппарсынып тасып та кетпе. Төбеңді оздырып төбесінен қараймын демесең,

төменшіктеп төменнен сүзіліп, өзіңді биліксізге  санаймын демесең, сол ұлтыңа сұлтан

болмаған нең қалды. Өзгелердің ұнамайтын қылығын өзіңе жапсырып алсаң, сол

өзгелерге өнегеңнің жұғыспайтынын өкінішің айғақтар болса, сұлтандығыңның қадірі

қашарын да ескере біл. Ой-бойыңнан бір кінəрат таппай, мақтау-мадақтаумен өзіңді

Құдайдан да зорайтып жіберетін төңірегіңнің өтірігіне иланбасаң, сұлтандығыңа зы-

мырап қайта ораларың жəне хақ. Арамдықты таптап, адалдыққа талпына білсең,

сенен еркін, сенен азат адам болмайтынын жадыңда үнемі сақта. Мен осы ескертуімді

бүгінгі немере, ұлдарыма – ертеңгі ұлықтарыма айтып отырмын ғой деп ойлаймын.

Құнарлы көкірек кездесетін шығар-ау.

* * *

Жоғалтып алған арыңнан, сол арыңның əуелден болмағаны дұрыс. Өйткені ақымақ



пен арсызды тез танитын халық олардың маңына жоламайтыны белгілі. Ал арам

адамның ар-иманы аяқ киімі тəрізді-ау. Қажет етсе, киеді. Алдамақ болса, шешіп та-

стап, жалаңаяқ тарта береді. «Аяқ киімім болмаса да, аяғым бар ғой!» деп ар-ұятын

табанымен таптап жүретіндерді кейде танып, кейде танымай қалатындықтан соларға

қол ұшын созып қалып, адал жандарға зиян келтіріп алатынымызды байқамаймыз.

Жанын жалдап, арын саудалайтындардан, базарлайтын ары мүлде жоқтарды артық

санайтыным содан.

* * *


Шет пұшпақтап торына орап жатыр.

]]]]Қарқаралы]]]]



16

Талап жатыр кірмелер, тонап жатыр.

Ыза-кегім кеудемді жайлап, шықпай

Ішімді өртеп, булығып борап жатыр.

Құл тозаққа бас сұғып, мақұлдасам,

Арыстан боп, ашынып атылмасам,

Қап-қара көр – жұтады қорап батыр.

* * *


Есіне тұтқанын – билігім деп санайтындар мен өз көзқарасын – əлемнің тұтқасына

балайтындардың кесірі кеселден де жаман. Əрі қарай талпынбай білігін шектеп, өз

көзқарасын өзгеге таңып өктеп əлек болатындар бүгінде көбіне көп билік тізгінін

саусақтарына орап алған. Бұрылсаң, қақпайлап қағып, ұмтылсаң, маңдайдан соғып,

аяқ-қолыңды матап қана қоймай, ой-сойыңды да тұншықтырып тастауға дайын.

* * *


Төбеге шықпаған

Төменге құламас.

Төбеге шыққанға

Төмендегі ұнамас.

* * *


Алыспай жатып «Құлатам!» дегенге сенсең де, таныспай жатып «Ұнатам!» дегеннен

аулақ без. Құлатам дегеннің бүркемесі жоқ, шындығы бар. «Пəлі, пəлі!» деп бұлғаңдап

жетіп, қойныңа кіріп, қолтығыңнан өткеннің бүркеулі сұмдығы бар. Өйткені ол шіркін

сенің мынауыңа қызығып, қалап алайын деп жүр. Не анауыңды бұзып, басыңды бəлеге

салайын деп жүр. Соған қарап «досыңмын!» дейтіннің жармасып сүйкенгенінен гөрі

қасыңның текетіресіп қалып, итергенін мақұл көрем-ау. «Сырын білмеген аттың сыр-

тынан жүрмені» ұмытып, маңдайдағы тұяқ теуіп түсірген таңбаны алақаныңмен жа-

сырам деп қашанғы шаршамақсың. Шаршаудың əр түрлісі бар. Өзіңше солықтаудың

артық екеніне мəн бермей өзгеге еліктеумен шаршау бар. Əлгіндей сүйкенгіштерден

қашам деп жүріп, құлап тынатын шаршау бар. Шаршамайын десең, сүйкенгішіңе қарыз

бер, қарасын біржолата батырады. Содан соң əр істің өз уақыты жетерін жадыңа

мықтап түй. Жаңылмайсың,

* * *

Шайтан берді – тайдырды,

Адалдықтың жолынан.

Ұрлар еді-ау Ай, Күнді

Келсе шіркін қолынан.

* * *


Жағына сарт етіп тиген шапалағыңа жауап бермегеннен қауіптен, ішінде кегі кетуі

мүмкін. Өзгелердегі ұнатпайтын қылықты өзіңнен табудан сақтан, қорқыныш ішіңді

жалап жемі етуі мүмкін.

Бірақ қауіптене берудің де қаупі бар. Үрей билеген кезде ержүрек адамның жасқаншақ

болып, жасқаншақтың батыл боп кететінін талай кездестірдім. Сондықтан да

қорқынышқа бойыңды билетсең де, ойыңды илетпе, қандасым! Қорқақ иттің үруі көп те,

ұмтылуы жоқ. Ал батырдың батылдығы оның үрейін жеңуімен ғана бағаланады. Ал

батылдықты үрей туғызатынын менен артық білесің, Алаш азаматы. Бүгінгі үрей би-

леген төбедегі төрелердің қорқынышы ғаламат. Өйткені өзіне де сенбейтіндер өзгенің

бəрінен қауіптеніп бітеді де, өзіндегі үрейді өзгеге күштеп қопара салуда ештеңеден та-

йынбайды. Ал қорқақ жанның үрей себем деп жанталасуы – оның əлсіздігінің айғағы.

Алтынды отпен, ерлікті оқпен сынайтынын ұмытпасаң, ұрандасым, үнемі өлімнен

қорыққан жанның дұрыстап өмір сүре алмайтынын да қатты ескер.

Арыңмен келіссең – берілмейсің. Батылдығыңа жүгінсең – жеңілмейсің. Тізесін бүкпей

тік тұрып өлген бабалардың уағызы осы.

* * *


Ілессе шұбырып

Қол жайып аш-арық.

Көз жасты сіміріп,

Кетеді-ау жасарып.

Оныншы ой

Біреулер өзі де, көзі де тоймай, құныққан сайын құтырынып, «көп алсам, алған сайын

мол алсам» дейді. Енді біреулер Құдайға жалбарынып, «өзіме тиесімнен тоналмасам»

дейді. Əлбетте алғашқыға пайдалы кейінгіге зиян болып тиеді. Пайдаға бөккендер

]]]]Қарқаралы]]]]

17


зиян шеккендердің зарлы гөй-гөйін дөй-дөйге басып, қарқылдай күліп тыңдайды.

Жазушының байлығы – қаламақысы еді. Еліміз егемен болып, ұлтымыз тəуелсіздік

алғаннан бері қаламақыдан қағылып, шайлығымызға да жете алмай қалдық.

Шығармашылық иелеріне тиесілі қаламақының жиырма жылдан бері кімнің қалтасына

сіңіп, кімнің қойны-қонышына құйылып жатқанын шіренген шенеуніктер өлсе де жақ

жазбайтыны аян. Көтерем авторлардың көзін көгертіп, өздерінің көсегесін көгертіп,

оңай олжаға шаш етектен батып жатқан биліктегілердің асығы түгел болса, басқалар

үшін бас ауыртып қайтсін.

Соңғы рет елбасының қабылдауында болғанымда: «Нұреке, балконы мен дəлізіне

қоқыр-соқырдай етіп үйіп тастаған кітабы – жазушының өнімі! Қаламгердің тауары да

– кітабы! Өз үкіметі, өз мемлекеті, өз елбасы кітапты өнім деп санамаса, тауар деп

қарамаса, сонда қаламгердің еңбегін кім ақтамақ? Қаржы дағдарысы авторларға

қаламақы жүйесі жойылған кезде – 1991 жылдың 16 желтоқсанында, осыдан жиырма

жылдай бұрын келген. Осыны қалай жөндей алар екенбіз, Нұрсұлтан Əбішұлы?»

дегем. «Жөндейміз!» деген президент. Екі жыл өтті. Жөнделген түк те жоқ. Соған

қарағанда уəдесін орындамаудан рақат табатындар уəде беруге құмар болады-ау деп

ойлаймын. Ал біз болсақ қираған кемедей кез келген жел өтінде қалт-құлт етіп, батып-

шығып кетіп барамыз.

«Көп кіжінгеннен де бір күлген артық» деп данышпансиын десем де, күле алмай-ақ

қор болып біттім. «Жоғарыдағыдан күдеріңді бір рет үзгенше, төмендегілерден он рет

алданған дұрыс» деп тағы тақылдап кеткенімді байқамай қалдым міне...

* * *


«Бар əлемнің тұтқасы –

Мына ағаңның Өзі!» деп,

Даңғырайды бос кеуде

Ісінен гөрі сөзі көп.

* * *


«Жолым бір болмай, сəтсіздікке ұшырай беретінім не?» деп өзіңді өзің кінəлаудан

гөрі, өзің тындыра алар мүмкіншілігіңнен көп төмен мəнсіздеу мақсатқа байланып

қалғаның қылмысқа барумен парапар. Жоғарыға созған қолыңды «Əй, қойшы соны!»

деп сылқ түсіріп бұрылып кетуің, жейін деп отырған тамағыңды ит арамдап кеткеннен

əлдеқайда жаман. Бүгінгі мынау қазағымның қиындықсыз қыр аса алмай қалып, оңай

жол іздеп тығырыққа тіреліп, тұйыққа қамала беретіні қалай деп көп ойланам.

Сөйтсем, мақсат-мұратсыз сенделген байғұстар өз билігін обырлардың қолына ұстата

салып, өз байлығын өзгелердің өңешіне құйып, кірмелердің қансоқталағыш аузына ті-

стете салып, шетқақпайда желдеп жүр екен ғой. Қол-аяғын күмілжіткен күдігі шырмаған

байғұстар бүгінгі қам-қаракетсіздігімен ертеңгісінің есік-терезесін қиратып жатқанын

қашан сезер екен...

* * *


Әділ ханның жүрегі баста болар

Адал жанның тілегі доста болар.

* * *


Кешегі тындырған əр ісіңнен бүгін қайрат, жігеріңнің күшін байқап отырсаң, ертеңгі

əрекетіңнің де абройсыз болмайтынына сеніміңнің арта түсетінін ұққын, ұлым. Бүгінгі

шыққан биігің басқалардың төбесінен зіркілдетіп, күдік жамамайтын болсын. Қатал

сесіңді жұмсақ ақыл, есіңнің икемділігімен орайластыруға тырыс. Өйткені дүмді

дəрежесі бар, лауазымды ерттеп мінгендердің мінез-құлқының есіріктеніп өзгеріп

кететінінің куəсі боп жүрміз ғой. Жауды жеңгеннен де дауды жеңудің қиын екенін

түсінсең, тартыс-таласқа түскен сайын сан құбылып түсіңді өзгертсең де, ішіңді

өзгертпе, ұланым. Өйткені адалдыққа суарылған ішкі өзегің майысса да, қайыспайды.

Иілсе де, сынбайды.

Циркшіден министр, гинекологтан генерал, агрономнан облыс əкімін, слесарьдан

зауыт директорын көзді ашып-жұмғанша жасай қоюдың кесірінен бүгінгі былықтың

батпағына батып, оқпанына омырауымызды төсеп жүрген қазіргі ел тірлігі ертеңіне

үркек көздің кірпігін үреймен қадалтпай ма. Сол үрейді жою үшін сендер бүгін барлық

тəуекелге баруларың керек, балам.

Тəуекелдің тізгініне жармасқан ерік пен жігердің əлсізден мықты, жасықтан батыл,

езден ер туғызатынын өткен күндердің ержүрек ұлдары дəлелдеп кеткенін тағы да

есіңе салайын, ұландарым мен ұрпақтарым.

Ығысып қапы қалғаннан да қарысып жеңген артық.

* * *

Құлдықта езілсең,

]]]]Қарқаралы]]]]



18

Құл болу түк емес.

Құлдықтан безінсең,

Кеудеңе ол түнемес.

* * *


Жалпыға түгел ұнау үшін жалпылдап көзге түсе берген жанның жұртты өзінен

жалықтырып алып, қол түгіл көз жетпес қаншама биікте отырса да, соншама төмен

құлдырарын сезбейтіні өкінішті-ақ. Өрмелеп бара жатқанда бөгелуге боларын ұққан

адамның құлдилап домалаған кезде тоқтай алмайтынын ұмытып кететіні қалай? Ал

жамағатына жағам десе, солардың көңілін жағалай да, көңілдегісін бағалай да білгені

жөн ғой.


Қолына түскеннің бəрін қойнына тыққыштай беретіндерді аңдығыштардың көп бо-

латынын əкімқараларға құлаққағыс етіп: «аспандағы көзіңді анда-санда айналаңа

түсіруді де ұмытпа!» дегім бар. Əй, бірақ ақылымды ала қояр ма екен. Өйткені жемі-

сін жеу үшін бұтақтарын сындырып алып, талай ағашты қуратып қойған жоқ па солар.

Шөлден қаталаған кезде құдық қазбақ болған ертеңгі түк өндірмес əрекетін бүгін сезе

алса, жоғалтарын жоғалтпас еді-ау...

* * *

Босатқан соң іргені,

Білінбеді кіргені.

Әдетіне айналды –

Етегімді түргені.

Бəрінен де батқаны –

Құдай тұтып жатқаным

Байытып ап кірмені.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал