12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



жүктеу 0.82 Mb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата14.09.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Информатика» пәні

І. «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Оқытудың мақсаты:

оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;



оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;



оқушыларға  ақпараттандыру құралдарын,  ақпараттық технологияларды

меңгерту;

оқушыларды өмірге, еңбекке жəне білімдерін жалғастыруға даярлау.



Оқытудың міндеттері:

қазіргі  тандағы əлемнің  ғылыми  бейнесін құрудың негізін құрайтын,

ақпарат ұғымын қалыптастыру;

қоршаған  ортаны  жаңа  ақпараттық тұрғыдан  зерттеу  көзқарасын

қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында

қарастыру;



қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау;



оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілетін арттыру;



тиімді  шешімдер  таңдай  білуге  бағытталған,  оперативті  ойлай  білуді

қалыптастыру;

ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім,

білік жəне дағдыларды қалыптастыру жəне оларды дамыту;

формалдау,  модельдеу,  компьютерлік  тəжірибе  жəне  т.б ғылыми

танымның жаңа əдістерімен қаруландыру;

оқушыларды еңбекке, кəсіби қызметке жəне т.б даярлау.

ІІ. «Информатика» пәнінің базалық мазмұны.

Ақпарат  және  ақпараттық  үдерістер. Біздің  өміріміздегі  ақпарат.

Ақпарат  және  ақпараттық  үдерістер.  Компьютердің негізгі құрылғылары,

олардың  қызметі  және  жұмыс  істеу

үдерісінде

өзара  байланыстары.

Операциялық жүйе. Қолданбалы программалық қамтамасыз ету туралы түсінік.

Компьютер  арқылы  хабарламаны

қабылдау  және  жіберу.  Компьютер.

Ақпараттарды өндейтін құралдармен  танысу:  мәтіндік  редактор,  графикалық

редактор, калькулятор.



Ақпараттық технологиялар. Мәтіндік  ақпаратты өңдеу  технологиясы.

Графикалық

ақпаратты

өңдеу  технологиясы.  Сандық

ақпаратты

өңдеу


технологиясы. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу технологиясы. Презентация.

Компьютердің арифметикалық және логикалық негіздері.

Модельдеу және формальдау

.

Алгоритмдеу және программалау.

57

Телекоммуникация. Компьютерлік  коммуникация. Интернет. Интернеттің

ақпараттық ресурстары. Ақпарат алмасу. Информатика және қоғам. Ақпаратпен

жұмыс істеудің адамгершілік-этикалық нормалары.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.



Оқушылар:

информатика пәні нені оқытатынын;

ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

ақпараттың өлшем бірлігін;

компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

компьютердің

программалық  қамтамасыз  етуінің

міндеттері  мен

түрлерін;

операциялық жүйе ұғымын;

операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;

Windows  операциялық жүйесінің стандартты қосымшаларында  жұмыс

істеу тәсілдерін;

есептеуіш техниканың даму тарихын;

компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттерін;

вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;

мұрағаттау міндеттерін;

слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;

компьютерлік  байланыстардың түрлерін;  интернетте  ақпаратты  іздеу

әдістерін; электрондық поштаны пайдалану салаларын;

компьютердің жады құрылғысын;

позициялық санау жүйелерінде сандарды ұсыну қағидаларын;

сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару ережесін;

сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау ережесін;

электрондық кестенің міндеттері мен мүмкіндіктерін;

деректер қорының ұғымы мен құрылымын;

сканер және сканерлеу бағдарламаларының міндетін;

графикалық редактор құралдарымен векторлық және растрлық графиканы

өңдеу тәсілдерін;

бейне ақпараттарды өңдейтін программалардың мүмкіндіктерін;

алгоритм ұғымын;

қадамдап бөліктеу әдісінің мәнін;

негізгі алгоритмдік конструкциясының құрылымын;

деректердің негізгі  типтерін  және құрылымын,  программалау  тілінің

операторларын;

тармақталған және циклдік алгоритмдік құрылымдарды қолдануын;

тармақталу алгоритмдерді программалау операторларын;

циклды программалау операторларын;

символдық деректерге қолданылатын операцияларын;


58

модель және модельдеу ұғымдары мен тәсілдерін;

Web-беттерді құру бойынша редакторлар мүмкіндіктерін білуі тиіс;

қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерді;

ақпараттық

объектілері  мен  процестердің

сандық

параметрлерін



бағалауды;

ақпаратты тарату жылдамдығын;

компьютердің стандартты графикалық интерфейсін қолдануды;

Windows  операциялық жүйенің стандарты қосымшаларымен  жұмыс

істеуді;

компьютердің құрылғыларының және  енгізу-шығару құрылғыларының

міндетін анықтауды;

қызметтік программаларды пайдалануды;

файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;

вирусқа қарсы  программалар  арқылы  ақпараттарды қорғау әдістерін

пайдалануды;

қарапайым мультимедиалық презентациялар құруды;

интернет  желісінің ресурстарын қолдануды; электрондық поштаны

пайдалануды;

сандарды екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелерінде жазуды;

сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;

кодтау кестелері арқылы ақпараттарды кодтауды;

қолданбалы программалармен жұмыс істеуді;

сканер арқылы ақпаратты енгізуді;

программалау тілінде сызықтық алгоритмдерді программалауды;

тармақталу,  цикл құрылымдарын  пайдалана  отырып  программалар

құруды;


графикалық объектілерді программалауды;

модельдер құруды;

ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды;

арнайы редакторларда Web-беттерді құруды, рәсімдеуді меңгеруі тиіс.



4.5 «Өнер» білім саласы

«Музыка» пәні

І. «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Пәнді оқытудың мақсаты:

оқушының  қазіргі  заман өнерін  белсенді  түрде  барлық ынта –

ықыласымен

қабылдата  отырып,  оларда  музыка  мәдениеті  негіздерін

қалыптастыру;

қызығушылығын дамыту,  көркемдік  талғамын  тәрбиелеу, қазіргі

заман музыкасына деген құрметін арттыру;

тәжірибелік  біліктіліктерді  игерту  мен  шығармашылық  қабілеттерін

дамыту.


59

Пәнді оқытудың міндеттері:

қазіргі заман  музыка өнерінің дамуындағы  жалпы ортақ заңдылықтары

жайлы білім беру;

Қазақстанның музыка  мәдениетіндегі  ең жоғарғы  жетістіктерімен

таныстыру;

дәстүрлі музыка мен қазіргі заман өнерінің байланысы жайлы түсінігін

қалыптастыру;

ән айту дағдыларын дамыту.



Рухани-адамгершілік қағидаларын қалыптастыру;



қазіргі заман  мәдениет  жаңалықтарын  білуге  деген қызығушылығын

арттыру;

отаншылдық қасиетке тәрбиелеп, қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетін

өркендеткен тұлғаларға деген құрметін арттыру.

оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойын ашық айта білуге

тәрбиелеу;

қазіргі заман  мәдениеті  жайлы  пікірталасқа  араластыра  отырып,

талқылай білуге үйрету;

өз бетінше  жұмыс  жасау  дағдыларын қалыптастыру, өзіндік  ой

талғамын дамыту;

өзіне деген құрметін және өмірге деген құлшынысын арттыру.

ІІ. «Музыка» пәнінің базалық мазмұны.

Теориялық мәліметтер. Қазақстанның қазіргі заман музыка өнері.

Сөзбен өрілген саз: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина;

Ақын, батыр, күйші Махамбет; Құрманғазы  жайлы  бір  толғау;  Күйге  тіл

бітірген Қазанғап; Ән құдіретін  асқақтатқан  Мұхит  сал;  Күй  кемеңгері

Дәулеткерей;



Сурет және музыка: Таңбалы тастар сыр шертеді. Қазақ батырлары.

Қазақ вальсі. Домбыра туралы аңыз. Қазақтың сары даласы. Абай бейнесі.



Өнер тұлғалары: Қазақстанның скрипка мектебі. Қазақстанның фортепиано

өнері. Қазақ  өнерінің дарабоз  саңлақтары.Оркестрмен  тілдескен дирижер.

Бақтағы бұлбұл дауыс. Күйдің Қаршығасы.

Жаңа  заманның жаңа әні: «Ақмаңдайлымды» әуелеткен Роза  Бағланова.

Туған  жерін ән  еткен  Ескендір  Хасанғалиев.  Сұңқар  дауыс  атанған  Нұрғали

Нүсіпжанов. Ұстазын  жырлаған Әбілахат Еспаев. Әлияны әлемге паш  еткен

Роза Рымбаева. Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев.



Музыкалық білім.  Музыкалық  ұғымдар: музыка, әдебиет  және  бейнелеу

өнеріндегі

көркемдеуші

құралдар  мен

көркемдік  бейнелер;  домбыра

күйлеріндегі  жанрлар – толғау, қосбасар,  ақжелең; еуропа  музыкасындағы

жанрлар – вальс, прелюдия,  полонез, ән,  романс,  эстрада әндері,  аранжировка,

орындаушылық интерпретация, импровизация.



Музыка  тыңдау. Ән  айту: Музыка  тыңдау  барысында  оқушының назарын

музыкалық көркемдеуші құралдарға  аудару.  Оркестр  орындауындағы, қазіргі

эстрада өңдеуіңдегі  және  дәстүрлі  жеке  орындаудағы шығармаларды тыңдау


60

мәдениетіне үйрету.  Оркестр  тобындағы  музыкалық аспаптардың  әр  түрлі

тембр бояуларын мұқият тыңдап, ажырата білуге баулу. Оқушылардың оркестр

және  эстрада  орындауындағы  ерекшеліктерге  назарын  аудару.  Шығарманың

мазмұны мен сипатына қандай көркемдеуші құралдар әсер еткендігін айту.

Әннің мазмұнын  аша  отырып,  мәнерлеп  орындай  білу. Қазіргі  кезде

орындалып жүрген әндердің көркемдік-эстетикалық құндылығын бағалай білу.

Өзінің жеке репертуарына сәйкес келетін әндерді таңдай білу.



Шығармашылық

тапсырмалар.

Музыкалық

шығармалардың

болмыс


бітіміне  сәйкес  келетін әдеби  шығармаларды, өлең  үзінділері  мен  суреттерді

табу.  Композиторлар  мен  музыкалық шығармалар  жайлы өз  бетінше  ізденіп,

мәліметтер  тауып,  баяндама

әзірлеу.


Әндер  жинағы  мен  музыкалық

шығармалардың үнтаспаларын жинақтап, топтастыру.

Тыңдауға  арналған  шығармалар  жинақтары.  Айтып үйренуге арналған

өлеңдер.


ІІІ. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

музыка өнерінің даму жолдарын;



негізгі  классикалық шығармаларды  және қазіргі  танымал  эстрада

әндерін;

негізгі музыкалық жанрлардың ерешеліктерін;



танымал Қазақстан композиторларының, жазушылардың, суретшілердің

ақындардың есімдерін ;

Қазақстанға танымал өнер майталмандарын ;



атақты орындаушыларының есімдерін білулері қажет:

оқушыларда төмендегідей:

композитор 



жазған 

шығармалар 

мен 

халық


музыкасының

ерекшеліктерін ажырата алу;

әр түрлі жанрларда жазылған шығармаларды салыстыра білу;



музыкалық шығармаларды  талдау  барысында өз  білімдерін  пайдалана

алу;



халық әндерін, күйлер мен жырларды тыңдап, бағалай білу;



шынайы көркемдік шығармаларды ажырата алу;

қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алу;



Қазақстанда тұратын  басқа  да ұлттардың музыкасын  түсініп,  бағалай

білу;



музыканың адамдар  арасындағы  нәзік қатынастың  ғажап құралы



екендігін сезіне алу;

халық музыкасының казіргі  кездегі өзгеріске ұшырауы  жайлы  ой



тұжырымдай алу;

әр түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды орындай білу;



мектеп, қала,  аудан өміріндегі музыкалық іс-шараларда  белсенділік

таныта алу іскерліктері қалыптасуы керек.


61

«Бейнелеу өнері» пәні

І. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері:



Пәнді оқытудың мақсаты:

алдыңғы  сыныптарда  алған  бейнелеу өнері  сауаттылығының негізін

(сызық, штрих,  негізгі  және қосымша  түстер,  негізгі  және қосымша  түстер,

безендіру түрлері, мүсіндеу және формат көлемімен байланысты) толық игеру;

бейнелеу өнері  түрлерінiң жанрларында,  түрлі әдістерде әртүрлі

материалдармен жұмыс істеудің қарапайым жолдарын игеру;

әртүрлі

бағытта,  жанрлық



стильде  орындалған  бейнелеу

өнері


шығармаларындағы көркем-бейнелерден өз түсінігін айта білу;

әртүрлі бағыттағы бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының әлемдік

және  отандық бейнелеу өнері қайраткерлерінің  өмірі  мен  туындыларын

таныстыру;

бейнелеу

өнерінің


түрлері 

мен 


жанрларының

негізін 


оқыту

сауаттылығы;

бейнелеу өнерінің түрлері  мен  жанрларына әр  түрлі  техникада,  түрлі

қарапайым материалдармен жұмыс істеудің біліктілігіне оқыту.

әртүрлі бағытта,  жанр  мен  стильде  орындалған өнер  шығармаларына

деген танымдық қызығушылыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

әлемдік және  отандық бейнелеу өнері қайраткерлерінің  өмірі  мен

шығармаларына сын көзбен қарайтын, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;

бейнелеу

өнері 


арқылы 

оқушылардың

эстетикалық

талғамын


қалыптастыру, отансүйгіштік сезім мен адамгершілікке тәрбиелеу;

оқушылардың жеке  шығармашылығын  жан-жақты  дамытуға,  алдына

қойған мақсатқа жетуіне және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

бейнелеу өнері  түрлерінің жанрлары  арқылы қоршаған  ортаны өз

бетімен көркем бейнелей білудегі шығармашылық қабілеттерін дамыту;

бала бойындағы тума дарындық қасиеттерін бейнелеу өнері түрлері мен

жанрлары арқылы дамыту;

бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары арқылы баланың байқағыштығын

дамыту;

көріп есте сақтау және жасампаздық қабілетін дамыту;



бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары арқылы әлемдік қайраткерлерінің

туындыларына деген қызығушылығын дамыту.



Пәнді оқыту міндеттері:

бейнелеу өнерінің түрлері (графика, кескіндеме, сәнді-қолданбалы өнер,

мүсін,  сәулет)  мен  жанрлары (портрет,  автопортрет,  натюрморт,  пейзаж және

т.б.) туралы білімін қалыптастыру;

бейнелеу

өнері  түрлерінің

жанрларына  арналған  шығармашылық

композициялық жұмыс жасау іс-әрекетімен таныстыру;

бейнелеу

өнері 


түрлерінің

жанрларына 

арналып 

орындалатын

практикалық жұмыстарды  белгілі  бір  көркемдеуші құралдар  мен әр  түрлі

материалдармен жұмыс істей білуге дағдыландыру;



62

бейнелеу өнерінің түрлерін,  жанрларын қабылдатып  меңгерту  арқылы

шығармашылық композициялық жұмыс жасау іс-әрекетін арттыру;

бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларындағы әр түрлі бағытта, стильде

орындалған өнер шығармаларындағы көркем ойды қабылдауға деген танымдық

қызығушылықтарын арттыру.

ІІ. «Бейнелеу өнері» пәнінің базалық мазмұны.

Теориялық

мәліметтер.  Графика.

Табиғатта  кездесетін  заттардың

құрылысын зерттеу.  Табиғи  симметрия, әртүрлі  заттардың  қалыптасуындағы

симметрия  түрлерінің анықталуы.  Графика  түрлерін  меңгеру:  станоктік

(қолданыста  жоқ суреттер,  эстамп,  лубок),  кітап  және  газет-журналдық

(суреттер,  баспаға  дайындау,  безендіру  және

құрастыру),

қолданбалы

(өнеркәсіп графикасы, пошталық маркалар, экслибристер), плакат және коллаж.

Графика  тілі  және  оның негізгі  айқындағыш  белгілері:  сызық, штрих,  пішін,

таңба  және өң. Графика құралдары:  тушь,  фломастер, қарандаш,  акварель,

гуашь,  пастель,  көмір  және т.б.  Графиканың айқындағыш  шығармашылық

жағы:  лаконизм  (келте

қайыру),  образдың

сыйымдылығы,  графикалық

құралдардың таңдалуы және үйлесімі. Графика жанрлары.



Кескіндеме. Негізгі, қосымша және құрама (шығармашылық) түстер. Жарық

және өң  (түс).  Жарық  үйлесімі.  Түстердің  үйлесімі,  негізгі  (жергілікті)  түс.

Жарық және  көлеңке.  Көзге  түсер  көрініс.  Графика  және  кескіндеме

шығармашылығындағы ерекшелік және байланыс.

Қолданылатын құралдар мен  бояуларға қарай  кескіндемелердің түрленуі:

майлы  бояудағы,  темпера  бояуындағы,  акварель  бояуымен  орындалған

кескіндеме, гуашь бояуымен орындалған кескіндемелерді түсіндіру.

Монументалды 

кескіндемеге 

тән: 


мозаика, 

витраж, 


фресканың

ерекшеліктері  туралы  түсіндіру.  Кескіндеме  және  оның түрлері:  станоктік,

монументтік  және  сәндік  (орындаудың тәртібі  және  шығармашылық-образдық

тапсырманың шешімі).



Сәндік-қолданбалы өнер.  Ою - өрнектердің түрлері:  геометриялық,  өсімдік

тектес,  дәстүрлі.  Ою-өрнек элементтерін  орындау  кезеңдері. Қазақстанның

сәндік – қолданбалы өнерінің шығу  тарихы,  дамуы, ұлттық ерекшеліктері.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері:  геометриялық,  өсімдік  тектес,

жұлдыз,  аң-құс бейнелі. Өрнек үлгілері  бойынша  түрлі ұлттың ою-өрнектерін

меңгеру.  Халық  қолөнершілері  мен  кәсіпқой  суретшілердің сәндік-қолданбалы

өнер шығармаларындағы айырмашылықты көрсету.

Мүсін.

Қазақ


халқының

және


әлемдік 

кәсіпқой 

мүсіншілерінің

шығармалары  туралы  түсінік.  Атақты  кәсіпқой  мүсіншілер.  Мүсін  түрлері:

станоктік,  монументальдық, монументальды-сәндік, ұсақ пластика,  барельеф,

горельефтік. Панорама, диорама.



Дизайн.  Дизайн  элементтері.  Жобалау  негізі.  Дизайн өнерінің бейнелеп –

мәнерлеу


әдістері  (нүкте,  сызық,

фактура,  көлемі,  бейнесі,  кеңістік,

сыйымдылығы).  Дизайн өнеріндегі  композициялық принциптер  (симметрия,


63

асимметрия,  тепе-теңдік,

қимыл-қозғалыс).  Дизайндағы үйлесімдік  және

контраст. Дизайндағы түстану негіздері.



Сәулет.  Шығыс  және  батыс ғимараттарының ерекшеліктері.  Сәулеттің  үш

негізгі  түрі:  биік ғимараттар  сәулеті (тұрғын үй, қоғамдық мекемелер:  мектеп,

театр,  стадион,  дүкен  және т.б.), өнеркәсіп  орындары  (зауыт,  фабрика,

электрстанциясы  және  т.б.);  ландшафтық сәулет:  саябақтық алаң орындары

(қалалық саябақ, бақ және  «шағын»  сәулеттендірілген  саябақтар – орындық,

фонтан,  баспалдақтары  бар). Қалақұрылысы:  жаңа қалалар  мен  кенттер  салу,

ескі қаланы жаңарту жұмыстары.

Суретші құралдары мен әдістерін меңгеру.

Қарапайым

суреттің

сызбасын  орындату,  оны

қаламұшпен  немесе

қылқаламмен

штрих  және  дақпен  бояту.  Графикалық

материалдардың

құрылымын меңгеру.  Кескіндеме  жанрларының графика,  мүсін жанрларынан

ерекшелігін және  оның орындалу әдістерін  білуі.  Миниатюралық жұмыстарды

орындай білуі.

Көргенді есте сақтауды және байқағыштықты дамыту.

Бейнелеу өнері  шеберлерінің туындыларын  талдау:  мазмұны,  сюжет,

композициялық

шешімі.


Қоршаған  ортаны,  табиғаттың  құбылыстарын,

нысандарды 

бақылау. 

Суретшілердің

және 

оқушылардың



шығармашылықтарын  талдау, өнер  туралы өз-ойын  білдіре  алуға  дағдысын

дамыту.


Шығармашылық ой-өрісті дамыту

Шығармашылық ой-өрісті дамытуға  бағытталған  жаттығулар:  бейнелеу

өнерінің жанрларына  байланысты  және  еркін  тақырыптағы  композициялық

жұмыстарды  орындай  білуі.  Музыкалық  үзінділерді  тыңдау  арқылы

композиция құрастыру.  Бейнелеу өнер  терминологиясын  меңгеру.  Бейнелеу

өнер түрлеріндегі  композициялық шығармаларды  талдау:  графика,  кескіндеме,

мүсін, сәндік -қолданбалы өнері, сәулет және дизайн.

Өзіндік шығармашылық іс-әрекет

Бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрлары бойынша композициялық заңдылыққа

негізделген

шығармаларды

құру.

Өнер


түрлерін  орындауда

әр  түрлі

материалдар мен түрлі техникада орындай алуды меңгеруі.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.



Оқушылар:

бейнелеу өнерінің шығу тарихын;

бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын;

еліміздің және әлемдік мұражайлар мен сәулет ғимараттарын;

қазақстандық және әлемдік белгілі суретшілер шығармаларын;

қазақстандық және әлемдік суретшілердің шығармашылығын;

практикалық жұмыста қолданылатын графиканың әртүрлі әдістерін;

графика түрлерін;

графикалық жұмыстың материалдарын және ерекшелігін;

кескіндеме түрлерін;



64

әр түрлі түстердің жарық және көлеңке заңдылықтарын;

композиция заңдылықтары мен қажеттіліктерін;

табиғат  кеңістігінің байланысын  талдап  көрсету  жолдары:  табиғат

композициясы (орман, дала және т.б.), масштаб, жүйелілік;

кескіндеме  материалдары  мен  техникасын  (материалдар түрі  және

кескіндемеде қолданылатын әртүрлі техника);

сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларының мазмұнын;

мәнін, стилін, пропорциясын, үйлесімділігін (ырғақ, түр-пішін) ою-өрнек

композициясынан ұғым;

халық  қол өнерлерінің  өзіндік  ерекшеліктерінің: түс өзгерістерін,

орындау техникасын, материалдардың сан алуандығын;

ою-өрнек композициясының  ұғымын:  мәтінін,  стилін,  пропорциясын,

үйлесімділігін (ырғақ, түр-пішін);

сәндік бұйымдарға композициялық әшекейлер құру заңдылықтарын;

мүсін түрлерін;

мүсіндеуге қажетті әртүрлі материалдар мен жұмыс жасау ережелері мен

тәсілдерін;

мүсіндердің пластикасы мен фактурасын;

сәулет өнерінің түрлерін: үлкен  көлемде  салынған  сәулет,  ландшафтық

сәулет, қалақұрылысын тану біліктілігін меңгеруі тиіс;

– тақырыптық

натюрморттарды:  жинақтау,

құрау,  пәндік  деректер,

жоспарлау, қорытынды орындауды;

– оқу-шығармашылық жұмысты  орындау  барысында әртүрлі  графиканы

қолдануды;

– адамның басы мен денесінің эскизін жасауды;

– кескіндеудің әртүрлі техникасын;

– натюрморт құрастыруда  (жинақтау, құрау,  жергілікті  жарықты қолдану,

конкретизациялау, қорытынды  жасау)  бір  топ  заттардың пішіндері  мен

пропорцияларына  тән  ерекшеліктерін,  адам  тұлғаларын  бейнелеуде  жұмыс

кезеңдерін сақтау қ;

– ландшафттық сәулет өнері бойынша практикалық жұмыс жасау;

– мүсін өнері  бойынша әртүрлі әдістерді қолдана  отырып  практикалық

жұмыс жасау білігін білуі қажет.



Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 0.82 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет