№1(39) 2014 жыл ]]]]Қарқаралы]]]]



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚАРҚАРАЛЫ

№1(39) 2014 жыл



]]]]Қарқаралы]]]]

1

Қадірменді жерлестер!

Жанымызға жарқын үміт пен ізгі ниет ұялатып,

жомарттық танытар жаңа бір жылдың

табалдырығынан аттағанымызға да төрт-бес айдың

жүзі болды.

Жаңа жыл жаңа тілек, жақсы лебізбен басталып, жəне

оның əрқайсымыздың жүрек түкпіріндегі жаңа арман-

мақсаттарымыздың орындалуына деген үлкен сенім-

мен  ұласатыны белгілі. Олар, əрине, ең алдымен баршамызды толғандырар

отбасы-ошағымыздың қамы, балаларымыздың бағы, атамекен туған жеріміздің

абыройы жолындағы адами іс-əрекеттерден бастау алып, ел қамы, Отан

алдындағы міндет-парыздар сияқты жасампаздықпен  тұжырымдалады.

Ежелден өткенді ой елегінен өткізіп, бүгінін бағамдап таразылай білген халқымыз

келер күннің кемел келешегін, қарымды қарекетін жасап, жоспарлай да білген.

Жəне бар сəтсіздіктер мен жаманшылықтарды ұмытып, кеңпейіл кешіріммен

қарап, өткенге салауат, барға қанағат еткен. Сөйте тұра, жаңа жылдан тек

жақсылық тілеуден жаңылып көрген емес.

Ниеті ақ, тілеуі ізгі жұртшылықтың тілегіне тілек қосып, қазақ жерін мекенде-

ген ұлт пен ұлыстың ынтымағын жарастырып, ырысын тасытар жаңа жыл

құтты болсын. Тілегі бір тілеулестерімізге, бауырлас-ағайын жерлестерімізге,

барлық өңір халқына бақыт, игілік, құт-береке жəне бейбіт өмір тілеймін.

Барлық арман-ниеттің орындалуын тілей отырып, барша əлеуметтен ел

дамуының басым бағыттары мен ұлттық құндылығымызды ардақтар жақсы

дəстүрін қалыптастыру жолындағы ізгілікті істер тындыруға үндеуді жəне осы

үндеуді байыпты бағалап қолдауға шақырғым келеді.

Ер қанаты, жеті қазынаның бірі болып саналған жəне қазақ деген жауынгер

халықтың мінсе көлігі, жорықта серігі, ішсе сусыны дертке шипа қымызы, жесе

азығы болған жылқыдай жануардың қадір-қасиетін əрбір қазақ баласы артық бі-

леді.

Биылғы келген Жаңа жылымыздың иесі арғымақ жылы болуының өзі біздерге

ерекше шаттық,  көңілімізге тоқтық сезімін ұялатқандай. Солай болса да ел жүгін

арқалаған ер-азаматтарға, тірлік-тіршілігін дөңгеленткен əр адамға атқа мініп

атқарар ауқымды міндеттер мен мүмкіндіктер тұрғанын аңғартты.

Өткен жылдың қиындығы мен қарбаласы мол  кезеңін берекелі тірлік, еселі

еңбекпен аяқтап, жаңа жылымызды ауыз толтырып айтар табыстармен қарсы

алып отырғанымыз сүйсінтеді.  

Жыл қорытындыланып, жаңа жылға қадам басар қарсаңда тойланатын Ұлық ме-

рекеміз  Тəуелсіздікті дəріптеген Елбасы Н.Назарбаев «Біздің басты жетістігіміз-

тəуелсіз Қазақстанды құрғанымыз» деп атап айтқандай, қандай да бір

жетістігіміз, шыққан биігіміз болмасын ең бірінші  Тəуелсіздіктің арқасы. Ал сол

Тəуелсіздігіміздің тұғырлы, тірлігіміздің баянды болуы елбасы айтқандай

«Қазақтың бірлігі-елдігіміздің кілті. Ел бірлігі- ең асыл қасиет» дегендей

бірлігіміздің, ынтымақтастығымыздың мықты болуында деуге толық негіз бар.

Президентіміз Н.Назарбаев Тəуелсіздік мерекесі күнгі сөйлеген сөзінде «Тəуелсіздік

бізге  болашаққа батыл қарауға, алдағы перспективаларды айқын көруге мүмкіндік

берді. Осы ұлы сыйды біз қазір «Қазақстан-2050» стратегиясының тарихи  мін-

деттерін шеше отырып, толығымен пайдаланудамыз. 37 жылдан соң аяқ баса-

]]]]Қарқаралы]]]]



2

Халел МАҚСҰТОВ,

Қарқаралы ауданының әкімі

Қарқаралы қаласына -190 жыл

Біз қадір 

Біз қадір 

тұтқан құндылық



тұтқан құндылық

тын 2050 жылғы перспектива қазір алыс сияқты көрінеді, бірақ бұл-қысқа ғана

уақыт аралығы» деп атап айтты.

Елбасының тапсырмасына сəйкес, жыл қорытындысы бойынша Қарқаралы

ауданының қосқан үлесі  қомақты деп айтуға болады.

Қай сала болмасын жалпы аудан бойынша өнім көлемі, барлық міндеттемелер,

оның ішінде əлеуметтік міндеттемелерді орындау жəне мемлекеттік

бағдарламалардың жүзеге асырылуы жағынан да меже биігінен көріне білдік деп ой-

лаймын. 

Оның бəрін, əрине, өткен бір жыл ішінде  атқарылған жұмыстар  жөнінде жасаған

есепті  баяндамамда  нақты көрсеткіштерімен  жан-жақты баяндап жеткіздім деп

білемін. Қарап отырсаңыз, қыруар жұмыстар атқарылып, өңір халқының тұрмыс-

тіршілігінде оң өзгерістер, ауданымыздың əлеуметтік-экономикалық дамуында іл-

герілеушіліктер бар екені байқалады. Оның бір айқын дəлелі ретінде жыл аяғындағы

мемлекет тарапынан еңбегіне қарай лайықты құрметті марапатын алып жатқан

азаматтарымыз бен аудан əкімінің «Жыл үздігі-2013» аталымын алып мəртебе ме-

рейлері үстем болып жатқан  əр саланың еңбек майталмандарын айтуға болады. 

Ауданымыздың облыс, тіпті республика деңгейінде еліміздің дамуына қосып

отырған елеулі табыстары  мен қомақты үлесі біз үшін қаншалықты зор

мақтаныш болса, соншалықты үлкен жауапкершіліктер мен міндеттер

жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Елбасының алға қойған тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды

басшылыққа ала отырып, өңіріміздің дамуы мен халқымыздың əлеуметтік озық

тұрмыс-тіршілігі үшін іске асырылуы қажетті жұмыстар аз емес.  Бұл міндеттер

мен атқарылар жұмыстардың  жоспарланған түрде өз ретімен талап деңгейіне

қарай атқарылатынына сенім мол.

Дегенмен де, бұлардан тыс жүзеге асырылатын істер жетіп артылады. Ол өңірді

мекен етіп жатқан əрбір тұрғынның білім-біліктілігіне, мəдениетіне, ой-өріс сана-

зердесімен бірге  бойындағы туған жерге, елге деген  перзенттік махаббатымен,

парыз-борышымен патриоттық жігер-намысымен бағамдалып, осы қасиеттер

арқылы ғана өз нəтижесін   беретін ізгі де игілікті істер. Елбасымыз: «Еліміздің

басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес –

адамдардың жүрегінде» деп тектен тек айтпаған болар. Сондықтан елін-жерін

туып өскен ауылым-алтын бесігім деп соққан жүректерге жол  тауып, айтайын

деген ойымызды, ақ тілегімізді  жеткізе алсақ, одан асқан бақыт бола ма?! 

Өйткені, Елбасының өзі «Қабырғалы халқы болмаса,  қандай басшының да тауы

шағылмай, тауаны  қайтпай қоймайды» деген екен. Сол сияқты  «қабырғалы

халқым» деп осы елдің тумасы,  төл перзенті ретінде қолқа салып, өтініш етсем,

үндеу көтеріп қолдау күтсем ол өздеріңізге деген құрмет пен сенімнен туындаған

перзенттік махаббатым болар.

Ғасырлар мен жылдарды тоғыстырып, тарихтан танымал алты алаштың басын

қосқан, шежіресі шалқар киелі де қасиетті Қарқаралы биылғы төрт түліктің төресі

жылқы жылында 190 жылдық тарихи торқалы  тойын атап өтпекші. Біздер барша

қарқаралылықтар  алдағы болашақтың,  ағымдағы бүгіннің жоспарлы  жұмыстарын

атқара жүріп, осы бір абыройлы  биіктен, асқарлы асудан қалыбымыздан таймай

өте білсек, бұдан асқан мəртебе болар ма!

Талай сыналар тұста сүрінбей өтіп, елдігімізді  көрсеткен кездеріміз тарихта

қалып, əлі күнге алыс-жақындағы ел-жұрттың таңдай қағып айтар əңгіме  жырына

айналды. Оның бірі дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың  100 жылдық мерейтойы бола-

тын. Бұл біздің киелі мекеніміздің рухын асқақтатып, жасампаздығын  көрсетті. 

Тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған құнды  қазынасымен мақтана да жəне

оны көрсете де  алатын ел екенімізді таныттық.

Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Өзінің тарихын қадірлемейтін, өзінің

ұлттық  байлығын  бағаламайтын халық табысты да бола  алмайды, тағдыры да

сəтті бола қоймайды» деген сөзімен біз істеп жатқан тарихқа  тағзым

бағытындағы істеріміздің оң бағытта екенін дəлелдегендей.

Міне, сол дүбірлі той өткелі де біраз жылдың жүзі болды. Осы екі аралықтың өзінде

аудандық облыстық деңгейдегі мəдени-көпшілік іс-шаралар  өңіріміздің небір

еңбектері елеулі  майталмандарының  100 жылдық мерейтойларын өткізіп,

ұлттық  сипатымызды көрсетер көкпар сияқты ұлттық ат спортының да додалы

жарыстарын абыроймен  өткізіп келдік. Қазақстан жұртшылығының назарына  ілік-

тік. Енді замана көшінен қалмай, өркениет өріне  өрлеу, озық мəдениетіміз бен сан

ғасырлар бойы сақталған əсем əн, күмбір күй, əдемі əдет-ғұрып, ұлттық салт-

]]]]Қарқаралы]]]]



3

дəстүр, таза ана тілін сақтаған ұлт екенімізді көрсетер рухани байлығы

топтасқан ел екенімізді көрсетер кез келді.

Елбасымыз айтқандай «... өзіміздің өткенімізге, бүгінгімізге жəне болашағымызға

жіті үңілетін кез жетті».

Бұрын да кем-кетігі, көзге көрінбей қағыс қалып жататын олқылықтарымызды,

көрер көзге шалынса да немқұрайдылықпен ескерілмей жататын  жұтаңдықтан

арылар сəт те осы кез болар деймін. Күнделікті мəселелер мен қарқынды істердің

бірі  туған жеріміздің, қаламыздың көрік-келбеті, ішкі сыртқы ажары болмақ. Ол,

əрине, əр үйдің  табалдырығынан бастау алар тазалық, абаттандыру,  елді ме-

кендерді, қаламызды көркейту, жаңа жұмыс  орындарын ашу, сəулетті ғимараттар

салу сияқты өркениетті істерімізден көрінеді. «Сырт көз-сыншы» демекші,

«атағы Алатаудай Қарқаралымыз тым қарапайым-қарабайырлығымен  күнделікті

əдетке айналған көзқарас пен тірлігінен  өзгермесе, жаңармаса, жақсыға

ұмытылмаса, киелі, қасиетті деген ұлы сөздерге нұқсан келетіні сөзсіз.  Бұдан жас

ұрпақ жасып, үлкендердің жайбарақат- немқұрайдылығынан көңілдеріне дақ түсіп,

жастық жігері мен  намысшылдық мысы басылмаса екен.

Әрине, қала мəртебесі, оның тарих-тағдыры, атаулы мерейтойы атақ

шығаратын алаң емес. Айтпағым-Тəңірден бұйырған ең асыл киесі-елі мен жері бар

екен деп соны көрмекке,  содан өзіне ұлағат, таным мен тағылым алғысы келіп, ат

басын тіреген əр адамды дархандықпен қарсы алып, қонақжайлық көрсету, бар

жақсысын көрсетіп таныта білу сауапты іс. Жəне ауылына келген мейманының не-

сібесі Тəңірден деп білетін кеңпейіл қазақ үшін аса қиынға түсетін дүние емес. Бірақ

сол «аз отырып, көп сынайтын»  қонақтың сынына лайық болуға талпыну-сөз жоқ,

адами мақсат-мұратымыз болу керек. «Әрекетке-берекет» дегендей осындай

мақсатты ұстана отырып, өңіріміздің əр шаңырағы өз үйінің айналасына, бау-

бақша, көкөнісін отырғызып, гүлдендіріп жайнатып, шаруашылығын дөңгелетіп

отырса, ол да сырт көздің назарын аударар істің бірі болары сөзсіз.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы талаптарынан

туындайтын басым  бағыттары бойынша жұмыла кірісіп жұмыс  атқаруымыз

керек. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол

картасы2020» бағдарламалары аясында азаматтардың өз ісін ашуға шағын жəне

орта бизнесті дамыту,  кəсіпкерлікпен айналысу, жер-ананың төсін игеріп, тек

арпа-бидай ғана емес, картоп өнімдерін, жылыжайда өсірілетін халықтың

күнделікті тыныс-тірлігіне қажетті тұтынатын көкөніс түрлерін өз жерімізде

өсіріп халыққа ұсынып  жатсақ, фермерлік шаруашылықтардың құрылуына  қадам

жасап, ынта танытқан өңір азаматтарын қолдауға дайынбыз. Өйткені, осы

аталған шаралар легі əлеуметтік тұрақтылықты сақтауға жəне халықтың

тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған. Енді бір ойлантарлық та бəрімізді

толғантар  жайттың біразына тоқтала кеткенді де жөн санап отырмын. Ол

өңіріміздегі үш ауданның халқын қосқандағы алғашқы халық саны бүгінде күрт

төмендеп кеткендігі қатты алаңдатады. Оның басты  себебі ауылдардағы елді-

мекендерден қоныс аударып  көшіп-қонушылар  санының азаймауы, дүниеге бала

əкелу демографиялық өсу деңгейінің төмендеуінен демесіңізге болмайды.

Бұның əсері мектептердегі оқушы санының азаюына əкеліп, бұл ауылдардағы білім

ошақтарының жабылуына себеп болуда.

Сондықтан ел болып осындай  өзекті мəселелерді алдағы уақытта бірлесе ше-

шуге жəне соның ықпалды жақтарын қарастырсақ деген ой да жоқ емес.

Сөзімізді түйіндей келе, өңіріміздегі алдағы уақытта аталып өтер түрлі

облыстық, республикалық деңгейдегі мəдени-көпшілік спорттық, басқа да ресми

шаралардың  көптеп өтетінін айта келіп, Қарқаралының 190 жылдық мерейтойын

абыроймен өткізу міндеті тұр.

Қазірде əркім əртүрлі пікірлер айтып, кереғар ойлар туындатып жүргенін

айтпасқа болмайды. Бірақ,  біреудің қаралауынан құрып кетпейтін, артық

мақтауынан бəсі көтерілмейтін өз өміршеңдігін жоймайтын, тарихтан өз орнын

ойып алар 190 жылдық мерейтойды дұрыс дайындықпен, жақсы ниетпен тойласақ

деген үлкен арманымыз бар.

Құт қонып, қыдыр дарыған өлкеміз  əспеттеліп, бабалар рухы асқақтатылар

тұста жарқылдай көрініп, жадырай қуанудың орнына маңдай алдымызды

тарылтудың еш реті жоқ. Сондықтан, “туған топырақтың тау-тасы тынысы-

мыз, торғайы туысымыз болсын,” дей отырып, осынау абыройлы іске ат салысуға

ниеттестік білдіріп, қолдау көрсетер азаматтарға ата-баба аруағы жар болсын

демекпіз.

]]]]Қарқаралы]]]]



4

 Бірінші ой

Ей, адамзат, жемқорлықпен желіккен!

Құлқыныңды тыя алмайсың неліктен?

Бар мен жоқты,

Аш пен тоқты айырмас

Нең қалды енді айнымастай өліктен?..

Осы шумақты қай кезде жазғаным есімде жоқ, бірақ

қолыма қаламымды еріксіз ұстатты.

Жемқорларды тыятын да мен емеспін. Қанқорлардың ұятын да оятатын мен емес-

пін. Бағусыз кеткендерді қағусыз жіберіп алғанымыз бүгін ғана емес. Арғымақтай арын-

дап жиырма жыл өте шығыпты. Аздың көпті басынғаны, саз бен сөздің құнын

қашырғаны көбейді. Тіл күрмеліп, арқа жауыр болуға айналды...

Содан ба қараңғы түндердің қап-қара қойнына сүңгіткен мазасыз ұйқысыздық қараңғы

ойлардың қалың тұманында адастырып-ақ жүр мені. Жылт етер сəуле, жарқ етер

ұшқын таппаймын ба, ел – меңзең, мен – сергелдең дейтін шарасыз тұйықтан шапшып

шығар сыңараяқ сүрлеу іздеумен қалжырап бітемін.

Жетпіске жеттім. Желкелегендерім жоқ та, өзімді желкелеткендерім көп. Алыс-

жұлысты, айтыс-тартысты, қырғын-сүргінді əурешілік ғұмырдың батпағын кешуден

шаршамайтын итшілеген тірліктің иесі болғанның несі мақтан. Алдың – күңгірт, артың

– өкініш. Күңгіртіңнен үрейленсең, өкінішің өксігіңді өкпеңнен сығып алады. Өткеніңнен

жеткеніңді таба алмай, жалғандықпен алысам деп қажығаныңды ғана сезгеннен не

пайда.

Тұрлаусыз тірліктің тұзағы мойныңды бүріп тұншықтырып бара жатса, адалдық



аңсаған үзік-үзік тынысың ауа қарманар далбасасынан жалықпағанда қайтеді.

Жалықтырады да қамықтырады. 

Не істеу керек?..

Осы сұрақ мынау Жалғанның жарық дүниесіне шыр етіп енген əр жан иесінің миын

шаққан, жауабын тапқызбас қиын түйіні болмап па еді. Сол түйінді шешпек түгілі одан

сайын шиелеумен шаршап, шалдығып, көз жұматынымыз қалай?

Сонда шынымен-ақ Тағдыр-құбыжықтың, əлде Тəңір-құдіреттің ойыншығы

болғанымыз ба? Адам деп аталсақ та, əлдебір ерік-ырқыңнан тысқары жүндес қолдың

ыңғай-ықпалымен қуыршақ болып қимылдайтынымызды шынымен сезбей өтеміз бе?

Шамырқанар шама, сілкінер сес қалмаған құр сүлдені бықсып, бүксіп сүйрете беру-

ден табарымыз не? Құлдықтың, қорлауы ма? Қорлықтың құлдыратуы ма? Жетістірді

деп жеткеніміздің түрі осы болса, шыңы қандай болмақ? Алыстаған сайын адасуыңның

көбеюін байқағың келмейтіні қалай? Топпен, тобырмен бірге, тіпті қалың көппен бірге

адасып жүрмін деп өзіңді өзің жұбатудан не қайыр. Адасқан көпке сүмеңдеп ілесем

деп дауасыз қабынған өкпеңнің шерін жүрегіңнің жүгінісіне салуды да білмесең,

түйсіксіз жануардан нең артық?

Не істеу керек?

1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат 7-де, Германиямен дəл соғыс басталған

сəтте туған мен үшін осы сұрақ пешенеме жазылған тылсымдай жұмбақ сұрақ емес пе

екен? Содан ба екен, қаламгерліктің соқтықпалы соқпағына бет бұрған мен үшін бұл

сұраққа қандай да жауап табу – ғұмырымның мəні мен мағынасына айналуы да кəдік-

ау дейтін шалажансар пікірге жармасатыным да бар. 

Сол себеп болды ма, ə дегенде жалындаған жастықтың албырт адуындығымен

халқымның өткеніне үңілдім. Жан жағынан азуын ақситып төнген жауларымен елінің

еркіндігі үшін жан аямай шайқасып, ерлікті уағыздап кеткен бабаларды тірілтпек болып

«Елім-ай» романын жаздым. Кезінде елдік рухты елең еткізе дүр сілкінткен дүнием

бүгінде қайта басылмай, интернет пен теледидарға телмірген жас ұрпақтың санасы-

]]]]Қарқаралы]]]]



5

v П   Р   О   З   А   v

Софы СМАТАЕВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты, жазушы

ҚАРАҢҒЫ


ҚАРАҢҒЫ

ОЙЛАР


ОЙЛАР

(Бірінші дәптер)



нан тыс қалды.

Не істеу керек?

Кешегіні көшіріп, қопарып əкеліп, көз алдарына тоса қойсам, түйсіктерін түрткілей ме

деген жермешел тілекпен пьеса да жаздым. Дарылдақ, барылдақ əуен мен

жарқылдақ, жылтылдақ арзанқол көріністермен ауызданған өрендерімнің бəрібір

өзегіне сіңіре алмадым.

Қияли нəрсемен қинамай, қазіргі күннің қасиетін қашырған қасіреттерінен безіндірейін

деген жансебіл ниетпен серт, өрт, дерт, мəрт  дастандарымды газет беттерінде жамы-

ратып та көрдім. Күрсініп қабылдаған кəрілер болмаса, жанайқайымның жаңғырығына

жалт қарар жастарды байқамадым.

Енді не істеу керек?

Өзгенің тас қорған кеудесіне үңілу – түңілуден басқа түк бермейтінін түйсіндім бе, өз

кеудемді ғана көңіл сүңгіммен үңгілеуді дұрыс деп таптым.

Сондағым: қараңғы түндердің қойнынан қылаңдаған қараңғы ойларымды ақ қағазға

шимайлап сығыстыра беру. Базбіреу ерінбесе, оқыр. Базбіреу қажетсінсе, көкірегіне

тоқыр. Қажет етпесе, ота қидалаған өзегімнің  қанына малынып, өртеніп шыққан ой-

ларым мынау жарық Жалғанның кеңістігіне сіңіп кетіп, əлдебір тылсым сырдың

əсерімен Келешектің құлағына жетер де. Ал бастадым.



Екінші ой

Əлемнің бүкіл қызығы да, шыжығы да бір адамның ішінен табыла береді.

* * *

Жұртты ойланта білуден өтер құдірет жоқ.



* * *

Шарлап Тау мен Даламды,

Тоздырушы ем табанды.

Қазақ деген атыммен

Таң қалдырып ғаламды!

... Тауымды өзге жайлады.

Далам – жаттың аймағы.

Мен ұстадым жағамды.

* * *


Адамнан тілемей, Алладан тілеу бар. Өзгеден қаламай, өзіңнен сұрау бар.

Адамға қол жаю – кеудеңді тұл, көкірегіңді құл етудің бастауы. Берсе – иығыңа

қамытын іледі. Бермесе – езуін ыржитып, мазақтап күледі.

Алладан тілесең, алам деп, бере қояр деп тілемейсің. Желеп, жебесе екен, жолымды

ашса екен, жөнімді тапқызса екен, бақастықты байлап тастап, күншілді күлге аунатып,

жемқорды жер бауырлатып жықса екен деп тілейсің.

Өзгеден қалау – өміріңді өксіту, өзегіңді өкінішке толтырар өгейсіретуге көмілу. Еске-

русіз қалар есіл өміріңді кесірлінің қолындағы темір тізгінге кигізіп беру. Зорлықтың

тұншықтырып бара жатқан қорлығына шыдай алмай, шырылдап бұлқынғанмен, шығар

есікті таба алмау.

Өзіңнен сұрау – жылап тусаң да, кейімей өлудің арпалысы. Алыстан арбаламай-ақ,

жақыннан дорбалаудың əрекеті. Арсылдап үрсем екенге емес, араласып білсем

екенге талпыну. Білгеніңді өшіруге емес, өсіруге асығу. Ұтсам деуге емес, тапсам деуге,

сөндіруге емес, жақсам деуге ұмтылу. Төңірегіңнің жалтырақ, жылтырағына алып

ұшып қызыну емес, дүниенің көрінген һəм көрінбеген хикметіне қызығу.

Сонда ғана жердегі біреумен емес, көктегі Жалғызбен көңілің де, өмірің де жалғасып,

жымдасып кеткенін сезбей қалсаң да, əділеттің тұнығынан сусындаған жаныңның

əлдебір ғаламат əсемдікпен үйлесіп сала бергенін пайымдауың мүмкін. Сол сəтте

өксіген өкпеңді еміренген көптің алақаны сипайды. Қамыққан түсіңді жабықтан

сығалаған сəуледей боп жарылқаушы жұртыңның жанары жылытады. Ал сол ерке-

лете елжіретер еліңнің емексітері – адалдығыңнан айнымауың ғана. Туралығыңнан

бұрылмауың ғана. Тазалығыңнан таусылмауың ғана. Басқаңды қаламайды. 

Сонымен, бір Алладан тілесең – адаспайсың. Бір өзіңнен сұрасаң – өзгеге жалынып

жақ ашпайсың.

Ал осымен доғарайын.

* * * 


Құм астынан көз ашып ед гүл шығып,

Жалғасты да, 

Жармасты алға тіршілік.

... «Саинды» өрлеп келе жатыр бойжеткен

Қара көздің қызыл жасын бір сығып.

]]]]Қарқаралы]]]]



6

Дауыл соқты шатырларды құлатып,

Шаң-құйынын шартарапқа шұбатып,

... Көк Тəңірі күйінді ме күрсініп?..

* * * 


Осы біз ұяла аламыз ба? Ұят деген ұғымды біле аламыз ба? Білеміз деп те, білмей-

міз деп те – ашып айта алмай отырып қалдым. Сасқанымнан Абайға жүгіндім. Хакім

айтады: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа

салып, сөгіп қылған қысымның аты. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да

қолың тимейді, бір ит боласың».

Осыдан артық не дерсің енді. Ит болып, құйрығыңды бұлғаңдату қайда, бұтыңа

тығып, мөлиген көзіңмен қара жерді... еден тақтайын тесіп жіберердей шұқылап,

ұятыңның ұясына екі иығың қушиып, енді қайтып шықпастай болып бүрісіп, құнысып

кіріп бара жатасың. Дəл сол сəтте ар жазасы жазылмас деген сұмдық шешім

маңдайыңа кертіліп ойылғандай үрейлі сезімнің тереңіне сүңгіп кеткеніңді де

байқамайсың. Əне, ұяла білудің құдіретті құрсауы.

Бұным – енді көкірегінде ойы, қауашағында миы бар, бетінің қызылы өшпеген,

жанының жылуын сақтар қызығы бітпеген жандардың еншісіндегі сезім сергелдеңі

екенін анықтай кетейін. Ал ұятын ұрлатып алғандардың (дұрысы жоғалтып

алғандардың) мияты алдау, арбау екенін дəлелдеп жатудың қажеті де шамалы. Олар-

мен күн сайын кездесе берген соң бүркеніп алған бет пердесі он қабат болса да оп-

оңай-ақ тани қоятын болып алдық.

Ұятын үй сыртында қалдырып кететінді бастық қылып қойсаң-ақ, «Жұғын бар жерде

шыбын бар» деп үйелмені тұрмақ үрім-бұтағымен, ауыл-аймағымен ошарылып келіп

сол елді мекенді – республиканы, облысты, ауданды, қаланы түп-түгел жеке меншік-

теріне шып-шырғасын шығармай айналдырып, иемденіп ала қояды. Содан кейін

сырты – сара, іші –қара əлгі дөкейдің өзіне кірмек тұрсын маңайындағы жақын-

жораларының жүзін көріп, шаруасын айтуға да шарасы қалмаған қара халықтың сан

соқтырған сандалысы басталады. 

Ұятын жоғалтқан жанның ғұмырын да жоғалтарын сезбейміз бе, төрдегі төрені тірі

адамдай сарыла іздеп, сарғая тосып, өзімізді өзіміз шаршатудан жалықпаймыз. Ұяты

өлген адамға ұят сіңірем дегенше, уланып өлген адамды ұшықтап тірілтем деу

əлдеқайда ардақты.

Сынған қолдың салмағы мойынға түсерін ескертпейтін еркін тірлігің енді осынау

ұятын қоқыс салған жəшікке көміп тастағандардың кесірінен сынған үмітіңнің батпан-

батпан жүгі ойыңды мойныңмен қоса отырып жібергенде, мүлде адыра қалады. Ендігі

итшілеген тірлігіңді ұятын өлтіргендердің құрбаны болды деп қабылдап, таудың тасын

уыстап тасып тауысуға көне бер. Өйткені түйеге мінген адам еңкейе алмайды десек,

ұяты бар төрдегі төре далиып байлық жинап, көркейе алмайды. Қазіргі кезеңдегі өмір

заңының ең «қадірлі» ұятты-ұятсыз түйіні осы.

* * *


Илікпесе, килікпесе басқаға,

Жоламаса кəріге де, жасқа да,

Қорасына кірген қоқсық 

Төрге озып,

Байлық болып көрінер-ау қасқаға.

* * *


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет