11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа



жүктеу 0.65 Mb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ, 

         тарих ғылымдарының 

докторы, профессор. 

(Басы өткен санда. Жалғасы.)



Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 20 тамыз, 

2015 жыл

ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ӘҢГІМЕЛЕР

Арайлы  таң  атып  келе  жатқан-ды,

Қызыл қораз айқайлап кеп мақтанды.

«Таң атты!..» деп безілдеумен ол білгіш,

Өркөкірек мінезіне басқан-ды.

 

Теріп бүріп түннен қалған - құтқанды,



Қыт - қыттады, әр нәрсеге сұқтанды.

Күннің әлі шықпағанын білмейді-ау,

Күңкілдейді: «Күн тағы да бұлттанды».

 

Өз-өзінен  айбарланып  алған-ды,



Алмастырып жай сөзбенен арманды.

«Барлығыңды мен асырап жүрмін» - деп,

Көкіді ол, осы сөзі жалған-ды.

 

«Көрем, - дейді-ау,-Құдай басқа салғанды,



Оятамын  ұйқы  басқан  бар  маңды...»

Мұны  естіген  тауықтар да  ұялып,

Өзімшілдеу  қораз  үшін  арланды.

 

Қораз тіптен қоқиланып барады,



Тауықтарға сұсты көзбен қарады.

«Ояныңдар, таң атты! - демеп пе едім,

Көздеріңде ұйқы ұшқыны бар әлі!

 

Мен сендерді қашанғы асыраймын,



Осы таңнан бастап ас тасымаймын.

Өздерің күндеріңді көрерсіңдер,

Сендер үшін мен енді осындаймын».

 

Тауықтар бұл күңкілді елемейді,



Дегендей: «сенің ойың керек еді!»

Қоразды ала көзбен атып бәрі,

Күндегіше жем іздей жөнеледі.

 

«Қарсылассақ, ол бізді жеңе алмайды,



Ақымақ  неме  өзін  неге  алдайды?

Біз бір күні бәріміз жатып алсақ,

Жем-су тасып әкеліп бере алмайды.

 

Өзі біздей жұмыртқа шайқамайды,



Бар өнері – құр босқа айқайлайды.

Бәрімізді асырап жүрмін дейді,

Өзінің  қателігін  байқамайды».

 

Тауықтар теріп жүріп «қытырлақты»,



Осылай  бір - біріне  мұңын  шақты.

Қанша рет болмашыға дауласса да,

Қыт-қыттап, бірге өмір сүріп жатты.

                          



Назерке ЕРТАЙҚЫЗЫ,

                                3-курс білімгері.

М

ақтаншақ



қораз

(мысал)

к

ү



л

к

і 



к

ү

й



м

е

с



і

2030-шы жыл екен...

Өлмеппін әлі тірі  екем.

Сексенге жасым жетсе де,

Кітап сатып жүр екем.

Қазақтан шыққан бір ғалым

Таң қалдырып ғаламды, 

Жасартатын адамды,

Дәрі ойлап тауыпты.

Сол сол екен дәріге,

Әлемнің көңілі ауыпты.

Ауғанмен бірақ не пайда,

Көп адам емін таппайды екен.

Өйткені дәрі қазақ тілін

Білмейтіндерге жақпайды екен.

Міне, осылай тәуірі,

Тіліміздің жойылып кетер қауібі,

Алыста қапты ауылы.

Басталыпты қазақ тілін үйренудің,

Жаңа  ғасыр – дәуірі!..

Тіліміз біздің тіл екен.

Басқа тілдерге пір екен.

Жер шарының адамы,

Қазақша  үйреніп жүр екен.

Ағылшын тілі әлсіреп,

Екінші орында тұр екен.

2030-шы жыл екен...

Теңгеміздің құны – құн екен.

100 доллары Ақштың-тың

1-ақ теңге боп тұр екен.

Қазақтар әбден байыпты,

Байлықтарына  лайықты,

Бас-басында бір зауыт,

Қанатты кеңге жайыпты.

Инвесторлар баяғы,

Елдеріне тайыпты.

Төлейді екен қазекем,

Шетелдіктерге айлықты...

Қазекем  жүзге  бөлінбейді екен.

Өлтіру, зорлау, тонау жоқ,

«Қылмыс» десе көздері аларыпты.

Деген сөзді естімейсіз:

«Біреуден біреу пара алыпты».

Прокуратура, сот, полиция,

Қылмыс атаулы құрыған соң,

Өзінен өзі таралыпты.

2030-шы жыл екен...

Өлмеппін әлі тірі екем.

БҰҰ, НАТО басшылары

Қазақтан шыққан ұл екен.

Федерациясын футболдың,

Қазақ басқарып жүр екен.

Кітабына Гиннестің

Алтыннан жазып  парақты,

Өнертапқыш бір қазақ,

Аузына елді қаратты. 

Бірінші  болып тауыпты,

Планетаралық  табақты.

Сатылады екен табақтар,

Тек қазақша білгенге.

Қымбат емес бағасы, 

Бар болғаны бір теңге.

Шетелдіктер дорба арқалап,

Жұмыс іздеп бізде жүр екен,

Бір француз, бір жапон,

«Қой бақсақ қалай болар?» деп,

Қазақша сөйлесіп тұр екен.

2030-шы жыл екен...

Осы айтқандарым бәрі, 

Жалған емес шын екен!..

                

Алпысбай  БОРАНБАЙҰЛЫ.

2030-ШЫ   

Төкіш төбенің 

басындағы "дөке

й" үйіне қараған 

сайын "тәубә!" 

дейді. "ГАИ"-да 

істеген отыз 

жылында атақ 

дәрежесі сержан

ттан аспаса 

да генералдардан 

кем көрмейді 

өзін. Ол да бір 

заман еді ғо

й. Жарықтық 

ала таяғын сілтеп 

қалса 


алақаны майланып 

шыға келетін

. Мемлекеттікі 

деген жақсы 

еді ғой, 

шіркін. Қазіргіде

й өз мүлкім 

деп ешкім жанталасып 

жатпайды. Бүгінгі 

білімділер "ГАИ"-д

ы "МАИ" деп 

жүр. Тауып 

айтқан. "МАЙ" 

емей немене, 

жаман есебі 

бойынша мына 

сарайды салуға 

сексен машина 

кірпіш, алпыс 

машина ағаш, 

қырық машина 

қаңылтыр, шипр, 

бір вагон цеме

нт... Құрысын

айтуға ұят. Осығ



ан бір тиыны 

шықсашы. Орнына 

жүздей жүргізуш

інің права-

сын алып, керегін қабылдағасын қайтарып беріпті. Бар болғаны о

сы.


Ана жылы құдай 

бір сақтады. 

"Мына кең сарайд

ы қалай тұрғызд

ың?" деп 

бір топ тексерушінің 

сау ете түске

ні. Өмірі түсін

е кірмеген құжаттард

ы сұрайды. 

"Әйелің қыз 

кезінен жұмыс 

істеп көрмепті. 

Алты балаң 

бар екен. Ананы 

- мынаны 

қайдан алдың, 

арбамен, әлде 

шанамен тасыд

ың ба?" деп 

көкіді-ай келіп. 

Зәресі 


зәр түбіне кетті.

Артығымен 

алғанның  пайдасын 

сонда  көрді. 

Әлі  бір  үй 

салуға  жететін 

дүниелерді 

көлденең  тарта 

қойып  еді,  құжат 

сұрап  қақшаңдағандар 

қақалып 

сөйлей алмад

ы. Естерін жинағасын 

"Тексеруден 

түк шықпады" 

деген қағаздарын 

қалдырды да, қалағандарын "Камазға" тиеп тайд

ы да тұрды.

Соңына  ерге

н  жалғызы 

Жайпақ  та 

оқу  оқып  жарытпад

ы.  Тегін  ақшаның 

арқасында төрт 

институттың 

есігін ашқаныме

н жапқаны жылдам 

болды. Ақырында 

оған да алатаяқты 

ұстатып, ата 

жолын қуғызып 

қойды. Жаман 

емес. Үйге дүние 

мүлік жинамаса 



да алты машина 

мініп, алты әй

ел тастады. 

"Жетпегір, жетті 

енді!" 

деп жуырда жетін



ші келін түсірді.

Төкіштің  көзі 

сырғып  барып 

оң  жағындағы 

екінші  төбеге 

түсті.  Бұл  ұлына 

арналған болашақ 

коттеждің орны. 

Қатын алу ме

н қыдыруды 

азайтса, қалтасын 

қалыңдатса, 

жобасы әлдеқашан 

сызылып қойған 

қос қабатты 

сарайдың салы

-

нарына күмәні 



жоқ. Тіл мен 

көзден сақтасын

, анау қарсы 

беттегі төбешікке 

"ко-

тельный",  қарсысына 



кошегарлар 

жататын  жатақхана 

салғызбақшы. 

Оның 


ар жағына... Ауру  қалса  да 

әдет  қалмайд

ы  екен. 

Соңғы кезде 

далаға ала 

таяғын байқамай 

ала  шығатын 

болып  жүр. 

Оңды-солды 

сілтеп  тұрғанын 

көрсе  былайғы 

жұрт 


жынданған де

йді-ау... "О, 

құдай, пәле 

жалаңнан сақтай 



гөр?!" деп төңірегін

е 

жалтақтай қараған 



Төкіш алатаяғын 

қойнына тығып қо

йды.

Екі еркектің мұңы



 

 - Көкіш, сен еркексің осы, ә?!

  - "Әйел" деп кім айтты?

    -  Кешір,  бөрік  кигендердің  намысы  бір 

ғой.  Сол  "еркек"  деген  ұлағатты  ұғымға 

бүгінгі тіршілігіміз ұқсай ма?

  - Неге ұқсамайды. Үй бар, әйел бар, бірлі 

- екілі бала дегендей...

    -  Ол  дұрыс  қой.  Әйелдің  баланы  күлге 

аунап  таппайтынын  білеміз.  Мәселе  онда 

емес.  Мені  мазалайтыны  еркектер  пробле-

масы, олардың бүгіні мен болашағы...

    -  Сөйлейді  екенсің  сен  де.  Экология 

қауіп төндіріп тұрған бүкіл адамзат тағдыры 

шешіліп  болып,  енді  еркектер  проблемасы 

қалып па?

   - Әй, Титық, төңірегіңе көз салып көрші? 

О  дүниеден  хабар  келіп,  жамбасы  жерге 

тигенше  төсек  жаңғыртатын  аталарыңмен 

текетіресе  аласың  ба?  Олардың  қолында 

болған еркектің правосы сенде бар ма?

   - Сен ескілікті аңсап отырсың, байқаймын. 

Өле - өлгенше қатын алмақсың, ә!?...

   - Сен алдымен некелескен бір әйеліңді 

қарық  қыл.  Етегіне  сүрініп  жүріп  қатын 

алғышын.  Мәселе  онда  емес.  Мәселе  ер-

кек  атаулының  материалдық,  моральдық 

жағынан  құлдырап,  биліктен  айырылып, 

тығырыққа тірелуі. Соның бірі - сенсің!

  - Қалайша, мен ата - бабамнан қалысқан 

емеспін.

    -  Ата-бабаңнан  садаға  кет  сен.  Олар 

бәрін  бір  үйде  ұстап  отырған.  Сен  сияқты 

бет-бетімен  бытыратып  жіберіп,  алимент 

төлеген жоқ.

  - Оның рас енді...

  - Сонда кінәнің бәрі сенен бе?

  - Жо - ж - жоқ, әйелдерімнен де бар. Жамал 

жеңіл жүріске салынды. Тотыгүл түнделетіп 

төркініне қашып кететінді шығарды. Жәмилә 

жала жауып бір жылға соттатты. Қатыш...

  - Жетті енді, жылпылдама... Еркек үшін 

қандай жеңілдік бар, айықтырғыштан басқа. 

Оның  өзіне  ақша  төлейсің.      Жиналыста 

қаралып,  сөгіс  алып  жұмыстан  шығып 

кететінің тағы бар. Еркектің ешқашан еңсесі 

көтеріліп көрді ме?

      - Өте дұрыс айтасың, - деді осы тұсқа кел-

генде қайта көңілі босаған Көкіш. - Әйелдер 

босанарға дейін екі ай, босанғаннан кейін екі 

ай ақшаны тегін алып үйде жатады. Сосын 

тағы бір жылдан астам... Сонда бұл     про-

цеске еркектердің үлесі жоқ па? Тым болма-

са бір ай демалыс берілсе...

    -  От,  тірілейін  дедің.  Бала,  үй  бөлу 

мәселесін  заңдастырып  алған  жөн.  Еңбек 

ақысының  жартысын  ұстап  қалсыншы,  қай 

әйел күйеуінен айырылысар екен?

    -  Бұл  арман  жүзеге  асуы  үшін  еркек     

атаулы  арақ  деген  әзәзілден  құтылуы    ке-

рек.  Сол  ғой  небір  асыл  азаматтардың 

түбіне жетіп жатқан. Бір-екі жылдай саябыр-

сып кетіп еді, қайта қаптапты. Көзге көрініп 

тұрғаннан кейін көмекейің жыбырлайды да, 

қалай жұтып жібергенінді білмей қаласың...

   - Әй, өткен-кеткенді қазбалап қайтесің. 

Біреу  жағаңнан  алып,  арақты  жұтқызып 

жатқан жоқ қой. Өзіңе өзің ие бол!

   - Адам үйреніп қалғаннан кейін...

   - Тоқтат! Алдымен еркектер проблема-

сын  шешіп алайық. Ол үшін тиісті қаражат 

керек. Осыны ойластырған жөн.

      -  Қазір  көп  жерден  жәрдем  көрсету 

орталықтары  ашылып  жатыр  ғой.  Біз  де 

үндеу  тастап,  "Еркектерге  қамқорлық 

көрсету"  есеп  шотын  ашайық.  Естісе  бол-

ды, әйелінен зәбір көргендер қалтасындағы 

соңғы тиынына дейін салады.

      -  Дұрыс  идея.  Бірақ  екеуімізді  кім 

тыңдайды?

      -  Тыңдайды,  газетке  жазып,  радиодан 

хабарлаймыз.  Теледидардан  көрсетеміз. 

Демеушілермен  келісіп,  еркектер  өмірінен 

көп  сериалы  кино  түсіреміз,  интервью 

береміз.

      -  Дұрыс.  Ізденеміз.  Сөзден  іске 

көшіп,  еркектер  проблемасын  шешудің 

бағдарламасын жасайық! Ура!



Тұрлыхан КӘРІМ.

Актерларды  мойындап,

Актрисаларды дайындап,

Кем-кетігін жөндеп, 

Кейбір  жерін өңдеп,

Сөз өнерін сәндеп, 

Қимылдарын реттеп,

Артық кетсе реттеп,

Үлкенге де, кішіге,

Жымия қарайтын кісіге,

Ұқыпты өз ісіне, 

Режиссер болғым келеді!

Жылайтын жерде жылататын, 

Шеберлікті ұнататын.

Күлетін жерде күлдіретін,

Комедия жанрын білдіретін.

Қателессе ұрысатын,

Түзеуге тез тырысатын,

Әр актер оның өрісі,

Әр актриса жемісі,

Баласындай қорғайтын,

Өнерсіз өмір сүре алмайтын,

Режиссер болғым келеді!

Сахналаудан ерінбейтін,

Көрерменге көрінбейтін.

Дауласуға келгенде,

Оңайлықпен жеңілмейтін.

Халтураға берілмейтін.

Адалдықтан аттамайтын,

Арамдарды жақтамайтын.

Жалғанды айтпайтын,

Ақиқаттан қайтпайтын, 

Кәсіптің ең ауыры,

Құрметтейтін қауымы,

Режиссер болғым келеді!

                                     



 Еркегүл ҚАЙРАТ,

                                        2-курс білімгері.

Режиссер 

болғым келеді

ЖЫЛ ЕКЕН...

«А

л

а



т

а

я



қ»

Бетті дайындаған Үсен ӨМІРЗАҚОВ.

Газет Талдықорған қаласы

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Баян Шаянбаева

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Индекс 64568

Тапсырыс № 1003

Таралым 2000 дана

Жауапты хатшы Ү.Өмірзақов

Тілші А.Дегтярёв

Корректор Б.Жаңабаева

БеттеушіА.Кенжебекова,

                П.Қалиханқызы



Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 20 тамыз, 

2015 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

КӘДЕ

Жетісу 


университеті

Күріш диетасы

К

үріш диетасы – 



арықтауға арналған, 

әлемдегі ең танымал 

диета түрі. Біріншіден, 

денсаулығымызға өте 

пайдалы. Екіншіден, ағзаны 

тұздан, қажетсіз зат-

тардан тазартады.

2. Артық салмақтан арылуға көмектеседі;

Иммунитетті нығайту

ДӘСТҮР

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бізге қажет азық-түліктер:

1) 300 г грек жаңғағы

2) 300 г кептірілген өрік

3) 300 г інжір

4) 300 г қара өрік

5) 300 г қара мейіз

6) 2 стақан бал

7) 2 лимон 

«Қалау» салтын                                                                                                                                      

білесіз бе?

Дос-жаран, та-

мыр-таныс, құда-

Қалаушы адам алатын затының 

иесіне  құр  қол  бармай,  қалаған 

нәрсесіне 

лайықты 

бағалы 


тарту-таралғы  апарады.  Тарту-

таралғыны көбінде сол үйдің кен-

же  баласына  немесе  басқадай 

сүйікті,  ардақты  деген  біреуіне 

арнап  апарады.  Үй  иесі  сұңғыла, 

жөн-жосық  білетін  адам  болса 

мұндай  тарту-таралғымен  келген 

қонаққа  бірден  «Қалауыңызды 

айтыңыз?»  деп  көргендік  таныта-

ды.  Мұндайда  қалауы  бар  қонақ 

«менің  қалауым  осы  еді»  деп 

сұрайды.  Әрине  қалаған  заты 

беріледі. 

Дәстүрлі қазақ қоғамында жиен 

нағашысынан  үш  ретке  дейін 

көңілі  түскен  нәрсесін  (жүйрік 

ат,  қыран  құс,  алғыр  ит,  берен 

мылтық,  т.б.)  қолынан  қалап 

алуға ерікті болған.  

Діттеген  затына  қолы  жетпе-

се  қалаушының  өкпелеп  кететіні 

болады.  Мәселен,  қалаған  қыран 

құсын  немесе  жүйрік  атын  ала 

алмаса  «екі  қанат,  бір  құйрық, 

сыпырғышын  қимады»,  «іші  боқ, 

сырты түк бір тайын бермеді» деп 

ат құйрығын кесісетіндер де бола-

ды.  Қалаудың  бір  шарты,  ағайын 

адамдар,  әсіресе,  қыз  алысып, 

қыз  беріскен  құда-жегжаттар  бір-

бірінен ит қаламайды. Орайы кел-

генде мына бір әңгімені өрбітсем, 

«ҚАЛАУЫН»  өзіңіздің  еншіңізге 

қалдырдым.

Менің  бес-алты  жастағы  кезім 

еді.  Күйеуге  шыққан  Үнзила 

әпкемнің  артынан  жасау  ала 

бардық.  Бас  құдағи  ретінде 

шешеміз, 

атқосшы 


орнына 

Қабдолда деген бір егде жездеміз, 

сосын  мен  ердім.  Мен  сірә,  бас 

құда болсам керек. Барған жерде 

шашу  шашылып,  ырым-кәделер 

жасалды.      Менің  кішкентай 

кезімнен  жақсы  көретін  бір  хайу-

аным  ит,  әсіресе  оның  жас  күшігі 

болушы  еді.  Құданың  ауылын-

да  бауырын  енді  көтеріп  жүгіріп 

жүрген  бір  сүйкімді  кішкентай  ақ 

төс  қара  күшік  бар  екен.  Ә  деген-

нен  соған  үйірсіктеп,  иемдене  ба-

стадым…


Қайтарға таяғанда шешем ақыл 

үйрете  бастады.  «Кетерімізде 

құдалар  қалауымызды  сұрайды. 

Сонда  сен  ана  жаңа  бұзаулаған 

қара құнажынды аламын деп айт» 

дейді  оңашада  сыбырлап.  Иә, 

құданың  бір  балықтай  құнажыны 

біз  барған  күні  бұзаулап  уызына 

қарық  болғанбыз.  Бірақ  мен  қара 

күшікті  қалайтынымды  үзілді-

кесілді  мәлімдедім.  Мұнымды 

ұнатпаған  шешем:    атасының  ба-

ласы 

мұндай 


сыйлы  жерде  ит 

сұрап  әдепсіздік 

көрсетсе  елден 

ұят  болатынын, 

айтып үгіттеумен 

болды.


С о н ы м е н 

қайтатын 

күн 

де  жетті.  Ат-



көлік  сайланып, 

қоржын-қоспақ 

қ а м д а н ы л д ы . 

Қ ұ д а н ы ң 

а у ы л ы н ы ң 

е р е с е к т е р і 

мен 

үлкендері 



тегіс 

жина-


лып,  бізді  шығарып  салуға  келді. 

Әдеттегідей  аттанар  алдында 

қалау  сұрау  басталды.  Шешем 

мен жездем «екі жастың тату-тәтті 

өмірінен өзге не тілейміз» десіп сы-

зылып, ештемеге қолқа салмады. 

Кезек  маған  жетті.  «Ал,  кішкене 

құда  қалағаныңызды  айтыңыз» 

деді  үлкен  құдамыз  Қамқан  шал 

қораздана отырып. Мені кәдімгідей 

кісі  санап,  ілтифат  білдіріп  отыр. 

Шешемнің  көзі  менде,  «қара 

құнажынды  айт»  деп  отырғаны 

белгілі.  Мен  екі  ұдай  болып  біраз 

тосылып  қалдым.  Құдалар  жағы 

«Айт,  қарағым,  айт,  сенің  бір 

реткі  қалауыңа  біз  де  тұрармыз» 

десіп  кеу-кеулеп  кетті.  Қашанғы 

отырайын,  бір  уақытта  «қара 

күшікті  аламын»  дедім  түйеден 

түскендей. Отырғандар не күлерін, 

не  қоярын  білмей  дағдарды  да 

қалды.  Ала  көзбен  атып  шешем, 

мырс-мырс  күліп  жездем  отыр. 

Біршама  аңтарылып  қалған  соң 

құдалар  жағы  тілге  келіп,  «Иттен 

басқа  жібі  түзу  бірдеме  қалаңыз, 

құда»  десіп,  анау  күнгі  шешем 

айтқан уәжді бұлар да алға тарт-

ты.  «Қарағым,  ананы  ал,  мынаны 

ал» деп бас құдаға осы ұнайды-ау 

дегеннің бәрін атады.  

Ұзын сөздің қысқасы, бұл жолы 

қанша  қисайсам  да  қара  күшік 

маған  бұйырмады.  Құдалар  ата 

салтты бұзбады, шешеме манағы 

қара  құнажынды,  Қабдолда  жез-

деме бір жылқыны,  маған бурыл 

құнанды атап шығарып салды.

Интернет желісінен.

жегжат, ағайын-туыс 

дегендей көңілі жақын 

адамдар бір-бірінен 

ұнатқан нәрселерін 

қолқа салып сұрап, 

«бәленшекең түгенін 

берсін, көзіндей көріп 

ұстап жүрейін» 

дегендей өтініш 

сөздер айтып қалап 

алады. Құрбы-

құрдастар «бізден 

де бір есесі қайтар» 

деп  базынаға сүйеп 

қалауын алып кетеді. 

Қалайтын заттың 

түрі, әрине көп. 

Жүйрік ат, қыран 

бүркіт, күміс белдік, 

мүйіз шақша… деп 

кете береді. Яғни, 

ұнатқан затын 

қалайды.


Сіздерге  ұсынылатын  қоспа 

жүрек 


жұмысын 

жақсартып, 

күні 

бойы 


сергек 

жүруге 


септігін 

тигізеді. 

Мұнымен 

қатар,  иммунитетті  нығайтуға 

көмектеседі.

Кептірілген  өрік  –  калийдің 

қайнар  көзі.  Қара  өрік  ішек  жо-

лын  тазалайды.  Мейіз  миды 

қоректендіреді.  Жаңғақ  жүрек 

ауруларын  емдейді.  Лимон  мен 

балдың  пайдасы  мол  екеніне 

ешкім күмән келтіре қоймас.

Жоғарыдағы  жеті  дәмнен  өзге 

жаңғақ түрлері (бадам, жержаңғақ, 

пісте) мен кептірілген жемістерден 

(құрма)  қосам  десеңіз,  еркіңіз 

білсін.  Кептірілген  жемістерді 

жылы  сумен  жақсылап  жуып,  аз-

дап  кептіреміз.  Барлық  қоспаны, 

лимонды  қабығымен  қоса  ет 

тартқыштан өткіземіз. Үккіштен де 

өткізуге  болады.  Барлығын  бал-

мен  жақсылап  араластырамыз. 

Осымен  қоспамыз  дайын.  Оны 

салқын жерде сақтағаныңыз жөн.

Тамақ жер алдында күніне 2-3 

рет бір шай қасықтан қабылдап 

тұрсаңыз болады. Иммунитетіңіз 

нығайып  шыға  келеді.  Суық 

тию  сияқты  ауруларды  аты-

мен  ұмытатын  боласыз.  Балаға 

да  күніне  бір  қасықтан  беріп 

отырсаңыз, 

пайдасы 


мол. 

Қоспамыз  таусылғанға  дейін 

қолданып,  арада  1-2  ай  өткен 

соң қайталап дайындай берсеңіз 

болады

Қытай, 


Корея, 

Жапония 


мемлекеттерінде  толық  адамдар 

өте  аз.  Бұл  күнделікті  мәзірде 

күрішті  көп  жейтіндіктерімен  бай-

ланысты  болса  керек.  Бұдан 

өзге ішек жолының дұрыс жұмыс 

істеуіне  септігін  тигізеді.  Яғни 

күріш  диетасын  ұстау  арқылы 

арықтап  қана  қоймай,  ағзаңызды 

тазартасыз.

Арықтауға  арналған  диетаны 

ұстамас  бұрын, 

алдын  ала  дай-

ындалу қажет. Ол 

үшін 5 стақанға 2 

ас қасық күріштен 

салып,  таза  су 

құямыз. 

Төрт 


күн 

қатарынан 

күріштің  суын  ау-

ыстырып  отыра-

мыз.  Бесінші  күні 

таңертең  бірінші 

с т а қ а н д а ғ ы 

күріштің 

суын 

төгіп, 


жеңіз. 

Айтпақшы күрішті 

қайнатудың қажеті жоқ. Кейін осы 

ыдысқа  күріш  салып,  су  құйып, 

соңғы  қатарға  қойыңыз.  Күн  сай-

ын  суын  тазартуды  ұмытпаңыз. 

Келесі  күні  де  осы  әрекетті 

қайталаңыз.

Күріш  ағзаға  түскен  соң  ол 

жердегі  тұзды  сыртқа  шығарады. 

Ағзадағы 

тұз 


суды 

тез 


сіңіретіндіктен,  оның  еш  пайда-

сы  жоқ.  Ағзада  қалып  қойып, 

арықтауға  кедергі  жасайды. 

Диета  2  аптаға  созылады.  Оны 

ұстап  болған  соң  тамақтағы  тұз 

мөлшерін азайтқан жөн. Әйтпесе 

диетаның арыктау үшін еш пай-

дасы болмайды.

Күрішті  таңғы  аста  жейді. 

Егер  жылдам  арықтағыңыз  кел-

се,  күнделікті  мәзіріңізден  нан, 

қант,  картоп,  макарон  сынды 

тағамдарды ысырыңыз.

Арықтауға  арналған  күріш 

диетасының  тағы  бір  түрі  бар. 

Ол  «екі  тағам»  деп  аталады. 

Аталған диетада бірінші ас күріш 

болса,  екінші  ас  –  теңіз  тағамы. 

Екі  тағам  диетасын  ұстайтын 

болсаңыз,  күніне  екі  уақыт  қана 

тамақ жеуіңізге тура келеді. Бірақ 

күріш  пен  теңіз  тағамын  арала-

стырып  бір  уақытта  жеуге  бол-

майды. Бұл диета небары 5 күнге 

созылады.

Көк шай ішудің 10 пайдасы

Көк шай тек шөліңізді қандырып қоймай, 

денсаулығыңызды да ретке келтіреді. Дәрігер 

мамандар оның жүрек-қан тамыр ауруларының, 

ағзадағы әртүрлі сырқаттың алдын алатынын ай-

тады.

 Алайда көк шай біреуге ұнаса, біреуге ұнамауы мүмкін. Дегенмен оның пайдалы тұстары өте 



көп. Біз бүгін сіздерге көк шай ішудің 10 себебін ұсынамыз. Олар төмендегідей:

4. Күйзелістің алдын алып, мидың жұмысын жақсартады;

6. Егер темекі шегетін болсаңыз, өкпеңізді тазартады;

8. Тістің шіруін болдырмайды;

10. Ағзадағы су теңгерімін қалыпқа келтіреді.

Америкалық ғалымдар да көк шайдың адам денсаулығына әсері мол екенін анықтады. Оны бір 

бөлік лимонмен және бір шай қасық балмен ішуіңізге болады. Дүкен сөрелерінде тұрған қоспасы 

көп сусындарды ішкенше, дертіңізге дауа болатын көк шайды ішуге кеңес береміз.

1. Көк шай антиоксиданттардың қайнар көзі;

3. Өміріңізді ұзартады;

5. Қан қысымын төмендетеді;

7. Бауырыңызды алкогольді сусындардан қорғайды;

9. Иммундық жүйені жақсартады




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал