№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.

бет13/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

76

одан әрі дамытудың кейбір мәселелері жөнінде өз пікірімді жолдап отырмын. Осы хатыма

тіркеп жіберген ұсыныстарымды «Шаруа еңбегін коллективтендірудің екінші және соңғы

кезеңі» деп атадым. Бұл ұсыныстарымда мен бірнеше облыстың колхоздарының соңғы бір­

неше жылдағы қызметін толық талдауды ниет қылдым. Әрине, мүмкіндігім шектеулі

болғандықтан, бұл ойымды толық орындай алмадым­ау, деп ойлаймын. Осындай

кемшіліктерімнің бар екенін ескерте отырсам да, Сіз басқарған комитетте басқа да

пікірлердің болуы мүмкін екенін түсініп, ұсыныстарымды жібердім. 

Бұл хатымда көтерілген мәселелер аса ауқымды ұйымдық шараларды керек ететінін, со­

нымен бірге көлемді қаржы шығындарын қажет қылатынын түсінемін. Алайда, бұл

ұсыныстарымның принципті сипаты бар, маңызды екенін де білемін. 

Бұл жазғандарым дұрыс па, теріс пе, ойға қона ма, қонбай ма, ол жағын өздеріңіз байқап

көресіздер. Сіздің айналаңызда партияның бүкіл ақыл­ойы шоғырланған, олармен

ақылдасып, пікір сұрай аласыз. 

Зейнел Борамбаев.

(Шамамен 1952 жылдың жаз айының бірінде жазылған болса керек)

Шаруа еңбегін коллективтендірудің екінші және соңғы кезеңі

Біз материалдық, әлеуметтік және рухани даму салаларында алдымызға айқын бағыт

ұстап, өмірдің коммунистік үлгісіне ұмтылып келе жатырмыз. Бұл жолда тап күресінің

қиындықтары артта қалды, тиісті материалдық, техникалық және энергиялық қорлар

жеткілікті. Демек, біздің алдымызда айқын мақсат ретінде коммунистік қоғам тұрғаны

– шындық. 

Бұл мақсатқа тез және кешікпей жету үшін қоғамның барлық мүмкіндігі бейімделіп,

бүкіл қорлар соған бағындырылуға тиіс. Даму қарқынын баяулатып алсақ, табиғи дамудағы

екіжақтылық сипатындағы өтпелі кезеңге тән қиындықтар одан әрі көбеймек. Бұл

екіжақтылық, әсіресе, шаруалардың тіршілігі мен еңбегінен көрінеді. 

Бұрынғы билеуші таптар өз өктемдігін жоғалтып, тарих сахнасынан кетті, табыр ре­

тінде жойылды. Өйткені, ол таптар қоғамның барлық мүшелерін өз деңгейіне дейін жет­

кізіп дамыта алмағаны былай тұрсын, халықтың екінші бөлігін саналы түрде

қайыршылыққа ұшыратты. Өндіріс салаларының әлеуметтік негізін тарылтты. Бұны

айтып отырғаным, бір жағынан – дұрыс, ал, екінші жағынан артық айтылған. Себебі, же­

кеменшікке негізделген қоғам әлеуметтік жағынан біртекті болмайтынын ескерсек, же­

кеменшік түгілі коллективтік меншік те біз аңсаған мақсатқа жеткізе алмайтынын да

түсінемін.

Бүкіл адамзат мүддесі үшін бұл міндетті билеуші жұмысшы табы орындай алады. Тарихи

даму барысында біздің елімізде екі тап: жұмысшы табы және шаруалар табы қалып отыр.

Демек, бұл әңгімеміздің барысында біз мына салдардың себебін дәлелдеп алуымыз керек: 

Совет Одағында шаруалардың бірте­бірте жұмысшылардың деңгейіне жетуіне жағдай

жасалған. Тиісінше, колхоздардың да бірте­бірте мемлекеттік шаруашылыққа айналуына

негіз бар. 

Біріншіден, Кеңес Одағында шаруалар әлеуметтік тұрғыда даму жағына қарай өзгеріп ке­

леді. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің ұжымдық тәсілдері, шаруалардың еңбек

қызметі негіздерінің қоғамдық сипат алуы – олардың қоғамдық жағдайымен санасатын кез

]]]]Қарқаралы]]]]

77

келгенін дәлелдеді. Бұл тап бір кездегі ұсақ жекеменшікке негізделген, тек қана пайда та­

буды көздеген жеке­жеке ұяшықтардан неғұрлым жоғары социалистік дәрежеге көтеріліп,

оларды жұмысшылар деңгейіне жақындатты.

Шаруалар қазірдің өзінде, ештеңеге қарамастан, жұмысшылардың жағдайына көшуге

дайын отыр. Оларға еңбекшілердің басқа да бөлігі сияқты, материалдық жағынан кепілдік

берілетін еңбек, яғни кесімді жалақы қажет.   

Екіншіден, колхоздардың белгілі бір үлесі болмаса, мемлекет шаруаларды түгелдей өз

қарамағына алып, асырай алмайды. Бұл да даусыз факт. 

Үшіншіден, бізде бөлінбейтін қоры соншалықты молайып кетіп, оны өз күшімен ұқсата

алмайтын колхоздар көбейіп барады. Демек, мұндай колхоздардың дамуы өзінен­өзі теже­

леді. Меншік түрі осындай болғандықтан жеке колхоздың бұдан әрі қор жинай беруге ша­

масы жоқ. 

Бұл айтылғандардан шығатын логикалық қисын мынау болуға тиіс: жеке колхоздың

бөлінбейтін қорын жоспарлау қажет. Әйтпесе, бұл қорлардың мөлшері шексіз өсе беруі

мүмкін емес. Өйткені, колхоздың көлемі мөлшерлі, ал, дамуда шек жоқ. 

Міне, әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын колхоздар осындай тығырыққа келіп

тірелді. Ерте ме, кеш пе барлық колхоздардың осындай болмасына кім кепіл. 

Қазақстанда әрқайсысы 50 мың және одан да көп мал өсіріп отырған колхоздар бар. Мысал

үшін, мен өз ауданымдағы үш колхоздың өмірін салыстырып көрдім. (Бұл колхоздарды әдейі

таңдағаным жоқ, кездейсоқ үшеуін алдым). Бұдан кейін, колхоздардың экономикалық

жағдайларын көрсететін талдау түріндегі кесте берілген.

Кестеден көріп отырғанымыздай, аталған үш колхоздың үшеуі де ірі қара мен жылқы өсіру

жоспарын орындамаған. Екі колхозда қой мен ешкі жоспары орындалған жоқ. 

Жамбыл атындағы колхоз қой мен ешкі өсіру жоспарын артық орындаған. Себебі, бұл кол­

хоз мемлекетке ет тапсыру тапсырмасы терінде 520 қой мен ешкі ғана өткізген. Ал, көрші

екі колхоз әрқайсысы 2059 және 1815 қой тапсырған. Оның үстіне, Жамбыл атындағы кол­

хоз 1950 жылы ірі қарадан бруцеллезге шалдыққан мал тапсырған. Соның нәтижесінде көрші

колхоздардан сонша мал алған. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандай, қой­ешкіні сақтап қалып,

1951 жылғы 1­ақпанға жоспарды асыра орындаған болып отыр. Соған қарамастан, осы үш

колхоздың үшеуінде де колхозшылар еңбеккүнге ештеңе алған жоқ. Бұл үш колхозда 303

түндік қана бар. 1952 жылдың аяғына қарай мал саны 75 мыңға жетпек. Бұл – жыл

басындағыдан әлдеқайда көп және еңбекке жарамды әрбір жанға шаққанда 150­160 малдан ке­

леді, жыл аяғына қарай 200 ден де асып кетуі мүмкін. 

Колхоздардағы малды тек сол мал шаруашылығында істейтіндердің санына бөліп тастасақ

(есеп қызметкерлерін, ферма бастықтарын, колхоз бастығы мен орынбасарларын, брига­

дирлерді, агенттерді, пошта тасушыны, сатушыны, егіншілерді есептемей), олардың

әрқайсысына 1952 жылдың аяғында 400­500 бас малдан келеді. 

Дәл осылайша қалыптасса, алдағы 4­5 жылда аталған колхоздар, басқа шаруашылықтар

қандай тығырыққа тірелетінін байқау қиын емес. 

Колхоз экономикасының өсімін жұмысшы күшінің өсуімен салыстырып көрейік. Кесте­

ден көрініп отырғанындай, бұл колхоздарда жұмысқа жарамды адамдар саны жыл өткен

сайын өскеннің орнына кеміп барады. Бүкіл аудан бойынша солай және де колхоздарға жыл

сайын облыс тарапынан жұмысшылар отбасы мен көшіріліп келіп жатыр. Бір ғана Абай

атындағы колхозға 1952 жылы 15 отбасы көшіп келді. Қала жұмысшыларын колхоздарға

]]]]Қарқаралы]]]]

78

көшіру үрдісі біздің ауданға ғана емес, басқа аудандарда да жүріп жатыр. Талдап қарап от­

ырсам, бүкіл еліміздің колхоздарының жағдайы осындай екен. 

Мұның бәрі – тек фактілер ғана. Және де бұл фактілер, анығырақ үңіліп көрсек,

ұйымдастыру жұмыстарының кемшіліктерін ғана көрсетпейді. Әлбетте, кемшіліктер

бар екені рас. Мәселе, меншік түрінің нақты жағдайға сай еместігінде, шаруашылықтарда

жыл сайын кеңейіп келе жатқан бөлінбейтін қордың мөлшерсіз көбеюінде. Бөлінбейтін

қорды мұншалықты молайта беру үшін даму қарқыны тиісті дәрежеде болуы керектігі

заңды. Алайда, кім қанша күш жұмсаса да, ілгері басу жоқ, бір орнында тұрып қалған

жағдай бар. Оның себебін жоғарыда айттым. 

Нақты, принципті себептердің нәтижесінде қалыптасқан мұндай қиындықтан шығу

үшін принципті шешімдер, батыл қадамдар жасау керек. Секіріс жасау керек. Пісуі жет­

кен жағдайлар ойластырылған шешімдерді қажет етеді. 

Қиындықтың себебін түсінбеген жергілікті органдар, түрлі ойдан шығарылған, жасанды

себептерді алға тартады. Жоғарғы орындардың алдында өздері кінәлі болып отырғандай

ақталады, есеп­қисаптың дұрыс жасалмағанынан көреді. 

Мәселе осылай болып отырғанда, ауылшаруашылығын дамытудың алдағы жолдары қандай

болу керек деген заңды сұрақ туады. Меніңше, бұның жауабы біреу­ақ: бөлінбейтін қордың

мөлшері белгілі бір деңгейге жеткенде колхоздар мемлекеттік шаруашылық жағдайына

көшірілуі қажет. Сонда колхозшылар да жұмысшылар мен қызметшілердің жағдайына

көшеді. 

Ал, енді бұған колхозшылар келісе ме? Колхозшылардың мұндай өзгерістерге ұмтылуына

нақты жағдайлар бар ма? 

Колхозшылар бұған келіседі және мұндай қайта құруға өздері де дайын отыр. Халық

шаруашылығын дамытудың осы жетіп отырған деңгейінде, мұндай өзгерістер жолы

ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің мүддесіне қайшы келмейді. Өйткені, олар ештеңеден

ұтылмайды. 

Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің бұл өзгерістерге итермелейтін факторлар мынау:

1. Иә, бір кезде шаруалардың жағдайы едәуір тәуір болып, олар қала жұмысшыларының

нашар тұрмысынан жиренген кез де болған. Ал, қазір жұмысшылар барлық жағынан ша­

руалардан жақсы тұрады. Мұның дәлелін жұмысшылар мен шаруалардың жылдық

күнкөрісінің орта деңгейінен­ақ көруге болады. Бұл жетістігі үшін жұмысшы табы өзіне,

өзінің партиясына, өзінің диктатурасы мен өзінің ерлік­еңбегіне қарыздар.

2. Қазіргі шаруалар негізінен кедейлер мен орташалар болып бөлінбейді, олардың басым

көпшілігі кедей еңбеккерлер және олардың бастан кешіп отырғаны мыналар: 

а) колхоздың әжептәуір материалдық байлығы бар, шаруашылықтың ұлғайғаны

соншалық, оны игеруге өздерінің шамасы жетпейді. Соған қарамастан оларға бөлінбейтін

қорды одан әрі көбейту жоспары беріледі.

ә) колхоз еңбекке лайықты ақы төлеуге кепілдік бере алмайды, өйткені бөлінбейтін қордан

ақы төлеуге құқы жоқ.

б) қатар тұрған, жағдайы бірдей колхоздардың арасында да өзгешеліктер бар. Жоспар жыл

сайын үстемелеп көбейтіліп, кеңейе беруге тиісті, ал, еңбеккүнді материалдық жағынан

жауып отырудың жоспары  азайып келеді. Демек, шаруалар колхоздың бөлінбейтін

қорларын бөтендікі деп санайды, өздеріне сынық тиын пайда түспейтінін біледі. Енді не

істеу керек? Шаруалар өзінің жекеменшік шаруашылығымен көбірек айналысуға, сонымен

]]]]Қарқаралы]]]]

79

отбасын асырауға мәжбүр. Бұл дегеніңіз, қоғамның өрістеп, жеткен деңгейінен кейін қарай

шегіну болып табылады. 

Осы екі жағдайдың шиеленісі шаруалардың хәл­тұрмысын нашарлатып барады. Яғни, бұл

мәселелерді шұғыл қарап шешу керек. 

Жоғарыда аталған факторлар мен жағдайлардың нәтижесінде колхозшылар өз еңбегіне ке­

пілді түрде ақы алуды аңсайды. 

Бөлінбейтін қордың мемлекет белгілеген белгілі бір дәрежесіне жеткен кезде, колхоздағы

отбасы түндіктерінің саны мен еңбекке жарамды адамдар санының белгілібір деңгейіне

келгенде колхоздарды мемлекеттік шаруашылық түріне ауыстырудың өте маңызды

көптеген нәтижелерге жеткізер еді. Мемлекет деңгейінде бұл ауыстырудың кезеңдері

мемлекеттің экономикалық жағдайына байланысты белгіленуі тиіс. Сонда: 

а) ауылшаруашылығы меншіктің тар шеңберлі колхоздық түрінен босанып, мемлекет

тарапынан нағыз сенімді қожайынға ие болып, дамудың кең жолына түседі. Ал, мемлекет,

өз тарапынан ауылшаруашылығының материалдық базасын қажетінше бөліп, тиімді

түрде үйлестіріп отырар еді. Бір аймақта ауылшаруашылық өнімінің бір түріне

басымдық беріп, екінші аймақта өндірісті өнім түрлеріне қарай мамандандырудың тиімді

амалдарын қарастырар еді. 

Ірі және шағын егін шаруашылығы жүйесін құрып, жерді ұқсатып пайдалануға мүмкіндік

ашылады. Бұл шаралардың қажеттігі күн сайын артып отыр және уақыттың өзі осын

талап етеді. 

ә) ауыл еңбеккерлері өз еңбегіне кесімді ақы алатын болса, бұл – ауылшаруашылығын

дамытудың қозғаушы күші, ынталандырушы қуат екені сөзсіз.  Барлық

республикалар,өлкелер мен облыстар, аудандар мен колхоздар өз алдына анық және үмітті

мақсат қойып, келешек үшін шапшаң қарқынмен алға басады. 

Шаруалардың ауылдан қалаға ағылуы сияқты ежелден келе жатқан жағымсыз үдеріске

тоқтау болады. Керісінше, қалада ұсақ­түйек кәсіптермен айналысып жүрген тұрғындар

ауылға, ауылшаруашылығына келуге құштар болады. 

Ауыл, кейбір жағдайларда, қала деңгейіне жақындайды. Осылайша техника мен білімге

қызығады. Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты жойғымыз келсе, ауыл

адамдарының да күрделі еңбек процестерімен байланысты болғаны жөн. Осыдан әрі бірте­

бірте дене еңбегі мен ой еңбегінің арасындағы алшақтық жойыла бастайды. Бұдан әрі еңбек

бөлісінің арасындағы бөгеттер жойылады. 

б) Шарулардың жұмысшы жағдайына көшуі революциялық секіріс болар еді. Коммунистік

қоғамның жалпыға бірдей әлеуметтік негізі – тапсыз қоғам, жұмысшылар мен

қызметшілрдің қоғамы құрылады. 

Мемлекет өзінің бірқатар ішкі функцияларын жоғалтуына байланысты, қызметші деп

аталатын қызмет категориясының бұрынғы мәне де жоғалады. Тарих қойнауына көз

салсақ қызметшілер мемлекеттің пайда болуына ілесе пайда болған, яғни таптардың пайда

болуымен замандас. Ал, мемлекет болмаса, қызметші деген категория да сахнадан кетеді. 

Тіпті, жоспарлау, есеп, үйлестіру, ғылымы­зерттеу  т.б. қызметтер қоғамның барлық

мүшесінің қолынан келе бермейді, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы

айырмашылықтар сақталады деген күннің өзінде, бұл бөгеттер бірте­бірте жойылады. 

в) еңбекті ұйымдастыру, есеп­қисап, халық шаруашылығы үшін басшы және есепші, т.б.

кадрларды даярлаудың бірегей түрлері қалыптасады. Мемлекет басқару өнері мен

]]]]Қарқаралы]]]]

80

бағыттарын, халық шаруашылығын жүргізу салаларын жетілдіріп, жоспарлауды, есептің

және бөлудің мейлінше жетілдірілген деңгейін қамтамасыз ету керек. Қоғамдық­өндірістік

еңбек қызметі мен қоғамдағы басқа да үрдістердің ерекшеліктерін ұштастыра отырып,

бір ғана мүддеге бағынған адамдардың қызметін үйлестіру қажет. 

Міне, осының бәріне жету үшін, шаруашылық жүргізудегі екіжақтылықтан арылу, сол

арқылы әлеуметтік екіжақтылықтан немесе екіжақты мақсаттан босалуға болады. 

Бұл ұсыныстарымда көздеген мақсатымды тұжырымдай келіп, мына бір мәселеге тағы

да назар аударғым келеді.

Колхоз меншігінің бұлжымайтындығы, олардың жерді пайдаланудағы мерзімінің шексіз­

дігі, «коммуна» деп аталатын қауымдастыққа көшуі дегеніміз – бір сөзбен айтқанда, әрбір

колхоз өзіне мүмкін болған уақытта өз ішінде коммунизм құрып алады деген сөз болып

шықпақ. Жекелеген колхоздардың мұндай оңаша коммунизмінің нақты мәні жоқ, бұл өзі

көз көріп, қол ұстамайтын түсініксіз нәрсе. Оның түсініксіз болатынының екінші жағы

– жұмысшылар мен қызметшілер жалпыға ортақ мемлекеттік меншік негізінде, ал кол­

хозшылар аясы шектеулі ұжымдық меншік жағдайында өмір сүретіндігі.

Бұдан мынадай жалпы қорытынды шығаруға болады: меншіктің осынау екі түрі ерте ме,

кеш пе, әйтеуір, бір ортақ шешімге келеді. 

Біздің кәміл сеніміміз бойынша:  колхоздардың материалдық негізінің деңгейіне қарай бұл

өзгерісті кешіктірмей шешу ақылға қонымдырақ, пайдалы, келешегі бар және ақиқат

болмақ. 

Еліміздің ауылшаруашылығында мұндай түпкілікті өзгерістер жасаудың нәтижесінде,

басқасын былай қойғанда, барлық замандарда тепеліш көріп келе жатқан осынау жәбір

көрген таптың  бақытқа жетуіне зор мүмкіндік туар еді. Бұл бақытсыз тап адамзат

тарихының бүкіл керуенінде бәрін көрді: ол құл да болды, тоқымдай жерге табынған ба­

сыбайлы да болды. Билеуші топтардың шаруаларды алдамағаны, қанамағаны жоқ. Алайда,

оның өз қолымен жасаған еңбегінің жемістері өзіне бұйырмай, мәңгі қайыршы хәлде келеді.

Өмірдің тәтті дәмін тата алмай, рухани да, материалдық жағынан да жарымаған осынау

тапты өркендеудің даңғыл жолына салып, жұмысшы табының өр бейнесіне енгізетін

уақыт келді.  

ССРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Никита Сергеевич Хрущев жолдасқа

Қазақ ССР Қарағанды облысы Қу ауданы Егіндібұлақ селосында тұратын

...............

өтініш

Мен ............... жұмыс істеймін, ....... сом жалақы аламын, отбасымда ........ жан бар. Осы

уақытқа дейін ауылдық жерде тұрғандықтан, сиырым мен бием, төлдерімен бар еді.

Қазақтар көбінесе жылқы етін жейді, жылқы еті бізде қой етінен кем бағаланбайды.

Жылқының сүтінен қымыз деп аталатын, қазақтар үшін сүт атаулының бәрінен

қымбат тағам жасалады. Қымызды бір қатар курорттарда емдік және азықтық

қасиеттері үшін қолданады. Қымыз, әсіресе, қаны аздарға, құрт ауруларға, буын, сүйек және

жүйке сырқаттарына өте пайдалы. Бұл өзі  ­ медицинаның ашқан жаңалығы емес, қазақ,

қырғыз... сияқты қымыз ішетін халықтардың өмір тәжірибесінен алынған. 

Биені асырап сақтау өте  оңай. Ол қыста жылқы табынында жүреді, ал жаз айларында

ауыл адамдары биені кезектесіп бағып, күніне ертеден кешке дейін 12­15 рет сауады. Төлін

]]]]Қарқаралы]]]]

81

бір жасқа жеткеннен кейін сойып, азық қылады. 

Жалпы жылқы түлігі өзімен­ өзі өседі десе болғандай.Қысы­жазы, күндіз­түні далада өз бе­

тімен жайылады. 

Енді, міне, 1961 жылдың 15 мамырына дейін биеңді тартып аламыз деп отыр. Қандай бір

құпия қаулы болса керек, сондықтан, бие ұстауға, меншікте мал иемденуге  болмайды

дейді.  Осылайша өз меншігіміздегі биемізді тартып алып, аса қиын жағдайға қалдырмақ.

Бір сиырдан басқа малымыз болмаса біз ет пен қымызды қайдан аламыз? Етсіз тіршілік

етуге болмайды. Біз тұрып жатқан аудан орталығында мемлекеттік сауда арқылы жы­

лына бір рет те ет пен қымыз сатылмайды.   Ал, қыс бойы, біз, қазақтар етпен ғана жан

сақтаймыз. Жазда сүт пен қымыз ішкендіктен, қыс айларына қарағанда етті бірнеше есе

кем тұтынамыз.

Әрбір отбасы өзінің етке деген сұранысын өзі қамтамасыз етіп, барлық жағынан тиімді

жолмен мал өсіргенінен мемлекетке қандай зиян келеді екен?   

Елімізде халықты етпен қамтамасыз ету мәселесі әлі шешілмеген кезде, мұндай қадамдар

жасауға өте ерте деп ойлаймын. Жеріміз кең, жайылым мол Қазақстандағы ауыл

жұртының малын тартып алып, бір сиыр мен бір бие ұстауға рұқсат бермеуден мемлек­

тке қандай пайда келеді?

Менің осы пікірлерімді ескеріп, қымбатты Никита Сергеевич, өкімет орындарының

орынсыз асығыстығын түзетуіңізді, бізге сиыр мен бие иемдену құқын беруіңізді сұраймын.

Дүкендерімізде ет пен қымыз толып тұратын болса, мемлекетке бием мен сиырымды

қосып тегін өткізер едім. 

Ескерту: Қазақтар ежелден шошқа ұстамайды.   

***

Ағарту Халық комиссариатының Коллегиясына

Мен осы хатым арқылы өзім қызмет істеп жүрген орта мектеп өмірінде кездескен,

мүмкін  ­ бұл басқа да қазақ мектептерінде кездесуі, кейбір жағдайларды коллегия алдына

қойып, шешіп алғым келіп жазып отырмын.  Жан­жақты қарап, шешіп жауап берулеріңізді

сұраймын:

1) оқытушы класқа кіргенде амандасуы азаматтық және мәдени керекті талап. Ал, біздің

мектептер осыған ыңғайлы, амандасатын сөз таба алмай, амандаспастан, барып отыра ке­

теді де сабақты жүргізе береді. Орыс болса, «здравствуйте» деп амандасады, оқушылар  да

солай деп жауап қайтарады. Тіпті орынды.

Осыған ыңғайлы, сыпайы, қарпымды бір сөз тауып, қазақ мектептерінде біріңғай, түгел

қолданылса екен.

2) Ауданда ағарту бөлімі мен комсомол комитетінің шешімі бойынша мектеп

оқушыларының олимпиадасы өтті. Біздің мектеп оған дайындалып, жеке ән, хор, тақпақ,

мысқыл айтыс, би және опералардан қысқа­қысқа үзінділер дайындады. «Қыз Жібектен»

Төлегенді қайнына аттандыратын жері, «Айман Шолпаннан» тойда Айман, Шолпан,

Әлібектердің үстіне  Арыстанның келіп кіретін жері, «Қозы Көрпеш­Баян сұлудан»

Қодардың «Көшіңе еріп жүрдім» деп Баянға сүйетін назын айтатын жерінен.

Олимпиада болардан 1,5 сағат бұрын райкомолдан бір адам, ағарту бөлім бастығы,

аудандық партия комитетінің үгіт­насихат бөлімінің бастығы келіп, орта және орта­

]]]]Қарқаралы]]]]

82

лау мектептердің дайындықтарын тыңдап, үзінділерді түгел және дайындаған кейбір

өлеңдерді («Ақ Шолпан», «Еңліктің әні» т.с.с.) бұлар сүйіспеншілікке тән басқа түкте

емес, баланы сүйіспеншілікке теріс, жолға түсіреді деп алып тастады. Біз қарсы болдық,

оған болмады. Сонымен, дайындықтың жартысы қысқартылды да, оқушылар мен оларда

басқарған оқытушылар да көңілсіз болып, 2 ғана мектептің дайындығымен өткен олим­

пиада сапасыз болды. Артынан райкомның бюросы біздің «мәселемізді» қарап осыны жазып

отырған мені заң орнына дейін тексеруге, басқаларына тағы­тағы шаралар алды. Бұған аса

зер салып шара алдырушы, аупарткомның агитпроп бөлімі Тезекбаев Қабдолла деген кісі.

Менің ойым: Қазақ жастарынан, оның сіз сүйетін, сіз жақсы көріп ынталана қызығатын,

сүйікті халық артистері жасаған тарихи бейне­образдары халықтың ең көркем сезім

жүйесінің серпілер ретін, жақсы ән мен тәтті күйлерін қоса ала қашсақ, ол тәрбие емес,

тәрбиеден қашқандық. Біз жас ұрпақты сүйіне де, күйіне де білмейтін, жадында жан тер­

белісі жоқ, бұрамалы мәшине ғып шығаруға тиіс емеспіз. Ол қолдан да келмес еді. Керісінше

­  сүйіне, күйіне білетін, жан сезімі күшті адам болып шықсын. Жас ұрпақты еш­нәрседен

алып қашпайық, ал бәрін білсін. «Адамға тән нәрсенің бәрі маған да жат емес» дейтін

Маркстің девизін біз ұғуға тиіспіз.

Білім, өнер жанға тән болып қабылдансын да, тәрбиеленуші одан сезім алсын. Ол, саналы

сезім болып, сезім, қабілет тілек балығын арттыру ­   тәрбиеленушінің тәрбиесінің

мазмұны. Тәрбиелеудің қыйындығының өзі де осында емес пе: Ол сондай қыйындығымен

ғана аса бағалы ғой. Тәрбие бұйрықпен тап­тұйнақтай болып отырса, қоғам тіршілігінде

оның тарихи даму бетінде еш бір күш те, табиғи заңдылық та болмас еді деп білемін. Ком­

мунизм мұнарасында тұрып, жеке адам өзін өзі толық билеп, ақылы адасушылықтан

құтылып,  өз меншігіне тиген тарихи дәрежеге жетер. Сол кезде, еш нәрсе қиын болмас,

бұйрықтан да оңай, өзінен­өзі шешіліп тұрар. Мен тек осы дамудың  жолын

тарылытпайық деймін.

«Жизнь берет свое» (Өмір өз дегенін істейді). Менің ойым  ­ осы.

Әділін шешіп, анық жауап берулеріңізді күтемін.

Зейнел Борамбайұлы.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу фильмін көргенде

Халықтың есінен кетпей, үнемі құлаққа жайлы естілетін осы бір екі атты естігенде,

оқушы екі жастың сұлу бейнесін, көргендей, үуілжіген жас жүректерінің соққан үнін есті­

гендей, зарыққандағы қыйналған жан сезімдеріне ортақтасқандай болып сезім алатын әсерлі

жырдың, сүйіспеншіліктің, адамгершілік қуаты мен адам махаббатының аса жоғары

мағыналы билеушілік күші соншалық айқындалып көрсетілген. Ғасырлар бойы көп

ұрпақтың кәрісі де, жасы да құмартып оқып келе жатқан осы бір құнды дастанның кинода

бейнеленіп көрсетілуі орынды іс екенін былай қойғанда, сондай жауапты міндет. 

Жауаптылықтың артуы сондай бір оқиғаның тарихи болуын дәлдеп көрсетуден емес,

дастанның Халық ауыз әдебиеті ретінде  бірден­бірге беріліп тарап, ұрпақтан­ұрпаққа

ауысып сатылағанда оқиға желісі мен образдың қасиеттілік, қасиетсіздік бейне тұлғаланып

бөлінуі халық санасының тәуелсіз сынынан еленіп өтіп, толықтырыла келе толықсып,

поэтикалық күш алып, ұлттық көлемде әдеби мұраға, рухани қазнаға айналуынан.

Ұлттың бір кездегі осы тақырып тұрғысындағы рухани сапасының ішкі қайшылығы мен

қоса көрінісі секілді болуында.

]]]]Қарқаралы]]]]


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал