№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.

бет14/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

83

Егер картинаны қоюшылар мен  либреттоны жазушы өз міндетін осы тұрғыдан қорытса,

Қозы Көрпеш­Баян сұлу кинокартинасы біз көргендей жаман, көріксіз болып шықпаған

болар еді. Ұлттық көлемде жоғары сапалы қиялды образдар жасау, дарынды ұлтқа, ұлы

жазушыға тән қасиет.

Қозы Көрпеш­Баян сұлу поэмасын оқығанда кәрі кісі жастық шағын көз алдына елесте­

тіп, өткен күніне құмартып, оралмасына көзі жеткенде романтикалық сезімге душар  бо­

латынын; жас болса ­ сол екі жастың сүйіскен ыстық лебі келіп тұрғандай

сүйіспеншіліктің самалымен қиялға бөленіп  жүре беретінін кім мойындамайды? Қозы

Көрпеш пен Баянды біз оқушы өз қиялымызда қалай зерттеуші едік?

Жаратылыс сұлулық пен көріктің қаншасын тудырса, соның бәрін осы екі жасқа ғана

сиғызбаушы ма едік? Мөлдір сезім  сұлулығын, кіршіксіз мінез сұлулығын, маржандай әсем

сөз сұлулығын, адамдық пен көріктенген еркіндік ­ дарынды ерлік сұлулығын – барлық біздің

қиялымыз тудыра алатын сұлуды осы екі жастан тапқандай болушы едік. 

Осындай асыл образға айналған Қозы мен Баянның фильмде теріс көрсетілуін өз алдына

қойғанда, Баянның шешесі мен әкесі де теріс көрсетілген. Баянның әкесі мен шешесі

көріксіздік жағынан тіпті тұрпайы. Екі көріксіз жаннан Баяндай ару қалай тумақ? Кар­

тинаны қоюшылар көркемдік сәйкестіктің дәмін татпаған, сезімсіз жандар екен деп қана

түсінуге болады. 

Ал, ғылымда тұқым қуалаушылық бар емес пе? Ол рухани сапа жағынан тәрбиеге

тәуелділеніп кеткенімен, баланың формалық (бейнелік) бітісіне шешуші ықпалын тигізе­

тінін искусствода ұмытып кетсе, ол ғылыми искусство болып шығама? Шын

мағынасындағы режиссер ғалым болуы керек секілді. Өйткені, искусство ғылым, терең

мағыналы, аса көркем әрі нәзік ғылым.

Баянның рөлін атқарушы адамның тұлғасы Баянға маңайламайды. Сұлулықтың сипа­

тына қазақ ақындары өз еңбектерінде жеткілікті орын беріп сипаттаған. Режиссер өзі біл­

месе содан елес  алуы керек еді. 

Баянның тұлғалық сәйкессіздігіне рөлді ойнау сапасының сәйкессіздігі дәл келіп,  Баян сегіз

қырлы ару емес, дөрекі әйел заты ғана болып шыққан.

Қозы Көрпеш қан­сөлі жоқ бір қатқан қара. Сахнадан оны көрген де  осы рөлдерді ойнай­

тын лайықты адам Қазақстандағы барлық қазақ театрларының артистерінен табыл­

мады дегенге, 4 миллион қазақтан бір сұлу қыз, бір сұлу жігіт шықпады дегенге кім сенеді?!

Кинодағы рөл, және басты рөл белгілі бір артиске бере салатын тарту емес. Артист рөліне,

әрі ойнау қабілетімен, әрі түр­тұлғасымен сай таңдалуы керек. Искуство ­ сыртында не

болса да ішінде дәні болсын дейтін жаңғақ емес, онда мағна қандай орын болса, форма да дәл

сондай орын алады.

Либреттоны (сценарийді) жазушы қазақтың байтақ жерін кішірейтіп, Қозыны «а» де­

генше алып ұшып Қарабайдың ауылын қуып жеткізеді. Елін кішірейтіп Қарабай мен

Қозының үйінен басқа ештеңені көрсетпейді. Киноны көруші осы екі үй дүниеден

аласталған ба, деп қалғандай. 

Дастанда бұлай емес. Онда шырайлы өлке, таул, сулы жер де, кең қонысты қаптап алып

жатқан ел де көрсетілген. Кинода олар қайда!  

Бәз біреулер: бұл пъесса дейтін шығар, не болса да пъесса  қойса болады, соған

қанағаттанатын деген ешкім болған жоқ шығар. Пьесса  сахнада, кино ен байтақ кең

дүниеде жасалатынын онымен қабат бұл ­   сахнаны киноға көшіре салатын, қаладағы

]]]]Қарқаралы]]]]

84

көшелердің, әйтпесе үйлердің арасындағы оқиға емес екенін автор  ұмытқан болар.

Қозы мен Баянның алданып, адасып қалып, қайта табысуының арасындағы уақыттағы

осы екеуінің күйін: ғашықтықтың, құмарлықтың сыртқа шығарылуын, сағыныш отының

зарығу күйінішіне айналуын,  оның қауіпті сезімдермен араласуын: Баян үшін көш үстінде,

қоныстанған жерде, Қарабайдың шаруашылығының, күйзелісімен шендестіре отырып, сю­

жетке қысты араластыра, қысты күні кигіз үймен шығатын қазақтың дәрменсіз

шаруашылық күйін көрсетіп, әлеуметтік мешеулігін елестете отырып, Қозы­Көрпеш

үшін, асқар­асқар таулардан, өзен­бұлақ, көлдерден, ұлан байтақ жерлер мен елдерден өту

түрінде, зарыққан ұзақ жол үстінде көрсету ­  оқиғаның ең жауапты арлығын құрамай

ма? 

Сонда ғана бұл көріністер аласталған емес, өмір ішіндегі оқиға болып шықпай ма? Ал, біз

көрген кинода оқиғаның басы мен аяғы бар да, ортасы жоқ. Сондықтан, фильмде Баян об­

разы да, Қозы образы да айқындалмайды. Біздің әсем әндеріміз, лирикалық үндеріміз қайда?

Олар неге өз орнын алмайды, киноны құнарландыруға неге көмектеспейді? Қозының,

Қодардың батырлығын, алып күштерін қайдан көреміз? 

Қозының ішін шөппен толтырған еліктің терісін (тұлыпты) қолтығына қысып келге­

нінен, әйтпесе, осы екеуінің ат үстінде сойыл қағысып, көкпар тартқан екі адамдай

аударысқанынан көре аламыз ба? Батырлардың жекпе­жеген толық дұрыс көрсете білгенде

­  жақсы­ақ болар еді ғой. Өйткені осы күнгі фильмдерде халық батырлығының осы

қайталанбас, ғажайып көріністері көрсетілмей келеді. 

Либреттода ақылға симайтын, түкке тұрмайтын «жетпіс жыл бағып, жеті жапырағына

тісім тимеген»  деген секілді сөйлемдер де жоқ емес. Қарабай дүниені қызықтаған,

өзімшілдігі сұрқиялыққа айналған, кең көлемде, тиісті салтанатпен көрсетілсе мақұл,

шешесі де тиісінше, Қарабай бейнесін аша түсетін қарама­қарсы сипатта, айтарлықтай

келбетті бәйбіше болуы керек, Баянды өзге ата­анадан, өзгеше тәрбие алған ортадан

дастандағы Баяндай етіп шығару ­ авторға да, қоюшыға да оңай болмас. Өнердің қиындығы,

сонысымен қасиетті екендігі де осында. 

Бәрімен қоса фильм міндетті түрде түсті бояулы болуы қажет. Қазіргі біз көрген күйінде

бұл құнсыз фильм, аяулыны аямай қорлағандық. Сондықтан, көрерменнің уақытын алып,

көңілін жабырқатқаннан гөрі, мұндай фильмді экраннан алып тастап, қайта шығару

керек. Қажет болса, екі серияға созылсын.

Қорыта келгенде міндет, іс нені талап етсе, соны істеу керек. Өйткені заман іске

қажетті жағдайдың бәрін туғызды, материалдық  бөгеттерді жойып,

ұйымдастырушылық қабілетке ғана сын қойып отыр. Ал, бізді жауапсыздық,

жайбарақаттық мұндай жауапты әрі көлемі үлкен істі істеп үйренбеушілік, жалқаулық

сыңаржақтап тартып келеді. Одан қала берсе, біреуді­біреу жасқап, шамасы келсе

сүріндіріп кетуге тырысатын ескілік көлеңкесінен шыға алмай жүргендеріміз де аз емес.

Осы біз қайта тудық емес пе! Ескіліктің елеулі әлеуметтік тұсақтарын бұздық, артта

қалған деген аттан  құтылатын уақыт жетті.

Заман жағдайды жасап, еркін ұлттарды «құлаш жайып серпіл, диалектикалық жарысқа

түс, үйрен, жетіл » деп шақырып тұр!

Зейнел Борамбайұлы.

Ескерту: Зекең осы кинофильмді 1949 жылы 1 маусым күні көріп келіп,

көргенінен алған әсерлерін күнделігіне түсіріп қойған екен. 

]]]]Қарқаралы]]]]

85

Аян СӘУЛЕБАЙҰЛЫ,

журналист

АТА-БАБА ШЕЖІРЕСІН



ЖАҢҒЫРТҚАН

Қазақта «Қарты бар елдің

қазынасы бар» деген

қанатты сөз бекерге

айтылмаған. Яғни көнекөз

қариялардың кейінгі ұрпаққа

көрсетер өнегесі көп.

Олардың өмірлік тəжірибесі,

көргендері мен түйгендері,

өз аға буынынан, ата-баба-

ларынан естіген əңгіме-ше-

жіресі қай ұрпақ үшін де

айнымас құндылық болып

табылады. Ата-баба

дəстүрі мен ұлттық салт-

сананы кітап-қағаздан ғана

емес, аңыз-əпсана, шежіре-

тарих пен ескі əңгімелерді

жадыда сақтап, жалықпай

жыр ғып шертетін көкірегі

бай қарияларымыздан да естіп біліп жа-

тамыз. «Қарқаралы маңайынан зерделі

сөз зергерлері туралы көп мысалдар

келтіруге болады. Мұндай дəстүрді

екінің бірі біле бермейді. Кейбір

ұрпақтарымыз оны жете ұғынбайды да.

Аталы сөз айтар қариялар сиреп

кетті» - деп жазыпты бұрнағы жыл-

дары ауданымыздың қадірлі бір

ақсақалы. Салмақтап қарасақ, терең

мəні бар сөздер. Бір жағынан құйма

құлақ, сөзге шешен аталарымыздың

ерекшелігі мен кейінгі кездегі солардың

жұқанасы ғана қалған қоғамға

алаңдаушылық білінеді. Заманнан заман

ауысып, халқымыз кезекті өтпелі

кезеңге келгенде, туындаған толғаулы

ой сияқты. Кеше мен бүгінді

салғастырып, кешегінің қадір-қасиетіне

көп бойлаған адамның есімі Қарқаралы

жұртшылығына етене таныс. Ол – Ұлы

Отан соғысының ардагері,

Қарқаралының Құрметті азаматы,

тоқсанның тағлымды асуынан асып,

жүзге қараған шағында дүние салған

ақсақалымыз Ахметбек Әрінұлы. 

Ахметбек Әрінұлы өзі жазған

өмірбаянында Қарқаралы уезі, Берікқара

болысы, №5 ауылда, қазіргі Нүркен

атындағы кеңшарда Жамбасшілік деген

жерде 1914 жылы 12 қаңтар күні

дүниеге келіппін деп жазады. 1925-1928

жылдары аралығында Қарқаралыда ба-

стауыш мептепті оқып бітіреді. Содан

ерте жастан бастап еңбекке арала-

сады. Қоңырат ауданы, қазіргі Ақтоғай

ауданында аң терілерін дайындайтын

мекемеде хатшы, одан Балқашта бір

жылдай еңбек етіп, 1933-1937 жылдарда

Еңбек ауылдық кеңесінің хат-

шысы қызметін атқарады.

Одан кейін 1939 жылға дейін

аудандық қаржы бөлімінде

салық инспекторы болып

жұмыс жасайды. Жұмысқа еп-

тілік танытып, мекемеде ба-

стауыш комсомол ұйымының

хатшысы, одан кейін аудандық

жастар комитетінің екінші

хатшысы болып, бюро жəне

пленум мүшелігіне сайланады.

Партия комитеті есеп санақ

бөліміне, кейін нұсқаушылық

қызметке тағайындайды. Бей-

біт өмірдегі тынымсыз еңбек

осылай жалғаса берер ме еді,

бірақ кең байтақ Отанның ас-

панына қара бұлт үйіріліп,

жаһанға жалынын шашқан алапат соғыс

басталды. Ахметбек Әрінұлы 1942

жылы 24 тамызда əскерге алынады.

Өзімен бірге Қарқаралыдан 72 адам

шақырылып, қанды майданнан 4-і ғана

елге оралыпты. 

Алғашқыда əскери дайындықтан

өтеді. Әскери басшылық Ахметбектің

соғысқа дейін партия комитетінде

нұсқаушы қызметін атқарғанын ескер-

ген болуы керек, осында қалдыруды жөн

санайды. Содан 1944 жылға дейін жа-

уынгерлерді əскери дайындау

жұмыстарына жұмылдырылады. Ал 44-

тің мамыр айында полк соғыс шебіне

көшіріліп, ІІ Белорус майданындағы мар-

шал Рокоссовскийдің əскерінің

құрамында Польша жеріндегі соғысқа

араласады. Сол жылдың қазан айында

немістердің қарсы шабуылын

тойтаруға қатысып, майданда алдыңғы

шепте болады. Адамдар шығыны көп

болған жойқын қақтығыста ауыр жара-

ланады. Госпитальде емделіп, əскерге

жарамсыз ретінде елге оралады. 

Елдегі жағдай белгілі. Соғыс

тұралатқан ауыр ахуал. Бəрін қайта

қалпына келтіріп, сала-саланы жүйеге

келтіру қажет. Соғыстан жаралы

оралғандар бұл еңбек майданына тез

араласып кетті. Бəрі де ретке келер-ау,

бірақ адам шығынын қалай

толтырарсың. Қаралы үйлердің көңілін

қайтіп оңалтарсың. Соғыс өртіне

шарпылған халық жаралы жандарына

қарамастан, ерен еңбекті еңсере білді.

Ахметбек те бұрынғы іс-тəжірибесі бар

азамат ретінде біраз жауапты

қызметтерде болды. Аудандық

Ахметбек Әрінұлының туғанына 100 жыл

]]]]Қарқаралы]]]]

86

кеңестің жоспарлау бөлімінде

меңгеруші, Жаңа жол ауылының

төрағасы, жоспарлау бөлімінде жау-

апты хатшы, жол мекемесінде бөлім

меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1959-1961 жылдары аралығында ДЭУ-

222 мекемесінің бастығы, 1961-1974

жылдарда мүгедектер интернат үйінің

директоры қызметтерін атқарып, зей-

неткерікке шыққан. Осындай

қызметтерді атқара жүріп, аудандық

партия комитетінің пленум мүшесі,

аудандық қалалық кеңестік депутаты

болып бірнеше мəрте сайланады. 

Осынау еңбек жолы, замана тынысы-

мен жалғасқан өмір барысы халықтың

ортасында өтіп жатты. Кеңестік

тəртіп пен жүйе, мойын бұрғызбайтын

жұмысбастылық көкіректегі сəулені

тұмшалай алмаған. Бұл орайда Ахмет-

бек Әрінұлының ел тіршілігіне көзі зерек,

құлағы түрік жүретін. Әсіресе

халықтың тарихы мен шежіресі, ел тіз-

гінін ұстаған хан-сұлтандар мен əділ

сөзімен қара қылды қақ жарған би-ше-

шендер, мұсылмандық жол мен ұлттық

салт-дəстүрге қатысты аңыз-

əңгімелер, өңір шежіресі жайлы

мағлұматтарды жадына түйіп, сана-

сына жинай жүреді. Кейін еліміз

тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін,

халқымыздың бай тарихы мен теңдессіз

діл-қасиеті еркін насихаттала ба-

стады. Осы шақта Ахметбек Әрінұлы

да өзінің көкірек қоймасын жұртқа ашып,

естіген-білген деректерін газет

арқылы оқырман назарына ұсына берді.

Өлке тарихына байланысты талай ескі

əңгіме, шежіре деректерді жазды.

Өлкетанушы Ерлан Мұстафин

ақсақалдың өлкенің өткені жайлы

көптеген мағлұмат білгенін атап ай-

тады. Ерлан сонау 90-жылдардан ба-

стап бертінге дейін хат-хабар алысып

тұрыпты. Айтатын əңгіменің басты

өзегі – қаузай берсең сыр ашып, өріле

беретін өлке тарихы. «Ол кісі шежірені

өте жақсы білетін. Жалықпай айтқан

əңгімелері əлі де үнтаспада менде

сақтаулы. Екеуіміз бірге талай дерек-

терге үңілген болатынбыз.

Қарқаралының көне үйлерін де бірге

аралағанымыз есімде» деп еске алады

өлкетанушы. 

Ия, Қарқаралының өткені мен бүгініне

ақсақал бей-жай қарай алмайтын. Туған

Қарқаралысына қатысты əлдебір

мəселе туындаса, соған атсалыса біле-

тін. Осындайда қағаз бен қаламына

сүйенетін кездері аз емес-тін.

Қарқаралының 170,180 жылдық мерей-

тойларына белсене атсалысып, біраз

тарихи материалдарды, кешегі мен

бүгінгінің парқын көтеретін жайт-

тарды жинақтап, аудандық, облыстық

газеттерге мақалалар жариялады. 180

жылдыққа орай «Атақоныс Арқадағы –

шежірелі Қарқаралы» деген атпен кітап

та бастырып шығарды. Оның да

парақтары өлке тарихына толы. Бұл

орайда айта кететін бір мəселе, шежіре

жинақтап, жүйелеу оңай шаруа емес.

Бұған екінің бірі беттей де бермейді.

Оның жауапкершілік-жүгі де ауыр. Себебі

шежірелер бізге көбіне ауызша дерекпен

жеткендіктен, жаңсақтықтар кетіп жа-

тады. Тіпті ХХ ғасырдың басында

жазылған шежірелерде де қателіктер

кездеседі. Сондықтан кей адамдардың

жазбаның  қайсыбір жеріне дау айтып,

келіспей жататын жайттарға

таңғалуға болмайды. Демек шежіре

айтуға да əжептəуір тəуекел керек. 

Дербес ел атанғаннан кейін, ұлттық

салт-санамен қатар ата дінімізге де

назар ауа бастады емес пе?

Қарқаралының қарағайдай қариялары да

бұл жерде шет қалған жоқ. Ахметбек

Әрінұлы бірқатар ақсақалдармен бірігіп,

газет арқылы мұсылман қауымына

ашық хатпен шыққаны осы кез. Ол хат

Құнанбай қажы мешітін қалпына келті-

руге бірігіп демеушілік жасауға үндейді.

Егемендіктің асқар белесін тілге тиек

еткен хат иелері жұртшылықты ме-

шітке қамқорлық жасауға шақырады.

Кейін сол көпшіліктің көмегімен мешіті-

міз қалпына келтіріліп, ғибадат үйі

еңсесін көтерді. 

Дін, руханият тақырыбын қозғағанда

ғалым жерлесіміз Ақжан Машани мен Ах-

метбек Әрінұлының өзара сыйластығын

айтпай кетуге болмайды. Екеуі талай

дəмдес болып, талай тағлымды

əңгіменің тетігін ағытқан. Ғалымның

«Әл-Фараби жəне Абай» атты зерттеу

кітабы шыққанда да, газет бетінде пікір

айтып, үн қосқандардың бірі  Ахметбек

Әрінұлы болды. Кейінгі ұрпаққа өзекті

болып саналатын түйткілдерде,

маңызды арналарда ақсақал іркіліп

қалмайтын. Ұшқыр қаламын серік етіп,

өз пікірін жеткізуден тайынбайтын.

Үлкендерден естіген аталы сөз бен

қастерлі тəмсілді кейінгі ұрпақ білсін

деген ниетпен өзінде сақтаған бар

мұраны насихаттаудан жалыққан емес. 

Ахметбек Әрінұлы заманның ұйытқып

соғып, талай құбылғанын, халық басы-

нан өткен талай нəубетті, сұрапыл

соғыс пен жанкешті еңбекті көзімен

көрді. Түрлі қысталаңнан туындайтын

өмір өнегесі мен сыннан сұрыпталған

ащы сабақты меңгерді. Сайып келгенде,

өмір мектебін барынша көрген жан.

Ғасырға жуық ғұмырында ұлттық

құндылық пен ата-баба мұрасының

қаншалықты қымбат екеніне көз жеткі-

зіп өтті. Тоқсанның тағлымды асуынан

асып, жүзге қараған шағында Алла

тағаланың дəргейіне бас ұрды. Ар-

тында жолын жалғайтын үбірлі-шүбірлі

ұрпағы, есімін ардақтар елі бар.

Қақаралының тынысымен жүрек лүпілі

қоса соққан ардагер туған өлке жылна-

масында өзіндік орын, шайқалмас тұғыр

қалдырды. Алла тағала Ахметбек

Әрінұлына бақилық өмірдің барақатын

бере берсін дейік. 

Ахметбек Әрінұлының туғанына 100 жыл

Таяуда Ленинград облысы Санкт-

Петербург қаласынан өлкетанушы

Попов Ю.Л. интернет почтасына

хат жазып Рахымбай Сапаков

жөнінде не білесің, қандай энцик-

лопедия бар деп тапсырма берді.

Амал жоқ, соны іздеуге  шығып кі-

тапханадан басқа кітаптармен қоса

Ахметбек Əрінұлы “Атақоныс-

арқадағы, шежірелі Қарқаралы”

атты кітабын 2003 жылы қоса

алып, тапсырманы табылғанша

беріп, Ақаңның кітабын қайта

ақтара бастадым. Байқасам,

ақсақал биыл 12 қаңтарда 100 жасқа толыпты. Содан кейін ойланып қарасам кітап

Қарқаралының 180 жылдығына дайындалған екен. Негізгі мазмұны Қарқаралының

1824 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи жері, құрамы, атақты Қоянды жəрмеңкесі,

төрелер туралы, жеке қайраткерлер жəне өзінің өмірбаяндық сыр-əсер, ой-талғам  де-

гендей асыл  сыр-сұхбаты. Кітапты тағы бір шолып шыққанда түскен ой Ақаң ақсақал

не журналист, не жазушы емеспін десе де, ертеден қалам ұштап, өлең шығарып

жүргенге ұқсайды. Өйткені əңгіме тыңдап, оны ұғып алу, бір жағдай болса сол

жазғанды қайта саралап қағазға түсіру, ол адам қабілетін көрсетіп, зиялы ортаға өзінің

еңбегін бағалату сынына түскендігі болады.  Осы сынға түскеннен бастап аңыз-əңгіме,

жыр-қиссаларды тыңдаудан ол кісі жалықпаған сияқты. Бұндай өнерсүйгіштікті арғы

тегінің батырлар мен би-болыстар көп шыққан ата-тегі мен нағашы жұрттары тегін

болмаса керек.

Ахметбек ақсақалдың тағы бір қыры-ол шежірешілдігі. Өйткені, қазақ  өмірінің

ұжымдасқан көшпелі ру-тайпалық құрамында ана сүтімен келген шежірелік дəстүрді

ақ патша кезеңде де, қылышынан қан тамған компартия кезінде де жоя алмады. Өзінің

еңбегінде Ақаң келтірген шежірелер, Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының, қара ішінде ақ кі-

сісі Құнанбай Жұманқұловтың, Ақселеу Сейдімбековтердің шежірелерімен ұқсас келуі

жəне де көп қисса-жыр, аңыз əңгіме осы аталған авторларда басқа нұсқалары кезде-

седі.

“Алаш” тарихи-зерттеу орталығы дайындаған “Қазақстан тарихы этникалық зерттеу-



лерде” атты кітаптың 7-8-9 томында Арғын руы  тақырыбындағы еңбекте (2010 ж) кел-

тірілген ғылыми деректермен қоса Ахметбек Əрінұлының кітабындағы Қарқаралы

ауданының ашылуы, оған Айдабол Шоң би шақырылып, төреден аға сұлтан сайланды

деп көшіп кетуі, орыс əскерімен келу себебі де көрсетілген. Қарқаралыда дуан ашы-

лады деген  уақытта Кенесарының ағасы Саржан сұлтанның бас көтерген кезі болған.

Профессор Талас Омарбековтың “Ауызша тарихтың бесаспап зергері” “(“Айқын” га-

зеті 29.05.2009ж.) мақаласында Қазақтың шежірешілдік зердесінде адам-тарихтың ең

басты тұлғасы, ал адам санасы-тарихтың қозғаушы күші деген қорытындысы, шы-

нында бүгінгі тарихымыз үшін аса өзекті жəне маңызды.

Ақселеу Сейдімбековтің жеке мұрағатында жəне “Қазақстан ауызша тарихы” атты

еңбегінде Ахметбек Əрінов берген деректердің астына “даңғайыр шежіреші” деген

жерлері кездеседі. 

Ақаңның “Өлі разы болмай, тірі байымайды” дегендей Əлтөбет Байбатырұлы

Балағазыға неше жыл жүріп газетке мақала жазып Бесоба жерінде  2000 жылы

Қасымжанов Сапар сəулетті кесене салдырып, басына  ескерткіш қойылуы ерлікке

пара-пар еді. Екіншісі Алаш орда ардақтысы, тəуелсіздікке дейін аты аталмаған Ман-

нан Тұрғанбаевқа қаншама жыл жүріп “Орталық Қазақстан” газетінде “Тұлпардың

тұяғы” атты мақаласын Семей қаласының жазушысы Тəбіріков Сейіт Мұхамед

Ақаңның шаруасын жалғастырып, құжат жинап Семейде бір көшенің аты беріліп

“Семей таңы” газет редакциясына тақта орнатылып “Қайран Маннан” атты кітап

шыққан болатын. Ақаңды Түркістан сапары жаңа қырынан көрсетіп “Батамен ел

көгерер” атты республикалық байқауға қатынасып “Əйтеке би” атындағы  жүлдемен

марапатталған. Ақаң сол жылы 87 жаста екен.

Менің бір Ақаң туралы екі кісіден, бір-бірімен байланысы жоқ адамдардан естіген

əңгімем кітапта жоқ екен, соған қарағанда бұл кісінің жеке мұрағаты болуы тиіс деп ой-

лаймын. Ол əңгіме былай еді. Ақаң Алматыда тұрған кезде ауырып, тамақ өтпей,

Қарқаралыға қайтуға бел буған. Ақыжан Машановпен қоштасуға барғанда, Ақаң (Ма-

шанов) көріп сен ауырып тұрсың ғой, тұр деп бөлмеге кіріп дұға оқып, кіргізіп

əңгімелесіп, Ақаң үйіне келгеннен кейін су сұрап ішіп, біраздан кейін шайға елмен бірге

отырып, содан 14 жылдан аса жүрді дейді айтушылар. Ақаңның кітабы 27 тараудан

тұрады. Ертерек  жазғанда 20-дан аса кітап шығады екен. Бір арманымыздың еліне

барып келгендей сезінесің осындай жақсы -жандармен қауышқанда. Жатқан жері

жайлы, топырағы торқа болсын.

]]]]Қарқаралы]]]]




1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал