№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.

бет11/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

63

Бану МҰҚАШЕВА,

журналист

Сағынышым, салған әнім, 

Алтын бесік ауылым!

А

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста



]]]]Қарқаралы]]]]

64

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

көкжиегінде бәрі тақтайдай тегіс болды деу де қиын­ау. Жауар бұлттай түнерген күндер,

қақпақылға салып арпалыстырған асау толқындар, өзіңе жақын, жүрегіңмен сүйген

туғандарыңнан айырылу­бәрі­бәрі жанын жабырқатып, мұңға батырғаны есінде. Осы

орайда батыр Бауыржанға «мұңайып жылай білесің бе?» деген сұраққа берген жауабындағы: 

Мен де адаммын жаралған  сүйек, еттен,

Менде де ой бар, сезім  бар жан тербеткен 

Жүрегім менің қиыршық тас емес қой­ 

Қуаныштарым бар, қайғыларым бар мені де еңіреткен­деген өлең жолдары Рымбала

Кенжебалақызының да жүрек сөзіндей болып тұратын сияқты. Нәзік жаны көтере алмас

өмірдің ауыртпашылығы сынға алса да мойымайтын жігерлілік танытып, өз мұңын жүрек

түкпіріне жасыратын. 

Ал замана өзгерістерін, оның қиынын да, қуанышын да халқымен бірге көрді. «Қанатымен

су сепкен қарлығаштай» шырылдай жүріп, небір қиын кезеңде өңірдің туған елінің, рухани

жүдемеуін, жандары жадау тартпай рухтары жоғары болуына қызмет етті. Үлкен

қызметтің басында жүрсе де, елінің­жерінің әр тасы мен тобылғысына дейін ойлай

жүретін. Сол жанашырлығы мен туған өлкеге деген махаббаттан болар, талай ізгі де игі­

лікті қадамдар жасай білді. Өйткені, әсем табиғаттың бел баласы болған Рымбала

Кенжебалақызы тамырын тереңге салған, жер анадан нәр алған кез келген жасыл ағаш неше

жерден кесілсе де, қайта бүр жарып, қайта гүлдейтінін білетін, ол жақсылыққа сенетін.

Сөйтіп, әр адамның, әр жансыз дүниенің бойынан жақсылықты көруге тырысатын. Оның

жаны өнерге жақын болуы, өнерді жүрегімен сүюі де тегін емес. Өзінің түсінуінше, «өнер

өмірдің шуағы, әр адамның жаны одан жылынып, мейірленеді, дүниеде қатыгездік азаяды».

Осылайша ол өзге елден, ұлылығы ешбір ұлттан кемімейтін қазақ ұлтынан оның ұл мен

қызынан тек ізгі жүректілікті, татулық пен ынтымақты тіледі. Өнер жолы арқылы

осыны дәлелдеуді мақсат етті. Осы жолда аянбай тер төкті, еңбек етті. Жерлесіміз, өз

елінің, Қарқаралыдай гүлстан, туған жерінің төл баласы, бел баласы, бүгінде Қазақстанның

еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Кенжебалақызы Омарбе­

кова мерейлі 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Өз еңбегімен ел арасында қадірі мен

құрметі артқан қоғам қайраткері деп мәртебесін көтерді. Осы жайында сырлы да сазды,

мәнді де мазмұнды әңгімелері мен өлең­жырлары, қанатты сөздері, облыстық,

республикалық баспасөз беттерінде жарық көрді. Оларды жинақтап, кітап қылып

шығарды. Ұлт та, ұлыс та әспеттеп, қалам тербеп жатқанда, туған өңірінің үнсіз

қалмасы анық. Өйткені, бір Рымбала апайдың жүрек түкпірінде сақталған қай қиырда

жүрсе де, аңсаған сағынышы боп қала беретін құпиясы, ең қымбат асылы алтын бесік ауылы

біз емеспіз бе? Ұлттың мүддесін, бүтін қазақтың қамын жеген ер азаматқа  лайық еңбек

еткен Рымбала апайдың боркеміктік танытып, «өзімнің елім, жерім» деп елжірей

бермеуінің өзі заңдылық емес пе.

Қарапайымдылығынан танбаған Р.Кенжебалақызына  жақсы бір шырайлы әңгіменің сәтіне

уақыт бөлгеніне ризашылығымызды білдірдік. Бәрі алақандағыдай, еңбек жолы, өмір жолы

бұқараға таныс. Баспасөз бетінде сайрап тұр. Біз басқа қырынан тыңға түрен салғандай

өзгеше көрсетуге тырыстық. Ол Рымбала апамыздың жүрек түкпірінде мәңгілік боп

сақталған құпия қымбат қазынасының бір бөлігін сыр қылып ақтаруын тілеген едік. Ол

ашылғандай болды. Ол­ең қымбаты, жүрегіне жасырған асылы, туған­өскен жеріне деген

шүбәсіз пәк махаббаты мен сүйіспеншілігі еді.

Дархан дала хош иісі жетелейді белдерге, басылмайды­ау саған деген сағынышым...

Шақырады балғын шақтар, балдәуренім, базарым... деп нәзік жанын тербеген, кең жүрегінен

толғаған ән жолдарын үзік­үзік жырлап тұрған өз жерінің адал перзенті Рымбала

Кенжебалақызының тау қызындай келбетті тұлғасы, жыр мен сырға, тарих пен тағлымға

тұнып тұрды. Біз  Р.Кенжебалақызы бүгінде өзі басшылық ететін «Сарыжайлау» киноте­

атрынан шыға берісте киімдерін іліп, әдеміленіп­таранып, бір­бірімен қауышып жатқан

қария аналар мен ақсақалдарды көріп, таңдана сұрағанымызда, бұл кісілер әр сәрсенбі сайын

осында тегін киносеанс көруге жан­жақтан жиналады, Қарағанды маңайындағы Абай, Саран,

Шахтинск, тағы басқа қалалардан келеді. Киноларын көреді, сеанстан шыққан соң да­

старханда дәм ішіп әңгіме дүкен құрып қайтатынын білдік. Бұл да Р.Кенжебалақызының

қайырымдылық жұмыстарының бір қыры. Біз Орталық Қазақстанның өнер мен мәдениет

көшін бастап, асудан асырған Р.Кенжебалақызының жаңа бір көштің керуенін жолға

салғанын түсіндік. Халық игілігіне қызмет ететін бұл жаңа көшке сәт­сапар, абырой мен

мәртебе биігін тіледік. Тек, қандай көштің басында жүрсе де, «Сағынышым, салған әнім ­

алтын ұям ауылым» деп әке­шеше, ағайын­туыс, туған жерімен тұтаса тамыр жайып,

кіндік байлаған туған елінен Р.Кенжебалақызының жүрегі ажырамайтынына көзіміз жет­

кендей.

аяуда Қарқаралының тамаша перзенті Рымбала

Кенжебалақызының мерейтойы туралы хабарды

облыстық газеттен оқыдық. Туған жерінің туын би­

ікке көтерген көрнекті қайраткер туралы қанша

мадақ айтсақ та жарасымды. Әсіресе, Қарқаралының

экологиялық апат аймағына кіруіне Рымбала

Омарбекованың еңбегі зор. Әлі есімде 1990 жылдары

облыстық атқару комитетінде орынбасар болып қызмет істеп

жүрген Рымбала Кенжебалақызы Қарқаралы аймағын

экологиялық апат аймағына кіргізуге көп күш­қайрат

жұмсады. Сол жылдан Қазақстан жоғарғы советі

төрағасының орынбасары Зинаида Федотова (курстас досы)

арқылы осы мәселенің оңды шешілуіне қол жеткізді.

Қарқаралының экологиялық апат аймағына кіруі

нәтижесінде Қарқаралы Балқантау азаматтары 50­55 жастан

зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік алуы, тағы басқа көптеген

әлеуметтік жеңілдіктерін беруге ат салысқан Рымбала

Кенжебалақызының бұл еңбегін мен 2003 жылы жарық

көрген “Махаббат пен қиянат” атты естелік кітабымда жария

еткенмін. Осы мәселе бойынша 1990 жылдары Қарқаралы

өкілдері қатарында мен де Алматыға барған едім.

Иә, елге сіңірген еңбек ұмытылмайды. Қарқаралының өжет

қызы, қоғам қайраткері Рымбала Кенжебалақызының еңбегі

ерен екені даусыз.



Елім деп соққан жүрегі,

Қарқаралының түлегі,

Қайраткері, қадірлі

Өзіңді елің біледі.

Ар­намыстан жаралған,

Өзіңдей болсын әр адам.

Азаматтық өлшемі

Ерлікке мәңгі баланған.

]]]]Қарқаралы]]]]



65

Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ,

Қазақстанның мәдениет қайраткері.

Қарқаралының құрметті азаматы.



Қарқаралының сүйікті перзенті

Т

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста



]]]]Қарқаралы]]]]

66

Рымбек СМАҒҰЛОВ,



ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Мерейтой

ЗАМАНДАС КЕЛБЕТІ

Біздің Қайрекең жолдасымыз ең əуелі, зерек ақыл-ой мен қажымас қайраттың,

жылы жүректің иесі десек артық айтқандық емес.

Аңқылдаған ақкөңіл, мінезі жайдары, салдырлаған, əңгімешіл Қайрекеңді мен сонау

1980 жылдардың басында Қоянды ауылында қызмет атқара бастаған  кезінен ба-

стап білемін. Әлі есімде мұнтаздай таза, əдемі костюмі бойына жарасқан ұзын

бойлы, сері көңілді Қайрекең жайдары мінезімен, шебер əңгімешілігімен бірден бау-

рап алып еді.

Содан беріде қаншама жылдар сынаптай сырғып өте

шығыпты-ау.

Бүгін, міне, асқаралы 60-тың асуына табан іліктіріп

отырған Қайрекең туралы əңгіме өрбітпекпін.

Кешегі өткен орақ ауыз от тілді дара, дана би - шешен

бабалардан қалған ұрпақты асылдың сынығы деп жата-

мыз. Сондай қасиетті аталардың тұяқтарынының бipі -

Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышев. Қаздауысты Қазыбек

бидің Қазымбет деген баласынан Жанай, одан Көрпебай,

Көрпебайдан Тоқыш туған, одан Ахметбек. Сонда

Қайыржан бабамыздың тікелей жетінші ұрпағы болып

шығады. Осындай текті тұқымнан тараған оның жа-

сында оқуға зерек, кейін білімді маман, қызметінде абы-

ройлы басшы болуы заңды еді. Аузымен құс тістеген

аталарындай болмаса да, соларға ұқсап баққаны анық.

Оны Қайыржанның өмір жолына көз жүгірткенде байқауға

болады.

Бүгiн 60 жасқа толып отырған Қайыржан Ахметбекұлы

қазіргі Бұқар жырау ауданындағы Аюлы ауылында дүниеге келген. Бұл - бұрынғы Бу-

дённый атындағы шаруашылықтың үлкен бip бөлімшесі, сол кезде жүзден астам

отбасы тұратын таза қазақ ауылы болған. Қайыржан 1961 жылы бірінші сыныпқа

барғанда ауылда сегіз жылдық қазақша орталау мектебі бар-тын. Keлeci жылы

қазақ мектебі жабылып, бастауыш орыс мектебі ашылады да, балалар орысша біл-

мегендіктен, қайтадан бipiншi сыныпқа кабылданады. Осы кезең қазақ мектепте-

рін жаппай жауып жатқан уақыт болатын. Дəл осындай қыңыр саясаттың

қырсығынан осы ауылдың талай қазақ баласы орыс тілін толық меңгере

алмағандықтан жоғары сыныптарда оқуын тастап кетуге мəжбүр болды. Өз туған

ауылында мектеп болмағандықтан  орта мектепті Қалкен, Нықыш ағаларының,

Рымкүл апасының үйлерінде, одан кейін Буденный орта мектебінің жанындағы ин-

тернатта оқып, үздік бітіреді. 

Қайыржан 1972 жылы Қарағанды политехникалық институтына жол-көлік фа-

культетіне оқуға түседі. Мұнда жүргенде де оқуды үздік оқып, активистер

қатарында болды. 

Сөйтіп, жоғары оқу орнында жүргенде-ақ шыңдалып, жақсы бағыт-бағдар алды.

Институттағы курстас азаматтарымен қарым-қатынасы үзілмеген. Оған дəлел,

Қарағандылық достарын бұлай қойғанда, Қостанай облысы Лисаковск қаласында

тұратын Болат-Назыммен отбасылық дос болып, алыста болса да үнемі қарым-

қатынаста. 

1977 жылы институтты инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, сол кез-

дегі Егіндібұлақ ауданының «Қоянды» совхозына жолдамамен қызметке келді. Ол

уақытта оқу бітіргендер қалада немесе қала маңында қалуға тырысады ғой. Оның

үстіне Қайыржанның туыстары Бұқар жырау ауданында болатын. Алыс ауылға

кетуінің себебін сұрағанымызда ол:

- Біздің əкеміздің туған жері Едірей ауылы. Әpi Қазымбет атамыздың қыстауы

Үшқара, Айрық деген жерде ғой. Әкем қайтыс боларының алдында қатты тапсы-

рып «Біздің жеріміз Егіндібұлақ жақта, кейін естеріңді жиған соң сол жаққа

қайтыңдар» деп өсиет айтып кеткен еді. Сол сөз ойымда қалып, Егіндібұлаққа жол-

]]]]Қарқаралы]]]]

67

дама алдым. Бірақ оныма өкінбеймін. Қаншама өмір көрдім, қызмет істедім. Ауылдың

тағы бір маған бергені - қазақ тілін жетік меңгердім. Сол уақыттың өзінде

Егіндібұлақ ауданында барлық жиналыстар қазақша өтіп, ic қағаздары қазақша

жүргізілетін. Сондықтан елге барып қызмет icтегенді мақтан етемін, - дейді.

Әкесі Ахметбек 1904 жылы туып 1970 жылы өмірден өткен қарапайым, момын,

діндар, ораза-намазын үзбеген адам болған. Әкесінің өмір сүрген жылдары

азаматтық соғыс, кəмпеске, ашаршылық, Ұлы Отан  соғысы, тың игеру жылда-

рына дəл келіп, басынан талай қиындықтарды кешірген. Шахтада, колхозда да, сов-

хозда да жұмыс істеген, хат танитын, есеп жүргізетін қабілеті болғандықтан,

совхоз, бөлімшенің шаруашылықтың меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

Бip айта кететін жай, Қайыржан əкесі Ахметбек марқұм болғанда бар-жоғы 16

жаста екен. Оңы мен солын жаңа таныған уакытында əкеден ерте айырылғанымен

анасы Тиышбала, ағасы Қайрат пен жеңгесі Айтжанның, апасы Рымкүл мен жездесі

Қайраттың арқасында жетімдік көрген жоқ. Үйдің үлкені болғандықтан Қайрат

оқуды тастап, жасынан еңбекке араласып, шаруашылықтағы атақты

механизаторлардың бipi болды.  Анасы өмір бойы қара жұмыста болып, 93 жас

жасап, балаларының, немерелерінің қызығын көріп, шөберелерін де искеген еді.

Әлқисса, Қайрекеңнің еңбек жолы «Қоянды» совхозында «К-700» тракторлар бри-

гадасында мастер-наладчик болып бастады. Одан кейін МТМ меңгерушісі болды.

Содан 1978 жылдан 1985 жылға дейін ceгіз жылдан астам бас инженер болып

қызмет атқарды. Ол уақытта «Қоянды» шаруашылығында 239 мың гектар жері

бар, екі табын жылқы, 10 мыңға жуық ipi қара, 25-30 мыңға жуық қой өсіретін, 16

мың гектарға егін егетін, жүздеген трактор, комбайн, автомашина паркі болған.

Жас маман Қ.Тоқышев совхоздың бас инженері ретінде техникалық жаңалықтарды

өндіріске енгізуде бір кісідей еңбек сіңірді.

Бас инженер болып қызмет істеп жүрген кезінде 1981-1982 жылдары аудандық пар-

тия комитеті бюросының ұсынуымен 6 айлық Целиноград ауылшаруашылық ин-

ститутында совхоз директорларын дайындайтын курстан өткен болатын. 

1985-1989 жылдар аралығында 4 жылдай совхоз партия ұйымын басқарып,

басшылық қызметтің алғашқы баспалдағына қадам басты. 

1989-1991 жылдары Егіндібұлақ аудандық халықтық бақылау комитетінің

төрағасы болды. Осы жылдарда басшылық тəжірибе жинақтады, аудандық партия

комитетінің бюро мүшесі, халық депутаттары Егіндібұлақ аудандық кеңестің де-

путаты, аудандық атқару комитетінің мүшесі болды. 

Ал, 1991 жылдың наурызынан 2000 жылдың наурызына дейін Егіндібұлақ атқару

комитеті төрағасының орынбасары, аудан əкімінің орынбасары, Қазыбек би ауданы

тарағаннан кейін Қарқаралы ауданы əкімінің бірінші орынбасары қызметтерін

атқарды. 

Қайрекеңнің өмір жолындағы мына бip оқиғаны ерекше айтпасқа болмайды. 1994

жылы Егіндібұлақ селосында Қаздауысты Қазыбек би бабамызға ескерткіш орнату

ici қолға алынған болатын. Сол кездегі аудан əкімі Мұрат Шəуенұлы Нұрақышевтың

тапсырмасымен Қайыржан Ахметбекұлы тікелей осы жұмыспен айналысты.

Ескерткіштің қағаздағы жобасынан бастап, орнатылғанша осы істің басы-қасында

болды. Ел азаматтарымен бірге жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп, елден,

аудан-ауданнан, тіпті басқа облыстардан қаражат жинауға үлес қосты. Сонау Таш-

кент қаласынан мəрмəр тас, Теміртаудан плита мен шарбақ, Ақтаудан цемент,

Павлодар облысынан тақтай сияқты қыруар материалдар тасымалданды.

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауийдің кесенесіндегі бабамыздың қамырынан бip

уыс топырақ əкелініп, қасиетті ескерткіштің ipгe тасының астына салынды. Ел

азаматтарының еңбегінің арқасында 1995 жылы шілденің 8-i күні еңселі ескерткіш

салтанатты түрде ашылды. Балқантау, Қарқаралы, Талды өңірінің, жалпы

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтарының еңбегі мен көмегінің арқасында

Қазыбек би бабамыздың ескерткіші 8-ақ айдың ішінде орнатылды. 

Қайыржан Ахметбекұлы аудан əкімінің орынбасары болып қызмет істеген

тоқсаныншы жылдар нағыз ауыр шақ болды. Еліміз енді ғана егемендік алған тұста

түсініксіз жағдайлар көп еді. Ауылда жарық бip жанып, бip сөніп, отын-су тапшы

болып, жалақы мен зейнетақы уакытында төленбеді. Бұрын болмаған жекешелен-

діру басталып, көп кəсіпорындар тоқтап калды. Жоқтан бар жасап, дизель электр

станцияларын жинақтап, орталықтандырылған үлкен жылу жүйелерінің орнына

бюджеттік мекемелерге шағын қазандықтар орнатылды. Қарқаралы, Талды,

Қазыбек би (Егіндібұлақ) аудандары қосылып, жұмыс сұраған халық олай-бұлай

шұбырған шақ. Қыста қар аршитын техника жетіспеді, жазда құрғақшылық болып,

дала мен орманды өрт жалмады. Оның үстіне «Протон» ракетасы құлады. Міне,

осының бəpi айтуға ғана жеңіл. Осындай қысылтаяң шақта аудан басшылары

]]]]Қарқаралы]]]]

68

қажымай жұмыс істеді. Солардың ішінде Қ.Тоқышев та болды. Ол өндіріс, құрылыс,

коммуналдық шаруашылық сұрақтарына тікелей жауап беретін.

Қайыржан Ахметбекұлы 2000 жылы наурыз айында Қарағанды қаласына ауысып,

сол кезде жаңа құрылған республикалық мемлекеттік қызмет icтepi жөніндегі

агенттіктің облыс бойынша басқарма бастығының орынбасары қызметіне

тағайындалды. 

Өз білімін жетілдіруге де көңіл бөліп отырды. 2004 жылы Қарағанды

Экономикалық Университетін үздік бітіріп, заңгер мамандығын да игеріп шықты.

2011 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы - Қарағанды

облысындағы тəртіптік кеңестің төрағасы болып тағайындалды. 

2013 жылы «А» корпусын  қалыптастырудағы кадр саясаты жөніндегі Ұлттық

комиссия шешімімен резервке тіркеліп, өз қызметіне қайта тағайындалды. Қазіргі

таңда, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының

жүзеге асырылған 2000 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік

қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруда біршама еңбек

етіп келе жатқан білгір  басшы ретінде ел - жұртқа танымал.

Мемлекеттік қызметтегі көп жылғы еңбегі еленіп, «Ерен еңбегі үшін» медалімен

марапатталған.

Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін «Нұр Отан» партиясының

XV сьезіне делегат болды.

Қайыржан Ахметбекұлы қызметте ғана табысты емес, отбасында да үлгілі

отағасы. Жұбайы Айман екеуі 1978 жылы отау тігіп, бес бала, бүгінгі күні алты

немере-жиен тəрбиелеп келеді. Балаларының төртеуі жоғары білімді инженер ма-

мандар, кенжелері Евразия Ұлттық Университетінде студент.  Осы жерде

Қайрекең жолдасымның Айман замандасымызбен қалай үйленгені жайлы шағын

сырды айта кеткенім орынды болмақ. Жаңа оқу бітіріп келген  жас жігіт, совхоздың

бас инженері, бүкіл техника қолында. Айман Шоқай деген бөлімшеде бухгалтер

болып қызмет істейді. 1978 жылдың қысы қатты болып жол аршу үлкен

машақатқа айналды. Шоқай бөлімшесі орталықтан 35 шақырым жерде. Содан

Қайрекең Айманға барудың жолын тауып ДТ-75 тракторына отырып алып

Шоқайға бір-ақ тартатын болды. Ауылға барғанда ол тракторды өшіруге бол-

майды. Өшіп қалса қайта от алмай қалуы мүмкін. Қайрекең келгенін бүкіл ауыл біліп

отырады. Ауылдың жастары болашақ жезделерін асыға күтіп жүреді. Өйткені

орталыққа жете алмай жүргендер Қайрекең келгенде қатты қуанып қайтарда

бірге қайтады.

Осы келіс қыстай қайталана бергеннен кейін бір күні Айманның əкесі қызын

шақырып алып айналайын, анау Қайыржан  баламмен сөздерің жарасса рұхсат.

Әйтпесе ана бала трактормен екі ортада шапқылап жүргенде бір күні далада

қалып үсіп қалып жүрер. Айналайын барсаң бар деген екен. Сөйтіп Қайрекең жол-

дасым осылай үйленген еді. Бұл жалғанда қызға ДТ-75 тракторымен барған екі

адам болса соның бірі Қайрекең шығар деп ойлаймын. Нағыз махаббат дегенің осы

емес пе?

Қайрекең алла қосқан астаналық, қарағандылық құдалармен де сыйлас, сырлас.      

Бүгінде ол тек қана өз отбасының басшысы ғана емес, бүкіл Тоқыш атасынан

тараған əулеттің басшысы, ақылшы-тірегі, ағайын-туыс, дос-жаранға қадірлі жан-

жақты азамат десек артық айтпас едік. Лайым еңбегің жемісті, несібең жоғары

болсын!

Сөзімізді ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңімен қорытындылағым келеді.

Бұл өлең Қайрекеңе берілген мінездеме десек артық айтқандық емес. 

Мөлдірлікке ат басын бұрып барған,

Бір жақсылық күтеді ол тұнық таңнан,

Жаман пиғыл тоспайды ешкімнен де,

Ешкімнен де сыры жоқ бүгіп қалған.

Езуінен жиылмай күлкі керім,

Осылай-ақ күн кешсін, шіркін ерің.

Мылтық кезеп сен оған тұрар болсаң

Ойнап тұр деп ойлауы мүмкін оның...

Міне, замандас келбеті осындай.

азақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Зейнел

Борамбайұлы ұзақ жылдар бойы Егіндібұлақ орта

мектебінде мұғалім болған. Зекеңнің алдын көріп, дәріс алған шәкірттері

оның ұшан­теңіз білімді, кең парасатты ақыл­ой иесі, кісілігі мол азамат ретіндегі

бейнесін осы уақытқа дейін тебірене еске алады. Сол шәкірттерінің бірі профессор

Зарқын Тайшыбай Зейнел марқұмның артында қалған қағаздарын зерттеп,

сұрыптап, биыл кітап етіп бастырып шығарды. Төменде осы кітаптан алынған

кейбір материалдарды оқырман назарына ұсынып отырмыз. «Жақсының аты,

ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығының бір мысалы осындай. 


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал