№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]


ӨМІРБАЯНЫМ (Өз қолымен орысша жазылған, таза қағазға көшірілген)



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ӨМІРБАЯНЫМ

(Өз қолымен орысша жазылған, таза қағазға көшірілген)

Мен, Зейнел Борамбаев, 1916 жылы Қазақ КСР Қарағанды облысы, Едірей ауылдық

кеңесінде кедей малшының отбасында дүниеге келдім. 1927 жылдың қыркүйегіне дейін үйде,

әкемнің қарауында тәрбиелендім. 1927 жылғы қыркүйектен 1940 жылғы желтоқсанның

аяғына дейін түрлі оқу орындарында оқыдым. Семей қаласында бастауыш мектептің бі­

рінші сыныбына бардым да, ақыр аяғы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік универ­

ситеті физика­математика факультетінің 5­курсында оқыдым. 1932­1934 жылдары

денсаулығым нашарлап, екі жылдай үзбелік жасап алдым да, университеттің 5­курсынан

оқуды тастап кетуге мәжбүр болдым. Бұдан басқа жерде оқығаным жоқ, 1948 жылы Семей

педагогика институтын күндіз оқып бітірушілермен бірге мемлекеттік емтихан тап­

сырып, диплом алдым. 

1941 жылдың басынан шіде айына дейін Ақмола облысындағы Степняк қаласында орта

мектепте физика мен математикадан сабақ бердім. 1941 жылдың қыркүйегінен күні­

бүгінге дейін аудан орталығы Егіндібұлақтың орта мектебінде  физика мен математика

мұғалімі болып жұмыс істеймін.

1963 жылдан СОКП мүшесімін.

Ұзақ жылғы  ұстаздық қызметімді бағалап, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төреалқасы

маған  «Қазақ КСР­нің Еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» құрметті атағын берді. 

Өмірбаян жазбаларын осымен доғаруға да болатын еді, алайда мына бір жағдайды көрсете

кеткім келеді. Әуелден­ақ мұғалім кәсібін таңдағанымда өзімнің болашақ қызметімнің

мүмкін боларлық нәтижелерін салмақтап, өз кезінде ауданымның еңбекшілеріне қайтсем

көп пайда келтіремін деп, алдыма айқын мақсат қойған едім. Өйткені, 1941­42 оқу жы­

лына дейін аудан орталығындағы орта мектепті еш адам бітірген жоқ. Себебі, мұнда

жоғары сыныптарға сабақ беретін мұғалім болмаған, яғни бүкіл ауданға тән жалғыз орта

]]]]Қарқаралы]]]]



69

Зарқын ТАЙШЫБАЙ,

Абылайтанушы ғалым, профессор

Зейнел Борамбайұлының

х а т т а р ы

Қ


]]]]Қарқаралы]]]]

70

мектептің аты бар да, заты жоқ еді. 

Сол кезде де, одан кейін де менің қызмет ауыстыруыма мүмкіндіктер болған. Алайда,

орта мектепте менің орныма сабақ беретін маман жоқ екендігін түсініп, аудан

еңбекшілерінің балалары орта мектепті бітіріп, одан әрі еліміздің жоғары оқу орындарында

оқуын жалғастыруға мүмкіндік жасау менің ғана қолымда тұрғанын  саналы түрде сезін­

дім. 

Сонымен, мен көп жылғы ұстаздық қызметімнің нәтижесі қандай, оған қанағаттандым

ба, деп өзіме өзім сұрақ қоятын да кезім келген сияқты. Иә, қатардағы мұғалім болып қана

отырып өз ауданымның жастарына мейлінше көп пайда келтірдім деп айта аламын. Ауда­

нымыз жоғары білімді мамандармен толық қамтамасыз етілген, көбі осында ғана емес,

Қарағанды мен Алматыда, басқа аймақтарда жұмыс істеп жүр. Кейбіреуі диссертация

қорғап, ғылыми дәреже алды. Жастарымыздың осылайша рухани   өсіп­өркендеуінен өз

кәсібімнің нәтижесін көремін, осыны мақтан етемін. Туған ауданымның еңбекшілері ал­

дында парызымды орындадым, осыған рухтанамын және қанаттанамын. 

Олай болса, енді басқа кәсіпте еңбек ете беруіме болатын сияқты. Алайда, табиғаттың

құдіреті сонда – ақыл­ойың толысып, ғарыштарға қанат сермегің келгенде бой қуатың

ортая береді екен. 

Мына бір жайды да айта кетейін. Менің 1906 жылы туған Қанафия Борамбаев деген туған

ағам 1937 жылы тұтқындалып, қайда айдалғаны белгісіз, сол қатерлі жолдан қайтпады.

Ол Қарағанды облыстық сотының 1957 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен ақталды, сөйтіп,

біздің отбасының ар­намысы тазарды.

Тарихта не болмады, бәрі болды. Бұл үшін мен ешкімді жазғырмаймын, езілген халықтың

әлеуметтік жебесі әрқашан өз нысанасына дәл тие бермеген ғой. Халқымыз бен

партиямыздың қызметінің ақтық нәтижелері мұндай қалтарыс­бұлтарыстарды

ақтайды. 

З.Борамбаев, 1978 жылғы 14 қараша.

(Өмірбаян орысша жазылған, 

қазақшалаған Зарқын Тайшыбай.)

***

Орта білім берудің кейбір мәселелері

Балалар мен жасөспірімдерге білім берудің әдіс­тәсілдері тарихи тұрғыда сыннан өтіп,

педагогикалық аксиома ретінде қалыптасқан. Демек, оқу бағдарламалары, сол

бағдарламаларға негізделген болашақ оқулықтар педагогиканың бұлжымас әдістемелік та­

лаптарына сай жасалуы тиіс. Бұл талаптар, олардан туатын ұстанымдар қандай?

1. Жақыннан (көз көретін, тән сезетін) – алысқа (ой қуатымен елестетуге болатын)

қарай;

2. Көрнекіліктен (көрнекіліктің барлық түрлерінен) – сезім жетпейтін кеңістік пен

уақыт аясында түйсіну және топшылау;

3. Қарапайымнан (өзара байланысты, түсінікті құбылыстар) – күрделіге (нысандағы,

құбылыстағы көптеген факторларды ұштастыра отырып);

4. Беріліп отырған білім көлемінің оқушылардың жас мөлшеріне, яғни, психологиялық,

]]]]Қарқаралы]]]]

71

биологиялық және рухани даму деңгейіне сай келуі.

Әдетте, жекеленген пәндер бойынша білімді белгілі бір деңгейге дейін береміз дейміз. Осы

«береміз» дегеніміз дұрыс па? Жоқ, дұрыс емес. Біз білімді бермейміз, ұсынамыз, көрсетеміз.

Демек, мәселе сол білімді оқушылар ала ма, қабылдай ма, міне, осында. 

Ұсынылған әрбір нәрсені алушы қажет деп тапса, оған зәрулік танытса ғана қабылдайды.

Ал, сол оқушы білімнің (ғылымның) жекелеген салалары бойынша білімді қажетсініп отыр

ма, жоқ па? Қаншалықты қажетсініп отыр, бәлкім мүлде қажетсінбеуі де мүмкін. Осы

екеуінің арақатынасы қандай дәрежеде? Осыны біліп алғаннан кейін ғана оқушы санасына

білімді қажетсінетіндей қозғау салып, ынталандыра білуіміз қажет. Бұл дегеніңіз рухани

өмірдің өте күрделі мәселесі. 

Адам сияқты хайуанатта да психикалық, биологиялық қажеттілік деген бар. Бұл

жағынан адам мен хайуанның арасында айырмашылық жоқ деуге болар еді. Бірақ, адам

тіршілігінің саналы, рухани өмір деп аталатын екінші жағы тағы бар. 

Мектеп жүйесінде біз, негізінен, оқушының рухани өміріне араласамыз. Адамды адам ре­

тінде ерекшелейтін ең күрделі әрі қиын, көпқатпарлы құбылыс та оның осы рухани жағы.

Біз адамның осы жағын байытып, кемелдендіруге, ой­өрісін кеңейтуге күш саламыз. Бұл

қыруар әлеует, қуат керек қылатын аса маңызды мәселе.

Осы арада мынадай сұрақ туады: мектеп өмірінде жас ұрпақтың бойына кісілік

қасиеттер дарыту үшін не істеу керек, қандай факторларға баса назар аудару керек? 

Мектепте оқу­тәрбие жұмыстары жүріп жатыр дейік. Біздің қазіргі жағдайымызда білім

беруге баса көңіл бөлінеді. Егер білімді кісі болып қалыптасып келе жатқан баланың ішкі ру­

хани әлеміне сіңбесе, тәрбие де ойлаған жерімізден шықпайды, сол игі істеріміздің жемісі де

көріне бермейді.

Мұның себебі неде? Менің ойымша, мұның себебін соңғы кезде қолданыла бастаған

«проблемалық оқыту» дегеннен, соған сай жасалған жаңа бағдарламадан іздеген жөн сияқты.

Оқушыға проблеманы ұсынып қойып, оны шешуді талап еткеннен гөрі алдымен баланы

жақсылап дайындап, қалыптастырып алу керек, яғни, қоршаған ортаны сезіне алатындай

етіп оның ойлау жүйесіне әсер ету қажет. Бейнелеп айтқанда оның өз көргені мен естіге­

нін тиянақтап, жанына шақпақ болып тиіп, ұшқын шығарып, тұтатып алу керек. 

Бұл мақсатқа қалай жетуге болады: 

1. Алдымен, оқулықтардың әдістемелік және теориялық маңызы мен құны;

2. Мұғалімнің жалпы ой­өресі, өз пәнін жете білуі, сабақты әдістемелік тұрғыдан құра

алуы, мұғалімдік іске құштарлығы мен шешендік қабілеті;

3. Оқушы білімді бағалауда мұғалімнің әрекет еркіндігі, барлық жағдайда ұстаздық дербе­

стігі мен тәуелсіздігі;

4. Мектептегі және мектептен тыс тәрбие жұмыстары, шәкірт өскен отбасы мен ор­

тасы. 

***

Жаңа оқулықтарға келетін болсақ, менің ойымша, мектепте мейлінше жапа шеккен және

аяқ асты болып, құруға таяған пән – математика. Сондықтан әңгімені осы пәннен

бастағым келеді. 

Ең басты мәселе – бірінші сыныптан бастап оқушының ойлау қабілетін дамытуда ма­

тематика қандай рөл атқарады?

]]]]Қарқаралы]]]]

72

Әлбетте, математика – көп сатылы ғылым: келесіні түсіну үшін соның алдында өткен

материалды игеріп, біліп алу керек; бұл дегеніңіз – математикалық логика деп аталатын

қатаң логика. Ол рухани өмірін жаңа бастап келе жатқан жас адамның миында

қалыптасады. Олай болса, математикалық логика – ойлаудың негізі, іргетасы. Адамның

жеке өмірінде ойсыз, ойлаусыз ештеңе де болмайды. Осылайша, жоғарыдағы сұрағымызға

былай деп жауап берер едім: 

1­сыныптан бастап математика субъектінің (баланың) ойлау қабілетін қалыптастыра

бастайды. Міне, ендеше математика осы міндетті көздеп, соған қызмет етуі, яғни

баланың ойына қозғау салып, оятуға қызмет етуі тиіс. 

Олай болса, жаңа оқулықтар осы талаптарға жауап бере ала ма? Жоқ, мүлде жауап бер­

мейді. Бұл оқулықты құрастырушылардың әдістемелік тиянағы жоқ. Педагогиканың

дидактикалық әдістерден басталатыны туралы әдістемелік қағидалары ескерілмеген. Бұл

оқулықтардағы теориялық материалдар, есептер мен мысалдар мүлде қарапайым, бала­

ларды ойға жетелемейді немесе оқушы оларды түсінбейді. 

Орта мектеп деңгейінде ойлаудың кем дегенде үш категориясы (ойлау сатылары) бар.

Олар: 

1. 1­5 сыныптарда арифметикалық ойлау. 7­12 жас аралығындағы ұл мен қыз бес жылдық

білім көлемі мен сапасын қамтиды. Дәл осы кезеңде баланың адам ретінде ойлау қабілетін

қалыптастыруда арифметиканың не беретінін сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұны

түйсіну керек, тани білу керек. Ал осы арифметикаға геометрияны, алгебра элементте­

рін, координата жүйелерін араластыру – бері қойғанда педагогиклық, әдістемелік, ғылыми­

психологиялық қате деп ойлаймын. 

Бағзы біреулер: «ұсақ­түйек ақпарат неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы» деп ойлайды.

Өрескел ағаттық осында. Керісінше, арифметикадан алгебраға қарай еппен, әдістемелік

жағынан байыпты қадам жасай білу керек. Осылайша, есеп шығаруда алгебраның тиімді­

лігін, қиындықты оңай жеңуге жеткізетін артықшылығын бірте­бірте оқушының көзіне

көрсетіп, қолына ұстату керек. Ойлау қабілеті жетік оқушыны есептің тығырығына әкеп

тіреп, сол тығырықтан бір немесе бірнеше теңдеу құра отырып, шығып кетуге болатынын

көрсету арқылы оны ойлаудың жаңа сатысына жетелеу керек. 

2. Алгебралық ойлауға келейік. Тарихқа қарасақ, арифметиканың дамуынан алгебра келіп

қалыптасқан. Арифметика болмаса, алгебра дүниеге келмес еді. Адамзаттың

математикалық танымының осы тәртібіне бағынайық. Алгебра бізге таным айнасы ре­

тінде теңдеуді берді. Содан барып, айнымалы шамалардың математикасы, көзге

көрінбейтін микроәлемнің математикасы – жоғары математика келіп туды. Жоғары

математика – бүкіл ғылым атаулы теориясының негізгі қаруына, құралына айналды. 

Демек, бұл сатылардан аса байсалды, баяу өту керек екен. 

Ал, жоғары математиканы тұтас және толығымен жоғары оқу орындарының үлесіне

қалдырайық. 

Орта мектеп оқушыны пәннің түсініктілігімен дайындасын. Осылайша баланы мате­

матикадан үркітпей, қиындығымен жирентпей, қайта пәнге қызығушылығын, тіпті,

құштарлығы мен сүйіспеншілігін туғызар едік. 

Тиісінше жоғары математика айнымалы және шексіз кіші шамалардың арақатынасының

категориясы болып табылады. Олай болса таным – ойлау үдерісінің екінші сатысы, бұған

әркімнің тісі бата бермейді. Міне, қиындық осы өткелден басталады.

]]]]Қарқаралы]]]]

73

Бұл істе қапы қалмас үшін математикалық оқудың сатыларын жіті қадағалап отырған

жөн. Математиканың пән ретінде тарихи даму сатылары қандай болса шәкіртке де сол

қалыпты бұзбай, яғни, тарихилық дәстүрді сақтап ұсыну қажет. Әрі қазіргі кейбір ав­

торларша материалды шашыратпай, ескі оқулықтардың ізімен жүрейік. 

Ал, мына жаңа авторлар ұсақтауға, бәрін қамтуға, сыныптарға шашып тастауға неге

құмар? Бәлкім, өздерінен бұрынғының бәрін сырып тастап, ешкімнен көшірмегендей, еш­

кімді қайталамағандай көрінуі үшін  шығар.

Бізге, мұғалімдерге жылдар бойы сыннан өткен, талай тәжірибеге арқау болған бұрынғы

оқулықтардан басқа ештеңенің керегі жоқ. Сіздердің жаңа оқулық ойлап таптым деген

авторлығыңызда біздің шаруамыз жоқ. Ал, белгілі дәрежеде пәннің теориялық деңгейін сәл­

пәл көтеру керек болса, мұны өте сақ, орнымен, ұстамды түрде, 7­17 жас арасындағы

жеткіншектің жасына қарай ойлау ерекшеліктерін сергек сезіне отырып жасау керек қой.

8­сыныпқа бұрын 9­10 сыныптарда өтіліп келген материалдар беріліп, бағдарлама

қиындатылған. Мен мұны, тіпті, оқушыны арандату деп айтар едім. Оқушылардың

математикалық машығы мен пәнге бейімін қалыптастыруға тиіс алгебралық

түрлендірулер негізгі тақырыптар ретінде берілген де, бұрынғы оқулықтар мен есеп

жинақтарындағы біртіндеп игеру сатылары 6­сыныптан 10­сыныпқа дейін шашырап кет­

кен. 

Енді геометрия туралы. Геометрия курсында мүлде жаңа геометрия ойлап табылғандай

әсер беретін әдеттен тыс, таңғаларлық өзгерістер бар. Жаңа оқу құралдары ешқандай сын

көтермейді. Векторлық тәсіл, симметрия тәсілі, елестету, бейнелеу тәсілі – бәрі­бәрі Евк­

лид геометриясымен араласып кеткен. Тарихи тұрғыда Евклит геометриясы болмаса,

басқа геометрия да болмас еді. Бұл арада толықтырудың қажеті жоқ. Біз Колмагоровтың

аксиомаларына мұқтаж емеспіз. 

Бұл жағдайда да тарихилық жүйені сақтап,  әдістемелік жағынан дұрыс түзілген бұрынғы

бағдарламамен жүре беру керек еді. Қайталап айтамын, жаңа оқу құралдары әдістемелік

жағынан қате. Ойлауға бастамайтын анықтама тәсіліне сүйену – аш адамға сылдыр су

бергенмен бірдей. 4­сыныптан 10­сыныпқа дейін қанша анықтама, ұсақ теоремалар, ере­

желер, салдарлар берілгенін санап көріңіздер. Осыған куә бола отырып, авторлардың

ниетінің қандай екенін түсіне алмадық. Бұл айтылғандар алгебра мен арифметикаға да

қатысты. 

Физикада материалдардың  берілу жүйесі 8­9­10 сыныптарға арналған пәннің теориялық

деңгейін көтере түскен жөн еді. Авторлар соған ұмтылыпты. Мұнысы дұрыс­ақ. Алайда,

пәннің эксперименттігі мен есептеп шығару (есеп шығару) жағына қиянат жасалғаны жөн

болмаған. 

Физиканың барлық бөлімдерін көктей өтетін негізгі өзек – энергия десек, энергияның

сақталу және түрлену заңы негізінде шығарылатын есептердің деңгейін көтере түсу

қажет. Осылайша физикалық үдерістерді саралап, құбылыстардың өзара байланысына көз

жеткізуге болар еді. 

Қарап отырсақ кейбір шынайы тәжірибелік сабақтарды сипай қамшылап қана өткен.

Мысалға, электр тізбегіне, жылу және электр двигетелдеріне арналған есептер. Оның

үстіне бұл есептердің көпшілігі математикалық жағынан қиындатылған, оларды

оңайлату керек. Есептердің санын да азайту керек сияқты. Есеп көп берілгендіктен,

өткенді қайталай отырып физика есептерін шешуге шәкірттерін машықтандыруға

]]]]Қарқаралы]]]]

74

мұғалімнің уақыты қалмайды.  

6­7 сыныптарға арналған физиканың материалдарын 6­сыныпта­ақ молекулалық физика

элементтерінен бастау да көңілге қонымды емес. Физиканы, дәлірек айтқанда, физикалық

құбылыстарды санаға сіңіру керек, түсіндіріп қажеті жоқ. Біз, мұғалімдер физика пәні

арқылы 6­7­сынып оқушыларын физикалық құбылыстарға жетелеп әкеліп: қалай, неге бұлай

деген сұрақ туғыза білуіміз керек. Физика курсын нақты түрде өтілгендерді қайталай от­

ырып, бұрынғысынша 8­сыныпта жаңадан бастаған жөн. 

Жаңа оқулықтар мен оқу құралдары «проблемалық оқыту» деген кінәратқа шалдыққан.

Осы орайда: жалпы өзі осы оқулық дегеніңіз оқушы үшін жазыла ма, мұғалім үшін жазыла

ма, деген орынды сұрақ ойға оралады. Мұғалім пән бойынша конспект жаздыруға тиіс пе?

Жоқ, қажет емес, дейді біреулер. Демек, оқулық оқушыға ешқандай қиындық

туғызбайтындай, ешқандай проблемасыз­ақ түсінікті болуы шарт. 

Проблемалық әдісті қайда қолдану керектігін анықтап алайық. Орта мектепте ме,

жоғары оқу орнында ма, әлде басқа жерде ме? Сонда ғана орынсыз арандатудан аулақ бола­

мыз. Ал, біз мына түрімізде оқытудағы жетістіктерден басымыз айналып кеткендейміз.

Ғылым арандатуды көтермейді. 

Оқытудың екінші қырына үңілейік. 

Белгілі бір пәнді сапалы оқытуға жауап беретін кім? Әрине, мұғалім. Білім беру нәтижесі

оның ар­ожданына дербес және еркін әрекет ете алуына байланысты. Ал, сол мұғалімді жел­

келеп отырып жақсы баға, кемінде «үш» қойып отыруға мәжбүрлеуді не дейміз. Бұдан кейін

мұғалімнің оқыту құқығынан не қалды. Тіпті, «екі» қойып та барлық мәселені шеше

алмайсың. Қою да керек, қоймау да керек. Оқытудағы қиын түйіннің бірі осы және осы бола

береді де. Бұл қатарлы проблемаларды мұғалім шығармашылықпен шеше білуі керек, міне,

мәселе осында. 

Оқушылардың үлгірімі – әр мектептің жанды жері. Оқушы кісі ретінде жаңа қалыптасып

келе жатқан балғын жас. Ол он жыл бойы жауапсыз осе берсе, мектепте күш жұмсамай­ақ

«үштік» қойып беретінін білсе, демек біз нағыз жалқаудың өзін ғана тәрбиелеп отырған

жоқпыз ба? Осылайша жас өскіннің өміріндегі ғылым мен білімді қабылдайтын, еңбек етуге

жаттығатын алтын уақыты осылайша өтіп кетіпті. 7­17 жас аралығындағы жастың

еңбегі – ерікті, құштарлық еңбек емес, жалпы алғанда, мәжбүрлеуге негізделген, жауапкер­

шілік сезімін қалыптастыратын, ғылым­білімнің қажеттігін мойындату арқылы келе­

тін іс­әрекет. 

Соңғы 10­15 жылдың мұғдарында проблемалық деп аталатын оқу әдістемесі бойынша 100

пайыз үлгірім беру керек деген үрдіс шықты. Сөйтіп мектептегі негізгі тұлға ретінде

мұғалімнің еркі тұсалды, тиісінше шәкірттер көз алдау үшін ғана мектепке бос келіп, бос

қайтуға бірте­бірте дағдыланып барады. 

Бұдан былай да кездесе беруі мүмкін басқа проблемалар қандай? Олар:

1) жоғарғы айтқанымыздай: үлгірушілік пен үлгермеушілік;

2) сыныптағы оқушылардың әрқайсысының жүрегіне жеке жол табу. Бұл қайшылықты

шешу толығымен мұғалімге байланысты емес.

3) көрнекіліктің, тәжірибе мен зертхана жұмыстарының теориямен ара қатынасы. Бұл

мәселе оқытудың дидактикалық әдістемесін сақтай отырып, ойластыра шешілуге тиіс. 

4) 1­сыныптан 10­сыныпқа дейінгі оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу. Жоғарыдағы

бірінші және төртінші проблемалар өзара байланысты. Оларды творчестволықпен шеше

]]]]Қарқаралы]]]]

75

білген жөн. 

ССРО Педагогика ғылымдары академиясы бұл мәселелермен айналысып келеді. Алайда

оның міндеті тек бақылау жұмыстарының, үй тапсырмаларының, жаттығулардың түрлі

нұсқаларын жасау, күнтізбелік жоспар құрастыру емес, бұлар әр мұғалімнің қолынан ке­

летін шаруа. 

Оқыту мен шәкірттер білімін бағалауда үстірттікке жол бермей, жауапкершілік сезімін

қалыптастырайық. Сөйтіп, мектеп бітірушілердің қаншасы жоғары оқу орындарына

түсуге қабілетті екеніне ұмтылайық. Жақсы оқитындар – біздің болашағымыз деп үміт

күтеміз. 

Соңғы жылдары мектептегі білім беру ісінде гуманитарлық ғылымдарға қарай орынсыз

көбірек бет бұру байқалады. Бұрын орта мектептің барлық сыныптарында математика

пәніне аптасына алты сағаттан, ал, 9­10 сыныптардағы физикаға бес сағаттан берілетін.

Ал, қазір 9­сыныпта математика бес сағат, 10­сыныпта төрт­ақ сағат. Физикаға бұл сы­

ныптарда төрт сағат бөлінген, керісінше бағдарлама материалдары ұлғайтылған. Заман

талабына сай ғылым мен техниканы дамытудың негізгі тірегі жаратылыстану ғылымдары

екенін түсіндірудің өзі артық. 

Таяуда теледидардан сөйлеген академик Патон бір сөзінде: «физика мен математика

ғылымдар падишасы. Соңғы он жылда білікті мамандар қатары сиреп, ғылыми әлеуетіміз

әлсіреп барады» деді. Ал, бұған кім жазықты? Бұл ғылымдарға мектеп аясында

оқушылардың сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға не бөгет? Бәрі – орта мектепте ма­

тематика мен физиканы оқытудың деңгейіне байланысты десек керек.  Аталған

кеселдердің түйіні орта мектепте ғана шешілмек. 

Олай болса, мектеп мұғаліміне әкімшілік тұрғыда әмір беріп, күн сайын қысым жасап

отыру қажет пе? Білім беру ісіне әкімгерлік мүлде жат нәрсе. Міне, біздің бар кемшілігі­

міз осында. Кеңес одағында бұрын халық ағарту министрлігі жоқ еді ғой. Себебі, жоғарыдан

нұсқау беру арқылы оқыту – білім беру ісінің табиғатына жат екендігін білетінбіз. Олай

болса, мен одақтық халық ағарту министрлігінің қажеттігі жөніндегі мәселені

талқылауды ұсынамын. 

Өзім маңызды санаған біраз мәселені шолып қана өткен жайым бар. Орта мектепте білім

беруді жақсарту жөнінде басқадай ойларымыз да бар, оның бәрін бір мақалаға сыйғызу

мүмкін емес. Сондықтан, республика мұғалімдерін осы тақырыптар төңірегінде пікір

алысуға шақырамын. 

Зейнел Борамбаев, 

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.

Ескерту: Бұл хат шамамен 1950­51 жылдары жазылған. 

Үкімет жанындағы колхоздар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы 

А.А. Андреевке 

Қымбатты Андрей Андреевич!

Аса қуатты Отанымыздың әрбір азаматының құқысы мен міндеттерін түсіне отырып,

азаматқа жарасатын салиқалы қарапайымдылықпен сізге еліміздің ауылшаруашылығын
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет