№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.

бет2/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Үшінші ой

Опасыздықты көп көрдім. Опырыла құламасам да, жапырыла сынбадым. Ағып

жатқан судай жүрдек ғұмырдың сұмырайларының тасадан ұрған соққысынан сынып

қала берсек, мына жалған дүниені жалғандық пен һарамдық əбден билеп ала

жөнелмей ме. Сынбағаным сондықтан. Өйткені мен мақтанның құлы емес мақсаттың

ұлы болған талай қазағыма сенгем-ді. Сол сенімім – əлі де сенім.

Көңілімнің іздейтіні көп. Табары шамалы. Өзімді зор, өзгені қор тұтпасам да, дүниені

түзетуді аңсадым. Хакім Абай түзете алмаған заманды мен қайтіп оңдай қояйын.

Оңдалуға бейімі, түзелуге дайыны жоқ заман мен дүнием бірде батысшыл, бірде ре-

сейшіл болам деп, ұлтсыздықты үлгі тұтып, қазақы сыпайы һəм сыйластықты

қылығымызды бөтеннің жауыздықты күнделікті дəстүріне айналдырып алған

былығымен алмастырмақ болып қатты əлек.

Кесірлінің кеселіне көп ұшырадым. Кеселі тілімді буды, кесірі еркімді тұсады.

Шұбарала тілім мен тұсаулы еркім əпербақан əдетіне қарысқыш шала қазақтардың

шылбырының ұшында жүр. «Көке!» десең де көнбейтін, тілің мен діліңді түсінбейтін

солардың өз ұлтын өздері менсінбей, қазақтан тумағандай, аспаннан ұлық болып

түсе-түсе қалғандай шүлдірлеп көкитіндерін естігенде, жаным шошиды.

]]]]Қарқаралы]]]]



7

Бүгінде мен əм жарлымын, əм зарлымын. Барымды басқаларға бөліп беріп, жеріме

келімсектерді үйіп-төгіп отырған əлгі шала қазақтардан жасақталған билік қолыма

ұстар күрек тапқызар емес. Аузыма апарар қасығымдағыны да қақшып алып, жұрдай

қылды. «Лəппай, тақсыр!» деп бас шұлғығыш «əринешіл» жұртымның көнбістігі

жоғарғылардың тізеге басқан бұйрығымен байлығымызды бөтеннің көмейіне кептетіп

қойған соң мен жарлы болмағанда, кім жарлы болсын.

Төмендегі даусым төрдегілерге жетпейді. Жетпейді емес-ау мауыққан мысықтай

мияулайтын хатшы қыздарының телефонды бүркеп-қымтап алған етектерінен əрі

өтпейді. Сол себепті төрелерімнің бір де бірін ұстатқызбаған ұрлықшы күндерім зы-

мырап өтіп жатыр. Күш-қуатым кетіп, бітіп жатыр. Зарлымын демей, енді не дейін.

Қол жаямын, көз сатамын. Бірақ көмек таппаймын. Шыбындаған шенеунікке, текі-

ректеген төреге, көкіректеген кеңселіге, көзі ойнақтағыш еңселіге күнім түсіп, үнім өшіп,

жазғанымды оқыта алмай, сызғанымды көрсете алмай, айқай-аттанымды тыңдата

алмай, лажынан айрылып, қажып қартайған қаламгер ғанамын.

Опасыздықты көп көрдім... Əй, түптің түбінде опасыздық біржолата опырылтып

құлата ма деп қорқамын...

Түңілдім білем...

*  *  *


Жақсы емес жамандықтан жерімеген.

Ондайдың өрі – аласы, төрі – төмен.

Ғұмырды жалғандықпен тоздырғанша,

Дұрыс-ау көз жұмғаның жөніменен.

*  *  *


Талай жасқа жеттік. Шашты ағарттық. Кеудені еңкейттік. Иінді ауырлаттық. Көбейген

данышпандық бар ма? Ағарған ішті таптық па? Тура тартқан із қалдырдық па? Əлдебір

ауырды жеңілдете алдық па? 

«Əулекі арсыз еліне» көкіректі қысқан өртімен «көп наданның ортасында жалғыз өзі»

қалып сөзін ұқтыра алмаған ұлы Абайдың күйігі емес пе жоғарыдағы бізді шырмаған

сұрақтар. Ұлы ұстаз таппағанды біз таптық деп қалай əулекілене алармыз. Өмірдің

өрі таусылғанша биліктің төрінен таяқ жеумен келе жатқан тірліктің қай бір берекелі

дастарқанын жая қойдық деп ырзалық білдіре алармыз. Жайғызбады ғой. Шалқысақ

– шалқамыздан түсіріп, балқысақ – белімізден соғып, қиралаңдатып қоймады ма. Ерік-

ырқымызды саусағының ұшына байлап алып, оңға бұрылсақ, солға айдап, тура

тартсақ, қақ маңдайдан салып қалып, есеңгіретуін тоқтатты ма. Есіріктенген есіңді

жиғызбастан қолыңа қаламыңды қыстырып осқырынған ода мен масайраған мадри-

галь жаздыртқан бұйрығынан бұлжымады ғой.

Көңілге қайғы орнады. Кеудеде шер түнеді. «Күн көсемшіл» болдық. Партиясыз

таңымыз атып, күніміз батпады. Жалғандықпен ұшындық. Өтірікпен тұшындық.

«Өткеніңе үңілме! Кеткеніңе бүгілме!» деді. Тарихымызды қазан төңкерісінен

бастатқызды. Ортақ астау – соцреализмнен ас татқызды. Көкіректі өрт қапты. Жүректі

дерт тапты. Өртті өшіруге, дертті қашыруға əрекет жасадық. Сыймас жерге тығылудан

тыйылып, үрейдің ұясын бұзып шықтық. «Үңілме!» деген өткенімізге үңілдік. Алды-

мыздан сескенсек те, артымыздың кеңдігіне, елдігіне, еркіндігіне көзіміз жетті. Сол ел-

дікті, елін ұшпаққа шығарған ерлікті жырлауды мақсат тұттық. «Елім-айлаған!» даңқты

ата-бабалардың ізімен атойлап біз де ілестік. Терісі сыпырылған ақ табанымыздың

қызыл қанымен ақ қағаздың бетін шимайладық. Түн қаттық, түсті қашырдық. Ер

төсектен безіндік. Үстел жағаладық, қалам кемірдік. Ақыры алқынған іштің өксігін

бастық. Қашқан түстің қызылын шақырдық. Діттегенімізді орындаған болдық. Желкіл-

деген ала туын азаттықтың асқар шыңына бекітіп қадаған хандығымның кешегісімен

бүгінгі халқымызды табыстырмақ болып, қолжазбаны баспаға ұсындық. «Тұтамдай

сүйегім қалғанша тартынбай сөйлеймін!» деген қаламгердің сенделткен сергелдеңі

басталды. Өз айтқанын діттейтін билік ерегіске басты. Еркінсуімізді кешірмеді.

Толарсақтан саз кештірді. Көкіректі зармен кестірді. Кітапты жоспарға енгізбей

торықтырды. Қаламақысыз қаңтарып, тарықтырды.

Өксідік, бірақ өкінбедік. Қалтылдадық, құрыстық, бірақ жалынбадық. Адалдық пен

шындықтың түбінде бір жеңеріне, əділеттің ақыры бір орнарына сендік.

Оқырманымыз оянды. Оянды да, қолын қос қолдап мықынына таянды. Романға

сұраныс көбейді. Шығаруын талап еткен зілді дауыс əр түкпірден дүрк-дүрк тұтанды.

Халық қозғалса, хан тағында тұра алмайтыны ежелден белгілі. Роман қалың жұрттың

қолына тиді. Көңілдермен қауышты.

Тағдырға көнбек емес, тағдырды жеңбек керегін ұғындық.

Бірақ... «Тағдыр да – мен! Құдірет те – мен! Жазмыш та – мен! Əділет те – мен!» дей-

тін қазіргі кезеңге тап болдық. Қаламгер амалгер болудан да қалды. Атқан оғы

жоғалды. Құрыш болатының балдағы бұрынғыдай қанға боямады. Болдырмайтын,

]]]]Қарқаралы]]]]



8

оңдырмайтын билік дарын иелерін тұншықтырып тастады. Жазғандарын баспайды.

Бірлі-жарымын там-тұмдап шығарса, қаржы-қаражатынан қаламақыға бір тиынын да

шашпайды. 

Талай жерге жеттік. Талай өткелектерден өттік. Басты қырау шалды. Кеудені қайғы

алды. Бітіргенімізді ұлтымызға өткізе алмай, тындырғанымызды жұртымызға жеткізе

алмай қор болудамыз. Өндіргенімізді оқушыларымыздың көкейіне ендіре алмай зар

болудамыз. Үніміз шықпаса, даусымыз естілмесе, тура жолымыздың ізін кім басар?

Басқызар ма бастағылар?..

* * *

«Адам баласына адам баласының бəрі – дос». Бұны ұлы Абай айтқан. «Адам бала-



сына адам баласының бəрі – қас». Бұны мен айтам. Өз басымның тартқан азабымен,

шеккен шерімен əйгілеп айтамын. Бүгінгі күннің азабын, тозағын тартқан

қандастарымның күйін, күйінішін өлең қылып жаздым, дастан етіп аттандадым. Мақала

қып маңырадым. Елең еткен ешкімді таппадым. Табар едім – жазған-сызғанымды

газет-журналдар басып, жариялап отырса. Жоқ қой. Жоқ ондай қол ұшын созушылық.

Үкіметтік баспа орындары Сматаевты арқан бойы емес, парсек бойы маңайына жуыт-

пайды. Өткенде Нұрғиса Тілендиев туралы шағын дастанымды «Қазақ əдебиеті» га-

зетіне беріп, бірер айдан кейін редакторы – Жұмабай Шаштайұлына кірдім. Мені

көргенде Жұмабай інім тап бір құбыжықты көргендей қипақтап, тығыларға жер таппай

қалды. Дастанның газетінде басылар-басылмасын сұрай бергенім сол еді:

Софы аға, өзіңіз білесіз ғой... Үкіметтің сіз туралы... ə-ə, қаулы бар ғой... – деді де,

сөзінің аяғын жұтып жіберді.

Үкіметтің қандай қаулысы барын... Ол қаулының Сматаевты БАҚ-қа жолатпаңдар

деген мағынада жазылған-жазылмағанын мен қайдан білейін. Жұмабай інім одан əрі

тілін тістей қойып, мені есігіне дейін иығымнан демеп шығарып салды.

Соған қарағанда үкіметтің мен туралы сондай бір уəж айтуы да мүмкін-ау дейтін

күдікке ойыса беретінімді де жасыра алмаймын. Өйткені мені халықтық газеттер дей-

тін «Дат», «Жас Алаш» та онша жақындата бермейтін болып кетті. 

Өкінішім көп. Өзегім өртенуде. Халқымның мұңын қағаз бетіне түсіруін түсірем-ақ,

оқырманыма жеткізе алмай пұшайман болып жүрмін.

«Адам баласына адам баласының ішінен газетшілер неге қас?» демеске əддім жоқ.

* * *


Бермек болсаң пендеге сен бағаңды.

Надан деме ақылы асқақ адамды.

Жұмсау үшін төменгіге айтақтап,

Төрге оздырып жүрміз əлі наданды.

* * *


Төртінші ой

«Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нəрсе. Əуелі – ұрлық. Екінші – бұзақылар

біреудің ойында жоқ пəлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп боласың,

бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп ауқаттыларды азғырғалы əлек болып жүр».

Бұл – осыдан жүз он бес жыл бұрын айтқан хакім Абайдың пайымы. Зер салып

қарасаң, бүгінгі күннің айнақатесіз көрінісі. Содан бері ұрлық тыйылды ма? Қайдағы ты-

йылу! Ұрлық бұрынғыдан да үдей түсті. Күшейе, қоюлана, қомақтана түсті. Абайдың

тұсында ұрлықты мал табам деп ұрылар жасайтын. Ал ұлықтар даугеріңді жеп

құтқарам деп ұрылардан алатын. Бүгін мал табам дейтін ұрылардан жалпақ жұртын

тонар ұлықтар озды. Бұрын «түйені түгімен жейтін» дегендерге албастыны көргендей

«астапыраллалап!» аспанға алақтай қарап, адалдықтың аяқ аттатпас сақшысы –

Алланың қаһарын күтуші еді. Соған кəдімгідей сенуші еді.

Бүгін состав-составты жүгімен жұтатын ұлықтардың қылығының қылшығы тұрмақ,

қылмысты былығының былшығы бетімізге шашырап жатса да, былқ етуді қойдық. Се-

бебі аспанның кəрінен гөрі жердегі «құдайлардың» қаһарының зоры əлденеше есе

асып түсіп, тырс етіп үн шығармақ болсаң-ақ, төбеңнен торс еткізіп,тіліңді тістете

қояды. Ажырая қарап, көзіңді алартсаң, желкеңнен бүріп алып, жұлқи сүйретіп апа-

рып, темір торынан сығалата салады. Елдің ендігі зар тілегі – төрдегінің бүлігі мен

былығын кім түзейді? Анттың, серттің, адалдық пен тазалықтың жолын күреп жауып

тастаған Храпунов, Қажыгелдин, Бергей тəрізді ұлықтардың былық қылығынан кім ара-

шалайды?

Жеті миллион долларды басқа салаға жұмсады деп Жақияновты жеті жылға соттап,

жарты миллиардтай долларды жамбасына басқан Мырзахметовты жалынан, сипап

босатып жіберген билікке əділ билік күтіп қол жая аламыз ба? 

Алпыс мың долларды үкіметтік мекемесінің офисіне жаратқан Жəкішевті он төрт

жылға соттап жіберіп, елу бес миллион долларға яхта сатып алған Школьникті

]]]]Қарқаралы]]]]

9


алақанында аялап отырған үкіметтен əділеттің үкімін тоса аламыз ба?

Банктер мен əкімдіктердің, агенттіктер мен министрліктердің ел мен мемлекет мүлкін

миллиондап жеген басшыларын үн-түнсіз шетел асырып жіберіп, тымырайып отырған

үкімет басшысы мен сот, прокурорларға «ақты қара, өтірікті шын деуден арылып,

қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын тап!»деп айта алармыз ба?

Ұсақ ұрылардың тірлігінен жер түгіл желді сататын ірі ұлықтардың зорлығы əлдеқайда

асып түсіп жатқанда, ақиқатқа адалдықты төрден іздемек болып қашанға дейін адаса

береміз.


Соттың əділ сөзі таусылғанда, көптің қаһарлы сөзі айтылуы керек қой. Жемқорларды

тыя алмайтын қанжары жоқ қазыға қамшы жаудыратын қазақы қажырымызды мүлде

жоғалтып алып па едік? 

«Жөнсіздікті дұрыс жолға сала алмайтын əлсіз биліктің жұрт көргісіз жүзі құрысынды!»

мен емес, бұрынғылар айтып кеткен. Соны көлденеңдетіп қана өтіп, қаламымды сүйей

салайын енді.

* * *

Ақыл бар жерде азап бар.



Ақыл бар кезде – арын бар.

Ақылды біздің қазақтар:

«Ақымақ – дейді – дарындар!»

* * *


Орынды іске қызығып түсіп, орынсыз əрекеттен үзіліп шығатын жандардың қатары

күн сайын сиреп бара жатқанын көрудемін.

Неге екенін қайдам, маңайымнан үнемі сайрауық тіл мен тақылдағыш таңдай табы-

лады да жатады. Əуеніне құлақ сүйсінгендей, мəніне көңіл тебіренгендей əлгі

ақтарылған көмейден сылдырап аққан сөздерді естігенде, көкірегімде булыққан өксігін

ықылық атқызатын бір өкініш тұтанып қоя береді. Мынау қамшының сабындай ғана

қысқа ғұмырды ит қорлықта өткізіп, жалғандағы қызықты, қымбатты шағымды бекер-

шілікте беталды жіберіп алдым ба деп іштей мүжілемін.

Ал, жаздың кітаптарыңды. Мінгестің қыршаңқы қаламға. Не түсті? Тозбас жастықты,

азбас көңілді, босамас буынды мəңгі сақтап қалардай ыр-дудан аулақтандың. Ойын-

тойда қараңды көрсетпедің. Нені ұттың? Қарапайым жұртыңның қабағының кірбеңін

түрдім деймісің. Сол қарабайыр халқың қай данышпанды ұшпаққа шығара алып еді?

Хакім Абайды да қуалап ұрып, əншібек Біржанды да дуалап қуып шығып,

жалғыздықтың жазасымен қор қылып, есінен жаңылдырып өлтірмеп пе еді. Былығы

көп бүгінгі масайраған ұлығың сенің: «Əділет! Адалдық!» деп қожанасыршылаған

қылығыңды қайдан кешіре қойсын. Атыңды елеп, атақ-сыйлығын атап-атап, қолыңа

ұстата қоюы қайда. Езуің қышымасын. «Елім білді, еміреніп жүрегіне жазып алды!»

деген сол есіміңді жеті қат жердің астына тезірек тығуға жанталасып жүрген жоқ па

төрдегілерің.

Əй, қартайдым білем. Қажыдым білем. Əйтпесе кедергі мен кесірдің бəрін тағдырдан

ғана көріп, əлдебір жылт еткен, жалт еткен жақсылық сияқтыларды өзім ғана

жасағандай жалғанды жалпағынан басардай болатыным қалай. Бірді айтып, бірге ке-

тетінім содан ба, қартайғандықтан ба?

Орынды істен қашқақ, орынсыз əрекетке арындап баспақ замандасым көп демеп пе

ем. Соны айтқанда есер мен естіні салыстырмақтай салмақтағым келді ме, білмей-

мін, əйтеуір түзу ниетке қол созғаным рас.

Орынды іске қызығып, жалын жастықтың қызығынан үзіліп шығып, өткен заманның

опалысын, кеткен ерлердің елін, жерін қорғаудағы беталысын, аруақты бабалардың

баталысын қазағымның көз алдына тоса қоймақшы болып, далбасалар естіні де

өзімнен табамын.

Рақымдылық пен мейірбандыққа исіндіріп əкеліп, ақылсыздықпен көзін байлап қалып,

оғаттыққа өңін алдыратын, жүрегіндегі жігері мұқалған соң əлекей-шүлекей қызық-

қырғынға бой ұрғыш алашымның пенделерін жазған-сызғандарыммен, мінбеден

үндеген өсиетнама сандырақтарыммен қайырып қатарға қосып, адасқан жолын қайта

тапқызып, алжасқан ойын жиып алғызбақ болып тыраштанған есерді де өзімнен та-

бамын. Сөйтем де, құлақ сүйсінтер əуені бар, көңіл сергітер қарқ қылардай жарқылдақ

уəдесі мол сөздерді төрдегі һəм жердегі мінбелерден тыңдаудан мүлде зəрезап

болып, кең бөлмемнің тар төсегіне арқамды төсеп тығылып алып, кішірек блокнотқа

үлкен өкпемді шағудан аспаймын. Соған қарағанда əр адам – өз тағдырының өнімі

(продукциясы) болар. Соған кəдімгідей сенгім бар.

* * *

Кемшіліксіз жанның қасиеті де аз болар,

Арзанға ұмтылып, ырду-дырдуға мəз болар.

]]]]Қарқаралы]]]]



10

Бесінші ой

Бақыт деген – не? Өте ойлантатын сұрақ. Даналардың да, шалалардың да өз биігі

мен өз тұйығынан берген жауаптары да жеткілікті.

Іңгəңмен басталған ғұмырыңның таңын ақтық деміңмен аяқталар кешіңмен əсерлі

етіп сабақтай алсаң – бақытың сол деп тұжырымдауыма да болар еді.

Өзгелерге өзегін жұлып берер жанның бақыты өзен болып тасиды деп тапсынуыма

да болар еді.

Бақыт немең – көлеңке басқан көңіліңнің қара бұлтын қуып кетер күн емес пе, соны-

сымен-ақ есіңнен оп-оңай-ақ адастырар мұң емес пе деп тақылдауыма да болар еді.

Күліп жүріп сезінбеген бақытты жылап тұрып тапқаныңа не жетсін деп күрсініп

қоюыма да болар еді.

Батпан-батпан байлықтан да, батпақтатқан бақыт қауіпті – ақыл-есіңді батырып та,

жапырып та жібереді деп асыра сілтеуіме де болар еді.

Ал тереңдеп үңілсек, бақыт дегенің – қарапайым ғана оқшау ұғым. Өзіңе, өзіңнің

отбасыңа аса қажет күнделікті тірліктің қуанышын, əсерін енгізетін мерейлі мезеттер

ол.


Өткенде немерем екеуіміз таудағы көлден қос аққудың керіле жүзіп, кербездене кері-

ліп табысқанын көрдік. Су бетіндегі сұлулықты бұрын да талай кездестірген мен əлгі

көрініске онша мəн бермес те едім. Сол бір əдемі көрініске айрықша əсерленген

немеремнің сол сəтті анда-санда есіме салып, тамсанып отыруы – бақыттың

сəулесіндей нұр шашып тұрады. Немерем екеуіміз сол сұлу əсерлікті қаншама еске

түсіріп отырсақ, бақытымыз да соншалықты үзілмейді екен. Жанымызда, сезімімізде

өмір сүреді екен. Соған қарап əдемілікті сезіне білу, сол əдемілікке ұмтылған

жаныңдағы адамыңның қуанышын, сүйінішін ризалықпен қабылдау – бақыт қой демей,

не дейін.

* * *


Өткеннен қалған өнегемен, кеткеннен алған тəліммен қаруландым деп бар кез түгілі

дер кезде де тағдыр тауқыметінің қалтарыс-бұлтарысынан өз ойыңмен емес, өзгенің

бұйрығымен өтіп барып, тарих жасадым деуің – ағаттықтың ең үлкені.

* * *


Дəрежені ереже тұтатындар дəрежелінің дəрет алған суын төгіп жүргеніне де бөркі

қара қазандай болып марқайғыш-ақ. Сол дəрежелімнің дəрежесі кейде дəрет алған

суынан да төмен болатынын ескермейді-ау бір.

* * *


Өзгенің əлсіздігін байқап қалсақ, қасқыр болып қабуға таяумыз. Өзіміздің

нашарлығымызды тануға мүлдем баяумыз.

* * *

Қашып əбден сүреңі,

Көршімнің иті үреді.

Ауыра ма екен оның да

Ауырмас дейтін жүрегі?..

... Жетсе дағы азат күн

Азабы көп қазақтың

Қаңсып жатыр күрегі.

* * *


Пенде шіркін... (Əй, адам дейінші. Пендеден гөрі адам деу айбаттылау ғой).

Адам шіркін ізшіл ит тəрізді. Ғұмыр бойы ізденуден бір жалықпайды-ау. Тоқтадым де-

генше, торықтым де. Торыққан жанның үркері де, қорқары да көп.

Ал ізденсең – табарың мол. Ең болмағанда өзіңді өзің табасың. Ішіңді ақтара

бастасаң-ақ, суық түсің жылынып сала береді. Не ахаху-ухакуі көп күлегеш жүзің том-

сырайып шыға келеді. Осы өзгерістер – мынау жарық жалғанда өзіңнің бар екеніңнің,

тірі екеніңнің белгісі. Яғни сен – Мəңгілік дейтін адам ұғымынан да тысқары ұғымның

бір кішкентай бөлшегісің. Бірақ осы титімдей бөлшекте ұлы Мəңгіліктің шап-шағын

көшірмесі бар. Айтулы бір сағатта ойда жоқ жерден жұмыр Жердің бір түкпірінде сəби

іңгəңмен шырылдап қана дүниеге келдің. Сол мезеттен бастап мынау Алла жаратқан...

Əлде Болмыс орнатқан Мəңгіліктің өзіндей болар мəңгілік жан иесісің. Іштің, жедің.

Көрдің, білдің. Келдің, кеттің – тындың. Өлмес, өзгермес мəңгілік боп артыңда рухың

қалды. Сол рухың таза болса – Адамзат деп аталатын алып құдіреттің қасиетін

асқақтата түседі. Һарамдыққа бой алдырса, əлгі Адамзатқа қасірет қана үстейді. Осы-

дан кейін өзіңнің өзіңе деген жауапкершілігіңді сезіне білсең, ізденісіңнің табысы ар-

тары хақ. Өйткені адам-тұлғаның ой-зейіні қаншама күрделі, қордалы болса, адамның

]]]]Қарқаралы]]]]

11


өз сол-бейнесі сол ой-толғамынан соншама артық түсіп жатады. Себебі əрбір жан иесі

өзі өскен ортаны ілгері сүйреп, өзін өсірген қоғамды алға оздыруға барынша міндетті.

Өйтпеген жағдайда бүгінгідей кері кеткен тірліктің дөңгелегін тоқтатып, оң бағытқа

бұрып жіберу мүлде қиындайды ғой. 

Сондықтан алдыңғы аға – үлкендер алдында ұятыңды сақтап, кейінгі іні – кішілерге

рақымшылық жасауды ұмытпай, мазасыз ойлардың қоршауында дөңбекшуің көбейсе,

ізденісіңнің азаймайтыны да айқын. Сонда ғана күліп тұрып та күйініп қамығар адамды

өзіңнен табасың, пендем (Əне, тағы де «пендем» деп қалдым-ау...).

* * *

Тəлкек еткен адамды заманым ба?

Жақсыны орап алып жүр жаманым да.

Табынады мықтыға мың-мың əлсіз, 

Бағынады ел түгіл,

Заң ағымға.

... Алашыма боп алып «үлгі» тегі,

Шыбындатып, шұлғытып, мүлгітеді,

Машкевичтей, Митталдай «жаңа тұлға».

* * *


Алтыншы ой

Өмір – қасқағым тірлік.

Өмір – мəңгілік ғұмыр.

Осылай деп жаздым да, иегімді алақаныма сүйеп, ойланып отырып қалдым.

Сонда қасқағым тірлік иесі кім? Мəңгілік ғұмыр сүру кімнің маңдайына жазылған пе-

шене?


Хал-қадарымша таратып беруге тырысайын.

Жамандыққа күпті болып, баянсыз, бағдарсыз қызыққа құмартып, өзінен басқаны

өгейситін, арсыздыққа ойын да, бойын да алдырған пенденің өмірі, меніңше, қасқағым

тірліктен аспайды. Туғанын ешкім білмеген əлгінің құнарсыздығы қуратқан тəнінің

өлгенін де жан баласы ескере қоймайды.

Жақсылыққа мықты болып, өнегеліні үйрену мен игеруден жалықпай, жаман

қылықтардан сақтанып, арлы, ақылды құлықтарымен баптанып, өзгелерді өзінен

артық тұтатын, ұланнан бастап тұтас ұлтына қызмет ететін адамның өмірі – менің

тұжырымым бойынша, – мəңгілік ғұмыр боп аталса керек. Өз бойынан опасыздық пен

озбырлыққа орын бермейтін мейірбан жанның өзгелерді де опасыз, зұлым деп орын-

сыз күсталанауы мүмкін емес. Жақсылыққа ұйыған ойдың озбырлықтың көрпесін

бүркенуіне өз басым мүлде иланбайлы.

Періште де, пері де боп тумайтын адамның кей-кейде періште аталмақ болып ты-

раштанып, періге айналып кеткенін түсінбеуінен өтер бишаралық жоқ. Барыңнан

артылмайтыныңды, жоғыңнан табылмайтыныңды ұқпайынша, өмір сүрудің қияметін

өзгелерге түсіндіре алмайсың.

Біраз ғұмырымда мен соны түйсінген тəріздемін. 

Содан ба күліп отырып сүйсінген пендеден гөрі жылап отырып исінген адамға көбірек

құлшынамын.

* * *


Өз замандастарына қарыз болғаннан да, келешегімен араз болғанды ұнататындар

арамызда акула болып жүйткіп жүр.

* * *

«Төлесе тек ақысын, 



Шығарамын боқысын!»

Деп қаптады өзге жұрт

Көбейген соң оқысым.

Қандай ғана батырмыз,

Жинап алып жатырмыз

Әлемнің бар қоқысын.

* * *


Бастық кім? Бағынышты кім? Бастықтың да бастығы бар. Бағыныштыға да

бағынатындар көп.

Бастықтардың ең бастығы қандай? Бағыныштылардың ең төмендегісі не күйде?

Ойландыра ма? Түбіңді түсірердей кеудеңді орап алатын қиын түйін ғой бұл. 

Ең үлкен бастық – түйсігіңнен тысқары жатқан аса күрделі ұғым. Қас-қабағының

жалғыз-ақ қимылымен қара аспанды қара қазандай төбеңнен төңкере салаты, не қара

]]]]Қарқаралы]]]]

12


түнегіңді қас пен көздің арасында түріп тастап, көңіліңді де, көкжиегіңді де жадырата

қоятын құдірет иесі ғой ол. Ондайлар болған. Бұрын болған. Бүгінгі демократия за-

манында ондай құбыжық құдіреттілердің күні өшкен. Қарасы батқан.

Осылай жаздым да: «Жаңылған жоқпын ба?» деп жағамды ұстай алуға шақ қалдым.

Жаңылдым ба, жаңылмадым ба – ақиқатын анықтар уақыт қана. 

Ұлттық сілкініс – ұлтын сүйген ұлылардың бесігіндегі тербелістен туатынын шым-

шымдап сезем бе, ең үлкен бастықтың сұлбасын Тəуке, Абылай хандардың, Абай,

Əлихан даналардың бейнелерінен шырамытатын тəріздімін.

Əрбір ұлт өзіне ғана тəн ерекше сапасымен өмір сүретін болса, сол ұлтқа барлық

қадір-қасиетімен сай келетін ұлт басшысы да болмақ керек. Бірақ бұл арада мен оның

билігін айтып отырған жоқпын. Өйткені біреу жеке билеген ел ешқашан да мемлекет

дəрежесіне көтеріле алмайды. Себебі əр мемлекеттің құндылығы сол мемлекетте

тұрақтайтын барша жанның іс-қабілетімен бағаланатыны сөзсіз. Ендеше

бастықтардың бастығы – барша жұрттың қызметшісі, көлеңкесі ғана.

Бағыныштылардың ең төмендегісі кім? Базарда арба сүйретіп, көшеде көзін сатып,

тəнін саудалап жүрген кілең қара көздерім бе?

Жоқ! Арбасын көлікке ауыстыруды, мөлиген көзін қырандай қияға қадауды, аппақ

тəнін жан жарына ардақтап жеткізуді мақсат етіп, осы мақсаттарын тездетіп орын-

дауды ең үлкен бастықтан қатаң талап ететін барша жұрттың жігерлі өкілдері олар!

Сонда ғана еркін елдің ерікті ұл-қыздары бастық пен бағыныштылар арасындағы

кереғарлықтан біржолата құтылады.

Лайым Құдай тағала соған жазсын.

* * *

Ел билігі бір адамның білегінде емес,

Бұқара жұрттың тілегінде болар.

Немесе өз халқының үлесін жемес

Әділ басшының жүрегінде болар.

* * *



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал