12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



жүктеу 0.82 Mb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата14.09.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

-

физикалық

құбылыстарды сипаттау және түсіндіру;

– кинематика  заңдары  негізінде  тұрақты үдеумен қозғалуы,  шеңбер

бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;

– Ньютонның динамика  заңдары,  импульс  пен  энергияның

сақталу

заңдарын қолдану  негізінде әр  түрлі  механикалық  қозғалыстар,  денелердің



өзара әрекеттесуі;

– атомдардың энергия  шығаруы  және  жұтуы;  жылулық сәулелену  және

Планктың кванттық гипотезасы,  фотоэффект,  кванттың энергиясы,  рентген

сәулелері;

– ядролық реактордың  әрекет  ету  принципі,  тіршілік  иелеріне  иондаушы

сәулелердің әсері; ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын

экологиялық проблемалар;  ядролық физика  саласындағы  отандық және  шетел

ғалымдарының жетістіктері;

– элементар 

бөлшектер, 

нанотехнологиялар, 

олардың


адамзаттың

дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді.

ара қашықтық,  уақыт  аралығы,  масса,  күш, қысым; температура,  ауаның


47

ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен

қуаты,  электр  тогы;  ара қашықтық, уақыт  аралығы,  масса,  күш - физикалық

шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану;

– суыған  дене  температурасының уақытқа  тәуелділігі,  заттың агрегаттық

күйi өзгерiсіндегі  зат температурасының уақытқа  тәуелдігі,  тізбектегі  ток

күшінің кернеуге  тәуелділігі, түсу  бұрышының шағылу бұрышына,  шағылу

бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі;  уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі,

серпінділік күшінің серіппенің  ұзаруына  тәуелділігі, үйкеліс  күшінің нормал

қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына

тәуелділігі,  жүктің тербеліс  периодының серіппеге  ілінген  жүктің массасына

және  серіппенің  қатаңдығына  тәуелділігін өлшеу  нәтижелерін  кесте,  сызба,

графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсете білуі

тиіс.

«Биология» пәні

І. «Биология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Пәнді оқытудың мақсаты:

өсімдіктер әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері

туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;

эволюциялық теорияның негіздері туралы пікір қалыптастыру;



өсімдіктердің табиғаттағы  рөлін, өсімдіктер  дүниесінің табиғаттағы

және адам өміріндегі өзіндік  ерекшелігін  және  жалпы  алғанда  тіршіліктің аса

мәнділігі туралы білімнің құндылығын ұғыну;



нәтижелі практикалық әрекет ету мүмкіндігіне қол жеткізу;



оқушыларда  тірі  организмдердің

жасушалық  құрылысы  туралы,

сонымен қатар  организм  мен  биоценозды  тіршілік құрылымының ерекше

формалары  ретінде  және  Жер  табиғатындағы  биологиялық  әртүрлілік  тұрақты

дамудың бейнесіі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру.



Пәнді оқытудың міндеттері:

оқушыларда 

органикалық

дүниені 


оқып-білуге 

танымдық


қызығушылықты дамыту;

тірі  табиғат  туралы  бастауыш  мектептегі  табиғаттану  және  басқа  да

жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

оқушыларда  география,  химия,  физика,  математика  және  басқа  да

жаратылыстану  бағытындағы  пәндерді  оқып  меңгеруге  негіз  болатын

түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;



оқушыларда  дүниенің

біртұтас  табиғи  бейнесі  туралы  көзқарас

қалыптастыру,



оқушыларда  тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын  оқып  білуге

танымдық қызығушылық қалыптастыру;

тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан

әрі дамыту;


48

оқушыларда  география,  химия,  физика,  математика  және  басқа  да

жаратылыстану  бағытындағы  пәндерді  оқып-меңгеруге  негіз  болатын

түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;



оқушыларда  органикалық дүние  бірлігінің біртұтас  табиғи  бейнесі

туралы көзқарас қалыптастыру.

ІІ. «Биология» пәнінің базалық мазмұны.



Ботаника. Өсімдіктер:  жасушалық  құрылысы. Өсімдіктердің тіршілік

әрекетіндегі негізгі  процестер.  Табиғи  бірлестіктер. Жер  бетіндегі  алуан түрлі

өсімдіктердің даму  тарихы.  вирустар  патшалығы.  бактериялар  патшалығы.

саңырауқұлақтар патшалығы. қыналар - ерекше симбиотикалық ағзалар.



Зоология. Жануарларды жіктеу. «қарапайымдылар немесе біржасушалылар»

патшалығы  тармағы.  Жер  бетіндегі  жануарлар әлемінің дамуы.  табиғи

бірлестіктер.

Адам: анатомия, физиология және гигиена. Адам организміне жалпы шолу.

Мүшелер  жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі,  жүйке  жүйесі, сезім

мүшелері – анализаторлар. Тірек-қимыл жүйесі. Қан және қан айналым. Тыныс

алу. Ас қорыту. Зат алмасу және энергия айналымы.

Зәр  шығару.  Тері  және  жылу  реттелу.  Организмнің жеке  дамуы.  Мінез-

құлық және психика. Жасуша және ағзаның жеке дамуы.

Жасушаның  құрылысы  мен қызметі,  химиялық  құрамы. Зат  және  энергия

алмасу.  Жер  бетінде  тіршіліктің пайда  болуы  мен  дамуы.  Ағзалардың көбеюі

және  дамуы.  Генетика  және  селекция  негіздері.  Тұқым қуалау  белгілерінің

заңдылықтары. Адам генетикасы. Микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың

селекциясы.

Эволюциялық ілім. Дарвин  кезеңіне  дейінгі  биологияның дамуы.  Чарльз

Дарвиннің теориясы.  Жер  бетінде  тіршіліктің дамуы.  Тірі  ағзаның  қоршаған

ортамен  байланысы. Экология  негіздері.  Биосфера – жердің  ғаламдық

экожүйесі. Қоршаған  ортаны қорғаудың негізгі  принциптері  мен  табиғатты

тиімді пайдалану.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

тірі  ағзалардың жалпы  белгілерін; өсімдік  жасушаларының, өсімдік

ағзаларының құрылысын;  көп  тараған өсімдіктердің түрлерін; өсімдіктер

бірлестігіне адамның іс-әрекетінің әсерін білуі тиіс



өсімдік жасушасының  құрылысы  мен қызметіне;  бөлінуіне;  тыныс

алуға, қозғалуына;  көбеюіне, өсуіне  және  дамуына; өсімдіктердің тіршілік  ету

ортасына; бірлестіктегі тіршілікке өсімдіктердің бейімделуіне; адамның табиғи

бірлестіктердегі  рөліне; өсімдіктердің алуантүрлілігін,  табиғи  бірлестіктерді

қорғаудағы және  биосферадағы  тепе-теңдікті  сақтаудағы  рөліне сипаттама



бере білуі керек;

өсімдіктер өсіру, қорғау  шараларын  белгілеуге; өсімдіктер тіршілігінің

маусымдық  өзгерістеріне; тәжірибе қорытындыларына  бақылау  жүргізуге

қорытынды жасай білуі тиіс;


49

микропрепараттар  дайындап,  оларды  микроскоп  арқылы  көру;

өсімдіктер тіршілігіндегі  маусымдық  өзгерістерді,  адамның іс-әрекетінің

әсерінен тіршілік  ортасының  әсерін  бақылау; өсімдіктердің тіршілік әрекетін

зерттеуге

қарапайым  тәжірибелер  жүргізу;  ағзаларға,  түрлерге,  табиғи

бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау;  табиғаттағы  мінез-құлық ережелерін

сақтай білуі керек.

бактериялар,  саңырауқұлақтар, қыналар, өсімдіктер  ағзаларын; өзіңнің

тұрғылықты  жеріндегі  ең көп  таралған өсімдіктерді, әртүрлі  тұқымдастар,

класс,  бөлім өсімдіктерін;  жеуге  жарамды  және  улы  саңырауқұлақтарды

ажырата білулері тиіс;

прокариотты  және  эукариотты,  автотрофты  және  гетеротрофты

ағзаларды; тұқымдастарды, кластарды, жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктерді; тірі

табиғат бөлімдерін салыстыра білулері керек;



тірі  табиғаттың шығу  тегінің бір  екендігі;  органикалық дүниенің

туыстығы  мен  біртұтастығы; өсімдік  және  жануарлар әлемінің эволюция

барысында күрделенуі туралы қорытынды жасай алулары тиіс;



тірі  организмдердің жалпы  белгілерін;  жануарлардың негізгі  жүйелік

топтарын,  түр  белгілерін,  тірі  табиғат  Патшалықтарын,  Типтерін,  Отрядтарын,

Кластарын,  Тұқымдастарын;  жануарлар  эволюциясы  процестерін  атай  білуі

тиіс;

зертханалық

жұмыстарды 

орындауда

ұлғайтқыш 

аппаратураны

қолдануды;  денсаулықты  сақтау  мақсатында  жеке  бастың және қоғамдық

гигиеналық ережелерін тыңғылықты орындауды біледі;



зиянды әдет  дағдыларға әуестенудің  (темекі  шегу,  маскүнемдік,

нашақорлық)

дене  бітімі  бұзылудың,

жалпақтабандылықтың

алдын-алу

шараларын;

жасушалар  мен ұлпалардың  құрылысы  мен қызметін;  жасушалардың

бөлінуін;  адам  организмінің  құрылысы  мен  тіршілік әрекеттерін;  зат  алмасу

және  энергия  айналымын;  организмде  ферменттер  мен  витаминдердің рөлін;

тамақтанудың ерекшеліктерін;  тыныс  алуды,  заттар қозғалысын,  тіршілік

әрекеттерінің соңғы өнімдерін  шығаруды;  иммунитет  және  оның адам

өміріндегі  маңызын;  ЖИТС-тің (жүре  пайда  болған  иммундық тапшылық

синдромы)  алдын  алуды;  адамның жай-күйіне  және қасиеттеріне әсер  ететін

экологиялық факторларды сипаттайды.

«Химия» пәні

І. «Химия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Пәнді оқытудың мақсаттары:

қоршаған әлем туралы  химиялық білім  мен  жаратылыстануғылыми



түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру;

талдау қабілеті  бар,  химиялық тұрғыда  ойлай  алатын,  функционалды



сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту;

өз денсаулығына,  туған өлкеге  және қоршаған  ортаға  экологиялық-



гуманистік қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

50

Пәнді оқыту міндеттері:

әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі  туралы  білімді



меңгерту  және  олардың функцияларын  (танымдық, кіріктірілген,  түсіндірмелі,

болжау) қолдану;

заттардың  құрамы, құрылысы, қасиеттері  мен қолдану  арасындағы



себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

химиялық терминологияны,  химиялық элементтердің таңбаларын,



заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;



заттардың сандық және  сапалық  құрамын  анықтауда  және  олардың

қасиеттерін зерттеуде  реактивтер, қыздыру құрылғыларымен  жұмыс  жасау

барысында қауіпсіздік  техникасының талаптарын  сақтай  отырып,  химиялық

тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

адамзаттың



экологиялық,

азық-түлік,

өндірістік, 

энергетикалық

мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін

ашу;


көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас

жүйесін дамыту;

өмірлік



және  экологиялық

мәселелерді  шешуде  алған  білімді

пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану,  презентация



мен  жобалау  жұмыстарын  жасауда  коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері

мен дағдыларын дамыту;

негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы



мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

ІІ. «Химия» пәнінің базалық мазмұны.

Бастапқы  химиялық  ұғымдар, заңдар,  теориялар.  Заттар, қоспалар  және

олардың тазарту әдістері, қасиеттері.  Физикалық, химиялық  құбылыстар.

Химиялық реакциялар.  Химиялық теңдеулер.  Молекулалар  мен  атомдар.

Химиялық элементтер,  сипаттамасы, топшалары. Химиялық элементтердің

Д.И.Менделеев  жасаған  периодтық заңы  мен  периодтық жүйесі.  Атом

құрылысы.  Салыстырмалы  атомдық салыстырмалы  молекулалық, мольдік

массалар.  Химиялық формулалар.  Атом-молекулалық ілім. Зат  мөлшері.

Авогадро  саны.  Катализатор.  Металдар,  бейметалдар – химиялық элемент,

олардың

атом


құрылысы  ерекшеліктері

және  химиялық

жай  заттар

сипаттамасы. 

Оттек. 

Жану. 


Сутек. 

Су. 


Ерітінді. 

Бейорганикалық

қосылыстардың негізгі  кластары.  Оксидтер, қышқылдар  негіздер,  тұздар:

атаулары,

құрамы, 

жіктелуі, 

физикалық

және 


химиялық 

қасиеттері,

қолданылуы, алу жолдары. Химиялық байланыс. Зат құрылысы. Электролиттік

диссоциациялану  механизмі.  Электролиттік  диссоциация  теориясының негізгі

қағидалары.  Тұздар  гидролизі. Қазақстандағы метал  және  бейметал,  олардың

қосылыстарының

табиғи

қорлары.


Қоршаған  ортаның  қосылыстарымен

51

ластануы  және  онымен  күрес. Қазақстанда химиялық заттарды өндіру.

Қоршаған ортаны қорғау  мәселелері. Минералды  тыңайтқыштар. Құймалар.

Металдар  мен

құймаларды

қазіргі  техникада  пайдалану.  Металдардың

коррозиясы  және  оны  алдын  алу шаралары  бойынша  жалпы  түсініктер.

Қазақстандағы металл  кен  орындары. Металлургия  туралы  түсінік. Қазақстан

металлургиясының дамуы.

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойлатын талаптар.

Оқушылар:

– жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды,  заңдарды,  химия  теориялары  мен

заңдылық  қағидалары;  практикалық  қолданысы бар  заттардың  құрылымы,

құрамы және қасиеттері;  топтастыруды,  жиынтықты,  бейорганикалық және

органикалық заттардың, кешенді құралымның; генетикалық байланысын;

электролиттік  диссоциацияның

теориясын,

қышқылдар  және  негіздер,

органикалық заттардың  құрылымын,  ерітінділер  концентрациясын  анықтауы;

заттардың жалпы алу жолдары; көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды

өңдеу;  ерітінділер,  газдар  және қатты  химиялық заттармен  жұмыс  істеу

қауіпсіздік техника  ережелері; қоршаған  ортаны  химиялық ластандырудан

қорғау түрлері; қазіргі әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін  тануда,

экологиялық  қауіпсіз  химиялық  әдістермен қоршаған  ортаны  сақтау  және

қорғаудағы

химияның


рөлі  мен

мағынасын;

заттарды  және  химиялық

құбылыстарды

танудың

негізгі 


химиялық 

әдістерін, 

химияның

эксперименталдық

негіздерін;  химиялық  өнімдерінің  өнеркәсіп

өндірісі


технологиясының негізгі ғылыми принциптерін; табиғатты тиімді пайдалануды,

тұрмыстық химияны қолдану қауіпсіздігін;  химиялық шикізаттардың табиғи

ресурстарының кен орындарын, Қазақстанның өндірістік химиялық кешендерін

білу тиіс;

оқушылар: атомның  құрамы  мен құрылысын  анықтауды;  заттардың

құрылысын,

құрылымын 

және


қасиеттерін; 

заттардың

формулаларын

құрастыруды,  органикалық  қосылыстардың изомерлері  мен  гомологтарының

құрылымдық

формулаларын

құрастыруды; 

химиялық


реакциялардың

теңдеулерін;  заттардың  құрамын  және

қасиеттерін  анықтауды,  олар

қосылыстардың белгілі  бір  класына қатыстылығын,  заттардың салыстырмалы

сипаттамасын  беруді;  бейорганикалық және  органикалық химияда  химиялық

реакциялардың түрлерін  айыруды;  жану өнімдерінің сандық талдау  деректері

және  массалары  бойынша  заттардың молекулярлық формулаларын  табуға

арналған  есептеу  тапсырмаларын  шешуді;

құралдар  және  химиялық

реактивтермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне сәйкес химиялық эксперимент

жүргізуді;  химиялық зақымдану  немесе  улануда  алғашқы  көмек  көрсетуді;

қоршаған ортаға, өзінің және қоршаған  жандардың денсаулығына ұқыпты

қарауды, сабақта танысқан заттарды тұрмыста сауатты қолдана білуді меңгеруі

тиіс.


52

түрлі  факторлардың



ықпалымен  тепе-теңдіктің

ығысу  бағытын,

изомерлер  және  гомологтарды;  заттардың органикалық  қосылыстардың түрлі

кластарына қатыстылығын,  молекулалардағы  атомдардың  өзара ықпалының

сипатын,  бейорганикалық

және  органикалық

химиядағы  реакциялардың

түрлерін анықтауы тиіс;

– химиялық  s -,  p - және  d- элементтерді;  ортақ химиялық  қасиеттерді

металл,  бейметалл  және  олардың  қосылыстарын;  органикалық заттардың

құрылымын және қасиеттерін сипаттауы тиіс;

– периодтық жүйедегі  орнына  байланысты  элементтер  мен  олардан

туындайтын  заттардың  қасиеттерін; құрамы  және құрылысына  байланысты

бейорганикалық

заттардың 

қасиеттерінің

тәуелділігін; 

химиялық


байланыстардың пайда  болу  табиғаты  мен  тәсілдерін; әртүрлі факторларға

байланысты  химиялық реакцияның жылдамдық тәуелділігін,  молекулалардың

құрылысына

байланысты 

органикалық 

қосылыстарының

реакциялық

қабілеттілігін;  заттардың  қасиеттері  мен құрылысы  арасындағы  себеп-салдар

байланысын табуды; күш қуат көздерінің альтернативтік түрлерін; жаңа заттар

мен материалдарды алудың негізгі технологияларын түсіндіруі тиіс.



4.4 «Математика және информатика» білім саласы

«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндері

І. «Математика»,  «Алгебра»  және  «Геометрия»  пәндерін оқытудың



мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты – бастауыш  білім  деңгейі  мен  орта  білім  деңгейі

арасындағы  сабақтастықты;  барлық оқушыларды  бейіндік  мектептерде

оқуын 

жалғастыруға 



немесе 

еңбек


қызметіне

қатысуға


қажетті

математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету.

Негізгі мектепте геометрияны оқыту міндеттері:

нақты сандармен амалдар орындау біліктігін қалыптастыру;



теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару дағдысын жетілдіру;

элементар функциялар бойынша білімдерін қалыптастыру;



логикалық бейнелік ойлауды дамыту;

жазықтықтағы геометриялық фигуралардың қасиеттерін оқу, сонымен



қатар осы қасиеттерді  кеңістіктік  геометриялық фигураларды  және  нақтылы

объектілерді оқып білуде қолдану;

планиметрияның теоремаларын  дәлелдеу  дағдыларын қалыптастыру



мен дамыту;

есептеуге,  дәлелдеуге,  салуға  арналған  геометриялық есептерді  шешу



біліктігі мен дағдыларын дамыту;

жазық және кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде



қосымша салуларды орындау біліктігі мен дағдыларын дамыту;

функционалдық және графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды



дамыту.

53

ІІ. «Математика»,  «Алгебра»  және  «Геометрия»  пәндерінің базалық



мазмұны.

Сандар  және  есептеулер. Натурал  сандар,  бүтін  сандар,  рационал  сандар,

иирационал  сандар,  нақты  сандар  және  оларға амалдар қолдану;  шамалардың

(сандардың)

жуық


мәндері;  абсолютті

қателік;  салыстырмалы

қателік;

сандардың жуық мәндерімен амалдар орындау, пайыз және пропорция; дәреже;

квадрат  түбір; п-ші  дәрежелі  түбір; санды  аргументтің синусы,  косинусы,

тангенсы және котангенсы, санның логарифмі.



Теңдіктер, өрнектер және оларды түрлендіру. Санды және әріпті өрнектер,

рационал  және  иррационал өрнектер, қысқаша  көбейту  формулалары;  тепе-

теңдіктер, тепе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді түрлендіруде тепе-теңдіктерді

қодану; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер, тригонометрия формулалары,

тригонометриялық өрнектер; дәреженің қасиеттері; квадрат түбірдің қасиеттері;

п-ші 

дәрежелі 

түбірдің 

қасиеттері; 

негізгі 

логарифмдік 

тепе-теңдік;

логарифмнің

негізгі

қасиеттері;  логарифмдік



өрнек;  иррационал  және

тригонометриялық  өрнектерді, құрамында  логарифмі  және  дәрежесі  бар

өрнектерді түрлендіру.

Теңдеулер  мен  теңсіздіктер. Теңдеу.  Теңсіздік.  Мәндес  теңдеулер  мен

теңсіздіктер;  бір  айнымалысы  бар  теңдеулер  мен  теңсіздіктер;  айнымалысы

модуль  таңбасының

ішінде  берілген  теңдеулер  мен  теңсіздіктер;  екі

айнымалысы  бар  сызықтық және  сызықтық емес  теңдеулер  мен  теңсіздіктер

және  олардың геометриялық кескіні;  бөлшек-рационал  теңдеулер;  бөлшек-

рационал  теңсіздіктер;

сызықтық


және  сызықтық

емес


теңдеулер  мен

теңсіздіктер жүйелері; иррационал теңдеулер; тригонометриялық, көрсеткіштік

және  логаримдік  теңдеулер  мен  теңсіздіктер  және  олардың жүйелері;  мәтінді

есептер.


Функция. Санды  функция,  функцияның берілу  тәсілдері,  графигі  және

қасиеттері;  функция  графиктерін  түрлендіру;  функцияның бірсарындылығы;

экстремум  нүктелері  және  функцияның экстремумдары,  периодты  және

шектелген  функциялар;  сандар  тізбегі,  арифмеикалық және  геометриялық

прогрессиялар; математикалық индукция әдісі.

Геометриялық фигуралар және  шамалар.  Геометриялық шамаларды

өлшеу.

Геометриялық

фигуралар  (нүкте,  түзу,  кесінді,  сәуле,  бұрыш,

жартыжазықтық, жазықтық, сынық, көпбұрыш,  дөңес  көпбұрыш,  дұрыс

көпбұрыш,

үшбұрыш, 

теңбүйірлі

үшбұрыш, 

тікбұрышты

үшбұрыш,


параллелограмм,  тіктөртбұрыш,

ромб,  трапеция,  теңбүйірлі  трапеция,

тікбұрышты трапеция, шеңбер, дөңгелек, сектор, сегмент, куб, параллелепипед,

призма,  пирамида)  және  олардың  қасиеттері.  Геометрия  аксиомалары.

Геометриялық фигуралардың  өзара  орналасуы.  Фигуралардың теңдігі  мен

ұқсастығы.  Геометриялық шамаларды өлшеу  (кесінді  мен  шеңбер  доғасының

ұзындығы, бұрыштың өлшемі, фигураның ауданы, көпжақтың бетінің ауданы).

Жазықтықтағы геометриялық түрлендірулер: қозғалыстар (осьтік және центрлік

симметриялар, 

бұру, 


параллель 

көшіру); 

гомотетия 

және


ұқсастық.

Түрлендірулердің

композициясы. 

Геометриялық

фигуралардың


54

симметриялары.

Қиылысу әдісімен  (геометриялық орындар

әдісі)  және

алгебралық  әдіспен  салуға  арналған  есептер.  Вектор ұғымы.  Векторларға

амалдар


қолдану.  Векторлардың

скалярлық

көбейтіндісі.  Жазықтықтағы

нүктелер  мен  векторлардың координаталары;  түзу  мен  шеңбердің теңдеулері;

геометриялық фигуралардың  қасиеттерін  зерттеуге  координаталар әдісін

қолдану.  Кеңістіктегі  екі  түзудің, түзу  мен  жазықтықтың, екі  жазықтықтың

өзара  орналасуы.  Кеңістіктегі

қозғалыстар  туралы  түсінік.  Кеңістіктегі

гомотетия  және ұқсастық.  Ұқсас  кеңістіктік  денелердің  қасиеттері.  Куб,

тікбұрышты параллелепипед, призма және пирамиданың көлемдері.



Стохастика  элементтері. Статистикалық сипаттамалар  (арифметикалық

орта, мода,  медиана,  ауытқу).  Кездейсоқ оқиға  және  оның түрлері.  Кездейсоқ

оқиғалардың жиілігі  мен  ықтималдығы.  Комбинаторлық есептер. Қосынды

ережесі  мен  көбейту  ережесі.  Оқиға.  Оқиғаға  амалдар қолдану.  Оқиғаның

ықтималдығы 

және 


оның 

қасиеттері. 

Геометриялық

ықтималдық.

Ықтималдықтарды қосу және көбейту.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Оқушылар:

нақты  сандарға қолданылатын  амалдардың  қасиеттерін;  тура  санды

теңдіктердің  қасиеттерін;  тура  санды  теңсіздіктердің  қасиеттерін;  бөлшектің

негізгі қасиетін;  пропорцияның негізгі қасиетін;  негізгі  логарифмдік  тепе-

теңдікті;

дәреженің,

квадрат 

түбірдің,



п-ші 

дәрежелі 

түбірдің,

санның


логарифмінің, функцияның қасиеттерін;

қысқаша көбейту  формулаларын,  квадрат  теңдеудің түбірлерін  табу

формулаларын,  Виет  теоремасын  және  Виет  теоремасына  кері  теореманы,

шүмүшенің анықтамасын және оның түбірлерін;

30

0

,  45



о

,  60


о

,  90


о

бұрыштардың синусының, косинусының, тангенсінің

және  котангенсінің мәндерін;  негізгі  тригонометриялық тепе-теңдіктерді,

тригонометрия формулаларын;

теңдеудің, теңсіздіктің анықтамасын,;

теңдеулер және теңсіздіктердің жүйелерінің анықтамысын;;

санды функцияның анықтамасын және берілу тәсілдерін;

;

кездейсоқ



оқиға 

және 


оның

ықтималдығының,

геометриялық

ықтималдықтың анықтамасын, ықтималдықтарды қосу мен көбейтуді;

диаграмма түрлерін (дөңгелек, бағанды, сызықтық);

қосынды ережесін және көбейтінді ережесін;

геометрия аксиомаларын;

оқылатын геометриялық фигуралардың анықтамалары мен қасиеттерін;

оқылатын геометриялық фигуралардың орналасуының негізгі түрлерін;

жазықтықтағы  түрлендірулерді  және  олардың  қасиеттерін: қозғалыс,

гомотетия, ұқсастық;


55

үшбұрыштардың,  дұрыс  көпбұрыштардың, шеңберлердің теңдігі  мен

ұқсастық белгілерін;

жазық фигуралардың симметрияларын;

кеңістіктік фигуралардың (призма және пирамида) симметрияларын;

геометриялық шамаларды  (фигураның ауданы,  призма  мен  пирамиданың

бүйір  және  толық беттерінің аудандары,  призма  мен  пирамиданың көлемдері)

табу формулаларын;

жазықтықтағы нүктелер мен векторлардың координаталарын;

координаталары 

бойынша 

екі 


нүктенің

ара


қашықтығын 

табу


формуласын;

кесінді  ортасының координаталарын  оның  ұштарының координаталары

бойынша табу формуласын білуі тиіс

және оқушыларда

нақты 


сандармен 

амалдар 


орындау, 

санды, 


алгебралық

және


тригоннометриялық 

өрнектердің

мәндерін 

табу, 


формула 

бойынша


арифметикалық және  геометриялық прогрессиялардың п-ші  мүшесін  және

алғашқы п мүшесінің қосындысын табу;

пропорция құру, пропорцияның белгісіз мүшесін табу, санның пайызын

және  пайызы  бойынша  санды  табу;  сандардың пайыздық  қатынастырын  табу,

санның модулін табу;

тепе-теңдіктерді  дәлелдеу, өрнектерді  түрлендіруде  тепе-теңдіктерді

қолдану;

бір  айнымалысы  бар,  екі  айнымалысы  бар,  айнымалысы  модуль

таңбасының ішінде  берілген  сызықтық және  сызықтық емес  теңдеулер  мен

теңсіздіктерді,  бөлшек-рационал,  тригонометриялық,

көрсеткіштік  және

логарифмдік  теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  және  олардың

жүйелерін;

иррационал теңдеулерді шығару;

әртүрлі  мәтінді  есептерді  алгебралық тәсілдермен  және  теңдеулер  мен

олардың жүйелері  арқылы  шығару; қосынды  ережесі  мен  көбейтінді  ережесін

қолдану арқылы қарапайым комбинаторлық есептерді шығару;

дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларды салу;

сызықтық, квадраттық, дәрежелік,  тригонометрияылқ, көрсеткіштік,

логарифмдік 

функциялардың

графиктерін 

салу; 

функция 


графигімен

түрлендіруді  орындау;  функцияны  зерттеу  және  оның графигін  салу;  графигі

бойынша функцияның қасиеттерін атау;

оқиғалармен  амалдар  орындау;  оқиғаның жиілігі  мен  ықтималдығын

табу; геометриялық ықтималдықты табу; ықтималдықтарды қосу және көбейту

амалдарын орындау;

оқылатын геометриялық фигуралардың қасиеттерін дәлелдеу;

оқылатын жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеу;

геометриялық есептерді шешуде алгебра мен тригонометрияны қолдану;

жазықтықтағы  және  кеңістіктегі  геометриялық

түрлендірулердің

қасиеттерін қолдану;



56

геометриялық

есептерді 

шешуде 


жазықтықтағы 

векторлық-

координаталық әдісті қолдану;

геометриялық шамаларды өлшеуге арналған есептерді шешу;

салуға  арналған  есептерді қиылысу әдісімен  (геометриялық орындар әдісі)

және алгебралық әдіспен шешу біліктігі болуы тиіс



Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 0.82 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет