12 ақпан, 2015 жыл Бейсенбі 2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады Қызылорда облысы аумағына тарайтын апталық газет



жүктеу 231.9 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата25.01.2017
өлшемі231.9 Kb.
1   2   3

Серік  ҰСНАДИНОВ,

технология  пәнінің мұғалімі,

Бөген ауылы.

 Еңселі ғимаратқа орналасқан "Еңлік" жеке балабақшасы өткен

жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасап келеді. Балабақшада 2

топ жұмыс жасайды, тәрбиеленушілер саны 50. Тәрбие жұмыстары

қазақ тілінде жүргізіледі. Балалар үшін барлығы 21 қызметкер жұмыс

жасайды.


Ашылғанына көп уақыт болмаса да, балабақша аудан көлеміндегі

түрлі байқауларға қатысып, біршама жетістіктерге жетуде. Соның

бір дәлелі "Үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі - 2014" атты ау-

дандық байқауға тәрбиеші, жас маман Меруерт Сарбасова қатысып,

білімі мен білігін көрсетіп, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен

марапатталды.

Сонымен қатар тәрбиеленушіміз Ерасыл Октябрь халықаралық

"Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігі Арал аудандық филиалының қол-

дауымен және З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің ұйым-

дастырумен "Тіл болашағы - балабақшадан" атты аудандық байқауға

қатысып, жақсы өнерімен көзге түсіп ІІІ орын иеленді. Бала жетістігі

- тәрбиешілер еңбегінің жемісі.

Қазіргі таңда "Еңлік" жеке балабақшасының тәрбиешілері шы-

ғармашылық ізденушілікпен қызмет етіп келеді. Балабақшада жұмыс

жоспары бойынша әр түрлі шаралар, ертеңгіліктер, ашық сабақтар

жиі өткізіледі. Атап айтар болсақ, "Балбөбек" және "Балдырған" топ-

тарында Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз елдің ұрпағымыз" тақ-

ырыбында ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Жаңа жыл мерекесіне қатысты "Би билейміз тағы да, жасыл шыр-

ша жанында" тақырыбында "Балбөбек", "Сиқырлы жаңа жыл келді"

атты ертеңгіліктер "Балдырған" топтарында ата-аналардың және ау-

дандық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен аталып өтілді.

"Еңлік" жеке балабақшасының аға қойған мақсаты - ел ертеңі бо-

лар жас ұрпағымызды жастайынан өнерлі де өнегелі тұлға етіп тәр-

биелеу. Осы мақсатта алдағы уақытта балабақша қызметкерлері аян-

бай қызмет етеді деген сенімдеміз.



Индира ҚЫЛЫШБАЕВА, әдіскер.

Сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ет-

етін факторлар толып жатыр. Ең алдымен салауатты

өмір салтын ұстау, майлы тағамдарды пайдаланбау,

зиянды әдеттерден аулақ болу, алкогольді ішім-

діктерді асыра пайдаланбау, зиянды газдалған сус-

ындардан  аулақ болу.

Сүт безі қатерлі ісігімен тек жасы келген әйел-

дер ғана ауырады деп ойлау қателік. Бұл дерт мектеп

қабырғасында жүргенде-ақ басталуы мүмкін. Айна

алдында тұрып, қолыңды басыңыздың артына

қарай созып, емшектің пішіні мен терісіне назар

аударыңыз, емшектің әр тұсында тартылған немесе

томпайған жерлердің жоқ екенін мұқият қараңыз.

Бірақ емшектің көлемі мен пішінің өзгеруі аурудың

белгісі бола бермейді. Ең бастысы, әйел жалқау-

лыққа бой алдырмауы керек. Сары уайымға берілу,

өмірді қызықсыз   санау, өзіңді ешкімге керек емес

сезіну тәрізді жағымсыз сезімдер мен ойлар жал-

қаулықтан туындауы ықтимал. Бәрін серпіп тастау,

өз өмірін көрікті ету, отбасын қуанышқа бөлеу, содан

рахат табу - көбінесе әйелдің өз қолында екенін білсе

екен.

 Ж.АЛМАНОВА,



аудандық СӨСҚҚБ психологы.

Ынтымақ бастауы

Елімізде тұратын ұлттардың бір-

лігі - біздің жарқын болашағымыз-

дың кепілі. Осыған байланысты

жыл басынан бері мектеп кітапха-

насында түрлі іс-шаралар легі өту-

де. Халықтар достығын, бірлігін ай-

ғақтайтын көрме жасалынып қой-

ылған. Ол мазмұндылығымен, әс-

ерлігімен көз тартады. Жалпы  мек-

тептің өткен жылдардағы шежіре-

сіне қарап отырсақ, нағыз ұлттар

ұясы болған оқу ордасы болғанын

білдік. Осы білім ордасында әр

жылдары поляк Антонина Иван-

овна Козловская, кәріс Владимир

Иванович Ли, ерлі-зайыпты ор-

ыстар Павел Григорьевич пен Та-

мара Васильевна Одинковалар,

украин Ольга Владимировна Мо-

роз, неміс Фрида Яковлевна Геи-

тс, грек Надежда Николаевна

Мавропуло, тәжік Татьяна Досова

ұлағатты ұстаздық қызмет істеп,

ел абыройына бөленсе, олардан

тәлім алған шәкірттердің ішінде

кәрістер Владимир Хан, Родольф

Ким, неміс Валентина Геринг,

Александр Вагнер, молдован Ан-

атолий Кравченко, орыстар Та-

тьяна Томина, Ирина Лоскутова,

Максим Коршунов, ук-

раин Юрий Зайченко,

Константин Нестеренко

жақсы оқу үлгірімін көр-

сетіп, мектеп мақтаны-

штары бола білді. Жүрек

қалауларымен жоғары

оқу орындарына түсіп,

сан түрлі мамандықтың

білгір мамандары атанды.

"Ассамблея жылына"

байланысты мектеп кіт-

апханасында халықтар

достығын нығайту бағ-

ытындағы түрлі шаралар



жалғасын таба бермек.

Айгерім

ЖАРБОЛҒАНОВА,

 мектеп

кітапханашысы.

*Көп-көп күлімде. Күлімдегенге шығын

кетпейді, бірақ құн жетпес жетістіктерге

жол ашады.

*Батыл бол? Болмасаң да солай көрін.

*Майда-шүйдеге болмашыға алаңдай

берме!

*Алғашқы

әсерлеріңе сенбе!

Д о с ы ң а

қарыз бергенде

абай бол! Екеуін де жоғал-

тып алуың

мүмкін!

* Жоғалтатын еш нәрсесі қалмағандар-

дан қашық.

* Ешкіммен араңды үзбе!

Үлкенге сөз бер, бірақ орындаусыз қал-

дырма!

*  Өмірдің әрдайым әділ болуын күтпе!

Үкім шығармай тұрып екі тарапты да

тыңдап ал!

* Тартымды, ұнамды бол! Ешкіммен ар-

аңды суытпа!

* Біреуге "Сені жақсы көремін" деп айту

мүмкіндігіңді жіберме!

*  Саған көмегін бергендерге алғысыңды

білдір!

* Басшыларды дұрыс тағайында!

* Уақытты және сөздеріңді мұхият

қолдан!  Қайта келмейді!

* Әдемі киін!  Адамдар киімге қарап қарсы

алады!

* Берген насихаттарыңа қайшы

әрекеттерден сақ бол!

* Бастаған әрбір ісіңді бітір! Ешкімнің

сөзін бөлме!

Қонаққа келгендерді тұрып күтіп ал!

* Аз танитын адаммен кезіккенде қол-

ыңды созып, атыңды айт. Ол сені танымай

тұруы мүмкін.

* Телефонды  сенімді дауыспен көтер!

* «Қап» дегеннің орнына «келесі жолы»

дегенді айтуды сынап көр!

Үнемі мен дұрыспын деген адамнан күм-

әндән!

* Жұмыс бітпей тұрып толық ақшасын

өтеме!

* Сені құшақтағанда бірінші

болып ол қолын жіберуін

күт!

Қарның аш

кезде азық-түлік

сатып алуға бар-

ма!

* Ең терең сезімдік қажеттілік - мара-

патталу сезімі.

* Бір жұмыс таппай тұрып, жұмыстан

шықпа.

* Жақсы адвокатың және жақсы сан-

технигің болсын.

* Тыңдай біл! Кейбір мүмкіндіктер есікті

ақырын қағады.

* Кең пікірле,бірақ майда нәрселерден де

нәр алуды ұмытпа!

Бостандық СЫДЫҚОВ,

аудандық білім бөлімінің жетекші

маманы.

Темірқазық

№81 орта мектебінде  "Жүрегім толы мейірім" атты қайырымдылық қам-

қорлық акциясы ұйымдастырылды. Акциясының мақсаты - жас ұрпақтың

бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қас-

иеттерді бойына дарыту мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және

күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек

көрсету. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілділік.

Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жом-

арт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

Осыған орай №81 орта мектебінде 15 қаңтары мен 15 ақпан аралығында

іс-шара жасап, жоспарға сай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мектеп

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Тойбазарова көпшілікті ха-

бардар етті. Соның бір айғағы іспеттес, мектептің әлеуметтік педагогы, педа-

гогика магистрі Есенбаев Нұрлыбек мектептегі бастауыш сынып пен орталау

сыныптың он  оқушысына, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың

балаларына  өз қаражатымен 35 мың теңгенің аумағында қыстық жылы әрі

сапалы аяқ киімдерді ата-аналардың қтысуымен, балаларға тарту етті.

Жас педагогтың игі бастамасына ұжым мүшелері  риза болды. Акцияға

қатысқан ата-аналар жүрекжарды лебіздерін алғыс, баталарымен жеткізді.

Айналамыздағы адамдардың игілігі үшін жасалатын қамқорлық жалғасын

таба береді деп мектеп басшысы Б.Есенбаева жиылған ата-аналар мен ба-

лаларға өз лебізін білдіре отырып,  акцияны қорытындылады.



Ақылбек ӘБДІХАЛЫҚОВ, ата-ана, Қызылжар ауылы.

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 231.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет