12 ақпан, 2015 жыл Бейсенбі 2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады Қызылорда облысы аумағына тарайтын апталық газет



жүктеу 231.9 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі231.9 Kb.
  1   2   3

12 ақпан, 2015 жыл

Бейсенбі

2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады

Қызылорда облысы аумағына тарайтын апталық газет

№7 (124)

Құрылтай

Мәңгілік ел - халық мұраты

Кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде

*

Бүгінгі сөз



"Қанағат - қарын тойғызарды" айтқан қазақтың ұлттық ұс-

танымдарының бірі - қанағат еді. Шүкір айту мен қанағат етуді

өмірінің мәні қылған ұлт, шүкірін сақтаса, сақтап-ақ қалған шығар-

ау! Алайда, қанағатшылдығы сол бәз-баяғы қалпынданы айтарда ой-

ланып қаларымыз хақ. Оған енді ысырапшылдығымыз қосылғандай.

Үйдегі дастарханымыздың сәні келісіп тұрған-тұрмағанында шаруа

жоқ. Дос пен дұшпанға көз қылып, ас пен тойда шашылып-шабыла-

тынымыз және бар. Кішігірім дастархандардың өзінде құстың сүтінен

басқаның бәрін қоюды мақсат тұтқан біздер, сол  дастархандардан

басталған ырду-дырду - қонақтарға шайтан суынан ұрттатып,

ұрттатып қана қойса қане, арақкештіктің соңына жетелеп келеді.

Өмірден де, арақтан да жеңілген, жеңіле бастаған сол жандардың

қоғамға да, отбасына да құрмет салмағы қандай екен дейсің кейде.

Сол қоғам мен жақын-жуығы теріс айнала бастаған жандар туралы

ойлағанда, Әбіш ақсақал айтыпты делінетін "Қазақтың құдай атып

кеткен жегітінен де үмітімді үзбеймін. Себебі оның белінде қазақтың

Жер жаһанды қасіретке бөл-

еп, қанды қырғын алып келген

фашизммен болған соғысқа қат-

ысып, қисапсыз қиындықтарды

басынан өткерсе де елге аман-ес-

ен келіп, баянды ғұмыр кешкен

азаматтардың бірі Шыныбай

Бекпанбетов ақсақал еді.

Бұл кісінің жауынгерлік жол-

дарына қарап отырсақ, Ұлы Отан

соғысына бастан-аяқ қатысқан.

Қатардағы жауынгер ретінде осы

соғыстың ауыртпалығын бір кісі-

дей көтерген екен. Алайда жігері,

намысы жасымай, өзінің ер міне-

зін жасытпаған жан.

Шыныбай ақсақал 1899 жы-

лы Арал қаласында дүниеге кел-

ген. Өмірде еңбек енді араласып,

тұрмыс-тіршілігін түзеу жолында

еселі еңбек етіп жүрген шағында

1941 жылы фашистік Германия

КСРО еліне опасыздықпен соғыс

ашты. Елбасына қаралы күн ту-

ып, ер етігімен су кешкен кезең

туды. Сол жылдың қоңыр күзінде

Шыныбай алғашқылардың легін-

де әскер қатарына алынып, май-

дан даласынан бір-ақ шықты.

Соғыс ойыншық емес, адам

қаны судай ағып, әр жерде өліктер

шашылып жатты. Шыныбай түс-

кен атқыштар бригадасы Харь-

ков қаласы үшін болған қиян-

№260 мектепте

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Жа-



«ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ, БІРЛІКТІҢ

БЕСІГІ - ҚАЗАҚСТАН»

"Ағажанды", 5 "А" сыныбы өзбек

әні "Таманозиді", 6 "А" сыныбы ук-

раин халық әні "Ты же мене пидма-

нуланы", 6 "Б" сыныбы  орыстың

частушкаларын орындады.

Келесі кезеңде барлық сынып-

тар әр ұлттың билерін биледі. Көп-

шілік украин халқының "Вірський

-Гопак" биіне, қазақ халқының

"Кең дала" биіне және орыс халқы-

ның "Калинка" биін 6 "Б" сынып оқу-

шылары шабыттана билегенде ық-

ыластана қол соқты.

лардың мергендігін, шапшаңды-

ғын анықтайтын «Асық ату» ой-

нында 6 "А" сынып оқушысы А.Ор-

ынбасарова жеңіске жетті. 6 "А"

сыныбы "Колдун" ойынын көр-

сетті. 6 "Б" сыныбы ер балаларға

арналған "Қораздардың қақтығы-

сы" ойнын ойнатып, жеңіске  сын-

ып оқушысы Н.Оржанов жетті.

"Әлем халықтарының асхана-

сы" атты сайыс бөлімінде қазақ-

тың женті мен бауырсағын, өз-

бектің көк шайы мен палауын,

украиндықтардың вар-

еникиі мен драникиін,

орыстың борщы, блины

мен квасын дастархан

үстіне қойып, қонақ-

жайлық танытты. Дас-

тархан ажарын "Кара-

вай" наны тіпті аша түсті.

Оқушылар жүгізуші

дайын-даған сұрақтар-

ға нақты жауаптар берді.

Кешті мектеп дир-

екторының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Е.Исатаева қортынды-

лады.

Зиғаш ТҰРАШЕВА,

ағылшын тілі пәні

мұғалімі.

дыра Қошекееваның 5-6-сынып-

тар арасында өткізген "Татулық-

тың тұтқасы, бірліктің бесігі - Қа-

зақстан" атты сыныпаралық сай-

ыс Қазақстан халықтары Ассамб-

леясының 20 жылдығына арналды.

Сайысқа қатысушылар өзбек,

орыс, украин халықтарының мәд-

ениетін көпшілікке паш етті.

Шарт бойынша әр сынып өздері

таңдаған халықтардың әндерін

нақышына келтіре орындады. 5

"Б" сыныбы қазақтың халық әні

Келесі бөлімде әр

халықтың ойында-

ры ойналды. Бала-

болашағы жүрген шығар-ау деп үміттенемін" деген сөзі жанға

медеу болатындай.Әйтпегенде бүгінгі қазақтың бір-біріне

деген құрметі кемімегені, қадірі төмендемегені жоқ

сияқты көрініп кететін тұстар көп қой…

Қарагөз Сімәділ,

"Қазақ әдебиеті"

2015 жылдың 1 қаңтарынан

бастап "Қазақстан Республи-

касының кейбір заңнамалық

актілеріне Қазақстан Республи-

касында кәсіпкерлік қызмет үшін

жағдайды түбегейлі жақсарту мә-

селелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы" 2014

жылғы 24 жетоқсандағы №269-V

ЗРК Заңы күшіне еніп, осы заңға

сәйкес Қазақстан Республика-

сының "Заңды тұлғаларды мем-

лекеттік тіркеу және филиалдар

мен өкілдіктерді есептік тіркеу ту-

ралы" Заңына өзгерісте мен тол-

ықтырулар енгізілді. Осы өзгеріс-

терге сәйкес, шағын және орта кә-

сіпкерлік субъектілерін "электрон-

ды үкімет" веб- порталында тіркеу

өтінішті берген кезден бастап 1 са-

ғатқа қысқартылды. Ал бұрынғы

мерзімі 1 күн болатын.

Сондай-ақ Заң бойынша мем-

лекеттік тіркеуден өту және қыз-

метін тоқтатуды тіркеу үшін шағын

кәсіпкерлік субъектілері 3704 тең-

ге, ал орта кәсіпкерлік субъектілері

12038 теңг төлесе, жаңа Заңнама-

лық норма бойынша бұл мемлекет-

тік баж мүлдем алынып тасталды.

Сол сияқты шағын кәсіпкерлік су-

бъектілері үшін 100 теңге жарғы-

лық қапиталының талап етілуі де

жойылды.

Жеке кәсіпкерлік субъекті-

леріне жататын заңды тұлғалар

үшін бұрын мөр жасату міндетті

шарттардың бірі болса, қазір бұл

талап та жойылды. "Халыққа қыз-

мет көрсету Орталығының" Арал

аудандық бөліміне және бөлімнің

2-50-03, 2-50-07 телефондары

арқылы кеңестер беріледі.



Халыққа қызмет

көрсету Орталығы Арал

аудандық бөлімінің

әкімшілігі.

Мектеп


бітірушілер

назарына!

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар

комитетінің Көкшетау техника-

лық институты - өрт қауіпсіздігі,

төтенше жағдайлар салдарын

жою және алдын алу саласы бой-

ынша кәсіби мамандарды даяр-

лайтын еліміздегі басты жоғары

оқу орны болып табылады. Инс-

титут - әскери қызметке негіз-

делген, курсанттардың оқуы, киі-

мі және тамақтануы республи-

калық бюджет есебінен қаржы-

ландырылады, яғни тегін.

Сонымен қатар үздік оқыған

курсанттарға шәкіртақы қарас-

тырылған. Оқу мерзімі - 4 жыл.

Оқуды бітіруші түлекке арнайы

атақ - өртке қарсы қызмет лей-

тенанты шені беріліп, жұмыспен

міндетті түрде қатамасыз етіледі.

Оқу мен қоғамдық өмірде жо-

ғарғы нәтиже көрсеткен үздік

түлектерге 2010 жылдан бастап

Астана қаласында өртке қарсы

қызмет лейнетанты погондарын

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев құр-

метпен табыс етіп келеді.

Оқуға үміткер арнайы құқық

қорғау, денсаулық сақтау орган-

дарынан тексеруден өтеді. Үміт-

керлердің оқу және іс-құжат-

тарын іріктеуді Қызылорда обл-

ысының Төтенше жағайлар де-

партаментінің «Кадр жұмысы»

бөлімі жүргізеді және құжаттары

сай үміткерге жолдама беріледі.

Үміткер боламын деген мек-

теп бітірушілер Арал ауданының

Төтенше жағдайлар бөліміне

хабарласуына болады.

Мекен-жайымыз: Арал қала-

сы, Бақтыбай батыр көшесі,

№113 үй. Телефон: 2-22-69.

Арал аудандық Төтенше

жағдайлар бөлімі.

Қазір құжаттандыру саласы

бойынша барлық жұмыс ХҚКО-

да атқарылады. Анықтамаларды

лезде дайын қылатын Орталық

жұмысына тұтынушылар дән ри-

за. Оның үстіне, шалғай елді-ме-

кендердің тұрғындары үшін, сон-

дай-ақ мүмкіндігі шектеулі аза-

маттар үшін үй-үйді аралап жүріп

құжат рәсімдейтін "оңтайлы" жұ-

мыс жасайды. Арал аудандық бөл-

імінде "оңтайлы топтың" елді-мек-

ендерді аралау кестесі жергілікті

басылымдарда ай сайын жарияла-

нып тұрады. Осы кесте негізінде

арнайы қызметкерлер уақытылы

елді мекендерді аралап, құжаттар-

ын түгелдеп, заңды кеңестер бере-

ді. Мүгедек жандарға ХҚКО қыз-

меткерлері үйлеріне барып қызмет

Шалғай ауылдар шет қалмайды

ға қаржысын, уақытын шығын-

дап қалаға келетін ауыл тұрғын-

дарына үлкен көмек.

ХҚКО-да жасалып жатқан

осы жұмыстар шалғай ауыл тұр-

ғындарының және мүмкіндігі ше-

ктеулі азаматтардың да назардан

тыс қалмағанын көрсетеді.



А.ӘБІШЕВА,

бөлім инспекторы.

көрсетеді. Бұл

құжатын рәс-

імдеу үшін жол-

Жеке және заңды тұлғалар-

дың құқықтары мен заңды мүд-

делерін қорғау және сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу мақ-

сатында Арал ауданы Төтенше

жағдайлар бөлімінің 2-22-69

сенім телефоны жұмыс жасауда.

Сұрақтары бар азаматтар, жеке

кәсіпкерлер осы телефон арқы-

лы хабарласуларына болады.



Сенім телефоны

Ұлы Жеңіске - 70 жыл

кескі шайқастарға қатысты.

Мұнан әрі Украинадан өтіп, Бел-

оруссия, Литва елдерін фашис-

терден азат ету шайқастарына

қатысты. Төрт рет жараланып, аз

уақыт госпитальда емделуден өт-

іп, қайта майдан даласына қайта

оралды.

Міне, осылайша қанды шай-



қастармен алдыға жылжыған

кеңес әскерлерінің сапында жа-

яу әскер жауынгері Шыныбай

Бекпанбетов бүкіл Еуропа ел-

дерін жаяу жүріп өтіп, Гитлер ор-

дасы орналасқан Берлин қала-

сына дейін жақындап барды.

Соңғы қатты шайқастардың бір-

інде жараланып, адамзат баласы

көптен күткен 1945 жылғы Ұлы

Жеңісті госпиталь керуетінде

жатып қарсы алды.

Осы соғыста көрсеткен ас-

қан ерліктері үшін ол "ІІ-ІІІ дә-

режелі Ұлы Отан соғысы" орде-

німен, "Германияны жеңгені үш-

ін" медалімен марапатталды.

Сондай-ақ екінші дүниежүзілік

соғыстың атақты қолбасшыла-

рының бірі, маршал К.К.Рокос-

совскийден алған алғысы да бар.

Соғыстың басынан-аяғына

дейін қан кешкен Шыныбай

Бекпанбетов «қырық жыл қыр-

ғын болса да, от ішінде мақтаны

сақтайды» дегендей, 1945 жыл-

дың жаймашуақ күзінде елге ор-

алып, бейбіт еңбекке араласты.

Ұзақ жылдар бойы Құланды жыл-

қы зауытында, «Приарал» кең-

шарында қолына құрық ұстап

жылқы бақты. Сол еңбегінің же-

місін көрді, абыройға бөленді.

Құдай қосқан қосағы Ақатай

екеуі ұрпақ өсіріп, оларды ел қа-

тарына қосты. Балалары әке тәр-

биесін көріп, жақсы азамат бол-

ып өсті. Ардагер әкесінің ел қор-

ғаудағы ерлігін мақтан тұтады.

Аралдан Еуропа кіндігі Бер-

линге дейін барған жеңімпаз

жауынгер әлі күнге жерлестер-

інің есінде.

Ж.ЖАСАНОВ,

Сапақ ауылы.


12 ақпан, 2015 жыл

Құрылтай

2

«ДАРЫНДЫ



ЖӘНЕ

ТАЛАНТТЫ

БАЛАЛАРДЫ

ОҚЫТУ»

Сыр топырағы тарих сахнасында талай

өнер тарландарын шығарды. Рухани азық

болар өлеңдер мен жырлар адам бала-

сының жанына жылылық дарытып, пара-

саттылық ұйытатын құдыретті күш. Пенде

атаулы тілімен айтып жеткізе алмайтын

ұлылық пен сұлулықты, адалдық пен кіші-

лікті мың шегедей жүрек төріне оздыра-

тында ол өнер иесі.

    Сыр бойындағы жыраулық дәстүрдің

кеңінен таралуы қазақ үшін үлкен жет-

істік. Олардың бір-бірімен арақатысы, ұқ-

сас тұстары, әр мектептің өзіндік ерекше-

ліктері бар.  Арал өңірінің шайыры Нұр-

туған бабамыздың салып берген жолын

келесі ұрпаққа жеткізу  біздің парызымыз.

Өткен жылы жыраулар үйінде көпте-

ген шаралар бастау алды. Соның бірі "Тың-

дасаң мейірің қанатын" атты жыр кеші

өткізілді. Жыр кешінің мақсаты - Арал өң-

ірінің өрен жүйріктері Жақайым Еспембет,

Даңғайыр ақын Нұртуған, Жаңаберген,

Нұрмағанбет, Жәмет, Дәріғұл сынды және

кешегі өмірден өткен ақын-жыраулары-

мыз Рысбек, Бекұзақ пен Сұраған ұрпақ-

тан-ұрпаққа жалғаған жыр дүлдүлдерінің

шығармаларын насихаттау.

Жыр кешіне республикамызға белгілі

жырау Д.Жолымбетов, А.Тәңірбергенов,

ауданымызға белгілі жыршы-термешілер

Т.Сапаров, Дәріғұл жыраудың немересі

Ғ.Өмірзақов, Т.Бейсов, Г.Бейсова, Е.Шын-

жанов, А.Бектасов, А.Нұғыманқызы және

жыраулар үйінің шәкірттері Темірханова

Нұрлыайым, Ідірісова Ақмарал жырдан ша-

шу шашып көрерменнің ыстық ықыласына

бөленді.


Сондай-ақ "Нұртуған шайыр" үйірме-

сінің үйірме мүшелерінің қатысуымен "Сыр

сүлейлері" атты ашық сабақ өткізілді. Үйірме

жетекшісі Тұрғанбек Бейсов Сыр өңіріндегі

жыраулық өнер қазақ өнерінің басқа түр-

леріне ұқсамайтын, дауыс мақамын, ырғақ

дыбыстары арқылы өлең мәтіндерінің ішкі

және сыртқы ұйқастары мен  формаларын

тереңдете түсу арқылы әрі поэтикалық әрі

артистік өнерді ұштастыра білген айрықша

жанр деп сабақтады.

Сырдың саңлақ жүйрігі" атты Әбдіқұл

Әбиұлын еске алу жыр кеші өткізілді. Ән

мен жырдың атасы, өнер бұлағының қайнар

көзі, ата-мұра жыр дәстүрін ұрпағына қалт-

қысыз күйінде жеткізуші, Сыр саздары, он-

ың ішінде "Мырзастағы" дәстүрлі жыр мек-

тептерінің мақам-саздарының білгірі Әбді-

құл жырау болатын.

Жыр кешіне жыраудың жанұясы, жұба-

йы Ләйлә анамыз, ұлдары Еркебай мен Бег-

імбай, қыздары Райкүл, Ұлжан, келіндері

мен немерелері, жыраудың бала кезгі дос-

тары Сәндібай қажы мен Көшей ақсақал,

Ақтөбеден келген немере інісі Орынбай,

балдыздары Амангелді, жазушы Айжарық

Сәдібекұлы ыстық ықыластарын білдіріп

естеліктер айтылды. Жыраудың шәкірті

Демеубай Жолымбетов ұстазы туралы ес-

теліктер айтып, жырдан шашу шашты.

Жыр кешінде белгілі жырау Айбек Тәң-

ірбергенов, Ақтөбе облысынан келген Ай-

сәуле Жолымбетова, Құралай Әленова

сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

Жыр кешіне қатысушы қонақтарға

Әбдіқұл Әбиұлына арнап Жыраулар үйінің

дайындаған кітапшалары таратылды. Кеш

соңы жыраудың ұрпақтары берген асқа

ұласты. Жыраудың отбасы Жыраулар үй-

інің ұжымына алғыстарын білдірді.

Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен

"Мырзастан шықты шайырлар" атты ау-

дандық жыршы-термешілер байқауы өт-

кізілді. Байқауға ауданымыздың елді ме-

кендерінен талантты термешілер қатысып,

бақтарын сынады.

Байқау Арал өңірі көнеден көшкен жыр

керуені өзінің сара жолдан таймағанын,

тоқтамағанын аңғартады. Олай деуімізге

анық дәлел, кешегі өтіп кеткен даңғайыр

жыршы, жырауларымыздың артына қал-

дырған мол мұралары толық дегенімізбен

кейінгі ұрпаққа зерттеліп, зерделеніп жет-

кізілуде. Нұртуған шайырдың салып бер-

ген ұшан теңіз жыр жауһарларын насихат-

Жақында  Жақсықылыш  кентіндегі

№19 орта мектепте педагог қызметкер-

лердің біліктілігін арттыру бағдарламасы

бойынша деңгейлік курстан өткен мұға-

лімдердің ұйымдастыруымен "Дарынды

және талантты балаларды оқыту" тақыр-

ыбындағы  аудандық семинар болып өтті.

Семинардың  негізгі  мақсаты  мұғалім-

дердің  сындарлы оқыту теориясын оқыту

үдерісіне ендіру, дарынды  және  талантты

балалармен жұмысты тиімді ұйымдас-

тыру барысында тәжірибе алмасу.

Семинар Р.Жанзақованың №19 мек-

тептегі деңгейлік курстан өткен мұғал-

імдердің  және  мектептегі  дарынды және

талантты оқушылардың жұмыстарына

таныстырылым  жасауымен басталды.

  Семинардың  оқушылармен  жұмыс

бөлімінде тарих пәнінен Кекілбаева Гүл-

мира  6-сыныпта "Алтын киімді адам",  Ай-

сүгірова Ұлбосын 4-сыныпта ана тілі  пән-

інен "Мен таңдайтын мамандық", Сан-

сызбаева Шынарай 3-сыныпта  матема-

тика  пәнінен "Есептерді әр  түрлі тәсілмен

шығару",  Абуова Айша 8-сыныпта  физ-

ика  пәнінен  "Тоқ күші. Амперметр",  Г.

Кирмандаева  8-сыныпта  химия  пәнінен

"Сутегі химиялық элемент  және жай зат"

тақырыбында сабақтар  өткізсе, шебер-

лік  сыныбы  бойынша  Ағыбаева  Ботагөз

"Физика  пәніндегі  ынтымақтастық",  ал

Алдашова  Роза  "Оқушылармен  жұмыс"

тақырыбында  іс-әрекетті  зерттеу  жұм-

ыстарын  көрсетті.

Семинарға  қатысушы  мұғалімдермен

Бақыткүл Тайлақова мен Айнагүл Қад-

ырова "Дарынды және талантты бала-

лармен жұмыс" деген  тақырыпта  коучинг

өткізсе, ата-аналарға арналған "Бала қабі-

летін  дамытудағы  отбасының  ролі"  атты

тренингті Жұмагүл Төлеуова мен  Айте-

кеева Айнұр  жүргізді.

Семинар соңындағы Махашов  Алаш-

ыбайдың "Дарынды және талантты  оқу-

шылармен жұмысты қалай  ұйымдас-

тыруға болады?" тақырыбындағы  дөңге-

лек  столында  семинарға  қатысушы  мұғ-

алімдер  семинардың  барысында  алған

әсерлері туралы өзара ой  бөлісіп,  тәжірибе

алмасты.

Аудандық білім бөлімі әдістемелік  каб-

инетінің жетекшісі А.Құрманалиев сем-

инар  барысындағы  жеткен  жетістіктер

мен ұсыныстарды ортаға сала отырып,

семинарға оң бағасын беріп, мұғалім-

дерге аудандық білім бөлімінің  марапат-

тарын  табыстады.

 Рахия  ҚӘДІРБЕРГЕНҚЫЗЫ,

№19 орта  мектебінің  І деңгейлі

мен әдебиеті  пәнінің   мұғалімі,

Жақсықылыш кенті .

Білім белесі

Еліміздің бас газеті "Егемен Қазақ-

станда" "Міне, қызық!" айдарымен "Жүрегі

оң жағындағы жігіт" атты мақаланы оқып,

елең ете қалғанбыз. Шынымен де қызық

жайт. Адам табиғаты да қызық қой. Кейде

осындай жайлардың ұшырасатынын құл-

ағымыздың әредік шалғаны бар. Ал, осы

мақала газетке шыққан соң, дәл осындай

жігіт өзіміздің Арал қаласында да бар екенін

естідік. Ол кім дейсіздер ғой?! Ол индус-

триялдық-техникалық колледждің қыз-

меткері Толғанбек Тишевтің ұлы Нұржан.

Ол халыққа қызмет көрсету Орталығында

инспектор болып қызмет істейді. Қазір

оның жасы 30-да.

Ерлі-зайыпты Толғанбек пен Зәуреш

Нұрқожаеваның отбасы 1985 жылы 4 қаң-

тарда үлкен қуанышқа кенелді. Отбасы

бірден екі балаға көбейді. Дүниеге келген

егізге Нұржа, Ержан деп ат қойған. Іле сол

кездегі балалар консультациясында тек-

сергенде дәрігерлер аң-таң қалды. Өйткені

балалардың жүрегін тыңдаған кезде Нұр-

жанда ешқандай дыбыс болмаған. Айран-

асыр қалған ақ халаттылар кішкентай сә-

бидің жүрегін оң жақ тұсынан тапты. Мұ-

ны естіген баланың ата-анасы "Ешкімге

айтпасаңыздар екен" деп іштей бір қым-

сыну да болған. Алайда мұнысы бекерлік

екен. Нұржан да, Ержан да жақсы денсау-

лықта болып, өз қатарларымен бірдей болып

өсті. Кейін Нұржан мектеп бітірген соң Ақ-

төбе қаласындағы кооператив колледжіне

оқуға барған кезде, сол жақтағы дәрігерлер

де оның жүрегін  әуелі тап баса алмай, оның

оң жақта екеніне көз жеткізді.

Міне, біздің Аралда осындай ерекше

жігіт тұрады. Ол бүгіндері отбасылы. Өзінің

де екі баласы бар. Білімін жетілдіру мақ-

сатында Қызылорда қаласынағы "Болашақ"

университетінің "Қаржы" бөлімінде сырттай

оқиды.

Адамның жүрегі оның басты орган-



дарының бірі. Қуанышта да, қайғыда да бір-

Елең еткізер

Әлемдік білім көшінің алдыңғы сап-

ында болу үшін біздің елімізде соңғы жыл-

дары жаңа оқу бағдарламасы қабылданып,

еліміздің бүкіл ұстаздар қауымы жаңа за-

ман талабына сай білімдерін кемелден-

діруде.

№73 Аманөткел орта мектебінде 2014-



2015 оқу жылында бес мұғалім осы атал-

мыш Кембридж бағдарламасы бойынша

деңгейлік оқуды бітірді. Бұған дейін мек-

тебімізде 3-деңгейін тәмамдаған Г.Тоғаева

ғана бар еді. Енді міне, жаңаша білім дең-

гейін көтерген, білім берудегі озық техно-

логияларды меңгерген ұстаздарымыздың

саны көбейіп отыр. Осыған байланысты

жаңа оқу жылы басында сауалнама ар-

қылы басымдылықтар анықталып, мек-

тептің дамыту жоспары жасалды. Мек-

тептегі ұстаздар талабын ескере отырып,

барлық білім сапасын жақсартудың көк-

ейтесті мәселелері қарастырылды.

Алынған тақырыпқа сай 2-деңгейлі

ұстаз Л.Орынбасарова "Диалогтық оқыту"

тақырыбында коучинг өткізді. Әрине, "бұл

не, бұл қалай?" деген оймен келген ұстаз-

дар көзінен қызығушылық пен таңқалу-

шылықты көргенде үлкен қуанышқа бөл-

ендік.

Кезекті әдістемелік кеңесте мектепте



туындаған үлгерім мәселесіне байланысты

"Білім сапасын қалай көтереміз?" тақыр-

ыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды.

Еркін микрофон негізінде мектеп ұстаз-

дары көкейлерінде жүрген ойларын ортаға

салды. Өз пікірлерін постер бетіне түсіріп,

өз идеялары мен пікірлерін дәлелді түрде

дәлелдей білді. Топтаса жұмыс жасай от-

ырып, жаңа әдіс-тәсілдерді де меңгеріп жат-

ты. Жұмыс барысында  кедергілер анық-

талып, мектеп көлемінде жүзеге асыры-

латын іс-шаралар  іріктеліп, мектеп басшы-

сына ұсынылды. Ата-аналарымен жұмыс та

жаңаша әдіспен өткізіле бастады.

Бастауыш сыныптың 1-деңгейлі ұстазы

Мәрзия Сегізбаева "Жапырақ тамырдан нәр

алады" тақырыбында ата-аналар жиналы-

сын өткізді. Қатысушылар рефлексиялар-

ында бұл жұмыстың ерекше болғанын айт-

ып, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Тәжірибе алмасу, қолдау мақсатында

"Ізденіс" желілік қоғамдастық жұмысы да

жақсы жолға қойылған. Оған дәлел аймақ-

тық семинарларда біздің ұстаздар да атса-

лысуда. 2-деңгейлі ұстаз Л.Орынбасарова

мен 3-деңгейлі ұстаз Қ.Сайлыбайдың өткіз-

ген іс-шаралары жоғары бағаланып, мара-

патқа ие болды. Және семинарларға басқа

қатысушылар да өздері көрген білім беруде

жаңаша әдіс-тәсілдерді мектеп мұғалім-

деріне насихаттауда.

Кембридж бағдарламасы бойынша кур-

стың 1-деңгейін бітірген ұстаз ретінде мен

де ҰБТ-ға байланысты "Сенімділік - нәти-

жеге бастар жол" атты тренинг өткіздім. Оқу-

шылар бойындағы тестке байланысты қор-

қыныш, үрейді жеңіп,  сенімділік ұялату

мақсатында өткізілген бұл шара оларға ер-

екше әсер етті. Оқушылар өз рефлексия-

ларында тренингтің қатты ұнағанын және

осындай шаралар жиі-жиі болса екен деген

інші дір ете қалатын сол жүрек.

Нұржанның жүрегі әрқашан тек

қуаныштарда ғана атойлап соғып,

оны өмір шаттығына бөлей берсін

дейміз.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 231.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет