12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


 12  жылдық мектепте  негізгі  орта  білімнің базалық мазмұнын



жүктеу 0.82 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата14.09.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3 12  жылдық мектепте  негізгі  орта  білімнің базалық мазмұнын

анықтау әдістемесі

Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны – күрделі

әрі көп  аспектілі ұғым.  Білім  берудің жалпы  анықтамасы - тұлғаның  өмір

жолында өзін-өзі дамытуға,  мүмкіншілігін  жете  білуге  бағытталған  кең таңдау

процесі. Демек,  білім  беру - адамның дүниені  тану  процесін қалыптастыру

арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және

ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.

Білімді адам – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін, әр

кезде  оқығанын қолдана  білетін,  дұрыс  ойлай  алатын  жоғарғы  саналы  адам.

Білім  беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  дамыту  және  базалық мәдениетін

қалыптастыруда негізгі құрал  болып  табылады.  Білім  берудің мазмұны  мен

мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру

барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды.

Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М. Бим-

Бад, А.В. Петровский және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Белгілі  дидакт-ғалым Ю.К.  Бабанский  білім  мазмұны  негіздерін  төмендегі

өлшемдер бойынша анықтаған:

а) ғылым  туралы  толық мағлұмат  беру үшін  білім  мазмұнының негізгі

теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі;

ә)  білім  беру  мазмұны  материалының жоғары ғылыми  және  тәжірибелік

мәнін  мектептегі  оқылатын, өздігінен  білімін  көтеретін  материалдарды әрбір

пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.

б)  білім  мазмұнының күрделігі  оқушылардың жас  ерекшелігі  мен  оқу

мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі;

в) әрбір  пәнді  оқытуға  берілген  мерзімі  білім  мазмұнының көлемімен

сәйкес болуы;

г)  жалпыға  бірдей  орта  білім  беру  мазмұнын құруда  дүниежүзілік

тәжірибені ескеру;

ғ) қазіргі  кездегі  мектептің оқу-әдістемелік және  материалдық базасымен

білім мазмұнының сәйкес болуы [8].

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н.

Скаткин  білім  мазмұнының теориялы  тұрғыда  білім,  іскерлік,  дағды  жүйесін

түсіндіруде  шығармашылық іс-әрекетпен ерікті  сезім  тәжірибесін  меңгеруді

және қоғамның мәдени-рухани  материалдық байлығын  дамытып  және оны

сақтауды ұсынды [15].

Бірқатар  елдің педагогтары (АҚШ,  Англия,  Франция  т.б.)  жеке  тұлғаға

«жалпы  адамзаттық тәрбие»  беруде,  табиғи құбылыстарды  және қоғам

өміріндегі жағдайларды  олардың  өзара  байланысын  түсіндіруде  оқушылардың

жұмысын ұйымдастыруда  оқу  пәндерін  кіріктіруді негізге  алып  отыр.  Бұл

кіріктіру идеясы басқа да елдерде жүзеге асырылған.

Білім 

беру 


мазмұнының

жаңаруы 


мектептің

күрделі 


міндетімен

байланысты.  Жалпыға  міндетті  орта  білім  беру  мазмұны қазіргі  теориялық



13

тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық

қасиеттерді меңгеруі  тиіс  екендігі  айтылған.  Нақты  тарихи, қоғамдық-

экономикалық жағдайда  жасөспірімдерді  дайындауға қойылатын әлеуметтік

талап 

анықталады.



Ғылыми 

жетістіктермен, 

мәдени

құндылықтармен



қаруланған жоғары  білімді  адамдарды қоғам өміріне белсене  араласатын  жеке

тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру қазіргі жағдайда қоғамның  әлеуметтік

тапсырысы болып отыр.

Ал  білім  беру  мазмұны  арқылы игерген  тәжірибені әрі қарай  дамытып,

әлеуметтік-мәдени жағынан қалыптасқан ересек ұрпақтың тәжірибесін  келесі

ұрпаққа беруді қамтамасыз ету қазіргі мектептің парызы.

Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз  ететін

жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат

қоғамы алға  апаратын  күш  тек  білімде ғана. Қай  елдің болсын өсіп-өркендеуі,

ғаламдық дүниеде өзіндік  орын  алуы  оның  ұлттық білім  жүйесінің деңгейіне,

даму  бағытына  байланысты.  «Ұрпағы  білімді  халықтың болашағы  бұлыңғыр

болмайды»  дегендей,  жас ұрпаққа  сапалы,  мән-мағыналы, өнегелі  тәрбие  мен

білім  беру – бүгінгі  күннің басты  талабы. Қазіргі  кезеңде  жалпы  білімнің

міндеті – баланың жалпылама  дамуын қамтамасыз  ету ғана  емес,  ең бастысы,

оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы

әзірлей  білу.  Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді  бағытын

оның тек  сабақтарға  жалпы қатынасы  және  оның  қажеттілігі  мен  мұқтаждығы

ғана  емес,  сондай-ақ білімді  тәжірибелік  іскерліктерді қабылдау  мен  меңгеру

үрдісінің  өзі  де  анықтайды.  Оның ішінде  таңдау  курстары – шығармашылық

ізденістің алғашқы  баспалдығы. Қандай  да  бір  таңдау  курсына қатысқан

оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.

Қазіргі  кезеңдігі  оқытудың негізгі  мақсаты – болашақ мамандығына

байланысты әрбір  балаға  тереңірек  білім  беру,  білімді өзгермелі өмір

жағдайларына  пайдалана  білу  дағдысын қалыптастыру.  Сондықтан қазіргі

қоғамның  өзекті  мәселелерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық  өзгермелі

жағдайларда өмір  сүруге  дайын  болып,  сонымен қатар  оны  жақсартуға  игі

ықпал  ететін  жеке  тұлғаға қойылатын  бірінші  кезектегі  нақты  талаптар:

шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік  жауаптылық, жоғары  интеллектілік,

терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытудың тұжырымдамасы  баланы  жан-жақты

дамытумен  бірге  жеке  және  жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге

бейім  даму  мүмкіндігін  айқындауды қарастырады.  Жеке  тұлғаға  бағдарланған

оқыту  проблемалы  бағыттағы  шығармашылық сипатқа  ие  бола  отырып  жаңа

білімді  іздену  арқылы  тәжірибеде қолдана  білуге  ықпал  етеді,  мұндағы  басты

міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен

білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.

Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің

жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген

сүйіспеншілігінде,  кәсіптік  деңгейіне  байланысты  екендігінде.  Шындығында,

мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік



14

тұр. Әрбір оқушыны оқыту мен тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен

және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Қоғам


және  тұлғаның  қызығушылығын  айқындайтын  білім  беру

мазмұнының бастапқы  анықтаушы оның мақсаты  болып  табылады. Қазіргі

заманда  білім  берудің мақсаты - қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті

жүзеге  асыруда  тұлғаға қажетті қасиеттерді  дамыту.  Оқытуға  мұндай  мақсат

қою тұлғаның білім, білік, дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды

ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді.

Адам – қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын динамикалық

жүйе.  В.С. Леднев өз зерттеулерінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру

арқылы білім мазмұнын  анықтауға  болады  деп  тұжырымдайды. Ал В.В.

Краевский өзінің педагогикалық теориясында  білім  беру  мазмұнын анықтау

принциптерін қарастырған. Ол принциптер білім берудің барлық деңгейлерінде

қоғамның ғылым,  мәдениет  және  тұлғаның дамуымен  сәйкес  келеді. Сонымен

қатар ғалым тұлғаның  өсуі үшін  және  мәдениетті өмір  сүруі үшін  дәстүрлі

білім,  білік,  дағды қоғамның  әлеуметтік  дамуы  деңгейін  көрсететін  білім  беру

мазмұнына іріктеу қажет дейді [9].

Білім  беру  мазмұнының  құрылымдық бірліктегі  принципі әр  деңгейде оқу

материалы мен оқу пәнінің теориялық жағы оқушы тұлғасы мен педагогикалық

іс-әрекеттің бірлігін қарастырады.  Соңғы  жылдары  білім  беру мазмұны

тұлғалық бағдарлы  білімге қарай  бағытталды.  Жалпы  білім  беру  мазмұнын

гуманитарландыру  принципі  оқушылардың тәжірибелік  және  шығармашылық

жағынан  меңгеруге  жағдай жасаумен  байланысты.  Бұл принцип оқушылардың

көзқарасын қалыптастырумен байланысты. Қазіргі  кездегі қоғамның даму

жағдайы,  сондай-ақ тұлғаның мәдени  гуманитарлық компоненті: өмірлік

мәдени өзін-өзі анықтауы;  еңбек  мәдениеті  және  экономикалық мәдениеті;

саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық,

өнер және  дене  мәдениеті,  отбасымен  мәдени қарым-қатынас жағдайы  сияқты

көптеген аспектілерден тұрады.

Жалпы 


білім 

беру 


мазмұнының

компоненті 

тұлғаның

базалық


мәдениетімен  байланысты.  Шығармашылық  әрекет  білімнің,

дағдының,

тәрбиеліктің негізінде қалыптасады. Білім  мазмұнын  анықтау әдістерінің

ғылыми негіздеріндн  теориялық білімнің практикалық дағдыларға айналуына

басымдылық беріледі.


15

4 12  жылдық негізгі  орта мектептің базалық білім  мазмұнын

анықтау әдістері

Қазақстан Республикасының  2007 жылғы  27  шілдедегі  №319-ІІІ  «Білім

туралы»  Заңының  13-бабында:  «Білім  беру  мазмұны – жеке  адамның

біліктілігі  мен  жан-жақты  дамуын

қалыптастыру

үшін  негіз  болып

табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені)» -

деп айқындалған [3].

Негізгі  орта  білім  оқушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін

меңгеруін;  зияткерлік әлеуетінің дамуын;  рухани-танымдық  қасиеттер  мен

азаматтық жауапкершілікті,  экологиялық мәдениет  пен  тұлғааралық және

этносаралық қатынастар нормаларын игеруін; өзін-өзі тануы мен тұлғаның өз

мүмкіндіктерін 

жүзеге 


асыруын; 

функцияналдық

сауаттылығын

қалыптастыруды;  жас  ерекшеліктері  мен  денсаулықты  сақтауды  ескере

отырып, бейіндік дайындықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Негізгі орта білім деңгейінде бейіналды дайындықтар жүзеге асырылады,

яғни

жаратылыстану-ғылыми



және 

гуманитарлық

көзқарас

қалыптастырылады; 

оқушылардың 

қоғамда


әлеуметтік-психологиялық

бейімделуін

қамтамасыз  етеді;

өздігінен  бейіндік  оқытудың

бағытын

таңдауына мүмкіндік жасайды.



Негізгі орта білім беру деңгейдегі  білім  мазмұны  салыстырмалы  түрде

аяқталады және жалпы орта білім деңгейінде оқытуды жалғастыру үшін негіз

болады.

Әдістемелік құралда 12  жылдық мектептің негізгі  орта  білім  беру



деңгейіндегі оқу  пәндерінің мақсаттары  мен  міндеттері,  базалық білім

мазмұны, 

оқушылардың

дайындық


деңгейіне

қойылатын 

талаптары

айқындалып, келесі  білім  салалары бойынша  көрсетілген  оқу  пәндерінің

базалық білім мазмұны енгізілді:

-

«Тіл  және әдебиет» білім  саласының пәндері: «Қазақ тілі мен қазақ



әдебиеті» (қазақ тілінде  оқытатын  мектептерге  арналған), «Қазақ тілі мен

қазақ әдебиеті» (өзге тілдерде оқытатын мектептерге арналған), «Шет тілі»;

-

«Адам  және қоғам» білім  саласының пәндері:  «Қазақстан  тарихы»,



«Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық»;

-

«Жаратылыстану»



білім  саласының

пәндері:  «Жаратылыстану»,

«Биология», «География», «Физика», «Химия»;

-

«Математика 



және 

информатика» 

білім 

саласының



пәндері:

«Математика», «Алгебра», «Геометрия», «Информатика»;

-

«Өнер» білім саласының пәндері: «Музыка», «Бейнелеу өнері»;



-

«Технология» білім саласының пәні: «Технология»;

-

«Дене шынықтыру» білім саласының пәні: «Дене шынықтыру».



16

4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы

«Қазақ тілі» пәні

І. «Қазақ тілі»  пәнін  оқытудың мақсаты - әдеби тіл  нормаларын  жетік

қолдана білетін,  сөйлесім әрекеті қалыптасқан,  тілдің  қызметін  жүйелі

меңгерген дара тұлға қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.

«Қазақ тілі»  пәні  танымдық және  практикалық бағыттарда  төмендегідей

міндеттерді шешеді:

оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту;

тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныту;

сөйлесім компоненттері бойынша қатысымдық дағдыларын жетілдіру;

әдеби тілдің лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, сөзжасамдық,

грамматикалық, стильдік, пунктуациялық нормаларын меңгерту;

тілдік жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыландыру.

ІІ. «Қазақ тілі» пәнінің базалық мазмұны.



Қазақ тілінің мәні  мен қызметі. Қазақ тілі – ұлттың ана  тілі. Қазақстан

Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің

тарихы және дамуы. Қазақ тілінің әлеуметтік-мәдени қызметі.

Әдеби тіл және мәтін. Сөз әдебі. Тіл және сөйлеу заңдылықтары. Сөйлесім

әрекетінің түрлері:  оқылым,  тыңдалым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім.  Диалог

және  монолог. Әдеби  тіл  нормалары  және  мәтін.  Мәтіннің түрлері  мен

құрылымы.



Тіл  білімінің салалары.  Лексика. Сөз  мағынасы  және  оның мағыналық

топтары.  Фразеологизмдер.  Мақал-мәтелдер.  Табу,  эвфемизм,  дисфемизм

сөздер. Сөздік қор және сөздік құрам.

Фонетика. Тіл  дыбыстары  және  оның жіктелуі. Қазақ  әліпбиі.  Буын.

Тасымал. Екпін. Кірме сөздер. Үндестік заңы. Әріптердің емлесі.



Сөзжасам. Сөздердің жасалуы.  Сөз  тұлғасы.  Түбір  және  туынды  сөздер.

Туынды сөздердің түрлері. Күрделі сөздер.



Морфология. Сөз құрамы.  Сөздің түрлері.  Сөз  таптары  және  олардың

түрлену жүйесі. Көмекші сөздер.



Синтаксис. Сөз  тіркесі  және  оның түрлері.  Сөздердің байланысу  тәсілдері

мен  түрлері.  Сөйлемнің түрлері  және құрамы.  Сөйлем  мүшелері.  Сөйлем

мүшесі  болмайтын  сөздер  тобы.  Сөйлем құрылысы.  Жай  сөйлемнің түрлері.

Құрмалас сөйлемнің түрлері. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі.



Тіл  мәдениеті. Тілдің орфографиялық және  орфоэпиялық заңдылықтары.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті.



Стилистика  және  пунктуация. Стиль  түрлері  және  олардың тілдік

ерекшеліктері. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметі.



17

Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер.

Мектептің негізгі орта деңгейінде оқытылатын тілдік материалдар мазмұны

оқушылардың жас  ерекшеліктеріне  орай  дидактикалық  ұстанымдар  негізінде

сұрыпталды.

«Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын таңдауда басшылыққа алынған негізгі

ұстанымдар:

түсініктілік,  жүйелілік, ғылымилық,  жас  және  психофизиологиялық

ерекшелікті ескеру, т.б. ұстанымдар;

білімді  дара  тұлғаға  бағдарлау  (бейімдеу,  дамыту,  психологиялық

үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

этнолингвистикалық және этномәдени ерекшеліктерді ескеру;

оқушыны әлеуметтендіру ұстанымы;

пәнаралық байланысты сақтау;

әрекетшілдік-бағдарлылық 

ұстанымы 

(әрекетке

үйрету, 


оқу

жағдаятындағы әрекеттен өмірлік  жағдаяттық  әрекетке  көшу,  оқу  танымдық

әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу, креативті немесе шығармашылық

пен біліктілікке мүдделілігінің негіздерін қалыптастыру);

мәдени-бағдарлылық  ұстанымы  (әлемнің

бейнесі,


әлемге  мәндік

көзқарас,  білім  мазмұнының тұтастығы,  жүйелілігі;  тілді,  мәдениетті ұлттық,

адамзаттық құндылық ретінде таныту).

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Оқушылар:

қазақ тілінің ұлттың ана тілі ретіндегі маңызын;



әдеби  тіл  нормаларын;  мәтінді,  мәтіннің

тақырыбын,  идеясын,

құрылымын  және  т.б.  тіл  білімі  салаларының тіл  біліміндегі  орны  мен

маңыздылығын;

қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;



сөйлемге  лексикалық,

фонетикалық,

морфологиялық,

синтаксистік

талдаулар жасауды;

орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды;



қазақ әліпбиінің құрамын, ретін;

төл  сөз,  төлеу  сөз,  автор  сөзінің ерекшеліктері  мен  тыныс  белгілерін;



стиль түрлерін, тыныс белгілерінің түрлерін;

лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік  нормалардың



тіл мәдениетіне қатысын;

сөздерді



әдеби  тіл  нормаларына  сай

қолдана  алуды  және  т.б.



білуі/меңгеруі тиіс.

18

«Қазақ әдебиеті» пәні

І. «Қазақ  әдебиеті»  пәнінің мақсаты - сөз өнерін  адамзаттың көркем

тарихы  ретіндегі  мәдени  мұра, ұлттық  құндылық деп  бағалап, құрметтей

алатын елжанды  азамат  тәрбиелеу; оқушыларға әдеби  туындылар  арқылы

көркемдік,  интеллектуалдық, адамгершілік  тәрбие  беру;  оқырмандық талғам

мәдениетін

қалыптастыру;

әдеби  шығармада 

бейнеленген

құбылысты

көркемдік  тұрғыда қабылдауға қажетті  білім,  білік,  дағдыларды  меңгерген,

алған  білім  негіздерін өмірлік  жағдайларда қолдана  білетін  жеке  тұлға

қалыптастырып дамыту.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:

оқушыларға қазақ әдебиетінің  ұлттық сипатын,  халықтың  әдет-ғұрып,

салт-санасының

көрінісін, 

жанрлық,

стильдік 

ерекшеліктерін, 

көркем


туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

көркем  шығармадағы  мазмұн  мен  форма  тұтастығын,  тарихи-әдеби

мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;

көркем  шығарманы  эмоционалды қабылдауға,  бейнелі  және образды

ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге үйрету;

оқушылардың ішкі  жан әлемін  рухани-адамгершілік құндылықтармен

байытып,  көркемдік  талғамын  кеңейту  және  оқырмандық

мәдениетін

қалыптастыру,  көркем  шығармаларды

өз  бетінше  іздеп,

қызыға

оқуға


дағдыландыру;

оқушының  өзіне  сенімді  түрде  жұмыс  істеуіне  бағыт  беріп, өз  ойын

еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

әдеби-теориялық

білімін 

сауатты


қолдана 

алу


құзыреттілігін

қалыптастыру, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

қазақ әдебиетінен алған  білім  мен  тәрбиенің нәтижесін өмірлік

жағдаяттарда қолдана алуға үйрету.

ІІ. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны.

Халық

ауыз

әдебиетінің  үлгілері:

ертегілер,  аңыз-әңгімелер,  мақал-

мәтелдер,  тұрмыс-салт  жырлары,  тарихи  жырлар,  батырлар  жыры,  лиро-

эпостық жырлар, айтыстар, шешендік сөздер.



Әпсаналар, діни мифтік әңгімелер.

Әдеби ертегілер, мысал өлеңдер.

Ежелгі  дәуір әдебиеті  және  оның  үлгілері:  VІ – VІІІ ғасырлардағы  көне

түрік  ескерткіштері: «Алып  ер  Тоңа», Күлтегін  батырдың, Білге қағанның,

Тоныкөк  жыраудың  құлыптастарындағы  жазбалар, Қорқыт,  «Оғыз қаған»

жыры.


Ислам  дәуіріндегі әдебиет: Әбунасыр әл-Фараби,  Ахмет  Йассауи,  Жүсіп

Баласағұни, Махмұт Қашғари, Рабғузи, Сәйф Сараи.



19

ХV – ХVІІІ ғасырлардағы әдебиет. Жыраулар  поэзиясы  (Асан Қайғы,

Ақтамберді, Бұқар, т.б.).



ХІХ – ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, олардың көрнекті

өкілдерінің шығармалары.



Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті, олардың көрнекті өкілдерінің

шығармалары.



Әлем әдебиеті (үздік туындылар).

Әдебиет – сөз өнері. Көркем  шығармалардың  қоғамдық-әлеуметтік мәні,

әдеби-теориялық ұғымдар, әдеби білім мен дағды, көркем шығарманың сюжеті

мен  композициясы, әдебиеттің тегі  мен  түрлері, әдеби  ағымдар, әдеби  тіл

нормалары, көркем  шығарма  туралы  жазылған сыни  еңбектер, әдеби-тарихи

мәліметтер. Әдебиеттің әлеуметтік-мәдени қызметі,  оның  қоғамдық  құбылыс

ретіндегі маңызы.



Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер.

«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  берілетін  білім  мазмұнын  сұрыптауда

ғылымилық, түсініктілік,  жүйелілік,  сабақтастық, іс-әрекеттілік,  пәнаралық

ықпалдастық, сабақтастық сияқты  дидактикалық  ұстанымдар  басшылыққа

алынып,  оқушылардың жас ерекшеліктері  ескеріледі. Оқытудың барлық

деңгейлерінде  жалғасын  табатын сабақтастық  ұстанымы пәндік  білім

мазмұнын  меңгертудің  әдіснамалық және әдістемелік қағидаларынан  көрінеді.

Оқытудың іс-әрекеттілік ұстанымы білім  алушылардың танымдық  әрекетін

дамытып, олардың өз әрекетін өзі бақылай  алуының қалыптасуына негіз

болады.

Пәнаралық байланыс ұстанымы берілетін  білім  мазмұнының нәтижелiлiгi

мен  оқытудың сапалық деңгейін  танытады. Сол  себептi әдебиеттің басқа

пәндермен ықпалдастығы  оқушының интеллектуалдық-танымдық,  iскерлiк

сапаларын, 

шығармашылық 

әрекетiн,

қарым-қатынастық

бiлiктiлiгiн,

әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын

дамытуға септігін тигізеді.

Қазақ  әдебиетін  оқытуда түсініктілік ұстанымы оқушылардың өзіндік

қабілеті мен  ерекшеліктерін ескере  отырып үйлесімді  психологиялық ахуал

тудыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың

тұлғалық

жетістіктерін  ескеру

ұстанымы

күрделі


тапсырмаларды 

шешуге,


өздік 

жұмыстарды 

орындауға 

бағытталып,

оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді.

Шығармашылық 

ұстанымы

құзыреттілікке 

бағытталған

әр 


түрлі

тапсырмаларды өздігінен  орындау  білігін қалыптастыруды  нысана  тұтып,

оқытудың  қай ұстанымы  болмасын  оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға

ықпал етеді.



«Қазақ әдебиеті»  оқу  пәнінің мазмұндық желілері көркем  шығарманың

қоғамдық-әлеуметтік мәні, әдеби-тарихи ұғымдар, әдеби білім  мен  дағды,

көркем  шығарманың сюжеті  мен  композициясы, әдебиеттің тегі  мен  түрлері,

әдеби ағымдар, әдеби тіл  нормалары, көркем  шығарма  туралы  жазылған сыни

еңбектер, әдеби-тарихи  мәліметтер, коммуникативтік қарым-қатынас,  сөйлеу


20

әрекеті т.б мазмұндық желілердің өзара тұтастығы  пән  мазмұнын  сұрыптауда

маңызды рөл атқарады. Әдебиеттің әлеуметтік-мәдени қызметі оның қоғамдық

құбылыс ретіндегі маңызын аша түседі.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:

әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік



көзқарасын білдіре сипаттауды;

балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп



оқуды;

оқыған  туындының тектік,  жанрлық сипатын, әдебиет  және  фольклор



туралы жалпы ұғымдарды анықтауды;

өлең сөздің  құрылымдық элементтерінің (өлшем,  ырғақ,  ұйқас, шумақ)



мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын біліп, қолданыста ажыратуды;

ұлттық мұра  ретінде  танылған үздік  шығармалардың тарихи  сипатын,



маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттеуді;

компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет



арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды;

әдебиеттің басқа өнер  түрлерімен  (бейнелеу,  сәулет,  саз,  мүсін,  театр,



кино, т.б.) байланысын түсіндіре алуды;

көркемдегіш құралдарды әдеби талдауда орынды қолдануды;



берілген  мәтіндерді  баяндалу  тәсіліне қарай  жүйелеп,  толықтырулар

енгізуді білуі/меңгеруі тиіс.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 0.82 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет