№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет16/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Құжаттар сөйлейді

Менің қолымда Мəжит қариға қатысты бірнеше құжат бар. Соларға назар аударайық.

Бірінші құжат. Мəжит қаридың есімі жазылған 100 жылдан асқан сарғайған қағазды

маған 2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар районы, Шаховское село-

сынан марқұм апайымыз Əмина Гивазқызының балалары салып жіберді. Əмина

апайдың əкесінің əкесі Жолдасбай Атажанов деген кісі Қарқаралыда тұрған, тарих

зерттеген, үлкен молда адам болған. Менің ойымша бұл қағаз сол Жолдасбай

бабамыздың жеке архивінде сақталған. Қағаздағы жазу арап əрпімен жазылғандықтан

оны мен оқытуға Қарағанды облыстық мешітінде арап тілінен дəріс беретін Ысқақ

Рахымбекұлына бердім. Ысқақ араб тілінде жазылған жерін ғана аударыпты, татар

тілін жетік білмегендіктен қалған татарша жазылған жерлерін аудармапты.

Өсиет

Ассаламу ғалейкум маған сүйікті болған адамдарға қажылықтан сəлем. Менің туған-

туысқандарыма, балаларыма, немерелеріме Қажы Мұса Ахмад баласы Мұхаммадтан

сəлем.


Мен мұсылман болған Абу Бакр сіздермен кездесуге шауықтымын. Сіздермен кез-

]]]]Қарқаралы]]]]

94

десуге өте қатты үміттемін жəне сіздермен ажырап кеткеніме өте қайғылымын. Күндіз-

түні Аллаһтан дұға етіп еліме қайтуымды тілеймін. Қазір денсаулығым жаман емес

Аллаһқа шүкір. Қазір мен Ақай баласы

Хасанның үйіндемін, сіздердің хаттарынызды алып, амандықтарынызды біліп қатты

қуанып отырмын. Сіздердің келем деп отырғандарынызға қуаныштымын, бірақ жол

ұзақ, сапар алыс, ауыл жақын емес, келем деп əуре болманыздар.

Мен бар болған байлығымнан, жерімнен жəне егінімнен Ахмад Мұхаммедке өсиет

етіп қалдырамын. Егерде Мұхаммед өлсе, онда менің ең жақын адамдарым көрсе,

оларға қайтарсын. Қазнынай Болаттың куəлігімен малымды өсиет еттім. Бірақ өзімнің

туған еліме оралуымды үміттенем.

Жауапты күтемін Инша Аллаһ!

Жеткізуші: Абдуль Азиз ұлы Абдуль Мажид.

1909. 26. 05

Қарқаралыдан

Екінші қолыма түскен құжат ол Мəжит қаридың өз қолымен жазған сенім хаты. Арап

əрпімен жазылан бұл сенім хатты оқығанда қазақша сөйлемдер шығады (төтеше

жызылған). Кейбір жерлерін оқу қиын – жазуы таңығысыз, сол себептен оқи алмаған

жерлерімде көп нүкте қойдым.

Уасиқа нама (Сенім хат)

1929-ыншы жылы 2-інші августе мен төменде қол қоюшы Ғабдулмажид

Ғабдулғазизұлы бердім осы уасиқа наманы: өзімнің жамағатым Мəлике Ахмад қожа

қызына... Мəликені некеге алған уақытымда Түркістан қазысының дəптеріне тіркел-

ген... төленуі мойныма борыш айтып алған таза алтын хисабымен төрт жүз сом қарыз

едім... Сол қарызым жамағатым Мəликеге төленбеді.

Еш кімнен кем болмай тəнім саламат, ақылым кəміл уақытта өз тарапымнан үй

мүлкімді болған уəде яғни: үй мүлкімнің жартысын осы күннен бастап өз тарапымнан

шығарып сол төрт жүз сом үшін Мəлике Ахмадқожа қызына бердім.

Үй мүлкімнің Мəликеге бергенімнен қалғанының барлығын перзентім Асқатқа бердім.

Бұнан соң ілгері күндердегі басқа туыстарымның осы уəдені өз мүлкіммен

жасағаныма қарсы болмайды.

Қарқаралы шаһары... 2-інші...: имам Ғабдулмажид Ғабдулғазизұлы

Осы қағазды жазған уақытта ішінде болып қол қоюшылар:

Ғабдулфатах Ғабдулғазизұлы

....... Ғабдулғазизұлы

Əли Мешелұлы

........................................

Жүсүп Ибрахимұлы

Ғазиз Рахматуллин

Мешел ......................

Үшінші қолымдағы құжаттан Мəжит қаридың 1932 ашаршылық жылғы отбасының

құрамын білеміз. Латын əрпімен жазылған анықтаманы өзгертпей сол күйінде беріп

отырмын.

Справке

Берілді осы справке жив союз қызметкері Зейнеп Абдилопзиз немересіне себебі бұл

жолдастың қарамағында өзінен басқа 3 жан бар (үш жан бар) барлығы өзімен төрт

жан.


1. Шешесі Мəлике 65 жаста. 2. Апасы Күлсім 17 жаста. 3. Інісі Асқат 9 жаста.

Сонын үшін қол қойып растаймын

3 – район квартком ағасы: Есбай (Қараша ұлы Есбай)

Қараша ұлының қолын растаймын:

Қалалық кеңес ағасы: қолы мен мөр.


]]]]Қарқаралы]]]]

95

Қатшысы: қолы

10/ІІ – 1932 ж.

Қарқаралы нотарысы (бір түсініксіз сөз - Е.М.)

Бұл құжатта аталып отырған «Зейнеп Абдилопзиз немересі» ол Мəжит қаридың Зей-

неш атты қызы.



Мəжит қаридың үйі

Осы жылы (2013 жыл) Мəжит қаридың қайтыс болғанына 84 жыл болады. Осы жыл-

дар ішінде Мəжит қаридың ағаш үйі бұзылмай сақталып келеді (Игенсартов

көшесіндегі, № 28 үй). Үй тұрғанымен жағдайы өте аянышты - көп жылдар бойы ешкім

тұрмағандықтан, қасиетті кісінің үйін ішімдікке салынғандар пана қылып алды. Кеш-

кісін ол үйде жиналып арақ ішіп, темекі тартып, карта ойнайды. Үйдің есік-терезеле-

рін, еденінің тақтайларын белгісіз біреулер бұзып, əкетіп жатыр. Өкінішті-ақ!

Мəжит қаридың осы үйі қай жылдары салынды екен? Ол туралы қарқаралылық

Əлиев Хасен ақсақалдан (1924 жылы туған) мынадай əңгіме естіген едім:

- Менің қолымда 1856 жылғы мөр басылған құжат болған еді. Ол құжаттан білгенім

- Қарқаралыда бос бір квартал жер болған екен. Атам Тойғұлин Мешел Қарқаралыға

мемлекттік қызметкер болып келгенде сол бос кварталды беріпті. Атам Қарқаралыға

1856 жылы Қызыл сай деген қыстақтан келген (Кент болысына қараған). Содан атам

үй салуға сол жерден Мəжит қариға, Үсен қариға, Əлім сартқа жер берген. Өзі де сол

жерден ағаш үй салған. Үлкен баласы Қалиге, Уəлиге де үй салған. Ол жерде 4-5 үй

болған. Қазір тек Мəжит қаридың үйі ғана бар.

Осы естелік бойынша Мəжит қаридың үйі 1856-шы жылдары салынған деп

топшылауға болады.

Қарқаралының байырғы тұрғындарының айтуы бойынша Мəжит қаридың үйінде таза

тұрмаған, алкогольдік ішімдіктер ішкен отбасылар (Мəжит қаридың отбасынан кейін

тұрғандар) ауыру-сырқауға ұшырап, тұра алмай, ауыса берген екен. Менің ойымша

бұндай жағдайдың болатын себебі – ол Мəжит қаридың тірі кезінде босағасында

оқыған қасиетті дұғалары. Сол киелі дұғалар осы күнге дейін босағасын қорғап-

қоршап тұрған болу керек. Сондықтан арақ ішіп, дəретсіз ол үйде тұрғандар ауруға

ұшыраған. Бұл да біз білмейтін бір тылсым дүние ғой. Тылсым дүние демекші,

Алматылық Ғани Ғабдоллаұлы Ысқақов маған жазған бір хатында былай дейді:

«Туысқандарымнан бала кезімде естігенім – сирек, маңызды оқиғалар алдында

Қарқаралыдағы үлкен зираттан кейбіреулер қаранғы түні жарқыл көреді екен.

Кейбіреулердің сендіруінше сол сəттерде аулада Мəжит қаридың бейнесі пайда

болып, жарқыл жоқ болып кетеді екен».

Осының өзі Мəжит қаридың тегін адам болмағаның көрсетеді!

...Таяуда жақсы жаңалық естідім – бос тұрған Мəжит қаридың үйін қарқаралылық

Айтқали Жикенов деген азамат сатып алыпты. Айтқали Толғанұлына жолығып мəн-

жəйді сұрағанымда ол кісінің айтқаны: «Үйді біз бұзбай, келешекте қаржы табылса

реставрация жасап, сақтап қалмақшымыз». Айтқали Толғанұлының бұл ойы

қуантады. Менің ойымша Мəжит қаридың үйін Қарқаралының тарихи ескерткіштерінің

бірі ретінде сақтап қалуымыз керек. Бұл үйде үлкен тарих жатыр!

Мəжит қаридың көктасы

Мəжит қари 1929 жылы қайтыс болған. Денесі Қарқаралының үлкен зиратында жер-

ленген.

Мен Мəжит қаридың жерленген жерін көп жылдар бойы іздедім. Үлкен зиратқа



барған сайын ескі көктастардағы арапша жазуларды оқып жүрдім. Іздеп жүрген ке-

зімде «мүмкін басында көктасы жоқ шығар» деген де ой келді. Бірақ Мəжит қаридың

жиені Мəужуда Оралбекқызына жолыққанымда ол кісі маған: «Мəжит қаридың ба-

сында тас бар. Ол өзінің жазған тасы. Өзінің тірі кезінде жазып қойған. Бақиға

аттанғанда оны басына қойған» деген еді. Мəужуда əжейдің айтқаны дұрыс болып

шықты - осыдан бірнеше жыл бұрын мен Мəжит қаридың жатқан жерін таптым. Мəжит

қаридың басында үлкен, арап əрпімен жазылған көктас тұр. Көктаста «Ғабдулмажид

қари Ғабдулғазиз ұғлы» деп толық есімі жазылған жəне де ол кісінің Қарқаралы

шаһарының татар мешітінің имамы болғаны туралы жазу бар. 


]]]]Қарқаралы]]]]

96

ҚАРҚАРАЛЫ

№1(39) 2014 жыл

Журналдың бұл санынан

оқитындарыңыз:

] Біз қадір тұтқан құндылық

Халел Мақсұтов

] Қараңғы ойлар

Софы Сматаев

] Көзіңнен айналдым

Дидар Амантай

] Оператор жайлы аңыз

Таласбек Әсемқұлов

] Қарқаралы дәптерінен

Бақытжан Тобаяқов

] Күл төбе

Тілеуғазы Бейсембек

] Қаламгердің есімі әр жүректе

Рымбек Смағұлов

] Қарымды қаламгер Әбжекең

Мақсым Омарбекұлы

] Сатираның садағын асынып,

жебесін кезенген

Сағыныш Әбілова

] Қарқаралы қарлығашы

Қуаныш Сұлтанов

] Тауда гүлдеген Еңлікгүл

К.Жұмабеков

] Өнердің Ұлпаны

Әшірбек Сығай

] Сағынышым, салған әнім, 

Алтын бесік ауылым!

Бану Мұқашева

] Қарқаралының сүйікті

перзенті

Мақсым Омарбекұлы

] Замандас келбеті

Рымбек Смағұлов

] Зейнел Борамбайұлының    

хаттары


Зарқын Тайшыбай

] Ата­баба шежіресін 

жаңғыртқан

Аян Сәулебайұлы

] Сыннан сүрінбеген саңлақ

Саят Оспанов

] Ғабдулмажид Ғабдулғазизұлы 

Ерлан Мустафин



Бас редактор

Рымбек Смағұлов

ШЫҒАРУШЫЛ АЛҚАСЫ:

1.Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ –журналист

2. Рымбек ЖҰМАШЕВ – тарих

ғылымдарының докторы, профессор

3. Серік ДҮЙСЕТАЕВ ­ 

№2 орта мектеп директоры

4. Еркін ҚАСЫМЖАНОВ – 

аудандық ардагерлер Кеңесінің

төрағасы

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР:

Ләйла Сыздық –

компьютермен терген әрі беттеген

«АРКО» ЖШС баспаханасы

Қарағанды қаласы 

Сәтбаев көшесі, 15

Тел.: 41­17­83

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ

МИНИСТРЛІГІНДЕ

2012 жылы 24­шілдеде №12901­Ж

куәлікпен тіркелген

Редакция мекен­жайы:

100800, Қарқаралы қаласы,

Ә.Бөкейханов көшесі, №40 үй

Тел.: 31­3­50, 41­0­42

Е­mail: Karkaraly_TOO@mail.ru

Тіркеуге жіберілген айы мамыр айы 2014 ж

Баспаға қол қойылған күні 15.05.2014ж

Форматы 70х108 1/16

Офсетті басылым.

Таралымы 500 дана

Меншік иесі

«Қарқаралы» журналының

редакциясы

ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР:

Қарқаралы ауданының әкімшілігі және

«Қарқаралы» журналының ұжымы

№1 (39) 2014 жыл

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет