12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



жүктеу 0.82 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата14.09.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4.6 «Технология» білім саласы

«Технология» пәні

І. «Технология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері:



Пәнді оқытудың мақсаты:

- еңбек іс-әрекетінде оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын

ескеріп және қоғамның сұранысына орай білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру;

-

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  кәсіби  маңызды  сапаларын



қалыптастыру;

65

- таңдаған  еңбек  іс-әрекетінің аймағы  бойынша  жоғары  деңгейдегі

құзыреттіліктерге жету;

- адамның практикалық іс-әрекетіне байланысты  тұлғаның мәдениетін

қалыптастыру;

- еңбек іс-әрекетіндегі сұранысын дамыту.

Осыған  байланысты  оқушылардың

бейіналды  даярлық

мәселесінің

көкейкестілігі айқындалып, келесі негізгі мақсаттарды көздейді:

- интеллектуалды, рухани және оқушының дене тәрбиесінің дамуы;

-

жоғарғы  сыныптарда  оқушының  қызығушылығын,  сұранысы  мен



мүмкіндігін  ескеріп, өмірлік  және  кәсіби өзін-өзі анықтауға,  оқыту  бейінін

таңдауға, көмектесу.

- оқушыларды болашақ кәсіптік іс-әрекетімен таныстыру.

Пәнді оқытудың міндеті:

жеке 



тұлғалық 

қызығушылықтарын 

шағын

ұжым 


сұранысына

сәйкестендіру сияқты басты құзыреттіліктерін қалыптастыру

– шығармашылыққа  деген қабілеттерін,  рефлексивті  ой-өрісін, өзіндік

талдау мен өзіндік бағалау қабілеттерін дамыту;

тағамды  безендіру,  киімді  модельдеу  мен



құрастыру  барысында

эстетикалық талғамын дамыту;

– оқушыларды  жекеленген  проблемалық жағдайларды  шешуге  тарту

арқылы топтық жұмыс түрлерін қолдану;

– киім тігудің жаңа тәсілдері мен технологиялық операцияларын меңгеру;

– шығармашылық жобаны  орындау  барысында  практикалық біліктілік  пен

дағдыларын жетілдіру;

– ұтымды пікір алмасу қажеттілігіне орай сыни ойлауын дамыту;

– анық емес  жағдайлардың шешімін  табуға,  проблемаларды  болжай  білу

дағдылары, дұрыс шешім қабылдау, ұтымды шешімін таңдауға дайындау;

– экология және кәсіби бағдар беру саласы бойынша білімдерін меңгеру;

– әртүрлі қызмет түрлерін  орындау  барысында  еңбек  және  технологиялық

мәдениетін дамыту;

– басты құзыреттіліктерді  дамыта отырып  арнайы  және  интеллектуалдық

дағдыларын қалыптастыру;

– сөздік қорын толықтыру және оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту

(арнайы терминдерін есте сақтау, технологиялық процесстер);

– шығармашылық жобаны орындауда ғылыми білімдерін пайдалана білу;

– адамның  қызметінің  әр  саласында  шығарылатын  бұйымның нарықтағы

қажеттілігін зерттеу.



«Технология» (қыз балаларға арналған)

І. «Технология» (қыз  балаларға  арналған) пәнін  оқытудың мақсаты  мен



міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты:

еңбек 


іс-әрекетінде

оқушылардың

мүмкіндіктері 

мен


66

қызығушылықтарын ескеріп  және қоғамның сұранысына  орай  білім,  іскерлік,

дағдыларын меңгеру;

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  кәсіби  маңызды  сапаларын

қалыптастыру;

таңдаған  еңбек  іс-әрекетінің аймағы  бойынша  жоғары  деңгейдегі

құзыреттіліктерге жету;

адамның практикалық іс-әрекетіне байланысты  тұлғаның мәдениетін

қалыптастыру;

еңбек іс-әрекетіндегі сұранысын дамыту.



Пәнді оқытудың міндеттері:

жеке 


тұлғалық 

қызығушылықтарын 

шағын

ұжым 


сұранысына

сәйкестендіру сияқты басты құзыреттіліктерін қалыптастыру



шығармашылыққа  деген қабілеттерін,  рефлексивті  ой-өрісін, өзіндік

талдау мен өзіндік бағалау қабілеттерін дамыту;

тағамды  безендіру,  киімді  модельдеу  мен құрастыру  барысында

эстетикалық талғамын дамыту;

оқушыларды  жекеленген  проблемалық жағдайларды  шешуге  тарту

арқылы топтық жұмыс түрлерін қолдану;

киім тігудің жаңа тәсілдері мен технологиялық операцияларын меңгеру;



шығармашылық жобаны  орындау  барысында  практикалық біліктілік

пен дағдыларын жетілдіру;

ұтымды пікір алмасу қажеттілігіне орай сыни ойлауын дамыту;



анық емес  жағдайлардың шешімін  табуға,  проблемаларды  болжай  білу

дағдылары, дұрыс шешім қабылдау, ұтымды шешімін таңдауға дайындау;

экология және кәсіби бағдар беру саласы бойынша білімдерін меңгеру;



әртүрлі қызмет түрлерін орындау барысында еңбек және технологиялық

мәдениетін дамыту;

басты құзыреттіліктерді дамыта отырып арнайы және интеллектуалдық

дағдыларын қалыптастыру;

сөздік қорын  толықтыру  және  оқушылардың сөйлеу қабілеттерін

дамыту (арнайы терминдерін есте сақтау, технологиялық процесстер);

шығармашылық жобаны орындауда ғылыми білімдерін пайдалана білу;



адамның  қызметінің  әр  саласында  шығарылатын  бұйымның нарықтағы

қажеттілігін зерттеу.

ІІ. «Технология» (қыз балаларға арналған) пәнінің базалық мазмұны.



Тағам 

дайындау 

технологиясы.

Тамақтану 

физиологиясы. 

Тиімді


тамақтану.  Дәрумендердің адам өміріндегі  рөлі. Ұлттық тағамдар.  Сүттен

жасалған тағамдар. Асмәзірін құру. Қауіпсіздік ережелері. Жармадан жасалған

тағамдар. Қазіргі  заманауи  ас үй құралдарын қолдану ережелері.  Балықтың

сақтау  мерзімі  және  жағдайы. Ұннан  жасалған өнімдер.  Стол әзірлеу.  Ішкі

ережелер. Санитарлық-гигиеналық талаптар. Жұмыртқадан жасалған тағамдар.

Бутербродтар.  Ботқа.  Балық және  теңіз азық өнімдері.  Ет  және  ет өнімдері.



67

Азық дайындау. Үй  концервілеу.  Тәтті өнімдер.  Еттің бөлінуі.  Ыстық ет

тағамдары.

Мата 

түрлерімен 

танысу.

Матаны


өңдеу 

технологиясы. 

Тігін

машиналарымен  жұмыс.  Мата құрылымы.  Тігін  машина  түрлері.  Киім  және



киімге қойылатын талаптар. Машинамен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік

ережелері.  Сызбаларды  оқу. Өлшем  алу.  Жобалау.  Алшалғышты  моделдеу.

Матаны өндіру технологиясы. Матаны пішуге дайындау. Өнімді технологиялық

өңдеу.  Тігін өнімдерді құрастыру  және  модельдеу  (жейде,  белдемше,  көйлек,

жакет,  кеудеше).  Тігін  машинасын күту,  тазалау  және  майлау. Малдан  табиғи

алынған мата талшықтары. Киімді жобалау және өндіру. Үстіңгі және астынғы

жіптің тартылуы  және  машина  тігісінің сапасы.  Киімді өндіру  ерекшелігі.

Құрастыру және модельдеу. Өңдеу реттілігі. Ылғалды-жылу өңдеу. Мақта мата

талшықтарын зерттеу. Машина тігістерінің түрлері. Киім үлгісін салудың негзгі

кезеңдері. Матаны ылғалды жылылап өңдеу.



Киімді және аяқ киімді күту. Киімді жөндеу. Киімді тазалау. Ұсақ жөндеу

жұмыстарын  жүргізу.  Шартты  белгілер.  (кір  жуу, үтіктеу).  Киімді қолмен

жамау.  Жамаулар  (астарлау,  жапсыру,  сәндік  жапсырма)  Киімді  күту

ерекшеліктері (жүннен, жібек, тері, жұмсақ тері өнімдері).



Сұлулық  құпиясы. Салауатты өмір құпиясы.  Терінің типін анықтау.  Теріні,

шашты, тырақты күту ережелері. Жарасымды, сәнді шаш үлгісін таңдау.



Тұрғын үйдің ішкі көрінісі. Тұрғын үйдің сипаттамалық ерекшеліктері. Ішкі

көрініс  дизайны.  Дизайнер  міндеті. Үйде  жайлы  жағдай  жасау.  Дизайнер

мамандығымен  танысу. Үйді қолданбалы өнер  туындыларымен  безендіру.

Жиһазды күту. Іш көріністегі бөлме өсімдіктері. Ішкөріністегі перде.



Көкөніс шарушылығы – өсімдіктану шаруашылығының саласы.  Маңызды

көкөніс  дақылдары.  Отырғызу. Күту.  Топыраққа  көшіріп отырғызу.  Күнделік

жүргізу. Тұқымдарды отырғызу.

Қолданбалы сәндік өнер.  Ілмекбізбен  тоқу.  Бізбен  тоқу.  Кестелеу.  Кесте

түрлері. Ұсақ моншақпен тоқу. Баудан жасалған өнімдер. Кілем тоқу. Ши тоқу.

Киіз. Батик.

Отбасы экономикасы. Отбасылық бюджет. Жинақтау.

Кәсіптік


қызмет  технологиясы.  Кәсіби

өзін-өзі


анықтау.  Мамандық

әлемінде бейімделу.



Жоба. Жоба  таңдау  және  негізін қалау.  Жоба  тақырыптары.  Жобаның

мақсаты мен міндеті.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

асүйде  санитарлық-гигиеналық

тазалық

талаптары;  ақуыз,  тұз,



дәрумендердің адам ағзасындағы рөлі; матаны өңдеуді таңдау. өлшем алу және

олардың шартты  белгілері;  көйлек,  жейде,  шалбар,  жакет,  кеудеше,  белдемше

пішінінің еркшеліктері;  ет  тағамдарының бөлінуі;  ас  мәзір  түрлері;  жүннен,

ұсақмоншақ,  жіп,  баудан  жасалған  бұйымдар;  формуламен  есептеу;  көркем

өңдеу;  сүттен  және  сүт өнімдерінен  жасалған қазақ ұлттық тағамдар әзірлеу

түрлері; стол жабу; киім және аяқкиім кұту ерекшеліктерін білуі тиіс;



68

ыстық шай,  бутерброд  дайындау;  жұмыртқа  және  көкөністен  жасалған

тағамдар;  киімді құрастыру  және  модельдеу;  сызбаны  оқу; өлшем  жасау;

мамандықтар  саласын  талдау;  асүй  жабдақтарымен  жұмыс  істеу;  асмәзірін

құрастыру;  талдау  жасау; түйіндеме құрастыру;  бұйымды өндіру үшін  кеткен

қаражатты есептеу;  машинаның ақауларын  кетіру; қағаз  сызбаларын пішуге

дайындау;  ботқа әзірлеу, қамыр  кеспеден  жармадан әзірленген  тағамдар;

матаның түріне қарай  жіп  ине  таңдау;  тігістің сапасын  анықтауды меңгеруі



тиіс.

«Технология» (ер балаларға арналған) пәні

І. «Технология» (ер  балаларға  арналған) пәнін  оқытудың мақсаты  мен



міндеттері.

Оқытудың

мақсаты:

технологияны  оқу  оқушыларды  рухани  және

материалдық 

құндылықтарды

өндіретін 

заманауи


өндірістің

негізгі


технологиялық процестерімен  таныстыруға  және  олардың келешекте  кәсіптік

білім  алуына  және  еңбек  іс-әрекетіне қажетті даярлықтарын қамтамасыз  етуге

бағытталған.

Оқытудың міндеттері:

эстетикалық және  экологиялық талаптарды  ескере  отырып,  тұлғалық

және

қоғамдық


маңызды  еңбек

өнімдерін  жасау  бойынша

әртүрлі

технологиялық іс-әрекеттерге тарта  отырып,  технологиялық білімдер  мен



біліктер қалыптастыру;

технологиялық ақпараттарды  іздеуге  және қолдануға,  еңбек өнімдерін

жобалауға  және  жасауға, үй  шаруашылығын  жүргізуге, өзінің  өмірлік  және

кәсіптік  жоспарларын өзіндік  және  саналы  түрде құруға қажетті  жалпы

еңбектік және арнайы біліктерді меңгеру;

оқушылардың танымдық  қызығушылықтарын,  техникалық ойлауын,

кеңістіктік елестетуін, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін

дамыту;


еңбекқорлық, үнемділік, ұқыптылық, мақсатқа ұмтылушылық, іскерлік,

өз іс-әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілік, әртүрлі кәсіптің адамдарына және

олардың еңбектерінің нәтижелеріне сыйластық қарым-қатынас тәрбиелеу;



басқа  оқу  пәндерін  оқып-үйренуде алған  білімдерін,  игерген әмбебап

оқу әрекеттерін белсенді түрде қолдану;

оқып-үйреніп отырған  технологиялармен  байланысты  кәсіптер,  оларға

еңбек нарығындағы сұраныс туралы түсініктер қалыптастыру.

ІІ. «Технология» (ер балаларға арналған) пәнінің базалық мазмұны.



Еңбек қорғауы мен қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері.

Ауылшаруашылық  өндірісінің

техникасы  мен  технологиясы.

Ауыл


шаруашылығының негізгі салалары. Агроөнеркәсіп саласындағы мамандықтар.

Егіншілік шаруашылығы. Мал шаруашылығы.



Машинатану  элементтерін қолдана  отырып құрылымдау  материалдарын

өңдеу технологиясы. Машиналар  мен  механизмдер  теориясы.  Іштей  жану

69

қозғалтқыштар туралы қысқа  мәліметтер.  Іштен  жану қозғалтқыштарының

жұмыс  істеу  принциптері. Қисық тізелі-шатунды  механизм.  Айналшақты-

бұлғақты  механизмнің негізгі  бөлшектері  мен  тораптары.  Төртырғақтық

қозғалтқыштың жұмыс  циклі. Құрылымдау  материалдарын өңдеу  саласына

байланысты  ең көп  таралған  мамандықтардың қысқаша сипаттамасы:  темір

шебері  (токарь),  фрезерлеуші,  сайманшы  (инструментальщик),  тегістеп

өңдіруші (шлифовщик).



Графикалық  құжаттар. Сызбалар,  эскиздер  мен  схемаларды  оқу  және

орындау. Өнімнің  құрастырылуы  мен  жасап  шығару  жолы  ретін  көрсететін

графикалық құжаттар.

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаш ұстасы мен балташы ісі.

Қазіргі заманғы  жиһаз өндірісі. Станоктар  мен  жабдықтар.  Жасанды  және

табиғи ағаш материалдары. Ағаш өңдеу өндірісіне байланысты мамандықтар.



Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қолдана отырып  материалдарды

көркем өңдеу  технологиясы. Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму

тарихы. Ұлттық  қолөнер  мен  кәсіптің дамуы.Қазақ  ұлттық сәндік-қолданбалы

өнерінің түрлері.

Тері, ағаш, сүйек, темір, қыш, шыны, т.б. материалдардың көркем өңдеуі.

Сәндік-қолданбалы

өнерінде

қолданылатын

материалдар  туралы  жалпы

мәлімет.Тері,  ағаш,  сүйек,  темір, қыш,  шыны,  т.б.материалдарды өңдеу

тәсілдері.

Тұрмыстағы  жөндеу  және құрылыс  жұмыстары. Сумен  жабдықтау,

арналық кәріз  жүйелері  мен  сантехникалық  құрал-саймандары  элементтерін

қарапайым жөндеу  жұмыстары. Құлыпты  ойып  орнату.  Терезе  шыныларын

орнату. Әрлеу  жұмыстары.  Сырлау  және  түсқағаз  желімдеу  жұмыстары.

Құрылыс саласындағы мамандықтар.

Электротехникалық

жұмыстар.

Электрқондырғылар  және  олардың

жіктелуі.  Электр қауіпсіздігі.  Электр  тоғынан  зақымдану  кезінде  алғашқы

көмек көрсету.



Қазіргі заманғы өндіріс пен кәсіби және техникалық білім беру жүйесі.

Кәсіптік  және  техникалық білім  алу  жолдары. Кәсіптік  және  техникалық

білім  беру  мекемелері  түрлері.  Аймақтық еңбек және  білім  беру қызметінің

нарығы. Кәсіптік іске заманауи талаптары.

Шығармашылық жоба. Құрылымдау және  іскерлік  материалдарынан  жеке

тұлғаға немесе қоғамға маңызды бұйымдарын жобалау және жасап шығару.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушы:

– еңбекті қорғау бойынша негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық

актілерді;

қол


аспаптармен,  электраспаптармен,  металл  және  ағаш

өңдеу


білдектерінде жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін;

– конструкциялық, жасанды  материалдардың түрлерін  және қасиеттерін,

оларды өңдеу технологияларын;


70

– конструкциялық, табиғи  және  жасанды  материалдарды  көркемдеп өңдеу

туралы жалпы мағлұматтарды;

– шығармашылық

жобаларды 

орындауда

конструкциялау

және


модельдеуді;

– кәсіптік  білім  алу  және  еңбекке  орналасу  жолдары  туралы  ақпарат  алу

көздерін;

– өндірістің негізгі  салаларын,  конструкциялық материалдарды өңдеу,

олардан бұйымдар әзірлеу, агротехнологиямен байланысты кәсіптерді

білуі/түсінуі;

– технологиялық мәдениеттің ролі және оның компоненттері;

– заманауи қоғамдағы техника мен технологияның ролі және олардың даму

үрдістері;

– энергияны,  материалдарды үнемдеуші, қалдықсыз  және  тағы  да  басқа

перспективті технологиялар;

– технологияны қолданудың әлеуметтік және экологиялық салдарлары;

туралы түсінігі болуы;

– еңбек мәдениетін;

– жаңа  техникалық шешімдерді  іздеудің, шығармашылық жобалық іс-

әрекет өнімдері мен  нысандарын  графикалық модельдеудің  құралдары мен

әдістерін;



меңгеруі:

– жұмыс орнын ұйымдастыра;

– технологиялық, экономикалық және эксплуатациялық  қасиеттерін  ескере

отырып  материалдарды,  оларды өңдеу үшін үлгі,  сурет,  эскиз,  сызба  бойынша

аспаптарды, саймандарды, еңбек құралдарын таңдай;

– материалдарды

өңдеудің

заманауи


әдістерін 

және 


бұйымдарды

даярлаудың инновациялық технологияларын қолдана;

– технологиялық операцияларды анықтай және орындау;

– графикалық  құжаттарды  оқи  және  рәсімдей,  технологиялық  құжаттарды

жасай;

– конструкциялау  және  модельдеу  принциптері  мен әдістерін  анықтай,



бұйым композициясы ерекшеліктерін ажырата және қолдана;

– тауарлар  мен

қызметтердің

тұтынушылық  қасиеттерін  бағалауды,

бұйымдарды даярлау және оларды өткізу бойынша іс-әрекет жоспарын құра;

– технологиялық іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді  шешу әдістерін

қолдана;

– әртүрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлай;

– аймақтық ерекшеліктерді  ескере  отырып  кәсіпкерлік  іс-әрекеттің мүмкін

нысандары мен қызметтерін таңдай алуы тиіс.



4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы

«Дене шынықтыру» пәні

І. «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



71

Оқытудың мақсаты – өз денсаулығын  сақтау  барысында  оқушылардың

бойында  тұрақты  себептер  мен қажеттіліктерін  және  жеке  гигиеналық

тазалықтарын  сақтау әдеттерін қалыптастыру,  физикалық және  психикалық

қасиеттерінің толық дамуын,  салауатты өмір  салтын ұйымдастыруда  дене

шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып

табылады.



Оқытудың міндеттері:

қозғалыс-қимыл түрлерінің базалық және қолданбалы негізін үйрету;



координациялық  (кеңістікте  бағдарлай  білу, қимыл қозғалыстарын

қайта реттеу,  белгіні  сезінудің жылдамдығы  және дәлдігі, қимыл  келісімі,

ырғақ, тепе-теңдік,  негізгі қозғалыс  параметрлерінің  үйлесімі  және  дәл

орындалуы)  және  кондициондық  (жылдамдықты-қуаттылық,  жылдамдық,

төзімділік,  күштілік,  шыныққандық және  икемділік) қабілеттерін әрі қарай

дамыту;

дене шынықтыру жаттығулары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды

үйрету;

білім  алушылардың жас  және  жыныстық ерекшеліктеріне  сәйкес

олардың дене бітімінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру;

оқушылардың денсаулықтарын  нығайту,  негізгі  физикалық  (дене

шынықтыру) қасиеттерін жетілдіру;

жалпы 


дамыту 

және 


жалпы 

сауықтыру 

бағытындағы 

дене


жаттығуларын,  базалық спорт  түрлерінің іс-қимыл әдістерін,  техникалық және

тактикалық  қимылдық  әрекеттер  тәжірибесін  байыту,

қимыл-қозғалыс

мәдениетін қалыптастыру;



дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың тарихы, қазіргі  дамуы

және дене шынықтыру құралдары арқылы салауатты өмір салтын ұйымдастыру

мен  денсаулықты  нығайту  тәсілдерінің формалары  туралы  білім  ауқымын

кеңейту;

жеткіншектің бойындағы  оң  қасиеттерді  дамыта  тәрбиелеу,  оқу  және

жарыс әрекеттерінде ұжымдық  өзара әрекеттестік  пен  ынтымақтастықтың

межелерін сақтау.

ІІ. «Дене шынықтыру» пәнінің базалық мазмұны

Теориялық

мәліметтер.

Бағдарлама

үш  тараудан  тұрады:  «Дене

шынықтыру  туралы  білім»  (ақпараттық компонент),  «Дене  бітімін  жетілдіру»

(әрекеттік  компонент)  және  «Дене  шынықтыру  дайындығы  деңгейіне

қойылатын талаптар» (мотивациялық компонент).



Жеңіл атлетика

Жүгіру техникасын  жетілдіруге  бағытталған  арнайы  жаттығулар.  Жоғары

және  төменгі  старт  (сөре).  Екпінді  старт  (сөре).  100  метр қысқа қашықтыққа

жүгіру. Эстафеталық жүгіріс.

Секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар.

Биіктікке, ұзындыққа секіру кезіндегі жеке жылдамдық екпінін таңдау.



72

Лақтыру техникасын  бекітуге  бағытталған  арнайы  жаттығулар.  Екпіндей

жүгіріп, 500  гр  (қыз  балалар),  700  гр  (жігіттер)  гранатаны  толық  үйлесіммен

алысқа лақтыру.

Гимнастика



Саптық жаттығулар. Орнында  тұрып  айналу қимылдары.  Оқушының

жеке  дене  дамуы  ерекшеліктерін  ескеріп,  оның дене  мүсінін қалыптастыру,

тыныс  алу,  дене  салмағын  реттеу,  дене  бітімі  сымбатын  дамытуға  және

гимнастиканың дәстүрлі емес түрлерін реттеуге арналған кешенді жаттығулар.



Акробатика. Жеке  физикалық және  техникалық дайындықтарды  ескере

отырып,  бұрын үйренген  элементтері  бойынша құрылған  гимнастикалық

комбинация. Хореография  және  ырғақты  гимнастика  элементтерімен  бұрын

меңгерген жаттығулардан тұратын еркін комбинация.



Тіреп секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар.

Белтемір; Қос сырық (ер  балалар). Түрлі  биіктікті  сырық (қыз  балалар).

Бөрене.  Тепе-теңдік  жағдайындағы  жаттығулар  (қыз  балалар).  Арқанмен

өрмелеу (ер балалар).

Тартылып асылу. Қолмен іліне тартылып, күшпен тіреп көтерілу.

Бұрын  меңгерген  жаттығуларды  жетілдіру,  еркін  комбинацияларды құру

және орындау. Жартылай отырып тірелу. Бір аяқпен серпіле айналу. Екі аяқты

аша  серпіле  секіру.  Тіреу  орнын  ауыстырып  жасалатын  жаттығулар:  жүру,

секіру, айналу түрлері; үйренген 3-4 кешенді (комбинациялық) жаттығулар.

Екі арқанда аяқтың көмегінсіз өрмелеу; бір арқанда жылдамдықпен аяқтың

көмегімен өрмелеу.

Шаңғы дайындығы

Шаңғымен  жүру  техникасын  жетілдіруге  арналған  арнайы  жаттығулар.

Жалпы дене дайындығы жаттығулары.

Сырғанай қадамдап, өрге көтерілу. Конькимен жүріс. Табиғи кедергілерден

шаңғымен өту.  Шаңғымен  төмен  ылдилау.  Бүйірімен  сырғанай,  тірене  тежеу.

Шаңғы жарысының тактикалық элементтері.

Кросс дайындығы

Арнайы дене шынықтыру және техникалық дайындық жаттығулары.

Кедергілер  арқылы  секіру,  ойлы-қырлы жерлермен  жүгіруді  жүрумен

ауыстыра отырып жүгіру, секіру, жүру, кросстық жүгіріс.

Спорттық ойындар

Футбол, Волейбол, Баскетбол, Гандбол

Допты  алып  жүру,  алаңдағы  орын  ауыстыру  техника  тәсілдерін  бекітуге

және  жетілдіруге  бағытталған  арнайы  жаттығулар.  Жалпы  дене  дайындығы

жаттығулары.

Ойыншының  қорғаныс  пен  шабуылдағы  жеке әрекеттері.  Шабуылдағы

және


қорғаныстағы  топтың

және  команданың

техникалық-тактикалық

әрекеттері.

Қақпашының

техникалық-тактикалық 

әрекеттері. 

Спорттық


жаттықтыру ойындары.

Топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері.

Жүзу


73

Жүзу  жарыстарының тактикалық элементтері:  сөре,  арақашыққа  күшін

есептеп бөлу, алға шығу, мәреге жету.

Үйренген тәсілмен  (Кеудесімен құлаштап  жүзу,  шалқалай  жатып  жүзу,

брасс) арақашықтыққа жүзіп өту.

Ұлттық


спорт  түрлері.

Мәдени-этникалық

бағыттағы  ойындар  мен

жаттығулар: «Тоғыз құмалақ».

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

дене  шынықтыру  жаттығуларын  орындау  техникасына  бақылау

әдістерін,  дене  шынықтыру  жүктемесінің ережесін  (жүрек  соғысының жиілігі

бойынша),  сабақ барысындағы  көңіл-күйін  (ішкі  және  сыртқы  нышандарына

қарай);

күн тәртібіндегі дене шынықтыру жаттығуларының рөлін;



ағза


жүйесінің

функционалды  жағдайына  дене  шынықтырудың

ықпалын білуі/түсінуі тиіс.

денсаулықты  нығайтуда  дене  шынықтыру  мен  спортты  жетілдіру

қажеттілігін, өзінің  қызығушылығын  ескеріп, жеке  дене  шынықтырумен

айналысудағы жоспарын құруды;



гимнастикалық,

акробатикалық,

жеңіл  атлетикалық

жаттығуларды

(комбинацияларды), 

спорттық

ойындардағы 

техникалық-тактикалық

әрекеттерді орындауды;



дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздікті сақтауды;



бағдарламалық спорт  түрлерінің бірі  бойынша  мектептік  жарыстарда

төрешілік жұмысты атқаруды меңгеруі тиіс.

«Жылдамдық.



Күш.  Төзімділік  (кез  келген  жаттығу  таңдалып

алынады). Қимылдарды үйлестіру»  дене қимылдарының  қасиеттерін  көрсетуі

тиіс.


Меңгерген  білімі  мен  біліктілігін  күнделікті өмірде  және  практикалық

әрекетте қолдануы тиіс:

Іс-әрекетке

қабілеттілігін

артыруды,  денсаулықты  нығайту  мен

сақтауды;

бұқаралық-спорттық

жарыстарға

қатысу 


және 

жеке,


ұжымдық

жанұялық демалысты өткізу мен ұйымдастыруды;



салауатты

өмір  салтын

қалыптастыру  мен  таңдауда,  белсенді

шығармашылық әрекеттерді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет