№13 (86) 1-15 шілде 2016 жыл 5-бетте 3-бетте



жүктеу 30.5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі30.5 Mb.
  1   2   3   4

til_sakshisi@mail.ru

№13 (86) 1-15 ШІЛДЕ 2016 ЖЫЛ

5-бетте

3-бетте

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМ

4-бетте

ЖАСТАР АРНАЙЫ БЕТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР 

ЖЕР РЕФОРМАСЫНА 

ҚАРСЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

8-бетте

ЖЕР ТУРАЛЫ ДАУДЫҢ 

АСТАРЫНДА НЕ БАР?

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫЗЫЛОРДА 

ТЕЛЕАРНАСЫМЕН БІРІККЕН 

«ТІЛ САҚШЫСЫНЫҢ» 

КЕЗЕКТІ РЕЙДІ

Қазақстан  Президенті  қазақстандық  балаларды  артық  білім  жүктемесінен  арылтып, 

білім жүйесіндегі реформаларды жақсылап ойластыру қажеттігін айтып, осыған орай тиісті 

орындарға міндеттер жүктеген еді. «Біз балаларға көп нәрсені тықпалайтынымыз соншалық, 

әлемде мұндайдың бірде бірі жоқ. Біз кейде американдықтардың Тәжікстан мен Ауғанстанды 

ажырата алмайтынын сынап жүрміз, бұл шындық, олар танымдық ұғымдарды өмір барысын-

да үйренеді. Оқу мекемелерінде олар қалай өмір сүру керектігін, өз білімін қалай қолдануға, 

өмірде аяғынан қалай тұрып кетуге болатынын үйренеді. Ал біз бұрыннан осылай істейміз, 

біздің балалар ертеңнен кешке дейін күн жарығын көрмейді»,-деді Н.Назарбаев Қазақстан 

Халқы Ассамблеясының ХХІV  сессиясында сөйлеген сөзінде.

Елбасының пікірінше, кезекті реформалар туралы пікірталас ақпараттың жетімсіздігінен 

және  ойластырылмаған  шешімдердің  туындауынан  орын  алып  отыр.  «Бұл  мәселе  атүсті 

шешілді, жоқ, олай етуге болмайды, адамдармен кеңесу керек, өзгерістер білімнің сапасын 

арттыру үшін қажет. Барлық көзқарастар ескерілуі керек. Ойластырылмаған эксперименттер-

ге жол беруге болмайды, бізді ешкім қыстап жатқан жоқ»,-деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ 

ол мектептерде бескүндікке кейбір пәндерді қысқарту немесе біріктіру есебінен емес, ақылды 

ойластырылған оқу жоспарымен бірге көшу қажеттігін атап көрсетті. 

liter.kz

Редакциядан: Елбасының осы айтылған сөзіне біраз уақыт болса да, мұны ескеріп жатқандар әзірше болмай тұр. Соған 

қарағанда әлі ешкімге нақты тапсырма берілмегенге ұқсайды. Тақырыптың жалғасын 2-беттегі «Ашық хаттан» оқисыз. 



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ:

 «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАРҒА БІЛІМДІ 

ЖӘНЕ ҮШТІЛДІЛІКТІ ЗОРЛАП ТЫҚПАЛАУҒА БОЛМАЙДЫ»

ДӘУРЕН АБАЕВ: 

«АЙМАҚТАРДА ТӘУЕЛСІЗ БАСЫЛЫМДАР ЖОҚ»

ҚР  Ақпарат  және  коммуникациялар  министрі  Дәурен  Абаев  БАҚ  өкілдерін  кәсіби 

мерекелерімен құттықтап, қазақстандық басылымдардың проблемелары туралы ой қозғады. 

Министр қазіргі әлемде ақпараттың маңыздылығын айта отырып, оның өміріміздің барлық 

салаларының өркен жаюына ықпал жасайтынын атап көрсетті.

Сонымен бірге Д.Абаев отандық журналистиканың бірқатар проблемалары туралы да 

айтты. Оның пікірінше, журналистің мәртебесін көтеру, олардың мүдделері мен құқықтарын 

қорғау маңызды мәселе болып табылады. «Мемлекеттік органдардың Бұқаралық ақпарат 

құралдары үшін ашықтығын және қолжетімділігін одан әрі арттыру маңызды мәселе. Себебі 

мемлекеттік бастамаларды уақытында, объективті, шынайы ақпараттандыру республика 

өмірі үшін маңызды»,-деді министр.

Д.Абаев журналистика факультеттерінде оқу бағдарламаларын дамытудың маңызды 

екенін мәлімдеді. Студенттерді әр түрлі басылымдарда тәжірибелік стажировкадан өткізу 

үлесі ұлғаятын болады. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде басталып кетті. Сондай-ақ аймақтық 

басылымдарды дамытуға айрықша көңіл бөлінбекші. Абаевтың пікірінше, көптеген облыстар-

да бәсекелесті және тәуелсіз басылымдардың жоқтығынан жергілікті өзекті проблемалар си-

рек қамтылады.

informburo.kz

6600 АДАМ ЖЕР ТЕЛІМІН АЛДЫ

  Қызылорда  қаласында  жеке  тұрғын  үй  салу  үшін  6600 

азаматқа  жер  телімі  берілетін  болып,  осы  игі  іс  басталды. 

Қызылорда-Жезқазған  тасжолының  бойынан  980  гектар  жер 

бөлінген. Салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 

сөз сөйлеп, жер иелерін қуаныштарымен құттықтады. 

- Бүгін халықтың көкейтесті мәселелерінің бірі шешімін та-

уып, үлкен қуанышқа бөленіп тұрмыз. Биылғы жылы қаланың 

инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымын  дамытуға 

республикалық,  облыстық  бюджеттерден,  Ұлттық  қордан 

қыруар  қаражат  бөлінді.  Осындай  ауқымды  жұмыстың 

арқасында Қызылорда қаласында бүгіннен бастап «Бәйтерек» 

атты жаңа мөлтек аудан дүниеге келді, - деді облыс әкімі.

 «Бәйтерек» деп аталатын бұл мөлтек ауданында 36 мыңға 

жуық тұрғын қоныстанбақшы. Алдағы жоспарда бұл жерге 1 

диагностикалық орталық, 260 төсектік 1 аурухана мен ауысы-

мына 100 келушіге арналған балалар және әйелдерге кеңес 

беру емханасы, ауысымына 200 адам қабылдай алатын 1 ем-

хана, 280 орындық төрт балабақша және 900 орындық 5 мек-

теп бой көтеріп, стадион, мешіт, мәдениет үйі, демалыс саябақ 

құрылысы да жүргізіледі.

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

60 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Астана  күні  қарсаңында  Қызылордада  Титов  мөлтек  ау-

данында  жаңадан  салынған  60  пәтерлік  көпқабатты  тұрғын 

үй  пайдалануға  берілді.    Облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев 

тұрғындарға үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысып, қуанышына 

ортақтасты.  Облыста  мемлекет  қаржысы  есебінен  салынған 

тұрғын үй көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласындағы тұрғын үй 

құрылысы  8 есеге өсті, пәтерге кезекке тұрғандар саны 17%-ға 

азайды. Соңғы үш жылда Қызылорда облысында 8901 пәтер 

салынып, тапсырылса, 2015 жылы облыс орталығында аумағы 

190 мың шаршы метр 2684 пәтерлі  көпқабатты 52  үй салынды. 

Жаңа  60  пәтерлік  тұрғын  үй  құрылысы  «Өңірлерді 

дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Жас 

отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 2014 жылы 

басталған. Жоба құны – 457 млн. теңге. 

«Өңірлерді дамытудың  2020  жылға  дейінгі»  бағдарламасында 

көзделген талаптарға сәйкес келетін қызылордалық 60 жас от-

басы  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  АҚ 

арқылы  4  пайыздық  жылдық  сыйақы  мөлшерлемесімен  15 

жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен алып отыр.

2016 жылы тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд. теңге 

бөлініп, нәтижесінде алдағы екі жылда республикада 29 400 

жаңа пәтер пайдалануға берілуі тиіс.

«ТС» ақпарат

Отбасы үшін бірінші қажеттілік баспана десек, Қызылордада қалалықтардың көптен күткен осы мәселесі 

жан-жақты қолға алына бастады. Соңғы жылдары көпқабатты тұрғынүйлерді пайдалануға беруде қарқынды 

жұмысымен көрінген облыста  10 жылдан аса үзілістен кейін жеке үй салушыларға жер телімін беру басталды.


2

№13(86) 1-15 ШІЛДЕ 2016 ЖЫЛ

«Тіл сақшысы» газетінің

бас редакторы С. Аңсатқа

Құрметті Сәдуақас Әбдіқадырұлы !

Қызылорда  облыстық  ішкі  саясат  басқармасы 

Сіздің  «Ана  тілі»  газеті  редакторының  орынбасары 

Д.Төлебаевтың «Ілеспе аударма қашан қолға алына-

ды?» атты мақаласының маңыздылығы туралы 2016 

жылғы  6  маусымда  облыс  әкіміне    жазған  ұсыныс 

хатыңызға байланысты төмендегіні хабарлайды.

Ілеспе  аударма  мәселесі  –  тіл  саласындағы  өте 

күрделі, әрі маңызды сала екендігі белгілі.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және 

спорт министрлігінің  Тілдерді дамыту және қоғамдық-

саяси  жұмыс  комитетіне  ілеспе  аударма  мәселесі 

жөнінде ұсыныс  жолданды. Сол секілді, облыста өтетін 

шаралар мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін, аударма-

шылар қызметін қажет ететін шараларға Қорқыт Ата 

атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінен 

және  басқа  да  кәсіби  мамандарды  тарту  тәжірибеге 

енгізілгендігін білдіреміз

Басқарма басшысы   

А. ҚАЙРУЛЛАЕВ

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙҒА ОРАЙ

«Тіл  сақшысы»  газетінің  №11  санында 

Әбдіжәлел  Бәкірдің  Парламент  депутаттарына 

арнаған ашық хатын жариялап, Мәжіліс пен Сенатқа 

жіберген  болатынбыз.  ҚР  Парламенті  Сенатының 

әлеуметтік-мәдени  даму  және  ғылым  комитетінен 

төмендегіше жауап келді.

Қазақстан Республикасы Білім 

және Ғылым министрі

Е.Сағадиевке

Көшірмесі «Тіл сақшысы» 

газеті редакциясына



Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына «Тіл 

сақшысы»  газетінің  редакциясынан  келіп  түскен  хат 

қарауыңыз үшін жолданып отыр.

Бұл  хаттың  жауабын  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті Сенатына  және арызданушыға берулеріңізді 

сұраймын.

Қосымша: 2 парақта.

Комитет төрағасы

  А.БИЖАНОВ

2012 жылдан бастап үш тұғырлы 

тіл  Қазақстанның  білім  мен  тәрбие 

жүйесіне  енгізілуде.  Ол  бойын-

ша  бала  -  бақшаның  есігін  ашқан 

үш  жасар  бүлдіршінге  бірден  үш 

тілді  үйрену  міндеті  қойылған.  Осы 

уақытқа  дейінгі  әлемде  баланы  он 

жасқа дейін ана тілінде тәрбиелеп, 

дүниетанымы қалыптасқаннан кейін, 

оның ой-өрісін дамыту үшін алдымен 

қосымша бір тілді, қажет болса 2-3 

жылдан кейін екінші шет тілін үйрете 

бастайды. Бұл әлемдегі қалыптасқан 

үрдіс.  Мысалы,  Францияда  бала 

1-сыныптан  бастап  мемлекеттік 

тілден  емтихан  тапсырады.  Олар-

да  ағылшын  тілі  10-жастан  бастап 

пән  ретінде  ғана  өтіледі.  Жапония-

да балаға 12-жасқа дейін басқа тілді 

оқытпайды. Ал, Қытайда ғылым, тех-

ника,  тіптен  интернет  желілері  де 

қытай тілінде сайрап тұр. 

2016 - 2019 жылға арналған білім 

бағдарламасы бойынша үш тұғырлы 

тіл  1-сыныптан  бастап  пән  ретінде 

енгізбекші.

Ғаламтордан Семейде үш басты 

баланың дүниеге келгенін көрсетіп, 

оның сол аймақта 40 жылдан астам 

уақытта  жарылған  жарты  мыңдай 

атом бомбасының салдарынан пай-

да  болған  мутант  екені  жазылған. 

Ал, Қазақстан қоғамын «үштілділік» 

мутациясының  себеп-салдары  мен 

одан  қалай  құтыламыз  және  одан 

пайда болған клондармен не істейміз 

деген сұрақтар мазалауда?!  



Қазақстандағы үштілділік – ол 

ғылым мен педагогикаға емес, сая-

си этикетке негізделген анахраизм! 

Себебі,  саяси  этикеттің  қауіптілігі 

- онда «сатушы да, сатып алушы да 

алданады» яғни оны ендіріп отырған 

билік те, оқушы да алданады. 

Жоғарыдағы бағдарламада 10-11 

сыныптарда физика, химия, биоло-

гия, информатика пәндері ағылшын 

тілінде, дүниежүзі тарихы пәні орыс 

тілінде оқытпақшы. 

Мемлекеттің  экономикасы  сол 

елдің  ғылымы  мен  техникасына 

тікелей  байланысты  болғандықтан 

дамыған  елдердің  барлығында 

ол  пәндер  өз  тілінде  оқытылады. 

Себебі,  ол  халықты  жаппай  сауат-

сыздандырып,  мемлекеттік  тілдің 

яғни  сол  мемлекеттің  өзінің  даму-

ына  кедергі  болып,  оны  ондаған 

жылдарға кейін кетіреді. Ондай ша-

раларды  өзіне  сенімсіз,  басқаларға 

тәуелді,  болашағы  бұлыңғыр  ел-

дер ғана амалсыздан қабылдайды. 

Себебі, әлемдегі 9 әмбебап тілдердің 

қатарындағы, ең бай, ғылым мен тех-

нология  тіліне  айналған  қазақ  тілін 

кері  кетіргісі  келетін  мәңгүрттердің 

тірлігін  мемлекетке  қарсы  істеліп 

отырған қылмыс деп қаралуы керек. 

Ф р а н ц и я н ы ң   м ә д е н и е т 

министрлігімен  Париж  жанында 

Аттилаға  (б.д.  V  ғ.)  музей  және 

ескерткіш  ашу  (2012),  БҰҰ-да 

«Қазақстан – Мәңгі Ел» (Нью-Йорк, 

2014),  ЮНЕСКО-да  (Париж,  2015) 

«Қазақ хандығының 550-жылдығына» 

халықаралық  конференция  сияқты 

елдің  имидждік  жобаларын,  біз 

(Халықаралық  Адам  институты, 

«Алаш»  тарихи-зерттеу  Орталығы) 

халқымыздың 5700 жылдық бай тари-

хына сүйеніп өткіздік және болашақта 

да  өткіземіз. 

Ал,  жоғарыдағы 

білім  бағдарламасынан  қазақ 

халқының тарихын мүлдем алып 

тастауды, қоғамда ортағасырлық 

инквизицияның  бір  түрі  деп 

түсінуде.  Қабылданбақшы  білім 

бағдарламасы  педагогика  мен 

жаратылыстану  ғылымдарының 

методологияларына  сүйенбеген, 

іске  асыру  механизмдері  зама-

науи  білім  стандарттарына  сай 

келмейтін,  біреулерге  еліктеуден 

пайда  болған  құжат.  Ондағы, 

мемлекеттік  тіл,  мораль,  ұлттың 

менталитеті  мен  дүниетанымы, 

ғылым мен технология, тарих пен 

этнологияға кереғар ұстанымдар 

қоғам  мен  мемлекет  дамуына 

кедергі  келтіретіндіктен,  оны 

қабылдауды  тоқтату  керек.  Осы 

білім  бағдарламасына  байланыс-

ты ортақ жұмыс тобын құру туралы 

Үкіметке  бұрын  да  ұсыныс  (хат  № 

1/628,  22.04.2016) жасалған.

Тілі,  тарихы,  жері  жоқ  ұлт 

та,  мемлекет  те  болмайды!  Бұл 

бағдарламаның  мақсаты  ұлттық 

мемлекеттің тамырына балта шабу. 

Егер оған қол жеткізсе, оның артында 

біржынысты отбастарын заңдастыру 

қалады. Бүгінгі елдегі лаңкестердің 

экстремистік  секталары  да  осылай 

заңдастырылған.

Жалпы,  тоталитарлық  Кеңес 

Одағы да қазақтың тілі мен тарихы-

на тап осындай қиянат жасамады. Өз 

халқына осындай эксперименттерді 

өткен  ғасырдың  30-шы  жылдары 

«жаңа  нәсіл»  шығармақшы  болған 

Германияда да істемепті. Соңғы жар-

ты ғасырда Ливияда 30 жылдай мек-

тептерде осыған ұқсас эксперимент-

тер  жасалған.  Бірақ,  ол  тәжірибе 

елдегі  билік  ауысқасын  тоқтады. 

Ливияның  «тәжірибесінен»  сабақ 

алып, қияли ұрпақ өсірмес үшін бұл 

экспериментті тоқтату керек!

Халықаралық  Адам  институты, 

құрамында ғылымның барлық сала-

сын қамтыған әлемнің 3500 атақты 

ғалымдары  (оның  ішінде  ТОП-500 

және 87 Нобель лауреаттары) істейтін 

Әлемдік инновациялық Қормен (WIF) 

жасалған,  ҚР  30  жылға  жан-жақты 

дамытудың  келісімшарты  аясында, 

отандық мамандардың қатысуымен 

б і л і м д і   ж ә не   и н н о в а ц и я л ы қ 

кластерді  (білім-ғылым-технология-

индустрия-экономика)  дамытудың  

заманауи  бағдарламасын  дайын-

дап, іске асыруға көмек беруге дай-

ын екенімізді хабарлаймыз. 

Құрметпен, 

ӘКІМ  Жанұзақ  –  Халықаралық 

Адам институтының президенті, ҚР 

Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары 

Академиясының корр.-мүшесі;



СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан 

ғалымдар  одағының  Төрағасы,  ҚР 

мемлекеттік сыйлығының иегері, эко-

номика ғылымдарының докторы, ҚР 

Ұлттық Инженерлік Академиясының 

академигі;



ӘУЕЗОВ  Мұрат  –    М.О.Әуезов 

атындағы  қордың  Төрағасы, 

Қазақстан  Республикасының 

Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;



ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстан-

ның  экологиялық  Одағы  мен 

к ә с і п о р ы н д а р ы   « Т а б и ғ а т » 

қауымдастығының Президенті;



ТҰЯҚБАЙ  Жармахан  –  ЖСДП 

Төрағасы,  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері;

ТОҚАШБАЕВ  Марат  -  «Прези-

дент және халық» газетінің Бас ре-

дакторы,  ҚР  ПҒА  академигі,  про-

фессор;


Б А Т Т А Л О В А   З ә у р е ш   – 

«Қазақстанда  парламентаризмді 

дамыту  қоры»  Қоғамдық  қорының 

президенті,  ЖСДП  Президиум 

мүшесі;

Қ А Л Ы Б А Й     Ж а р ы л қ а п   - 

«Жұлдыздар  отбасы-Аңыз  Адам» 

журналының Бас редакторы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.Мүсірепов 

атындағы қордың Төрағасы;                                    



ЖҰМАЛЫ  Расул  –  саясаттану-

шы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі 

Төрағасының орынбасары;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары 

Хан қоғамдық қорының Төрағасы.

Қазақстан  ғалымдары,  ақын-

жазушылары, мемлекет және қоғам 

қайраткерлері атынан:

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазу-

шы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филоло-

гия  ғылымдарының  докторы,  про-

фессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ  Өмірзақ  -  ҚР  ҰҒА 

академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» 

қоғамының Төрағасы;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР 

ҰҒА академигі;



Ө Т Е Л Б А Е В     М ұ х т а р б а й   - 

ҚҰА  академигі,  ҚР  Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ  Көпмағамбет  – 

ауыл шаруашылығы ғылымдарының 

докторы, профессор, академик;

ЕЛЕШЕВ  Рахымжан  –  ауыл 

шаруашылығы ғылымдарының док-

торы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медици-

на және педагогика ғылымдарының 

докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;

ҚАБЫШҰЛЫ  Ғаббас  -  жазу-

шы,  Халықаралық  «Алаш»  әдеби 

сыйлығының лауреаты; 

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар 

Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА 

академигі;

Ж Ұ М А Д І Л О В   Қ а б д е ш   – 

Қазақстан  халық  жазушысы,  ҚР 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ  Дулат  -  жазушы-

драматург,    ҚР  Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ  Софы  -  жазушы, 

Халықаралық  «Алаш»  әдеби 

сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;



ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР 

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреа-

ты, «Жұлдыз» жорналының Бас ре-

дакторы;


АРАЛБАЙ  Нұғман  –  биол. 

ғылымдарының  докторы,  профес-

сор,  «Жаратылыстану  ғылымдары 

және  иновациялық  технологиялар» 

ҒЗИ директоры;

НЕСИПБАЕВА  Калия  –  тарих 

ғылымдарының докторы, профессор;



ҚОЙШЫБАЕВ  Бейбіт-  та-

р и х   ғ ы л ы м ы н ы ң   к а н д и д а т ы , 

«Әділет» тарихи-ағарту  қоғамының  

президенті;



СӘРСЕНБАЙ  Рысбек    -  «Жас 

Алаш»  газетінің  бас  редакторы, 

қоғам қайраткері;

Б А П И   Е р м ұ р а т   -   « Д А Т » 

жобасының  жетекшісі,  қоғам 

қайраткері; 

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам 

қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО 

сыйлығының лауреаты;

АЙҒАЛИҰЛЫ  Е.  -  «Қазақстан-

Заман» газетінің бас редакторы;



ИСА Қазыбек  -  «Қазақ үні» газеті 

президенті, ақын, Халықаралық Алаш 

сыйлығы  лауреаты,  Халықаралық 

Сергей  Есенин  атындағы  сыйлық  - 

«Алтын күз» ордені иегері.

САРЫМ  Айдос  -    Алтынбек 

Сәрсенбайұлы  атындағы  қордың 

жетекшісі,  Қазақ  Ұлттық  Кеңесі 

Төрағасының орынбасары;



ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ 

Елі» газетінің Бас редакторы;



БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» 

жастар қозғалысының лидері;



ЕРҒАЛИЕВА  Гүлжан  –  журна-

лист, қоғам қайраткері;



ҚОСАНОВ  Әміржан  –  қоғам 

қайраткері, тәуелсіз саясаткер;



КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР 

мәдениет қайраткері;



МАМАЙ  Жанболат - журналист, 

қоғам қайраткері;



ҚУАТ    Дәурен  -  «Абай.kz» 

ақпараттық порталының жетекшісі;



ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, 

тарих ғылымдарының докторы;



БЕЙСЕБАЙ  ТЕГІ  Руза  –  қоғам 

қайраткері (Павлодар);



ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

КӨШІМ  Дос  -  «Ұлт  тағдыры» 

қозғалысының төрағасы;



ТАЙЖАН  Мұхтар  -    Болатхан 

Тайжан атындағы қордың президенті;

Түркия,  АҚШ,  Венгрия,  Финлян-

дия, Қазақстан, Өзбекістан, Эстония, 

Қырғызстан,    Әзербайжан,  Ресей, 

Франция,  Түркіменстан  елдерінен  – 

барлығы  6207  мемлекет  және  өнер 

қайраткерлері,  ғылым  докторлары 

мен  профессорларынан  тұратын 

Түрік  және  угро-фин  халықтары 

Конгресі мүшелері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа

 Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке ҚР Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевқа, ҚР Мәжілісінің 

Төрағасы Н.З. Нығматуллинге, Вице-Премьерлерге, Министрлерге, барлық деңгейдегі әкімдерге, Парламент 

және мәслихат депутаттарына, ректорларға, облыстық және қалалық (аудандық) оқу бөлімдеріне, мектептер 

мен бала-бақшалар  директорларына, Қазақстан азаматтарына!

А Ш Ы    Х А Т

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің 

бірі болып табылады. Оны шешудің түрлі жолы бар. Са-

тып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік 

тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді, 

мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана немесе әкімдіктен 

азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу. 



Бұның 

ішіндегі мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алу 

үшін: мемлекеттік қызметкерлер, толық емес отбасы-

лар, ҰОС-ның ардагерлері, 1-2 топ мүгедектері, зейнеткер-

лер, оралмандар,  кәмелетке толғанға дейін ата- анасынан 

айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар, мүгедек ба-

лалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар категория-

лары бойынша құжат тапсыруға болады.



Қажетті құжаттар тізілімдемесі:

- Өтініш;

- Жеке басын куәландыратын құжат немесе паспорт;

- Некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отба-

сы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), 

балалардың тууы туралы куәліктердің (2007 жылғы 13 тамызға 

дейін) көшірмелері;

- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 

азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш 

жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір 

мүшесіне шаққандағы табысы туралы анықтаманы қосымша 

ұсынылады;

-  Мемлекеттік  қызметшілер,  бюджеттік  ұйымдардың 

қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік 

органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланба-

лы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама 

қосымша ұсынады:

- Жалғыз тұрғын үй авариялық жағдайда деп танылған аза-

маттар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын 

ұсынады:

- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және 

техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, 

оқшауланбаған тұрғын үй жайларда екі және одан да көп отба-

сы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы 

аураулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір 

үй-жайда олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш 

берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша 

ұсынады. 


Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 30.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет