№13-14 (218-219) мамыр, 2016 жыл



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

университетi

№ 13-14 (218-219)

мамыр, 2016 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Бізге      жыл!





Университетімізде 

1544 профессор-оқы-

тушылар қызмет 

істейді. Оның  206-сы 

ғылым докторлары, 595-і 

ғылым кандидаттары, 

104 Phd докторы, 639-ы 

аға оқытушылар.



2012 жылы  2053, ал 

2015 жылы  4221 ғылыми 

мақала жарияланды.

*

 31 ғылыми орталық 

пен зертханалар 150 

ғылыми жоба бойынша 

1,7 миллиард қаржы 

игерді.



Университетімізде 

13 факультет, 65  

кафедра, ондаған 

зертханалар жұмыс 

істесе, жүздеген оқу 

лабораторияларында 

дәрістер өтеді.  



Жыл сайын 

университетті 3-3,5 

мың адам бітіріп 

шығады. 2015 жылғы 

түлектердің жұмысқа 

орналасу көрсеткіші 87 

пайызды құрады.



2014 жылы 

өткізілген жәрмеңкеге 

140 компания мен 

кәсіпорындардың 

өкілдері қатысса, 2015 

жылы қатысқандар 

саны  230-дан асты.

Университет тарихы  – ол  Сенің, Астананың, Еліміздің тарихы!

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен және тікелей қолдауымен құрылған  Лев Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына  20 ЖЫЛ  толып отыр. 

Елбасы Ақмола қаласындағы шағын екі жоғары оқу орнының басын қосып Лев Гумилев атындағы Еуразия университетін құру  

туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері өткен жиырма жыл ішінде университетімізде басшылық қызметте болған ректорлар мен 

ұйымшыл еңбек ұжымының аз уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктері мен жеңістері қомақты. Соның арқасында халықаралық, 

республикалық рейтингілер мен сараптауларда лайықты орындардан көрініп, еліміздегі жоғары оқу орындары арасында топ бастап, 

көптеген байқаулардың жеңімпазы атанды.

Құрметті  профессор-оқытушылар,  студент-жастар,  сала  қызметкерлері!  Сіздерді  мәртебелі  мерейтойларыңызбен  құттықтай 

отырып, халқымыз «инемен құдық қазғандай» деп бағалаған білім мен ғылым саласындағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс 

тілеймін!  Биік мақсаттарға жете беріңіздер!

Ректор 

Ерлан  СЫДЫҚОВ                                                                           



2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 13-14 (218-219), 

мамыр, 2016 жыл

Мерекелік  құттықтаулар!

 

Сондай-ақ ресми жолдаулар 



қатарында  Испаниялағы Коре-

левалық экономика-қаржы ака-

демиясы, МГУ бастаған 139 оқу 

орындарының басын қосып 

отыр 

ған Университеттердің еу-

разиялық 

ассоциациясының  

Ха лық аралық 

Университеттер 

Консорциумы атынан  Ужгород 

ұлттық университеті /Украина/, 

Бабеш-Боян университеті 

/Ру   мы ния/,  Луис  ұлттық  уни-

верситеті /Польша/,  М. Ромарис 

атындағы университет /Литва/, 

Братислав ұлттық университеті  /

Словакия/  ректорларының қол-

дары қойылған құттықтаулар келіп 

түсті.

Сонымен бірге:

– ҚР Еліміздің Мәдениет және 

спорт министрі  А. Мұхамедиұлы;   

–  Қазақстан  Республикасы 

 

Парла менті Мәжілісінің  депутаты, 

«Қазақстан машина жасаушылар 

 

Одағы» басқарма  төрағасы 

М.Пішембаев; 

– Қазақстан  Рес публикасы   Кә-

сіподақтар  Федера циясының  төр -

аға  сы  Ә.  Құсайынов; 

–  «Қазақтелеком» АҚ Басқарма 

төрағасы Қ. Есекеев

және т.б. да  елімізге  аттары  мәлім 

қоғам қайраткерлері университеттің 

мерейтойымен құттықтап, универ-

ситет ұжымына  ынтымақ пен бірлік, 

еңбекте қомақты табыс,  ғылымда  

тың жаңалықтар,  еліміздің дамуына  

қосар үлестері арта  берсін деген 

тілектерін жеткізді.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және  

Өкілетті  Елшіліктер:

– Ирак Республикасының Қазақстан Республикасы – Астана 

қаласындағы Елшілігінің  Сенімді Өкілі Юнус Салим Сархан;

–  Иордан   Хашимит  Корольдігінің   Қазақстан 

 

Республикасындағы  Төтенше және  Өкілетті  Елшісі  Ахмад  Иннаб;

–  Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы  

Төтенше және  Өкілетті  Елшісі Юрийс Погребнякс;

–  Корей Республикасы Елшілігі Корей  мәдени орталығының 

директоры  Ли Дэ Вон  

Лев   Николаевич    Гумилев атындағы   Еуразия  ұлттық   университетін 

20 жылдық мерейтойымен  шын жүректен  құттықтап, білім мен 

ғылым ордасының  шаңырағына, профессорлар мен оқытушылар 

құрамына, оның ішінде студенттерге жаңа шығармашылық 

табыстарға жете берулеріне тілектестіктерін білдірген 

 

жеделхаттарын  жолдады.  

Күн сайын университетіміздің  20  ЖЫЛдық  мерейтойымен арнайы құттықтаған, ақ тілектер жазылған телеграммалар мен ресми жолдаулар 

тасқыны толастар емес. Онда  мемлекетіміздің болашағына қажетті сапалы мамандар дайындап, ғылыми-зерттеу саласында айтарлықтай 

табыстарға жетіп, халық шаруашылығы саласының өркендеуіне, индустриалды-инновациялық саланың дамуына университетіміздің қосып 

отырған жетістіктері жан-жақты айтылған. Білікті де білімді профессор-оқытушылар құрамы, кәсіби менеджмент, білімге ұмтылған 

студенттер – осының бәрі жиналып келіп – ел мақтан ететін  оқу ордамыздың мәртебесін биікке көтеріп отырғандығына тоқталады.

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 13-14 (218-219), 

мамыр, 2016 жыл



1996 жылы 23 мамырда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен  Ақмола  

мемлекеттік университеті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті болып қайта құрылды.

2000 жылы 24 қазанда ҚР Үкімет қаулысымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

университетіне мемлекеттік университет мәртебесі берілді.

2001 жылы 29 маусым ҚР Үкімет қаулысымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

мемлекеттік университетіне ұлттық университет мәртебесі берілді.

2001 жылы 5 шілдедегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне айрықша мәртебе берілді.  

Біздің ректорлар!

Тарих    ғылымдарының 

док  торы, профессор. 

1996-2000 

жылдары  

Л.Н.Гумилев атындағы  Еу-

ра  зия  универ ситетінің  рек -

торы. 2007 жылдан Еура-

зия гуманитарлық инсти-

тутының  ректоры.

Мемлекет 

және 

қо-


ғам  қайраткері,  ғалым, фи-

лология 


ғылымдарының 

докторы, профессор.

2000-2004  жылдары  Ас-

та  на  дағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің ректоры. 

Заң  ғылымдарының  док      -

торы  профессор. 2008-2011 

жж.  Елбасының  Жар лы ғы-

мен Еуразия ұлттық уни вер-

ситетінің  ректоры  бо  лып 

тағайындалды. ҚР Пар 

ла-


менті Мәжілісінің депутаты.

Тарих ғылымдарының док-

торы, профессор. 2011 жылдың 

26  шілдесінде  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 

өкімімен Л.Н.Гу ми лев атындағы 

Еу разия ұлттық универ ситетінің 

ректоры болып тағайындалды.



Амангелді  Құсайынұлы 

ҚҰСАЙЫНОВ

Мырзатай  Жолдасбекұлы 

ЖОЛДАСБЕКОВ

Бақытжан 

ӘБДІРАЙЫМОВ

Ерлан  Бәтташұлы 

СЫДЫҚОВ

С.М. Киров  атындағы 

Қазақ  мемлекеттік  универ-

ситетін  тә мам даған. Педа-

гогика  ғылым дарының  док-

торы, профессор. 2004-2008 

жылдары  Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің ректоры

Сәрсенғали  Әбдіғалиұлы 

ӘБДІМАНАПОВ 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен құрылған Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне басшыны  Елбасы өз Жар-

лығымен  тікелей тағайындайды. Бұның өзі Еуразия ұлттық университетіндегі жүргізіліп отырған білім мен ғылым саласындағы жұмыстарға мемлекетіміздің  ерек-

ше сенім танытып, үлкен жауапкершілік артып отырғандығын көрсетеді.

Бабаларымыз «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шықты» деп айтқандай, сол таңдау өткен жиырма жыл ішінде елімізге танымал, білім мен ғылым саласында мол 

тәжірибелері бар Амангелді Құсайынов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәрсенғали Әбдіманапов, Мырзатай Жолдасбеков, Бақытжан Әбдірайымов және қазіргі ректо-

рымыз Ерлан Сыдықов сынды азаматтарға түскен еді. Университетімізді кезең-кезеңмен басқарған абыройлы азаматтар жоғары оқу ордасындағы білім мен ғылым 

саласының дамуына, материалдық-техникалық базасының нығаюына өлшеусіз үлес қосты. Атап айтсақ, жаңа оқу корпустары мен жатақханалар бой түзеді. Сапалы 

мамандар дайындаумен қатар ғылыми-зерттеу салаларына айрықша көңіл бөлініп, өндіріс орындарымен тікелей байланыс орнатылып, жаңа технологиялар мен 

инновациялық жаңа бағдарламаларға жол ашылды. Алғашқы күндерден-ақ университетімізге елімізге танымал ғалымдар  шақырылып, шетелдік белгілі оқу орында-

рымен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнады. Соның арқасында профессор-оқытушыларымыз бен студенттер, магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік 

білім жүйесінің заманауи үздік үлгілерімен танысуға мүмкіншілік алды. Өткен жылдар ішінде университетімізді бітірген мыңдаған мамандар ел үкіметі құрамын-

да, парламент, мәслихат депутаттары, үлкен фирмалар мен кәсіпорын басшылары болып қызмет істеуде. Әрине, айта берсек осы жиырма жыл ішінде атқарылған 

жұмыс тар ұшан-теңіз.  Алда атқарылар жұмыстар одан да ауқымды. Ең бастысы 20  жылдық мерейтойын тойлап отырған  Лев Гумилев атындағы ұлттық универси-

теттің тізгінін ұстап, өздерінің тынымсыз қызметтерімен Президентіміз бен Ел сенімінен шығып отырған азаматтарымызды «Біздің  ректорларымыз!» деп ұжым 

қашан да мақтанышпен айтады. Тақыр жерге тал егіп мәуелі баққа айналдырған, еліміз үшін ең үлкен капитал – білім мен ғылымның дамуына үздіксіз еңбек етіп, 

үлкен ұйымдастыру шараларын атқарып жүрген жандарға бұдан асқан  мәртебе болмас!


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 13-14 (218-219), 

мамыр, 2016 жыл

Білім және ғылым

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.  

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен 

адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай 

болмасқа керек.

 Әбу Насыр әл-Фараби

География  ғылым дарының 

док  торы,  про фессор, ҚР 

ҰҒА академигі, Халықаралық  

жоғары мектеп ғылымдарының  

«Экология», ҚР Білім 

академияларының академигі.

ҚР Президенті жанындағы 

отбасы және әйелдер істері 

жөніндегі ұлттық комиссияның 

мүшесі.


Бейсенова 350-ден астам 

ғылыми еңбектің, оның ішінде 

20 монография, географиялық 

атлас пен оқулықтардың авторы. 

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сый-

лықтың лауреаты,   «Құрмет», 

«Парасат»   ордендерімен 

марапатталған. 

Биология  ғылым да  ры ның 

докторы, про фессор. ҚР ҰҒА 

академигі. ҚР Жоғары мектеп ҒА, 

Халықаралық Жоғары мектеп Ғы-

лым ака демиясының академигі.

300-ден астам ғылы ми 

еңбектің, оның ішінде ағылшын 

тіліндегі монографиялардың және 

жоғары оқу орындарына арналған 

қазақ тіліндегі жалпы және 

молекулярлық генетика бойынша 

оқу лықтардың  авторы.

Ұлыбритания Корольдық қоға-

мының П. Капица атындағы сый-

лығының лауреаты. ҚР білім беру 

саласының құрметті қызметкері.  

1958 жылдан Абай 

атындағы Қазақ педагогикалық 

институтында 30 жыл бойы 

доцент, профессор, филология 

факультетінің деканы, қазақ 

әдебиеті кафедрасының 

меңгерушісі, институт 

ректорының оқу ісін басқаратын 

орынбасары қызметтерін 

атқарды. Қазақ КСР ғылым 

академиясының М.О.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер 

институтының директоры болып 

істеді.  Филология ғылымының 

докторы, профессор, КСРО 

Педагогика ғылымдары 

академиясының корреспондент-

мүшесі,  ҚР ҰҒА  академигі, 

Қазақстан және Қырғызстан 

Республикалары ғылымының 

еңбек сіңірген қайраткері. 

Ғалым, философия ғы лым-

дарының  док то ры, профессор, 

ҚР ҰҒА академигі және ви-

це-президенті, Қазақстандағы 

диалектикалық логика мек-

тебінің негізін салушы.

Ш. Құдайбердіұлы, 

А.Байтұрсынов, М. Дулатов, 

М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов 

шығармаларын зерттеп, 

оларды ақтау мәселесімен 

айналысқан арнаулы комис -

сияларды басқарған.

2006 жылдың желтоқса-

нынан бастап Л. Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің профессоры. 

ҚР Президенті жанындағы 

мемлекеттік саясат 

жөніндегі Ұлттық Кеңесі 

комиссиясының мүшесі.

Әдебиеттанушы, фоль-

клорист. Филология ғы-

лым дарының  докторы, про-

фессор, ҚР ҰҒА  академигі, 

Дүниежүзілік Шыңғысхан 

ака де миясының  академигі, 

Халықаралық Айтматов ака-

демиясының академигі.  

Қазақстан Компартиясы 

Орталық Комитетінде кон-

суль тант қызметіне тағайын-

далып, әдебиет және өнер 

саласына жауапты болған. 

Астана қаласындағы 

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық 

университетінде «Еуразия» 

ғылыми орталығын, 

шығыстану факультетін 

ұйымдастырып, басқарған. 

Физика-мате мати-

ка  ғы  лымдарының  док-

торы, профессор, ҚР 

ҰҒА академигі. Мәскеу 

мемлекеттік  универси те-

тін бітірген. 

Еуразия ұлттық уни-

верси тетінде  ғылыми-

зерт  теу  орталығының 

же   тек  шісі, Мәскеу  мем-

ле кет тік  уни верси теті нің  

Қазақстандағы бөлімшесі 

директорының орынбасары 

қызметін атқарады.

160-тан астам ғылыми 

жарияланымның, оның 

ішінде 2 монография-

ның авторы. 5 патенттің 

иегері.

Әдебиет  зерттеушісі, 



сыншы, жазушы, 

ҚР ҰҒА академигі. 

Қазақ Совет 

Энциклопедиясының Бас 

редакторы. Зерттеу ең-

бек тері қазақ әдебиеті мен 

драматургиясының тарихына, 

теориясына, оның жанрлық 

жүйесі мен поэтикасына 

арналған.

“Трагедия  табиғаты” 

еңбегінде М.Әуезовтің 

драматургиясын саралап,  

“Талант тағдыры” зерттеу 

еңбегінде  алғашқы режиссер, 

көрнекті драматург 

Ж.Шанин мұрасын 

жан-жақты қарастырды.  

“Айдын”, “Телағыс”, 

“Қазақ революциялық 

поэзиясы” трилогиясы үшін 

мемлекетіміздің жоғарғы 

сыйлығын алды.

Рымғали  НҰРҒАЛИ 

ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының иегері

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ

ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының иегері

Мұхтарбай ӨТЕЛБАЕВ

ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының иегері

Рахметқажы

 БЕРСІМБАЙ

Жабайхан ӘБДІЛДИН

ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының иегері

Серік  ҚИРАБАЕВ 

ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының иегері

 

Әлия 

БЕЙСЕНОВА

Тіл білімі маманы, 

филология ғылымдарының 

докторы, профессор, ҚР 

ҰҒА академигі, ҚР білім 

беру ісінің үздігі. 1999 жыл-

дан Л.Гумилев атындағы 

Еуразия университеті жалпы 

тіл білімі кафедра сының 

меңгерушісі. “Қазақ грамма-

тикасы” атты академикалық 

еңбектің (авторы. 600-ге 

жуық ғылыми еңбегі жария-

ланған, оның ішінде 15 мо-

нография бар.

Мырзатай 

СЕРҒАЛИЕВ

Ғалым, философия ғы лым­

дарының докторы, про фессор, 

ҚР   ҰҒА  академигі,  абайта­

нушы, қоғам қайраткері, ғалым, 

жазушы, ұстаз.

Семей педагогикалық 

инсти тутының филология 

факультетін  бітір ген.

Әл­Фараби атындағы 

ҚазМУ­дің философия және 

саясаттану факультетінің де­

каны қызметтерін атқарған.  

Қазақстан Республикасы 

Парламент Сенатының депута­

ты болды.



Ғарифолла 

ЕСІМОВ

Шығыстанушы, ғалым, 

тарих ғылымдарының докторы, 

ҚР ҰҒА академигі.  Ташкент  

мемлекеттік уни верситетін 

бітірген. 

 «Қазақстан тарихының» 

бірінші және екінші 

томдарының редакторы, 

әрі жетекші авторы болды. 

Халықаралық «Түркістан» 

энциклопедиясын жазуға 

белсенді түрде қатысты, 

Стамбулда түрік және ағылшын 

тілдерінде шыға рылған 26 

томдық «Түркі халықтары 

тарихы» энциклопедиясын 

әзір леуге қатысты. 1983 жылы 

Қазақстан мемлекет сыйлы-

ғының иегері болды. 



Болат  

КӨМЕКОВ

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 13-14 (218-219), 

мамыр, 2016 жыл

 «Академиктер аллеясы» ашылды

ЕҰУ-дің 20 жылдығына 

орай Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

аумағында «Академиктер  алле-

ясы» ашылды.

Аллеяның  ашылуына универ­

ситет ректоры Ерлан Сыдықов 

бастаған Жабайхан Әбділдин, 

Рахметқажы Берсімбай, Ғарифолла 

Есім, Болат Көмеков, Дихан 

Қамзабекұлы, тағы басқа  ҚР ҰҒА 

академиктері мен  Жандарбек 

Мәлібеков, Ғаділбек Шалахметов, 

 

Серік Негимов, Қаржаубай 



Сартқожа, Қойшығара Салғара, 

Тұрсын Жұртбай сынды 

 

профессор­оқытушылар қатысты. 



Жалпы қалалық сенбілік 

аясында ұйымдастырылған шара­

дан проректорлар Әсемгүл 

Молдажанова, Марат Сырлыбаев, 

Серікжан Қанаев және барлық 

 

факультет декандары мен 



департамент басшылары,  сала 

қызметкерлері тыс қалмады. Ал 

 

ЕҰУ­дің бес мыңнан аса студенттері 



Астана  қаласының көрікті жерлерін 

тазартуға үлестерін қосты. 

Ерекше атап өтерлік жайт, 

жаңадан ашылған «Академиктер 

аллеясы» Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың «EXPO­

2017» халықаралық көрмесіне 

дайындық шараларын жүзеге 

асыру жөніндегі тапсырмалары 

орындалуының бір көрінісі десе де 

болғандай. 

Академик Жабайхан Әбділдин 

«бүгінгі аллеяның ашылуы Ел 

тәуелсіздігінің 25 жылдығы 

мен Елбасы негізін қалаған 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 20 

жылдық мерейтойы қарсаңында 

ұйымдастырылуы үлкен қуаныш 

сыйлады» десе, академик Болат 

Көмеков «бұл ғалымдарға 

көрсетілген құрмет белгісі, 

мұндай саябақ  еліміздің барлық 

оқу орындары мен облыс 

орталықтарында ашылып жатса 

артық емес» дейді. Елтаңба авторы 

Жандарбек Мәлібеков осындай 

идея тастап, оны бүгінгі жалпы 

қалалық сенбілікте жүзеге асырған 

университет ректоры Ерлан 

Бәтташұлына алғыс білдірді. 

Жақсылыққа жаны құмар 

журналистер академиктерді 

ортаға алып, бүгінгі ашылған 

саябақтарымен құттықтап, бірінен 

сұхбат алса, енді бірін суретке түсіріп 

жатты. Әсіресе, «Қазақстан» ұлттық 

телеарнасының тілшілері әрбір сәтті  

қалт жібермей, бейнетаспаға басты. 

«Ойдан ой туындайды" деген рас 

екен, факультет декандары ақылдаса 

келіп «Академиктер аллеясына» 

 

бір түп шырша отырғызуды жөн 



көрдік, біз соған қуанып отырмыз», 

– дейді ЕҰУ физика­техникалық 

факультетінің деканы Әбдіраш 

Ақылбеков ағынан жарылып. Ал 

қаламның орнына қолдарына 

күрек ұстаған академиктер «біз 

отырғызған шыршаның жайқалып 

өсуіне енді  өзіміз жауапты 

боламыз» деп тарқасты. 

Естеріңізге сала кетейік, Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті аумағынан бұған 

дейін 2013 жылы «Университет» 

студенттер саябағы ашылып,  оған 

екі жүз студент 200 ағаш көшетін 

отырғызған болатын. Оның да 

басы­қасында ЕҰУ ректоры Ерлан 

Бәтташұлы жүріп, профессор­

оқытушылар құрамы, Астана 

қаласы Алматы ауданы әкімшілігі 

мен табиғи ресурс және табиғатты 

пайдалану жөніндегі басқарма 

басшылары қатысқан еді.

"Еуразия-ақпарат"

саласындағы тұлғалар

Жазушы, әдеби­

ет зерттеушісі, ғалым, 

филология ғылымдарының 

док  торы,   профессор. Әл­

Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің  

жур   налистика  факуль те    тін 

бітірген.

«Ле  нин  шіл  жас», 

«Со циалистік  Қазақ   с­

тан» газеттерінде  қызмет 

істеген. «Білім және ең­

бек» журналының, «Әл­

ем» альманағының бас 

редакторы.

Астанадағы Еуразия 

ұлттық  универ ситетін­

де 1999 жылдан бастап 

өмір ден қайтқанша қызмет 

атқарды. 

Қазақстанның Еңбек  

Ері.  ЮНЕСКО тұрақты 

өкілі. Орыс тілді қазақ 

ақыны, тілтанушы, сая­

саткер, ядролық қа­

ру­жарақтарды жаппай 

қолдануға қарсы тұрушы, 

Төтенше және Өкілетті 

Елші. Қазақфильм кино­

студиясы сценарлық­ре­

дакцялық алқасының 

бас редакторы. Қазақ 

КСР кинематография 

жөніндегі мемлекеттік 

комитетінің төрағасы. 

Қазақстан Жазушылар 

одағы басқармасының 

бірінші хатшысы болды.

Қазақстандық математик­

алгебраист, физика­

математика ғылымдарының 

докторы. Бүгінгі күні  

«Көп мүшелік алгебрасы, 

Пуассон алгебрасы 

және бос алгебраларды 

дифференциялдау және 

автоморфизмдер» атты 

ғылыми жобаға басшылық 

етуде. Детройттағы Уейн 

университетінде сабақ 

береді. Германияның Макс 

Планка атындағы математика 

институтында дәріс 

оқыған. Жапон математигі 

М.Нагатаның, ағылшын 

математигі П.Конның есебін 

шешкен.

Америка математика 



қоғамының жоғары дәрежелі 

«Мур» сыйлығы иегері. 



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет