№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]


С ЫННАН  ҮРІНБЕГЕН  АҢЛАҚ Ахметбек Әрінұлының туғанына 100 жыл



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет15/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

87

С

ЫННАН 



ҮРІНБЕГЕН 

АҢЛАҚ


Ахметбек Әрінұлының туғанына 100 жыл

Саят ОСПАНОВ,

ҚР журналистер Одағының мүшесі


]]]]Қарқаралы]]]]

88

Ерлан МУСТАФИН,

өлкетанушы

ҒАБДУЛМАЖИД 

ҒАБДУЛМАЖИД 

ҒАБДУЛҒАЗИЗҰЛЫ 

ҒАБДУЛҒАЗИЗҰЛЫ 

Имам әрі тас шебері Мәжит қари

Ғабдулмажид Ғабдулғазиз қожа ұлын ел арасында Мəжит қари деп атап кеткен. Есі-

міне тіркес «қари» атағы ол кісіге Құран кəрімді жатқа білген соң берілген.

Қарқаралыда ертеде екі мешіт болған. Біреуі Құнанбай қажы мешіті болса, екіншісі

татар мешіті. Сол татар мешітінде Мəжит қари имам болған. Мəжит қари діни білімінің

теренділігімен, діндарлығымен Қарқаралы өңіріне белгілі болған тұлға. Имамдық

қызметпен қоса Мəжит қари марқұмдардың басына қойылатын көктастар жасаған.

Жасағанда да өте керемет шеберлікпен жасайды екен. Қарқаралының үлкен

зиратының ішіндегі ескі бөлігіндегі көктастардың көбі сол Мəжит қаридың қолымен

жасалған ескерткіштер. Мəжит қаридың атқарған имамдық қызметі мен қол өнері ту-

ралы көнекөз ақсақал, əжелеріміз не дейді? Солардың естеліктеріне назар аударайық.

2002 жылдың 3 қазанында мен Сəтпаев қаласынан Қарағандыға қызынын қолына

келіп жатқан 89 жастағы Мəужуда Оралбекқызымен жолықтым. Одан бұрын да

əжеймен хат алысып тұратымды. Мəужуда апа - Қарқаралы қаласындағы Құнанбай

қажы мешітінің имамы болған Оралбек Жұбанышұлының қызы. Мəужуда апаның

анасы Злиха - Мəжит қаридың қарындасы болады. Мəужуда апа 2003 жылы о дүниелік

болып кетті. Əжей Мəжит қари туралы былай деп маған айтқан еді:

«Мəжит қари нағашымды мен көрдім. Ол кісі ұзын бойлы, əдемі кісі болатын.

Қарқаралыда екі мешіт болды: татар мешіті жəне қазақ мешіті. Қазақ мешітінде кейінгі

уақытта менің əкем имам болды, ал татар мешітінде Мəжит қари имам болды. Ол кісі

қайтыс болғанша имам болды. Мəжит қари қайтқаннан кейін татар мешітінде кім имам

болғаның мен білмеймін.

Нағашым атағы шыққан əйдік қари болды. Оқымысты адам болды.

Мəжит қари бос уақытында ылғи тас шабатын. Өзінің кішкентай тас шабатын дүкені

болатын далада, сонда тық-тық еткізіп отыратын. Сондай əдемі тастарды жазатұғын

оюлап тұрып. Мəжит қари тасты қашап істейтін, жай жаза салмайтын. Сондықтан ол

тастардағы жазулар өшпейді. Қашап жасалған нəрсе өшпейді ғой. Тықылдатып, қашап

отыратынды отырып алып. Неше түрлі тастар үйіліп жататын. «Маған тас жазып

беріңіз» деп анау да келеді, мынау да келеді. Қарқаралының көп тасын сол кісі

жазған...».

Қарқаралылық Əбіл Мұттақиұлы Ақынов (1932 ж.т.) көп жылдар бойы қаламыздын та-

рихын зерттеп, газет беттеріне көптеген құнды мақалалар жазып жүрген құрметті

ақсақал. Мəжит қари жайлы ол кісіден мынадай əңгіме жазып алған едім.

«Мен Мəжит қариды көрмесемде, ол кісінің жасаған көктастарын көрдім. Мəжит

қаридың ол ісі - өнердің мықты, əр адамның қолынан келмейтін туындысы деуге бо-

лады. Ол кім-көрінгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Сол заманда ондай тасты

жасап шығару – керемет! Менің ойымша Мəжит қариға дейін осы өңірде бейіт басында

тас деген болмаған. Бұл төңіректе Мəжит қари жасағандай көктастар жоқ. Бір

таңқаларлық нəрсе, Мəжит қаридың қолынан шыққан жазулар мен ою-орнектер

ұқсастығын бүгінгі күні тек қана Индия, Пакистан, Ауғанстан, Иран, Араб жəне Орта

Азия елдеріндегі аты шулы кесенелерден ғана көретіндігіміз.

Мəжит қари мешітте имам болып тұрғанда мешіт жанынан медресе ашқан. Медре-

седе оқушыларға қол өнерін үйреткен. Сол медреседе оқыған Қасен Оспанов деген

қаламыздың тұрғыны маған: «Біз Мəжит қаридан, Қасен қаридан қол өнерін үйрендік»

деп айтқан еді. Ол кісінің үйренгендігі соншалықты - Қарқаралыдағы ағаш үйін өзі

салды, онда бір шеге жоқ. Қасен ақсақал Мəжит қаридан тас шабуды да үйренген екен,

бірақ онымен шұғылданбады. «Мəжит қари тас шапқанда өсімдіктін майын жəне суды

пайдаланып отырады» дейтін ақсақал. Жəне де ол кісінің тас шабатын 50-60 түрлі



]]]]Қарқаралы]]]]

89

құрал-саймандары болыпты. Мəжит қари тас бетіндегі жазуларды екі түрлі тəсілмен

орындаған: бірінші тəсіл – қарыптарды ойып шабу, екінші тəсіл – қарыптарды бедер-

леп шабу.

Мəжит қари өте білімді адам болған. Ақжан Машанидың айтуы бойынша Мəжит

қаридың меншіктегі кітапханасында Əл-Ғазалидің еңбектері мол болған».

2006 жылы мен Алматы қаласының тұрғыны Ғани Ғабдоллаұлы Ысқақовпен таны-

сып, 2009 жылы ақсақал көз жұмғанынша хат алысып, телефонмен байланыс жасап

тұрдым. Ақсақал 1933 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Ғани ақсақалдың

əжесі Жəсия - Мəжит қаридың қарындасы болады. Ақсақалдың Мəжит қари туралы

естігендері мынадай:

«Имам Мəжит қаридың жасаған ескерткіш-көктастары Қарқаралыда үлкен зиратта

көптеген марқұмдардың қабірлерінің басында тұр. Көктастардың жартысын сол кісі

жазған. Ол граниттан, ақ жəне қара мəрмəрдəн жасалған ескерткіштер. Арабша

көркем жазумен, оюлап, əсемдеп жасалған ол көктастар кез келген əлем

мұрағаттарының мақтанышы бола алады! Ондай көктастарды мен тек қана Ташкент,

Самарқанд, Бұхара сияқты көне қалалардан ғана кездестірдім.

Мəжит қари қожа Қарқаралыда атақты кісі болған, мешітте имамдық қызмет атқарған.

Қожа ретінде ол кісіге айрықша құрмет көрсеткен. Бала сүндеттеуге, жаңаза шығаруға

тағы басқа мұсылманша рəсімдерге сол кісіні шақырған. Тек қана Мəжит қари бір ай

ішінде сондай керемет көктастар жасай алған. Гранит тасынан жасалған ескерткіш

үшін ол кісіге бұзаулы сиыр əкелетін көрінеді, ал мəрмəрдан жасалған ескерткішке

құлынды бие береді екен. Сонымен қоса Мəжит қари ағаш ұстасы да болған.

Əкемнің, Имам қаридың, Имам қаридың ұлдары Мұқаш пен Сəубанның, атам Нəби

қожаның жəне басқа да қарттардың айтуынша Мəжит қари Ұлы адам болған, теңдесі

жоқ дінтанушы, қазақ жəне ислам тарихының білгірі, он саусағынан өнер тамған, кəрі

мен жас ағайын, жерлестер арасында құрметке ие болған адам екен. Ол кісіге төреші

ретінде халық əділеттік, көмек сұрап барады екен.

Əкем əрдайым Мəжит қариға қайран қалып, шапқысын қайрауға көмектесетінің еске

алатын. Сонымен қоса əкем балалық қиын шақтарында сол үйден тамақтанып, сол

кісінің арқасында сырт киімі мен аяқ киімі бүтін болатының айтатын».

Қарағанды қаласының тұрғыны жазушы, журналист, этнограф, арабист, ориенталист

Мұхамедқали Баймұхановты мен Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітінде найб

имам болып істеген кезінен білемін. Араб əріпін маған ең алғашқы сол кісі үйреткен

еді. Қазіргі күнде Мұхан «Ұлылардан ұлағат» атты тарихи бағдарламаның авторы əрі

жүргізушісі. «Абылай заманы», «Адамды өз атымен атайтын халық» атты кітаптардың

авторы.

- Мəжит қари ойған марқұм мұсылмандар басына қойылған көктастар – тек



көркемөнердің бір ғажап туындыларына жатады, - дейді Мұхан. - Қарқаралы өңірінде

осындай ғажап тастардың ондаған үлгісі бар. Оны сақтап, келесі ұрпаққа көрсету

керек. Осындай бір көктастын өзін жасауға қанша уақыт керек десеңізші! Не деген

ерінбес еңбек! Көктастар қарапайым аспаптармен ойылып жазылған ғой. Биіктігі екі

метрге таяу тастың бетіндегі каллиграфиялық араб жазуы көркемөнердің бұрынғы -

соңғы кез–келген туындысымен таласатындай...

1919 жылы туған қарқаралылық Ғалиева Гүлбахира (Майра) Ахметқалиқызына

жолыққанымда ол кісі былай деп айтқан еді:

«Мəжит қариды өз басым көрген емеспін. Бірақ 1946-шы жылы мен сол Мəжит

қаридың үйінде тұрдым, маған пəтерге берді. Естуім бойынша Мəжит қари татар ме-

шітінде күшті имам болған. Татар мешітін көрдім. Қандай тамаша мешіт еді. Тамаша

болғанда да керемет еді! Татар мешіті қызыл кірпіштен емес, ақшыл кірпіштен

салынған болатын, жылт-жылт етіп тұратын. Сондай əдемі мешіт болған еді...»

2006 жылдың 26 қазанындағы «Орталық Қазақстан» газетінде Əлихан

Бөкейхановтың 140-жылдығына байланысты «Əлекеңнің бауырлары» атты мақала

жарық көрді. Авторы Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Қайырбек Байсеркин.

Мақалада мынадай жолдар кездестірдім: «Енді бірер сөз Жіңішке өзенінің

қабағындағы Талдыбейтке жəне сол бейітке қойылған ескерткіш белгі – көктастарға

(құлпытастар) байланысты. Смекең (Əлихан Бөкейхановтың туған інісі Смахан төре -

Е.М.) анасына қойылған көктасты Қарқаралыдағы тас шабатын татар хариға 1919

жылы тапсырып, 1920 жылы алып келіп орнаттым дейтін. Тас дайын болған хабарын

алған соң Тоқырауыннан Бегатай диірменінен ақысына 12 пұт ұн, бір атан өгіз алып



]]]]Қарқаралы]]]]

90

арбамен барып, екі көктас əкелдім. Бірі – анамдікі, екіншісі – досым, төлеңгіт Нұркеге

арналған...». Менің ойымша осы жерде аталып тұрған «Қарқаралыдағы тас шабатын

татар хари» - ол Қарқаралыдағы татар мешітінің имамы Мəжит қари болуы мүмкін.

Татар мешітінде имам болғандықтан кейбіреулер Мəжит қариды татар деп кетуі

мүмкін.


Кейбір үлкендердің айтуы бойынша Қарқаралыда үлкен зиратта жерленген Сəдуақас

Шалымбековтың да көктасын Мəжит қари жасапты. Сəдуақас Шалымбеков деген кім?

Сəдуақас Тəжіұлы Шалымбеков 1880 жылы Қарқаралы уезі Қотанбұлақ болысына

қарасты № 2 ауылда дүниеге келген. 1909 жылы Санкт-Петербург əскери-медицина

академиясын бітірген. Қарқаралы уезінде дəрігер болған. 1916 жылы ол өзінің ғылыми

мақалаларын, еңбектерін Францияның медицина академиясына жібереді. Олар жақсы

баға алады. Сол себептен бұл кісіге академияға бакалавр қылып қабылдағаны ту-

ралы ресми қағаз келеді, отбасымен қоса Париж қаласына шақыртылады. Бірақ,

Сəдуақас Тəжіұлы оған бара алмайды, себебі 1916 жылы тылдағы жұмысқа жіберіл-

ген адамдарды дəрігерлік бақылаудан өткізер кезінде өзіне іш сүзегін жұқтырып алады

да, қатты ауырады. Содан 1917 жылдың қаңтар айында қөз жұмады.

Мəжит қаридың отбасы

Мəжит қаридың жұбайының есімі Мəлике Ахмад қожа қызы. Мəжит қаримен Мəлике

апайдың Зəуре, Гүлсім, Зейнеш (азан шақырып қойылған есімі Зейнеп болуы мүмкін)

атты үш қызы болған. Ұл балалары болмаған. Мəжит қари ұлы болмағандықтан қызы

Зəуренің Асхат есімді ұлын асырап алған. Осы үш қызымен асырап алған Асхат есімді

жиені туралы зерттеу барысында білгендеріммен таныстырайын.

Мəжит қаридың қызы Зəуре Қарқаралыда өте діндар, халық арасында құрметке

бөленген, Кеңес үкіметі кезінде имам болған Имам қари деген кісіге тұрмысқа шыққан.

Зəуре апай 1895 жылы дүниеге келіп, 1973 жылдың 15 желтоқсанында қайтыс болды.

Қарқаралыда үлкен зиратта ақсақалының қасында жатыр.

Имам қари мен Зəуре апайдан Мұқаш, Сəубан, Асхат, Əннас деген төрт ұл мен

Əмина есімді қыз дүниеге келген. Қазір тек 1941 жылы дүниеге келген Əмина ғана тірі.

Ол өзбек елінде тұрады. Мəжит қаридың жиені Əминаны тауып алу мақсатымен 2002

жылы мені Ташкент қаласының ішкі істер басқармасындағы төлқұжат бөліміне сұрату

жасадым. Содан төлқұжат бөлімі Əминаның тұрып жатқан жерін анықтап берді. Əмина

Ташкент қаласының Чиландар ауданында тұрады екен. Қолыма түскен үйінің мекен-

жайы бойынша Əминаға бірнеше рет хат жазып едім, жауап келмеді.

Мəжит қаридың 1915 жылы туған Гүлсім атты қызы туралы көп мəлімет сақталмаған.

Білетінім - ол 1930-шы жылдардың басында қайтыс болыпты. Дүниеден отбасын

құрмай кетіпті, сол себептен Гүлсімнен ұрпақ қалған жоқ.

Мəжит қаридың Зейнеш атты қызы туралы зерттеуім өте ұзаққа созылды. Зейнештің

тағдыры онаймен ашыла қоймады.

Алдымен Зейнеш Жолтаев Рысбек деген аудандық партия комитетінің хатшысына

тұрмысқа шығыпты. Жолтаев Рысбектің тағдыры жайлы маған қарқаралылық Ғалиева

Гүлбахира əжей былай деп айтқан еді: «Мəжит қаридың ен кіші қызы Зейнеш - Жол-

таев Рысбек деген аудандық комитеттің хатшысына тұрмысқа шықты. Жолтаев Рыс-

бек көлден құс атамын деп байқамай өзін-өзі атып алып қаза тапты. Ол

Қарқаралыдағы бауырластар зиратында жатыр. Жолтаев Рысбек - менің шешемнің

төркіні болады».

Гүлбахира əжейдің сөздерің архив құжаттары да растайды. Қолымда 1921 жылы

Есіл-Петропавл эсер-кулак бандаларының қалдықтарының қолынан Қарқаралы жəне

Қарқаралы ауданында қаза тапқандардың тізімін анықтаған өлкетанушы Ю.Г. Попов

пен Е.И. Пришлецованың ғылыми-зерттеу еңбегі бар. 109 беттен тұратын зерттеудің

102 бетінде Жолтаев Рысбек туралы мынадай жолдар бар: «В 1935 году здесь же (на

братской могиле - Е.М.) похоронили секретаря района Жолтаева, трагически погиб-

шего на охоте».

Жолдасы қаза тапқаннан кейін Зейнештің тағдыры қалай болды екен? Ол туралы

марқұм жиені Мəужуда Оралбекқызы былай деп айтқан еді: «Зейнеш Қызылорданың

жігітіне тұрмысқа шығып, сол жаққа кеткен. Қазір ол қайда, тірі ма, жоқ па оны мен

білмеймін. Ол менен үлкен болу керек».

Осы əңгімеден кейін мен Зейнешті іздеуге кірістім. Қызылорданың жігітіне тұрмысқа

шықты деген соң 2002 жылдың күзінде Қызылорда облысында кеңінен тарайтын



]]]]Қарқаралы]]]]

91

«Халық» газетінде іздеу жариалаған мақалам жарық көрді. Бірақ ешкімнен ешқандай

хабар болмады. Зейнеш тірі ма? Тірі болса қайда тұрып жатыр екен? Оның ақсақалы

кім, балалары бар ма? Осы сұрақтар мені жиі мазалап жүрді. Сөйтіп уақыт өте берді,

Зейнештің тағдыры белгісіз болып қала берді. Қуанышты хабар маған тек 2006 жылы

келіп жетті. 2006 жылдың 18 наурызында Алматы қаласының тұрғыны Қадырбекова

Мəрия Жұқанқызынан кезекті хат алдым (Мəрия апайдың нағашы атасы Бəтта - Мəжит

қаридың туған інісі болады).

- Менің ата-анам Зейнешпен тығыз байланыста болды, - деп жазады хатында Мəрия

Жұқанқызы. – Зейнештің күйеуі Бабаханов Аятжан деген кісі. Соңғы жылдары Баба-

ханов Аятжан Шымкентте қызы Лаураның қолында болды, сол жақта жерленді. Зей-

нештін алты баласы болды. Олар Рауза, Анвар, Рая, Заурбек, Лаура, Булат. Рауза

мен Лаура Шымкентте тұрады, Анвар Ташкентте, Рая мен Заурбек Ресейде, кішілері

Булаттың қайда екенің білмеймін.

Хатпен қоса Мəрия апай Зейнештің, оның жолдасы Аятжанның жəне басқа да ескі

фотосуреттер салып жіберген екен. Келесі хатта Мəрия Жұқанқызы тағы да Зейнеш

туралы білетіндерін жазыпты:

«Менің білуімше Зейнеш 1935 жылы Аятжанға шыққаннан кейін, туған жерінде

болған емес. Соғыс жылдары жəне соғыстан кейін олар Талдықорғанда тұрды. Біз де

сол жақта тұрып, олармен араластық. Бабаханов Аятжанды Қызылордаға жұмысқа

жібергеннен кейін біз кездескен жоқпыз. Зейнеш 1960 жылы ауырып қайтыс болып,

Қызылордада жерленді. Аятжанды мен соңғы рет 1972 жылы əкем қайтыс болғанда

көрдім. Аятжан мен Зейнеш қайтыс болғаннан кейін олардың балаларымен байла-

нысымыз үзілді».

Зейнештің отбасы туралы дерек табылғанымен, оның балаларын іздеп табу онайға

соқпады. Зейнештің балалалары нағашы аталары Мəжит қари туралы не біледі екен?

Аналары Зейнеш оларға əкесі туралы не айтты екен? Осы сұрақтарға Мəжит қаридың

жиендерінен жауап алу мақсатымен мен Зейнештің балаларын іздеуге кірістім. Мəрия

Жұқанқызының хатында жазған мəліметтері бойынша Зейнештің Рауза мен Лаура

есімді екі қызы Шымкентте тұру керек. Алдымен мен соларды тауып алуға бел будым.

Шымкент қаласының телефон анықтама бюросының телефон нөмірін тауып алып,

2006 жылдың 6 маусымындаонда телефон соқтым. Телефон трубкасын көтерген опе-

ратор келіншек толық мекенжайысыз анықтама бере алмайтының айтты. Бірақ, ол кі-

сіге үлкен рахмет, керек кісілерімді фамилияларымен қарап беруге келісті. Өкінішке

орай, Шымкент бойынша не Бабаханов, не Аятжанов деген бір кісі тіркелмеген болып

шықты. Мүмкін олар Шымкенттің өз басында емес, аудандардың бірінде тұрып жатқан

болар? Немесе тұрмыс құрып жолдастарының фамилияларына жазылып кетті?

Содан 2006 жылдың 7 қарашасында мен Шымкент қаласының облыстық мекенжай

бюросына жазбаша сұрату жасадым. Маған Бабаханова Лаура Аятжанқызының, Ба-

баханова Рауза Аятжанқызының жəне Бабаханов Булат Аятжанұлының (ол кезде

Булаттың қай жақта тұратыны маған белгісіз болатын) Шымкенттен немесе Шымкент

облысынан тұрып жатқан мекенжайларын тауып берулерін сұрадым. 21 қарашада

«Ондай адамдар тіркелмеген» деген мекенжай бюросынан қысқаша жауап келді. Өз

күшіммен таба алмағаннан соң «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, танысым

Лаура Түсіпбековадан көмек сұрадым. Лаура бірге істейтін «Казахстанская правда»

газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісіне іздеп жүрген кісіле-

рімді тауып беруін сұрады. Бірақ ол тілшіде де Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

Зейнештің балаларын тауып бере алмады. Уақыт өте берді. Мəжит қаридың жиенде-

рін енді қалай табамын деген ойда жүрдім. 2008 жылдың көктем айының бір күнінде

маған: «Интернет арқылы неге іздеп көрмеске, мүмкін Ресейдегі Зейнештің Рая мен

Заурбек есімді екі баласы туралы бір дерек шығып қалар!» деген ой келді. Интернетке

кіріп: «Бабаханов – Аятжанович» деп жазып іздеп едім, еш дерек табылмады, «Баба-

ханова – Аятжановна» деп жазып іздеп едім «Бабаханова Рауля Аятжановна» деген

есім шыға келді. Қуанып кеттім! Керек деректі ашып қарасам - Санкт-Петербург

қаласының жеке кəсіпкерлерінің тізімі екен. Солардың ішінде 176 нөмірде Бабаханова

Рауля Аятжановна тіркеулі тұр. Ол Ресейде тұрып жатқан Бабаханов Аятжанмен

Зейнештің Рая деген қызы екеніне ешбір күмəнім болған жоқ. Рауляны үй-іші,

туысқандары Рая деп кеткен болу керек. Рауля Аятжанқызының мекенжайы да бар

екен. Мəжит қаридың жиендерінің ізіне түскеніме қуанып, ертесінде мен белгілі


]]]]Қарқаралы]]]]

92

қарағандылық өлкетанушы, қазір Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрып жатқан

Юрий Григорьевич Поповқа хат жазып жібердім. Юрий Григорьевичқа Рауля

Аятжанқызының мекенжайын жазып, егер мүмкіндігі болса Рауляның телефон

анықтамалығы арқылы үйінің телефон нөмірін біліп беруін сұрадым. Юрий Григорь-

евич Рауля Аятжанқызының үйінің телефон нөмірін ғана білмей, мен жазып жіберген

мекенжай бойынша барып қайтқан екен. Содан 10 маусымда (2008 жыл) ол кісіден

суық хабар келді.

- Бабаханова Рауля Аятжанқызы осыдан бірнеше жыл бұрын жол апатынан қаза та-

уыпты. Көршілерінің айтуы бойынша оның пəтеріне анда-санда ағасы Анвар келіп

кетіп жүреді екен. Мен көршілеріне Анварға бере салындар деп өзімнің телефон

нөмірімді қалдырып едім, хабарласпады...

Енді Бабахановтармен қалай хабарласамын? Сол оймен мен тағы да Интернеттің

көмегіне жүгіндім. Интернеттің «Мой мир» деген бөлімі арқылы іздеп көрген жоқ едім.

Сол есіме түсіп 2009 жылдың сəуір айында, Мəжит қаридың жиендері Бабаханов-

тарды не болса да «Мой мир» арқылы іздеп едім, ондай фамилиямен адамдар бүкіл

əлемде өте көп болып шықты. Содан Санкт-Петербург қаласынан қана іздедім. Ол із-

дегенім сəтті болды - Бабаханова Зейнеш деген бір қыз бала шыға келді. «Осы Ба-

баханов Аятжан мен Зейнештің немересі болып қалар. Есімін əжесінің атына берсе

керек» деген оймен мен оған хат жазып жібердім. Хатымда: «Сіз Бабаханов Аятжан

мен Зейнештің ұрпағы боласыз ба?» деген сұрақ қойдым. Кешкісін: «Амансыз ба,

Ерлан! Шынында да менің əжем Зейнеш, ал атам Аятжан» деген жауап келді. Қуанып

кеттім! Екінші хатында Зейнеш өзін Аятжанның Булат деген ұлының қызы екенің жəне

де Шымкентте қазір туыстары тұрмайтының жазыпты. Келесі хатында Зейнеш əкесі

Булат қайтыс болғаның жазыпты, сонымен қоса əкесінің екі ағасы Анвар мен Заурдың

Санкт-Петербург қаласының сыртында тұратындарын жазыпты. Анвардың телефон

нөмірін жазып жіберіпті. Зейнештен өзі туралы, ата-анасы туралы, əкесімен бірге

туғандар жайлы сұрап едім төмендегідей жауап келді: «Мен 1985 жылдың 7

желтоқсанында Ташкентте тудым. Əкем менің есімімді Зейнеш деп əжемнің атына

қойыпты. Мен бір жасқа толмай тұрып анам əкем екуімізді тастап кетіп қалған екен.

Содан əкем мені 7 жасыма дейін жалғыз тəрбиеледі. Ол кездегі тұрмысымыз жаман

болған жоқ. Мен 1-2 класстарда оқып жүргенде əкем Надя деген əйелмен танысып, ол

кісі біздің үйге көшіп келді. Надя 2-3 жасар Антон атты ұлымен келді. Мен Надяны

мама, ал Антонды бауырым деп кеттім. 2000 жылы не бəрі 47 жасында жүрек ауы-

руынан əкем қайтыс болды. Осының бəрін жазудын өзі маған өте қиын, ішкі сезімімді

білсеніз ғой! Əкем қайтыс болғаннан кейін Санкт-Петербург қаласынан Лаура тəтем

келіп мені алып кетті. Ол кісі менің анамдай болды. Ол кісіге ризашылығым шексіз!

Бірақ тағдырдың жазуы шығар - 2005 жылыдың қарашасында Лаура мен Рауля

тəтелерім жол апатынан қаза тапты...

2006 жылы мен медициналық училищені бітіріп, сол жылы медициналық универси-

тетке оқуға түстім. Қазір сонда оқып жатырмын. Осы жылдың 22 ақпанында (2009 жыл)

Онучин Аркадий Владимирович деген жігітке тұрмысқа шықтым.

Əкеммен бірге туғандар туралы айтсам, қазір Роза Вильнюс қаласында тұрады, ал

Анвар мен Заур қала сыртында тұрады (Санкт-Петербург қаласының - Е.М.). Əкем,

Лаура жəне Рауля жоғарыда жазғанымдай о дүниелік болып кетті.

Əкем 1953 жылы 17 сəуірде туған. Қалған деректі Сізге Анвар ағам береді. Ол кісі 7-

8 мамыр күндері маған келу керек, мен Сіз туралы айтамын, телефон нөмірінізді бе-

ремін».


Осы хатты алғаннан кейін мен Анвар Аятжанұлына сұрақтар дайындап Интернет

арқылы Зейнешке салып жібердім. Ол хатымды ағасы келгенде табыс еткен екен.

Бірақ Анвар Аятжанұлы «қолым тимейді, жауап бере алмаймын» деп жауап

қайтарыпты. Зейнештің салып жіберген телефон нөмірімен мен Санкт-Петербург

қаласына Анвар Аятжанұлына телефон шалдым. Анвар Аятжанұлы: «Өткенді еске

түсіріп, кітап жазып қайтесіз. Мен Сіздің сұрақтарынызға жауап бере алмаймы» деп

жауап қайтарды. Мен: «Ең құр болмаса анаңыз туралы қысқаша айтыңызшы» деп

өтіндім. Содан суырып алғандай ол кісіден білгенім мына дерек: « Анамның толық аты

жөні Абдулғазизова Зейнеш Мəжитқызы. Анам Зейнешті Зейнеп деп те атаған. Ол кісі

1916 жылы туып, 1964 жылы Қызылордада қайтыс болды. Анам тұрмысқа шамамен

1935 жылы шығыпты. Ақсақалының есімі Бабаханов Аятжан».

Енді Мəжит қари асырап алған Асхат есімді жиені туралы сөз қозғамақшымын.



]]]]Қарқаралы]]]]

93

Асхаттың туған əкесі Имам қари, анасы - Мəжит қаридың қызы Зəуре. Асхат 1923

жылы 1 мамырда Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Ол өз əкесінің атына емес,

асырап алған нағашы атасы Мəжит қаридың атына Абдулғазизов (Мəжит қаридың

əкесі Ғабдулғазиз қожа ғой) болып жазылған. Менің қолымда орыс тілінде жазылған

Асхаттың өмірбаяны бар. Онда былай деп жазылған (аудармай сол қалпында беріп

отырмын):

«Автобиография

Абдулгазизова Асхата, проживающего в г. Каркаралинске.

Родился в 1923 году 1 мая в городе Каркаралинске.

В 1933 году стал учиться в школе первой ступени со 2 класса. Занимаясь самоуче-

бой и, выдержав экзамены, в 1934 году поступил в школу Ветзоотехникума, где об-

учался 1938 - 39 учебный год и окончил полный курс зоотехникума.

Начало моей трудовой деятельности – с момента поступления в Каркаралинский

райпотребсоюз, т.е. с 19 сентября 1939 года.

Отец - Абдулгазизов Мажит, умер в 1929 году в городе Каркаралинске. Основным его

занятием до революции и после – являлось кустарное ремесло, имел середняцкое хо-

зяйство. Кроме того, он являлся служителем религиозного культа.

25 ноября 1939 года

город Каркаралинск»

Асхат 1939 жылы кіші зоотехник мамандығы бойынша Қарқаралы зоотехникалық

техникумын аяқтап аудандық тұтынушылар одағына жұмысқа тұрады. Онда ол

есепші, картотетчик болып 1940 жылдың 4 наурызына дейін жұмыс істейді. Одан кейін

Асхат Қарқаралы аудандық жер бөліміне зоотехник болып орналасады. 1942 жылы

соғысқа аттанып, хабар-ошарсыз жоғалады. Қарқаралы ауданының Қорғаныс істері

жөніндегі бөлімінде Ұлы Отан соғысына аттанғандардың тізімі бар ескі кітапша

сақталған. Асхаттың соғысқа аттанып, хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы деректі мен

сол кітапшадан таптым. Асхат соғысқа Қарқаралы қаласы, Новая көшесі, № 23 үйден

кетіпті. Бұл оның туған əке-шешесінің үйі.

Мəжит қаридың балалары туралы менің қолымдағы деректер əзірге осы. Ал ол кісінің

жары туралы қандай мəліметтер сақталды?

Мəжит қаридың жарының жоғарыда жазғанымдай есімі Мəлике Ахмад қожақызы.

Мəлике апай 1867 жылы дүниеге келген. Ол кісіні көзі көрген қарқаралылық Түсіпова

Қадиша əжей (1922-2003) былай деп еске алатын: «Ол кісіні 1930-1931 жылдары

көрдім. Ұзын бойлы, арық, қара əйел болатын. Басына сарттың тақиясын киіп жүретін

меруертпен мандайы айшықталған».

Жоғарыда аталған Мəужуда Оралбекқызы: «Мəжит қаридың əйелі Мəликені көрдім.

Мəлике де ақсақалы сияқты салмақты адам еді», - деп еске алатын.

Мəлике апайдың нақты қайтыс болған жылы белгісіз, менің шамалауым бойынша ол

кісі 1930-шы жылдардың ішінде қайтыс болған.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет