№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]


Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

57

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

мазақтайтын болды. Шынында да, Р.Омарбекованың жұмыс стилі, ыждаһатты

жауапкершілігі, бар мүмкіндікті пайдалана білуі, әсіресе, ұйымдастыру

қабілетінің мықтылығы өзінің нәтижесін көрсете білді.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Қарағанды, Теміртау қалаларына облыс еңбекшілерімен кездесуге келгенде,

ашық стадионда көрсетілген мәдени іс-шаралар Астана мен Алматыда

өткізілген  шаралардан артық  болмаса кем емес. Арнайы еліміздегі ең

таңдаулы қоюшы-режиссерларды шақыртып, 1500-2000-нан астам

қатысушыларды іріктеп тауып, оларды әкеліп-апарып тұратын көлікпен

қамтамасыз етіп, керекті құрал-жабдықтарын, киетін костюмдерін уақытында

дайындаттарып, ешқандай  кедергісіз,  мүлтіксіз бәрімен жабдықтау үлкен

күш-қуатты, мардымды жігерді, қайтпас қайратты керек етеді.  Соның бәрін

оймен шешіп, жүрек жылуын әркімге жеткізіп, басынан аяғына дейін шыңына

жеткізе  білу, тек қана елін қалтқысыз сүйген, қызметіне адал, Отанына шек-

сіз берілген адам ғана істей  алады. Немқұрайлы, уақыт өткізумен қызмет ор-

нынан айырылып қалғысы келмей, есеппен жүрген  адам еш уақытта еңбек

жемісінің биік нәтижесіне жете алмайды. Омарбекова биік шыңға  жетті. Жет-

кізген Еліне, Отанына, халқына деген адал махаббаты! Рымбала Омарбекова

бақытты! Бақыты тынымсыз еңбегінің мәуелі жемісі. Республика көлемінде

Қарағанды облысының өнерімен  мәдениетінің алдыңғы қатарда болуы, өнер

ордаларының сан жағынан да, сапа жағынан да  Астана мен Алматыдан ке-

йінгі орын алуы, облыста өнермен мәдениеттің тұтқасын ұстаған басшының

ұшан-теңіз еңбегінің, терең білімінің жемісі екені ақиқат.

Рымбала Кенжебалақызының ең басты көрегендігі-мамандар таңдай білуінде.

Облыстағы өнер мен мәдениет ұжымдарының басты аппарат мүшелерін

байқап қарасаңыз, бәрі дерлік өз  орнында. Білімді, қызметтеріне сай,

ұйымдастыру қабілеттері ерен. Республикалық дәрежедегі  қандай да күрделі

іс-шараларды тез меңгеріп, алып шығатын қабілетті жандар. Концерттік

бірлестіктің бас директоры Т.Ыдырысов, академиялық музыкалық комедия

театрының директоры А.Ыбыраев, облыстық орыс драма театрының дирек-

торы Ж.Әбілтаев, Жезқазған қазақ музыкалық  драма таетрында Д.Жанбо-

таев, Теміртау  балалар мен жасөспірімдер театрының директоры

В.Дроздецкий, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры

К.Сүлейменова, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының ди-

ректоры С.Бекболатов (жаңадан келсе де кезінде осы театрда қызмет

атқарған) өз істерінің білікті мамандары.

Ал мұражай, кітапхана, мәдениет үйлері мен аудандық мәдениет бөлімдерінің

меңгерушілері  өте сәтті тағайындалған қызметкерлер. Алды 20-25 жылдай бір

орында елеулі еңбек етіп, өсіп келе жатқан іскер басшылар.

Рымбала Кенжебалақызы еңбек еткен жылдар ішінде Тәттімбет атындағы

академикалық халық аспаптар оркестрі, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі,

«Аққу» хореографиялық би  ансамблі, т.б. шаңырағын көтеріп, бүгінгі таңда

республикамызға белгілі өнер ұжымдары.

Қалалар мен аудандарда қаншама жеткіншектер би ансамбльдері құрылып

халықаралық, республикалық фестивальдерде жүлдемен оралып жүр. «Шол-

пан», «Балдәурен», «Аяла», «Аңыз», «Қуаныш», «Шашу», «Нұрсәулем-ай», т.б. ба-

лалар би ансамбльдері біздің облыстың ғана емес еліміздің мақтанышы болып

отырғаны, Рымбала Омарбекованың мәдениет басқармасының  басшысы ре-

тінде үлкен қамқорлығы екені даусыз.

Рымбала Омарбекованың  іскерлік бастамасымен жас таланттарды қолдау,

іздеп тауып қанаттандыру үшін облысымызда көптеген тың фестивальдер

қанат қақты. «Еркетай», «Жаңа есімдер», «Арқа аруы», «Ардагерлер ән салады»,

«Қарттарым, асыл қазынам», «Жас қанат», «Жан шуағы», ұлттар мәдениеті және

үрмелі сазды аспаптар фестивалі, «Жұлдыз» эстрада әншілерінің конкурсы,

«Театр балалар әлемінде» т.б. конкурс-фестивальдері дүниеге келіп, жылдан-

жылға кең қанат жайып келеді. 

Республикамыздан  тыс көптеген шетел мемлекеттерінің қатысуға ниет біл-

діріп жүрген «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалі бүгінгі таңда әлемге

танымал айтулы өнер мерекесіне  айналған. Қарағандылықтар жылда күз

айында асыға күтетін Ресей, Корея, Германия, Балтық  жағалуы елдерінің өнер



]]]]Қарқаралы]]]]

58

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

жұлдыздары жерлестерімізді өз шеберліктерімен тәнтті етіп, қуанышқа

бөлесе, бұл бастамалар да Рымбала Кенжебалақызының идеясымен, тікелей

басшылығымен  өмірге келген үлкен абыройлы іс-шаралардың бірі. Әлемге

әйгілі «Турецкий хоры», Ресейдің атақты «ХХІ ғасырдың тенорлары» және

И.Кобзон, Л.Лещенко, сондай-ақ қазақтың айтулы өнер жұлдыздары

Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, Р.Рымбаева, М.Жүнісовалардың қатысуы, фестиваль

дәрежесінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетсе керек.

Бүгінгі таңда республикамыздың түкпір-түкпіріндегі өнерпаздар асыға

күтетін ірі өнер жарыстары-Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндер мен

Тәттімбет атындағы күйшілердің конкурстары талай жас таланттардың бағын

ашып, өнер көгіне қалықтауына жол бағыт сілтеді. Кеңес үкіметі тарқап, әр

мемлекет өзіне-өзі ие болып қалған өліара кезеңде экономикамен қатар

құлдырау руханиет әлеміне, мәдениет саласына да үлкен әсерін тигізбей

қоймады. Әсіресе, аудандар мен ауылдағы кітапханалар жаппай жабылып,

рухани қазынамыз талан-таражға түскен сәтте Рымбала Омарбекова үлкен

көрегендік жасады. Жергілікті басшылармен келісе отыра клубтан, болмаса

кеңсе ішінен бір бөлме тауып кітапханашылардың еңбек ақысын ең

болмағанда  0,5% тіптен кейбіреуін 0,25%-ға келістіріп, өздері сыпырушы, от

жағушы болып жүріп, кітапханаларды сақтап қалды. Тәуелсіздік алған тұста

мәдени мұраларымызды қайта  жандандырайық деген кезеңде біздің облы-

сымыз кітапханалары мен кітап қоры жөнінен республика бойынша алдыңғы

қатарда тұрды. Елімізде тұңғыш рет  «Қарағанды-кітапханашылар  астанасы»

атымен кітапханашылардың республикалық форумының Қарағандыда

өткізілуі,  Рымбала Кенжебалақызының оң саяси көзқарасының лайықты

көрсеткіші екені даусыз.  Рекеңнің  өміріндегі ең айтулы еңбегінің жемісі,

жарты ғасырдан астам өз шаңырағы болмаған, біреуге  кіріптар болып жүрген

С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрына республикада

теңдесі жоқ ғаламат ғимарат салып беруге күш жұмсағанында. Ұлтының

өнерін сүйетіндігі, халық алдындағы азаматтық парызын сезетіндігі сонша,

әрбір сайлау алдында, үміткер депутаттармен  кездесу кезінде қазақ театрын

салуға ұсыныс  жасатып, сұрау салғызатын.  Үміткерлермен кездесу  алдында

театрдың белді актерлеріне, қаламыздағы абыройлы ірі ғалымдарға, жергілікті

жазушылардың естеріне салып, қазақ театрының ғимаратын салуды үміткер

депутаттар алдында  сұрауды үлкен мәселе етіп қоюын өтінетін. Ақыры

табандылығының арқасында мақсатына жетті.  Алғаш театр орнын таңдаудан

бастап, қанша шығын кететіндігін есептетіп, архитектуралық жобаны

таңдаудың ішінде болып, үлкен жұмыстар істеді. Құрылысы басталған кезде

күндіз-түні  басында болып, біткен кезде Тұңғыш Президентіміз

Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты  түрде ашылуының жоғары

дәрежеде өтуіне үлкен еңбек сіңірді.  Омарбекова осындай қиын да  күрделі

жұмыстарға халық үшін қажетті істерге белсене кіріседі. Өйткені, еңбегінің

жемісі келешек ұрпаққа мәңгілік мұра екенін біледі. Алдындағы таудай ке-

дергілерден алып шығатын  қайсарлығымен алдаспандай жарқыраған ұлттық

намысы. Кейбір ағаларда жоқ қасиет, апайдың  бойынан әрдайым табылады.

Ұлтына, еліне деген шексіз сүйіспеншілігі Рымбала  Кенжебалақызының

жұлдызын жарқыратып, мәдениет қызметкерлерінің арасынан суырылып «елі-

міздегі мәдениетіміздің Ұлпаны» деген дәрежеге жеткізеді. /Мемлекеттік

сыйлықтың лауреаты, профессор Ә.Сығай/. Өйткені, халқымызда қазақтың

намысшыл арулары қол бастап талай майдан даласында ерлік көрсетіп,

шайқастарда жеңістерге жетіп, жауын мойындатқаны тарихтан белгілі. То-

мирис, Зарина патшайымдар, Домалақ ана, Айша бибі, Қарқабат

аналарымыздың, Мәншүк, Әлия апаларымыздың сарқытындай еңбек майда-

нында Тәуелсіз қазақ елінің көркеюі үшін көш бастаған Ару апаларымыздың

бірі Рымбала Кенжебалақызы. Бала жасынан көркем  табиғаттың аясында

тәрбиеленеді. Әкесі Кенжебала орманшы болған соң Қарқаралы тауының  ете-

гінде, Қарағайлы орманының ортасында, сұлу табиғаттың бесігінде тербеліп,

саф ауасынан  қуат алып, көкмайса шөптеріне аунап еркін өсті. Бала қиялы

Қарқаралы шыңдарынан асып, бауырлап келген ақша бұлттармен жүзіп ке-

тетін. Құлпырған гүлдерден жасаған веногін басына киіп алып, ән салғанды



]]]]Қарқаралы]]]]

59

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

ұнататын. Бала дауысы бұлақтың сылдырымен, жапырақтың сыбдырымен

желдің гуілімен, құстардың салған үндерімен жарасым тауып, табиғат симфо-

ниясымен үндесіп, бала жүрегін қуанышқа бөлейтін. Жазғы каникул кезінде

табиғат ортасына жеткенше асығатын. Есейе келе қатпар тастардың үстінде

отырып, кітап оқығанды ерекше жақсы көретін. Кітапқа деген  құмарлығы

мектеп бітірген соң, Қарағанды педагогикалық институтының филология фа-

культетіне алып келді. Институтты ойдағыдай бітірген соң туған жеріне келіп,

сол кездегі «Киргизия» /қазіргі Бүркітті ауылы/ совхозының орта мектебіне

орыс әдебиеті мен тілінен мұғалім болып орналасты. Аз уақыттан кейін аудан

орталығындағы өзі оқыған №2 орыс орта мектебіне ауысты.  Жас маманның

іскерлігін, ұйымдастыру қабілетін байқаған аудан комсомол жастары

аудандық комсомол комитетіне хатшы етіп сайлады. Жастардың аудандағы

жұмыстары өрге өрлегенін  көрген облыс комсомол комитеті өздеріне жұмысқа

шақыртып алды. Ол кездегі идеологиялық  жұмыс өте мардымды әрі алдыңғы

сапта болуды қажет ететін. Сондықтан да Қарқаралы ауданы партия

комитетінің идеология жөніндегі хатшылығына талапшыл, іскер, білімді, алғыр

Рымбала Омарбекованы тағайындайды.

Жұмысқа деген белсенділігін, еңбекшілерге деген айрықша көзқарасын,

жастардың бойындағы отансүйгіштікке деген қабілетін арттырудағы орасан

еңбегін бағалаған облыстық партия комитеті болашағына жол ашып, еліне

ерекше еңбек ету үшін әлі де оқу керектігін ескеріп, Мәскеудегі Орталық Ко-

митет жанындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасына

оқуға жібереді. Оқуын өте жақсы бітіріп «тарих ғылымдарының кандидаты»

атағын қорғап, диплом алып шығады. Білімі іскерлігіне сай, өжетті-алғыр

жасты облыстық партия комитетіне жұмысқа  қабылдайды. Анасының маған

театрға келгендегі мақтанышпен айтатын Римасы осы Рымбала

Кенжебалақызы екенін кейін білдім. Тағдыр жазып 1985 жылдан 26 жыл бойы

қол астында өнердің бір саласында еш өкініші жоқ, қайта айтар мақтанышы

көп, нәтижелі қызмет істедім.

Омарбекованың өз идеясынан қайтпайтын қайсарлығы, жеңіске жетуге деген

құлшынысы, алған істі бітірмей тынбайтын ынтасы, құштарлығы, «мақтаса

шалқаймайтын, кіріптар болып еңкеймейтін» емен мінезі бәрі-табиғи. Өйткені,

адам табиғаттың бел баласы. Қарқаралы қазақтың қасиетті, құтты мекені.

Табиғатына сай адамдарды да ерен. Қазақтың айтулы ірі тұлғалары:

Қаздауысты Қазыбек, Мәди, Тәттімбет, кешегі өткен Қалибек Қуанышбаев,

әнші  Жүсіпбек Елебеков, Шолпан Жандарбековалардың  кіндік қаны осы

өңірде тамған. Пір тұтар қасиетті өлке. Осындай құдыретті өңірде өмірге кел-

ген Омарбекованың Отаншыл болмасқа,  намысын қайрамасқа, ұлтын

сүймеске еш шарасы жоқ. Өйткені, табиғаттан еш ажырамайды. Алыстаса

сағынады, жақын келсе сырласады. Бір-біріне қуат беріп, жігерлендіреді!

Рымбала Омарбекованың ерекше жақсы қасиеттерінің бірі-тың, өміршең

идеяларды қатты қолдайды. Москвада ұзақ уақыт емделіп жатқанымда

бұқаралық ақпарат құралдарынан Москва қаласында балаларға арналған

спектакльдердің «Дети и театр» байқауы өткізіліп жатқанын оқыдым.

Күнделікті газеттерден шолу жасап керектерін жазып алдым. Елге қайтарда

әдейі Ресей театр қайраткерлері одағындағы ұйымдастырушылар

комиссиясының бір мүшесімен сөйлесіп,  қаулысының көшірмесін алдым.

Қарағандыға келген соң өзіміздегі кәсіби 5 театрмен аудандық  халық театр-

ларын қосып «Театр балалар әлемінде» деген фестиваль өткізуге болатынын

айтып  өз ұсынысымды білдірдім. Москвадан айырмасы қазылар алқасы ба-

лалар, мектеп оқушылары  әсіресе, драма үйірмелеріне қатысатын өнерден ха-

бары бар оқушылар болуын өтіндім. Жазып  алып, айтқан ұсынысымды апай

бірден қолдады. Міне, содан бері  жылда көктем айында өтіп  тұрады. Сол

фестивальдің әсері мектеп-лицейлерден драма үйірмелері көптеп ашылып, фе-

стивальге қатысуға құлшыныс білдіріп жатады. Бұл да Рымбала

Омарбекованың мектеп жасындағы бүлдіршіндерді өнермен табыстырудағы

көрегендік қолғабысы.

Егер Қарағанды қаласының көшелерімен жүріп өтсеңіз, қала үйлерінің

маңдайшаларына ілінген өнер адамдарының бір кезде сол үйде тұрғанын еске



]]]]Қарқаралы]]]]

60

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

салатын ескерткіш тақталарды көрсеңіз, бұл да Рымбала Кенжебалақызының

бастамасымен, театрдың 70 жылдығы қарсаңында орнатылған тақталар.

Ашылуына Алматыдан профессорлар Б.Құндақбаев, Ә.Сығай, М.Байсеркенов,

К.Ахметжанов, Д.Исабеков сынды өнер мен әдебиеттің ірі тұлғалары келіп

қатысқан айтулы іс-шаралардың бірі. Айта берсек, тізе берсек атқарылған

мардымды істер аз  емес. Республикадағы облыс орталықтары ішінде кәсіби

театрлары, цирк-концерттік бірлестігіндегі Тәттімбет атындағы халық аспап-

тар оркестрі,  джаз, симфониялық оркестрлер, «Арқа сазы» фольклордық ан-

самблі, «Аққу» хореографиялық би ансамблі бәрі де шет елдерде қазақ өнерін

асқақтатып, мойындатып жүрген айтулы өнер ұжымдары. Олардың шыққан

биігіне қарасаңыз, жаңа биікті бағындыруға мүмкіндік беретін тұралап қалған

кемшіліктерін уақытында жойып, ұжымның ауызбірлікте жұмыс істеуіне

қамқор болатын, облыстық Мәдениет басқармасының тікелей міндеті екенін

жүрегімен сезетін Рымбала Кенжебалақызы әрдайым  ұжымдардың орта-

сында. Тәуелсіздік алған жылдары әр облыстарда қазақ театрлары шаңырақ

көтеріп, біздің қазақ театрының көреген артистері Астана, Қостанай, Павло-

дар қалаларына кетіп  театр әжептәуір әлсіреп қалды. Сол кезде театрдың

қайта өрлеуіне Рымбала Кенжебалақызы  тікелей өзі бас болып, театрдың

аяғынан тік тұрып кетуіне үлкен еңбек етті. Көркемдік жетекшілікке  талантты

ресжиссер Ә.Оразбековті Талдықорған театрынан шақыртып алып, бар

жағдайын жасап,  кетіп қалған көптеген талантты артистерді қайтіп келуіне

көп ықпал жасады. Өнер колледжі  актерлер дайындайтын факультеттер

ашқызып, жас таланттармен театр ұжымын  толықтырды.  Апайдың бір ерек-

шелігі әркімді аты-жөнін ғана біліп қоймайды, отбасын, кімнің жолдасы кім

екенін  қайда істейтінін біліп, хал-жағдайларын сұрап, керек кезінде көмегін

аямайды. Әрдайым өнер мәдениет адамдарының қамқоршысы. Кішіпейілді-

лік, парасаттылық, қамқорлық жасау Рымбала  Кенжебалақызы бойына біткен

асыл қасиеті. Сонысымен биік, сонысымен сыйлы. Әсіресе,  зейнеткерлікке

шыққан ардагерлерге көңілді ерекше бөледі. Қарттар күні қарсаңына әр

ұжымдағы  ардагерлерді үйлерінен арнайы көліктерімен алғызып, бастарын

қосып жастармен табыстырып таныстырып, ұрпақтар сабақтастығын үзбей

жалғастырып отырады. Кейбіреулері телефон соғып сұранысын өтеуге,

жағдайын жасауға ұсыныс береді.  Өмірден озса өзі бас болып жүріп,  барлық

мәдениет  ұжымдарын біріктіріп, бар ауыртпашылығын көтеріп алады. Бұл

тектіліктің белгісі. Жетімін қалдырмаған, жесірін қаңғыртпаған кеңпейіл

халқымыздың сиреп бара жатқан асыл  мінезднерінің бірі. Қазақтың

жоғалғанын тауып, өзіне қайтарып беріп жүрген осындай асылдарымыз барда

ұлттық мінезіміз, салт-дәстүріміз, тіліміз қайта айналып соғатынына,

ұмытылмайтынына  сенгің келеді. Өйткені, бұтағы қиылғанмен тамыры

тереңде, жерден нәр алып қайта гүлдейтін жеміс ағашындай, халқымыз ес

жинар өткінші ағым өтер. Жақсылықтың шапағатын аңсаған жұрт

халқымыздың асыл мінездеріне бет бұрар. Бұрғызатын өзіне тартатын асыл

тұлғаларымыз аз емес. Анықтап, байқап қарасаңыз жақсылар көп. Тек со-

ларды көрмейміз. Өлгенде ғана жоқтаймыз. Ол сәт кеш, тым кеш Рымбала

Кенжебалақызы соның бәрін біледі. Білгендіктен «Таспен атқанды ас пен

атады». Бумерангтың қайта айналып өзіне келетінін физика заңынан жақсы

біледі. Білгендіктен жақсылықты мол жасайды. Түсінсе түсінер, түсінбесе өзі

білсін. Ең бастысы, тек ары таза. Ар тазалығы қай кезеңде болсын адамды

адамзат биігіне алып шығады. Құлатпайды.

Қарағанды өңірінде абыроймен ел басқарған ару аналар аз болған емес. Ке-

шегі Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда ер-азаматтардың жүгін арқалаған,

қазақ қыздарының еңбегі ерлік. Күндіз-түні жеңіс үшін аянбай тер төккен

Ф.Дәненова, кешегі күнгі совет-партия қызметкерлері болған Д.Әбдірахымова,

Г.Бектембаева сынды апаларының ісін адал жалғастырып, заманның

алмағайып кезеңінде дұрыс жол таңдай білген, тау басында ғана гүлдейтін

еңлікгүліндей еліне әдемілік сыйлай білген қоғам қайраткері Рымбала

Кенжебалақызы Омарбекованың ісі келер ұрпаққа әрдайым үлгі.



]]]]Қарқаралы]]]]

61

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

Әшірбек СЫҒАЙ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.

Ө н е р д і ң   Ұ Л П А Н Ы

Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова ханыммен жиырма жылдан астам таныспын.

Мемлекетіміздің мәдениетін көтеру жолында аянбай тер төгіп, оның жан­жақты да­

муына  өлшеусіз үлес қосып келе жатқан еңбекқор қыздарымыздың бірі. Руханият

саласында жетекшілік  міндет атқару сырт көзге оңай көрінгенімен, оның табиғатына

тереңдей ену, екі кісінің бірінің  қолынан келе бермес күрделі шаруа. Өнер, мәдениет

ұғымдарын сағат тілімен, пайыздық көрсеткіштермен айшықтау мүмкін емес десек,

оған ең бастысы­жүрек қалауы, жан жылуы, көңіл  сүйіспеншілігі, сана­сезім іңкәрлігі

ауадай қажет. Міне, осы қасиеттердің көбінің Рымбала бойынан  табыларын оны бі­

летін сырмінез жұртшылық жоққа шығармас деп ойлаймыз.

Орталық Қазақстанның рухни­әлеуметтік, мәдени­қоғамдық өмірін Рымбаласыз

көзге елестету жеңіл емес. Аталған өлке театрларының, концерттік ұжымдарының

саны, сапасы  жағынан республика деңгейіндегі алғашқы орындарды иеленері рас

болса, сөз жоқ, ол сол салаға жетекшілік етер іскер де қабілетті басшының үлесіндегі

бақыт.

Облыс көлеміндегі өмірі таусылмайтын өнер проблемаларын жедел шешіп таста­



уымен, республика дәрежесінде шешілуге тиіс сауалдарды Мәдениет министрлігінің

алдына сауатты қоя  білумен әркез ерекшеленер шебер ұйымдастырушы, елгезек те

бейнетқор, қағылез де қайратты, үлкенен де, кішімен де тіл таба кететін Рымбала

Омарбекованы дүйім көпшілік жақсы білетіні де сондықтан.

Ісіне адал да алғыр, керекті жерінде өзіндік ұстанымына берік, принципшіл, талап­

шыл Рымбала Кенжебалақызымен мәдениет саласында үздіксіз қызметтес болып

келе жатқан жылдарымда ешуақытта оның өз айтқанынан тайқып, алдына қойған

мақсаттарын орта жолда ұмытып, өзі атқаруға тиісті істерді аяқсыз қалдырған

сәттерін көрген де, естіген де емеспін. Шын мәнінде мәдениет жанашыры Рымбала өз

туған өлкесінің нағыз патриоты. Қарағандысына деген көңілі көл­көсір. Екі­ақ мысал

айта кетейін.

1984 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына озық өнер туындыларын ұсыну

науқаны басталды. Сондағы Рымбаланың белсенділігіне таң қалғаным бар. Ол кез­


]]]]Қарқаралы]]]]

62

дері Мәдениет министрлігінің театр, музыка саласын жетекшілік ететін орынбасары

қызметіндегі кезім.  Телефон да тыным жоқ. Өзінде де сабыр жоқ. Министрлікте де­

дамыл жоқ. Сондағы айтатыны «сыйлық біткенді Алматы ала бере ме? Облыс

өнерпаздарына қашан кезек тиеді?»

Бұл Рымбаланың қайсарлығы еді. Соның арқасында Қарағанды облыстық С.Сей­

фуллин атындағы қазақ драма театры сахнасында жарық көрген көрнекті драматург

Сәкен Жүнісовті  «Өліара» пьесасы бойынша қойылған спектакльдің режиссері

Е.Тәпенов, суретшісі М.Мақсұтов, актерлер К.Жұмабеков пен С.Қажымұратовтар

мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанды.

Сөйтіп, алғаш рет облыстық театр республикамыздың ең беделді сыйлығына ие

болған еді. Өкінішке орай, сол дәстүр әлі күнге дейін ешбір облыс өмірінде

қайталанбай келеді. Бұл  бір. Екіншісі, бертінде егемендікке ие болған, яғни,

тоқсаныншы жылдардың басында болған жәйт.

Рымбаланың тағы да бір өз өлкесіне деген шексіз сүйіспеншілігіне Мәдениет

министрлігінің бірінші орынбасары ретінде куә болдым.

Мәдениет министрлігінің басқадай саласына жетекшілік ететін орынбасар іздеуге

тура келді. Сол кездегі Мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиев ағамыз жоғарғы

жақтармен солай келіскен болуы керек, сол лауазымға лайықты деген кісілердің жеке

іс қағаздарын алдырта бастады.  Сол тізімнің алғы шенінде жүрген Рымбала

Омарбекованың пиғылын мен арқылы біліп алғысы келді ме екен (министрдің ше­

шуші сәтте сөйлейтіні белгілі ғой) онымен тілдесіп, жайлап сыр тартуды маған тап­

сырды.

Рекең, ә дегеннен ат­тонын ала қашып, әдептен озбай, тәртіпті бұзбай жағдайдан сы­



тылып шықты. Қысқасы, Қарағандыдан қарыс қадам аттап шыққысы келмейтінін сы­

пайы және әдемі жеткізді.

Бәлкім, басқа кісі Алматы даңқына, астана романтикасына, республикалық

дәрежедегі лауазымдық мансапқа қызығып, көне кетер ме еді, кім біледі? Рымбала

Кенжебалақызы  өйткен жоқ. Өз Қарағандысында қалды. Шүкір, әлі күнге дейін өзі

сүйіп, өзі ұнатқан көрікті Қарағанды өңірінің өнерін өрістету жолында өлшеусіз еңбек

сіңіріп келеді. Мәдениет, өнер саласының өмірі түгесілмейтін мың­сан мәселелерімен

батыл айқасып келе жатқан ол­өнердің Ұлпаны.

Иә, кәдімгі ұлы классик Ғабит Мүсірепов атасы суреттеген Ұлпаның өзі болмаса да,

сол шешелерінің көзі. «Жақсы сөз­жарым ырыс»­деген. Рымбала замандасымыз сон­



дай жан. Оған ұзақ ғұмыр тілейік!

Рымбала Омарбекова ­ 70 жаста

уылдың көк белдері мен бұрала билеп көкке өрлеген түтінінен жырақ жүргенде

ауылды, елдің ішін аңсайтыны бала кезден жүрек түкпірінде сақталған

құпиясындай, ең қымбат асылындай құбылыс еді. Оның да өзіндік себептері бо­

латын... 

Қасиет қонған киелі мекеннің, өзін жаратқан топырағын, таза бұлақтай кәусәр тілін,

құдіретті өнерін бойына сіңірген әсем табиғатын, мәңгі жасыл самырсын қарағайын,

бұрала билеген ақ қайыңдары мен сүмбіле сұлу талдарын, қатпарлы қалың, биік таула­

рын сағынып­ақ кететін. Сондай сәттерде өзіне өмірлік адами негіз сыйлаған туып­өскен

елге барсам деп, туғанындай болып кеткен көз көрген ағайынмен қауқылдасып қауышатын

күндерді тағатсыздана күтетіні бар. Қалай десе де кіндік кесіп, кір жуған туған жері,туған

ауылы бір бүйрегінде жүреді. Бәлкім, арқаның сәукелелі гүлжазира даласында, талай

тұлғалы алаш азаматтарының табаны тиген құтты өңірде іңгәләп дүние есігін ашпағанда

мұндай дәрежелі биікке жетпес пе едім?! Қасиеті артқан, кемеңгерлігі бұл кеңшілікке сый­

майтын қазақ ырым еткен ырымы қырын кетпеген халық қой. Есімінің өзі сондай ырым­

мен қойылғандықтан болар, өзі де ырымшыл. Содан да болар, өзінің өмірдегі тұсауын кескен

туған жерімен өзінің жетістік мәртебелерін көп байланыстырады...

Ия, қарапайым орманшының шаңырағында дүниеге келген Рымбала Кенжебалақызының

табиғат­анамен жақындығы, өз анасымен табиғат ананың төсін тел еміп өскен

телқоңырдай қос ананың ортасында, ерке бұла өсуі еді. Комиссаровкадай шағын ауылдың

өзіне тән тіршілігі болатын. Сол ұядай мекеннен қаршадай бұны алып шыққан әкесі

ауданның әскери комиссары М.Герасимовтың үйіне орналастырды. Абайдың «баламды мед­

ресеге біл деп бердім» дегеніндей, әкесі ананың жылы құшағынан айырғанда баласын оқып, бі­

лімді азамат болып шықса екен деген арман ойымен ерте жетелеген. Қарқаралыдай

жерұйық қаланың бар шежіре тарихы оның жадында осылайша жатталып, зердесіне сіңген

еді. Осылайша балалық пен жасөспірім шақтың гүлдәуренін бірде ғұламаның киіз кіта­

бындай іші тылсым сырға, ғылым мен ілімге толған Қарқаралыда өткізсе, енді бірде бұны

асыға тосатын табиғат анасымен қауышып, жан­жақты шыңдалып, жан­дүниесі асыл

қазынаға байи түскен. Осыдан да болар, рухани күшпен ғана емес, құдіреттің өзгеше бір бо­

йына сыйлаған ғажайып қасиеттерін де иелене бастаған. Біраз жылдардан соң, барша қазақ

жастарындай мектеп бітірді. Енді көппен бірге оның қарапайым адамдардай өмір жолы

басталды. Ел қатарлы еңбек етті, білім алды. Ұстаз деген ұлағатты мамандыққа таңдау

жасады. Ол мүмкін әлі де шәкірт тәрбиелеген ұстаз болып жүре берер ме еді...

Жөргектегі періште сәби кезінен құлағына сіңген ана әлдиі, оның қоңыр әсем дауысы,

шырқап салар әндерімен қоса табиғат анасының жүрегіне жолдаған құстардың сайраған

сыйқырлы үндері, самырсын қарағайдың жапырағын сыбдырлата тербеген сырлы саздарын­

бәрін­бәрін тұла­бойына сіңірген ол, өнер деген ұлы жолға ат басын бұрды. Қандай лауа­

зымды қызметтің тізгінін ұстап, тұғырында отырса да өнер мен мәдениеттің

жанашыры, соны ұйымдастыру ісіне іскерлікпен белсенділік танытудан танған емес. Бар

күш­жігерін, бойдағы рухани қуатын салған еңбектері өз нәтижесін берді. «Қырғызия»

ауылындағы сегізжылдық мектепте құрылған көркемөнерпаздар құрамында өзі шырқаған

«Қарқаралы» әуендері, өзінің бастамасымен құрылған «Салтанат» ансамблінің данқты

жолы Франция еліне сапар шегумен шарықтау шегіне шықты. Ұлы жібек жолындай сән­

салтанаты келіскен ұлы көш­Арқа керуені ұлы жолға бет түзеген­ді. Осы ұлы жолда нар

жүгін арқалаған Рымбала Кенжебалақызы сол жүктің басын тең ұстап аударып алмауға

бар ақыл­парасатын салды. Дәл осы кездерде қос ананың өзіне берген қажыр­қайраты,

қайсарлығы жоғарыда айтып өткен адами негіздегі қасиеттері шынымен айрықша ерек­

шеленіп еді...

Бір күнгідей болмай, өте шыққан дәуреннің өткеніне көз жіберсеңіз, ұшы­қиырсыз ұзақ

жол, жатқан бір кеңістік. Бір сәт дамылдамай өткен қайнаған тіршілік пен тынымсыз

еңбектің толқынында жүріп соны қалай жүріп өткені де байқалмапты. Сол жолдың

]]]]Қарқаралы]]]]



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет